Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау" коучинг
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау" коучинг

библиотека
материалов

Бекітемін

Мектеп директоры:

Қ.Ж.Құрманбекова ______________

« 13 »қазан 2015ж

Коучинг жоспары

Күні:

13 қазан 2015 ж

Коуч:Сағынтайқызы Р, Канаева Г.Т.

Коучинг тақырыбы:

Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау


Мақсаты:

Критериалды бағалау туралы мұғалімдерге түсінік қалыптастыру,бағалаудың түрлері қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, бағалау үдерісін жақсартуды ұғындыру.


Түйінді идея:

Бағалаудың түрлері өзін-өзі,өзара,топтық,критериалды бағалау ,қалыптастырушы және жиынтық бағалау жайлы мағлұмат беру, өз пәндеріне бағалау критерийін жасау арқылы оқушының білімін шынайы бағалауды үйрету

Күтілетін нәтиже:

  1. Критериалды бағалауды түсінеді.

  2. Бағалаудың түрлерін ажырата біледі.

  3. Сабақтың кезеңдеріне байланысты критерийлерді анықтайды .

  4. Критерийлерді дискрипторлармен байланыстырады .

  5. Оқушыны бағалауда ынталандыруды қолданады.


Дерек көздері:

І деңгей үлестірме,мұғалімдерге арналған нұсқаулық,интернет материалдары, ақпаратқа сызбалық талдау.

Ресурстар:

І деңгей үлестірме, бағалау туралы таныстырылым , «Емтихан» бейнебаян, «Өз-өзіңізді толық білесіз бе?» ойсергек,проектор, плакат, А3,4 қағаздары, стикер, маркерлер, т.б.

Сабақтың барысы:

Уақыт(90 минут)

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті













Топқа бірігу:

10 минут

«Миға шабуыл»әдісі

Мұғалімдердің назарын әңгіме тыңдауға аудару.

«Бақыт іздеген саяхатшы»



Мұғалімдер әңгімені ынта қойып тыңдайды, сабақтың мақсатын өздері ашуға талпынады.






5 минут

Коучингке қатысушыларды тақырып арқылы жанындағы әріптесін қалай бағалайтын сөздері немесе сөз тіркесі арқылы топтарға бірігеді.

1-топ: Білімділігі

2-топ:Қарапайымдылығы

3-топ:Мықты іскерлігі

4-топ:Басқарушылық қабілеті

5-топ:Адалдығы


Топтарға бірігеді, топтың алтын ережесін еске түсіреді.




Проблеманы шешу:

20 минут

Таныстырылым «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау»

Тәлім алушылар топта бағалау туралы ойларын ортада талқылап, жұмыс тәжірибесінде қалай қолданып жүргендігі жайлы ой бөліседі.

7 минут

1) Оқу үдерісінде бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер ?

2) Сабақта нені бағалайсыздар ?

3) Ынтымақтастық орнату үшін қандай бағалауды қолданасыздар?

4) Оқушыларыңыз сіздің бағалауыңызға толық келіседі ме, келіспеген жағдайда қандай әрекеттер жасайсыздар ?



MSOfficePNG



Өз идеяларымен бөліседі.

«Ой қозғау»

10 минут

«Емтихан» бейнебаянды көру

Бейнебаянда көргендері туралы ой қозғап, пікірлерін ортаға салады.

Ойсергек:


8 минут

Өз-өзіңізді толық білесіз бе?

Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас!

Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!

Мұғалімдер көзіңе түскен,ұнатқан,түсі қызықтырған қойларды таңдайды.Сол арқылы мінездерін анықтайды.(әзіл аралас)

Проблеманың шешімін қолдану:

(рефлексия)

20 минут

Нақты тапсырма:

Келесі жылы мектебіміз күрделі жөндеуіне байланысты жаңа кабинеттің жобасын салу.

Салынған кабинет суреті бойынша әр топ постерлерін қорғайды.Әр топ бір-бірін бағалайды.Бағалау себептерін түсіндіреді. Содан кейін барлық топтар «бағаланған кабинет жобасы» бойынша өздері ортақ бағалау критерийін жасайды. Критерий бойынша қайта бағалайды.






10 минут



10 минут

Тапсырманы бірлесіп орындайды. Постерге өздері көз алдына елестейтін кабинет жобасын салады.

Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды.

Табыс критерийі:

1.Кабинет үлкен, кең, жарық.

2.Қабырғасы биік, таза, ақ түсті.

3.Пердесі жалюзиден,терезе алдында гүл.

3.Интерактивті тақта,компьютер, ксерокс, принтр.

5.Кітап сөрелері,парта,тақта жаңадан жабдықталған.

6.Қыс-жаз конденционері.

Кері байланыс:


10 минут

Кері байланыс: «Тәлімгерге хат»


Мұғалімдер коучинг сабағынан алған әсерлерін,тиімді жақтарын,айтар ұсыныстарын жазып қалдырады.

Комментарий: Коучинг үдерісіне қатысқан тәлім алушыларыма оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау туралы таныстырылым ұнады. Бағалаудың түрлері өзін-өзі, өзара, топтық, бағдаршам, басбармақ арқылы бағалау түрлерін жан-жақты білді, ұғынды. Өз тәжірибесінде қолданып жүрген бағалауға тоқталып, идеяларымен бөлісті, ұсыныстарын білдірді. Әр сабағына тақырыптың мазмұнына қарай оқушылармен біріге отырып, бағалау критерийін жасау керектігін түсінді .























Бақыт іздеген саяхатшы

Баяғы заманда бір ұста өмір сүріпті.Бір күні ол жер бетінде бақыт бар дегенді естиді.Ұстаның мазасы кетеді. Күлмейді, ішпейді, жемейді, тек қана сол бақытқа жетсем деп ойлайды. Шалғай елге жолға шығу керек болады.

Солай бақытты табамын деп саяхатқа жиналады.Үйінде қарт әкесі мен шешесі ,сұлу әйелі, балалары қалады.

Ұста «Міндетті түрде бақытты табамын, содан кейін үйіме ораламын»деп өзін-өзі жұбатып қояды.Сонымен жолға шығып келе жатса,алдында үлкен тас жатыр екен.Тасқа: «Оңға қарай жүрсең-жылқы табасың,солға жүрсең –дос табасың,тура жүрсең –бақыт табасың»деп жазып қойыпты.Ұста қуанып кетіп,тура жолды таңдап,сол бағытта жүріп кетеді. Солай келе жатып бір қапшық тауып алды.Іші толған алтын мен күміс екен.

Ұста «Ойпыр-ай,бақыт деген осы екен ғой»деп қапшықты алады да,бірден қалаға тартады. Қаланы аралап жүріп ең үлкен әдемі үйді сатып алады. Қымбат киімдер алып,риза болып,бақытын күтеді. Күміс ыдыстан тамақтанып, ақшасын оңды-солды жұмсап, қыдырып, не істегісі келсе соны істеп, күндері өтіп жатады. Арасында «Менде керектің бәрі бар,бірақ бақытты емеспін ғой, тасқа жазылған сөз өтірік болғаны ма?» деп ойлап қояды.

Ұста мазасызданып, ұйқы жоқ,күлкі жоқ, уайымға салынады.Түнде ұйықтай алмай, ауылын есіне түсіріп, мейірімді әке-шешесін, жас әйелін, бала-шағасын сағынып, көңілі қамығады. Жылап жібереді. Әке-шешесін құшақтап, әйеліне, балаларына жылы сөзін айтып,солармен қауышқысы келеді.

Ұста «түсіндім,тасқа жазылған сөз дұрыс екен»деп шешеді. «Ақымақ басым,қолымда барды бағаламаппын ғой,бәрі қасымда болыпты ғой»,-деп тез-тез жиналып ,үйіне қарай шапқан аттай зымырайды. Саяхаттың пайдасы осы болды.

20151013_115923.jpg 20151013_124926.jpg

Коучинг өту кезінен



20151013_121528.jpg 20151013_121817.jpg

I:\mDQhpWfhv54 - копия (9).jpgӨз-өзіңізді толық білесіз бе? Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас!

Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!


1. Ақ қой. Сіз өмірге құмар адамсыз. Сізбен адамдар оңай сөйлесе алады. Сіз әрқашан күлімсіреп жүресіз, бірақ ішіңіздегі қайғыларыңызды көрсетпейсіз. Сізді бәрі жақсы көреді.

2. Қоңыр қой. Сіз қызғаншақсыз. Өзіңіздің заттарыңызды басқаларға бере алмайсыз. Махабатта да, сіздің сүйіктіңізге басқалар қараса да ұрыс шығарасыз. Бірақ сіздің мінезіңізге бола сізді жан достарыңыз қатты жақсы көреді.

3. Жасыл қой. Сіз көңілді адамсыз. Адамдарға тез сеніп қаласыз. Бірақ сіздің сыпайылығыңызбен қолданып адамдар көп жылатады. Сіз бүкіл әлемді сүйесіз. Барлық адамдар сіз үшін бауырлар.

4. Қара қой. Сіз адал жансыз. Бір жанды өмір бойы сүйіп өте аласыз. Сіз ешкімді алдамауға тырысасыз. Бірақ өтірік айтуға шеберсіз. 

5. Көк қой. Сіз реалистсіз. Әлемге ашық көзбен қарайсыз. Сіз өтірікті тез біліп қоясыз. Көбісі сізге ұқсағысы келеді.

6. Қызыл қой. Сіз энергияға толы жансыз. Сіз кез келген жұмысты тез әрі сапалы істей аласыз. Көбісі сізден үйреніп жүреді. Сіз ешнәрседен қорықпайсыз.

7. Қызғылт қой. Сіз өте ашық жансыз. Сіз сыйлықтар таратуды жақсы көресіз. Сүйгенде өте қатты сүйіп қаласыз, ал махаббатыңыз жауапсыз болса өз-өзіңізді жылатып азап шегесіз.

8. Сұр қой. Сіз жуас жансыз. Сізде өте аз дос бар. Бірақ достарыңыз өте адал. Сізге жамандық жасаса, сіз оны кешіре саласыз. Сіз жалғыздықты жақсы көресіз.

9. Қызғылт-сары қой. Сіз өте намысшыл жансыз. Сіз жамандықты ешқашан кешірмейсіз.Ал керекті кезде жамандықты екі есе жамандықпен қайтарасыз. Адамдар сізді құрметтейді, бірақ қорқады.







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



28 жалпы орта мектебі



Бекітемін

Мектеп директоры:

Қ.Ж.Құрманбекова ____________

«13» қазан 2015жыл.

Коучинг үдерісінің тақырыбы: Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау







Коуч:Р.Сағынтайқызы





Шымкент қаласы 2015 ж.

Рефлексиялық есеп

«Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау»тақырыбында коучинг үдерісі қазан айында болып өтті. Тәлім алушыларым келіп отырған кейін,назарларын өзіме аудару үшін «Болжау стратегиясы» арқылы «Бақыт іздегенсаяхатшы»әңгімесін баяндай отырып, оқиғаның жалғасы қалай болды екен,сіздер қалай ойлайсыздар?дей отырып, өздеріне айтқыза отырып,оқиғаның жалғасы айтылды.Оқиғаның түйінінде ұстаның саяхаттай жүріп, бақыттың не екенін, яғни бақыт өзінің отбасы, ата-анасы, әйелі, бала-шағасы екенін, оларды бағалай алмағанын түсінеді. Әңгімені қорытындылай келе, айналамыздағы жақын адамдарымызды бағалай алуымыз керектігін ұғынды. Ал, қасымыздағы әріптестерімізді қалай бағалай аласыздар? деген сауалға тәлім алушылар «белсенділігін, шығармашылдығын,көшбасшылығын,адалдығын» деген сияқты бірнеше қасиеттерді санамалап берді.Сол бойымыздағы қасиеттер арқылы топтарға біріктірілді. «Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалау» тақырыбында таныстырылым көрсетілді.Критериалды бағалаудың мақсатын, ерекшелігін,атқаратын қызметін түсіндіре отырып, іс-тәжірибеде қалай қолданып жүргенін, мысалы 9 «Б»сыныбында қазақ тілі сабағында өлеңді мәнерлеп оқығанда оған қойылатын критерийді алдымен оқушылармен бірлесе отырып, жасап алғандығын дәлелдермен, видео арқылы оқушының өлеңді мәнерлеп оқып, нақышына келтіріп жаттағаны, әрі мағынасын түсіндіріп талдауы арқылы оқушы критерий арқылы өзін-өзі қалай бағалағаны көрсетілді. Сол сияқты 10 «Б» сыныбында қазақ тілі сабағында «Сөз қасиеті» тақырыбында жазған эсселеріне тоқталды.Эссеге қойылатын талаптарды ескеріп, оқушылардың жұмыстары үлгі ретінде көрсетілді. Бағалау критерийі қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып екіге бөлетінін, әрқайсысының атқарар міндетін, ерекшелігіне сипаттама берілді. Өмірден қарапайым мысалдар «Киім үлгілері» мен «Піскен нанды»дайындау үшін бірнеше кезеңдерден өтетіні, сол кезеңдерді қалыптастырушы бағалаудан кейін , ең соңында жиынтық бағалаумен бағаланатыны айтылды. Таныстырылым соңында тәлім алушыларға «Оқу үдерісінде бағалаудың қандай түрлерін қолданып жүрсіздер ?

Сабақта нені бағалайсыздар ? Ынтымақтастық орнату үшін қандай бағалауды қолданасыздар? Оқушыларыңыз сіздің бағалауыңызға толық келіседі ме, келіспеген жағдайда қандай әрекеттер жасайсыздар ?деген сауалдар қойылды. Тәлім алушылар өздерінің іс-тәжірибелерінде оқушыларды қалай бағалап жүргендерін айтып, ой бөлісті. Одан кейін «Емтихан» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянда көргендері туралы ой қозғап, пікірлерін ортаға салады. Сергіту сәті жүргізілді. « Өз-өзіңізді толық білесіз бе? Өзіңіз туралы шын мәліметті білгеніңіз артық болмас! Көзіңізге бірінші түскен қойды таңдап нәтижелерін көріңіз!»дей отырып,таңдаған қойлардың түстеріне қарай бойындағы мінездеріне әзіл-шыны аралас сипаттама берілді. Тақырыпты түсінікті болу үшін нақты тапсырма берілді. Келесі жылы мектебіміз күрделі жөндеуіне байланысты жаңа кабинеттің жобасын салу. Салынған кабинет суреті бойынша әр топ постерлерін қорғайтынын және әр топ бір-бірін бағалайтыны айтылды. Бағалау себептерін түсіндірді. Содан кейін барлық топтар «бағаланған кабинет жобасы» бойынша өздері ортақ бағалау критерийін жасады. Критерий бойынша қайта бағаланды. Тәлім алушылар сабағында тақырыпқа сай бағалау критерийін жасау керектігін ұғынды. Коучинг соңында «Тәлімгерге хат» түрінде коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын айтып эссе хат жазды. Коучинг қызықты, әрі мағыналы өтті.






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2141
Номер материала ДВ-292001
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

8 месяцев назад

Рахмет! Сізге шығармашылық табыс тілеймін!!!

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх