Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Күрделі теңдеу" ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Күрделі теңдеу" ашық сабақ

библиотека
материалов

Күні: 25.02.2016ж.

Сынып жетекшісі: Алимбаева Т.М.

Сынып: 2 «Г»

Пән: Математика.

Сабақтың тақырыбы: Күрделі теңдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Теңдеулерді күрделі теңдеуден қарапайым түріне айналдыра отырып, шығарудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау;

Дамытушылық мақсаты: Оқушылпардың шапшан есептеу дағдыларын, геометриялық тапсырмаларды орындай білу дағдыларын дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын,көрнекіліктер, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ізденісті проблемалық жағдаят, синквейн әдісі,математика жайлы суреттер.

Сабақтың көрнекілігі: ақылды тақта, оқулық, видеоролик, үлестірмелі қима қағаздар, медальдар, шарлар, фишкалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар және оқушылар!

Сәлеметсің бе, алтын күн!

Сәлеметсің бе, жер –ана!

Сәлемесің бе, сіз!

Сәлеметпіз біз!

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!



Мұғалім: - Оқушылар көңіл –күйлерін қалай?

  • Олай болса осындай жақсы көңіл – күймен сабақты бастаймыз.

Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, сабақ сайыс түрінде өтеді.

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. «Жүйрік болсаң, озып көр» сайысы

  3. «Сиқырлы есеп» сайысы

  4. «Капитандар жарысы» сайысы

  5. «Білімінді шыңда» сайысы

  6. «Бес саусақ» ойыны

  7. «Логика әлемі» сайысы



  1. кезең: - Олай болса сайысымыздың 1- кезеңі «Таныстыру», әр топ өз топтарының атың және ұранымен таныстырсын.

1- топ: «Ондықтар» тобы , топбасшысы – Динара, ұраны:

- Болашақ білім ғылым тұтқасында 
Мұны әркім, әркез есте ұстасын да.
Заманның компьютердей кезеңінде,
 
Математика тағы тұр көш басында!



2 – топ: «Бірліктер» тобы,топбасшысы – Карина, ұраны:

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп,

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп.

Есепсіз өмір сүру мазмұнсыз – ау,

«Дүниенің бар тұлғасы есеп»- десек!

-Жарайсыңдар! Олай болса жас сайыскерлер мен сендерге шың жүректен сәттілік тілеймін!

Психологиялық дайындық:

-Мынау менің жүрегім,барі осыдар басталған,

Мынау менің басым, барі осы басқарған.

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым

1, 2, 3 біз сабақты бастаймыз!

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.

76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76 76

- Бұл сан қандай сан? Әрине натурал сан. 76 санының құрамы 70 және 6 санынан жасалған екен. Яғни, 7 онд. және 6 бірл. тұрады.

- Жақсы, жарайсыңдар! Енді біз өткен тарауларға шолу жасайық.

2- кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр» сайысы:

1. Натурал сандар қатары неше топқа бөлінеді? (2-ге бөлінеді, жұп сандар 2 санына бөлінетін сандар, тақ сандар- 2 санына бөлінбейтін сандар)

2. Бір таңбалы сандар деп қандай сандарды айтамыз? ( 0 –ден бастап 9 – ға дейінгі сандар)

3. Екі таңбалы сандар деп қандай сандарды айтамыз? ( 10- нан бастап 99 – ға дейінгі сандар)

4. Тіктөртбұрыштың қасиеті қандай? ( тіктөртбұрыштың төрт бұрышы, төрт қабырғасы және қарама – қарсы қабырғалары тең болады)

5. Барлық қабырғалары тең болатын төртбұрышты қалай атаймыз? ( шаршы)

6. Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосып, мәнің табамыз)

7. Қосудың қасиеті қандай? (ауыстырымдылық және терімділік)

-Жарайсыңдар оқушылар!

8. Қосудың компоненттерін ата. ( қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

9. Азайғыштың компоненттерін ата. ( азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

Жаңа сабақ: - Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында математикалық диктант өткізу. Дұрыс жауабын табу арқылы жаңа тақырыптың мақсатын ашу.

Дәптермен жұмыс.

3-кезең. «Сиқырлы есептер» сайысы.

Математикалық диктант:

47-ні 3-ке арттыр. (50) К

90-ды 25 ке кеміт. (65) Ү

40 пен 60 сандарының қосындысын тап. (100) Р

30 бен 5 сандарының айырмасын тап. (25) Д

100 саның 75 ке кеміт. (25) Е

Қолға жаттығу жасау:

Жаза, жаза қолымыз,

Шаршады әбден көзіміз.

Қаламды біз алайық,

Көркем етіп жазайық!

50 мен 4 – тің қосындысынан 5 –ті азайт. (49) Л

Азайғыш – 83, азайтқыш- 13, айырманың мәні қанша? (70) І

2 сағатта неше минут бар? (120 минут) Т

1 аптада неше күн бар? (7) Е

87 санында қанша ондық және бірлік бар? (8 ондық, 7 бірлік) Ң

27 см де неше дм және см бар? (2 дм., 7см.,) Д

Қабырғасы 6 см шаршының периметрі қанша? (Р=24 сам) Е

83 санынан 45 пен 5 – тің қосындысын азайт. (33) У

-Дұрыс жауабын салыстыру, дұрыс жауабы бар карточкаларды тақтаға ілу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. (Күрделі теңдеу)

- Өте жақсы жас сайыскерлер!

Жаңа сабақ: -Бірнеше мысалдар арқылы түсіндіру. Проблемалық сұрақ -

Теңдеу дегеніміз не? ( Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз. Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.

Теңдеудің қарапайым түрі мен күрделі түрін салыстыра отырып түсіндіру, мысалдар келтіру.

25+Х=43+12 – бұл теңдеуді бірден шығаруға бола ма? Бұл теңдеуді бірден шешуге болмайды. Біз оны алдымен қарапайым теңдеуге айналдырамыз. Сендер оң жақ бөлігін табу керектігін аңғарған шығарсыңдар. Оң жақ бөлігін есептеп аламыз. 25+Х=55 – міне біз осылайша күрделі теңдеуді қарапайым теңдеуге айналдырып алдық. Х= 55 – 25

Х=30

25+30=43+12

55=55

Тағы бір мысал: - Бұл теңдеудің сол жақ бөлігін жеңілдету қажет. 15+9+Х=30

24+Х=30

Х= 30-24

Х=6

15+9+6=30

30=30

Ереже: - Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатын бөлігін есептеп,оны жеңілдету керек. Яғни бізге жақсы таныс қарапайы теңдеуге айналдырамыз.

Сергіту сәті: видеоролик.

3- кезең. «Теңдеу шаһары» Оқулықпен жұмыс: жұптық жұмыс.

1- тапсырма: Теңдеуді шеш.

Топ 2-топ

45-х= 100-60 59-у = 11+18

45-х=40 59-у = 29

Х=45-40 у=59-29

Х=5 у=30

45-5=100-60 59-30=11+18

40=40 29=29



Тапсырма: Сөз есепті оқы. Теңдеу құрастыр.Топтық жұмыс.

топ

Ұзындығы 56 м оралған сым темірден бірнеше метр қиып алынғаннан кейін, 14 м қалды. Орамнан неше метр сым қиып алынды?

Жауабы: 56 - х = 14

Х = 56-14

Х = 42

56 - 42 = 14

14 = 14

2-топ

Орамнан алдымен 19 м сым темір қиып алынды. Орамда тағы сонша метр сым темір қалды. Орамда неше метр сым болған?

Жауабы: х -19 = 19

Х= 19+19

Х= 38

38-19=19

19=19

4-кезең. «Капитандар жарысы»: «Ондықтар» тобының капитаны – Динара. «Бірліктер» тобының капитаны - Карина.

1-тапсырма: Күрделі теңдеу шешу.

«Бірліктер» топбасшысы: 34+х=93-23 Шешуі: 34+х=93-23

34=70

Х=70-34

Х=36

34+36=93-23

70=70



«Ондықтар» топбасшысы: у-78=99-88 Шешуі: у-78=99-88

у-78=11

У=78+11

У= 89

89-78=99-88

11=11

тапсырма: Шешімдері бірдей теңдеулерді табу. Топтық жұмыс. – капитандар жарысып жатқан уақытта, қалған топ мүшелері топтық жұмыс жасайды. Оқушыларға қима қағаздар үлестіргеннен кейін қима қағаздардан күрделі теңдеу құрастыру қажет.



5-кезең: «Білімінді шыңда» сайысы, топтық жұмыс:

1-топ. Қабырғасы 20 см шаршы сыз. Оның периметрін есепте. (Р = 80см)

2-топ. Ұзындығы 20 см, ені 12 см тіктөртбұрышты сыз. Периметрін есептеп тап. (Р = 64см)

6-кезең: «Бес тармақ, бес саусақ» сайысы.

-Балалар, алақанымызды қағазға бастырып, әр саусаққа бірнеше тапсырманы баған түрінде жазып, мәнің табамыз.

7-кезең: «Логика әлемі» сайысы.

-Сұрақ - жауап әдісі арқылы математикалық жұмбақтар жасыру.

Сабақты қорытындылау:

- Кері рефлексия: Синквейн әдісі:

- Оқушылар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Оқушылар сонымен бүгін біз нені үйрендік?

- Иә, дұрыс айтасыңдар бүгін біз күрделі теңдеулер шешуді үйрендік. Оқушылар теңдеуді қалай сипаттауға болады?

«Теңдеу» тақырыбына  синквейн  құрастыру. 

Мысалы: Теңдеу

Белгісіз, қу

Жұмбақ, ойланамыз,

шешеміз, тексереміз.

Әрқашан белгісізді табамыз.

Теңдік.

Оқушыларды бағалау,уйге тапсырма беру 143 – бет, 4 есеп.

Оқушылардың фишкаларын санау және медальдармен марапаттау.


























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1034
Номер материала ДБ-011900
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх