Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / «КӘСІБИ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«КӘСІБИ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ»

библиотека
материалов

«КӘСІБИ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ»


Біздің елімізде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған Н.Нұрахметов былай дейді: « Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беруде жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет».

«Инноватика» ұғымының мәні, латынның «in-novus» деген сөзіне шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдіс-тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Оқыту мен тәрбиелеуде өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, әр оқытушы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Инновациялық технологиялардың бірнеше түрлері бар. Қазіргі таңда қолданыста ерекше орын алатын дамыта оқыту технологиялары, модульдік оқыту , деңгейлік саралап оқыту және проблемалық оқыту технологиялары.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту - дамыта оқыту технологиясының бір бөлігі болып табылады. Мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салстыра алу, сол идеяларға қарсы көз қарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді негізін салушылар.

Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдап, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту – үйрену процесі. Бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы арқылы ой қозғау, ояту, ми қыртысының тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ой толғаныс », «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» деген стратегиялары жинақталған.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану. Бұл кезеңде студент жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Мағынаны түсінуді ұйымдатыру кейбір кемшіліктерді болдырмаудың бір кепілі.

Тақырып туралы ой толғаныс- бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде студенттің толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» , «Тірек сызбасы» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Бұл әдіс студенттердің бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді.

Бұл әдістердің тиімділігін өз сабақтарымда қолдану арқылы жетік білдім.

Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушыға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлеп оқытудың мақсаты- әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қаматамасыз ету.

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиялармен оқыту барысында компьютер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Деңгейлеп оқыту кезінде оқушылардың оқуға деген ынтасын, дара қасиетін арттырады, өз бетінше ізденуіне жол ашады, шығармашылық жұмысқа баулиды, қиялын, ойын ұштайды.

Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Бұл оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы бйынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Оқытудың бұл түрін өзімнің сабағымда қолдану кезеңінен мысал ретінде мына суретке назар аударайық. Оқушы немесе студент өз қабілетіне және деңгейіне байланысты сурет таңдап алады да, гиперссылка арқылы сурет бойынша тапсырмалар орындайды, және өз жауабына өзі талдау жасайды.

Қорыта келе, әр оқыту технологиясының өзіндік тиімді де қолайлы жақтары мол екендігін, болашақ ұрпақ пен маман иелерінің сапалы білім алуына мүмкіндіктері жоғары деңгейде екендіктерін айтуға болады. Олар алған білімдерін еліміздің көркейіп, гүлденуіне, жарқын болашақ үшін жұмсайды деген сенімдемін. Еліміздің дамыған ел қатарынан көрінуі үшін сапалы да саналы маман даярлауда бар күшімімізбен аянбай еңбек етейік дегім келеді.


Әдебиеттер

1. Китайгородская Г.А. Новые подходы к обучению иностранным языкам. Вестник МГУ/ Лингвистика, сер.19 – М.,1998

2. Білім технологиялары» журналы №2, 2006 жыл

3. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейік. «Қазақстан мектебі» журналы № 3, 2006 жыл

4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдау, 2007 жыл 28 ақпан

5. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж.

Общая информация

Номер материала: ДБ-110086

Похожие материалы

Комментарии:

1 месяц назад

Қызықты материал. Рахмет