Инфоурок Другое Другие методич. материалыКруглый стол на тему "Құқықтық тәрбие, құқықтық жігер"

Круглый стол на тему "Құқықтық тәрбие, құқықтық жігер"

Скачать материал

Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар!

 

«Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» атты дөңгелек үстелімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп.

Кешкенің өмір босқа тек – демекші баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ұстаз, ата-ана жоқ шығар.

Әрине бала тәрбиелеу-зор елеулі, сонымен бірге қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру,оның ақалын молайту., оны белгілі адами сапаға, көркемдік талағампаздыққа және талапқа баулу- бұдан да қиынырақ іс.

Бала тәрбие алатын негізгі орындар:

Отбасы

Балабақша

Мектеп

Жас адамды саналы есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы.

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана және отбасы.

Бүгінгі жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып жатқандығы жан қиналтады. Жастардың қатыгездікке, қылмысқа бойалдыруы заман проблемасына айналды. Сондықтан бүгінгі әңгіме жастар жөнінде болмақ.

Алғашқы сөз мектеп директоры Жорабекова Гулнар Молдақұлқызына беріледі.

Келесі сөз кезегі «Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, міндеттері және мазмұны» атты баяндамасымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиева Гульвира Кадырбекқызына беріледі.

Дөңгелек үстелімізді жүргізу үшін қатысушыларды 2 топқа бөліп алсақ және  2 топқа жетекшілер сайлап алайық.

1.     Топ ата-аналар 2. Оқушылар. Топтарға сәттілік тілейміз.

Ендігі кезекте бізге сарапшылар тобы қажет, ортамыздан сайлап алайық, яғни эксперт тобы.

Құқықбұзушылықтың 4 түрі бар:

1.     Қылмыс 2. Әкімшілік теріс қылық.

3.     Тәртіпсіздік 4. Азаматтық теріс қылық.

ІІ.жалпы сұрақ:

Дөңгелек үстеліміздің алғашқы бөлімі  Ой қозғау: «Қылмыс дегеніміз не?»

1.Қылмыс деген не? Топтар сұраққа жауап беруі тиіс

2. Қылмыс неден шығады? деген сұрақтарға  ассоциация жасау.

 

Пікіралысу

1.     Қатыгездік қайдан шығады?

2.     Балаларды қылмысқа итермелейтін не нәрсе?

Ортаға жұмбақ кейіпкерді  шақырайық. Жұмбақ кейіпкер сөз өзіңізде.

№1 кейіпкер:

«Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың шамалы» деп ұрсудан еш жалықпайды. Әке ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем көбінесе екеумізді бөлек тамақтандырады. Мен ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге түскім келеді. Не істерімді білмей жүрмін?»

Құрметті ата-аналар, оқушылар!  Жұмбақ кейіпкеріміздің ішкі сырымен таныстыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

№2  кейіпкер:

«Мен жанұяда жалғыз бала болдым. Сондықтан әке-шешем айтқанымды жасап ерке өсірді. Әке –шешем менен ешнәрсені аямады. Барлық зат оңайлықпен келетін болған соң өмірге жеңіл қарадым. Барлық бұзықтықты жасадым. Ақыр соңы темір тордың арғы бетінен шықтым. Түрмеге қамалдым, шығарып алатын әкем жоқ. Осы жерде ғана мен өз өмірімді бүлдіргеніме өкіндім. Айтыңыздаршы,  артқа қайтар жол бар ма?

Құрметті ата-аналар, оқушылар!  Жұмбақ кейіпкеріміздің ішкі сырымен таныстыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

№3  кейіпкер:

Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір-ақ елі жетпей қалушы еді. Оның алып келген 5-тік бағаларына  ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, «мектепке мереке күніне немесе «туған күнге баруым керек сол үшін » дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтары(темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл жайды әкесіне айттым. Әкесі өте қатал кісі. Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып ештеңе айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?

 

Сұрақ:

1.     Сіз бұған кімді кінәлайсыз?

2. Балаңыздың достары қандай балалар?

Ата-аналар мен балалардың пікірлері тыңдалады.

Қорытынды: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігер сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын-алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Круглый стол на тему "Құқықтық тәрбие, құқықтық жігер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 987 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 981
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Гульвира Кадырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Гульвира Кадырбековна
    Алиева Гульвира Кадырбековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21794
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции