Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / "Күш ұғымына түсінік беру және өлшем бірліктерімен таныстыру" (7 сынып)

"Күш ұғымына түсінік беру және өлшем бірліктерімен таныстыру" (7 сынып)


  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күш

Сабақтың мақсаты :Күш ұғымына түсінік беру және өлшем бірліктерімен таныстыру.

  1. Білімділік: Күш ұғымына дұрыс түсінік қалыптастыру

  2. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін,таным белсенділігін арттыру

  3. Тәрбиелік :алған біліміне жауапкершілікпен қарау,тез ойлауға өз мүмкіндігіне сенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,баяндау

Көрнекілігі:слайд,тест,интерактивті тақта,динамометр,электронды оқулық,схема

Пәнаралық байланыс:математика,қазақ тілі


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

hello_html_m4f3f0c7a.png

ІІІ.Біз не білеміз ? (формулаларды қайталау)

ІV.Өтілген тарауды тест арқылы тексеру.


І нұсқа.

  1. Траектория дегеніміз не ?

а)дененің қозғалатын сызығы;

ә)дененің қозғалатын сызығының ұзындығы;

б)дененің басқа денемен салыстырғанда орнына өзгертуі


  1. Қозғалыстағы автобус жолаушысы қай денеге қатысты тыныштықта тұр ?

а)автобус жүргізушіге;

ә)жерге

б)автобус дөңгелегіне қатысты


  1. Сағатты секунд тілшесінің қозғалыс траекториясы

а)түзу сызық;

ә)қисық сызық;

б)шеңбер;


  1. Қандай қозғалыс бірқалыпсыз?

а)дене тең уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс;

ә)кез-келген уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс

б)траекториясы түзу сызық болатын қозғалыс


  1. Аталған қозғалыстың қайсысы бірқалыпты қозғалыс?

1)Автомобиль теңселгенде

2)сағаттағы маятник қозғалысы;

3)экскалатор қозғалысы

а)1,2,3; ә)1,2; б)2,3


ІІ нұсқа

  1. Уақыт өтуімен дененің басқа денелермен салыстырғанда орнын өзгертуі

а)жүрген жол;

ә)траектория

б)механикалық қозғалыс


  1. Қай денелерге қатысты жүзіп бара жатқан яхтадағы жүк қозғалады?

а)жағаға қатысты;

ә)суға қатысты;

б)мачтаға қатысты;


  1. Футбол матчында доптың қозғалыс траекториясы қандай ?

а)түзу сызық

ә)қисық сызық

б)шеңбер


  1. Қандай қозғалыс бірқалыпты емес?

а)ұшақтың ұшуы;

ә)сағаттың секунд тілшесінің қозғалысы;

б)қолдан түскен шарик;


  1. Қандай қозғалыс бірқалыпты?

а)кез-келген бірдей уақытта тең жол жүретін қозғалыс;

ә)Кез-келген уақыт бірдей жол жүретін қозғалыс;

б)Қозғалыс траектория түзу сызық.








V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Күнделікті өмірде біз «Күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз.Мысалы: қолдың допқа, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Кейде бұл ұғым ауыспалы мағынада қолданылады.

Мақалдар айтылып, сөздердің терең мағынасын жеткізу үшін де күш ұғымы қолданылады.Мысалы: «Білегі күшті бірді жығады,білімі күшті мыңды жығады», «Көптің күші-бірлікте» деген аталы сөздердің терең мағынасын жеткізу үшін де қолданылады.

Сонымен күш сандық мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады.күшті F әрпімен белгілейді.кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.+

Мына тақтадағы суреттен:

А)Қол шарға әсер еткенде серіппе жиырылады,яғни алдымен оның бір ұшы қозғалысқа келеді, сонан соң қозғалыс серіппенің басқа бөліктеріне беріледі.


hello_html_cef8940.gif



Б) Жиырылған серіппе жазылғанда шарды қозғалтады. Ендеше әсер етуші дене адамның қолы болды-ол шарды және серіппенің ұшын қозғалтты.

Ұшып бара жатқан шарды тоқтатуға немесе қозғалысының бағытын өзгертуге болады. Бұл мысалдардан «Күш» қозғалыс жылдамдығын өзгертуші. Мысалы:машинаны қозғалту үшін көбірек күш жұмсау керек. Күштің сан мәні көпте, азда болуы мүмкін. Ендеше күштің жылдамдық сияқты бағыты да болады.


Күш белгіленуі: Ғ


Өлшем бірлігі:Н


Күш сан мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама.

Тең әрекетті күш деп-денеге бір мезгілде әсер ететін бірнеше күштердің әсеріндей әсер жасайтын күш сол күштердің қосындысына тең.

SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н)алынған.Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған.1Н-тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.Бұдан үлкен күш бірлігі-килоньютон (кН)да қолданылады.

Оқушының жеке шығармашылығы (И.Ньютон өмірі)

VI. «Толғаныс ». Есептер шығару.


Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс (карточка)


Кітаппен жұмыс


9 – жаттығу.

5

a=8

b=4

c=2

ρ=19,3

т/к m-?


7

S=0,4 2м

C= 0,15 м

ρ=1000 кг/м3

т/к V-? m-?








Қорытынды.


hello_html_36c175f5.gif

hello_html_780fd2e7.gif




hello_html_m8179569.gifhello_html_7e0a5019.gif

hello_html_m6fe9b6ec.gif







hello_html_m783f401e.gifhello_html_33291738.gifhello_html_6e5d4079.gifhello_html_3902c93c.gif








Бағалау.


Үйге тапсырма. 9 жаттығу № 5. § 25


Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров83
Номер материала ДВ-361306
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх