Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Краткосрочный план по физике на тему "Будың қасиеттері. Қайнау"

Краткосрочный план по физике на тему "Будың қасиеттері. Қайнау"


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 10а

Күні: 23.12.2015ж Пәні: Физика Пән мұғалімі:Балманова Г.М.

Сабақтың тақырыбы:

Будың қасиеттері.Қайнау. Заттың кризистік күйі.

Сілтеме:

Оқулық Физика 10-сынып Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев

Алматы «Мектеп» 2014

Мақсаты:

  • Будың қасиеттерін және қайнау температурасының қысымға тәуелділігін түсіну. Формулаларды біле отырып есептер шығаруды үйрену.

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып топпен бірлесіп жұмыс жасау дағдылары мен өзара және өзін бағалауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Будың қасиеттерін және қайнау температурасының қысымға тәуелділігін түсінеді. Формулаларды біле отырып есептер шығаруды үйренеді.

  • Топпен жұмыс жасауда ережені ұқыпты сақтай білуге дағдыланады;

Критерий бойынша бағалау қалыптасады.

Негізгі дереккөздер:

Оқулық,интерактивті тақта, таратпа материалдар, стикер,тақта,сандықша,тест.

Әдіс-тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, АКТ, бағалау парағы,СТО. Деңгейлік тапсырмамен жұмыс, «сиқырлы сандықша»,постермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

  • Сыныпта психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Шаттық шеңберін» өткізу(Оқушылар бір-біріне жақсы тілектермен сәттілік тілейді).

  • Оқушыларды әр түрлі түстер арқылы төрт топқа бөлу (қызыл, жасыл,көк,сары)

  • Топт мүшелері таймспикер және топ басшысын сайлап алады.

Блум таксономиясы

Мұғалім іс-әрекеті


Оқушы іс-әрекеті

Білу

Диалог жүргізу арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар тізбесі қойылады.

«Кім көп біледі?»

  1. Заттың қандай фазалық өтуін булану деп атаймыз?

  2. Конденсация құбылысы дегеніміз не?

  3. Меншікті булану жылуы дегеніміз не?

  4. Ашық тоғандарда жиналған судың температурасы қоршаған орта температурасынан үнемі төмен болады.Оның себебі неде?

  5. Неге жаңбыр жауғанда күн лезде суытады?

Әр топтан оқушылар жауап береді.

  1. Заттың сұйық күйден газ күйіне өтуін булану деп атайды.

  2. Заттың газ күйінен сұйық күйіне өтуін конденсация деп атайды.

  3. Меншікті булану жылуы тұрақты температурада сұйықтың бірлік массасын буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерімен өлшенеді: L=Q/m

  4. Булану сұйықтың ішкі энергиясының кемуі есебінен жүреді, сондықтан сұйық суиды.

  5. Жаңбыр жауғанда атмосфералық ауа энергиясының кемуі жүреді және оның алып жатқан булану ауданы ұлғаяды.

Ой қозғау


Қайнау, булану суреттері арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындату.

Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Түсіну

Тақырыпты оқушылардың өздері меңгеруіне мүмкіндік беру.

Оқушылар түсінгендерін топ ішінде талдап мазмұнды сызбаға түсіреді және оны қорғайды.

Қолдану

Алған білімді практикада қолдана білуге үйрету үшін топтарға деңгейлік тапсырмалар беру.

  1. Су буының ауадағы парциаль қысымы 190С-де 1,1 кПа болды. Салыстырмалы ылғалдылықты табыңдар.

  2. Қысымы 100 кПа , ал молекулалардың консентрациясы 1025м3 болған кездегі газдың температурасын табыңдар.

  3. Ілгерілемелі қозғалыстағы газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы қандай температурада

6,21*10-21Дж-ге тең болады?

  1. Көлемі 0,2 л колбада 3*1022гелий атомы бар. Егер колбадағы газдың қысымы

105 Па болса, гелийдің әрбір атомның орташа кинетикалық энергиясы қандай болады?

  1. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін ысытуға және 250г будың пайда болуына қанша энергия жұмсалған.

Берілген тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.

  1. Берілгені: Шешуі:

t= 190С φ=p/pқ= 1,1кПа:2,2кПа=0,5=50%

p= 1,1 кПа

pқ= 2,2 кПаЖ: φ=50%

т/к: φ-?

  1. Берілгені: Шешуі:

p=105Па p=nkT

n=1025м3 Т =p/nk = =

т/к: Т-? = 0,725*103=725К


Ж: Т= 725К

  1. Берілгені: Шешуі:

Eк=6,21*10-21Дж; ЕkT;

т/к: Т-? Т= ==300К


  1. Берілгені: Шешуі:

V=0,2л= 2*10-4м3 p=nЕ = E;

p=105 Па Е= ==

N=3*1022

т/к: Е-? =10-21Дж.

  1. Берілгені: Шешуі:

m= 0675 кг Ԛ12= Ԛ

t1=200СԚ1=cm( t2 – t1)

t2=1000С Ԛ2= rm

т/к: Ԛ=? Ԛ=cm( t2 – t1)+ rm=827000Дж

Ж: Ԛ= 827кДж


«Ой сергіту» сәті

Жұмбақ шешу


Талдау

«Сиқырлы сандықша»

Әр топтан топ басшылары «сиқырлы сандықшадан» тапсырмалар алады.

Дайынын болған топ тапсырмаларын интерактивті тақтада орындайды.

Жинақтау

тестпен жұмыс.

1-топ

1.Жайылған кір мен шабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді?

А)Желсіз күні булану баяу жүреді.

В) Желсіз күні булану тез жүреді.

С) Булану болмайды.

Д) Конденсация құбылысы болады.

2. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға қалай тәуелді?

А) тәуелді емес

В) қысым артқан сайын қайнау температурасы төмендейді.

С) қысым артқан сайын қайнау температурасы да артады.

Д) қайнау температурасы қысымның квадратына тура пропорционал.

3. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайтын формула:

А) φ= m/mқ*100% В) φ=p/pқ*100%

С) φ= Т/Т0*100% Д) φ= Ԛ/Ԛ0*100%

4. Қайнау кезінде сұйық толық буланып болғанша температура

А) өзгермейді В) анықталмайды

С) төмендейді Д) көтеріледі

5. Қаныққан бу дегеніміз не?

А) Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу.

В) заттың сұйық күйден буға айналуын айтады.

С)заттың бу күйінен сұйыққа айналуын айтады.

Д)Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

2- топ;

  1. Қанықпаған бу дегеніміз не?

А) Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу

В) заттың бу күйінен сұйыққа айналуын айтады.

С) заттың бу күйінен сұйыққа айналуын айтады.

Д) Булану конденсациядан артық болса, онда сұйықтың бетіндегі бу және сұйық жоқ кездегі бу.

2. Булануға кері процесс

А)компенсация құбылысы

В) диссоциация құбылысы

С) Конденсация құбылысы

Д)диффузия құбылысы.

3. Сұйықтың температурасын арттырып, басқа шамаларын өзгертпегенде булану жылдамдығының өзгеруі:

А) артады В) азаяды

С)өзгермейді Д)басында артады,кейін азаяды.

4. Булану кезінде сұйық суиды, себебі:

А) бөлшектер сұйықтан жоғары кинетикалық энергиямен шығады.

В) сұйықтың массасы азаяды

С) Сұйықтан ең баяу бөлшектер шығады.

Д) Сұйықтан ең жеңіл бөлшектер шығады

5. Сұйықтың қайнау шарты:

А) 1000С температурада басталады.

В) сұйықта ауа көрсеткішінің h болуында басталады.

С) сұйықтың буы атмосфералық қысымға тең болғанда басталады.

Д) сұйық температурасы көтерілгенде басталады.

Жауабы:

1-топ 2-топ

  1. А) 1. Д)

  2. С) 2. С)

  3. В) 3. А)

  4. А) 4. А)

  5. Д) 5. С)

Бағалау

Критерийлер бойынша формативті бағалау.

Табыс критерийлері арқылы бағаланады.


Үйге тапсырма

§6.3 оқу.15-жаттығу


Рефлексия (1мин)

Стикерлер тарату.

Оқушылар стикерлерге өтілген сабақ бойынша өз пікірлерін жазып «Тілек ағашына» жапсырады.




Автор
Дата добавления 15.04.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров312
Номер материала ДБ-033805
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх