Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Коучинг.«Блум токсономиясы»- білім сапасын арттырудың тиімді әдісі.

Коучинг.«Блум токсономиясы»- білім сапасын арттырудың тиімді әдісі.



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Коучинг тақырыбы: «Блум токсономиясы»- білім сапасын арттырудың тиімді әдісі.

Жалпы мақсат: Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру және оқушылардың білім деңгейі мен шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сілтеме: МАН 43-бет, 5-сыныптың оқулығы, Ы. Алтынсариннің әңгімелер жинағы.

Оқу нәтижесі: Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, пікір-сыр,пікір-болжам, пікір-толғау түрлерін жазып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады.

Түйінді идеялар: Б. Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесінің негізінде шығармашылыққа құралған сұрақ – тапсырмаларды сабақтарында қолданып, тиімділігі неде екеніне тоқталып, үлгі –жоспарын ұсынады.

Сабақта қолданылатын материалдар: А- 3 парақтары, интерактивті тақта, маркер, қалам.

Оқыту әдістері: «Блум токсономиясы», АКТ

  1. Жеке жұмыс

  2. Жұптық жұмыс

  3. Топтық жұмыс

  4. Рөлдік ойындар

Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, рөлдік ойын

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, рөлдік ойын

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Өзінің жұлдызыңды тап. Тақтағы әртүрлі түстегі және түрдегі жұлдыздар жапсырылады.

1 Жеке жұмыс.


1. Б.Блум деген кім?

2. Блум таксономиясы неше бөліктен тұрады?

3. Блум таксономиясының білу,түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау деген түрлерін

қалай түсінесіз?


2. Теориялық білім.

  1. Бенджамин Блум туралы өмірдерек.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.


Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары.

1. Білу;

2. Түсіну;

3. Қолдану;

4. Талдау;

5. Жинақтау;

6. Бағалау.


  1. Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.

І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

ІІ. Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

Шәкірт:

  • Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;

  • Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;

  • Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;

  • Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.

Тапсырмалар түрі:

Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.

ІІІ. Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

  • Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;

  • Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

  • Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.


Тапсырмалар түрі:

Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.

ІV. Талдау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құра

  • Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;

  • Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,

  • Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;

  • Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.




Тапсырмалар түрі:

Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін талдаңыз.

V. Жинақтау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;

Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;

Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.

Тапсырмалар түрі:

Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.

VІ. Бағалау.

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.


  • Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;

  • Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;

  • Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.



















Ойлауды Блум

бойынша жіктеу

Мақсат





Тапсырма түрі.


Нәтиже

Теориясы «Білу» (Кім? Не?)

Қашан? Қайда? Не істеді?

Тақырыпты түсінуі, Еске ұстауы, мінездеме беруі



Әңгімені оқып, сұрақтар құрастырады. Жеке жұмыс.

  1. Әңгіменің басты кейіпкері кім?

  2. Антон не істеді?


Әңгіменің мазмұнын меңгереді.


Теориясы «Түсіну» (Неге? Неліктен? Не үшін?)

Тақырыпты түсіну, суреттеу, идеясын табу.

Жеке жұмыс

Антон не үшін қайыр сұрады?

Неліктен бейтаныс кісі Антонға ақыл айтты? Антон бұл ақылдан қандай қорытынды шығарды?

Тақырыптың басты идеясын табады.

Практикасы «Қолдану»

Қалай қолдануға болады? Жасап көр. Не бiлгiң келедi?

Алған білімін тәжірибеде қолдана алуы, болжам

Топтық жұмыс. Рөлдік ойын



Алған білімін тәжірибеде қолдана

алады.

Теориясы «Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде? т.б.)

Алған білімді жіктеуі, негізгі түйінді аңғаруы, бүтінді байланыстыра отырып, бөліктерге бөлуі.

Топтық жұмыс. Бүгінгі заман адамдарының бойында осындай қасиеттер бар ма?

Өмірден мысал келтіре отырып, салыстыр. Венн диаграммасы


Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді.

Теориясы «Жинақтау»

Дара болжамдардан тұтас бір ұғым шығаруы

Топтық жұмыс. Әңгіменің қандай тәрбиелік мәні бар?

Жеке жұмыс.

Эссе жазу «Байлықтың көзі - еңбекте»


Ой түйінін жасай алады

Практикасы «Бағалау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Бағалайды, шешім шығарады.

Әңгіме авторының қөргені мен түйгеніне сіз не айтасыз?Антонның орнында сіз болсаңыз не істер едіңіз?

Бағалайды, талқылайды, өз сынын айтады


3.Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындау.

Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесіне жоспар жасау.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 22.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4
Номер материала ДБ-379084
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх