Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Краткосрочный план по казхскому языку

Краткосрочный план по казхскому языку

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m4d46fd2d.gifhello_html_46a0bb28.gifhello_html_55556409.gifhello_html_6841b9ab.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_7ccaa051.gifhello_html_m7a3292eb.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_m321f1e64.gifhello_html_m5c8103bd.gifhello_html_142a5b09.gifhello_html_m5120b4d9.gifhello_html_484fa339.gifhello_html_m11a91d77.gifhello_html_m22962b54.gifhello_html_4a6f4130.gifhello_html_m5fa0ff92.gifhello_html_m5fa0ff92.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_5160660d.gifhello_html_6713afe1.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_40838eaa.gifhello_html_4a6f4130.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_3fb1532d.gifhello_html_79451ad0.gifhello_html_m1a4738e9.gif7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы



Зат есімнің түрленуі

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Зат есімнің түрлену жолдарын меңгерту, грамматикалық мағыналарды қызметіне сәйкес айыры білу.

Күтілетін нәтижелер

Зат есімнің түрлену жолдарын меңгеріп, грамматикалық мағыналарды қызметіне сәйкес айыра біледі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Даналық ағашы», «Ойлаудың алты қалпағы»

Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

Ой қозғау;

Диалогтік оқыту;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Модульдер көрінісі

Топқа бөліну


3минут

Амандасу.Сыныпты түгендеу.Жеребе тастау арқылы топқа бөлу.

.Таңдап алынған қағаздары бойынша

оқушылар «достық», «шаттық», «бақыт» топтарына бөлінеді

Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдер.




2 минут

Оқушыларға смайликтер таратылады

Оқушылар көңіл-күй борометрін смайликтер жапсыру арқылы толтырады .Сабақ алдындағы көңілдерін білдіреді.





Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

3 минут

Зат есімнің түрленуі дегенді қалай түсенесіңдер? Зат есімнің көптелу ерекшеліктері.


АКТ,Сын тұрғысынан ойлау.

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)









Сергіту сәті


10 минут



1 топ. Зат есімнің көптік мағынасын білдіретін – лар,-лер,-дар,-дер,- тар, -тер қосымшалары қандай дыбыстардан кейін жалғанатынын түсіндір. Олардың әрбіріне мысал тауып жаз.

2 топ. Атау тұлғада тұрып, көптік мағынны білдіретін қандай сөздерді білесіңдер?Мысал келтір. Үлгі: Көз, аяқ, шөп, қазақ, су, шаш, халық т.б



«Қаңқалар ».биін қою

«Даналық ағашы»ойыны арқылы мәтінді түсініп оқып, талдайды.Әр топ өз мәтіндерін әңгімелеп береді.





Оқушылар экрандағы іс-қимылдарды қайталау арқылы билейді.

Окытудағы жаңа әдіс –тәсілдер, сын тұрғысынан ойлау, дарынды және талантты балалармен жұмыс. АКТ

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

4 минут

Топтарға жазбаша тапсырмалар беру.

Көптік жалғауы қандай сөз таптарына жалғана алатынын және қандай мағына беретінін түсіндіріп, оларға бір-бір мысал келтіріп жаз.

Үлгі: Өзендер ( зат есім) жаңашылдар (сын есім) отыздарда (сан есім) әркімдер(есімдік) кеткендер (есімше) ертеңдер (үстеу) т.б.



Диалогтык оқыту,топпен жұмыс ,көшбасшылық.

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Топтарға тапсырма беріледі

Түбір сөзге ешбір көптік жалғауы жалғанбай- ақ көптік мағынаны білдіретін мына сөздерді мағынасына қарай төмендегі кестенің тиісті тармағына көшіріп жазыңдар.

Қосымшасыз көптік мағынаны білдіретін атаулар

Жемістер

Алма

Бақша өсімдіктері Табиғи заттар

Өсімдіктер

Кендер

Сәбіз

Құм

Шөп

Көмір



Топтар сурет, сызба ,тірек сызба т.б.

қалаулары бойынша өз ойларын қағаз бетіне түсіріп қорғайды



Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

13минут

1.Зат есімнің көптік жалғауларын ата. Зат есімге жалғану заңдылығын төмендегі кестеге толтырыңдыр.

Дыбыстар

Көптік жалғаулар

Р,ү, й немесе дауысты дыбыстарға аяқталғанда

-лар, -лер

Қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталғанда

-тар, -тер

Ж, з немесе л,м,н,ң

-дар,-дер

2.Заттың көптігін білдіретін, тек көптік жалғауын жалғау жолымен ғана емес жеке тұрып, заттын көптігін білдіретін зат есімдерді топтап жазыңдар.

Әр қалпақ иесі жұптаса отырып ,жұмыс жасап өз ойларын айтады.

Сын тұрғысынан ойлау,АКТ

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)


Кері байланыс





Үй тапсырмасы


3 минут

«Біздің сынып» атты тақырыпта мәтін құрастырып жазыңдар.Көптік жалғауы қандай сөз таптарына жалғана алатынын және өандай мағына беретінін түсіндіріңдер.

Оқушыларға блоб ағашын ұсыну оның мәнін түсіндіру.Бағалау кестесін оқушыларға толтырту

Оқушылар өз –өздерін бағалау кестесін толтыру арқыы бағалайды. Блоб ағашын бояу арқылы өзінің қалай жұмыс істегенін білдіреді.



7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы



Зат есімнің септелуі

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Септік жалғауы туралы теориялық білім беру. Зат есімнің септелуіне мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Септік жалғауларын меңгереді, сөздерді септей алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

Ой қозғау;

Диалогтік оқыту;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Септік жалғауларының ерекшелігі неде? Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Септік жалғауымен тікелей байланыстығын қалай дәлелдейміз? Септік жалғау зат есімге жалғанғанда құандай мағына үстейді? Атау септік тұлғасы зат есімнің қанадай тұлғасымен сәйкес келеді? Септік жалғаулары буын үндестігіне бағына ма? Зат есім көптік , тәуелдік жалғауы тұлғада тұрып септеле ме?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

Төменде берілген мақал-мәтелдерден зат есімнің қандай септікте тұрғанын түсіндір.

1.Оқу-білім бұлағы,

Білім өмір шырағы.( А.с)

2.Білімдінің алды –жарық,

Білімсіздің күні –ғаріп.(І.с)

3. Өнерліге өлім жоқ,

Жалқауға жарық жоқ. (Б.с)



Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

Берілген сөзді жеті септікте септе.

Атау с. Оқушы, мектеп.

... .... ...

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс, септікрінің жалғауында қандай айырмашылық бар екенін септеу арқылы көрсет. Үлгі:

Жай септеу Тәуелді септеу

Б.с. гүлге Б.с. гүліме

Т.с. гүлімді Т.с. гүлін

Ж.с. гүлде ж.с. гүлінде

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Септік жалғауларының мағыналары мен қызметтері туралы өз ойларынды жинақта.

Септіктер

Септік жалғау зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді

Атау септік

Арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі және туынды түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Кейцде көптік және тәуелдік жалғау тұлғаларында да тұрады. Атау тұлғада зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.

Ілік септік

Меншіктілікті ,бір затқа тән екендігін көрсетеді. Ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданады. Ілік септегі сөз иеленуші зат( я адам) болады. Тәуелдік жалғауы соның меншігі.

Барыс септік

Жанам а объектіні және қимылдың іс-әрекеттің кімге? Неге? бағытталғанын кейде мақсатын білдіреді. Барыс септіктегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап берсе толықтауыш болады. Қайда? Неге? деген сұраққа жауап берсе пысықтауыш болады.

Табыс септік

Тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш болады. Табыс септік жасрын, ашық түрде де қолдана береді.(Кітапты алды, кітап алды)

Жатыс септік

Қимылдың іс-әрекеттің болу орнын , мекенін кейде мезгілін, көлемін білдіреді. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Жатыс септігі сөйлемнің баяндауышы да бола алады.(Қызым үйде, қылығы түзде)

Шығыс септік

Қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан, шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады.

Көмектес септік

Іс-әрекеттің, қимылдың немен,қандай құралмен , амалын ,қалай істелгенін және қимылғы ортақтықты білдіріп , сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Көмектес септік жалғауының өзіндік ерекшелігі үндестік заңына бағынбайды. Себебі,(-мен,-бен,-пен) жалғауларының жуан қатары жоқ




Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс




Үй тапсырмасы


10 минут

«Табиғат- сенің өз үйің» атты тақырыпта ойтолғау жазыңдар.











«Бүгінгі сабақтан не үйрендім?»

Қорытындылау Топтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауы. «Бағдаршам» түсі

Топты бағалау кестесін толтыру.



7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы



Зат есімнің жіктелуі

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Зат есімнен алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелу ерекшеліктерін түсіндіру

Күтілетін нәтижелер

Септік жалғауларын меңгереді, сөздерді септей алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

Ой қозғау;

Диалогтік оқыту;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар?Зат есімдердің бәрі жіктеле ме?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

Зат есімнің түрлерін «топтпастыру» стратегиясы арқылы көрсет.

Көптелді Жіктелді



Зат есім

Септелді Тәуелденді

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп,қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше,көпше түрде жіктеңдер.

Өзен,кітап,оқушы,бала,көл,ғарышкер,дала,мұғалім,ел,арман,бүркіт,

заң,заңгер,талап,намыс,дәрігер,қала,ауыл,Астана,сатушы т.б.

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Досың,досыңыз,досы деген сөздердің қандай тұлғада тұрғанын анықтып,оларды жекеше,көпше түрде жіктеңдер.Зат есімнің жіктелуі мен тәуелденуін салыстырып,айырмашылығына талдау жасаңдар.Үлгі:

Жекеше:

I.Мен досыңмен,досыңызбын,досымын

II.

III.

Көпше:

I.Біз досыңбыз,досыңызбыз,досымыз

II

III

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Зат есімнің жіктелуінде қандай ерекшелік бар екенін сызба арқылы көрсет.

Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер

Жіктелмейтін зат есімдер





Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс




Үй тапсырмасы


10 минут

«Туған жер-тұғырың,туған тіл-қыдырың» тақырыбында ойтолғау жазыңдар.



«Екі жұлдыз, бір тілек»

  • Сабақтан қандай әсер алдың?

  • Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар?

  • Тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді?












7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы



Есімдіктердің түрленуі

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Есімдіктердің түрленуі туралы кең көлемде мағұлматтар беріп, кейбір ернекшеліктерін түсіндіру. Әр түрлі жаттығулар арқылы оқушылардың тілдік білімін дамыту.

Күтілетін нәтижелер

Есімдіктердің түрленуінен мағұлмат алып, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Есімдік дегеніміз не?

Неге «Орынбасар сөз табы» деп атайды?

Құрамына қарай қалай бөлінеді?

Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Есімдіктің түрлерін атаңдар?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

Есімдіктің түрленуіне топтық тапсырма.

1 топ. Жіктеу және белгісіздік есімдігі.

Жауабы: Жіктеу есімдігі септеледі, тәуелденеді, көптеледі, жіктелмейді. Белгісіздік есімдігіне ешбір жалғау жалғанбайды.

2 топ. Сілтеу және болымсыздық есімдігі.

Жауабы: Сілтеу есімдігі септеледі, тәуелденеді,көптеледі, жіктелмейді. Болымсыздық есімдігіне ешбір жалғау жалғанбайды

3 топ. Сұрау және жалпылау есімдігі.

Жауабы: Сұрау есімдігі септеледі, жіктеледі, тәуелденеді, көптеледі. Жалпылау есімдігіне есімдігіне ешбір жалғау жалғанбайды.


Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

1.Өздік есімдігін «өз» сөзін септеп, жіктеп, тәуелдеп, қалай көптелетіндігіне талдау жасаңдар.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.

2.Төмендегі берілген сұрау есімдігін қатыстырып, сөйлем құраңдар.

Кімнің, қайсымыз, нешеуі, кімдермен, нешеуден, кімсіздер, қандаймыз. Үлгі: Сен кімнің баласысың?

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

1.Өздік есімдігін тауып, олардың қалай түрлнеіп тұрғанын анықта

Өзім –түбірі өз, -ім тәуелдік жалғауыж. І жағы

Өзіме-түбірі өз -, -ім тәуелдік ж. жағы –е барыс септігі

Өзіммін –түбірі өз, -ім тәуелдік жалғауы І жағы , мін жіктік жалғау. І жағы

2.Сұрау есімдігі қалай түрленеді?

3.Қайсы сұрау есімдігін септе және ондағы өзгешелікті түсіндір.


Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

1.Есімдік түрлерін топтастыр.

Мен,сол,осынау,нешеу.Біз,сіздер,қанша.Сіз,ол,барлық,өз,қайсы.

Сендер,қайдан,кім,не,сен,бұл,анау,нешеумін,кіміміз,олар т.б.

Жіктеу

Сұрау

Сілтеу




2.Есімдіктердің түрленуін кесте бойынша «жоқ» «ия» сөздері арқылы белгіле.

Есімдіктер

Септеледі

жіктеледі

тәуелденеді

Көптеледі

жіктеу

иә

иә

жоқ

Иә

Сілтеу

иә

жоқ

иә

иә

сұрау

иә

иә

иә

иә

Өздік

иә

иә

иә

иә

Белгісіздік

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Болымсыздық

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Жалпылау

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ



Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс












Үй тапсырмасы


10 минут

«Адам, сен де бір жердің перзентісің» деген тақырыпқа ойтолғау жазыңдар.

white thinking hat- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Біз не білдік?

red thinking hat- Сабақтан қандай әсер алдым?

yellow thinking hat- Маған не ұнады? Менің өзіме ұнаған әрекетім қандай?

green thinking hat- Қандай ұсыныс айтар едің?

six thinking hats- Қандай кемшілік болды? Бізге не қиындық тудырды? Мен нені

істей алмадым?

blue thinking hat- Біз неге қол жеткіздік? Әрі қарай не істеуге болады?



-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.

7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы



Етістіктің шақтарын қайталау

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Етістіктің шақтары бойынша алған білімдерін пысықтап қайталау, іс жүзінде қолдана білу.

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің шақтарын біледі, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

1 топ. Етістіктің швақтары дегенді қалай түсінесіңдер?

Осы шақ деген не?

Келер шақтың қандай түрлері бар?

Бұрынғы қткен шақ қалай жасалады?

2 топ. Шақтың қандай түрлері бар?

Нақ осы шақ қалай жасалады?

Келер шақ деген не?

Мақсатты келер шақ қалай жасалады?

Өткен шақтың қандай түрлері бар?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

«Топтастыру» стратегиясы арқылы етістіктің шақтарына талдау жасау.

Етістіктің шақтары

Осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

1.Нақ осы шақ

2Ауыспалы осы шақ


1Мақсатты келер шақ

2Болжалды келер

шақ

3Ауыспалы келер шақ


1Жедел өткен шақ

2Бұрынғы өткен шақ

3Ауыспалы өткен шақ



Венн диаграммасы арқылы осы шақ пен келер шақты,өткен шақ пен келер шақты салылтыра отырып,ортақ ерекшеліктерін табу.

1топ:Үлгі:









Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

1Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жаса:

Оқы,шаш,қайт.

2Ауыспалы өткен шақтың жіктелу үлгісін көрсет:

Көретін.

3.Күрделі осы шақтың жіктелу үлгісін көрсет:

Ойнап жүр.

4.Берілген етістікті көпше түрде жіктеп, сөйлем құра:

Жазар.

5.Етістікті келер шақ жасап,сөйлем құра:Бар



Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)



  1. минут

.1топ:Үлгі:

Венн диаграммасы арқылы осы шақ пен келер шақты,өткен шақ пен келер шақты салылтыра отырып,ортақ ерекшеліктерін табу.

Осы шақ

Ортақ белгісі

Келер шақ

1.Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта болуын білдіреді.

2.Екі түрі бар:Нақ осы шақ,ауыспалы осы шақ.











1.Екеуі де етістіктің шақтары.

2.Екеуінің де ауыспалы келер шақ та,осы шақ та көсемшенің –а,-е,-й жұрнақтарының жіктелуі арқылы жасалады.

1.Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіреді.

2.Үш түрі бар:Болжалды,мақсатты,ауыспалы келер шақ.



2 топ:









Өткен шақ

Ортақ белгісі

Келер шақ



Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Төмендегі берілген етістіктен етістіктің үш шақ түрін жаса.



Бер

Бер

Бер

Беріп тұр

Берді

Берген

Беріпті

Беретін еді

Бермек

Берер

Бермес

Береді

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс



Үй тапсырмасы


10 минут

«Аққу-құстың төресі» деген тақырыпта ойтолғау жаз.

white thinking hat- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Біз не білдік?

red thinking hat- Сабақтан қандай әсер алдым?

yellow thinking hat- Маған не ұнады? Менің өзіме ұнаған әрекетім қандай?

green thinking hat- Қандай ұсыныс айтар едің?

six thinking hats- Қандай кемшілік болды? Бізге не қиындық тудырды? Мен нені істей алмадым?

blue thinking hat- Біз неге қол жеткіздік? Әрі қарай не істеуге болады?



-Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өздеріне ұнаған екі әрекеттері туралы ойларын және бір ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.







7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы



Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Етістік,оның шақтары туралы білімдерін кеңейту,жақтық мағынаны білдіретінетістіктердің морфологиялық құрылымын меңгерту

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің шақтарын біледі, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі



Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесің?

Етістіктің шақтары қалай жасалады?

Шақтың қандай түрлері бар?

Осы шақ дегеніміз не?Оның қандай түрлері бар?

Келер шақ дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

Өткен шақ дегеніміз не?Өткен шақ мағынасы мен жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді.

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

Кестедегі берілген ереже мен мысал етістіктің қай шақтарына сәйкес екенін айт.






Шақ

категориясы

Үнемі қайталанатын дағдыға айналған іс-қимыл,сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл іс-әрекет

Жас ұлан кітап оқып отыр.

Сөйлеп турған сәттен бұрын болып кеткен қимыл іс-әрекет.

Азамат домбыра тартты.

Сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған,бірақ кейін болуға тиіс іс-әрекет.

Ол мектепке ерте бармақ.

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

Оқулықпен жұмыс.

1 топ: Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр,тұр,жатыр,жүр деген етістіктерді жікте.III жақтың жіктелу ерекшелігін айт.

2 топ:Етістіктің болымды:болымсыз түрінен жасалған болжалды келер шақта жікте.

3 топ:Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағын қосу арқылы жікте.Үшінші жақтың ерекшелігін айт.

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Морфологиялық сатылай кешенді талдау.

1.Тілін білмеген,түбін білмейді(Ғ.Мүсірепов).

Білмейді. Етістік.Қайтеді?Дара.Болымсыз.

Сабақты.Ауыспалы келер шақ.Сөйлемдегі қызметі-баяндауыш.

2.Желтоқсан құрбандарының есімі мәңгі жадымызда сақталады.

Сақталады.Етістік.Қайтеді?Дара.Болымды.Салт.Ауыспалы келер шақ.





Етістіктің шақтары бойынша алған біліміңді жинақта.

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Төмендегі берілген етістіктен етістіктің үш шақ түрін жаса.

Етістік шақтарының жасалуы.

Шақтық мағынаны білдіретін етістіктер үш жақтың бірінде жіктеліп келеді.

Жіктік жалғау күрделі етістіктердің құрамында көмекші етістікке жалғанады.

Етістіктің шақтары есімше,көсемше тұлғалары мен етістік түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті,-мақ,-бақ,-пақ,-мек,-бек,-пек жұрнақтары арқылы жасалады.

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс



Үй тапсырмасы


10 минут

Етістіктің шақ түрлеріне байланысты етістіктерді қатыстырып шағын мәтін жазу.





Смайликтер арқылы

Сабақты жақсы түсіндің бе ?

Топта неше рет жауап бердің ?

Сабақта қандай қиыншылықтар болды ?

Сабақтағы көңіл күйім?


7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.



Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы



Етістіктің райлары

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Етістіктің рай категориясының түрленуін меңгерту.Рай категориясының түрлерін орнымен қолдана алу,ажырата білу.

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің райларын біледі, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ



Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;



Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.



Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі





Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Етістіктің райлары дегеніміз не?

Етістіктің райларының қандай түрлері бар?

Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?

Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?

Шартты райдың мағыналары,қандай және қалай жасалады?

Қалау рай дегеніміз не?

Қалау рай қандай жолдармен жасалады.

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

Берілген кестеге етістіктің райлары туралы түсінігіңді жаз.









Рай категориясы

Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын,айтушының пікірін,көзқарасын білдіріп,белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. «Рай» деген сөз беталыс,бағыт,,жөні деген сөздерге мәні жуықтайды.





Ашық рай

Үш шақтың бірінде қолданылып,сөйлеушінің шындыққа қатысын баяндайтын етістік түрі.





Бұйрық рай

Бір жаққа (көбінесе II жаққа) қаратылып қимылдың,іс-әректтің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі.





Шартты рай

Қимылдың,іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп,-са,-се жұрнақтары арқылы етістіктің рай түрі.





Қалау рай

Іс иесінің қимылды,іс-әрекетті қалауын,соған ынтасын,ниетін білдіреді де,-ғы,-гі,-қы,-кі+кел;-са,-се+игі еді;-ғай,-гей,-қай,-кей жұрнақтары арқылы жасалады.

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

1.Ашық райлы етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.Айтты,оқытты,тыңдар,жазып отырмыз,барған,жазған.

Үлгі:Атасы өсиет айтты.Ол ертегіні қызыға оқыпты.Барлық әңгімеге құлақ сала тыңдар еді.Біз қызықты әңгіме жазып отырмыз.Ол атасының ауылына ерте барған.Абай көп өлеңдер жазған.

2.Ашық райлы етістіктер қай шақта тұр?

Отанын сүйетін азамат.Әркім өз ойымен отыр.Түнделетіп келе жатты.

ҮлгіОтанын сүйетін-ауыспалы өткен шақ.Ойымен отыр-нақ осы шақ.Келе жатты-ауыспалы осы шақ.

3.Шартты райға байланысты мысал келтір.

Үлгі:Өлең айтса керек.Оның оқуы ертерек бітсе керек.

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)



  1. минут

Венн диаграммасы арқылы қалау рай мен ашық райды,бұйрық рай мен шартты райды салыстыру.



Қалау рай

Ортақ белгісі

Ашық рай



1.Негізгі не туынды,болымсыз етістік тұлғасына-ға,-гі, шартты рай тұлғасы –са,-се,игі еді,-ғай,-гей жұрнақтары арқылы жасалады.









Екеуі де етістікке тән,етістік райлары.



















1.Үш шақтың бірінде қолданып,сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы







Бұйрық рай

Ортақ белгісі

Шартты рай



1.Іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіреді.

2.Көбінесе II жаққа қаратып айтылады.

Екеуі де етістікке тән,етістік райлары.

1.Қимылдың іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіреді.

2. –са,-се жұрнақтары арқылы жасалады.



Етістіктің райлары бойынша алған біліміңді жинақта.















10

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардан етістіктің рай түрлерін тап.







I





Мақал-мәтел

Жұмбақ







1.Түстік өмірің болса,

Кештік мал жина.

2.Хан уәзірі білгіш болса,

Қара жерден кеме жүргізер.

3.Адамды түсіне қарап таныма,

Ісіне қарап таны.

4.Ат арыса-тулақ,

Ер арыса-әруақ.

5.Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі.

6.уайым түбі теңіз,

Батасың да кетесің,

Тәуекел түбі жел қайық,

Мінесін де өтесің.

7.Не ексең,соны орасын.

8.Мезгілі жетсе,мұз ерір.

1.Ти десе тимейді,

Тиме десе тиеді. (Ерін)

2.Қарап тұрсаң өзіне

Сурет түсер көзіңе

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі өзіңе. (Айна)

3.Белі бүкір,алысқа түкір(.Мылтық)

4.Қызыл түлкі шық десе, Інінен шықпайды.(тіл)





Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)












Кері байланыс



Үй тапсырмасы


10 минут

Ашық рай

«Топтастыру» стратегиясы бойынша етістіктің райларын сызба арқылы көрсет.







Етістіктің райлары.



Қалау рай

Бұйрық рай













Шартты рай









Кері байланыс орнату . Кесте толтырту

Не білдім?,не білгім келеді ?, мұғалімге ұсыныстар.











10



7- сынып. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сөздердің байланысу тәсілдері

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Сөз тіркесіне байланысты оқушылардың білімдерін тиянақтап нығайту.Теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.Сөздердің байланысу тәсілдерін сызба арқылы түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің байланысу тәсілдерін біледі, ажырата алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі



Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Синтаксис дегеніміз не?

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Басыңқы сөз қай сөз табынан болуына байланысты сөз тіркесі қаншаға бөлінеді.

Сөз тіркесі неше сыңардан тұрады?

Сөз тіркесіндегі сөздердің байланысуының неше тәсілі бар?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут



Сөздердің байланысу тәсілдерін мысалдар келтіре отырып,кестеге толтыр.


Байланысу тәсілдері

Мысалдар

1.Жалғаулар арқылы.

Терезеден айдың сәулесі түсті.

2Шылаулар арқылы.

Біз бейбітшілік үшін күресеміз.

3.Орын тәртібі арқылы.

Омар бүгін келді.

Бүгін Омар келді.

4.Интонация арқылы.

Бұл-жігіт.

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

Берілген мақал-мәтелдерді жалғау арқылы байланыстыр.

Мақал-сөз...ата....

Білекті бір... жығар,

Білімді мың... жығар.

Қына тас...бітеді,

Білім бас... бітеді.

Жақсы... үйрен,жаман... жирен.

Тілсіз ой... толмай...(II жақ)

Ойсыз білім болмй...(III жақ)

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Сөздердің байланысу тәсілдерін есіңе түсіріп,мысалдармен жазыңдар.Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін салыстырыңдар.

Жалғау арқылы

Шылау арқылы

Орын тәртібі арқылы

Интонация арқылы





Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Сөздердің байланысу тәсілдерінен алған біліміңді сызба арқылы жинақта.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Ереже

Мысал

Түсініктемесі

Жалғаулар арқылы.

Сөйлеммдегі сөздер жіктік,септік және тәуелдік жалғаулары мен байланысады.

Мен оқушымын Бала-ға берді.

Үйдің есіг

Мен сөзі оқушы сөзі-мын жіктік жалғауымен байланысқан.Бала мен бер сөздері- ға септік жалғауымен байланысқан.

Шылау арқылы

Сөйлемдегі сөздер жалғаулық,септеулік шылаулар арқылы байланысады.

Біз сабақ туралы сөйлестік.Отан үшін отқа түс.

Сабақ және сөйлеу сөздері туралы септеулік шылаумен байланысқан

Орын тәртібі арқылы

Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.

Алыс жер,атақты адам.

Алыс сөзі мен жер сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы байланысқан.

Дауыс ырғағы арқылы

Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғаағы(интонация)арқылы байланысады.

Бұл-біздің ауылдың шамдары.

Асан- белгілі ақын.

Бұл деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып,өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)

Кері байланыс



Үй тапсырмасы


10 минут

«Менің сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта ойтолғау жаз.















Мұғалім оқушыларға смайлик, кері байланыс парағын таратып береді.






Сабақ жоспары. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сөздердің байланысу түрлері

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарына түсінік бере отырып,бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру,ерекшеліктерін меңгерту.Сызба,кесте арқылы сөздердің байланысу түрлерін түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Етістіктің байланысу түрлерін біледі, талдай алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі



Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Сөздердің қандай байланысу түрлері бар.

Қиысу дегеніміз не?

Қандай тәсілдер арқылы сөздер қиыса байланысады?

Қиысу қандай сөйлем мүшелерінің арасында болады?

Матасу дегеніміз не,матасудың байланысу түрі қандай?

Қиысу мен матасудағы жақтық байланыстың ерекшеліктері қандай?

Меңгерудің байланыс түрі қандай?

Қабысудың байланыс түрі қандай?

Жанасудың байланыс түрі қандай?

Жанасудың қабысудан ерекшелігі неде?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)










6 минут

Кесте үлгісімен сөз тіркесінің байланысу түрлеріне мысал арқылы түсінік беріңдер.

Байланысу түрлері

Байланысу жолдары..

Түсініктемесі.

Қиысу

Жіктік жалғаулы байланыс

Қиысу сөз байланысының бір түрі,әрі сөйлем болып саналады.Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақ жағынан байланыс.

Матасу

Тәуелдік жалғаулы байланыс.

Бағыныңғы сыңар ілік септік жалғауы,басыңғы сыңар тәуелдік жалғауы.

Меңгеру

Сабақты,салт,етістікті байланыс

Сөздердің барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі.

Қабысу

Орны ауыстырылмайтын байланыс

Сөздердің ешбір жалғаусыз,орын тәртібі жағынан қатар тұру арқылы байланысқан түрі.

Жанасу

Үстеулі,шылаулы байланыс

Сөздердің ешбір жалғаусыз,орын тәртібі жағынан үргелес түрып та,алшақ тұрып та байланысқан түрі.

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау)

6 минут

Берілген кестеге сөздердің байланысу түрлеріне мысал ойлап жаз.

Сөздердің байланысу түрлері

Мысал

Қиысу

Мен көрдім ұзын қайын құлағанын.(Абай)

Матасу

Достық деген адамның көрігі екен,

Достық деген адамнын серігі екен.(Мұқағали)

Меңгеру

Асқар белден күн нұры шашырады

Шашырап ол да көлге бас ұрады.(Мұқағали)

Қабысу

Сұрғылт тұман дым бүркіп...(Абай)

Жанасу

Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр.(М.Әуезов)

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)


  1. минут

Сөздердің байланысу түрлерінен сөз тіркесін жаса

Тіркесу түрлері

Мысал

Матасу тіркесін жаса

Жемісі,озаты,малы,ағасы,кітабы,

Меңгеру тіркесін жаса

Шығу,түсті,жазды,дайындалды,бару

Қабысу тіркесін жаса

Айдын шалғар,асқар,көркейген,жиналған,кең пейілді,көк орай.


Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Сөздерді байланысу тәсілдеріне қарай топта

Сөздердің байланысу түрлері

Мысал

Қисыу

Мен сөйлеймін.Біз жаздық.Айгүл күлді.Оқушылар келіпті.Ол сөйледі.Бізер қыдырдық.Сен келдің.

Матасу

Сенің досың.Менің кітабым.Жасұланның анасы.Әжесінің немересі.Атамның ауылы.Теніздің жағасы.Сіздің оқушыныз.Көкемнін ақылы.

Меңгеру

Кітапты алды.Үйге келді.Мектепте отырмын.Терезені сүртті.Әкеммен сөйлестім.Мектептен келдім.

Қабысу

Үлкен терезе.Жиырма бес бала.Бұл үй.Жетінші сынып.Орындалған арман.Алтын сағат.Бақытты балалық шақ.

Жанасу

Үйге қарай жүгірме.Әдейі келу.Қасақана айту.Шапшаң қимылдау.Көпір арқылы өту.Білу үшін оқу.Дереу жеткізу.

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)















Кері байланыс



Үй тапсырмасы


«Топтастыру» стратегиясы бойынша сөздердің байланысу түрлерін көрсету.



Қиысу









Матасу

Қабысу

Сөздердің байланысу түрлері.

Меңгеру























Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер






















Сабақ жоспары. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сөз тіркесі туралы түсінік

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Сөз тіркестері туралы түсініктерін сызба, жаттығу жұмыстары арқылы түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Сөз тіркестерін біледі, мәтіннен таба алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.








Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Сөз тіркесі дегеніміз не?

Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата.

Сөз тіркестері неше сыңардан тұрады?

Сөз тіркесінің сыңарлары қалай аталады?

Сөз тіркестері құрамындағы сөздер бір-бірімен қалай байланысады?

Сөз тіркесі, тұрақты тіркес және күрделі сөздердің бір-бірінен айырмашылығы.

Сөз тіркесінің түрлері қалай жасалады?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)






6 минут

1 топ. Сөз тіркесінің ережесі мен айрықша белгілерін сызба арқылы көрсет.

Сөз тіркесі

Ережесі

Айрықша белгілері

Кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

  1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.

  2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағынып сабақтаса байланысады.

  3. Зат құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.








2 топ. Сөз тіркесі құрамын сызба арқылы көрсет

Сөз тіркесі

Бағыныңқы сөз

Басыңқы сөз

Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралап сипат беретін бірінші сөз

Сөз тіркесін жасауға тірек екінші сөз.





Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау

6 минут

  1. Төмендегі берілген сөздерді кестеге топтастырып жазыңдар.

Қара торы,кетіп қалды, үйде қалды, жұмған аузын ашпау, он сегіз, мөлдір су,көпір арқылы, зыр жүгіру, жолдан өту, селт етпеу, күзге қарай, ит өлген жерден келді, тізе бүкті, көз салды, сурет салды, кешке қарай, ала қой, кіші балам, қола табақ, жиырма екі , селк етті.

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркес

Күрделі сөздер




2.Сөз тіркестерінің ішінде әрі күрделі сөз , әрі тұрақты тіркес болатын сөздер кестесін жазыңдар.

Сөз тіркесіндегі күрделі сөз

Суық торғайдың үні

Алыстағыны жақсы көреді

Дүкеннен ойыншық көрді

Иіліп тізе бүкті

Ұйықтағанда тісін қайрайды





Сөз тіркесіндегі тұрақты тіркес

Суық сөз тарады

Оқуды жақсы көреді

Қызды ойыншық көреді

Жауы тізе бүкті

Оған тісін қайрады





Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)



8 минут

Сөйлемдегі сөз тіркестерін теріп алып, сөз тіркестері түріне қарай талдау жасаңдар.

Жақсы бала жеткізеді мұратқа

Жаман бала қалдырады мұратқа (мақал)

2.Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырады.

Үлгі:

Сөз тіркесі

Тіркес түрінің жасалуы

Жақсы бала жеткізеді мұратқа


Күрделі тіркес, еркін тіркес, етістікті тіркес

Жақсы бала

Жай тіркес, еркін тіркес, есімді тіркес

Мұратқа жеткізеді

Жай тіркес, еркін тіркес, есімді тіркес

Жаман бала жеткізеді

Күрделі тіркес, еркін тіркес, етістікті тіркес

Жаман бала

Жай тіркес, еркін тіркес, есімді тіркес

Ұятқа қалдырады

Жай тіркес, еркін тіркес, етістікті тіркес



Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Есімді тіркесі мен етістікті сөз тіркесінің түрлеріне тән белгілерін кестеге толтыр.

Түрі

Есімді тіркес

Ережесі

Басыңқы сыңыры есім сөзден болған сөз тіркесі

Мысалы

Бағыныңқы сөз

Жаңа

Айтуға

Оқуға

Басыңқы сөз

Киім

Құмар

ыңғайлы


Түрі

Етістікті тіркес

Ережесі

Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі

мысалы

Бағыныңқы сөз

Жел

Сабақ

үйге

Басыңқы сөз

Соқты

Аяқталды

келген



Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)



10 минут

Сөз тіркесінің құрамын « топтастыру»стратегиясы бойынша көрсет.

Жай тіркес





Күрделі тіркес

Сөз тіркесінің құрамы

ің құрамы

Есімді тіркес











Етістікті тіркес









Кері байланыс





Не білдім?,не білгім келеді ?, мұғалімге ұсыныстар.



Үй тапсырмасы






Сабақ жоспары. Мұғалім: Балқыбекова Ш.Ж.


Күні

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

Сөз тіркесінің құрылысы

Сілтеме

7-сынып Қазақ тілі

Жалпы мақсаты

Сөз тіркестерінің құрллысын тірек сызбалар арқылы түсіндіру,жаттығыу жұмыстарын орындату.

Күтілетін нәтижелер

Сөз тіркестерін біледі, мәтіннен таба алады.

Сабақ түрі

Аралас сабақ


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Топтастыру стратегиясы (кластер қорғату) Блум таксономиясы

АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, , постер, маркер, стикер т.б.




Сабақ барысы: Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Блум таксономиясына сәйкес тапсырманың деңгейі

Оқу тапсырмалары

Білу (Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)

5 минут

Сөз тіркесінің құрлысы қалай айқындалады?

Матаса байланысқан сөз тіркестері дегеніміз не?

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері дегеніміз не?

Қабыса байланысқан сөз тіркестері дегеніміз не?

Жанаса байланысқан сөз тіркестері дегеніміз не?

Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар дегеніміз не?Неше түрге бөлінеді?

Түсіну (Неге? Неліктен? Не үшін?)







Байланысу түрлеріне қарай сөз тіркесінің құрлысын сызбы арқылы көрсет.



6 минут

Сөз тіркесінің құрлысы





Матаса байланысқан сөз тіркестері







Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері

Қабыса байланысқан сөз тіркестері

Жанаса байланысқан сөз тіркестері





Матасу

Меңгеру

Қабысу

Жанасу





Халықтың еңбегі Жасұланның кітабы Оның үйі







Үйге кетті Оқудан келді Біреуден білді Есікті ашты

Алтын сақина Алғашқы айла Екі дос

Әрең сөйледі Төмен қарады Биыл келді Тез жүгірді

Қолдану

(Оқулықта берілген жаттығу бойынша жұмыс жасау

6 минут

1 топ.Матаса байланысқан сөз тіркесінің құрлысын жаса.





Жасалу жолдары

Мысалдар





Зат.е.+іл.сеп.зат.е.+тәу.ж.

Қасымның өлеңі





Есімд.+іл.сеп.зат.е.

Біздің ауыл.





Зат.е. зат.е+тәу.ж.

Қазақстан қаласы.





2 топ.Меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің құрылысын жаса.





Жасалу жолдары

Мысалдар





Зат.е.+бар.с.ет.

Сабаққа дайындалу





Зат.е.+таб.с.ет.

Зат.е.+(таб.с.жасырын)ет.

Кітапты оқу

Гүл алу





Зат.е.+жат.с.ет.

Астанада оқу





Зат.е.+шығ.с.ет.

Зат.е.+шығ.с.сын.

Қалада қайту.

Үйден қашық.





Зат.е.+көм.с.ет.

Ойыншықпен ойнау





3 топ.Қатыса байланысқан сөз тіркесінің құрлысын жаса.





Жасалу жолдары

Мысалдар





Сын.зат.

Үлгілі оқушы





Есімд.зат.

Бұл хабар.





Сан.зат.

Он жыл.





Есімш.зат.

Ақталған сенім





Сын.ет.

Жауапты сөйлеу





Сан.ет.

Екі айту





Елікт.ет.

Сарт-сұрт соғу

Талдау (Салыстыр айырмашылығы неде?)



8 минут

Венн диаграммасы арқылы матасу мен меңгерудің,жанасу мен қабусдың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр.







Матасу

Ортақ белгісі

Меңгеру





1.Ілік септік пен тәуелдік жалғауы арқылы жасалады.2.Есімді сөз тіркесі.

1.Екекуі де сөздердің байланысу түрлері.2.Екеуі де сөз тіркесі арқылы жасалады.

1.Барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы жасалады.2.Есімді меңгеру,етістікті меңгеру





Жанасу

Ортақ белгісі

Қабысу





1.Орын тәртібі,іргелес тұру,алшақ тұру арқылы байланысқан сөз тіркестері.2.Етістікті сөз тіркесі.

1.Екеуі де сөздердің байланысу түрлері.2.Екеуі де сөз тіркесі арқылы жасалады.

1.Орын тәртібі жағынан қатар тұрады.2.Есімді қабысу,етістікті қабысу.

Жинақтау (Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

10 минут

Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастарды тірек сызба арқылы көрсет.




Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар.




Анықтауыштық қатынас

Толықтауыштық қатынас

Пысықтауыштық қатынас




1.Матаса,қабыса байланысқан сөз тіркестерге тән.

2.Басыңқы сөзден бағыныңғы сөзге кімнің?ненің?қандай?қай?қанша?неше?қайдағы?қашанғы? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

1.Меңгеру юайланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән.

2.Басыңқы сөзден бағыныңғы сөзге кімге?неге?кімді?нені?кімде?неде?кімнен?неден?кіммен?немен? деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

1.Меңгеру,қабысу,жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән.

2.Басыңқы сөзден бағыныңғы сөзге қайда?қашан?қайтіп?Қалай?т.б. деген сұрақтар қою арқылы анықталады.

Бағалау (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)





Матаса байланысқан сөз тіркестері.

10 минут

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.

Сөз тіркесінің құрлысын «топтастыру» стратегиясы бойынша көрсет.







Жанаса байланысқан сөз тіркестері

Сөз тіркесінің құрлысы

Қабыса байланысқан сөз тіркестері

Үй тапсырмасы










Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 22.09.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров266
Номер материала ДВ-003137
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх