Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Коучинг-сабақ "Диалогтік оқытудың маңызы"

Коучинг-сабақ "Диалогтік оқытудың маңызы"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:









Коучинг сессиясының жоспары

«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

ІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталушы

Бастауыш сынып мұғалімі Султанова Г.А.


Сабақ тақырыбы:

Диалогтік оқытудың маңызы

Мақсаты:

Диалогтік оқытудың маңызын ашу, мұғалімдерге сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізуге ықпал ету. Сыныптағы барлық оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер беру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-102 бет

Оқу нәтижесі:

Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.
Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

Негізгі идея

Мұғалімдер қолданысындағы оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта, бейнероликтер,

стикер, маркер, А4 парақтары






Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу

3 мин

Коучтың іс-әрекеті


Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал орнату (сергіту- тренинг)

Таңдап алған кеспе парақшалардағы жеміс, көкөніс, тұрмыстық заттарға байланысты қасындағы досына теңеу, тілектер айтады)

Топқа бөлінуді ұйымдастыру

3 мин

Топқа бөліну (жеміс, көкөніс, тұрмыстық заттардың суреттермен). 

Топтық жұмыс туралы қысқаша нұсқау беремін.Топтық ереже шығару.

Әр топтың шығарған ережелерін тыңдап қабылдап,«Алтын ереже» шығарады тақтаға ілінеді.

Қатысушы мұғалімдер 3 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.

«Диалог» тренингі.

5 мин

Үш жағдайда бір-бірімен әңгіме айтып көруді ұсыну. Тренингтің соңында қай жағдайда әңгімелескен ыңғайлы екенін айту.


Бірінші жағдай бір-біріне теріс қарап тұрып әңгімелесу, екінші жағдай бірі төмен, екіншісі жоғарыдан, үшінші жағдай бетпе бет.

Коучинг тақырыбымен таныстыру

3 мин


Слайд арқылы коучинг сессия тақырыбымен таныстыру

Мұғалімдер ой түйіндейді

Тапсырма №1

Жеке жұмыс

5 мин

Карточкамен жұмыс «Сыныптағы диалогтік тәсіл мен ағымдағы тәжірибеге көзқарас»

Мұғалімдер кестені толтырып, жауап береді.

Тапсырма №2

топтық жұмыс

7 мин


Сыныптағы әңгіме

Сыныптағы әңгімелесуде қандай кедергілер бар, оны шешу жолдары қандай?

Топтар ақылдаса постер жасайды.


Теориялық бөлім

таныстырылым

7 мин


Выгодский, Мерсер Литлтон тіл туралы презентация арқылы таныстырылым жасайды.

Көрсетілім негізінде ой түйіндейді.

Жаңа материалды тыңдайды.

Тапсырма №3

топтық жұмыс

5 мин


Сіздердің ойларыңызша, белсенді сынып және белсенді емес сынып қандай болады? 

Топтарда ақылдаса отырып постер қорғайды.

Сергіту сәті

3 мин

«Сағат арқылы достар». Тренинг мазмұнын түсіндіреді.

Сағат арқылы достарына тілектер айтады.

Тапсырма №4

Бейнеролик

негізінде дәлелдеу

10 мин


Александер (2008) Мерсер зерттеген әңгіменің үш түрі:

  • әңгіме;

  • кумулятивтік;

  • зерттеушілік;

Топтарға әңгіменің үш түріне байланысты бейнероликтер көрсетеді.

Бейнероликті көргеннен кейін, әңгіменің қай түріне жататынын айтып, дәлелдейді.

А4 қағазда топтардың алдыларында әңгіменің үш түрі жатады.

VІ. Қорытындылау

7 мин

Ақылдың 6 қалпағы «Диалогтік оқыту әдісі тиімді ме?»


Топтар алған қалпақтарының түсіне қара ой қорытады.

VІII. Рефлексия

«Бес саусақ»

(5 мин)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты бес саусаққа жазу ұсынылады.


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын бес саусаққа жазып тапсырады.














Қарбыз Алма Үтік



Қауын Алмұрт Тоңазытқыш



Картоп Жүзім Теледидар



Қызанақ Шие Телефон



Қияр Құлпынай Еттартқыш



Сәбіз Қарақат Шаңсорғыш


Қызылша Апельсин Компьютер












Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДВ-290263
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх