Инфоурок Математика СтатьиКРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Скачать материал

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Бүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне  оқушының білімін бағалауында  «бағалау» деген ұғымға  байланысты  әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі – критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзі – өзі бағалау, қабілеттік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. ( Александр 2001) [56 б] (мұғалімге арналған нұсқаулық).

«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар — қалыптастырушы және жиынтық бағалау.

Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Жалпы қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі  тапсырма деңгейіне сәйкес  5-10 минут  болуы мүмкін.

Осы тұрғыда айтатын болсақ, қалыптастырушы бағалау оқушыларды оқытуда  тұлғалық бағдарлық оқыту тәсілінің негізгі бөлігі. Сондықтан мұғалімнің орны да өзгереді. Тұлғалық бағдарлық технологиялар оқу үдерісін ұйымдастыруда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас негізінде іске асуына мүмкіндікашады. Бағалау үздіксіз жүріп отырады да, сапалы нәтижеге жылжу үдерісі бағаланады.  Тұлғалық бағдарлық оқыту:оқушыларды оқыту мақсаттары мен бағалау критериялары туралы ақпарат береді; критерияларға негізделген оқушылардың өзін-өзі бағалауы; оқушылардың әрі қарай жасайтын қадамдары мен оның іске асыруын анықтайтын кері байланыс қамтамасыз етеді.Бұл жерде бағалау үздіксіз жүріп жатады да, сапалы нәтижеге жететін процестің өзі бағаланады. Оқушылар өздерінің кемшіліктерін өздері түсініп, анықтай алады да,  мұғаліммен бірге  шешу жолдарын табады. Ең маңыздысы өз оқуын бақылауы мен бағалауы өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауына ауысады.

Өзін-өзі бағалауы

Қалыптастырушы бағалау  оқушының  өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауын қолдануын қарастырады. Бұл тәсілдер қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін арттыруын қалыптастырады. Оқышалар   өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау дағдыларын меңгеріп жатса, онда бағаның әділ қойылғанына күмін болмайды. Бірақ баға сезім негізінде қойылмай, тек белгіленген критерийлер негізінде қойылуын оқушыларға түсіндіргені дұрыс.Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың мәні  — оқыту үдерісінде мақсат қойылыпбағалау критерийлер түсінікті болғанда ғана оқушылар өздерін бағалай алады.

Сабақ өткізу барысында тапсырманың мақсаттары мен бағалау критерийлері жөнінде ескеріп отырамын, өзін-өзі бағалауына  уақыт қалдырамын. Оқушылар мақсаттарды және критерийлерді анық көру үшін тақтаның бұрышына немесе плакатқа жазып қоямын.  Жұмыстарды тексеру алдында оқушыларға бағалау критерийлерін қайта ескертемін және соның негізінде өз жұмысын тексеріп,  аяқтап тапсырады.

Мысалы төмендегі кестеде топтық жұмыстан кейін әр оқушы өзінің жұмысын анық көреді.  «Менін күн тәртібім» тақырыбы бойынша постерге сурет салып, күн тәртібін жазған.

Кестеде келтірілген бағалау түрін қолдану кезінде оқушы мен мұғалінің қойған балдарының айырмашылы үлкен болмайды. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмысын бағалауы емес, сонымен бірге туындаған проблемаларды өздігінен анықтау мен шешу жолдары.

Оқушылардың өзара бағалауы

Өзара бағалау барысында оқушы  басқа оқушының  жұмысын тексереді.  Оның  жақсы немесе жаман жақтарын көріп, өзінің жұмысын да талдау  жүргізе алады. Бірақ мұғалім оқушыларға тексеретін оқушының өзін емес, оның жұмысын тексеру керектігін еске түсіріп отыру тиіс. Мысалы:

«Тазалықты сақта» тақырыбын өту барысында, оқушыларға «Екі жұлдыз және бір тілек»тәсілі арқылы әр оқушыға өз сыныптасының жұмысын тексеруге берілді.  Оқушылар жұмыстарын бағаламай жай ғана екі сәтті жағдайды жұлдызбен белгіледі (екі жұлдыз) және, оның ойынша, қайта қарастыратын жағдайға түсініктеме беріп, тілек білдірді. Оқушылардың кері байланысы ауызша  да  жазбаша берілді. Әр оқушы өзінің жұмысына түсініктеме алды және  мұғалім «тілекті» дұрыс  орындауына уақыт беріледі.

Критериалды бағалауды енгізуде рубрикакритерийлер, дескрипторлар деген ұғымдармен танысамыз.

Рубрика немесе рубрикаторлар (бағалау кезінде қолданатын нұсқаулықтар) бағалау үдерісін анық, түсінікті және кез келген критериялар бойынша  балдары не үшін қойылғанын түсіндіреді. Осы рубрикаларда оқушыңын өзі емес, оның жүмысының сипаттамасы бағалануы тиіс.

Критерий – оқушының әртүрлі қызметінің тізімі.

Дескрипторлароқушының кез келген критерийлер бойынша ең жақсы нәтижеге жеткізетін барлық қадамдарын ретімен көрсетеді және оларды белгілі балдар санымен бағалайды.

Рубрика  — критерий- дескрипторлар. Рубрикалар балалар не үшін оқитынын, критерийлер нені үйрену керектігін , ал дескрипторлар оны қалай істеу керектігін көрсетеді.

Мысалы, өзтәжірибемде қолданып жүрген диалог құрастыруда бағалайтын дескрипторларүлгісі.

Оқушылар оларға ұсынған критерийілер арқылы жұмыс орындаса, мұғалім осыдан алған мәліметтерді бағалауда қолданады.

Егерде бұдан да қиын тапсырмалар берілсе, онда талдау жасау дұрыс болады.  Талдау үшін орындалатын жұмыстың кез келген аспектісін жеке сипаттайды және «жіңішке» кері байланысты  іске асырылуына мүмкіндік туғызатын рубрикалар әзірлеуді ұсынылады. Рубрикалар оқушылармен бірге оқу мақсаттары мен оның критерияларын дайындауын қамтамасыз етеді.

Сабақ барысында бағалау критерийілерін дайындау  кезінде оқушылармен бірге  дайындалып жатса, онда олардың нәтижеге жету  үшін жауапкершіліктері артып, бағалау үдерісіне қызығушылықтары өседі. Критерийлер  дайындау кезінде сабақтың мақсаттары мен мазмұны жөнінде ұмытпағаны жөн.

Аралық жұмыстар бағалау үшін дайындаған критерийлер (қалыптастырушы бағалау), мақсатта белгіленгені ғана сипатталып, бағалануы тиіс.

Критериалды бағалау жүйесі:

·         оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;

·         әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;

·         оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;

·         оқыту сапасын жақсарту;

·         оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.

Критериалдық бағалаудың мәнін түсіндіру үшін келесі практикалық  әдіс-тәсілдерін қолдануын тиімді деп ойлаймын:

·         мұғалімнің сабақ басында оқытудың мақсаттарын түсіндіруі- тақтада жазып қою немесе қойылған оқу мақсаттарды ауызша жеткізу;

·         мұғалімнің сабақтың тиісті бағалау критерияларын белгілеу (тым көп болмау тиіс) және оны оқушыларға жеткізу. Оны тұжырымдап жеткізудің сапасы Сізге байланысты, бірақ оқушыларға түсінікті болатын тілді пайдалану қажет. Бұл критериалар оқушылармен сабақтың басында талқыланып, оқытудың мақсатына жету үшін және «табысқа қадамдарын» көрсететін ең басты мақсаты және негізгі білімдерді бектіту үшін барлық сабақ бойы қолданылады;

·         оқыту туралы сөйлесуде қолданатын негізгі сөздері бар карточкалар мен плакаттар әзірлеу – ол нақты пәнге байланысты арнайы сөздер немесе мәнмәтінге байланысты әртүрлі түсіндірілген жалпы сөздер болуы мүмкін, мысалы сипаттаңдар, түсіндіріңдер, бағалаңдар;

·         оқушылардың жұмысына көмек көрсету үшін жоспарлау/жазу үшін шеңбер әзірлеу;

·         бағалаудың әртүрлі критерияларын көрсету үшін;

·         оқушылардың өздері әзірлеген тест/тапсырмаларын жобалау үшін мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

·         оқушыларды бағалау рубрикалармен жұмыс істеуге үйрету.

Критерийлер  дайындауында мұғалім мен оқушылардың бірігіп  жасау тәртібі.

·         Сабақ, тарау, бөлім оқу алдында оқушыларға мақсаттар мен міндеттерін жариялаңдар.

·         Кез келген оқушыға жұмысты бағалау үшін бір-екі критерийлерді жазып беруді  сұраңыз.

·         Оқушылар ұсынған критерийлерді тақтаға жазып қойыңдар.

·         Ұсынған критерийлер барлық оқушылар түсінікті екеніне көз жеткізіңіз.

·         Критерийлерді маңыздылығы бойынша орналастырыңдар.

·         Тиімді құрастырылған бағалау критерийлері және олардың градациясы оқушыларға ненің қалай бағаланатынын көрсетеді, және жұмысты орындау барысында оқушылар үшін жақсы нұсқаулық.

·         Бағалау критерийлері нақтырақ болған сайын, оқушы тапсырманы қалай сәтті орындау керектігін түсінеді.

Әрі қарай оқушылардың жұмыстары дайындаған критерийлер бойынша бағалануы тиіс.

Кері байланыс ауызша немесе жазбаша орындауға болады

Кері байланыстың  құралы ретінде: жазбаша ұсыныстар, бақылау, сауалнамалар,өзін-өзі бағалайтын  күнделік/жорналдар т.б., болуы мүмкін.

·         оқушы үшін – ол өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін түсінуге және алға жылжу үшін нақты ұсыныстар түрінде ақпарат  алуына көмектеседі;

·         мұғалім үшін – ол оқытудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін ақпаратты алу және өзінің сабақ беру әдіс-тәсілдерін жақсарту үшін өзгерістерді еңгізе алады (жаңа әдістер, оқыту техникалары, сабақтың уақытын басқаша бөлу және т.б.).

Оқушының кез келген тапсырмасын тексеру кезінде мұғалім оның кемшіліктерін  қана түзеп қоймай, қай жерін түзету керектігін түсіндіріп жазып берсе, оқушы өзі де қызығып, қатесін түзетуге тырысады. Бұл жерде мұғалім баға қоймайды, оқушының өзі түзегеннен кейін ғана баға қойылғаны жөн, өйткені оқушының өзін-өзі оқытуына ұмтылып, табысқа жетеді және мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс  іске асырылады.

Кері байланыс келесі түрде айтылуы мүмкін:

Оқушы дұрыс жауап берсе: «я, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «бәрі дұрыс», «Албина, жарайсың сен сұраққа  нақты және толық  жауап бердің»..

Оқушы дұрыс жауап бере алмаса: «жауапқа жақын, бірақ  нақты емес»,«тағы  да ойланып көр», «жақсы бастадың, бірақ  бірге ойланып көрейік», «Марат  осылай деп ойлайды, ал сендер қалай  ойлайсыңдар?», «Осы жерде қате бар, тағы бір рет оқып көріңдер» т.б. Мұғалім оқушының жауабына: «дұрыс емес», «осындай жауап бола ма?» т.б. деген сияқты сөздермен сынамау тиіс, өйткені ондай қылықтар оқушының жеке басына тиеді.

Тәжірибелік маңыздылығы

Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:

·         жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

·         оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

·         бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

·         өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды  жеткізу үшін  оқушыға нақты  бағалау алгоритімі белгілі.

·         оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау:

Мұғалімдерге:

1.      Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2.      Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3.      Білім беру сапасын арттыруға;

4.      Оқытудың сапасын жақсартуға;

5.      Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6.      Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7.      Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

1.      Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әректінің типтерін қолдануға;

2.      Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3.      Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4.      Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық

жұмыстарда қолдануға болады.

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.

Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар аударып отырған дұрыс.

Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.

Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.

Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек. Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір

алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды.

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау

Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау

критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез көрсете алуы мүмкін.

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:

- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?

- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:

- Сіз қазір не істеп жатырсыз?

- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?

- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:

• жаңа идеяны тұжырымдауды;

• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

• идеяларды бағалауды;__

Кері байланыс беру

Кері байланыс сабақтың əр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара əрекет етуін жүзеге асыруға, нəтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты əрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:

• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;

• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;

• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;

• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға

ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.      Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

2.      Современные средства оценивания результатов обучения: Учебное пособие /Сост. Е.В.Телеева - Шадринск: Изд-во Шадрин. пединст-та, 2009.

3.      Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Бүгінгі күні мұғалімнің тәжірибесіне оқушының білімін бағалауында «бағалау» деген ұғымға байланысты әр қилы өзіндік жаналықтыр енгізілуде. Соның бірі – критериалды бағалау. Критериалды бағалау жүйесі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, білім сапасын арттыру, тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі. Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзі – өзі бағалау, қабілеттік және күш

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2018 26906
    • DOCX 34 кбайт
    • 284 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жантенова Жадыра Ескермесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жантенова Жадыра Ескермесовна
    Жантенова Жадыра Ескермесовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30129
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 432 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 548 человек

Курс повышения квалификации

Реализация межпредметных связей при обучении математике в системе основного и среднего общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 94 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе