Инфоурок Другое КонспектыКоучинг-сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Коучинг-сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Скачать материал

                                                                    Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

                                                                                 мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

                                                                                ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталушы

                                                                                Бастауыш сынып мұғалімі Султанова Гульбану Абдирешовна

                  №1  коучинг-сессия  бойынша  рефлексивті  есеп

    1-бөлім: Тақырыпты негіздеу 

      Мектептің  мұғалімдерімен  коучинг-сабақ  өткізу  үшін,   тақырыпты  таңдап  алуым  керек  болды . Ол  үшін  мен  мұғалімдерге  бағдарламаның  жеті  модулімен  сәйкестендіріп ,  сауалнама  дайындадым.  Сауалнама  алмас  бұрын  мен  өзімнің  оқып  жатқан   екінші  деңгей  Бағдарламасы  бойынша  курстың  мақсаты  мен  міндерттерімен  таныстыруды  жөн  көрдім. Таныстырылым  жасау  үшін  мұғалімдерге  арнайы  дайындалған  кабинетке  шақырдым.  Таныстырылымымда  «Сен  өзгерсең,  әлем  өзгереді»  бейнеролигін  көрсетіп  , «Мұғалімдер  не  үшін  өзгеру  керек?»  С  Бичтің  айтқанын  оқып  бердім.  Содан  кейін  екінші  деңгей  Бағдарламасының  мақсат, міндеттерімен  таныстырып  өттім.   Соңынан  мұғалімдер  сауалнаманы  толтырды. Сауалнама  қорытындысын  бойынша  менің  коучинг  тақырыбым  диалогтік  оқытуға  негізделу  керектігін  түсіндім.  Өйткені,  мұғалімдердің  көпшілігі  диалогтік  оқытудың  мән-мағынасын  жете  түсінбейтіндіктерін,  өз тәжірибелерінде диалогтік  оқытуды  жай   ғана  сұрақтар  төңірегінде  жүргізу  десе , кей мұғалімдерде  сыныптағы  талқылау  тек  қана  мұғалімдердің  басшылығымен  ғана жүретін  іс-әрекет деген ұғым қалыптасқан.

    Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шектелген. Мәселен, оқушының мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деген сияқты ойларын айтады деп күтуге болмас. Зерттеулерден көрініп отырғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 99 бет]

   Сондықтан  мен «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулінің әдісі диалогтік оқытуды таңдап алдым. Диалогтік оқыту әдісі осы келелі мәселені шешудің жолы боларына сенімім мол болды.

   Сын тұрғысынан ойлау-өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу, ол кез-келген субьект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің  пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді.[Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 43 бет]

 Сыни ойлайтын оқушыны қалыптастыруда диалогтік оқытудың маңызы зор екенін әріптестеріме түсіндіруді мақсат еттім.

 

 

 

 

 

2-бөлім: Коучинг  сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау

    Коучинг сабағымның тақырыбын «Диалогтік  оқыту  дегеніміз  не?» деп алдым. Әріптестеріме   диалогтік  оқытудың   маңызын  ашып,  сабаққа  оқыту  нысаны  ретінде  әңгімелесуді  енгізуге  ықпал  етуді, сыныптағы  барлық  оқушылардың  бірлескен  сұхбаты  үлкен  пайда  келтіретіндігін  көрсететін  дәлелдер беруді алдыма мақсат қойдым.
     Сабағымның нәтижесінде мұғалімдер оқыту  мен  оқудағы  тілдің  басты  рөлін  түсінеді. Білім  беруде  оқушыға  жеке  көңіл  бөлуді  дамытуға  ықпал  ететін  оқыту  әдісі  ретінде  әңгімелесуді,  мысалы  жауап  алу  мен  шағын  топта жұмыс  істеу  әдістерін  қалайша  тиімді  қолдануға  болатыны  туралы  өз түсінігін  қалыптастырады  Білім  алу  тәжірибесіне  диалогті  әдістер  енгізіледі .Сыныптағы  диалогтік  әдістер  бағаланады. Диалогтік  әдістердің  оқуға  көмегін  түсіндіруге  дайын  болады.

     Мен жұмыс істеп отырған мектебім «Н.Бозжанов атындағы орта мектебі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Коучингіме  өз  сұраныстары  бойынша  22  мұғалім  және  мектеп  әкімшілігі  қатысты.  Олардың  ішінде  жоғары  санатты 3 мұғалім,  бірінші  санатты 7 мұғалім, екінші санатты 6 мұғалім  және  жас  мамандар  болды. Алдымен  сабақты  жақсы  көңіл-күймен  бастап,  мұғалімдердің  арасында  сенімді  қарым-қатынас  орнату   үшін  психологиялық  ахуал  жасап,   тренинг  жүргіздім.  Мұғалімдерге  тұрмыстық  заттардың,  көкөністердің  және  жемістердің  аттары  жазылған  қағаздар  үлестіріп,  шаттық  шеңберінде  бір-біріне  соған  байланысты  тілектер  айтып,  бір-біріне  қошемет  көрсетті.  

   Топтық  жұмыс  туралы  нұсқаулықты  басшылыққа  ала  отырып,  алған  заттарының  аттарына  сәйкес  топтарға  бөлдім. Әр  топта  тәжірибелі  мұғалімдер  мен  жас  мамандар  да  болды.  Алдымен  құрылған  үш  топтан  топтарда  жұмыс  жасау  үшін  қандай  ережелер  болу  керектігін  айтып,  жалпы  «Алтын  ережемізді» құрып,  іліп  қойдық.  Коучинг  сабағымның  тақырыбын  анықтау  мақсатында  «Егіздердің  әңгімесі»  бейнеролигін  көрсеттім . Көрсетілім  бойынша  әр  топтың  пікірін  тыңдап,  сабақ  тақырыбын   өздеріне  ашқыздым.  

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Топтардың постер жасау сәттерінен

Одан  кейін  интербелсенді  тақтадан  «Тіл – тәжірибені  ұжымдық  қабылдаудың  негізгі  құралы»  деген  сөйлем  беріліп ,топтарға  талқылауға  тапсырдым. Әр   топ  тапсырманы  орындауға  қызу  кірісіп  кетті.  Берілген  уақыт  аяқталғаннан  соң  топтар  ортаға  шығып  тіл  туралы  ойларын  ортаға  салды . Тіл -қатынас  құралы ,  тіл  арқылы  мұғалім мен  оқушы  арасында  диалог  орнайды  деген  сияқты  тұжырымдар  жасады.  Тілдің оқыту  мен  оқудағы негізгі рөлі туралы слайдпен  ойларын  қорытындыладым. Келесі  тапсырмам  «Сыныптағы  әңгімелесуде  қандай  кедергілер  бар? Оны  шешудің  жолдары  қандай?»  сұрағына  жауап  беру  үшін  постер  қорғаттым.  Әріптестерім  осы  мәселені  шешу  жолдарын  іздеп  постерді  пайдалану  арқылы  топтарда  жұмыс  істеді,  өз  жобаларын  қорғады .Бірінші  топ  әңгімелесудегі  кедергі  тудыратын  жарыса  сөйлеу,  оқушы  бойындағы  сенімсіздік ,  ал  оны  шешуде  бір -бірін  тыңдауға  үйрету,  оқушыны  мақтау,  ойын  мадақтауға  үйрету  керек  деген  пікір  айтса,  екінші  топ  мұғалімнің  үстемдігі, сыныптағы  шу,  оны  шешуде  достық  қарым- қатынас ,  диалогқа  түсу  десе,  үшінші  топ  оқушының  ұяңдығы,  тілді  дұрыс  меңгермеу,  оны  шешу  жолдары  тіл  дамытуды  жүргізу,  оқушының  бойына  сенімділік  орнату  деген  пікірлер  айтты.

                   

                         Топтардың постер қорғау сәттерінен

Сыныптағы  әңгімелесудегі  негізгі  кедергіні  табу  үшін  »Сыныптағы  әңгіме»  бейнеролигін  көрсетіп,  «Не байқадыңыздар?,  Сынып  қандай?,  « Мұғалімнің  сыныптағы  іс-әрекеті туралы  пікірлеріңіз  қандай?  деген  сұрақтар  қойдым.  Мұғалімдер  өз  ойларын  ортаға  салып,  сынып  оқушыларының  белсенділік  танытпауы,  белгілі  бір  оқушылардан  ғана  сабақта  жауап  беруі  және  мұғалімнің  өзі  сұрақ  қойып,  өзі  жауап  беруі  сияқты  сыныптағы  әңгімелесуде  кедергілерді  анықтады.

 

 

 

 

 

Сергіту  сәтінде  «Сағат  арқылы  достар»  тренингін  жүргізгенімде әріптестерім  оқушылар  сияқты  мәз  болды.  Одан  соң Выгодский,  Литлтонның  диалогтік  оқыту  туралы  жасаған  тұжырымды  ойларымен  презентациядан  таныстырып  өттім . Мерсердің  әңгіменің   үш  түріне  түсіндірме  жүргізіп , үш  топқа  тапсырма  бердім.  Әңгіменің  үш  түріне  байланысты  дайындалған  бейнероликті  қөрсеттім. Көрсетілген  бейнероликтерден  әңгімелесу  әңгіменің  қай  түріне  жататынын  мұғалімдер  ажырата,  дәлелдеп  берді.  Өз  сабақтарында  әңгіменің   үш түрін  де  тиімді  пайдалану  сапалы  білім  берудің  бірден –бір  жолы  екендігіне  көздерін  жеткізді. Байқағаным,  әріптестерім  тапсырмаларды  орындауда  жақсы  көңіл- күймен  белсенділік  танытты.  

                   

Коучинг  соңында  кері  байланыс  орнатып,  «Үміт»  ағашын  бояу  арқылы  өздерінің  осы  сабақтан  қандай  дәрежеде  түсінгендерін,  алған  әсерлерін  байқағым  келді. Өйткені,  коучинг –сабағыма  әріптестерім  белсене  қатысты .Олардың  бәрі  тамаша  сезімде,  жақсы  көңіл  күйде  рахметтерін  айтты.  Кері  байланысты  қорытындылағанымда  мұғалімдердің  бүгінгі  сабағымнан  алған  әсерлер і 74 % - ы  жоғары  деңгейде,  5  –ы  жақсы,  15-ы  әлі  де  білгенімді  толықтырғым  келеді  деп  ой  түйіндепті.    Коучинг сабағымның соңынан  мұғалімдерден  сауалнама  алдым.  Сауалнама  қорытындысы  бойынша   диалогтік  оқыту  мұғалімдерді  толғандырып  жүрген  мәселе  болғандықтан  сабақ  мақсаты  ұнады ,  ол  мұғалімдер  қажеттіліктеріне  сәйкес, себебі,  қазіргі  таңда  сыни  тұрғыдан  ойлана  отырып,  таза  да  мәнерлі,  ойын толық  жеткізе  алатын  оқушы  тәрбиелеу  керек,  диалогтік  оқытуда  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артады, білім  сапасының  өсуіне  әсерін  тигізеді , оқушылардың  өз  пікірін,  өз  ойын  айтуға бағытталған  тапсырмалар  беріп ,  бірлесе  жұмыс  істеуге  үйрететіндігін  мойындады.

       

     Сабағымның сәтті өткен тұстары: бұл тақырыптың мұғалімдер үшін керекті де, өзекті мәселе екендігі, әріптестерімнің топтағы жұмыстарды қызыға орындап барлығының ат салысуы, постер қорғауда өз ойларын ортаға салып, әр топтың талқылаулары, менің теориядан алған білімдерін тапсырма барысында салыстыра  отырып қорытынды жасағандары маған жақсы әсер етіп, күш-қуат бергендей болды.

 Әрине, сабағымның сәтсіз тұстары да болды:

-Топтық жұмыстарда уақытты ұтымды пайдаланбау;

-Топтағы көшбасшы мұғалімдердің анықталмауы;

3-бөлім:Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

    Мен осы бірінші коучинг сабағымды өткізе отырып, әріптестеріммен жасаған кері байланысты ескере, сабағымның бейнежазбасын көріп, өзіме мынандай ой түйдім. Әріптестерімді психологиялық ахуал орнатуда,топқа бөлуде, сергіту сәтін ұйымдастыруда қызықтыра білдім. Топтық жұмыста мәселені өзара талқылауда және постер қорғауда белсенділік танытты. Ал теориялық білімдерін әлі де толықтыруды қажет етеді. Сондықтан мен келесі коучинг сабағымда сабақтың териялық бөлімін түсіндіруде тәсілімді өзгерту керек екенін түсіндім. Коучинг сабақ соңынан мұғалімдерге анкета толтыруды ұсындым. Анкетаны қорытындылай келе, әріптестерімді толғандырып жүрген мәселе болғандықтан коучинг мақсаты ұнады,бұл мақсат мұғалім қажеттілігіне сәйкес келеді, себебі ,қазіргі таңда сыни тұрғыдан ойлана отырып , таза да мәнерлі ойын толық жеткізе алатын оқушы тәрбиелеуіміз керек. Оқушының өз бетімен ізденіп ,шығармашылық қабілеттерінің артуына мүмкіндік туғызады. Топпен жұмыс істеу әдісі ,диалогтік оқыту оқушының білім алуына берер әсері мол. Балалар білім алуға құштарлықтары мен қызығушылықтары артады.» деген жауаптар алдым.

                       

     Коучинг сабақ барысында әріптестерім топқа бөлу, постер жасап , оны қорғау, диалогтік оқыту тәсілдерін тез қабылдады. Берілген тапсырмаларға  аса жауапкершілікпен  қарап , қолдарынан келгенін көрсете білді.

  Сабағымның нәтижесінде менің әріптестерім тек диалогтік оқыту ғана емес, сабақта балаларды топтастыруды, постермен жұмыс жасауды, сабақ соңында балаларға кері байланыс ұсынуды, сергіту сәтін ұйымдастыруды,  жағымды атмосфера орнату барысында психологиялық тренинг өткізуді, оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерін қолдануды үйренді.

    Болашақта осы осы тақырыпта тағы да коучинг өткізетін болсам, мен нені  ұсынар едім?

-Диалогтік оқыту әдісі бойынша теориялық білімімді толықтыру;

-Әңгіме түрлерін сабақтарыма енгізіп, әріптестерімді сабақтарыма қатыстырып, іс-тәжірибеде көрсету;

 

   Жаңашылдыққа  жаны  құмар, білсем,  үйренсем  деген  әріптестеріме  ақпарат  жеткізудің  ең  тиімді  тәсілі  коучинг сабағы  екенін  білдім.  Осы коучинг-сабағымның  әріптестерімнің  өз  тәжірибелерінде   өзгерістер  енгізу  керектігіне  септігін  тигізгеніне,  кішкене  болса  да   үлесімді  қосқаныма  қуанып,  келесі  коучинг  –сабағымды  жоспарлауда  жаңа  идеялар  туындады.  Өзімнің  де  әріптестерімді  үйрете  отырып  үйренетініме  көзім  жетті.

 

                   

 

          Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІ деңгей.

2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде  орындауға арналған тапсырмалар. 

ІІ деңгей. 2012. «Назарбаев зияткерлік  мектебі» ДББҰ. 3-басылым.

2.Интернет ресурстары (бейнероликтер)

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Коучинг-сабақ бойынша рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 773 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 8747
    • DOCX 16.7 мбайт
    • 25 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Гульбану Абдирешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 18952
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе