Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Краткосрочное планирование открытого урока по казахскому языку на тему "Телевидение" в 9 классе

Краткосрочное планирование открытого урока по казахскому языку на тему "Телевидение" в 9 классе


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы, пәні: 9-с., қазақ тілі

Күні:14.03.14 ж.


Сабақтың тақырыбы

Телевидение.


Мақсаты

Оқушыларға «телевидение» туралы мағлұмат беру, салалас құмалас сөйлемнің түрлерін қайталау.


Күтілетін нәтижелер



Қазақ телевидение туралы біледі, білгенін өзалдына еркін әңгімелей алады, белсенді сөздік қорларын ауызекі, жазба тілде қолданады, Оқушылар өз ойын жүйелі айта біледі.


Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, слайдтар, тест,кеспе суреттер,тірек-сызба


Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, жұптық жұмыс: жаңа білімді меңгерту;: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, бағалау стратегиялары.


Сабақ барысы:


Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті


Кіріспе





















1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

«Қазақ тілі – ана тілі шешемнің,

Дана тілі Бөлтіріктей шешеннің.

Бай мұрасы Абай, Ахмет, Мұхтардың,

Алдаспаны Әлихандай көсемнің», - деп жырлаған ақын айтпақшы, міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын-жазушылардың тілі, туған тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.

2. Психологиялық сәт.

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Міне, менің қолым,

Жылуыма жылу қос,

Көтерілді көңіл хош!

3. Жұптарға бөлу. Кеспе арқылы топқа бөліну. Қыз Жібек пен Төлеген. Тайбұрыл мен Қобыланды. Мақта қыз бен мысық. Алдар Көсе мен бай. Еңлік пен Кебек. Абай мен Тоғжан. Ләйлі мен Мәжнүн.

Амандасу. Бүгінгі сабағымызда өздеріміз бұрын алған білімімізді іс жүзінде қалай қолдана алатынымызды көрсетейік. Ол үшін жинақы, менің сұрағыма, жолдастарыңыздың жауабына мұқият болып, ойларыңызды еркін, жүйелі айту керектігін естеріңізге саламын. Ендеше, іске сәт, сіздерге табыс тілеймін! Сабағымызды бастайық.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Мұғалім: — сабақтың мақсаты: «телевидение"лексикалық тақырыбын меңгеру, салас құмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрену, тіл байлығымызды дамыту.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың баяндамалары.



Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын баяндап, сабаққа қатыспай отырған оқушыларды атап шығады.





Оқушылар интербелсенді тақта арқылы көрсетілген өлең шумақтарын қосылып бірге оқиды.
































Тұсаукесер




Миға шабуыл

    1. Мерзімдік басылымға не жатады?

    2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?

    3. Оқып тұрасыңдар ма?

    4. Сенің сүйікті газетің қандай?

    5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?

    6. Газетті қай тілде оқисыңдар?

    7. Республикамызда ең танымал қандай газет деп ойлайсыңдар?

    8. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?

    9. Салалас құрмалас сөйлем оның түрлері




Оқушылар сұрақтарға жауап береді




















Негізгі бөлім




1. Жаңа сабақты меңгеру. Сөздікпен жұмыс.

Сөздік:

өтпелі – переходный

бастан кешіру – проходить

өзгерістер – изменения

кезең – этап

орнына – вместо

саты – уровень

сандық – цифровой

үрдіс - процесс

Мәтінмен жұмыс.

Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ-қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарларды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Телехабарды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану үрдісі пайда боды. Сонымен бірге жаңадан жер серігі және кабельдік телевидение жүсеге асуда. Бұл да үлкен жетістік. Қоғамдық телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік-танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

А деңгейі Дұрыс-бұрыстығын анықтау.

В деңгейі Жуан жіңішке сұрақтарын құрастыру

С деңгейі мазмұнын айту.

Әр топқа сөйлемдерді беріп синтаксистік талдау жасатқызамын.

Хронологиялық кесте жасау.

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

1. Кинескопты теледидарлардың орнын кристалды, плазмалы теледидарлар басты.

2. Сұйық кристалды теледидарлар – теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

3. Мен дүкенге теледидар сатып алуға бардым.

4. Қазіргі теледидарлар әдемі, үлкен, жіңішке болып келеді.

5. Телевидениенің әр түрлі бағдарламалары бар.

Берілген салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтарын дұрыс қой.

1. Теледидардың пайдасы ... бар, зияны ... бар (және, да, өйткені).

2. Теледидарды 2-3 метр қашықтықта қарау керек, ... көзге зиянды (те, немесе, өйткені)

3. Алма теледидар сатып алды, ... оған көңілі толмады (бірақ, де, және).

4. Мен телевидениеде жұмыс істедім, ... радиода істедім (алайда, біресе).

5. Сендер теледидар көріңдер, ... далаға шығыңдар (немесе, сонда да) .

6. Қазіргі балалар бос уақытында теледидар көреді, ... компьютерде ойнайды (бірақ, болмаса).

7. Телевидениеде балаларға арналған бағдарламалар бар, ... кейбіреулері қызықсыз болады (сондықтан, те, бірақ).

8. Қоғамдық телевидениеде жаңалық хабарлар беріледі ... білімдік , сөздік –танымдық бағдарламаларда болады (Және, яғни).

9. Мен кинотеатрға бардым ... , үйге келдім (я, немесе, да).

10. Теледидарлар сұйық кристалды болады, ... плазмалы болады (Бірақ, немесе).


Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері.

Жаңа сөздермен сөйлем құру.














Деңгей бойынша тапсырмаларды орындайды.






















Оқушылар талдауды орындайды.












Оқушылар тапсырманы орындайды.






























Оқушылардың дайындаған материалдарын тыңдау.


Қорытынды




Үй тапсырмасы Қазақстанның телевизиясы туралы мәлімет жинау.

Рефлексия.

мен сабаққа… белсенді қатыстым,

аз қатыстым.

-өз жұмысыма… көңілім толды,

көңілім толған жоқ.

-меніңше сабақ … ұзақ болды,

тез бітті.

-мен сабақта… шаршадым,

шаршаған жоқпын.

 



























Телевидение (τήλε - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video — латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio — алыстан көру дегенді білдіреді), телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді радиоэлектронды құрылғылардың көмегімен тарататын техника саласы. Телебейне таратушы түтік және кинескоп электронды телекөрініс жүйесінде 20 ғасырдың 30-жылдарының ортасында пайдаланыла бастады.

----------------------------------------------------------------------------------------------

Қазіргі телекөрініс жүйесінің дамуы кескіннің айқындылығын жоғарылатумен, оралғыға тұрақтылығын (кабельді телекөрініс) және қашықтығын арттырумен (серіктік телекөрініс) байланысты. 20 ғасырдың соңында цифрлы телекөрініс пайда болды. Қазіргі кезде интернет көмегімен интерактивті телекөрініс (“Тапсырысты телекөрініс”) – телекөрермендердің сұранысын орындау (ҚP-теледидары, TVoҚP, VoD) іске асырылды.



Радиохабармен қатар Телевидение – ақпарат таратудың неғұрлым кең қолданатын бұқаралық құралы және ғылыми, ұйымдық, техникалық, басқа да қолданбалы мақсаттарда (мысалы, өнеркәсіп пен көліктегі диспетчерлік бақылауда, ғарыштық және ядролық зерттеулерде, әскери істе, т.б.) пайдаланатын байланыстың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері. 1958 жылы 8 наурыз Алматы телестудиясы эфирде өз жұмысын бастады. Дикторлар көрермендерді екі тілде Қазақ теледидарынын алғашкы беташар қадамымен құттықтады. Соңынан "Үкімет мүшесі" атты көркем фильм көрсетілді. Сол кезенде Алматыда 4 ООО, ал облыстарда 1007 телевизор болды1958 жыл қараша Алматы телестудиясының жанынан кинотүсіру тобы кұрылып, осының көмегімен тұңғыш рет ірі "Бір ауданда" киноочеркі түсірілді.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1959 жылы наурыз айында алғашкы, ұзақтығы 1 сағаи 45 минут толықметражды "Өнер шеберлерінің үлкен концерті" түсірілді. 6 маусым Алматы телестудиясының негізінде Қазакстанның облысы телестудияларын және Қырғыз КСРінің Фрунзе телестудиясын респ. деңгейде телеөнімдермен қамтамасыз ететін база құрылды.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1959 жылы Алматы телестудиясында тұңғыш "жылжымалы телестанса" (ЖТС) іске қосылды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1960 жылы 24 сәуірде Қазақстан КОК-і "Республикада радиохабарлары мен телевидениені одан әрі дамыту туралы" қаулы қабылданды. Ленин алаңынан Бірінші мамыр шеруінен алғашқы трансляция берілді.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1962 жылы 5 маусымда "Республикада радио мен теледидар жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы" қаулы кабылданды. 1964 жылы 1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында Алматыда орыс әдебиеті мен мәдениетінің радиотелевизиялық фестивалі болып өтті.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1965 жылы осы жылдың қараша айында Алматы телеорталығы Орталық телевидениенің бағдарламаларын кабылдауды бастады. 1967 жылы шілде айында Қазақ теледидары Монреальде өткен Бүкілдүниежүзілік "Экспо-67" көрмесіне өз телеөнімдерін алып барды.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1967 жылы қыркүйек Қазақ студиясы көпсериялы көркем-деректі "МЕН Қазақстан" телевизиялық фильмін түсіруді бастады.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1967 жылы 4 қазан Орталық теледидардан "Қазақстан күні" атты мерекелік бағдарлама "Октябрьмен нұрланған" деген ұранмен алғашқы "Орбита" кабылдау стансасы іске қосылды. Республика Орталық теледидардың алғашқы түрлі түсті телехабарларын қабылдауды бастады.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1967 жылы желтоқсан Қазақ теледидарының бағдарламаларын Жамбыл, Ақтобе, Орал облыстарының көрермендері көру мүмкіндігіне ие болды. 1970 жылы ақпан - Қазақ теледидарының бағдарламаларын кабельдік линия арқылы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары көре бастады.


hello_html_416cf1c2.gifhello_html_m609bff3.gif



hello_html_m30bacad0.gifhello_html_m70345343.gif





hello_html_m5718902e.gifhello_html_m6680d20d.gif



hello_html_m1d26a60d.gifhello_html_52f8a19f.gifhello_html_3afe3475.gif





hello_html_m7ca498b6.gifhello_html_791a27b4.gif





hello_html_m704bd619.gif





hello_html_25636d8c.gifhello_html_5bc95bba.gif




Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДБ-007734
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх