Инфоурок Директору, завучу КонспектыКредиттік технология арқылы мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру

Кредиттік технология арқылы мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру

Скачать материал

Кредиттік технология арқылы мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

 

«Бақыт жолы біліммен табылады» деп ойшыл-философ Ахмед Йүгінеки айтпақшы,  білім – адамның бойындағы қабілеттерін кеңінен ашуға және пайдалануға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ететін құндылық.
Білім мен оның дамуы - адамзат өркениетінің өлшемі. Олай болса, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. «Ұстаз – келер күннің ұстасы» дегендей, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып қалыптаспағы – мұғалімдердің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.
          Біздің заман – жаңа кезең. Жаңа көзқарас, жасампаз жаңашылдықтың дәуірі. Әрбір сәт үшін болып жатқан өрелі өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бүгінгі таңда технология саласындағы жаңалық күн сайын емес, сағат сайын жаңаруда. Яғни, бұл бағытта бір сәтке кешігу – ізбе-із өкшелеп келе жатқан бәсекелеске орын беріп, артта қалу деген сөз. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Бұл үміт – ұстаз бойындағы міндетте.

Алтын ұя мектептің жаны да, ары да – мұғалім. Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы: «Ұстаздық – жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі  өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім - тәрбие қалдыру болса керек.

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Сол өзгерістердің барлығының көздейтін мақсаты – оқушыға жоғары сапалы білім беруді  қамтамасыз ету. Елбасы Н.Назарбаевтың «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген сөзі еліміздегі білім беру саласын жетілдіруді, әлемдік стандартқа сәйкес  білім беруді  міндеттеп отыр. Біз тек білімімізбен ғана өзімізді өзгелерге таныта аламыз, өзімізді мойындата аламыз. Осындай міндеттерден келіп білім сапасын  көтеру мәселесі күн тәртібінен түспей тұр.

Қазіргі қоғам мұғалімге жаңа талаптар қойып отыр. Мұғалім - рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман.  Мұғалім өз пәнін шебер меңгеруімен қатар, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала болжап, кемшіліктерін түзете білетін құзыретті тұлға болуы тиіс. Осы  педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда бағыт-бағдар беретін,  жол сілтейтін  мектептегі әдістемелік қызмет болса, сапалы әдістемелік қызметті тиімді ұйымдастыру –әдіскер ұстаздың  құзыретіндегі жұмыс. 

Мектептегі әдістемелік жұмысты жаңартуға не кедергі келтіреді:

-         Мұғалімді үздіксіз оқытудың біртұтас жүйесі ретінде әдістемелік жұмысты түйсінудің  болмауы;

-         Мектептегі әдістемелік жұмыс нысандары мен әдістерінің үзік-үзіктігі, жүйелі жоспарсыздығы, есепке жеке бақылауға алынбауы болды.

Сол себепті мектепте әдістемелік жұмысты басқару мен ұйымдастырудың  оңтайлы тәсілі кредиттік тәсілді алуды жөн көрдік.

Кредиттік технология дегенді қалай түсінесіз?

 

Кредит ( латын тілінен – несие, сеніп беру деген мағынаны білдіреді.) Әдістемелік мағынада  кредиттік қатынастар – бұл мектеп әкімшілігі мен мұғалімнің арасындағы мәміле, онда әкімшілік қайтарымдылық жағдайындағы (яғни, мұғалім кредитті оқыту процесінің сапалы өлшемдері түрінде қайтаруға тиіс) әдістемелік жұмысқа  бөлінген уақытты мұғалімнің меншігіне береді.  Бұл кредит тегін (яғни, кредитті пайдаланғаны үшін ақы- пайыздар алынбайды), бірақ мерзімі бар, бір оқу  жылы мерзімі белгіленген.   Әрбір  нысан/ әдіс шартты әдістемелік бірліктермен бағаланады.  Бір әдістемелік бірлік  1 астрономиялық сағаттағы еңбек шығынына тең. Тиісінше бағытталған әдістемелік кредит дәстүрлі  педагогиканы  қазіргі заманғы педагогикадан бөліп тұратын шыңыраудың үстіне салынған көпір сияқты.

Әрбір мектеп кредит беруші дербес банк болып табылады  және әдістемелік  жұмыстың өз кредиттік жүйесін мектептің кредиттік картасын – келесі алгоритмдік ұстаным бойынша әзірлейді:

-Үздіксіз оқытудың әрбір нысаны/әдісі үшін әдістемелік бірлікті анықтау (мұғалім қандай да бір оқыту нысаны/ әдісі бойынша үздіксіз оқуға орташа шамамен қанша  уақыт жұмсайды).  Бұл үшін сараптамалық бағалау әдісін, хронометражды, сауал жүргізуді және  т.б пайдалануға болады.

-Мектептің кредиттік картасын жасау. Оған   мектептік, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі базалық (инвариантты) компонент, мектеп (вариативті), тұлғалық (жеке) компоненттер кіреді. Педагогтардың қайталанатын циклдық сипаттағы міндетті нысандарға  қатысқаны үшін кредиттер саны өткізілген іс- шаралар санына көбейтіледі. Педагогтың жеке жоспары бойынша іс- шараларға қатысқаны үшін кредиттер саны ол оқу жылы бойына қатысқан немесе дайындап, өткізген іс- шаралардың санына тең санға көбейтіледі.

-Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз оқытуға оңтайлы жылдық жүктемені анықтау.  Оны анықтау үшін олардың  әрқайсының  біліктілік санаты деңгейін есепке алатын сараланған дара- тұлғалық тәсілді пайдаландық. Нақты оқу жылына Мектептің әдістемелік жұмысының базистік есептік көрсеткішін анықтадық (бір жылға жасалған жұмыс жоспарының және мектептің кредиттік картасының негізінде).  Шкала негізінде мектептің біліктілік деңгейі әр түрлі педагогтарын үздіксіз оқыту үшін оңтайлы жүктемені есептеп шығардық.  

Мектеп мұғалімдерін  үздіксіз оқыту үшін Оңтайлы жүктемені есептеу негізінде, мына шкалаларды алдық.  Мектептің әдістемелік жұмысының базистік есептік есептік көрсеткіші және педагогтарды үздіксіз оқытуға жылдық жүктемені есептеу шкаласы әдістемелік кеңесте талқыланды.

Сіздердің назарларыңызға  біздің мектептің Кредиттік картасының негізінде Педагогтарды үздіксіз оқытуға оңтайлы жүктемені  ұсынып отырмыз. Педагогтардың педагогикалық санаттары берілген. 

-Мектептің әдістемелік жұмысының базистік есептік көрсеткішін (МӘЖБЕК) мектептің барлық педагогтары үшін міндетті іс- шаралар бойынша кредиттер сомасымен, Мектетің кредиттік картасының негізінде  анықталды.  Мына кестеге қарайтын болсақ, бұл сома 185 кредитті құрады- бір жылға жасалған әдістемелік жұмысының Базистік есептік көрсеткіші. Бұл санатсыз мұғалімнің кредиті. Екінші санатты-280, Бірінші санатты-370, Жоғары санатты-460 кредит.

Екі үлкен салаға бөлінген: ол әдістемелік жұмыс және дарынды балалармен жұмыс.  Әдістемелік жұмысқа барлық жұмыстар қамтылған.  Семинарларға қатысу, ашық сабақтар.кәсіби, шеберлік сайыстарға қатысу, басылымдарға материалдарды шығару жеке пән сайттарын ашу, электронды портфолиосын жасау, озат тәжірибені тарату, өзара сабаққа қатысу, аттестаттау жұмыстары да кірді.

Дарынды балалармен жұмыста барлық деңгейдегі олимпиадалар, оқушылардың ғылыми- практикалық конференциясы да енді.  Жылдың соңында қорытынды шығаралып, әдістемелік кеңесте талқыланылады да ұсыныстар беріледі.

 

Бірнеше қадамнан тұрады:

-Мектепте педагогтарды үздіксіз  оқытудың оңтайлы  нысандары  мен әдістерінің тізбесін анықтау;

- Мектепте педагогтарды үздіксіз оқыту – міндетті және таңдауы бойынша.

Ол үшін мұғалімдерді үздіксіз оқытудың ықтимал нысандара мен әдістерінің  тізбені негізге алдық. Тізбеге ұжымдық, топтық, жеке  нысандар алынды. Тізбеде жоқ, бірақ мектептің жұмысында орын алған түрлерін де қостық.  Онда педагогикалық кеңестен бастап барлық кеңестер ұжыммен жасалатын жұмыс түрлері енді. Топтық  нысанға топпен жұмыс жасайтын  ӘБ жұмысы, дөңгелек үстел, ашық сабақтар, іскерлік сайыстар т.б енді. Жеке нысанға курстар, семинарлар, авторлық жобалар, кәсіби шеберлік сайыстары, аттестаттау, мақалалар кіреді.

Екінші қадам  3 бағыттан тұрады:  міндетті бағыт, таңдауы бойынша бағыт,  міндетті   пен бойынша бағыттың  синтезі (қоспасы)

Синтетикалық бағыт әдістемелік жұмысты  жоспарлау  және жүзеге асыру үшін оңтайлы болып табылады. Мұғалімдердің қолынан келетіндей жұмысты ұйымдастыру және мектеп жұмысының  осы қиын жерлерін педагогикалық ұжым  мүшелеріне тең бөлуге мүмкіндік береді.

ХІ ғасырда өмір сүрген түркі дүниесінің танымал тұлғасы Махмуд Қашқари «Білім – нұрлы әлем» деп айтқан екен. Осы нұрлы дүниенің алып айдынында еркін жүзетін білімді, парасатты тұлға тәрбиелеуді құзыретті, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздар ғана жүзеге асыра алады. Ендеше әр мұғалім жүрек қалауымен таңдап алған мамандығының биік шыңына жетуге ұмтылуы керек.

Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесін алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.

«Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс», - деп өзінің барлық саналы өмірін халық ағарту ісіне арнаған, оқытушы әрі жазушы  Спандияр Көбеев айтқандай, өмірде болып жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесіндегі көптеген өзгерістердің жаршысы ұстаз болып саналады. Осындай  ақпарат көздерінің үздіксіз үдемелі даму кезеңінде заманына сай жас ұрпаққа білім беру үшін бүгінгі таңда мұғалімнің алдына қоятын талап өте зор.

Ел Президентi өз сөзінде: “...Барлық игі істер мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтердің кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар және біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп атай келе, “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,-делінген.

Рефлексия

- Дүниеде кім бақытты?- деп сұрапты данышпаннан. Сонда данышпан:  «Дүниеде көп адамды бақытқа кенелткен адам бақытты» - деп жауап берген екен. Ендеше қаншама шәкірт қолына білім кілтін ұстатқан ұстазды бақытты жан деуге әбден болады.

-Қадірменді әріптестер, сіздер бүгін тамаша жұмыс істедіңіздер. Өздеріңіздің кәсіби құзыреттіліктеріңіз бен педагогикалық өрелеріңіздің жоғары деңгейін көрсеттіңіздер. Менің сіздерге деген ризашылығымды,  сіздердің бір-бірлеріңізге деген ілтипаттарыңызды қол соғып, қошеметпен білдірейік. (қол соғу)

Сіздермен бүгінгі жүздесуіміз қандай деңгейде өткенін білу мен үшін аса маңызды. Көңіл-күйлеріңіз туралы ақпаратты тақтада қалдыруларыңызды сұраймын.

Барыс бейнелі Қазақстанның болашағын жасайтын талапты да талантты шәкірттеріңіз көп болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кредиттік технология арқылы мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 218 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2015 1587
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искужинова Айнагуль Аспергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11633
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и управление гостиничной деятельностью

72/108 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Преемственность образования в актерском мастерстве: традиции и инновации

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование социальной ответственности и гармоничного развития личности учеников на уроках

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе