Инфоурок Другое СтатьиКРЕДИТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ

КРЕДИТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

Тугерова Г.Б. – оқытушы,

Маңғыстау Энергетикалық колледжі Ақтау қ.  

 

КРЕДИТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ

 

Шығармашылық – күрделі танылатын құбылыс. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді талдауы шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу өте күрделі және көп жақты процесс екенін көрсетеді. Р.Стернберг бойынша, шығармашылық процесі тек үш ақыл-ой қабілеттері болғанда ғана мүмкін болады[1]:

а) синтетикалық қабілет – мәселені жаңа түрде көре алу және үйреншікті ойлау әдісінен қашу;

ә) аналитикалық қабілет – қандай идеяларды ала отырып шешуге болады, ал қайсыларын алуға болмайды екенін бағалауға мүмкіндік береді;

б) практикалық-контекстуалды қабілет – басқаларды идеяның құнды екеніне сендіру, яғни шығармашылық ойды басқаларға сату.

Біздің ойымызша, тек аналитикалық және синтетикалық қабілеттер өнімді ақыл-ой іс-әрекетінің негізін құрайды. Сондықтан студенттердің шығармашылық іс-әрекеті қандай деңгейде қалыптасқанын анықтау үшін біз экспериментте Е.Торренс ұсынған сипаттамаларды қолдандық:

А)Шапшаңдық (Қаншалықты идеяларды сіз қозғайсыз?)

Б)Алғырлық (Қаншалықты әр түрлі идеяларды сіз қозғайсыз?)

В)Өнделгендік (Сіздің идеяларыңыз қаншалықты нақтыланған?)

Г)Креативтілік деңгейін анықтау үшін ойлау іс-әрекетінің шығармашылық стильмен дәстүрлі байланысқан ақыл-ой қасиеттерін жүйесін жерттеуге алынған. Яғни, ол: Шапшаңдық (ассоциативті қатардың кеңдігі), ойлаудың қасиеті ретінде объективтілердің көптеген қасиеттерін олардың басқа объектілердің қасиеттерімен өзара әрекет етуінде бір мезетті «ұстануын» бейнелейді; алғырлық – ойлаудың қасиеті, бір катигориядан басқа катигорияға өту жылдамдығын бейнелейді; сонылық – бұл шешімнің «тапқырлығын» бейнелейтін ойлаудың қасиеті.

Студенттердің ойлаудың жоғары аталған қасиеттерін зерттеу үшін «Применение», «Видение проблем», «Неполные фигуры», «Круги» тесттері (Р.Е.Тафельдің бейімделген Гильфорд пен Торренс әдістемелері). Бұл тесттер тапсырмалардың жеңіл мазмұнымен, шешімінің ұсынылған алгоритмі жоқтығымен, оларды орындау үшін арнайы қабілеттер керек етпейтіндігімен сипатталады[3].

Тесттер жұмыс келесідей орындалады. «Қолдану» тесттің нұсқауы бойынша үш заттың (кірпіш, скерепка және өшіргіш) қолдануының көптеген нұсқаларын атап өту керек. «Мәселелерді көру» тестті орындауда эксперимент сыналушыларына тамақтану, теледидар, киім, тұрмыстық техника, қоршаған орта сияқты адам алдында тұрған ортада атқаратын міндеттерді атап өту ұсынылды. «Толық емес фигуралар» тесті боыйнша, бес жай фигураны толықтырып, оларға ат беру ұсынылады. «Шеңберлер» тесттің орындау барысында әр түрлі заттарды немесе дөңгелектердің ассоциациясымен туғызылған қиялдық бейнелерді салу керек еді.

Тесттің көрсеткіштері бойынша әр түрлі жауаптардың (ойлаудың шапшаңдық) саны, бір түсініктер категориясынан басқа өтулердің (ойлаудың алғырлық) саны үшін баллдар қойылады. Жауаптардың кездесу жиілілігін тәуелді ойлаудың сонылық үшін (5-10 % кездесуіне – 1 балл, 2-4% - 2 балл) баллдар қойылады. «Неполные фигуры» тесттің талдауда жай симменариялық фигуралар саналмады. Атаудың өзгешелігі, және де атаудың сурет мазмұнына сәйкестену дәрежесі саналады. Алғырлықты бағалауда баға фигураны аяқтау (идеяларды қолдану алғырлығы) үшін қолданылған әрбір категорияға қойылды.

Ойлаудың шапшаңдық, алғырлық және сонылық баллдарын есептеп біз ойлаудың креативтілік көрсеткішін шығардық.

Студенттердің оқуына қандай түрткілер әсер ететінін және қандай шығармашылық іс-әрекеттерге қатысатынын анықтау мақсатымен біз сауалнама-анкета әдісін қолдандық. Студенттер 16 сұраққа жауап берді, қайсысылардың жартысы оқу сабақтарына қатысуын, ал жартысы олар қатысын шығармашылық іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған.

қатысу) жүргізілді және рейтинг баға жүйесі зерттелінді.

Бақыланатын зерттеуде біз ойлаудың қасиеттерін, студенттердің жалпы креативтілік көрсеткішін анықтадық. Әрбір топ үшін зерттелетін қасиеттердің максималды, минемалды және орташа мән алынған. Мәліметтер 1.1 кестеде көрсетілген.

 

.

 

1.1-ші кесте

Ойлаудың максималды қасиеттері

 

Ойлаудың минималды қасиеттері

 

 

              Одан кейін оқу процесі барысында студенттердің шығармашылық іс-әрекетінің көріну мен дамудың мотивациясымен байланыс ерекшелігі зерттелінді. Студенттің 11-16 сұраққа берген жауаптарын талдай отырыполардың барлығы шығармашылық іс-әрекет  бірдей дамығанын көрсетті. Жеке жауаптарда шығармашылық іс-әрекет жүзеге асырайтын оқу формалары ашылып, сипатталады. Мысалы, өздік жұмыстың түрлері мен тәсілдері, үйірмедегі жұмыс, қызықтыратын ғылыми мәселенің тақырыбы құрастырылады, оны шешу жолдары қарастырылады және т.б. Басқа жауаптар жағымсыз мазмұнды сипатты болады, ал егер жағымды болса да, шығармашылықіс-әрекеттің нақты мазмұнын ашпады. Мысалы, өздік жұмыс аталады, бірақ оның формалары айтылған жоқ. Немесе қызықтыратын мәселенің тақырыбы айтылады, бірақ ол жұмыс қалай жүзеге асырылып жатыр, қандай шешім жолдары бар екені ашылмады.

Бірінші тип жауаптарын біз шығармашылық іс-әрекеттің жоғары деңгейін сипаттайтын катигорияға кіргіздік, ал екінші типке – деңгейі  төмен катигорияға. Біз жауаптарды реттеудің саналық талдауын өткіздік, яғни шығармашылық іс-әрекеттің жоғары және төмен деңгейін сипаттайтынына байланысты сынаушылардың мотивациялық сипаттамасы бойынша бөлген үш топтың біреуіне жататындағына қатысты реттеу. Шығармашылық іс-әрекет белсенділігін сипаттайтын жауаптардың мазмұнын негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.

271 студенттердің арасындда тек қана 131 (48%) – оқу  іс-әрекетінің басқа формалары арасында өздік жұмыстың үлкен мәнділігін және оның әр түрлі түрлерін көрсете алды: өз бетінше іздену және әдебиетті зерттеу, курстық жұмысты, баяндама мен рефиратты жазу, қызықтыратын ғылыми мәселені құрастыру. Көптеген жауаптарда өздік жұмысқа аз мән беріледі, оған студенттер келесі себептерді келтіреді: «өзіндік ұйымдастырушылық», «өздік бетінше жұмыс істей алмауы», «уақыттың жетпеуі», «өз бетінше жұмыс істеуге түрткіліктердің жоқтығы», «бақылаудың болмауы» және т.б. Бірақ та осыған қарамастан студенттердің 42 %-ті бұл кедергілерді жеңуге қабілетті.

Келесі сұраққа – семинарларда сөйлеу – тек 156 студент ғана (58%) оң жауап берді. Қалғандары өздерін «сөйлемейтіндерге» жатқызады. Студенттердің берілген басты себебі – «қысылу», «керек еместі айтып қалу қорқынышы». Осы жауаптарының талдауы береді. Яғни әрбір студенттің ұнайтын пәндері болады (ал ол осы пәндерге қызығушылығын бейнедейді).

Яғни, семинарларға қатысу, баяндамаларды жазу шығармашылық іс-әрекеттің көрінуінің бір формасы болып табылады, және де ол мотивацияның сипатымен де байланысты.

Студенттердің оқыту жұмысының негізгі формасы дәріс болып табылады, онда студент көп білім алады, бірақ студенттердің шығармашылық іс-әрекеттің әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін[2]. Дәріс мәліметтерінің жақсы меңгергенмен ол минималды болуы мүмкін. Шығармашылық іс әрекеттің белсенділігі студенттің оқылатын материалдың ішінде қарама-қайшылықтарды тапқанда, түсініктерге қанағаттанбағанда, жаңа мәселелерді қоюда көрінеді. Бұл факторлардың барлығы дәріс оқытушының алдында сұрақтарды қоюдың негізі болып келеді. Анкетаға берілген жауаптарды, және де сабақтарға қатысуы көрсетіліп тұрғандай студенттер жалпы айтқанда дәріс кезінде аз сұрақ қояды. Осылай студенттердің 92% сұрақтарда пайда болды, бірақ олардың ішінде тек: 28% - әр уақытта қояды, 44% - сирек қояды, 29 % - мүлдем қоймады. Сұрақ қоюға бөгет болатын себептердің ішіенде студенттер көбінесе мынандай себептерді айтады: жауапты өз бетінше табуға ұмтылысы (20%), «керек еместіні » айтып қалудан қорқу (15%), көзге түсуден қашу, ұялшақтық (25%). Осы себептердің жиынтығында тек біріншісі шығармашылық іс-әрекетке итермелейтін себеп ретінде қарастырылады. Қалғандары керісінше оны басып тастайды, шығармашылық ойлаудың дамуына бөгет жасайды[4].

Ғылыми үйірмелер мен басқа да ғылыми бірлестіктердің жұмысына қатысып отыратын студенттердің саны орташа. Ол тек үшінші топ үшін біраз төмен. Бірақ өз бетінше бұл көрсеткіш шығармашылық іс-әрекеттің жоғары деңгейін көрсетпейді. өйткені студенттердің көбі ғылыми тақырып  бойынша жұмысы деген сұраққа жауап бере отырып, өздерінің курстық жұмысының тақырыбын атап отырады. Мәселен, курстық жұмыстың мақсаты – студенттің өздік шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту. Бірақ тақырыпты атауы, оның жоспары оқытушымен құрастырылады, ал студент тек осы жоспарды жүзеге асырайды. Сондықтан шығармашылық іс-әрекетті талдауға тақырыпты өз бетінше таңдау және ғылыми мәселелерді шешу деген соңғы сұрақтарға берген жауаптарды сипатты болды. Ғылыми мәселелерді және оларға деген қызығушылық ашатын, шешу жолдарын қарастыратын студенттер аз, сонымен қатар ол көбінесе мамандық қызығушылығы жоғары дамыған студенттерде де байқалады. Сонымен қатар толық түсінік алу үшін біз шығармашылық іс-әрекеттің орташа көрсеткішін бөлдік.

Қорыта келе, шығармашылық іс-әрекеттің белсенділігінің дамуына көбінесе мамандық қызығушылық пен танымдық түрткі әсер етті. Бірақ та танымдық түрткі шығармашылық іс-әрекетті тек қана ол оқу және жаңаны білу ұмтылысы ретінде көрінген де емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәнді, тәжірибе міндеттердің шешімдеріне бағынғанда белсендіреді. 

Рейтинг бағалау жүйесі бойынша 1-ші триместрдің қорытындысын көру бойынша студенттердің 91% - інде алғашқы 5 апта бойынша рейтинг жоғары (89-98%) болды. Ал 10-ші аптаға қарай рейтинг көрсеткіші 8-13%-ке түсті. Себептерін қарастыратын болсақ олар студенттердің алғашқыда жаңа білімге, оқытушыларға, оқу процесінің жаңа формаларына қызығуында байқалады, осында студенттер өздерінің шығармашылық іс-әрекетінің белсенділігін көрсетеді. Бірақ тақырыптардың күрделілігі, студенттердің толығымен өз бетінше, дербес ізденіп әрекет етуі олардың танымдық қызығушылықтарының біраз тежелуін сипаттайды[5].

Бұл орташа білім беретін мектеп көбінесе тек білімді дайын түрде береді, және де негізінен ассоциативті ойлауды қалыптастырады. Ал дербес өз бетінше ізденіп іс-әрекет етуді, шығармашылық белсенділікті дамытпайды.

Жалпы қорытынды шығара отырып, студенттердің көбіне білімді өз бетімен тауып іздену, танымдық іс-әрекетті белсенді дамығанмен, іс-әрекетті орындау барысында оны шығармашылықпен орындау қиынға түседі.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1. Кубеева Е.К Новое – на фундаменте проверенных традиции // Современное столичное образование, 2004 ж., №3, 49-51 бет

2. Кусаинов А., Омирбаева С. Кредитная система обучения как средство реализации академический мобильности студентов // Высшая школа Казахстана ,  ж., №141-44 бет

3. Қапанова А.Т Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктілерін қалыптастыру – автомформат, А., 2004

4.Сарсек[еева Ж.Е., Стоева Л.Н К вопросу о развитии творческой самостоятельности студентов / Качество педагогического образования: проблемы и перспективы – А., КазНПУ им. Абая, 2004 ж, 160-165 бет

5. Телегина Э.Д. Роль мотивов учебной деятельности в развитие творческой активности учащихсия – Вопросы психологии познрвательной деятельности – МГУ им. В.И.Ленина – М., 1980 ж, 30-40 бет

6. Чернов Е.Д Совершенствование работы студентов //Высшая школа России,1994 ж, № 4,76-79 бет

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КРЕДИТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 528 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 870
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тугерова Галия Бердибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тугерова Галия Бердибаевна
    Тугерова Галия Бердибаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13592
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек