Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Круглый стол на тему «Жасөспірім және заң»

Круглый стол на тему «Жасөспірім және заң»


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

«Жасөспірім және заң» (дөңгелек үстел)


Мақсаты: Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Міндеті: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету
Түрі: кездесу, пікірталас.

Әдісі: ашық әңгіме.

Тәрбие үрдісі: құқық бұзушылықтың алдын алу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнеролик, қанатты сөздер
Қатысушылар: белсенді қатысушылар: жауапты тәрбиеші, бейімдеу орталығы жоғары сынып тәрбиеленушілері, қалалық кәмелетке толмағандар істері бөлімшесінің маманы.

бейтарап қатысушылар: мекеме педагогтары, ата-аналар.

Алдын ала жұмыс: бос уақытта балалармен құқық туралы әңгімелер жүргізу.
Жүру барысы:

І. Құқық туралы жалпы түсінік
 
ІІ.«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу
ІІI. Мен заңды қаншалықты білемін?
ІV. Заңсыз арал
V. «Қызыл,сары-көк ауыл» ойыны
VI. Қылмыскер бала қайдан шығады?
VII. Қорытынды

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

І.
Құқық туралы түсінік
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)
Ауыл іші, түн, көп бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:- “Әй, бері кел” деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.
1.Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма ?
2. Кім қалай бұзды ?
3. Сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті?
 


ІІІ .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?” 
1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі сатылады.
2. Түнгі көшеде жастар айқайлап өлең айтып
  келе жатыр.
3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтып бермеді

ІV.“Заңсыз арал 
- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, не болар еді?
 
Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды. Ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тірлігіміз үшін қажет. “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды” деген Б.Момышұлының сөзін естен шығармайық.
 

V.“
Қызыл, сары, көк ауыл” ойыны 
Жер енді ғана жаратылған, адамдар бір бірімен дос, бауыр болыпты, бір-бірінен еш нәрсені аямапты. Бір. күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі қызылын, бірі көгін, енді бірі сарысын алыпты Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандары көк ауыл болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты. Біраз уақыттан соң әр ауыл достықты ұмытады. Көк ауылда су бар, азық жоқ, қызыл ауылда азық бар, су жоқ, Сары ауылда азық та, суда бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіңдер?

VI.“Қылмыскер бала қайдан шығады?” (балалардың пікірлері)

VII.
Қорытынды
Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Жаңа әлемде жаңа Қазақстан” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті





Автор
Дата добавления 20.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров31
Номер материала ДБ-277513
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх