Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Коучинг-сессия на тему "Критериальное оценование"

Коучинг-сессия на тему "Критериальное оценование"

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» тақырыбы бойынша коучинг жоспары

Коуч: Арынова А.Я.

Сағат:

Сабақ тақырыбы:

Критериалды бағалау-сапалы білім негізі

Жалпы мақсат:

12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау:
- Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.
- Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.
- Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.
- Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

  2. Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

  3. Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Түйінді идеялар:

Формативті бағалау, суммативті бағалау

«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.

Әдіс-тәсілдер:

АКТ, СТО, топтық жұмыс, жұппен жұмыс, постермен жұмыс, бағалау, кері байланыс

Қолданылған материалдар:

Интербелсенді тақта, А3 үлестірме парақ, маркер, стикер, бағалау наклейкалары, плакат

Дереккөздері:

МАН, 104-109 беттер



Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

1 мин

Құрметті әріптестер, бүгінгі коучинг сабаққа қош келіпсіздер! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Коучинг –сессияға әзірленеді

Топқа бөлу

2 мин

Мұғалімдерге мәдениет, білім, саясатқа қатысты сөздер жазылған стикерлер беріледі.

Мұғалімдер сол сөздердің мағынасына қарай топтасады.

Ой шақыру

5 мин

  • Оқу үрдісінде бағалау керек пе?

  • Сіз сабақта нені бағалайсыз?

  • Сіз сабақта бағалаудың қандай түрін қолданасыз?

Мұғалімдер өз ойларымен бөліседі

Жеке тапсырма

10 мин

Топтарға бірнеше түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы, түрлі түсті қалам, фламастер таратылып беріледі. Топтар ақылдаса отырып, сол қағаздардан гүлдің макетін жасауы тиіс


Әр топ ақылдаса отырып, қолдарындағы ресурстардан гүлдер жасайды. Сонан соң ол жасалған гүлдерді көрші топқа сыйлайды. Көрші топ қолдарына алған гүлге қарап отырып, оны бағалайды.

Рефлексия

Сізге бұл бағаны не үшін қойғаны түсінікті ме?
Сізге неге осындай баға қойды деп ойлайсыз?
Сіз өзіңізге қойылған бағамен келісесіз бе?

Мұғалімдер сұрақ бойынша өз ойларын айтады. Қойған бағамен келіспесе келіспейтінін айтады.

Жеке тапсырма

Енді гүлді бағалау критериін берейін. Сол бойынша тағы да бағалаңыздар:

  1. Жапырақтарының симметриялылығы

  2. Гүлдегі түстердің үйлесімділігі

  3. Гүл жұмысының қиындығы

  4. Гүлдің әсемдігі

Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме? Егер мен бұл критерийлерді тапсырманы орындатпас бұрын, алдын-ала бергенде сіздердің жауаптарыңыз да, бағаларыңыз да басқаша болып шығар еді.

Қай топтың жауабы жақсырақ деп ойлайсыздар? Салыстырыңыздар. Енді ойланыңыздар, не маңыздырақ, адамның өзін-өзі бағалауы ма немесе басқаның бағалауы ма? Сіздер өзіңізді қалай бағаладыңыз, басқа топтар сізді қалай бағалады? Салыстырыңыздар, өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалауда алшақтық бар ма? (Критерий бойынша дұрыс бағаласа, алшақтық болмайды).

Топпен жұмыс

  1. мин

Бағалаудың көмегімен Оқуды жақсарту 5 түйінді факторға байланысты:
1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқуды түрлендіру.
4. Бағалаудың оқушылардың өзін өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау

5.Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


Теориялық материал

3 мин

Презентация

Бағалау, бағалау тәсілдері, бағалау мақсаты

Презентацияны тамашалау.

Оқу сапасын арттырудағы жауапкершілікті сезіну

Бағалау

Әр мұғалімге өзін-өзі бағалау парақшалары үлестіріледі, олар бүгінгі сабақтан алған өз білімдерін берілген критерий арқылы бес балдық жүйе бойынша бағалайды.














Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров19
Номер материала ДБ-355822
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх