Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Көсемше және оның түрлері 5-сынып

Көсемше және оның түрлері 5-сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Өздік етіс

Жарияланды 24-04-2013, 05:08 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сабақтың тақырыбы: Өздік етіс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістерді түсіндіре отырып, етістің бір түрі өздік етісті түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу.
Тәрбиелік: өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгінгі күннің ретін жазу.

Жаңа сабақ:
Қимылдың, іс - әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің өзіне қарай бағыттылғанын, оқу іс - әрекеті тікелей қимыл иесі(ол) арқылы емес, екінші бір иесі арқылы орындалғандығын білдіріп, ол мағыналар түбірге
– ын,- т,- ыл,, ыс жұрнақтары арқылы берілген.

Етістер төрт түрге бөлінеді:
1. Өздік етіс
2. Өзгелік етіс
3. Ырықсыз етіс
4. Ортақ етіс
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт - қыз - ба, ки - ін - бе, сөйле - с - пе, т. б.

Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.

Жаттығумен жұмыс:
238 - жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Ора - н - ды, көр - ін - ді, сез - ін - ді, жасыр - ын - ды, қара - н - ды, сыла - н - ды, тазала - н - ды, сүрт - ін - ді, ки - ін - ді, сал - ын - ды...

239 - жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Сүй - ін - ді, ки - ін - ген, ки - ін - іп, бу - ын - ып, түр - ін - іп.

240 - жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аударыңдар. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Көр - ін - ді, бүл - ін - ді, түй - ін - дік, тара - н - дық, қара - н - дық, ки - ін - іп, сый - ын - ып, без - ін - бей, ұр - ын - бай, тағ - ын - бай, жаста - н - бай, баста - н - бай...

Сабақты бекіту:
1. Етістің түрлерін ата.
2. Өздік етістің жұрнақтарын ата.
3. Мысал келтір.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Көсемше (қорытынды сабақ) Білімдік мақсаты: оқушыларға көсемшелердің сөйлемдегі қызметін үйрету;  Дамытушылық мақсаты: сөйлем талдау қабілетін, өткен тақырыптарды пысықтау; Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, өз пікірін айтуға, өздігінше еңбектенуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдісі: талдау,  сұраққа жауап, өз пікірін айту Сабақтың көрнекілігі: «Көсемше» тақырыбына арналған слайдтағы материалдар Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Жаңа сабақ Мұғалімнің сөзі: - Балалар, біз бүгін өткен сабақтарды, оның ішінде көсемшенің сөйлемдегі қызметіне арналған қорытынды сабағымызды өтеміз. Сабақ ойын, сайыс түрінде өтпек. «Дарабоз» зияткерлік ойынын ұйымдастырудағы мақсат: көсемшені біздің оқушыларымыз жетік меңгерді ме, оны есімшелерден ажырата ала ма, әрқайсысы өз тобы үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын ба, соны анықтайтын боламыз.    І айналым. Бәйге. Шарты: Әр қатардың оқушыларына «Есімше, көсемше» тарауына арналған 6 сұрақ қойылады,  әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Әркім өзіне тиесілі сұраққа ойланбай, тез жауап беруі тиіс.  1-қатар: 1. Етістік нені білдіреді? 2. Көсемшені тап:  Атаға бөлінгендер адыра қалады, Көпті қорлаған көмусіз қалады. 3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: тыңдаған, тыңдарман,  тыңдапты. 4. Көсемшенің жұрнақтарын ата 5. Берілген сөзге есімшенің жұрнақтарын жалға: бар. 6. Есімшені тап:    Қатты жерге егін шықпас,    Қаңғыған басқа білім жұқпас.   2-қатар: 1.Көсемше сөйлемнің қандай мүшесі бола алады? 2. Тапқан сөзін септе. 3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: жүгермек, жүгіріп, жүгірмек. 4. Көсемшені тап: Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер, Инені ұстай білмеген көзіне кіргізер. 5. Берілген сөзге көсемшенің  жұрнақтарын жалға: кел. 6. Берілген есімшені септе: тозбас    3-қатар: 1.Білетін сөзін септе. 2. Берілген сөздерге көсемшенің жұрнақтарын жалға: сөйле, көр 3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: тоқысты, тоқып, тоқымас. 4. Есімшені тап: Ер айтса – ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны. 5. Ілік септігінде тұрған есімшені тап: жеңнің, жеңгенің, жеңгеннің 6. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?    ІІ айналым. Дода. Шарты: «Додаға» барлық оқушы қатысады. Бұл кезеңде де берілген сұраққа жауап ауызша беріледі.  Әр топ таңдаған сандарына қарай талдау жұмысын жүргізеді. Әр санда екі талдау берілген. Екеуі де дұрыс орындалса, 10 ұпай, жартылай орындалса, 5 ұпай беріледі.   1-талдау 1.Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Өсетін елдің қарты қазына болар, Өспейтін елдің қарты қазымыр болар. 2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Мен сендерді көшіріп әкетуге келдім.   2-талдау 1. Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Көл жағалағанның көні кеппес. 2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Қазақтар ертеден көшіп-қонып, мал шаруашылығымен айналысқан.   3-талдау 1. Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Еңбексіз ел кезгенің – ар-ұяттан безгенің. 2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Асқар тау алыстан көрінеді.   4-талдау 1. Көсемшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта: Аттарды ерекше салтанатпен әсемдеп, баптап мінген. 2. Есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта: Адаспайтын аңшы болмас, Жаңылмайтын данышпан болмас.(М.Қашқари)   5-талдау 1. Есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта: Қайық ұрлағанды қырдан іздеме.(Халық мақалы) 2. Көсемшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта: Дұшпан күлдіріп айтады, Дос жылатып айтады. (Халық мақалы)     6-талдау 1. Есімшені тауып, сөйлемдегі қызметін анықта: Босқа үрген төбетті бөрі әкетеді.(Халық мақалы) 2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат: Сын түзелмей, мін түзелмейді.   ІІІ айналым. Жорға. Шарты: Жорға сайысында қазақ тілі, әдебиет, спортқа қатысты сұрақтар беріледі. Әр топ кезекпе-кезек ұпайды таңдайды. Сұраққа дұрыс жауап берілсе, ұпайды иеленеді. Жауап бере алмайтын болса,онда сол сұраққа келесі топ жауап беріп, ұпайды иеленді. Ешкім жауап бермесе, ұпай менде қалады.    Қазақ тілі бөлімінің сұрақтары: 1. Сөйлем мүшесіне талда: Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақсұңқар қаққызбай іледі. 2. Сөйлем мүшесіне талда: Қазір қазақтар мықты салынған үйлерде тұрады. 3. Сөйлем мүшесіне талда: Қазақтың көркемөнері өшкен жоқ, ғасырлардан-ғасырларға нығайып, өсіп, көркейіп келеді.    Әдебиет бөлімінің сұрақтары: 1. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап: ...Кешігіңкіреп келген Ұлпа Мұратбек өкпелеп кеткен екен деп ойлайды. Сол кезде Есіл тасып кетеді...  2. Үзінді қай шығармадан алынған?Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап: Бір уақыт үлкен үйдің қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі.  4. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап: Абаймен дос болған әрі талантына таңырқап ден қоюмен өткен атам оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады.    Спорт бөлімінің сұрақтары: 1.ҮІІ Қысқы Азия ойындарының  Әнұраны 105 әннің ішінен  конкурс арқылы  іріктеліп    алынды. Оның авторы кім? 2. Қысқы Азия ойындары қай жылдардан бері өткізіліп келе жатыр? 3. Қысқы спорттық ойындардың біразы “Медеу” мұзайдынында өтеді. Осы “Медеу”     мұзайдыны несімен ерекшеленеді деп ойлайсың?   Жауаптар: Әдебиет: 1. С.Мұқанов «Есіл бойында» 2. М.Әуезов «Көксерек» 3. М.Әуезов «Менің өмірбаяным» Спорт: 1.Сөзі: Ө.Оралбаев, әні: Е.Хасанғалиев 2.1986 жылдан бері. 4 жылда 1 рет өткізіледі. Бұған дейін Қытай, Жапония, Кореяда өткен.  3.“Медеу” мұзайдыны – әлем  бойынша  тауда орналасқан  ең биік спорт кешені. Ол теңіз       деңгейінен 1691 метр биікте жатыр.  Бағалау, жеңімпаз топты анықтау Үй тапсырмасы: «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын оқу

 

Автор
Дата добавления 01.06.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров370
Номер материала 552164
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх