Инфоурок Начальные классы КонспектыКөшеде жүру тәртібі.Тақырыбы: «Сен және көше» , « Абайлаңдар, балалар!» 2 «Ә» сынып

Көшеде жүру тәртібі.Тақырыбы: «Сен және көше» , « Абайлаңдар, балалар!» 2 «Ә» сынып

Скачать материал

                                                                «Шығыс  Қазақстан облысы

                                                                    Семей қаласының білім бөлімі М.М.

№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ.

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Тақырыбы: «Сен және көше»

2 «Ә» сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өткізген:Мусина Г.К

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2014-2015 ж

 

 

 

 

Тақырыбы: Сен және көше
Түрі: тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні түсіріледі.

I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.
Сатыбалды: Сөйлегенді білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр»дейді.

Әйгерім: Әйгілі үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз,
Бағындық бәріміз.

Нұрболат: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
Ринат: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
Амангүл: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Нығымет: Тоқта!
Әсемгүл: Сақтан!

Бексұлтан: Жол ашық!
Айгүл: Жүрме жолға таласып.
Ахмет: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!

Ақнұр: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Қуаныш: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Сурет салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    «Шығыс  Қазақстан облысы

                                                                    Семей қаласының білім бөлімі М.М.

№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: « Абайлаңдар, балалар!»

2 «Ә» сынып

Қазақша Тәрбие сағат: Абайлаңдар, балалар! казакша Қазақша Тәрбие сағат: Абайлаңдар, балалар! на казахском языке
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өткізген:Мусина Г.К

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2014-2015 ж

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».

Жүру барысы 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.

 Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Оқушы: Арманға алда күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз! Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға Кешіміз басталсын сәлемменен!

Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.

Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға.

 «Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін, жасқанба!

 Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын, Көрдің жұрттың тосқанын. Сары жанды – дайындал Айналаңа қарап ал. Жасыл жанды – тыңдағын Жолың ашық, тұрмағын. Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз. Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

 Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім. Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол. Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға, Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап. Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін. Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны, Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады? Оқушылар жауап береді. Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.

Викториналық сұрақтар: 1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?

2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?

3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?

4. Бағдаршамдв сигналдар қалай орналасқан?

5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?

6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?

7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?

8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?

9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?

10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)

11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?

12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді? Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді ір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық. «Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады. «Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды. «Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі. Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ өзінің түсіне қарай белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады. Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.

1-топ: Ескерту белгілері . Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ басшысы: Қып-қызыл үшбұрыш, Ескерту белгісі мен болам. Қауіптен сақ бол деп, Сәт сапар жолдаған. Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те, Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған. Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла! Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі. Қалған топ мүшелері басқа ескерту белгілерін көрсетіп таныстырады.

2-топ: Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек қалқаны бар топ басшысы: Қызылмен боялған, шеңберім аумақты, Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты. Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты. Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі. Топ мүшелері тыйым салу белгілері туралы айтады, таныстырады.

3-топ: Міндеттеу белгісі. Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар топ басшысы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті. Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда, Абай бол, тартуымды міндетті орында! Қалған топ мүшелері басқа белгілерді таныстырады. Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер. Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар! Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды сөздерін айтсын. Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып. Оқушы:Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп, Ол бәрімізге ортақ тәртіп. Оқушы: Жолда жүру әліппесін Білген жөн бес саусақтай. Сонда ғана жүре аласың Сен өзіңді аман сақтап. Барлығы: Жол тәртібін білейік Аман есен жүрейік! Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын. «Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос! «Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің. «Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Көшеде жүру тәртібі.Тақырыбы: «Сен және көше» , « Абайлаңдар, балалар!» 2 «Ә» сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Сен және көше

Түрі: тест

Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.

Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні түсіріледі.

Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!

 

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар». 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2015 6645
    • DOCX 526.1 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Гульдерай Кайргелдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58303
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 211 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 424 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 256 человек

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе