Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Коучинг жоспары: "Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту"

Коучинг жоспары: "Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту"

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Коучинг өткізу жоспары №3


Күні: 22.01.2014 жыл

Коуч: Нусипалиева Рауан

Сабақтың тақырыбы:

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

Жалпы мақсаты:

  • Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдары мәселесіне көңіл аудару;

  • Сыни ойлауға бағытталған іс-шаралармен таныстыру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

  • Сыни тұрғыдан ойлаудың балалардың оқуы үшін маңызды екендігін түсінеді.

  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайды.

Дереккөздер


  • Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей

  • Cpm.kz порталының материалдары

Ресурстар

Стикерлер, қаламдар, қағаз А1, А3, желім.

Түйінді идеялар:

  • Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

  • Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. 

  • Сыни тұрғыдан ойлау – ағылш.critical thinking –негізделген қорытынды жасай отырып заттар мен оқиғаларды талдауда қолданылатын және негізделген баға мен түсініктеме беруге, алынған нәтижелерді оқиғалар мен проблемаларды дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін пайымдау жүйесі.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

Уақыт

Сергіту сәті

Топқа бөлу

Қатысушыларға түсі үш түрлі, тілек жазылған қағазы бар конфет таратылады. Сол қағаздың түсі бойынша қатысушылар топқа бөлінеді.

Ұжымдық

4 мин

Ой қозғау

Мұғалімдерге үлкендер тарапынан баланың өз бетінше ойлану қабілетін шектеуді сипаттайтын сурет беріледі.

Жетектеуші сұрақтар:

  • Сурет бойынша қандай ой түйдіңіздер?

  • Осы жағдайдың орын алуына не себеп деп ойлайсыз?

  • Суретті мектептің білім беру жүйесімен байланыстырып сипаттап беріңіздер?

Суретпен жұмыс

6 мин


Синквейн

Қатысушылар «Сыни тұрғыдан ойлау» сөзіне синквейн құрады.

1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

Фраза

1 синоним

Жетектеуші сұрақтар:

Оқушыларды сыни ойлауға үйретудің қажеттілігі неде?

Талқылау


10 мин

Тақырыпқа шолу

Қатысушыларға сыни тұрғыдан ойлауға байланысты мәліметтер таныстырылады.-

Презентация

3 мин



Көзбен көру арқылы сыни ойлауды дамыту

Топтарға суреттер таратылып беріледі.

Кесімді сұрақтар:

-Сурет қай мемлекетте немесе қай жерде түсірілген?

- Сурет шамамен қай жылдары түсірілген?

- Суреттегі негізгі тұлға кім/ объект не?

Топтық жұмыс


7 мин



«Алты қалпақ» әдісі

«Алты қалпақ» туралы мысалмен таныстыру. Ол үшін әр топтан екі адамнан шығарып, мысалды айта отырып, қалпақ таңдату және не үшін таңдағандарын сипаттап кету. Сондай ақ әр қалпаққа сипаттама беру.

Әңгімелеу

4 мин

Кестемен жұмыс

Әр топ екі қалпақтан алып орындарына барады.

  1. Оларға 6 түрлі пікір жазылған кесте беріледі. Олар сол пікірдің тұсына сәйкес келетін қалпақты жапсырады.

  2. Әр топ өздерінде бар қалпаққа қарай мұғалім мамандығына байланысты пікірлер айтаты.

Топтық жұмыс

14 мин

Кері байланыс

Кері байланыс парағын толтырады.


2 мин

Тапсырмалар:

Семинарда жүргізілетін сабақтарды «Алты қалпақ» әдісі бойынша талдау.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров88
Номер материала ДВ-407778
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх