Инфоурок Другое Конспекты"Кәріге құрмет - балаға міндет" тәрбие сағаты

"Кәріге құрмет - балаға міндет" тәрбие сағаты

Скачать материал

                    Кәріге құрмет - балаға міндет.

Мақсаты: оқушылардың бойына үлкенді тыңдай білуге, халқының салт-дәстүріннен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

                                   Барысы:

1-жүргізуші.

Ақиқатты айқындап айқындап жариялар

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын

Бара жатыр сарқылдап дариялар.

2-жүргізуші: Неменеңе жетістің, бала батыр,

Қариялар азайып  бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр.

1-жүргізуші: Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор.  Олар ең  алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі- тәрбие.

2-жүргізуші: Мейірімді көзіңді,

Қамқоршы сөзіңді.

Кемеңгерім көреген,

Өмірге азық өнеген.

Аяулы едің не деген...

Асыл әже! – дей келе әжелерімізге арнап «Асыл әжем» әні орындалады.  

1-жүргізуші: « Халқымызда «Өзің өскенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.

  Бала, немере  туралы ақын М.Әлімбаев былай деген екен:

Бала деген бал екен,

Бал дегенің бала екен.

Немеренің бойында

Бар жақсылық бар екен.

Туған балаң жай ғана,

Демесең де жат бөтен.

Нағыз бала ойласаң,

«Немере» екен, тәтті екен.

2-жүргізуші: «Немере» (Ортаға немересімен әже шығады)

Атаң болса, анаңмен –

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды –

Ешкімнен кем болмадың.

Інің болса жанашыр –

Семсер қылыш білегің.

Ақылды қыз, ақылды ұл –

Өкпе-бауыр, жүрегің

2-оқушы: «Бабаларым, рахмет сендерге»

Бабаларым рахмет сендерге!

Бабаларым болмасын деп көр кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде.

Бабаларым, рахмет сендерге!

                                     Мұқағали Мақатаев.

                                      Көрініс:

Оқушы: бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақалын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.

Мақалбай ата: Ата-анаңды құрметтесең,

Сенде жақсылық игілік көресің.

Атаңа не қылсаң, алдына сол келер.

Ата – бәйтерек,

Бла – жапырақ.

Әке – асқар тау.,

Ана – бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ. Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең, қартайғанда сені де етер ізет.

Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.

Дүниеде не қымбат?

Не қатты?

Не тәтті?

Жеті тойымсыз бен жеті жоқты атап беріңдерші.

Балалар жауабы тыңдалады. Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой! Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

1-оқушы: Үлкенге  үнемі сәлем бер.

2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа.

3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.

4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады, Көпті қорлаған көмусіз қалады.

5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.

6-оқушы: Ауылыңда қарияң болса, Жазып қойған хатпен тең.

7-оқушы: Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.

9-оқушы: Ақылды қария-ағып жатқан дария.

10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.

Мұғалім: Міне балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміздің алдында қарыздпрмыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқала ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

            Қартарымызды ардақтап өтейік. Оларды сыйлаңдар, қадірлендер!

Хор: «Ана туралы жыр»

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Кәріге құрмет - балаға міндет" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 852 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2016 2771
    • DOCX 14 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Зауреш Сатвалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32576
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой