Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Көркем Әдебиет "Көктем сәні" ертегі

Көркем Әдебиет "Көктем сәні" ертегі

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


Солтүстік-Қазақстан облысы Ақжар ауданы Горьковский селосы Горьковский орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Токбаева Х.


Оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Көктем сәні» ертегі

Мақсаты: Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: жабайы аңдардың суреттері, слайдтар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың ісс-әтекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Балалар шаттық шеңберге тұрады. Қосылып айтады:

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

Табиғатты аялап, қорғасақ, өз денсаулығымызды қорғағанымыз.

Ұйымдастыыру-ізденіс.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем).

Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш ай).

Айлардың атын атаңдаршы. (Наурыз, сәір, мамыр).

Балалар, көктем келгенде бүкіл тіршілік жан-жануарлар, адамдар неге қуанады?

Жер бетіндегі қар еріп, күн жылына бастайды. Гүл шығады, жеміс ағаштары гүлдейді, мал төлдейді. Әрбір жыл мезгілі өз сәнімен ерекшеленеді. Жазда ыстық, күзде суық, қыста қар, көктемде жасыл болады.

Бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде «Көктем сәні»деген ертегіні оқимыз.

Таң атты.Барлық жан-жануар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Айнала көз салды.

-Жар салдыр,-дейді Жолбарысқа. Аң біткен жиналсын...


hello_html_4aa0b911.pnghello_html_631f026d.png



hello_html_79ca40f9.png

Шалқыған көңіл-ұйымшыл, досы көп болады.

hello_html_m3013a115.pnghello_html_6284c49c.png

Жасыл желек-ну орман, өсімдік, табиғат сәні. Гүл -өмірдің сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.


hello_html_39e0cd7c.pnghello_html_m41a55f45.png


Күлкі-көңіл ажары. Ашық аспан.



hello_html_35a10560.pnghello_html_m4a10c2f0.png




Жаңбыр-табиғатқа сән береді, егін өседі. Адамдардың еңбектенуі.

hello_html_493e0e93.pnghello_html_4dbecebb.png




Жылылық-қоршаған орта, өседі, өнеді, көбейеді. Хош иіс-раханаттасың, демаласың.

hello_html_m26b2417f.pnghello_html_m432508b9.png


Балалар, сендер көктем сәні не деп ойлайсыңдар? (балалардың жауаптары).

Сергіту сәті:

Бұғының үлкен үйі бар,

Терезеден қарайды ол

Қоян жүгіріп келеді,

Бұғының үйін көреді

Тық-тық, досым, есік аш,

Ана орманда аңшы қаш,

Қоян, қоян келе ғой,

Қолыңды маған бере ғой.

Дидактикалық ойын: «Кім тез құрастырады?».

Мақсаты: ойлауды, бөлшектерден тұтасты құрай алу іскерлігін дамыту.

Ойын шарты: Әрбір балаға конверт. Конверттің ішінде аңдардың, жануарлардың қиылған денелері, сол бөлшектерден тұтас сурет құрау.

Аңдар туралы жұмбақтар жасыру.


Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. Аю


Қаймықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. Піл

Қалдырмай баласын бір елі,

Қалтаға салып ап жүреді. Кенгуру


Қуы екен аңдардың,

Бір сәтте алдандым. Түлкі


Денесі жолақ-жолақ,

Есекке ұқсайды. Ол қандай жануар? Зебр


Киім киген инеден,

Қорқып ешкім тимеген. Кірпі



Қорытынды: Көктем сәні-ол гүлдер, көбелектер, алғашқы ұшып келген құстар, күннің жылуы.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров325
Номер материала ДВ-521623
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх