Инфоурок Другое Другие методич. материалыКөрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары

Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары

Скачать материал

 

 Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары

 

Мақсаты: Көрнекіліктің сабақ мақсатына байланысты пайдалану жолдарын ұғындыру.

1.Көрнекілік түрлері туралы мағлұмат.

2.Көрнекілік түрлері

 Негізгі  ұғымдар:көрнекілік, көру, есту көрнекілігі, жинақтау.

       Оқу‑әдістемелік кешеннің бір бөлігі ретінде көрнекілік құралдары пән мазмұнының, оның ұйымдастырылуы мен оқу‑тәрбие жүйесінің біртұтастығын талап етеді. “Көрнекілік” дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: “көрнекілік – оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным” деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.

       Көрнекілік  пәнді  оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:

- көру көрнекіліктері және есту көрнекіліктері.

Көру көрнекіліктеріне сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер, экранды және техникалық құралдар жатады.Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек. Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ақпарат, көрнекілік тұрғысында қабылдауына әсер ету керек. Көрнекілік түрін мұғалім сабақтың нақты мақсатына сай әзірлеп, оны сабақтың тиісті бөлігінде қолданып отырады. Оқушы көрнекілік арқылы сол  пәннің  қоршаған ортамен байланыстылығы туралы, өтіліп жатқан материал жөнінде жан‑жақты мағлұмат алады.

          Қазіргі уақытта мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі бола жүріп мынадай басты міндеттерді алға қойдым:бүлдіршіндердің ой-өрісін, іс-қимылын,логикалық ойлауын, жалпы жан-жақты қабілетін дамыту. Баяндамада оқылып кеткендей топтастыру әдісін пайдаланамын. Ол үшін сол тақырыпқа байланысты қиынды суреттер жинап, топтастырамын.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті - қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады.  Өз тәжірибемнен байқағанымдай бала сөйлей бастасымен өзінің мекен-жайын, телефон нөмірін жаттай бастайды.Міне сан, санау осыдан 
басталатыны анық. Сол сияқты балаларға 1-10ға дейінгі сандарды таныстырып,ойындарды ойнатуға болады. мысалы:"өз  орныңды тап","жоғалған сандар","көршісін ата",""т.б

Уақытпен  таныстырғанда  картон қағаздан жасалған  сағатты  пайдаланамын.Сағаттың тілін санға апарып  уақытты және мезгілді айтады. Мысалы:сағат  түскі  1 болды.Кешкі 6-да тамақтанамыз. Санның құрамын табуға картон қағаздан жасалған  гүл немесе үйді пайдаланамын. Геометриялық пішіндермен таныстырғанда  дәннің қорабынан жасалған корапқа 5 түрлі пішінді он данадан салып қойып, оларды  салыстыруға санауға және түсін ажыратуға болады.

Сауат ашудан көбіне үлестірмелі қима қағаздарды пайдаланамын.Балалардың бос отырмауы үшін осы қима қағаздарды беріп сөздер жаздырамын. Кубикті лақтыру арқылы әріптен сөздер құрастыруға , суреттерді көру арқылы әңгімелеуге үйренеді.

Жыл мезгілдері , үй және жабайы жануарлары,  құстарға арналған папкілерді бастап  ішін суреттерге толтырып  көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.Сөзжұмбақ ребустарды интернеттен алғаннан гөрі қолдан салып балаларға көрсетсе анық көрінеді.Сабақта тақырыпқа байланысты постерлер пайдалану балалардың білімін бекітуде тиімді әдіс болып табылады.

Мақал- мәтел жұмбақ тыйым сөздер сергіту сәттерін кітапша етіп шығарып керек кезінде қарап пайдалануға болады.

Заң талаптары негізінде бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы – ұрпағы екені белгілі. Олай болса тілінің қасиетін, туған жерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бала бойына жеткізе білу әрбір тәрбиешінің басты борышы, сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары, саналы дейінгі балалардың қарапайым азамат ретінде қалыптастыратын алғашқы баспалдақ –балабақша және мектеп алды дайындық сыныптары

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Көрнекіліктің түрлері және оны пайдалану жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 574 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 45690
    • DOCX 16.5 кбайт
    • 272 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азанова Жанар Алимбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Азанова Жанар Алимбаевна
    Азанова Жанар Алимбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46810
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 12 регионов

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе