Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Коучинг жоспары "Оқытудағы жаңа тәсілдер"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Коучинг жоспары "Оқытудағы жаңа тәсілдер"

библиотека
материалов

Нуртаева Эльмира Нуртаевна

«Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебі»

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Алматы облысы Көксу ауданы


Тақырыбы:

Оқытудағы жаңа тәсілдер. 7 модульдың сабақтастығы.

Мақсаты:

Мұғалімдердің оқыту мен оқуға, кәсіби біліктіліктерін арттыруға немесе өзгертуге деген жаңа көзқарас қалыптастыру және қызығушылықтарын ояту.


Табыс критерийлері:

1. Оқыту мен оқудағы 7 модульдың маңыздылығы мен мазмұнын меңгереді.
2. Оқытуға қажетті жаңа тәсілдердің түрлерімен танысады.
3. Өз тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді.

4. 7 модульдің стратегияларын өз пәндеріне бейімдейді.
5. Оқытудағы жаңа тәсілдер туралы өз ойларын тұжырымдайды.
6. Оқытудағы жаңа тәсілдердің білім беру үдерісіндегі қажеттілігін бағалайды.


Негізгі түйінді идеялар:
Оқытудағы жаңа тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын және білім сапасын арттырудағы күшті құрал болып табылады.


Коучингтің барысы:

  1. Тренинг: «Тәтті тілектер»

Мұғалімдер бір-бірлеріне тәтті тілектер айтады. Тілек айту арқылы бір-бірлерінің көңіл-күйлерін көтереді және өзара жылы қарым-қатынас орнайды.

  1. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұрақ қоя отырып, әр мұғалімге стикер ұсынылады. Олар тақтадағы «иә», «жоқ» деген бөліктерге жапсырып, «иә», «жоқ» ойынын ойнайды.

  2. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Миға шабуыл: «Өзгеру»
Мұғалімдерге кеме жасауға тапсырма беріледі. Тапсырма соңында мұғалімдер қорытынды жасайды. Түйін: «Кемедегінің жаны бір»
- Неге өзгеруіміз керек?
- Қалай өзгереміз? - Нені өзгертеміз?

  1. Сіздердің назарларыңызға «Жаңа тұрғыда білім беру» таныстырылым ұсынамын.

Өзара бірлескен 7 модуль шеңбері ұсынылады.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқытуды басқару және көшбасшылық
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

  1. Топқа бөлу:
    Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін 3 топқа бөлінеміз.
    «Шашу шашу» тренингі. Алған кәмпиттердің түріне қарап топтарға бөліну.
    Әр топ өздеріне ат қойып, таныстырады.
    Барлығы бірігіп топ ережесін қабылдайды.

Әр топ ішінде төраға, баяндаушы, хатшы, тайм-кипер, эксперт болу керек.

Әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында өз міндеттерін орындауды ұмытпауды ескерту.

6.1.Диалогтік оқыту.

Тренинг: «Сиам егіздері»
1.Екі-екі адамнан төрт адам шығады, яғни екі жұп. Бір жұп сұрақ қояды, екінші жұп жауап береді. Бірінші жұп сұрақ қойғанда, екінші жұптың біреуінің ойын екіншісі толықтырып, күрделі сұрақ шығаруы тиіс, ал екінші жұптың жауабы да солай болуы керек, яғни бірінің жауабын екіншісі толықтырып отыруы тиіс.

-Мына тренингтен нені байқадыңыздар?

- Диалогті оқыту дегеніміз не?
Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар:
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- Зерттеушілік
Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар.
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы?


6.2.Сыни тұрғыдан ойлау:
А) Сөзжұмбақ: (интербелсенді тақтада сөздің астын сызады)
Тақтаға мынадай сөздер жазылады:
«Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған»
Сұрақ: Бұл сөздердің байланысы неде?
Жауабы: Келтірілген сөздердің барлығында  сан есім жасырылған.

6.3. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Топ мүшелеріне «Түстер психологиясы» бейне ролигін көрсету, топта талдату. Сол арқылы балалардың әр түрлі болатынына қарай оқыту керектігін айтып шығу.


6.4. Талантты және дарынды балаларды оқыту:

Топ мүшелеріне «Сынған құмыра» бейнеролигін көрсету.
Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңыздар?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?


6.5. Оқыту және оқу үшін бағалау.

Тренинг: «Ғажайып бақ»

Мұғалімдерге түрлі түсті қағазға өздерінің қиялындағы гүлдерді салып, қиып, жапсыру тапсырылады. Жасаған жұмыстарымен сүйсіну ұсынылады. Төмендегі берілген критерийлер бойынша бір-бірінің салған гүлдерін бағалау.

Критерий:

  1. Гүл салудың философиясы:

  2. Тартымдылығы:

  3. Табиғилығы:

  4. Түстердің үйлесімділігі:


6.6. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Мұғалімдерге өздеріне түрлі модульдерді түсіндіру барысында үнемі АКТ пайдаланылғанын айтып өту.


6.7. Көшбасшылық.
«Қазақ елі» тақырыбына постер құру. 


7. Қорытынды:

Рефлексия   (Кері байланыс).  «Екі жұлдыз, бір тілек»

Стикерлерге сабақтан алған әсерін жазады.

Стикерлерін жеті модульдің қайсысы ұнады, соған жапсырады.



Общая информация

Номер материала: ДВ-501525

Похожие материалы