Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Көптілділік — Қазақстандағы халықтар достығының негізі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Көптілділік — Қазақстандағы халықтар достығының негізі.

библиотека
материалов

Мичурин балалар үйі, Павлодар облысы.

Тәрбиеші: Айтыбаев Азнағұл Айдарханұлы


Тақырыбы: Көптілділік — Қазақстандағы халықтар достығының негізі.


Мақсаты: Балаларды мақал-мәтелді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөз байлығын арттыру. Патриоттық тәрбие беру, ойлау қабілетін дамыту, қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнектілігі: Қабырға газет буклет. (Ана тілі – азығым. Таусылмас қазығым)

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды

Ана тілі – кімнің тілі?

Тілді адамдар, ең алдымен кімнен үйренеді?

Қазақ тілі бұл күнде қандай мәртебеге ие болды?

Қазақ халқының мағынасы не?

Кіріспе сөз: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілін білу — әрбір азаматтыңміндеті. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді үйрену – Қазақстан Республикасында өмір сүрудің басты шартына айналып отыр. Бүгін қазақ тілін үйрену барысында қол жеткізген табысымыздың бірін көрсетпекшіміз.

 

I бөлім. Ойын. «Кім табады». Қоржынның ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

Қазақ тілі қандай тіл?

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?

Тіл туралы Заң қашан шықты?

Тіл туралы Заң неше тараудан тұрады?

Қазақ алфавиттік негізде құрылған?

Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар?

Қазақ тілінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?

II бөлім. Әдеби монтаж

І-бала

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмей өскен — әңгүдік

Өсер балаң, байтақ дала тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

 І-бала

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрән біл,

Өз тіліңді құрметте!

 І-бала

Қазақ осы

«Өнер алды — тіл» дейтін.

Қазақ осы

Қарасың ба, ақсың ба, қоңырсыңба,

Жатырқауды білмейтін

Қазақ осы

Ашық – жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

І-бала

Сүйемін туған тілім, анам тілін

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

І-бала

Туған тілім – тіршілігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өлсе тілім менде бірге өлемін.

І-бала

Туған тілім – бабам тілі — өз тілім!

Туған тілім – анам тілі — өз тілім!

Туған тілім – далам тілі — өз тілім!

Туған тілім – адам тілі — өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!

І-бала

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де,

Сөйлеп тұрсың менің ана тілімде.

Қазақ болып туғаннан соң бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде!

І-бала

Қазақ тілі!

Ол – менің ана тілім!

Қазақ тілі!

Байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным.

 І-бала

Қуан далам, қуанатын күн бүгін

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін.

Тіл туралы Заңым енді күшіне;

Паш еткендей, кескен дала кіндігін.

Қазақ тілі борандатқан дауыл күй,

Қазақ тілі — өлең – жыр мен ән мен күй

Байқасаңдар қазақ тілі осындай

Аққан судай, ескен желдей табиғи.

 

III бөлім. «Жалғасын тап»

Мұғалім бастап айтқан мақалдарды аяқтау.

Арқанның ұзыны, /тілдің қысқасы жақсы/

Ең тәтті де тіл, /ең ащы да тіл/

Ер жігіт елі үшін туады, /елі үшін өледі/

Жақсы жолдас жаңға серік, /жаман жолдас малға серік

Тіл тас жарады, /тас жармаса, бас жарады/

Шебердің қолы ортақ, / шешеннің тілі ортақ/

Сөз сүйектен өтеді, /таяқ еттен өтеді/

Оқу – білім бұлағы, /білім — өмір шырағы/

Білім қымбат, /білу қиын/


Білім таппай мақтанба, /өнер таппай баптанба/

Ойын «Асық шашар». Бес оқушы шығады. Кімге асық жетпесе, сол оқушы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең айтады.

Ортаға жұмбақшылар шығады.

Ой маржанын тере білген

Әр жазушының, әр ақынның

Әр сөзіңді емемін мен

Ана сүті… /ана тілім/

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді – тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем /кітап/

Тіл – ырысың, өрісің де

Тіл – көктегі ғажап Күнің де

Ғажап күнсің мен үшін де

Бабам тілі… /қазақ тілі/

 

     Ән «Ана тілім»

Анамнаң тілі айбыным менің,

Қазақтың тілі айбыным менің.

Сүйемін байтақ елімді туған.

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңі.

 

Қорытынды:

 







 


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров203
Номер материала ДВ-537292
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх