Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі

Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4b55cb44.gifАстана қаласы №63 мектеп-гимназия












C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0034.jpgC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0013.jpgC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0034.jpg






C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0014.jpgC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0023.jpg











Өткізген тарих-география мұғалімі: Э.Қ.Галижапарова









2015-2016 оқу жылы


Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ жоспары
6 «ә» сынып

Өткізілген күні: 8.12.2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Темір дәуіріндегі тұрғындардың отрықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы,тебіндік жайылым,төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып,оқушылардың білімін арттыру .
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін,қабілетін дамыта отырып,жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік:Оқушыларды отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас
Сабақтың әдісі:Жаңа білімді меңгеру,баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, кесте.

Пәнаралық байланыс:география, қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
В) сыныпты топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасы (8мин)
Қола дәуіріндегі Қазақстан тақырыбын қайталау.
Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа 5 сұрақтан қоямын.
“Қатесін тап, жалғастыр”

«Андронов» тобына
1. Қола мыс пен темірден жасалады?
2. Қ.Сәтбаев Солтүстік Қазақстанды зерттеді
3. 1млн т.кеннен 250 мың тонна мыс өндірілді
4. Андрондықтар негройдтық нәсілге жатады
5. Қазақстанда қола бұйымдарды жасау б.з.б. 3 м. басталды
C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0008.jpg

«Беғазы-Дәндібай» тобына
1. Андрон мәдениеті тек Сібірге таралды
2. «Андрон мәдениеті» Арқайым қаласынан табылды
3. Солт.және Батыс Қазақстаннан 80-ге жуық қоныс табылды
4. Солт.Қазақстандағы қоныстар- Петровка мен Зыряновск
5. Оңт. Қазақстан мен Жетісудың Таңбалы тас пен Қаратаудан суреттер табылды
C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0005.jpg

«Алакөл» тобына
1. Сырдарияның төменгі ағысындағы кесене- Айша Бибі кесенесі.
2. Андрондықтар негроидтық нәсілге жатады
3. Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттаған ғалым – Қ.Сәтбаев
4. Б.Дәндібай мәдениетінің Андрон мәдениетінен ерекшелігі – оның тұрғындарының санында.
5. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1985 жылдан басталды


«Арқайым» тобынаC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0022.jpg

  1. Беғазы - Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым – В.П. Алексеев


  2. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 150 қоныс, 30 қорым табылды

  3. Беғазы Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен өндіру мен металл өңдеу құрады

  4. Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі Ертіс өзенің төмеңгі ағысында табылған

  5. Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған қола дәуірінің алғашқы қаласы - Арқайым



ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
§ 24-25 . Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі

Жаңа сабақ жоспары:
1. Темір дәуіріне сипаттама
2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
3. Тебіндік жайылым
4. Төрт түлік мал


Тірек білімдеріне сүйену:

Адамзат баласы тарихының кезеңдерін ата:

Жауабы:

Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі



Тас дәуірі(б.з.б 2 млн 600- 12 мың жыл)

Палеолит - ерте палеолит 2млн 600 - 40мың жыл
кейінгі палеолит 40-12 мың жыл

Мезолит- орта тас дәуірі 12-5 мың жыл

Неолит- жаңа тас дәуірі 5-3 мың жыл

Энеолит- мыс- тас дәуірі 3000-1800 жыл



Қола дәуірі – б.з.б 2 мың жыл – б.з.б. VIII ғасыр

Ерте қола б.з.б. XVIII- б.з.б.XVI ғасырлар

Орта қолаб.з.б. XVI-XII

Кейінгі қола б.з.б. XII- VIII



Ерте темір дәуірі б.з.б 8 ғасырдан б.з-дың 4 ғасыр.

Екі кезеңнен тұрады
Алдыңғы ерте (б.з.б. 8-3 ғасырлар)

Кейінгі ерте (б.з.б. 3- б.з.-дың 4 ғасырлар)


Проблемалық сұрақтар қою




1.Ежелгі заман тарихын бөлу неге негізделеді?

Жауабы:Құрал-саймандарының қандайзаттан жасағандығына байланысты

2. Темір қандай металл? Темір берік әрі салмақты металл.
3.Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді қалай аталады?

(темір дәуірідеп атайды.)

Ерте темір дәуірі б.з.б 8 ғасырдан б.з-дың 4 ғасырынадейінгі аралықты қамтиды.

Екі кезеңнен тұрады
Алдыңғы ерте (б.з.б. 8-3 ғасырлар)

Кейінгі ерте (б.з.б. 3- б.з.-дың 4 ғасырлар)
4. Адамзат дамуына аса маңызды өзгерістерді әкелген кезеңдерге тоқталайық

( әр топқа кезеңнің аса маңызды өзгерістерін анықтауға тапсырма беріледі )

  1. топ Темір дәуірі

2- топ Қола дәуірі

3 - топ Тас дәуіріC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0019.jpg

  1. топ Қола дәуірінің мәдениеттері



МЫСАЛЫ темір дәуірі жөнінде күтілетін жауап .


Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістердідүниеге әкелген жаңа кезең.C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0020.jpg


1.Рулық-қауымдастық құрылыс жетілді


2.Адам санының өсуі


3.Тайпалық одақтар құрылды

Сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер,қаңлылар


4.көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.


Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

1. Қазақстанның табиғатына сипаттама беріңдер. Географиядан алған білімдеріне сүйену арқылы слайд суреттерін пайдалану. Картадан көрсету.

F:\Новая папка\Kazahstan-fizicheskaya-karta[1].jpg


Күтілетін жауап:

Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.
Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірте-бірте көшпелі өмір салтына көшті.

2. Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасуы

1. Табиғатта құрғақшылық бет алып жауын шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады
2. Ат абзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты.( 78 беттегі суретке назар аударыңдар)hello_html_m729e5f81.png

3. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
4. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы –терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
5 .Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
Төрт түлік мал өсірілді (суреттер пайдалану)

1.Жылқы – суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ.
2. Түйе – жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
3. Сиыр – тебіндеп жайылуға икемсіз, арнайы жемшөп әзірлеуді қажет етеді.
4. Қой – көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Суық пен ыстыққа төзімді.
6. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті
(слайд көрсетіледі)

Қыстау

Күзеу

Жайлау

көктеу

Анықтама:
Көшпелілік –тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық мәдени әлеуметтік жүйе

Төрт түлікке қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіздер?
1.Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2.Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды.
Әрі қарай оқушылардан сұраймын.
Жазбаша тапсырмалар

Мәтін мен жұмысC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0029.jpg

1 Қазақстан далаларында шамамен б з б 2 мың ж – ың соңына қарай....................
шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды
2 Көшпелі мал шаруашылығы артық.................... алуға................ мүмкіндік берді
3 Дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілі -....................................... ойлап тапты.
4 Дегенмен - де табиғаты ежелден егіншілік пен отырықшылыққа қолайлы............................. аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығымен бірге отырықшы өмір салты.................... қатар дамыды
5 Көшпелілердің өздері................. өндірді
6 Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында...................... маңызы аса зор болды. Мұнда............. аз ұсталды. Ал оңтүстігі........... өсіруге тиімді еді

Үлгермейтін оқушылармен жұмыс
Қазақтардың негізгі төрт түліктен алған өнімдерін ата
1. Қой ------------------------------------------------------- Жылқы
Төлі қозы ------------------------------------------------- Төлі құлын
Пірі шопан ата ------------------------------------------- Пірі Қамбар ата
Азық - түлік өнімдері ет --------------------- Азық - түлік өнімдері: ет, қымыз
Киім - кешек және т. б бұйымдар ----------------- Киім - кешек және т. б бұйымдар
Шұлық жемпір бас киім тон

2. Сиыр ------------------------------------------------------ Түйе
Төлі бұзау --------------------------------------------------- Төлі бота
Пірі Зеңгібаба ---------------------------------------------- Пірі Ойсылқара
Азық - түлік өнімдері ет, қатық айран -------------- Азық - түлік өнімдері ет шұбат құрт
Киім - кешек және т. б бұйымдар етік сөмке ----- Киім - кешек және т. б бұйымдар көрпе тон ішік, ----------------------------------------------------------------------жемпір, күртеше


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1-топ. Тиісті сөздерді тап. (3мин)
1. .................берік әрі салмақты металл
2. Біздің еліміздің тарихында ерте темір дәуірі..................................
аралықты қамтыды
3. Мал басының көбеюі ......................................... қажет етті?

2-топ

  1. Қазақстан далаларында шамамен б.з.б. ............................................соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды.

  2. Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар ...............................................................ойлап тапты.

  3. Малды жазда жаятын жер ........... деп аталады

3-топ

C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0022.jpg

  1. Жылқы қыста ............ жайылады

  2. ...... сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды

  3. ....... төрт түлік малды өсіреді

4-топ


  1. Батыс Қазақстанның ........... аудандарында түйенің маңызы аса зор болды.

  2. Темір дәуірінде ......... ......................... құрылыс одан әрі жетіле түсті.

3.........тебіндеп жайылуға икемсіз, жемшөп әзірлейтін түлік

Ой қорыту (6мин) C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0013.jpg

  1. Темір дәуірінің басты ерекшеліктерін атаңдар

  2. Көшпелі мал шаруашылыға қашан пайда болды?

  3. Көшпелі мал шаруашылығы үшінертедегі тұрғындар малдың қандай түрлерін таңдаған

  4. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?



ҮI.Оқушыларды бағалау (1мин) . Бағалау парғын тексеру арқылы оқушыларды білімін бағалау

Ү. Үйге тапсырма (1мин)
§24-25 Көшпелі мал шаруашылығы. Эссе жазып келу.

Тақырыптары : «Көшпелілердің тұрмыс-тіршілігі»

«Төрт түлік малдың пайдасы»,« Жылқының қасиетті жануар»












Қазақстан тарихы пәнінен Қоғамдық пәндер апталығы аясында 6 «Ә» сыныбында өткізілген «Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі» атты ашық сабақ талдауы



Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қоғамдық пәндер апталығы негізінде жоспар бойынша іс- шаралар жүргізілді. Соның ішінде ашық сабақ 8 желтоқсан 2015 жылы 6 «Ә» сыныбында өткізілді. C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0014.jpg

Жаңа тақырыпты меңгерту дамыта оқыту және сын тұрғысынан оқыту технологиялары бойынша жүзеге асты. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың топпен жұмыс жасау, өзінің жеке тұлға ретінде көрсету, Отанға, елге деген ұлтжандық қасиеттерін дамыту мақсаты жүзеге асырды. Оқушылардың бәсекеге қабілетті тұлға, ұйымдастырушы, осы елдің болашағы екенін айқындайтын іс-әрекеттер жүргізілді. Мұғалім өз алдына қойған міндеттерді сыныптың білім және білік дағдыларын ескере отырып жүзеге асырды. Соның нәтижесінде сабақ қарқынды түрде өтті. Сабақ мазмұны ( көлемі, күрделілігі, ғылымилығы) айқын болды. Сабақ барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды соның ішінде әңгімелеу, баяндау, зерттеу, көрнекілік құралдарды тиімді пайдалану. Сонымен қатар техникалық құралдар (интербелсенді тақта) пайдаланылды. Жалпы фронтальді, топпен, жеке-дара жұмыс түрлері үйлестірілді.Сабақ психологиялық- эмоциональдық жағынан жағымды болды. Оқушылар көтеріңгі күйде отырғаны байқалды. Оқушылар үй тапсырмасын шығармашылықпен орындауы олардың жеке –дара тұлға ретінде бағытталған ізденісті айқын көрсетті. Сабақтың нәтижелілігін оқушының тақырыпты толық меңгергендігі, топпен жұмысты уақытында орындауы және белгіленген мәселені шешуі көрсетті. Оқушылардың сабаққа деген жағымды көзқарасы қалыптасты. Мұғалім өз алдына қойған мақсатына жетті.C:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151215-WA0013.jpgC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0023.jpgC:\Users\user\Desktop\ббббб\IMG-20151219-WA0008.jpg



































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров339
Номер материала ДВ-297257
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх