Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Көрініс "Біржан сал Абай ауылында" 6 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Көрініс "Біржан сал Абай ауылында" 6 сынып

библиотека
материалов

hello_html_721e8eb8.jpg

Камкиева Айгүл Қабылқайырқызы 1986 жылы А.С.Пушкин атындағы«Құрмет белгісі» орденді Орал қалалық педагогикалық институтының филология

факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Круглоозерный ОЖББ мектебінде жұмыс жасап келеді.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін Айгүл Қабылқайырқызы - саяси-идеялық теориялық білімі терең, оқытудың жаңа

педагогикалық технологияларын жетік меңгерген ұстаз.

Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің жетекшісі, қазақ тілі кабинетінің меңгерушісі, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің шығармашылық топ құрамына мүше.

Үздіксіз ізденіс үстінде жүретін тәжірибелі ұстаз "Қазақ тілі мен әдебиеті

сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, танымдық

белсенділіктерін арттыру" ізденіс тақырыбындағы өз тәжірибесін қалалық озат

тәжірибе мектебі, жас ұстаздар мектебі тыңдаушыларымен үнемі бөлісіп отырады.

Қала көлемінде таратылған 5 -сыныпқа арналған «Сөз сыры» факультативтік

курс бағдарламасының авторы. Әсіресе, шығармашыл ұстаздың ақын –жазушылар-дың шығармаларынан мектеп сахнасына лайықтап әзірлеген шағын қойылымдары өте әсерлі шығады. Мысалы, «Махамбет», «Бүркітші», «Біржан сал Абай аулында»т.б.

Сол қойылымдардың біреуі ұсынылып отыр. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман –эпопеясынан.

Біржан сал Абай аулында


Абайдың отауы.Төрде қонақ- Біржан сал, Базаралы, Абай, Әйгерім, қыз- келіншек-тер (інісі Әмір,Жиренше,Үмітей,Әкімқожа ,Керімбала,Оралбай), 1-2 кимешек киген қартаң әйелдер. Ән айтылып жатыр.

Абай (Біржанға қарап):-Өзгені не қылайын ,Біржан аға, ел мақтаған бір ақын

болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленіп байды сауып,сөз қадірін кетірген. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Ондайлар ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдан арзан етеді. Сен әнді керісінше босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының өзі қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр.


Біржан:- Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!


Абай:-Бай боп, қадірлі болмайды, жігіт өнерлі боп, қадірлі болады. Өнерлі болсаң өр бол, дейді , Біржан аға! Жалқы бол, жарлы бол, ол-кемшілік емес. Өнерлі ақын, асқақ әнші болсаң-ел көңіліндегі мұңды айтып, көзіндегі жасты тыйсаң, сенен қадірлісі болмас!


Біржан : Айтқышсың ау, Абай!

(Қолындағы домбырасын қағып-қағып жіберіп, “Жанботаны” шырқауға кірісті).

Ән аяқтала бергенде жастар шуылдасып,қошемет көрсетті.

--Жарайсың!

- О-хо, бәрекелде!

-Бұлай айтпасаң, Біржан болармысың!


Жиренше:-Аты қалған деген осы емес пе, мына әнші болам деген өңшең жалынды жас екі айдан бері еріп жүріп, Біржан әнін үйренген екен. Енді сол үйренгенін ұмытар емес. Әніңді ұмытпаса, айтушысы Біржанды ұмытар ма!?

(Әмірге қарап)-Ал,Әмір, бар өнеріңді сал ортаға!


Біржан:- “Жиырма беске” бас , жігітім!

Әмір шырқап кетті. Ән аяқталған соң.

Абай: -Мынау марқұм ағам Құдайбердінің баласы-Әмірді. Тобықтының шетіне Біржан келді дегенді естіп, ” бар, көріп кел, шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Еркімен көсілтіп ойын сауық ет. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын, мен де көрейін” деп мен жіберіп едім . Қателеспеген екенмін.

Домбыра қыдыра жағалап, Үмітейге жетті. Ол іркілмей Біжанның “Баянауылына” шырқап кетті.


-Үмітей ,жарадың!

-Тағы бір ән салшы!

(Үмітей жұртқа қарап, ашық үнмен)

Үмітей: -Ән, жағалап әншісіне де келіп қапты-ау! (Әйгерімге қарап) – Қане енді өзің айт!

Есік жақта тұрған қартаң әйелдер:-Келін, келін айытсын!

Әйгерім (ұяла Үмітейге қарап): -Қойшы, қалқам, лайық емес…

Абай: -Сенің де кезегіңнен қалатын жөнің жоқ.Тым құрыса ауылдың алты ауызы болсын!

(Әгерім ән салды)---------«Татьянаның қырдағы әні»

Жиренше:- Жаным –ау,Әйгерімнің үні осы қызыл көмейінің үні ме, жоқ бейіштің үні ме?!


Біржан: Ән салса, осы Әйгерімдей салсын да!


Абай(орнынан тұрып):- Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!..

Біржан (Абайды ықыласпен тыңдап отырып): - Абайжан, менің әнім саған жақсы қозғау салды деуші едің. Керісінше , бүгін сен ән туралы біз елемей жүрген түкпірді аштың. Мен саған тағы борышты болдым ғой.

Абай:- Ендеше, мүддеміз бір жерден шыққан екен. Біржан аға, тірлікте басқа шауып, төске өрлеген өнерді ғана қадірлейік! Рас, өнер жолында жалғыздық көруіңіз хақ. Алайда, сол өнер жақсылықтың бастауы екенін ұмытпайық!

(Екеуі тұрып құшақтасады. Сыртқа шығады , жастар да еріп шығады. Ұлжан келеді .Қасында

1-2 әйел.)

Ұлжан: -Ауылыма келіп, мұндағы үлкен аға, кіші ініні өнеріңе қарық қылып барасың. Қайда жүрсең, жолың болсын! Өнерің, қадірің ассын шырағым! Біздің апа, жеңге боп саған ұсынар жол-жоралғымызды қабыл ал. Ырзалықпен аттан! Ана тұрған сары жорға Абайдың тартуы, игілігіңе мін.

(Қоржынға толы сый-сияпат береді. )

Біржан:- Ұл –қызыңның қызығын көр , жақсы ана! Еліңде көрген сый-құрметім қайда жүрсем де есімде болар. Құдай ырза, мен ырза!

(Ұлжанмен , басқалармен қол алысып , құшақтасып қоштасады)

Біржан:-Ал, Әмір, өзің бастап, Әйгерім, Үмітей қостап, бір ән шырқап жіберіңдер! Менімен қоштасқандарың болсын, асыл інілерім!

(Бәрі қосылып Біржананның немесе Абайдың бір әнін шырқайды. Біржан шыға береді.)


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Абайдың отауы.Төрде қонақ- Біржан сал, Базаралы, Абай, Әйгерім, қыз- келіншек-тер (інісі Әмір,Жиренше,Үмітей,Әкімқожа ,Керімбала,Оралбай), 1-2  кимешек киген қартаң әйелдер. Ән айтылып жатыр.

Абай (Біржанға қарап):-Өзгені не қылайын ,Біржан аға, ел мақтаған бір ақын

 

болушы еді. Тілін безеп, жанын жалдап, тіленіп байды сауып,сөз қадірін кетірген. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің қосшысы. Ондайлар ән қадірін түсіріп, бір атым насыбайдан арзан етеді. Сен әнді керісінше босағадан өрлетіп, төрге шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының өзі қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр.

Автор
Дата добавления 26.11.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров3105
Номер материала 155927
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх