Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Көпмүше және оларға амалдар қолдану.

Көпмүше және оларға амалдар қолдану.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: алгебра
Сынып: 7 «В»
Сабақтың тақырыбы: Көпмүше және көпмүшеге амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:
Көпмүшелерге амалдар қолдана білу.
Міндеттер:
1. Көпмүшенің анықтамасын есептер шығаруда пайдалана білу;
2. Көпмүшеге байланысты есептерді шығара білуге дағдыландыру;
Математикалық тілде сауатты сөйлей
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пайдаланылған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, салыстыру, сөздік, жеке ізденушілік, проблемалық.
Сабақ өткізу формалары: ұжымдық, жеке, жұптық, бірін - бірі тексеру, өзін - өзі тексеру, деңгейлік оқыту.
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар, плакаттар, , саралап оқыту .
Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Біз қандай тарауды өтудеміз?
- Бірмүше мен көпмүше туралы білімдеріңді байқап көрейік.

Психологиялық дайындық.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Жәй музыка ойнатып қою.

Қызығушылық ояту сәті.
1. Бір кісі үйге кірді, ол үйде шам мен керосин лампысы тұр. Ол нені бірінші жағады?
Жауабы: шырпыны.
2. Отбасында 4 ұл бала бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында неше бала бар?
Жауабы: 5 бала.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Теориядан: Бос орынға тиісті сөзді жаз:
Негіздері бірдей дәрежелер көбейтілгенде негізі __________________, ал дәреже көрсеткіштері ______________________.
Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде негізі ___________________, ал бөлшектің алымындағы дәреженің көрсеткішінен бөліміндегі дәреженің көрсеткіші ___________________.
өзгеріссіз қалады
. (қосылады )

ІІІ. Есептер шығару.

№1. Жеке жұмыс.
Салыстыру әдісі.
- Мына берілген өрнектерді екі бағанға топтастырыңдар да қай мүшеге жататынын айтыңдар.
3х*(- 2) у; 5ав; 2ах2+ву+7; х+7; 9хz; 4х2+3у+а; - 7у; х+у+z; 6.
- Бірмүше мен көпмүшелер.
Бірмүшелер ---------------- көпмүшелер
3ху(- 2) у --------------------- 2ах2+ву+7
5ав; -------------------------- х+7
- 7у -------------------------- 4х2+3у+а
6 ---------------------------- х+у+z
9хz

№2. Жұптық жұмыс. Ізденушілік әдісі.
- Мына берілген өрнектерді ұқсас мүшелерді біріктіріп көпмүшенің дәрежесін анықта
5а2в - 5ав2 - ав - 2а2в+10ав2
3а2в+5ав2 - ав

Бұл көпмүшенің дәрежесі 3 - ке тең

№3.
- Көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана отырып, берілген өрнектерді теңбе-тең түрлендіргендегі алынған өрнектердің сәйкестігін тап.
Сәйкестік тест
3(2ах+5у+7) --------------- 5х2+15ху2
2а(4х+у) -------------------- 6ах+15у+21
5ху(х+3у) ------------------ 8ах+2ау

№4. Ұжымдық жұмыс. Проблемалық әдіс.
- Бірмүшелерді көбейту алгоритмін жаса:
- 3а2в4с2*6а3в2сd=- 18а5в6c3d
Алгоритмі:
1. Коэффициенттері көбейтіледі;
2. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады;
3. Көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалады;
4. Шыққан нәтижелер бір - біріне көбейтіледі.

Енді бірмүшені көп мүшеге көбейту алгоритмін жасайық
6ав(2а - 3в+4)=12а2в - 18ав2+24ав
Алгоритмі
1. Бірмүше көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіледі;
2. Шыққан көбейтінділер қосылады.

№5. Деңгейлік есептер шығару.
1 деңгей
№108
1) 6х*(2х - 1)- 7х=12х2 - 6х - 7х=12х2 - 13х;
2) 2(5х - 4у+1)- 3(3х - 3у - 1) =10х - 8у+2 - 9х+9у+3=х - 8у+5;
3) а+в+с -(а - в - с) =а+в+с - а+в+с=2в+2с;
4) 7(2а+5в)- 5(3в - 4а) =14а+35в - 15в+20а=34а+20в.

№109
(8х2+9у2+2ху - х)*(- 5у) = - 40 х2 у - 45у3 - 10ху2+5ху
2 деңгей
№116
3 деңгей
№123

№6. Шығармашылық жұмыс.
- Өздерің бірмүше мен көпмүшені көбейтуге өрнек құрастырып, жаңа мәліметті жобалаңдар.
- Жасалған жоба байынша қандай тұжырымдама жасар едіңдер?
- Бірмүшені көпмүшеге көбейтудің тірек сызбасы арқылы жобасын жаса
5х2у
2х2у2
+
- 3ху2
+
5хуz
+
- 9

10х4у3
+
- 15х3у3
+
25х3у2z
+
- 45х2у

Бірмүше -------- көпмүше --------- көпмүше
IV. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты?
- Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар?
- Қандай тапсырма сенің шығармашылығыңды дамытты?
- Іздену тапсырмалары ұнай ма?
- Мақсаттарға жеттік пе, тексеріп көрейік?

V. Үйге тапсырма. №
168.
VII. Бағалау. Сабаққа қатысулары бойынша бағаланады.



























































































































Жарияланды 16-05-2014, 06:23 Категориясы: Математика

Білімділік: Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа
баулу, ұжымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Саяхат сабақ
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мультипроектр, тапсырмалар, суреттер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ әдебиеті, музыка.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
(слайдқа жазып жауабын тексеру.)
3. Өткенді еске түсіру (сөйлемді аяқта)
4. «Құпия кесте» (жылдар сөйлейді)
5. «Гүлге қонған көбелек» ойыны
6. Сергіту сәті.
7. Ұшқыр ой: (топпен )
8. Бекіту. «Мәреге жету»
9. Үйге тапсырма
10. Қорытынды бағалау, (рефлекция «Не үйрендім, не ұнады?»)

Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынталарын аудару, топқа бөлу(бірмүшені алғандар 1 топ, көпмүшені алғандар 2 топ). «Әлемнің жеті кереметі» - саяхатқа шығу
Үй тапсырмасын слайд арқылы тақтадан тексеру. №356
Тапрсырманы тексерген соң Мысырдағы Хеопс пирамидасына саяхат жасап, таныстырамыз.
Жаңа сабақ: 1. Өткенді еске түсіру (сөйлемді аяқта)
Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің.......................... деп аталады. көбейтіндісі бірмүше
2. 2х2*3х5=6х7 - бұл көбейтінді.... бірмүшелер көбейтіндісі
3. Бірнеше мүшелердің алгебралық қосындысы... көпмүше.
4. 5ab(2ab+3a2 - 4b2) бұл көбейтінді.... бірмүшенің көпмүшеге көбетіндісі
5. Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан..... көбейтіндіні қосу керек.
6. 3m - 2m+5m=6m бұл........... ұқсас мүшелерді біріктіру.
(Олимптегі Зевс мүсіні)

«Құпия кесте» - жылдар сөйлейді.
Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар. ----------------- Теңдеуді шешіңдер
5n - 11+n мұндағы n=2 ----------------------------------- 2(x - 9)=0
5n - 11+n=6n - 11= 1 -------------------------------------- 2x - 18=0 x= 9

3(5 - a) мұндағы a=2 --------------------------------------- x2 - 5x=0
3(5 - a)=15 - 3a= 9 ------------------------------------------ x(x - 5)=0 x=0
----------------------------------------------------------------- x - 5=0 x=5
19x - 4(2x - 3) мұндағы x=3
19x - 4(2x - 3) = 19x - 8x+12= 45

1945. 09. 05 - Ұлы Жеңіс күні

(Галикарностағы Мовзолей)
«Гүлге қонған көбелек» - көбелектердегі тапсырманы ауызша орындау арқылы, батыр туралы мақалдың жалғасын айтады.
4а+3а2 =a(4+3a)
2(3х+2у)=6x+4y
- m^2 n^2 - mn=- mn(mn+1)
8ху - 4у2=4y(2x - y)
2х2*3х5=6х7
5(p - 10) =5p - 50
(Семирамиданың аспалы бағы)
Жеке оқушымен жұмыс:
0, 5m*3х=1. 5mx
8b2*b=8b3
3ab*2b=6ab2
- 6p2*2g=- 12p2g
- 2a*b*a=- 2a2b
5mn2*2m=10m2n2
4a*3ab=12a2b
7x+3x+4=10x+4

«Сергіту сәті» - өздері таңдаған көбелектерінің түстеріне сәйкес, мінездемелік сипаттама алады. (Колосс Радосскийдің алып мүсіні)

«Ұшқыр ой» - әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Топтағы үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Көпмүшені көпмүшеге көбейт:

1 - топ:
1. (2х+1)(х+4)=2x2+8x+x+4= 2x2+9x+4
2. 5ab(2ab+3a2 - 4b2) =10a2b2+15a3b - 24ab3
2 – топ:
(3a - 2)(2a - 1)=6a2 - 3a - 4a+2=6a2 - 7a+2
(3x+2y)(x - y)=3x2 - 3xy+2yx - 2y2=3x2 - xy - 2y2
(Александрия маягы)

«Мәреге жету» - тапсырманы шапшаң, әрі дұрыс орындаған топ мәреге жетіп туды алады.
Ұқсас мүшелерді біріктіріңдер:
5x - 7xy+4xy=5x - 3xy
2x4 - 3x+4x2 - 2x4+4x=4x2 - x=x(4x - 1)
(Эфестегі Артемида ғибадатханасы)

Үйге тапсырма: қайталау
Сабақты қорытындылап, мәреге жеткен топты мадақтау «Жарайсыңдар!»

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Бірмүше және көпмүше, математика 7 сынып, сабақ жоспары Жариялаған Молдашева Мадина Оқылды: 2750 (рет) | Пікірлер: 0 Баспаға шығару

Басқа жаңалықтарды оқу:

Добавить рекламное обьявление

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын қорытындылау

(Математика)

(Математика)

(Математика)

(Математика)





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 23.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров425
Номер материала ДВ-549650
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх