Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Көркем әдебиет " Біздің балабақшада"

Көркем әдебиет " Біздің балабақшада"

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Сәрсенбі: 11.09.2013ж

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Біздің балабақшада»

Мақсаты: Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту; ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту; құрмет пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Балабақшам менің

Жаңа қадам жасадым,

Қош болып тұр, бесігім.

Мен қуанып ашамын,

Балабақша есігін.

Қ-сы

Әлдилеген елім,

Сәбиіңмін сенің.

Сәбиіңмін сенің,

Балабақшам менің.

Айтып бере тәтелер

Әсем өлең, жақсы аңыз.

Ойыншықтар әперер

Қандай жақсы бақшамыз.

Балалар шеңбер болып тұрады, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой пікірімізді ортаға салайық.

-Осы балабақшада сендер не үйрендіңдер, соны айтып бере аласыңдар ма?

-Сендер көп нәрсені осы балабақшадан үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан, «Балабақша-өз үйім» деп айта аласыңдар.

-Ал сендер қалай ойлайсыңдар, балабақша деген атау не үшін берілген?

«Балабақша»-бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жеміс ағаштары өссе, ал, балабақшада Отанымыздың жас ұландары-сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңд және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар.

-Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл-екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз-осы үйдің гүліміз,

Біз-осы үйдің сәніміз.

Сұрақ-жауап:

-Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?

-Сендерге балабақша несімен ұнайды?

Балалардың жауабын тыңдап, қорытындылау.

-Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл-біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз.

Тыныштық сәті (баяу әнмен)

Кірпігімізді төмен түсірсек

Көзіміз жұмылады.

Таза ауада еркін тыныстаймыз!

Ғажап қана ұйықтасақ,

Шаршағанымыз ұмытылып,

Денеміз босаңсиды.

Күн жылына бастады,

Қыстың соңғы күндерінде

Арықтардан су ағып,

Қар ери бастады.

Түн болды!

Аспанда әдемі жұлдыздар жарқырап,

Жайнап шыға келді.

Таң атты! Күн шықты! Көктем келді!

Күннің сәулесі жарқырап,

Денемізді жылытты.

Алғашқы бәйшешек гүл ашып,

Жұпар иісін ауаға таратып,

Жымиып күліп, күнге қарай созылады.

Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар!

Оянатын сәт келді, оянамыз, тұрамыз,

Керілеміз, күлімдейміз,

Бәрекелді қандай тамаша!

Сергіту сәті

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

Жай, жай, жай!

Қозғап барлық денені,

Қолды қатты соқ енді:
сарт, сарт, сарт!

Тықылдатып таяқты,

Ақырын бас аяқты:

Жай, жай, жай!

Айтқан кезде өлеңді,

Қатты басқын еденді:

Тарс, тарс, тарс!

Шығармашылық жұмыс

«Балабақша ауласын безендіру»



Би билеуге, сурет салуға, ән айтуға, көптеген жақсы нәрелерге үйрендік.





Балалардың жауабы.



























Балабақша

















Түрлі жауаптар айтылады.



















Балалар қимылдарды жасай отырып сергиді.

































































Балалар өз ойларынан балабақша ауласының суретін салады.


Рефлекциялық-түзетушілік

Қорытындылау

Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз.

Брге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайды.


Күтілетін нәтижелер:

Біледі: балабақшдағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын;

Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын;

Меңгереді: өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды.




Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров978
Номер материала ДВ-336093
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх