Инфоурок Школьному психологу Презентации«Кәсібің - өмірлік серігің» психологиялық ойын

«Кәсібің - өмірлік серігің» психологиялық ойын

Скачать материал

«Кәсібің - өмірлік серігің» пікірлесу-сабақ

«Кәсібің - өмірлік серігің» пікірлесу - сабақ
Мақаты: Оқушылардың мамандық жөнінде түсініктерін кеңейте отырып, таңдаған мамандықтары жөнінде толық ақпарат беру. Таңдау жасай білуге бағыт беру.
Күтілетін нәтиже: Мамандық таңдағанда дұрыс таңдау жасай алатын оқушы.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. «Мен және менің таңдауым» жаттығуы
3. «Шынымды айтқанда» жаттығуы
4. «Джунглидағы жаңбыр» сергіту сәті.
5. «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығуы
6. Рефлексия.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. «Мен және менің таңдауым» жаттығуы. Тренингтік есім таңдау және болашақ таңдаған мамандығын мимикамен көрсету.
3. «Шынымды айтқанда» жаттығуы.
Материал: Аяқталмаған сөйлемдер карточкасы.
Ережесі: Сіздердің алдарыңызда карточкалар тұр. Қазір біртіндеп шығып бір карточкадан аласыздар. Карточкадағы аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.
Мысалы:
Шынымды айтқанда, алда келе жаткан ҰБТ - ны ойласам...
Шынымды айтқанда, ҰБТ - ға дайындалған кезімде...
Шынымды айтқанда, үйге келгенімде...
Шынымды айтқанда, ата – анамның маған қатысты емтиханға қобалжығанын ойласам...
Шынымды айтқанда, менің бос уақытым болғанда...
Шынымды айтқанда, мен толқығанымда...
Шынымды айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаймын...
Шынымды айтқанда, емтихан жайлы естісем...
Шынымды айтқанда, мен консультацияға келгенімде...
Шынымды айтқанда, тренингке қатысқанымда...
Талдау:
Сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?
4. «Джунглидегі жаңбыр» сергіту сәті.
Күн ашылды жарқырап (екі қолды екі жаққа қатты ашу),
Бұлт аспанды торлады (екі қолды жоғары қарай сермеу).
Жаңбыр жауды тасырлап (екі қолды жан - жағына сермейді),
Мен жүгірдім паналап (орнында тұрып, ақырын жүгіреді).
Жердің бәрі балшық боп (аяқты ауырсынып, орнында тұрып қозғалады),
Аяғым батты балшыққа (аяғын жерге нық - нық басады),
Үсті - басым су болып (екі қолын сермеп, денесін қозғалтады),
Аяқтарымды тазарттым балшықтан (екі аяғын екі жаққа сілкілейді).
5. «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығу.
Нұсқау: Ыңғайласып үлкен шеңбер құрып отырайық, менің қолымдағы керемет ойыншыққа (гүл т. б.) қараңыздаршы. Қазiр ол сiздердiң қолдарыңыздың бойымен көңiлдi домалайды. Бауырсақ кімнің қолына түссе, сол адам топқа тілегін айтады. Қалғандары сөзді бөлмей аяғына дейін мұқият тыңдау керек.
Талдау:
Бүгінгі күн сізге нені әкелді?
Бүгінгі тренигтен алған әсеріңіз қандай?
5. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.

Қазіргі кезде елімізде оқушылардың мектеп бітіруі, яғни жалпы орта білім алуды аяқтауы, яғни онық бағалануы ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) шарасы бойынша жүргізіледі. ҰБТ тек оқушының мектептен алған білім деңгейін бағалап қана қоймайды, сонымен қатар түлектердің мектептен кейінгі жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) түсуі-түспеуінде, мемлекеттік оқу грантының иегері болуы-болмауында шешуші рөл атқарады. Оқушыларды мектепті аяқтауы ҰБТ рәсімімен аяқталады.

Ұлттық Бірыңғай

тестілеуге психологиялық дайындық.

Оқушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету барысында мамандар үшін ең маңықды мәселе-оқушылардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету, жағымсыз жағдаяттардан сақтау және болдырмау болып табылады.

Мамандар арасындағы соңғы мәліметтерге қарағанда, оқушы балалар арасында суицидтік мінез-құлық пайда болуда. Яғни балалардың әлеуметтік-психологиялық қолайсыз жағдайларда өз-өздеріне қол жұмсаулары, сол арқылы өз өмірлеріне нұсқан келтірулері. Суицидтік мінез-әрекеттің көптеген себептері болады. Көптеген келеңсіз жағдайларда өз-өздерінің психологиялық-эмоциялық күйлерін басқара алмай немесе шиеленістен шығудың жолдарын таба алмай, ауыр эмоциялық жағдайларды көтере алмай, аяқ жағы қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Оның ішінде ең өзекті және жиі кездесетін себеп-салдарды мысал ретінде келтіре кетейік.

Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы себептері: басындағы қатыгездік, қарым-қатынастың бұзылуы, психологиялық климаттың балаға жағымсыз әсер етуі, отбасындағы басқару стилі, үлкендер тарапынан күш көрсетуі, әке-шешесі тарапынан балаға тиісті көңіл бөлінбеуі, құрбы-құрдастары, көше мен ауланың жағымсыз әсерлері мен қысымдары және т.б. 

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері: оқушылармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық дайындық жұмыстарының жоқтығы немесе нашарлығы (балалардың проблемалы жағдаяттарда өз-өздерін басқара алмауы, жағымсыз жағдаяттарда өз-өздерін дұрыс бағыттай алмауы, өз-өзінің ішкі мәселесі мен жағдайын реттей алмауы, кері әсерлерге қарсы тұра алмауы, өзіндік ішкі қорғаныс бағытының жоқтығы, алға жетелейтін мақсат қоя алмауы, сол мақсатқа жетудегі өзіндік стратегияларының жоқтығы немесе оны құра алмауы, қиын жағдайлардан шыға алмауы, ішкі эмоциялық күйлерінің тұрақсыздығы, фрустрацияға, стресске бейім мінез-құлық, емтихан, ҰБТ жағдайларында, әсіресе, теріс немесе төмен нәтижеге ие болғанда өздерін ұстай алмауы және т.б.); мамандар педагогикалық-психологиялық біліктілігін төмендігі, яғни нақты балалар суицидіне байланысты зерттеу, түзету, алдын алу жұмыстарының педагогикалық және психологиялық әдіснамасының жоқтығы, сондай-ақ арнайы жұмыс бағдарламасының жасалмағандығы (арнайы тәрбие жұмысының ұйымдастырылмағаны) және т.б.

Экономикалық-психологиялық тұрғыдағы себептері: балалардың құрбы-құрдастары қатарынан қаржы-қаражат , киім киісі, ақша жарату, материалдық-тұрмыстық жағдай жағынан жетіспеушілік көруі және т.б.

Биологиялық-генетикалық тұрғыдағы себептері: кейбір жағдайларда балалардың себептен-себепсіз өз-өздеріне қол жұмсауын мамандар тұқым қуалаушылықпен байланыстыра түсіндіреді, бірақ бұл басқа себептерге қарағанда төменгі көрсеткішті көрсетеді. Сондықтан да мамандар көбінесе жоғарыдағы негізгі, әсіресе, педагогикалық себептерге бағытталады. 

Осы орайда, білім беру мекемелері алдында көптеген міндеттер тұр әрі олардың бірқатары іске асырылуда. Педагог-психолог мамандар арасында оқушылар суицидінің алдын-алуға және болдырмауға бағытталған арнай іс-шаралар мен бағдарламалар жасап шығарылып, тәжірибеге енуде. Соның бірі-оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық даярлау арқылы жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу шарасы болып табылады.

ҰБТ-ның психологиялық жағдайына талдау

ҰБТ-оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ-оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда ЖОО ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар үшін келесі жылы оқуға қайта тапсыру ұғымы мүлде мойындалмайды, өдеріне қажетті ұпай санын жинай алмау – үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы жыл аяғындағы ҰБТ-ға дайындық – көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде. Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық күй –жайы оларды нашар күйзеліске, стресске әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тесті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде, жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тестің нәтижесіне ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруімізге болады. Ал нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық күй-жағдайы мүлдем нашарлайды деуге болады.

Жалпы ҰБТ жағдайына дайындық оқушылар арасында ғана емес, олардың отбасы, ата-анасы, мектепте, психолог мамандар арасында, мектеп пен жанұялық өзара қарым-қатынаста жүреді. Мұның өзі оқушылардың ішкі жағдайына теріс әсерін береді, себебі балалар өздерін үнемі бақылау астында сезінеді, кейде өзіне бағытталған үлкендер тарапынан көптеп бөлініп жатқан көңіл аударушылықты қатты сезінеді, содан «егер осыны ақтай алмасам», «ойдағы үмітті ақтай алмасам» деген ойдан туындайтын қорқыныш сезімдері де болады. Балалар көбінесе, бұрын-соңды өздеріне деген үлкен жауапкершілікті сезініп көрмеген, сондықтан өздеріне отбасы тарапынан айтылатын «балам, жақсылап дайындал» деген сияқты сөздерді жауапкершілік тұрғыдан қабылдап, алдын ала үрейлене бастайды. Тек отбасы жағдайында ғана емес, кейде мектепте оқушылар үшін педагог мамандары тарапынан болатын «жақсылап дайындалайық!» деген сөздер де жеткілікті. Көптеген мұғалімдер өз пәні бойынша жыл бойы бос уақытын оқушыларды тестілеуге дайындау үшін жаратады, мектептер оқушылардың бос уақыттарынҰБТ-ға әр пән бойынша дайындайтын факультативтік, яғни қосымша сабақтармен қамтып қояды, ата-аналар балалардың үдегі бос уақытының дайындықпен өтуін қадағалап отырады, құрбы-құрдастарының барлығы дайындық пен уайым үстінде. Жеке басының психологиялық қысымға түсуінің себебі осында. Бұл жағдайды ата-аналар мен педагог мамандарына ескере жүрген жөн.

Егер оқушы жай, сабырмен, яғни айтарлықтай қысым көрмей, кейбіреуі тіпті еш дайындалмай жүргеннің өзінде-көп жағдайда, тіпті ҰБТ кезінде де психологиялық жағымсыз күй кешеді, себебі топтағы атмосфераның жалпы қысымы оқушыға беріледі (жұғады). Бұны оқушылардың тыныс алу сферасындағы психологиялық климаты десек те болады. Сонымен қатар, топтың психологиясында «бір-біріне жұғу» немесе «жұқтыру» деп аталатын топтағы әлеуметтік-психологиялық құбылыс және оның орындалуы заңдылықтары бар. Бұл жерде сынып ұжымындағы жекелеген оқушылардың жағымсыз психологиялық әсерлері мен күйлерінің бір-біріне санасыз түрде (бейсаналық) жұғуын мысал ретінде келтіруге болады. Яғни жалпы педагогикалық үрдістегі жүріп жатқан дайындық шаралары оқушылар тобына психологиялық (тікелей немесе жанама) әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, белгілі бір оқушының психологиялық күйі, дайындығы, емтиханда өз-өзін ұстауы қалыпты болуы мүмкін. Бірақ тестілеу кезінде топтың атмосферасындағы психологиялық қысымы оқушылар арасында бір-біріне алмасады. әлгі баланың да ішкі күй-жағдайының бұзылуы әбден мүмкін – ау. Сондықтан, оқушыларды кез келген жағымсыз психологиялық жағдайға қарсы тұруға, бұл жағдаяттарда өздерін ұстай білуге үйретудің маңызы зор. 

11-сынып оқушыларының жас ерекшелік психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік «Мен деген» бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды. Кей жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, өйткені құрбы-құрдастарының қатарынан аз ұпай жинап қалып қою, оқуға қатарларынан қалып түсе алмай қалуы, өзінің бәсекелес құрбысының бар болғаны бір немесе бірнеше ұпай артық жинауы, 11 жыл бойы сабағы үштік «3» баға деңгейінде келген сыныптасының бірыңғай тестен кездейсоқ «5» алып, жоғары ұпай жинап қалуы, осы кезде тек жақсы оқып, «қызыл аттестат», «Алтын белгі»алуға үміткер болып отырған өзінің төмен ұпай жинап қалуы-оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді. Өз-өзін құрбы-құрдастарының алдында «ұят» сезімінде қалғандай сезінеді; «Мен» сезімі шиеленеді; ішкі психологиясында өз-өзімен ішкі кикілжің пайда болады; күтілген нәтижеден төмен баға алып, қалған жағдайларда балалар, көбінесе өз достарын көруден де бас тартады, қиын және қауіпті жағдайға тап болады. Осы жағдайларды ескерудің маңызы зор.

ҰБТ-ға психологиялық дайындық –

балалар денсаулығының алдын алу шарасы ретінде.

Балалардың әлеуметтік-психологиялық қиын күй кешулері-көптеген жағдайларда өздеріне қол жұмсауға, өміріне нұқсан келтіруіне, суицидтік мінез-әрекетке алып келуі мүмкін. Көптеген оқушылар мұндай ауыр жағдайларда «өзін өзі ұстау және бағыттау стратегияларын» білмейді. Жас ерекшелік психологияларына сәйкес қиын жағдайды балалар көбіне ауыр көтереді. Психологиялық күйзелістері мен дағдарыстары оларды өмірден түңілдіріп, өздеріне қол жұмсауға алып келуі мүмкін.

Мектептегі психологиялық қызмет мақсат-міндеттерінің бірі – оқушылардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, біз – психолог мамандар – келесі мәселеге аса көңіл аударуымыз қажет: 

  • оқушылар арасындағы «әлеуметтік-психологиялық қиын жағдайдағы» сауатсыз стратегияны жою

  • «кез-келген жағдаяттан дұрыс, әрі ұтымды шешім қабылдап, шиеленіссіз шыға білу» стратегиясын қалыптастыру

  • өзіндік даму стратегиясын қалыптастыру

Оқушыларға психологиялық қызмет тарапынан келесі көмектер көрсетіледі, мұны «оқу үрдісіне психологиялық-педагогикалық жетекшілік ету» қызметі деп те атайды:

  • диагностика (дер кезінде анықтау)

  • түзету

  • кеңес беру

  • алдын алу шаралары

  • психологиялық-педагогикалық тәрбие

  • сауықтыру және дамыту және т.б. 

Бұл қызметте балалардың психологиялық денсаулығына байланысты келесі міндеттері анықталған:

  • жеке тұлғаның психикалық денсаулығы үшін қызмет көрсету, олардың психикасын дамытуға қолайлы жағдай құру

  • жеке тұлғаның психикалық денсаулығы үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру

  • психологиялық қиын және қауіпті жағдайдағы оқушыларды дер кезінде анықтап, олармен жүргізуге арнайы шаралар құру

  • жеке тұлғаның психикалық денсаулығына байланысты кеңес беру (керек жағдайда бағыттап отыру)

  • Жеке тұлғаның психикалық денсаулығын сақтау, қорғау үшін ата-аналармен, педұжыммен, басқа да қажетті орталықтармен байланысу, бірлескен әрекетте жұмыс жасау және т.б.

Сонымен, қорыта келе, оқушылардың әлеуметтік-психологиялық қиын және қауіпті жағдайларын ескере отырып, оларға мамандар тарапына арнайы іс-шаралар және мектептерде «Оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық дайындау» жұмысы міндетті түрде ұйымдастырылуы қажет.

ҰБТ-ға психологиялық дайындық жұмысының әдіснамасы

Ұйымдастырылған жұмыс сипаты шамамен мынадай болуы керек: 

  • мұндай шаралар арнайы мақсатқа бағытталған оқу-бағдарламасы ретінде жасалып шығарылуы тиіс

  • жасалған бағдарламаларды мектепішілік әкімшілікпен келісе отырып, қосымша сабақ ретінде факультативтік кесте бойынша немесе оқушылардың сабақтан бос уақытында олармен өзара келісіле отырып (қалауы бойынша) жүргізу керек.

  • ҰБТ-ға психологиялық дайындық жұмысын мамандандырылған немесе арнайы даярлықтан өткен психолог маман өткізеді

  • Ұйымдастырылған жұмыс тек оқушылармен ғана емес, олардың отбасымен, педұжыммен т.б. жан-жақты бағытта жүргізілуі керек

  • Жұмыс бағдарламасының мазмұны әрбір мектептің, оқушылардың,олардың проблемалары, сұраныстары ерекшелігіне сәйкес жасалады.

  • Жасалған жұмыс бағдарламасы оқушылармен жұмыс жасау барысында (жағдайға байланысты) өзгеруі мүмкін, сондықтан бағдарламаны «жобалау принципі» бойынша жасау қажет.

Әдістемелік ұсыныстар: жобалау үлгісі

Мына төменде берілген «ескертпе»жеткіншек оқушыларға арналған. Кеңес парағы ретінде таратылып беру үшін психолог мамандарына ұсынылады. Ескертпенің мәтіндік авторы Нұрмұхамбетова Т.Р. (Тәжірибелік психология, 2 том). Берілген ескертпені таратып беру шарт емес, мектептегі «психолог бұрышына», мектеп қабырғаларына және т.б. арнаулы орындарына қыстыруға болады. Мектеп психологы осындай ескертпелерді оқушыларға, ата-аналарға, педұжымға деп арнайы дайындауына болады. Берілген ескертпе психолог мамандарына өздерінің жеке әдістемелік жұмысын жасауға қажетті ретінде ұсынылады

Ескертпе!

Мазасыздану қалай айырылуға болады?

  1. Тарықпаңыз. Есіңізде болсын, адамның ішкі-жағдайы, көңіл-күйі өзгермелі, депрессия мен мазасыздану күйлері міндетті түрде өтіп кететініне әр уақытта сенуіңіз керек. 

  2. қиындықтан құтқарушы құралыңыз сияқты ішімдікке немесе темекіге ұмтылған не пайда бар? Өмірде одан да басқа көптеген денсаулыққа зияны жоқ, депрессия мен мазасызданудан шығаратын тәсілдер бар, мәселен, жақсы әуен, достармен әңгімелесу, спорт, серуен, көңіл көтеру және т.б.

  3. Көңіл-күйіңіздің нашар болуы неден екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл жағдай белгіліадамдармен талас-тартыспен, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелерімен, шаршауыңызбеннемесе ұзақ уақытқа созылған стресспен байланысты шығар. Мұндай жағдайларда әсері ауыр тиетін нәрселердің болмауы жөн. Оларды ең болмаса азайтуға немесе сол мәселелерге өзіңіздің қатысыңызды төмендетуге міндетті түрде тырысуыңыз керек. Оған шамам келеді деп өзіңізге-өзіңіз сеніңіз

  4. Өзіңізді терең ойландыратын, толғандыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. өмірдің үйреншікті ырғағына түспеген жаңалықтар ендіруге тырысыңыз.

  5. ең басты мәселе: бойыңызды мазасыздық сезімі кернеп жүрген кезде, онын себептерін жою туралы маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз теріс бағалап жүрген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданған болуы мүмкін. Жылдам, асығыс қабылданған шешім қызбалықпен қате әрекет жасауға алып келуі ықтимал. Оқиғаның мән-жайына, мәселенің негізіне толық түсінгеннен кейін өзіңіздің жіберген қатеңізді қатты өкініп, кінәні сезінуден айыға алмай қиналасыз. 

  6. Таныстарыңыздың, достарыңыздың арасында әңгімелесу кезінде бейтарап, өзіңізге қатысы жоқ тақырыпта сөйлескен жөн. Өз мәселелеріңіз туралы «ойламауға» тырысыңыз. Әйтпесе, өз жағдайыңыздан шыға алмай, уайым-қайғыға беріліп жүресіз.

  7. көңіл-күйіңіздің қолайлы сәттерінде Сіздің өміріңізде болған жағымды кездерді, бақытты уақыттардың майда-шүйделеріне дейін еске түсіріп, қайтадан бастап өткізгендей сезімге бөленіңіз.

  8. Менің алдымда тұрған барлық проблемаларды шешуге шамам келеді деген ұстаным сіз үшін жетекші екенін ұмытпаңыз.

ҰБТ-ға дайындау жолдары

ҰБТ дегеніміз не және оның міндеттері?
ҰБТ дегеніміз не?

Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасындамасы.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.

Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез - құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез - құлқың.

ҰБТ - жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. Білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Тестті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, мұндай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестке дайындалу тиімділігін арттырып, тест кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тест тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
І. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын зерделеу;
ІІ. Тест қарсаңында;
ІІІ. Тестке кірер кезде.
І. Тестке дайындық, тест алдында оқу материалын зерделеу: Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап - аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш - жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
- кезек - кезек жоғары - төмен (25 секунд), оңға - солға (15 секунд) қара;
- көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
- қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.

Күніңді үшке бөл:
- емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
- спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
- кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Күніне 3 - 4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс - жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып жеме және сүт өнімдерін ішпе.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады?
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Кәсібің - өмірлік серігің» психологиялық ойын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 309 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 861
    • DOCX 34.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хайруллаева Шаира Октябреевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хайруллаева Шаира Октябреевна
    Хайруллаева Шаира Октябреевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 140108
    • Всего материалов: 44

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Буллинг: вызовы и решения в воспитании и образовании детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 310 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 412 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 143 человека

Курс повышения квалификации

Основные аспекты психоанализа детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек