Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Кәсіби біліктілік - бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру шарты.

Кәсіби біліктілік - бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын қалыптастыру шарты.

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы

Абдулина Г.З.


Кәсіби біліктілік - бастауыш сынып оқушыларының

функционалды сауаттылығын қалыптастыру шарты.


«Біліксіз қалар жырақта,білімді жетер мұратқа» деп халық даналағы айтқандай, мұғалімнің кәсіби деңгейінің үнемі жетілдірілуі мұғалім еңбегінің жоғарылауы,оның педагогика ғылымдарының қазіргі жетістіктерін,педагогикалық тәжірибені қаншалықты меңгергеніне байланысты. Жалпы педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберліктерінің жиынтығы болып табылады.

Бүгінгі күні ғылымның, техниканың, мәдениеттің жедел дамуымен байланысты мұғалім педагогикалық процесті басқаруда шығармашыл бола түспек. Мамандар бәсекеге қабілетті, қазіргі заман талабына бейімделе алатын тұлға болуы шарт. Алдыңғы қатарлы жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қолдану, іздену арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатын көздеу қажет.

Практикада қолдануға болатын білімді дүние жүзілік жүйеде функционалдық сауаттылықпен байланыстырады. Функционалдық сауаттылық ұғымына адамның мамандығына , жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процессін жатқызуға болады. Функционалдық сапаларға: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау,шешім қабылдай алуға қабілеттілік болып табылады.

Бастауыш сыныпта балалар оқу процессіне ең қажетті білім мен біліктілікті қабылдайды, яғни дұрыс оқуға, сауатты жазуға, санауға үйренеді. Функционалдық сауттылықтың бастапқы сатысын меңгереді. Бұл кезеңде оқушылардың психологиялық ерекшеліктері ескеріле отыра, білім және тәрбие процессі

функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, бастауыш сынып мұғалімі оқытуда жұмыс түрлерін түрлендіріп отырады.

Мұғалім мен сынып алдында өз ойын ашық, еркін айтуға қымсынатын бастауыш сынып оқушысы, топтық жұмыста ашылып, басқалармен бірге сұрақтар мен тапсырмаларды талдауда белсенділік танытуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқушылар өздерін сенімді сезінеді және топтық жұмыс түрі оқушының басқа қырынан ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабақ сапасын көтеру, сабаққа оқушының ынталарын арттыру технологияларының бірі - ойын арқылы оқыту.

Мүмкіндігінше бастауыш сыныпта ойын элементтері мен оқытуды ұштастыра білген дұрыс. Ойын оқушы ой-өрісін дамытады. Ойын мақсатына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез - құлқы қалыптасады. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде жүреді.

Оқушы өз жетістіктері мен жеңістерін сезінуі қажет. Мұғалім әрдайым оның талпынысын, қабілетін ескеріп, шынайы бағалау керек. Баланы басқа сыныптас - тарымен салыстырмай, керісінше оны ынталандыру керек.

Бүгінгі оқушы - бәсекеге қабілетті, жан - жақты білікті, еліміздің болашағы болатын жас ұрпақ.

Автор
Дата добавления 09.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров71
Номер материала ДВ-510905
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх