Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ҰБТ НӘТИЖЕСІН АРТТЫРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ҰБТ НӘТИЖЕСІН АРТТЫРУ

библиотека
материалов

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ҰБТ НӘТИЖЕСІН АРТТЫРУ.

Өскемен қаласы. «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясы»КММ

жоғарғы санатты, III деңгейлі химия-биология пәндері мұғалімі

Ныгызбаева Г.Ж.

Білім берудің қазіргі заман талабы-шығармашыл жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға тәрбиелеу.Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау жүйесін пайдалануымыз өте пайдалы. Биология пәні бойынша 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға сапалы дайындау үшін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеру қазіргі таңдағы жұмысымның негізі және өзекті мәселелелердің бірі болып табылады.Сондықтан ең бірінші мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім деген тұжырымды пән мұғалімі психолог – педагог ретінде практикалық және теориялық тұрғыда толыққанды түсіне білуі керек .Сонда ғана мұғалім толық нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Өзімнің іс-тәжірибем бойынша мынандай көзқарастар туындады:

1. Оқушылар тест кітапшаларын механикалық есте сақтап, белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу жолдары кең өріс алуда. Бұл өте қате жұмыс түрі, өйткені оқушылардың еске сақтау қабілеттері төмендейді, көп ақпараттарды қабылдай алмайды, ұмытып қалады.

2. Сондықтан мұғалімнің негізгі міндеті, оқушылардың теориялық білімін практикалық жолмен көрсете білуі.

Осы мәселені шешу жолында атқарылып жатқан жұмыстың түрлеріне тоқтала кетсем:

1. Білім стандарты бойынша оқушылардың теориялық білімін жандандыру.

2. М.Жампейсованың технологиясы бойынша модуль бойынша оқыту жүйесін 11-ші сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындық кезінде тиімді пайдалану.

3. Тақырып бойынша теориялық білімдерін тиянақтау мақсатында, әр тақырып бойынша тесттік тапсырмалар алынып, анықталған көрсеткіштерін салыстырып, нәтиже шығару.

4. Әр тақырып бойынша алынған тесттік тапсырмалардың нәтижелерін даралап-саралап, жіберген қателермен жұмыс жүргізу.Әрбір тапсырмаларды баллдық жүйемен бағалау.Критериалды бағалау жүйесін қолдану өте маңызды.

5.Тест көрсеткіштері бойынша мониторингтерін жасап отыру

6.Пәнге деген қызығушылығын дамытуға болады. Критерий –бағдарланған шкала, нақты оқу үрдісі аясында білім, білік және құзырлықтарды ,қайталауға берілген тақырыпта берілген тапсырманың деңгейіне қаншалықты қол жеткізгенін анықтауға мүмкіндік беретін, білім алушының оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.Бағалау кездерін жүзеге асыру түрлері:

1.Мұғалімнің оқушыны бағалауы

2.Оқушының оқушыны бағалауы

3.Оқушының өзін-өзі бағалауы .

Баллдық жүйені қолдану арқылы бағаланған кезде оқушыларға қойылған баға алған білімдерін нақты анықтауға мүмкіндік береді.Осыған байланысты баллдық жүйені қолдану кестелерін құрып,оқушылар бүгінгі сабақта білуге тиісті ақпараттармен алдын ала таныстырамын.Егер осындай ақпараттарды толық берген жағдайда, жинауға болатын ұпай саны айтылады.Бұл бағалау парағы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтереді.Мен өзімнің тәжірибемде оқушыларды 12 баллдық жүйемен бағалап келемін.Баллдық жүйемен бағалау үшін баллды бағаға аудару шкаласы :

  1. 1-3 ұпай «2» (8,3% - 25% )

  2. 4-6 ұпай «3» ( 33,3%-50%)

  3. 7-9 ұпай «4» (58,3%-66,6% )

  4. 10-12 ұпай «5» (88,8%-100% )

Бұл ұпайларды қолдану үшін осы ұпай санына сәйкес ,әр өтілген тақырыптарда белгілі бір критерийлермен бағалау кестесін құрамын. Жалпы сынып оқушыларына жоғарыдағы бағалау тәсілін қолдану барысында сапаның артқанын байқауға болады.Баллдық жүйемен бағалау үшін әр тақырыптарға сәйкес критерийлерді қолданып, бағалаудың өзін-өзі , топ мүшелерінің және мұғалімнің бағалауының нәтижесінде әрбір оқушының шынайы бағасы анықталады.Осыған байланысты оқушыларға неше баллдық баға алғандары түсіндіріліп, қай тақырып бойыша қандай сұрақтарға толықтыру керектігі ескертіледі.Баллдық жүйемен бағалау кезінде нақты оқушыға бағытталған бірнеше әрекеттермен бағалауға болады.Ол оқушылардың білімнің нақты элементін игерудегі кемістіктерін айқындап, оны толық нәтижелікпен толықтыруға бағытталады.Оқушылардың өз жетістіктерін бағалауы –өзін-өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыда бағалау ,қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын тауып, талдау жасау ,бағалау критерийлерін анықтап ,тақырып туралы алған білімдерін тереңдете рефлекс жасай білуі. Балл жинау –оқу жетістіктерін бағалауды, даралауды жүзеге асыруға , белгілі бір уақыт аралығында жинақталған баллдардың қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу жетістіктерін жинақтайтын білім,білік ,дағдыларын шығармашылық қабілеттерін тереңдетуге және оның өзінің дамуына мүмкіндік жасайды.Нәтижесінде білім алушылардың өздері , сынып жетекшілері олардың ата-аналарымен бірге оқу жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.Оқушылардың ҰБТ- де білімін жақсарту үшін, әрбір тест орындаған сайын білімін бағалауға үйрету керек.Өсімдіктану пәнінің тарау бойынша қорытынды тест жазған кезде 25 сұрақтың 1-3 сұрақ дұрыс болса, «2» , 4-15 сұрақ дұрыс болса «3»,16-20 сұрақ дұрыс болса «4», 21-25 сұрақ дұрыс болса «5» бағасы қойылатынын үнемі айтып отыру керек.Оқушылар осы критерий бойынша өзін-өзі бағалай білуге қалыптастыруымыз керек.Бағалау- оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті.Оқушылардың білімін негізгі 4 пәннен анықтағанда, тестер өткізіп, одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жүйесін қайтадан өткізуге болады.Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс жүргізілуге болады.Мұндай кері байланыс ауызша бағалаудан бастап, жазбаша тестілеуге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы білім, түсіну жіне дағды болып табылады.Кері байланыс көбінесе уәж түрінде болады.Ынталандыру ретінде тестің өткізілуі оқушылар мен мұғалімдерге ойларын жиынақтап, әрекет етуге итермелейді.Мұндай сыртқы ынталандыру оқуға шабыттанып кірісуге түріткі болады.Оқушылардың білімі мен дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақта мінез –құлқының дамуын болжайды. ҰБТ- дің нәтижелері жоғары оқу орнына түсуге жолдама береді.Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар төмендегілерді қамтиды.Қадағалау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және нені істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау керек. Интерпретация қызығушылық туғызатын мәселерге,ерекше дағдылар , оқыту түрлеріне байланысты жүргізіледі.Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атайды ,оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады.Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді.Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін дұрыс бағалауы керек.Барлық мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде,бұл үдеріске оқушылар белсенді қатысады.Талпынғандар ғана білім ала алады.Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйрену қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі керек. Әркім өзіне мынадай талап қоя білуі керек.

1.Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңе болмаса үндемеуге үйрен.

2. Оймен жұмыс істемей ,білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ,ой да болмайтынын түсін.

3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.

4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнер табыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.

5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.

6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.

7. Адам объектінің белгілерін, қырлары қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.

8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің толық түсінбеген тақырыпты талдап меңгеру.Білім берудің жаңаша идеяларының берері күн сайын көп екендігіне көз жеткізудеміз.Қорыта келе критериалды бағалауды қолдана отырып,оқушылардың биологиялық сауаттылығын қалыптастырып, білімділігін дамытуға сонымен бірге білімге деген бәсекелестікке тәрбиелейміз.

Қолданылған әдебиеттер

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Үшінші деңгей 2012ж 24-58б.

2.Әдіскер мұғалім №5/6 2013ж

3.Ашық сабақ,факультатив сабақтар №1 2015 ж

4.Чекетова Р.С. Шаянбаева Ж.А. Оразбаева А.М; Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау: жаңаша көзқарас, Әдістемелік құрал ,Өскемен 2014

5.Биология пәні бойынша ҰБТ-ға дайындауда инновациялық технологияларды қолдану // 6.Биология анықтамалығы № 4 ,2014

Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров369
Номер материала ДВ-138721
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх