Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Күшті және әлсіз электролиттер

Күшті және әлсіз электролиттер



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §6 Күшті және әлсіз электролиттер. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік – Оқушыларға диссоциациялану дәрежесі мен электролитердің соған байланысты бөлінулері туралы білім қалыптастыру;

2. Дамытушылық – Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз ойын еркін жеткізу сенімділіктерін дамыту;

3. Тәрбиелік – Оқушыларды ізгілік қасиеттеріне баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ: жаңа материалды меңгеру, әрі оны іс жүзінде қолдану сабағы.

Сабақтың өтілу әдісі: Түсіндірмелі, мысалдарды басшылққа алу, әрі сұрақ-жауап түрінде.

Қажетті көрнекіліктер: Оқулық және әр түрлі химиялық кестелер, т.б.

Пәнаралық байланыс:

Физикамен иондардың электр тогын тасмалдауы

Күтілетін нәтиже: Оқушылар диссоциациялану дәрежесін табуды және күшті, орташа, әлсіз электролиттерді ажырата білу білігін меңгереді.

Сабақтың барысы:

І) Ұйымдастыру кезеңі

ІІ) Үй жұмысын тексеру кезеңі: Оқушылардан §3-ті сұрау және үй тапсырмасына берілген жаттығуларды тексеру

ІІІ) Үй жұмысын қорытындылау кезеңі: Осы кезде оқушыларға §3 бойынша негізгі сұрақтар қойылады және жаңа өтілетін тақырыппен байланыстырылады.

ІV) Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Диссоциациялану қайтымды процесс екенін білдіңдер. Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне қарай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоцоацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше, байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама –диссоциациялану дәрежесі деп аталады, ол α (альфа) әріпімен белгіленеді. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз – диссоциацияланған молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Ол мынадай формуламен өрнектеледі:


α=n/N *100%.


Мұндағы, n – диссоциацияланған молекулалар саны; N – барлық молекулалар саны.

Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттің диссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер 3 топқа жіктеледі.

  1. Күшті электролиттер, олардың диссоциациялану дәрежелері 30%-тен жоғары болады. Мысалы НNO3-91%, NaCl-84%, НCl-92%, КОН және NaОН-84% болады. Күшті электролиттердің молекулалары сұйылтылған ерітіндіде иондарға толығымен ыдырайды.

  2. Орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3% пен 30% арлығында болады. Мысалы, Н3РО4 26%, НNО2 6,5%, т.с.с.

  3. Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке қышқылы) 1,3%, NН4ОН (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2СО3 (көмір қышқылы) 0,17%, Н2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с.

Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрлі сірке қышқылының ерітіндісіне электрөткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне қосамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке қышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланыты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоциацияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.

V) Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Жаңа сабақты бекіту үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

1. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз не?

2. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер неше топқа жіктеледі және оларды атаңдар.

3. Күшті электролиттер дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.

4. Орташа электролиттер дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.

5. Әлсіз электролиттер дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.

6. Диссоциациялану дәрежесі қандай формуламен өрнектеледі?

7) Формуланы пайдаланып, бір мысалды өрнектеңіз.

VІ) Сабақты қорытындылау кезеңі: Осы сәтте оқушылар тақырып соңындағы 1-5 жаттығуларды тиісінше орындайды.

VІІ) Үй тапсырмасын беру кезеңі: §4. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер және 6-8 жаттығулар.

VІІІ) Бағалау саясаты: Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров187
Номер материала ДВ-466937
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх