Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Круглый стол на тему "Баланың жан дүниесін түсінемізбе?"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Круглый стол на тему "Баланың жан дүниесін түсінемізбе?"

библиотека
материалов

Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Ынтымақ ауылындағы орта мектеп» КММ


Бекітемін

Мектеп директоры Калыбаева А.Д












Тәрбие деген тәңір бар


(ата-аналармен дөңгелек үстел )


















2015-2016 оқу жылы



Мақсаты: Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, жас ұрпақтың дамуына бірігіп ықпал ету жағдайларын туғызу. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Түрі: дөңгелек үстел отырысы

Күн тәртібінде:

  1. Ашылуы. Кіріспе сөз

  2. Проблемалық сұрақтар төңірегінде пікіралысу

  3. Баланың ата-анасына жазған хатын оқу арқылы сырласу сәті

  4. Психологиялық тест

  5. Жиынды қорыту


І. Мұғалім: Құрметті ақылдың кенін арқалаған ата-аналар! Бүгінгі «Тәрбие деген тәңір бар» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі отырысымызды Мұзафар Әлімбаевтің мынадай өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

-Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе –ау

Болмаса да топ жарған дана бөтен,

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?...

... Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен!

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, қайтсем де адам етем деген ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Барлығыңыз да «қайтсем де баламды адам етем» деп бала тәрбиелеп отырған бір-бір үйдің тірегі, ақылшысы, қамқоршысысыздар. Бала тәрбиесіндегі еңбектеріңізге сәттілік тілей отырып, дөңгелек үстел отырысын әрі қарай жалғастырайық.



/видеоролик/





Мұғалім:. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз:


1-қателік: «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» ;

2-қателік: «Не істесең оны істе, маған бәрібір»;

3-қателік: Аса қаталдық, яғни «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»;

4-қателік: Балаларды тым еркелету;

5-қателік: «Өкінішке орай саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»;

6-қателік: Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету;

7-қателік: Баланың ісіне көңіл –күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау т.с.с.


Қазіргі таңдағы жас ата-аналардың бала тәрбиесіне және ұстаздарға деген көзқарасы

«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. (Жүсіпбек Аймауытов)

Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата - ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата - анасы. Отбасы мен мектеп, ұстаз бен ата - ана, ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас мәселесі қашанда өзекті. Көп жағдайда осы мәселелерді күнделікті ағымдық проблемалардың аясында қарастырып, мән - маңызын төмендетіп алып та жатамыз. Оны шешудің жолдарын алыстан іздеп адасамыз. Шын мәнінде оны шешу жолдары өзімізден, сіз бен бізден басталатынын естен шығарып аламыз.

Ата - ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке деген көзқарасы да сан алуан.
Әке - шешелеріміз айтып келе жатқан «Мұғалім көрсек, әрі ұялып, әрі қорқып сонау алыстан қашатынбыз» - деген сөздер әлі күнге дейін құлағымызда. Ол кісілердің уақытында мұғалімнің беделі жоғары болған. Өзіміз оқыған жылдары да мұғалімнің сөзінен қорқып, жиналыс болады деген күні ата - анамызға не айтар екен, жаман баға алып қалсақ, соны айтып қояр мекен деген қорқынышпен жүретін едік. Ал, қазір керек десең, мұғалім бетінен ала түсу, айтқан сөздерін жүре тыңдау, ата - аналар баласының көзінше мектеп жайлы, мұғалім жайлы жақсы - жаманды айту дағдыға айналған. Мұның бәрі балаға әсер ететіні анық. Бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға қандай жақсы мінезді іспен көрсету керек!»

Бүгінгі ата - ана баласын ұстаздан қорғап әлек болуда. Бұрын бізді әке - шешеміз мектепке «Сүйегі - менікі, еті - сенікі» деп беретін. Үйге келіп шағым айтсаң, өзіңе ұрысатын. Мұғалім ұрысты деп айтуға қорқатынбыз. Ал қазіргілер қит етсе болды, мектепке жетіп барады. Күннің атысынан кештің батысына дейін жұмыс қамымен жүріп, баласының немен айналысып жүргенін білмейтін ата - аналар жағдайдың байыбына келмей жатып, бәріне мұғалімді кінәләуға дайын болып тұрады.

-Қазір сіздердің алдарыңызға бірнеше сұрақтар ұсынылады.Осыған өз ойларыңызды,пікірлеріңізді қосып,дөңгелек үстел басындағы әңгімені жалғастырамыз.

1сұрақ. Мектептерде оқушы мұғалімге емес,мұғалім оқушыға,ата-анаға жалынатын кездер жиі кездеседі.Жалынбай қатқыл сөйлесе ,онсыз да жағдайы жоқ,ілдебайлап әрең жүрген оқушы сабаққа келмей қалады.Мұғалім екі қойды деп селт етіп жатқан оқушыны да,ата-ананы да көрмейсің.Есесіне ашу шақырып –Менің балама ұрса бересің,балам мектепке келгісі келмейді-деп бар кінәні мұғалімнен іздеп тұратын ата-аналар бар.Міне, осы сауал төңірегінде не айтар едіңіз?! Мүмкүндік болса өз заманыңызбен салыстыра кетсеңіз?

Ситуациялық сұрақтар

/сұрақ жауап/

Ата-аналармен тренинг /психолг/



Баланы бастан бақпасаң,

          Жамандықтан қақпасаң,

          Қадірден жұрдай қасқа боп,

         Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.



Балалармен сырласу сәті де келіп жеткен сияқты


Баланың ата –анасына жазған хатын оқу арқылы сырласу сәті














ІV. Қорытындылау

Мұғалім: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер –білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы, жаман болса бала, солардан,-деп Ж. Баласағұн айтпақшы, баланың дұрыс адам болып өсуі, ата-ана, сіз бен бізге байланысты. Сондықтан болашақ ұрпағымыздың ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтар, елін сүйер саналы азамат болып өсуі жолында аянбай еңбек ете берейік.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып «Тәрбие деген тәңір бар» атты дөңгелек үстел отырысын аяқтаймыз. Сау-саламатта болыңыздар!



5



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров122
Номер материала ДВ-394570
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх