Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Видеоуроки / "Күрделігүлділер тұқымдасы" сабақ жоспары

"Күрделігүлділер тұқымдасы" сабақ жоспары

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Күрделігүлділер тұқымдасы

1.Мақсаты: Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктердің құрылысымен, шаруашылықтағы және табиғаттағы маңыздылығын түсіндіру.

2.Дамытушылық: әр оқушының қабілетін шыңдап, ізденімпаздығын, жауапкершілігін дамыту.

3. Тәрбиелік: әлеуметтік жағдайынан, дамыған ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Типі: Аралас сабақ

Әдісі: Топтық, жеке, тірексызба т.б.

Көрнекілігі: бұршақ тұқымдастардың суреті, сайд, таратпа материалдар т.б.

Пәнаралық байланыс: экология, химия

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

Амандасып, оқушылардың сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Сауал менен жауап сенен» бөлімі. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Бұршақ тұқымдастардың саны қаншы?

2.Гүл шоғыры қандай?

3. Қазақстанда қанша түрі кездеседі?

  1. Күлте жапырақшаларының атауы?

2.Ең үлкен күлтесі атауы?

3.Жемісі қандай?

  1. Іш босататын дәрілік өсімдік?

  2. Құрамында нәруызы көп болатын түрлері?

3. Медецинада көк жөтелге пайдаланатын түрі

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

«Айшықтар мен нөлдер». Бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктер

Соя

Алма

Тары

Қызан

Асбұршақ

Өрік

Шомыр

Шабдалы

Қараған

Тағамдық бұршақтұқымдастар.

Соя

Беде

Кассия

Нұт

Жасымық

Қараған

Бөрібұршақ

Тентекмия

Үрмебұршақ

Мал азығына жататын бұршақ тұқымдастар.

Беде

Соя

Кассия

Нұт

Бөрібұршақ

Қараған

Жасымық

Тентекмия

Жантақ

ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық.

Бұл қандай өсімдік?

Гүлінің құрылысы қандай?

hello_html_m6121bba7.jpg



Ү. Жаңа сабақ барысы.

Жалпы сипаттамасы

Күрделігүлділердің 20000 астам түрі бар. Қазақстанда 700 тарта түрлері өседі. Күрделігүлділер көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Бір жылдық түрлеріде кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталған.

Тіршілік формасы ағаш, шөптесін, бұта.

Гүлшоғыры себет. Гүлінің формуласы: ТоК5А5Ж2

Гүлінің құрылысы: шұқырша, тілше, жалған тілше, түтікше.

Жемісі: айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар.

Дәрілік өсімдіктер:Бақбақ, дәрмене, түймедақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік өсімдіктер.

Майлы өсімдіктер:мақсыр, күнбағыс- май алынады.

Сәндік түрлері:Бархыт, нарғызгүл, астра, цинния.

Мал азығы: топинамбур.

Көкөністік өсімдіктер:Ассүттіген, бөрігүл.

Арамшөпті өсімдіктер:Ойраншөп, қаулен, гүлкекіре, түйетікен

ҮІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру.

  1. «Казино» Күделігүлділер тұқымдасының саны

1. 20000

2. 2000

3. 200

  1. Күрделігүлділердің гүлшоғыры

1. Шатырша

2. Себет

3. Собық

  1. Жемісі тұқымшалы өсімдік

1. Мақсыр

2. Алма

3. Орамжапырақ

«Менің үйім» Мына алаған өсімдіктерді өз пәтерлеріне орналастыр.

Бөрігүл, мақсыр, жералмұрты, қаулен, бархытгүл, түймедақ,

Майлы

Көкөніс

Дәрілік

Малазықтық

Сәндік

Арамшөп

 

 

 

 

 

 

Дұрыс жауабы.

Майлы

Көкөніс

Дәрілік

Малазықтық

Сәндік

Арам-шөп

мақсыр

Бөрігүл

түймедақ

жералмұрты

бархытгүл

қаулен

ҮІІ. Бекіту. Зертханалық жұмыс №26

ҮІІІ. Үйге тапсырма. §29 оқуға. Дәрі шөптен шығады тақырыбында шағын эссе жазуға.


Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Видеоуроки
Просмотров995
Номер материала ДВ-137417
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх