Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Кәсіби өз-өзін анықтауға бағытталған дамыту бағдарламасы 9 - 11 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Кәсіби өз-өзін анықтауға бағытталған дамыту бағдарламасы 9 - 11 сынып

библиотека
материалов

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы

Жалпы білім беретін Харьков орта мектебі











Кәсіби өз-өзін анықтауға бағытталған

дамыту бағдарламасы

9 – 11 сынып

(мектеп психологтарына арналған

әдістемелік құрал)












Дайындап, құрастырған:

Омарова Асем Жангозыевна

психолог













Павлодар, 2014 жыл


hello_html_m437143f1.jpg













































Түсініктеме хат


Кәсіби анықталу – бұл біртұтас жүйе, яғни әртүрлі өзара байланысты компоненттерден, қоғамдық мақсаттардан және басқарудан тұрады. Бұл дегеніміз: кәсіби ашылу, қызығушылықтың дамуы, оқушылардың ойын іс-әрекеттері: танымдық және еңбектік, кәсіби психодиагностика, кәсіби кеңес беру, кәсіби іріктеу, кәсіби бейімделу және кәсіби тәрбиені айта аламыз. Қазіргі уақытта қоғамдағы саяси және экономикалық тұрақсыздық әсерінен, адам тек қана өз-өзіне сену керек. Ол қоршаған ортада жылдам, сөзге шешен, әртүрлі мамандықты тез және жеңіл иеленуі, соған өз сәйкестігі мен қабілеттілігін анықтау тиіс.

Жастар үшін ерекше мәселе – мамандық таңдау. «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасы негізінде жан-жақты маман-кәсіпкер, қызметкерді даярлауды жетілдіру; кәсіптік оқу орындарына қайта бейімдеу, шаруашылық, коммерциялық оқу саласын дамыту, кәсіптік мектептер мен жұмысқа орналастыру орталықтарымен бірлесе отырып атқарар жұмыс түрлерін жетілдіру, кіші және орта бизнес үшін мамандар даярлау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі нарық тұсында жұмыс орындары қысқартылып жатқанда, мектеп бітіретін жастарымыздың қателеспей, өз қабілеттілігіне сәйкес мамандық таңдауы тіпті қиынға айналды деуге болады.

Бұл жөнінде ғалым-ұстаз А.Е. Голомшток былай дейді: «Тіршіліктегі еңбекке араласудың бақыт есігін өте шағын болса да, тек бір ғана кілтпен, өз қабілеттілігімен ашқан адам ғана айқара ашады. Жоғарғы сынып оқушыларына қабілеттілік «кілтін» таба, тани білуді үйретіп, соған бағыт сілтеу қажет. Мұны оқуға дұрыс даярлау барысында ғана жүзеге асыруға болады. Оқушылардың еңбекке құмарлықты толық сезінуі үшін мектепте берілетін білімдерді оқытуға даярлықты барынша дұрыс жолға қою негізгі мәселе болып табылады. Өйткені, оқу – балалар өміріндегі ең басты іс-әрекет. Балалар өмірді оқып-үйрену арқылы дұрыс ұғынады».

Бұл мәселенің негізгі көкейкестілігі қоғамдық және тұлғалық талаптарға сай келетін саналы мамандық таңдауға жоғарғы сынып оқушыларына көмек көрсетуге бағытталған кеңес беруді тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Мектептің негізгі және маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың кәсіби анықталуын қадағалау. Бірақ бұл мәселе іс-жүзінде басқаша көрінеді. Көптеген кәсіби анықталу жұмыстары өткізілсе де, өте аз іске асырылады. Өйткені кәсіби анықталу процесіне арналған оқушылардың арнайы дайындық бөлмелері жойылған, оған қоса өнеркәсіптермен байланыстары үзілген. Көптеген жастүлектердің кәсіби анықталулары санасыз шешімдерге ие болды.

Мамандықты таңдау – адам өміріндегі ең күрделі де жауапты қадамның бірі, яғни болашақ өмірдің мәні. Мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз – бұл қазіргі өмірде белгілі бір орынға ие болу. Оқушылардың мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асыруда мектептің ролі үлкен, ол оқушылардың политехникалық әзірлігіне сүйене отырып және сыныптан тыс жеке жұмыстардың дұрыс мамандық таңдаудың әлеуметтік те, сондай-ақ адамның жеке басы үшін де маңызын түсінуге жетелейді. Мектептің жоғары сыныптарында бүкіл тәрбие жұмысы осы міндетті шешуге бағытталған. Сондықтан бұл әдістеме мектеп психологтарына көмекші әдістемелік құрал ретінде болады деп ойлаймын.


Бағдарлама мақсаты: Әр түрлі мамандықтар жайлы мәліметтерді және өз бағыттылығын, қабілетін, қызығушылығын бағалау деңгейін жоғарлату арқылы оқушылардың ерте кәсіби өз-өзін анықталуына көмек көрсету.


Бағдарлама міндеттері:

  1. Қатысушыларды мамандық әлемімен және сол мамандыққа қойылатын талаптармен таңыстыру.

  2. Оқушылардың кәсіби қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау

  3. Оқушылардың кәсіби анықталуына әсер ететін өзіндік жеке-психологиялық ерекшеліктерін анализдеуге көмектесу.

  4. Таңдаған мамандық бойынша оқушылардың жауапкершіліктерін қалыптастыру.

  5. Алған білімдерін тәжірибелік дағды ретінде қолдануын қалыптастыру.


Бағдарлама барысы келесі принциптер бойынша іс-әрекетте қолданылады:

  1. Зиян келтіріп алмау – психологиялық жұмысты ұйымдастыру барысында оқушыларға зиян тигізбеу;

  2. Кіршіксіз бала – әрбір баланы өз қалпында қабылдау;

  3. Тыйым салудың орнына – бағыттау керек;

  4. Еріксіз көндіруден көрі – сендіріп, көзін жеткізу керек;

  5. Бұйрық берудің орнына – ұйымдастыру керек;

  6. Шектік қоймай – таңдау бостандығын беру керек.


Бағдарлама әдістемелігі:

  1. ойын әдістері;

  2. әңгімелесу;

  3. топтық дискуссия;

  4. сауалнама;

  5. тест;

  6. карточкалық жаттығулар.


Бағдарлама құрылымы: Дамыту бағдарламасы 15 сабақтан тұрады. Әрқайсысы келесі сызбанұсқа бойынша құрастырылған: кіріспе, негізгі бөлім, кері байланыс. Бұл сабақтар жұмасына 2 рет, 1 академиялық сағаттан (45минут) өтіледі.


Бағдарламаның жастық бағыттылығы: 9-11 сынып оқушыларына арналған.




Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


Б/с

Тақырып

Сағат саны

І Бөлім. Мамандық жайлы алғашқы мәліметті қалыптастыру.

3

1 сабақ.

«Алғашқы мәлімет»

1

2 сабақ.

«Кәсіби ерекшелік»

1

3 сабақ.

«Менің кәсіптік бейнем»

1

ІІ Бөлім. Мамандыққа сай ерекшеліктер мен қажеттіліктерді анықтау.

3

4 сабақ.

«Кәсіби дайындық»

1

5 сабақ.

«Өзін іске асыру»

1

6 сабақ.

«Кедергілер»

1

ІІІ Бөлім. Кәсіби болашағын жоспарлау.

3

7 сабақ.

«Болашақ жолы»

1

8 сабақ.

«Кәсіби іскерлік»

1

9 сабақ.

«Бейімделу»

1

ІV Бөлім. Кәсіби дайындау.

3

10 сабақ.

«Презентация»

1

11 сабақ.

«Бағыт-бағдар»

1

12 сабақ.

«Менің таңдауым»

1

V Бөлім. Өзіндік таңуға бағыттау.

3

13 сабақ.

«Жеке көзқарас»

1

14 сабақ.

«Мамандық типтері»

1

15 сабақ.

«Өзіндік анықталу»

1

Барлығы

15 сағат







Бағдарлама мазмұны


І Бөлім. Мамандық жайлы алғашқы мәліметті қалыптастыру.

1 сабақ. «Алғашқы мәлімет».

Мақсаты: Оқушылардың бір-бірімен таңысып, мамандық жайлы алғашқы мәлімет ұсыну және негізгі қажеттеліктерін анықтау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Шеңбер» ойыны

Ойын барысы: Өздерін таңыстыру үшін, әр оқушыға үш ақ қағаздан беріледі. Сол үшін қағазға келесі мәліметтерді жазады:

  • есімін;

  • үш жағымды қасиетін;

  • қызығушылығын;

  • кейін оқушылар бір-бірден ортаға шығып өз-өзін презентациялайды. Ұзақтығы 5 минут.

2 жаттығу. Сауалнама

Құрал-жабдық: ватман, маркерлер.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Қандай мамандықты таңдадындар?

  2. Мамандық таңдауына не әсер етеді?

  3. Өз таңдауын туралы ата-ананмен сөйлестінбе?

  4. Осы мамандыққа біздің қаламызда оқуға бола ма?

  5. Таңдаған мамандық немен қызықты?

  6. Осы мамандыққа жүмістеп жүрген адамдармен сөйлесіп көрдің бе?

  7. Таңдаған мамандық бойынша жұмыс орнын тез таба аласың ба?

  8. Сенің ойың бойынша осы мамандыққа қандай қабілеттер тән, олар сенде бар ма?

Кейін екі сұраққа дискуссия өткізіледі: 1) Кәсіби анықталу үшін адамға не білу қажет? 2) Мамандық таңдаудағы қандай өлшемдер бар?

Ұзақтығы 10 минут.

3 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Құрал-жабдық: ватман, маркер, карточкалар.

Жұмыс топпен немесе мини топтарда орындалады. Карточкада үш оқушыға мінездеме және төменде үш мамандық түрлері беріледі. Негізгі тапсырма: мінездеме арқылы қай мамандыққа сай екенін анықтау.

Мінездеме:

1 оқушы. Мақсатты бағытталған, жинақы. Қиын жағдайларда шыдамдылық көрсетіп, өз-өзін ұстай алады, бақылау сезімі жоғары дамыған, нақты ойлау мен тұрақты зейінге ие. Қимыл-қозғалысымен іс-әрекеті шапшан. Еңбекқор және көп уақыт бойы шаршамай жұмыстей алу қабілетіне ие. Адал және шешімде шынайылық көрсетеді.

2 оқушы. Өзіне бекітілген балалармен қарым-қатынасқа түскенде: жұмсақ, мейірімді, ересек адам ретінде өз-өзін ұстай біледі. Балалар бұзықтарына түсіністік білдіреді. Сонымен қатар қатал да бола алады.

3 оқушы. Үздік оқушылардың бірі, әдебиетті және спортты ұнатады. Барлық жағдайларда дербес шешімге келеді. Нашар оқушыларға көмектеседі. Яғни үлгерімдерін жоғарлатуға тырысады. Мектеп өміріне және мәдениетіне қызығушылықпен белсенділік таңытады.

Мамандықтар: заңгер, тәрбиеші, мұғалім. Ұзақтығы 12 минут.

4 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Оқушыларға қасиеттері бар карточкалар беріледі. Төменде мамандықтар жазылған. Осы әрбір мамандыққа сай тұлға қасиеттерін анықтап, жаз. Мамандықтар: есепші, тәрбиеші, менеджер, программист, тарих мұғалімі, заңгер.

Тұлға қасиеттері: еңбекқор, балаларға деген махаббат, сызбаларды және есепті шешу жолдарын жақсы есте сақтау, сөз арқылы өз ойымен сезімін бере алу, реакция мен қозғалыстың жылдамдылығын мен нақтылығы, ойлау процесінің жылдамдығы, сөз қорының молдығы, эмоционалдылық, шыдамдылық, іске деген тұрақты қызығушылық, тез шешімге келу, физикалық күш, басқаларды түсіне білу, қимыл-қозғалыстағы эмоционалдылық. Ұзақтығы 15 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

2 сабақ. «Кәсіби ерекшелік».

Мақсаты: Таңдаған мамандыққа сай ерекшеліктерді анықтау және кәсіби ерекшелікке әсер етуін қарау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Адамның жеке психологиялық ерекшеліктері бар карточкалар беріледі. Осыларға тән ерекшеліктерді анықтау:

А. Адамның басқа адамға деген қарым-қатынас.

Ә. Еңбекке деген қарым-қатынас.

Б. Өзіне тұлға ретінде қарым-қатынас.

Ерекшеліктер: темперамент, мінез, тітіркендіргіш, жоғары намыс, жеңілтек, кең пейілді, сөйлемпаз, орындаушылық, ұқыптылық, нақтылық, ойлампаздық, принципиалдылық, энтузиазм, жоғары эмоционалдылық, интроверттілік, салмақты, баяу, экстраверттілік, дарынды, еңбекқор. Ұзақтығы 10 минут.

2 жаттығу. «Ассоциация» ойыны

Ойын барысы: Жұмыс кішігірім топтарда орындалады. Оқушылар бірнеше топтарға бөлініп, әрбір топқа бір тақырып «Кәсіби таңдау» ұсынылады. Соған ассоциация салу керек. Кейін суреттер топпен талқыланылады. Ұзақтығы 8 минут.

3 жаттығу. Карточкамен жұмыс

Карточкаларды үш мамандық және адамның 14 қасиеті беріледі. Әр мамандыққа тән болатын 10 қасиетті іріктеп ал. Қасиеттер маңыздылық бойынша іріктелінеді. Ұзақтығы 10 минут.

Карточкалар төменде 1 кестеде берілген

Кесте 1 – Мамандықтар мен қасиеттер тізімі

Заңгер

Экономист

Дәрігер

Эмоционалдылық

Әзілшіл

Сөз қорының молдығы

Шыдамдылық

Өз-өзін ұстай білу

Адал

Принципиалдылық

Заңды бұзбаушылық

Белсенділік

Түсіністік

Ойлампаздық

Элегантты

Жауапкершілік

Мейірімді

Эмоционалдылық

Әзілшіл

Сөз қорының молдығы

Шыдамдылық

Өз-өзін ұстай білу

Байқампаздылық

Принципиалдылық

Орындаушылық

Белсенділік

Түсіністік

Ойлампаздық

Элегантты

Жауапкершілік

Мейірімді

Эмоционалдылық

Әзілшіл

Сыпайылық

Шыдамдылық

Өз-өзін ұстай білу

Адал

Принципиалдылық

Заңды бұзбаушылық

Белсенділік

Түсіністік

Ойлампаздық

Кең пейілді

Жауапкершілік

Мейірімді

4 жаттығу. «Мамандықты тап» ойыны

Бұл ойын үлкен және кішігірім топтарда өткізіледі. Әрбір оқушы белгілі бір мамандыққа сай сапалы қасиетін айтады. Қалғандары сол естіген мәлімет арқылы қай мамандықты жасырып тұрғанын табулары қажет. Ұзақтығы 15 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

3 сабақ. «Менің кәсіптік бейнем».

Мақсаты: Әртүрлі мамандықтарға оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін және өзіндік бейнесін сәйкестендіруге мүмкіндік беру.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Кім?» рөлдік ойын

Ойынды бастар алдында жүргізуші қатысушыларға қызықты мамандықтарды сұрастырып, тақтаға жазады.

Нұсқау: 1) Қазір мен сендерге мамандықтың бірін атаймын. Бірнеше секунд ішінде оқушылар бір-бірлеріне қарап, осы мамандық кімге сай келетінін анықтау керек. Кейін жүргізушінің белгісі бойынша сол оқушыға көрсетулеріңіз қажет; 2) Оқушылар қолдарын белгілі бір балаға көрсеткенде, қолдарын бірнеше секунд қозғалтпаулары қажет. Ал жүргізуші сол уақытта әр балаға неше қол көрсетілгенін санап шығады. Ұзақтығы 10 минут.

2 жаттығу. «Аукцион» ойыны

Құралдар: ақ қағаздар, қаламсап.

Ойын барысы:

  1. Топтарға бөлу (5 топқа).

  2. Мамандық аукционы 5 тип арқылы іске асырылады: адам-табиғат, адам-белгі, адам-адам, адам-техника, адам-бейне. Әр топ әр типке неғұрлым көп мамандықтарды жазу керек. Ұзақтығы 8 минут.

3 жаттығу. «Мамандық таңдаудағы негізгі түрткілерді анықтау» сауалнамасы.

Осы сауалнама 18 тұжырымнан тұрады. Ал тұжырымдар 9 түрткілерге бөлінеді: әлеуметтік түрткі, моральды түрткі, эстетикалық түрткі, танымдық түрткі, шығармашылық түрткі, мазмұн түрткісі, материалды түрткі, танымал түрткісі, утилитарлы түрткі. (Қосымша А) Ұзақтығы 5 минут.

4 жаттығу. Профессиограмма құру

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, әр топ мамандық түрін таңдайды. Келесі сызба бойынша сол мамандықтың профессиограммасын құрайды.

Сызба:

  1. Мамандық жайлы жалпы мәлімет: мамандықтың пайда болуы, мамандыққа деген сұраныс.

  2. Еңбек процесінің мінездемесі: еңбек құралы, жұмыс орны, өнімі, жұмыс мінезі (монотонды не аралас), еңбек процесінің жағымсыз жақтары.

  3. Еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттары: жұмыс ритмі, еңбек тәртібі, дене бітіміне қойылатын талаптар, медициналық көрсетілімдер, кәсіби аурулар мен травмалар.

  4. Адамға деген мамандықтың қоятын психологиялық талаптары: ауыртпалық пен қысым жағдайлары, жұмыскерге тән негізгі қасиеттер (эмоционалды-ерікті, іскерлік, танымдық, моральдық).

  5. Кәсіби дайындық жайлы мәлімет: мамандықты алу жолдары, оқуға түсу шарттары, оқу уақыты, негізгі оқылатын пәндер, төлем-ақысы, кәсіби өсудің перспективасы. Ұзақтығы 20 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?


ІІ Бөлім. Мамандыққа сай ерекшеліктер мен қажеттіліктерді анықтау.

4 сабақ. «Кәсіби дайындық».

Мақсаты: Мамандық таңдаудағы маңызды алгоритмдерді өндеу.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Жұлдызды сағат»

Құрал-жабдықтар: ақ қағаздар

Орындау барысы: 1) Оқушылар дөңгеленіп отырады. Сонымен қатар талқылайтын кәсіби стереотипті таңдайды. (Мысалы, заңгер немесе археолог, т.б.); 2) Таңдаған мамандық иесінің өмірлік жағдайларда жағымды және жағымсыз жақтарын әрбір оқушы жеке ойланып, кейін ортаға айтылады. Ұзақтығы 12 минут.

2 жаттығу. «Арман мен мүмкіншілік»

Оқушылар екі-үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Оларға ақ қағаздар таратылады. Сол қағазды үш бөлікке бөледі: «болғым келеді», «бола аламын», «істеуім керек». Енді осы тақырыптар бойынша ойланып, бөліктерді толтыру қажет. Ұзақтығы 10 минут.

3 жаттығу. Диагностикалық өлшем

1. «Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнама (Климов классификациясы бойынша). (Қосымша Ә)

Ұзақтығы 20 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

5 сабақ. «Өзін іске асыру».

Мақсаты: Мамандық таңдаудағы негізгі приоритеттерді және мәліметтерді ұсыну.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Тиімділікті іздеу»

Барысы: Қатысушылар екі-үш топқа бөлінеді. Әр топ бір мамандықты таңдайды. Тапсырма: таңдаған мамандықты презентациялау, яғни оны қоғамға таңыстыру. Ұзақтығы 12 минут.

2 жаттығу. «Сен бола алар едің »

Барысы: Оқушылар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші әр оқушыға белгілі бір оқушылардың есімі жазылған қағаздар таратады. Тапсырма: Қағаздың астында жазылған есімге қандай мамандық сай келетінің және неге осы мамандық сай келетіні туралы қысқаша жаз. Кейін сөзді жасыру үшін қағазды бұрайсыз да сағат тілі бойынша келесі балаға бересіз. Өз есімін саған келгенше дейін солай ары қарай жалғаса береді. Қағаз иесіне келген соң, ол өзіме лайық деген мамандықты жазып, қағазды ашып, кім қандай мамандықты ұсынғанын топқа оқиды. Таңдалған мамандықтар топппен талқыланылады. Ұзақтығы 10 минут.

3 жаттығу. «Менің болашақ жоспарым»

Нұсқау: Біз болашақ өмірдің бейнесін құраймыз. Ол үшін біреуіміз бес жылға алға мақсатымызды және екі айға ұранымызды құруымыз қажет. Ұзақтығы 8 минут.

4 жаттығу. «Не? Кім? Қалай? Қайда? Қашан?»

Жұмыс барысы: 1. Жүргізуші әрбір оқушыға өзіне кәсіби білім саласынан күтетін нәтижесін жазуға және оларды құндылық бойынша іріктеу; 2. Құрылған тізімнен ең негізгі қажеттіліктерді таңдап алып, сол қажеттіліктерге жету бағдарламасын құрастыр. Ұзақтығы 15 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

6 сабақ. «Кедергілер».

Мақсаты: Кәсіби мақсаттарға жету жолындағы мүмкін болар бөгеттерді түсіну деңгейін көтеру, сол бөгеттерді жою мен өз қажеттіліктерін анықтау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Қапқан» ойыны

Ойын бірнеше сатылардан тұрады:

1. Топпен бірге нақты кәсіби мақсатты анықтау (мамандықты таңдау, тиімді оқу орны);

2. Топтан бір бала өз еркімен шығып, келесі мінездеме бойынша өз-өзін таңыстырады: жынысы, жасы, білімі, қызығушылығы, жағымды қасиеттері, сүйікті спорт түрі;

3. Жалпы инструкция: Кәсіби мақсатқа жету жолында бірнеше қиындықтарды оқушылар негізгі ойыншыға ойластырулары қажет. Қиындықтарды ойластыру кезінде оның шешімі де болуы керек. Кейін оқушылар бір-бірден өз сұрақтарын қояды. Ал негізгі ойыншы еш ойланбастан қиындықтан шығу жолын айтады. Негізгі ойыншы өз жауабын айтқаннан соң, сұрақ қойған оқушы да өз жауабын айтады. Жүргізуші топтын көмегімен кімнің жауабы тиімдірек екені туралы дауыс арқылы шешеді. Жеңімпазға «+» белгісі қойылады.

4. Қорытынды: Топтын және негізгі ойыншының «+» белгілерін санайды. Егер негізгі ойыншының белгісі көп болса, онда ол өз мақсатына жету жолындағы кездескен қиындықтарды жеңе білді. Ұзақтығы 30 минут.

2 жаттығу. «Кәсіби мақсаттың картасы»

Негізгі мақсатқа жету үшін бірнеше аялдамалар болады, яғни аралық мақсаттар. Мақсаттарды 2 кесте арқылы құрастырайық:



Кесте 2 – Карта

Негізгі мақсат

4 аялдама. Аралық мақсат

3 аялдама. Аралық мақсат

2 аялдама. Аралық мақсат

1 аялдама. Аралық мақсат

Ұзақтығы 12 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?


ІІІ Бөлім. Кәсіби болашағын жоспарлау.

7 сабақ. «Болашақ жолы».

Мақсаты: Өзінің өмірлік және кәсіби болашағын жоспарлау кезде, мүмкіншіліктерді анықтауға үйрету, сонымен қатар кәсіби мақсат пен мүмкіншілікті сәйкестендіре алу.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Бес қадам» ойыны

Ойын барысы бірнеше сатылардан тұрады:

1. Сынып, жүргізушінің көмегімен кәсіби мақсатты анықтайды.

2. Жүргізуші осы мақсатқа жететін баланы топтан таңдауға ұсынады. Баланы анықтаған соң қалған қатысушылар келесі позицияларға сүйеніп мінездеме құрастыру керек: жынысы, жасы, мектептегі үлгерімі, мектептегі статусы, қызығушылығы, басты қасиеттері мен ерекшеліктері. Осы мәліметтердің барлығы да тақтаға жазылады;

3. Әрбір қатысушы жеке ақ қағаз беттеріне осы мақсатқа жету үшін негізгі бес қадамды анықтайды. ( 5 минут беріледі);

4. Кейін сынып кішігірім топтарға бөлінеді;

5. Әрбір топта өзара жазылған қадамдарды талқылап, ең тиімді дегендерді іріктеп алады. Таңдаған қадамдарды бөлек ақ қағазға жазу керек;

6. Әр кішігірім топтан өкіл шығып, өздерін талқылау барысында анықталынған қадамдарды айтып береді. Қалған қатысушыларға сұрақ қоюға болады. Уақыт бойынша дискуссия орнатуға болады;

7. Ойынның жалпы қорытындысына келгенде, әр кішігірім топтан ұсынылған қадамдардың тиімді екенін және осы қадамдарды құрған кезде баланың жеке ерекшеліктері қаншалықты есептелгендері айтылады. Анықталынған қадамдардың шынайы өмірге және мемлекеттегі әлеуметтік жағдайға сәйкестік деңгейіне назар аудару. Ұзақтығы 40 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

8 сабақ. «Кәсіби іскерлік».

Мақсаты: Іскерлік қарым-қатынас және өз-өзін презентациялау дағдылары мен білімдерін қалыптастырып, үйрету.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Тұлғалық және кәсіби қасиеттерді өзіндік презентациялау» рөлдік ойын

Ойын барысы: Жүргізуші сыныпты үш топқа бөледі:

А. Жұмысқа қабылдау комиссиясы.

Ә. Жұмысқа орналасқысы келетін талапкерлер.

Б. Ойын процесін бақылаушылар.

Қатысушылар бос вакансияны анықтайды (персонал бойынша менеджер, дизайнер, жарнама менеджері). Қатысушылар отырыстың кішігірім көрінісін ұйымдастырулары қажет. Комиссия сұрақтары:

  • неге осы орында жұмыстегініз келеді?

  • өзініз туралы қысқаша мағлұмат айтып беріңіз?

  • бұрынғы жұмыс орны?

  • осы жұмысқа сай қандай қабілеттеріңізді айта аласыз және т.б.

Талапкерлер де өздері туралы әртүрлі мәліметтерді дайындау керек. Комиссия барлық талапкерлер ішінен бір адамды ғана таңдап және таңдау себебін түсіндіреді. Ал, бақылаушылар келесі жағдайларға назар аударулары қажет:

  • комиссия талапкерді қандай өлшем бойынша таңдайды?

  • қабылдау комиссиясы объективті болды ма?

  • қай талапкердің жұмысқа тұру мүмкіншілігі төмен болды және неге?

  • комиссияның қойған сұрақтарына талапкерлердің сәтті және сәтсіз жауаптары? Ұзақтығы 40 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

9 сабақ. «Бейімделу».

Мақсаты: Кәсіби өз-өзін анықтауға қажет қондырғыларды қалыптастыру.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Таңдау» ойыны

Жүргізуші. Сіздер жақындарсыз, достарсыз бөтен қалада тұрғандарынызды елестетіңіздер. Сізде не баспана не жұмыс орны жоқ. Бірақ бірнеше аптаға жететін қаражатыңыз бар. Осы қалада өмір сүру үшін іс-әрекет алгоритмін құрастыруларыныз қажет. Сіздерге көп қаражат қажет, оны жұмыс істеу арқылы ғана аласыз. Алгоритмді құрастыру үшін, ең алдымен мына сұрақтарға жауап беруіңіз керек:

  1. Қай мемлекетте және қалада тұрасыз?

  2. Жылдың қай мезгілі?

  3. Сіз не істейсіз? Алғашқы әрекетіңіз?

  4. Қандай қабілеттерге иесіз?

  5. Қайда жұмыстей аласыз?

  6. Кейін не болады?

Жалпы сол мемелекетте өз өмірлеріңізді құрыныз. Кейін әр оқушы өмірін оқып, топпен анализденеді. Ұзақтығы 25 минут.

2 жаттығу. «Молекула» ойыны

Жүргізуші ең алдымен сыныпты 3 адамнан тұратын топтарға бөледі. Менің белгім бойынша «баста» дегенде сендер аудитория ішінде қозғала бастайсыз. Кейін «3 молекула» дегенде 3 адамнан жылдам жиналып, қосыласыз. Кейін карточкалар беріледі. 1 топқа 1 карточка, оның ішінде 3-4 мамандық. Қатысушылар осы мамандықтарға формула құрастырулары қажет. Карточкалар:

  1. Есепші, токарь, әртіс, мұғалім;

  2. Жүргізуші, заңгер, құтқарушы, спортшы;

  3. Өрт сөндіруші, құрылысшы, пианист, машинист;

  4. Геолог, әлеуметтанушы, эколог, психолог. Ұзақтығы 10 минут.

3 жаттығу. Темперамент тесті

Жүргізуші. Темперамент және мамандықты таңдау бір-бірімен өте тығыз байланысты. Кәсіби анықталуда ең алдымен өз қабілеттерің білу қажет. Сол үшін сендерге мына көрнекілікті қарастыруға ұсынамын (оқушыларға арнайы құрылған темперамент жайлы алғашқы мәлімет). Енді әрбір оқушы өз темпераментің білу үшін келесі Айзенктің сауалнамасын орындайық. Сауалнама 57 сұрақтан тұрады. «иә» немесе «жоқ» деп жауап бересіз. (Қосымша Б).

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?


ІV Бөлім. Кәсіби дайындау.

10 сабақ. «Презентация».

Мақсаты: Ұйымдастыру дағдылары мен мәлімет кеңістігін қалыптастыру.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Кадрлық сұрақ» ойыны

Жүргізуші қатысушыларға 3-4 адамнан топқа бөледі. Әр топқа ойын шарттарымен мамандық тізімі және мамандықтар жайлы қысқаша мәліметтер беріледі. Жұмыс барысы:

  1. Сіздерде фармацевтикалық өндіріс және дәрілерді сату бизнесініз бар. Сіздер алдарынызда тұрған мамандық тізімінен осы салаға қажет дегендерді іріктеп алындар.

  2. Өз компанияның «брендін» құрастыр.

  3. Таңдаған мамандықтарды топ мүшелеріне бөлу.

  4. Өз компаниянызға жарнамалық ролик немесе акция құрастыр.

Қорытынды: компанияларды презентациялау. (Қосымша В). Ұзақтығы 40 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

11 сабақ. «Бағыт-бағдар».

Мақсаты: Тұлғаның жағымды қасиеттерін өзіндік тәрбиеге бағыттау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Көмек беру»

Жаттығу барысы: Әр оқушыға ақ қағаздар таратылады. Кейін жүргізуші журнал бойынша оқушылардың аты-жөнін оқиды, ал қатысушылар оларды қағаздың сол жағына жазады. Сол есімдердің қарама-қарсысына кәсіби анықталуына қажет қасиеттерді жазады. Кейін әр оқушы өз жұмысын ортаға шығып оқиды. Ұзақтығы 25 минут.

2 жаттығу. «Кәсіби бағыттылық» сұрақнамасы

  1. Менің қызығушылықтарым

  2. Менің қабілеттерім

  3. Менің өмірлік бағыттарым

  4. Менің тұлғалық кәсіби типім

  5. Менің мінез-құлқымдағы ерекшеліктерім

  6. Менің кәсіби бағыттылығым

  7. Менің кәсіби дайындық деңгейім

Ұзақтығы 20 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

12 сабақ. «Менің таңдауым».

Мақсаты: Оқушылардың жеке кәсіби жоспарды құруға және мамандық таңдау факторларын анықтауға үйрету.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. Кәсіби жоспар

Құрал-жабдық: ақ қағаздар, тақта.

Тақтаның бір жағына кәсіби жоспардың сызбасы жызылып тұрады. Жаттығу барысы: Оқушылар кішігірім топтарға бөлінеді де келесі сызба бойынша жұмыстей бастайды. Жоспар сызбасы:

  1. Менің таңдаған мамандығым.

  2. 9 немесе 11 сыныптан кейін оқитын сала.

  3. Мамандықты иелену үшін керек қасиеттер.

  4. Сіздің ойыңыз бойынша таңдаған мамандыққа деген сәйкестілігіңіз қаншалықты.

  5. Мамандығыңыз қаншалықты танымал.

  6. Болашақта менің мамандығымнын мүмкіндіктері қандай.

  7. Басқа оқу орнының нұсқаларын жаз.

  8. Кәсіби білім алғаннан кейін, басқа мамандық түріне баруыңыз мүмкін бе?.

  9. Екінші жоғарғы оқуыңыз.

  10. Кәсіби өсудің нұсқалары.

Топтық талқылау: а) Кәсіби жоспарды құрған кезде қандай қиыншылықтар болды? б) Сызбадағы қандай сұрақтар қиындық туғызды? Ұзақтығы 40-45 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?


V Бөлім. Өзіндік таңуға бағыттау.

13 сабақ. «Жеке көзқарас».

Мақсаты: Оқушыларда таңдау мәселесі бойынша жеке позицияларды қалыптастыру.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Иә-жоқ» ойын – дискуссиясы

Құрал-жабдық: табличкалар: «келісемін», «келіспеймін», «мүмкін».

Осы табличкаларды аудитория бойынша орналастыру қажет. Яғни екі қарама-қарсы жазбалардың ортасында «мүмкін» деген жазба тұруы қажет. Жүргізуші белгілі бір тұжырымдарды оқиды, ал оқушылар өз позициялары бойынша сай табличкаға барады да өз таңдауын қысқаша түсіндіреді. Тұжырымдар:

  • Бір саладағы дағдылар мен терең білім, кәсіби анықталуда сәттілікке жетуге жетерлік деп ойлайсызба?

  • Ата-аналар қателеседі, яғни өз таңдауларына бағыттай берсе?

  • Жоғары білікті жұмыс қарапайым жұмысқа қарағанда жоғары бағаланады ма?

  • Егер жұмыстың төлем ақысы төмен болса, адам онда жұмыс істемеу керек пе?

  • Кәсібилікке жақын пәндерге деген жоғары қызығушылық мамандық таңдаудағы негізгі шарттардың бірі;

  • Ата-ананың ой-пікіріне мамандық таңдағанда құлақ салу керек пе?

  • Мамандықты «топ» үшін деп таңдасақ, сәттілік әкелеме? Ұзақтығы 20 минут.

2 жаттығу. «Мағына-cюрприз» сауалнамасы

Сауалнаманы жеке және топта өткізуге болады. Сауалнама төмендегі 3 кестеде көрсетілген.

Кесте 3 – «Мағына-сюрприз» сауалнамасы

Өмір сатылары

Негізгі қажеттіліктер

Әр қажеттіліктің іске асу пайызы мен жолдары

Өмір сәттілігі

Осы өмір сатысындағы жалпы бақыт пайызы

Жоғарғы сынып жасында





Жоғарғы оқу орнына түскенде немесе мектептен кейін жұмыс орны





Болашақ жанұя





Ұзақтығы 25 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

14 сабақ. «Мамандық типтері».

Мақсаты: Белгілі бір мамандықты игеру және білу үшін өзіндік ізденіске итермелеу.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Талап қою»

Жүргізуші оқушыларды 5 топқа бөледі. Мамандық типтеріне арналатын мамандықтарды жазу мен оларға талап қойып, бағалау. Төмендегі 4 кестеге толтырылады

Кесте 4 – «Мамандық типтері»

Еңбек пәні

Мамандықтар

Қойылатын талап

Баға

Адам-адам




Адам-табиғат




Адам-техника




Адам-белгі




Адам-бейне




Ұзақтығы 40 минут.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?

15 сабақ. «Өзіндік анықталу».

Мақсаты: Кәсіби анықталып, таңдау жасау үшін өзің, өзіңдік қызығушылықтарың бағалау мен анықтау.

Амандасу рәсімі.

1 жаттығу. «Қызығушылық картасы» (А.Е. Голомшток әдістемесі бойынша) тест. (Қосымша Г).

Мақсаты: Тұлғаның қызығушылығың, қабілетін айқындау.

Осы әдістеменің көмегімен алынған деректер қызығушылықтардың аясын анықтап қана қоймай, сондай-ақ болашақ мамандықты таңдау ынтасын қалыптастыруда маңызды орын алатын қызығушылықтардың байқалу айқындығының деңгейін де анықтауға көмегін тигізеді.

Қызығушылық картасы 29 қызмет саласына бағытталған 174 сұрақтан тұрады.

Нұсқау: «Сенің басты қызығушылықтарыңды анықтау үшін сұрақтар тізімін ұсынып отырмыз. Әр сұраққа зейін қойып, дәл жауап беруге тырыс. Егер сұралып отырған нәрсенің саған ұнайтынына бірнеше рет көзің жеткен болса, онда сол сұрақтың тұсына екі қосу белгісін (++) қой. Егер жай ғана ұнаса, онда бір ғана қосу белгісін (+) қой. Егер жауап бере алмасаң, өз-өзіңе сенбесең – 0 (нөл) қоясың, ұнамаса (–) алу, егер мүлдем ұнамаса – екі алу белгісін (– –) қоясың. Бірде-бір сұрақты тастамай, барлығына түгел жауап бер. Парақты толтыру уақыты шектелмейді.

Топтық рефлексия: Өзіме сабақтан пайдалы не білдім?























Қосымша материалдар

Қосымша А


«Мамандық таңдаудағы негізгі түрткілерді анықтау» сауалнамасы.


Нұсқау: Әрбір 18 тұжырымның сіз таңдаған мамандыққа қаншалықты сай келетінің бағалау керек. Жауап беру нұсқалары осындай: «иә», «жоқ-тан көрі иә сияқты», «жауап беруге қиналып тұрмын», «ия-дан көрі жоқ сияқты», «жоқ».

Бұл жауаптарға толтыру бланкінде көрсетілген бес баған сай. Сіз әр тұжырымды мұқият оқып, өзіңізге сай келетін бағанға «+» белгісін қойыңыз.


ТОЛТЫРУ БЛАНКІ


Тұжырым

Жауап беру нұсқалары

Иә

Жоқ-тан көрі иә сияқты

Жауап беруге қиналып тұрмын

Иә-дан көрі жоқ сияқты

Жоқ

1

Қоғамға пайда әкелуге мүмкіндік береді






2

Менің жеке қатысуым мемлекетімізді нығайтуға мүмкіндік береді






3

Әрдайым ұжымда болуға, үжым істеріне араласуға мүмкіндік береді






4

Жеке рухани өмірді дамытуға мүмкіндік береді






5

Еңбекке деген бақыт сезімін сезінуге мүмкіндік береді






6

Еңбек әдемілігін саналы түрде түсінуге мүмкіндік береді






7

Барлық жеке қабілеттерімді қолдануға мүмкіндік береді






8

Ылғи өзің-өзі дамытуға мүмкіндік береді






9

Шығармашылыққа деген үлкен мүмкіндік береді






10

Жұмыс барысындағы оригиналдылыққа жол береді






11

Үлкен ақыл-ой қысымын қажет етеді






12

Үлкен физикалық қысымды қажет етеді






13

Төлем ақысы жақсы






14

Болашақ тұрақтылығын қамтамасыз етеді






15

Достар мен таңыстарымның арасында бағаланады






16

Кәсібилікті және квалификацияны белсенді жоғарлатуға мүмкіндік береді






17

Қалада жұмыс істеуге мүмкіндік береді






18

ЖОО түсуге және оқуға мүмкіндік береді







Нәтижелерді өңдеу. Тест нәтижесі жауап беру қағазына аударылады, ол үшін тұжырым бағаны мен жауап сандарымен сәйкестендіріп, анықталынған санды белгілеу керек. Ол сандар ұпай саны болып есептелінеді. Мамандық таңдаудағы негізгі түрткілерді анықтау үшін әр түрткі тобының ұпайларын санау керек. Ең жоғары ұпай жинаған түрткі тобы кәсіби әрекеттің негізі болып табылады.

Жауап беру бланкінде көрсетілген түрткі топтары: 1. Әлеуметтік түрткі; 2. Моральды түрткі; 3. Эстетикалық түрткі; 4. Танымдық түрткі; 5. Шығармашылық түрткі; 6. Мазмұн түрткісі; 7. Материалды түрткі; 8. Танымал түрткісі; 9 Утилитарлы түрткі.


ЖАУАП БЕРУ БЛАНКІ

Түрткі тобы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Тұжырым

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

Иә

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

Жоқ-тан көрі иә сияқты

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

4

Жауап беруге қиналып тұрмын

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Иә-дан көрі жоқ сияқты

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

Жоқ

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Топ ұпайлары



















Иеленген орын



















Қосымша Ә


«Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнама

(Климов классификациясы бойынша).


Нұсқау : Сен белгілі бір оқу түрін тамамдаған соң, кез келген жұмысты біркелкі табысты істеуге қабілетті болып шықтың делік. Кестеде алуан түрлі жұмыс түрлері берілген. Егер жұмыс жұбының біреуін ғана таңдау қажет болса, сен қайсысын қалар едің? Кестеде келтірілген түрлі жұмыс жұптарынан өзіңе ұнамды біреуін ғана таңдап ал да, оның нөмірін жаз.


Нашақорлықта пайдаланыла-тын заттарды іздеп табатын қызмет иттерін өсіру мен тәрбиелеу

Тұрмыстық техникалардың жаңа үлгілерін жасап шығару

Авария мен зілзала апатынан кейін адамдарды құтқару

Құжаттарды куәландыру, сенім хат пен келісім –шартты рәсімдеу

Музыкалық топта ән салу

Үнемі жаттығу, жетілдіру арқылы жаңа спорттық нәтижелерге жету

Компьютерлер мен құралдар- дың жұмысын жөндеу, ретке келтіру

Тауарлар туралы әңгімелеу, адамдарды сатып алуға үгіттеу

Ғылыми мәтіндерді аудару

Әңгіме, сценарии, фельетон жазу

Ауыр дене салмақтарына төзімді болу үшін өз ағзаңды жаттықтыру

Сирек кездесетін өсімдіктер- ді қорғауда іс – шаралар жүргізу

Оргтехника, компьютерлер мен телефондарды жөндеу

Басылымға дайындалып жатқан мәтіннің мағыналық және стилистикалық қателерін түзету

Ғимараттарды гүлмен безендірумен айналысу

Ластанған орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлар – дың жай-күйін саралау

Автомобиль,автобус,трейлер, поезд локомтивтерін басқару

Компьютердің көмегі арқылы фотосуреттерді түзету немесе музыканы іріктеу, үйлестіру

10а

Спорт зал, бассейн, стадион, корт және т.б күнделікті атлетикалық дағдыларды жаттықтыру

10ә

Спорттық автомобильдердің жұмысын ретке келтіру, бұзылған жағдайда механизмдерін ауыстыру

11а

Басқа қалалар мен елдерге туристік сапарларға шығу үшін адамдарға ақыл-кеңес беру

11ә

Әмбебап дүкендердің сөрелерін, концерттер мен шоуларды безендірумен айналысу

12а

Декоративті балықтарды өсіру және кеңселердегі аквариум балықтарын күту

12ә

Адамдарға медициналық жәрдем көрсету

13а

Фирманың құжаттарын рет – теу ,жаңа құжаттарды дайындау (келісім-шарт,есеп, ведомость,сенімхат т.б)

13ә

Сахнада өнер көрсету үшін әдемі жүріс-тұрыс,икемді қозғалыс дағдыларына дайындықтар жүргізу

14а

Генетиканы зерттеп, өсімдік- тердің жаңа түрлерін өсіру

14ә

Мұрағат қорларында істеп, қажетті құжаттарды табу

15а

Нұсқаушы есебінде күрделі туристік саяхаттарда адамдарға жол көрсету

15ә

Күрделі акробатикалық трюктерді, спорттық номерлерді ойлап табу мен жасау,дайындықтан өткізу

16а

Ит, мысық, жылқы және т.с.с емдеу

16ә

Компьютерлерді жинақтауды іске асыру

17а

Түрлі формаларға қызметкерлерді іріктеу, қажетті адамдарды іздеу

17ә

Бағалы қағаздар нарығына қаржы талдауларын жүргізу

18а

Сахнада ойнау, киноға түсу, трюктер қою

18ә

Спорттық өнер көрсетулер- дің алдында әдемі әрі нақты қозғалыс- қимылдарды жат- тықтыру мен дайындықтан өткізу

19а

Медициналық лазерлердің, ультрадыбыс аппараттарының жұмыстарын ретке келтіру

19ә

Мектепте, техникумда, институтта т.б. түрлі пәндерді оқыту

20а

Тауарды тұтынушыларға тасымалдаудың тиімді жолдарын табу, санау

20ә

Сайттарды, кітап, журналдарды безендіру

21а

Жарыстарға, турнирлерге, өнер көрсетулерге үнемі психологиялық, физиология – лық дайындықты іске асыру

21ә

Табиғат құбылыстарын зерттеуге арналған экспедицияларға қатысу

22а

Жоспар бойынша үй тұрғызу, жобаға сәйкес электр жарығын жүргізу

22ә

Қаржы заңдарымен, кодекстерімен жұмыс істеу

23а

Бақшалық-саябақтық зоналарды жобалау, өсімдік – тердің көмегімен учаскелерді безендіру

23ә

Қанның молекулалық құрамын талдау

24а

Жаңа өндіріс құралдарын, үйлерді жобалау

24ә

Тарихи орындарда қайта жөндеу, сәулеттендіру жұмыстарын жүргізу

25а

Шаршау мен қорқынышқа қарамай, спорттық жаттығу – ларды орындау

25ә

Спорттық тренажерлердің, велосипедтердің ,спорттық құралдардың жаңа үлгілерін жасау

26а

Мерекелерді ұйымдастыру, асабалық қызмет атқару

26ә

Концерттік бағдарламаларды жүргізу, көрермендерге орындаушылардың аты-жөні мен номерлерді хабарлау

27а

Электронды микроскоптың көмегімен ағзалардың өмірін зерттеу

27ә

Адамдарға психологиялық көмек көрсету, сенім телефондарымен жұмыс істеу

28а

Әлеуметтік деректерді өңдеп, талдап, жинақтау

28ә

Өз дене бітіміңнің сымбатты да тартымды болуы үшін кәсіби жұмыс істеу

29а

Зақымдаушылар мен вирустардан өсімдіктерді қорғаудың құралын жасап шығару

29ә

Компьютерлік бағдарламаларды жазу

30а

Фитнесзалдарда, бассейндерде, спорттық алаңдарда адамдарға ақыл – кеңес беру

30ә

Жалпы төзімділікті шыңдап жаттықтыру, жеке спорттық, әртістік дағдыларды жетілдіру



«Мен қаладым» саралаушы – диагностикалық сұрақнаманың жауап парағы

Оқушының аты – жөні _________________________________________________

Сынып _____________ Мектеп __________ Күні «_____» _____________201__ж.


Табиғат

Техника

Басқа адамдар

Белгі жүйесі

Көркем образдар

Адамның өзі

1 а

1 ә

2 а

2 ә

3 а

3 ә


4 а

4 ә

5 а

5 ә

6 а

6 ә

7 а


7 ә

8 а


8 ә

9 а



9 ә

10 а


10 ә

11 а


11 ә


12 а


12 ә

13 а


13 ә

14 а



14 ә





15 а



15 ә

16 а

16 ә

17 а

17 ә

18 а

18 ә


19 а

19 ә

20 а

20 ә

21 а

21 ә

22 а


22 ә

23 ә


23 ә

24 а



24 ә

25 а


25 ә

26 а


26 ә


27 а


27 ә

28 а


28 ә

29 а



29 ә





30 а



30 ә


Басқа адамдар. Бұған көбінесе, адамдардың өзара қарым – қатынасы, олардың бір – біріне тигізетін әсеріне байланысты мамандықтар жатады. Мысалы, дәрігер, менеджер, мұғалім, психолог, әлеуметтік қызметкер, сатушы, жаттықтырушы. Бұл мамандықтарға икемделу үшін адамдармен тіл табысып үйреніп, қарым – қатынасқа бейімделу керек. Мұндай мамандықтарға кәсіби даярлау екі негізгі бөлікті біріктіреді: біріншісі – жұмысты орындау саласына байланысты (мысалы, жаттықтырушы өз спорт түрін жақсы білсе , сатушы ұсынатын тауарларының ерекшелігін), екіншісі – адамдармен тиімді іскерлік қарым – қатынас жасауға даярлау.

Табиғат. Мұндай жұмыс тірі табиғат нысандарына бағытталған. Мысалы, бұл агроном, фермер, кинолог, ветеринар, гүл өсіруші, микробиолог, ара өсіруші, орманшы қызметтеріне байланысты. Биологиялық нысандары күрделі, стандартқа сәйкессіз өзгермелі, олармен табысты жұмыс істеу үшін ішкі сезім, қамқорлық, бастама көрсету, жеке жұмыс тән. Әдетте адамдар тірі нысандарға өзгеше қарым –қатынас көрсетеді. Кейде табиғат демалыспен байланыстырылады . Бірақ мұндай бейім түрін өзіңе мамандық ету үшін бір ғана сүйіспеншілік жеткіліксіз, ол үшін өсімдіктер мен жануарлар әлемімен үнемі әрі белсенді байланыста болу қажет.

Техника. Бұл мамандықтар техникалық тетіктерді қайта жөндеу мен қызмет көрсетуге байланысты жүргізуші, ұшқыш, поезд машинисті, компьютер жүйесіне қызмет көрсететін маман, инженер – технолог т.б . Сонымен қатар бұл мамандықтар тобына «жұмысшы» деп аталатын балқытушы, дәнекерлеуші, станокшы, краншы т.б. жатады. Мұндай мамандар негізінен пайдалы қазбаларды қазу мен өңдеу, металлургия, машина жасау, көлік, құрылыста жұмыс істеу үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында қажет. Осы типтес мамандық салаларында табысқа жету үшін техникалық ақыл – ой , дәлдік, нақты әрекеттерге деген бейімділік керек.

Белгілер жүйесі.Бұл мамандықтарда мәтінмен, құжаттармен, түрлі қор деректерімен, математикалық қосындылармен істелетін жұмыс басым болып келеді. Мысалы, аудармашы, программист, бухгалтер, экономист, корректор, іс жүргізуші, эксперт – сараптамашы . Мұндай жұмыстар үшін асқан дәлдік, шыдамдылық, сараптап – саралайтын ақыл-ой қажет. Мәтіндерге, кестелерге, формула, сызба, карта, түрлі сипаттағы шартты белгілерге деген қызығушылығы болғаны жөн .

Көркем образ . Мұндай мамандардың қызметі түрлі бейнелеу құралдары арқылы көркем образдарды ойлап табуға, жетілдіруге, жөндеуге бағытталады. Бұл сұңғат, мүсін, сәулет өнері, әдеби мәтіндерді құрастыру, киноматография т.б салалары. Осы салаларға байланысты суретші, бухгалтер, мүсінші, жазушы, әдеби редактор, режиссер, кинооператор, дизайнер, көркем шығарманы жөндеуші мамандықтарын жатқызуға болады. Мұндай мамандықтар шығармашылық жұмыстарды қажет еткендіктен, оны меңгеру үшін соған сәйкес қабілеттер, ой- қиялының күштілігі, жаңа, ерекше жағдайларда әрекет етуге дайындығы керек.

Адамның өзі. Бұл мамандықтар адамның өзін - өзі жетілдіруге негізделгендіктен жалақыны жұмыс нәтижесіне байланысты алады . Мұндай мамандықтар көп емес, бірақ олардың жұмысы көпшіліктің алдында. Мәселенки, спортсмендер, каскадерлар, кино мен театр актерлері, әншілер, фотомодельдер, цирк әртістері. Бұл мамандық түрлері бойынша жетістікке жету үшін адам табиғатынан зейінді, қабілетті, көпшіліктің алдында өзін көрсетуге талаптану мен соған дайын болуы, өзін - өзі дамытуға, жетілдіруге ұмтылуы, ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуі шарт.

Кейбір мамандықтарды осы аталған типтердің ешқайсысына да жатқызуға болмайды, олар осы типтердің ортасында жүреді. Сөзіміз дәлелді болу үшін банк жүйесіндегі кассир – операция жүргізушіні айтып көрелік. Ол өз клиенттерімен қарым – қатынас жасайды, ақша түскен жағдайда деректер қорын толықтырады, есептерді қадағалап отырады, жұмысында компьютерді белсенді қолданады. Шаштараз да солай, өз клиенттерімен байланыста болады және түрлі шаш үлгілерін ойлап табады. Хатшы – секретардың (кеңсе – менеджері, директордың көмекшісі) да жұмысы сондай, мекемеге келген адамдармен қарым – қатынас жасайды, телефонға жауап береді, компьютерді қолдана отырып, құжаттарды рәсімдейді, операцияларды орындайды. Сонымен қатар , «фирманың бет – бейнесі » ретінде танылатындықтан, сыртқы жүріс – тұрысы соған сай болып, өзін көрсете білуі керек .


Қосымша Б


Темперамент тесті (Айзенк классификациясы)


Нұскау: Сіз өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында «иә» немесе «жоқ» жауабы үшін орын қалдырылған.

  1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?

  2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?

  3. Сіз өзіңізді ешнәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?

  4. Өз ойыңыздан (алған беттен) қайту сізге қиын тимей ме?

  5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып я артын күтіп барып, іске кірісемісіз?

  6. Істің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра сіз берген уәдеңізде тұрамысыз?

  7. Көңіл күйіңіз жиі өзгере ме?

  8. Сіз көп ойланып, тез сөйлеп жиі қимылдайсыз, солай ма?

  9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп, сезінген кездеріңіз болды ма?

  10. Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?

  11. Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?

  12. Қатты ашуланғанда өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?

  13. Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма?

  14. Істеген ісіңізбен айтқан сөзіңізді артынша ойлап, «әттеген-ай» дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ма?

  15. Жұртпен қатысып сөйлескеннің орнына кітап оқығанды дұрыс көремісіз?

  16. Тез ашуланып қаласыз, рас па?

  17. Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?

  18. Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма?

  19. Кейде бастаған істі орындап тастап, кейде ісңіздің өнбейтін кездері бола ма?

  20. Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба?

  21. Көп армандайсыз ба?

  22. Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғайлап, жауап беремісіз?

  23. Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме?

  24. Өзіңіздің істеген істеріңіздің бәрі дұрыс және орынды деп, білесіз бе?

  25. Көпшілік арасында сезім-шылбырын босатып, қатты көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?

  26. Сіздің нерв жүйеңіз (шеке тамырыңыз) қатты жұқарып кетті деуге бола ма?

  27. Сізді көңілді және пысық деуге бола ма?

  28. Біткен іске ойша қайта оралып, «дұрысырақ жасауға болатын еді» дейтін кездеріңіз бола ма?

  29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінемісіз?

  30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?

  31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма?

  32. Бір нәрсені білгіңіз келгенде достарыңыздан сұрап алғаннан гөрі, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?

  33. Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?

  34. Аса үлкен ықтияттылықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?

  35. Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?

  36. Айталық, сіздің бұрын оңаша жерге артық айтқан сөзіңізді ешкім есіне алмай-ақ қойсын. Кейіннен басқа ойда бола тұра жұрттың дегеніне қосылып жүре беремісіз?

  37. Бірін-бірі іліп-шалып, қалжыңдап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ыңғайлы емес, солай ма?

  38. Жиі ашуланасыз ба?

  39. Тез қимыл -әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?

  40. Сәтті аяқталғанмен әртүрлі кемшіліктері болған іс ойыңызға қайта оралып, мазаңызды ала ма?

  41. Сіз асықпай жәй қимылдайсыз ба?

  42. Жұмысқа я бір кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?

  43. Жаман түсті жиі көремісіз?

  44. Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де, тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз солай ма?

  45. Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?

  46. Достарыңызды көп уақыт көрмесеңіз өзіңізді «Бақытсызбын» деп, сезінесіз бе?

  47. Сіз өзіңізді «нерв жүйесі тозған адаммын» деп, есептейсіз бе?

  48. Өзіңізді танитын адамдардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?

  49. Сіз өзіңізді «сенімді адаммын» деп, есептейсіз бе?

  50. Сіздің өзіңізді я қызметіңізді сынаған кезде, тез ашуланып қаласыз, солай ма?

  51. Кешкі ойын-сауықта ләззат алу қиын деп, есептеймісіз?

  52. Сіз өзіңізді өзгеден кем санап,мазасызданған жайларыңыз бола ма?

  53. Көпшілік ортасына келіп, әңгіме- думанды жандандырып, жіберу сізге қиын емес, солай ма?

  54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы кейде сіз әңгіме-дүкен құрасыз, солай ма?

  55. Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз, солай ма?

  56. Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз солай ма?

  57. Ұйықтай алмай мазасызданасыз ба ?


Нәтижелерді қорытындылау


  1. Жалған шкаласы: «иә» жауабы – 6,24,36.

«Жоқ» жауабы – 12,18,30,42,48,54.

Жалпы балл сандары қосылып, есптелінеді.

Ж шк. 9-ға тең болған жағдайда қорытынды жасалынбайды.

Ж шк. – 3-тен саны көбейген сайын нәтижелер растығы төмендей түседі

Ж шк. – 3-тен төмен саны ең шынайы жауапта

  1. Экстраверсия-интроверсия шкаласы

«иә» жауабы –1,3,8,10,13,17,22,25,27,39,44,46,49,53,56

«жоқ» жауабы – 5,15,20,29,32,34,37,41,51.

Қосындысы шығарылады.

  1. Эмоциялық тепе-тендік – нейротизм шкаласы.

«иә»жауабы – 2,4,7,9,11,14,16,19,21,23,26,28,31,33,35,38,40,43,45,47,50,52,55,57.

Өнделген нәтижелерді «х» пен «у» шкаласына салып, бір-біріне вертикал сызықтарға – шкалаларға алынған нәтижелер белгіленеді. Нүктелерден сызықша жүргізіліп бір аймақта қиылысады. Сол аймақтың номірі сіздің темперамент түрін көрсетеді

1. Сангвиник - темпераментіне кіретін ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, тіпті олар оптимист, өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар жандар болады, мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл-күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Жұмысқа қабілетті, ал іс жоқ кезде сылбыр күйге түседі. Кейде мінезінде жеңілдік байқалады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де мүмкіи. Акыл - ой әрекеті белсенді жүріп отырады, айтқандарыи қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам. Анық, түсінікті, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Олар басқа адамдармен тез тіл табысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика) жағы басым келеді, көбінесе, эмоциясы қозу жағдайында тұрады. Сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Сангвиниктер тапқырлық пен зеректікті қажет етеді. Жұмыс үстінде төзімділікті көрсете отырып, нәтижеге жетуге тырысады.

2. Флегматик - ол өте сақ, ұяң, байсалды жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты бір қалыпты. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай асып-саспай сөйлейді. Сөзі ым ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Өзінің икемділіктерін жақсы керсетеді. Флегматик темпераментіндегілер бір қалыпты және жақсы меңгерілген жұмысты орындауға бейім. Флегматиктерді барлық уақытта асықтырып, құлшындырып отыру қажет.

3. Холерик - бұл ұшып қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы - төкпелі, тұрақсыз, ашуланшақ болып келеді. Қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң. Қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой-әрекеттің белсенділігін байқауға болады. Өз эмоцияларын қимыл-қозғалыстарын билей алмай қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез қызу сейле,. төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Ерекшеліктері өткір көзімен, тез және оңтайлы қозғалыстардан жақсы байқалады. Ызақор, ашуланшақ келеді. Олар өзгелер арасында басшылық жасауға құмар, өзін жоғары санайды, қарсы келсең ашуланып қалады. Холериктердің сезімі, көңіл-күйлері сөзінен, қимылынан білініп тұрады. Олар әсерлі мәнерлі сөйлейді.

4. Меланхолик - сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйык, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар, Қызараңдап ұялады. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан көпішіліктен аулақ жүргеиді жақсы көреді, сіркесі су көтермейді, бірбеткей, қыңыр, қисық келеді. Көзге түспей жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады. «Мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Бірақ өте сезімтал, басқалар көре қоймаған нәрсені тез байқайды. Олар сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп жүреді, жұмыс шапшаңдығы бір қалыпты емес. Үнемі өзімен өзі жүреді. Басқаруга ұмтылмайды.


Қосымша В


Мамандық тізімі және мамандықтар жайлы қысқаша мәліметтер

  1. Инженер-құрастырушы.

  2. Лаборант, химиялық препараттарды сақтау маманы.

  3. Хатшы.

  4. Фармацевт – дәріхана жұмыскері, негізгі бағыты – дәрілер жасау.

  5. Банк менеджері, қызметкерлерді іріктеу және әңгімелесу.

  6. Зоотехнолог, жануарлардың дұрыс сұрыпталуын қадағалау маманы.

  7. Маркетолог, сәндік сауда маркетингі бойынша маман.

  8. Эколог, атмосфералық қысым мен ластануды бақылайтын маман.

  9. Заңгер, келісім-шарттын заңды орындалуын бақылайды.

  10. Провизор – дәрілерді орындау, жасау, зерттеу (анализ), сақтау мерзімі, дәрілерді беру рецептін, препарат дозировкасын және медициналық номенклатураны бақылайды.

  11. Медицина қызметкері, медициналық құралдарды және дәрілерді сату бойынша менеджер.

  12. Дизайнер.

  13. Директордың оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі.

  14. Технолог, ағаш өңдеу технологиясы.

  15. Маркетолог, дәрілік сауда маркетингі бойынша маман.

  16. Әлеуметтік қызметкер.

  17. Психолог.

  18. Медбике, мектеп медбикесі.

  19. Терапевт.

  20. Есепші.

  21. Мұғалім, химия мұғалімі.

  22. Педиатор.

  23. Фармпрепараттарды тіркеу, сертификаттау, лицензиялау бойынша маман.

  24. Тәрбиеші.

  25. Биотехнолог.

  26. Технолог, қоғамдық тамақты реттеу және өндіру маманы.

  27. Сатушы, сауда орталығының қызметкері.

  28. Инженер.

  29. Дәріхана және дәрілік қойманын директоры (меңгерушісі).

  30. Аудармашы (латын тілі)

  31. Тілші

  32. Технолог, азық-түлік өндірісі.

  33. Невропатолог.

  34. Дефектолог.

  35. Логопед.

  36. Директор, коррекциялық орталықтын маманы.

  37. Құрылысшы.

  38. Қаржы маманы.

  39. Психотерапевт.

  40. Археолог.






Қосымша Г


Қызығушылық картасының мазмұны

(Жақсы көресің бе? Саған ұнайды ма? Қалар ма едің?)


  1. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемімен танысу.

  2. География пәні сабақтары, география оқулығын оқу.

  3. Геологиялық экспедициялар туралы көркем және ғылыми-танымал әдебиеттерді оқу

  4. Адам анатомиясы мен физиологиясы бойынша оқулықтар мен сабақтар.

  5. Үй шаруашылығын жүргізу сабақтары мен одан берілетін тапсырмалар.

  6. Физикадан жаңалықтар туралы, ұлы физиктердің өмірі мен шығармашылығы туралы әйгілі ғылыми әдебиеттерді оқу.

  7. Химиялық ашылулар мен ұлы химиктердің өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми-танымал әдебиеттерді оқу.

  8. Техникалық журналдарды оқу (мысалы, «Жастар техникасы», «Жас техник»).

  9. Электроника мен радиотехника саласындағы жетістіктер туралы ғылыми-танымал журналдар мақалаларын оқу.

  10. Түрлі металдармен және олардың қасиеттерімен танысу.

  11. Ағаш түрлерімен және оны іс-тәжірибеде қолданумен танысу.

  12. Құрылыс саласындағы жетістіктермен танысу.

  13. Түрлі көлік түрлері (автокөлік, теміржол және т.б.) жүргізушілері туралы фильмдер көріп, кітаптарды оқу.

  14. Ұшқыштар мен ғарышкерлер туралы фильмдер көріп, кітаптар оқу.

  15. Әскери техникалармен танысу.

  16. Тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар туралы кітаптар оқу.

  17. Отандық және шетел классиктерін оқу.

  18. Газет-журнал материалдарын оқу, талқылау.

  19. Мектеп пен сыныптағы күнделікті істер мен оқиғаларды талқылау.

  20. Мектеп өмірі (тәрбиешілер мен мұғалімдер жұмысы) туралы жазылған кітаптарды оқу.

  21. Милиция жұмысы туралы фильмдер көріп, кітаптарды оқу.

  22. Өздерінің оқитын, тұратын, жұмыс істейтін орындарыңның әдемілігіне, заттардың орынды қойылуына көңіл бөлу.

  23. «Қызықты математика», «Математикалық сауық» сияқты кітаптарды оқу.

  24. Экономикалық географияны зерттеумен айналысу.

  25. Шетел тілімен айналысу.

  26. Ұлы суретшілердің өмірі мен бейнелеу өнерінің даму тарихымен танысу.

  27. Сахна мен киноның ұлы шеберлерінің өмірімен танысу, әртістермен кездесу, олардың суреттерін жинау.

  28. Ұлы музыканттардың өмірімен және шығармашылығымен, музыка өнерінің теориясына байланысты сұрақтарымен танысу.

  29. Атақты спортшылар мен спортқа байланысты газет-журналдар туралы оқу.

  30. Биология, ботаника, зоология зерттеумен айналысу.

  31. Географиялық ашылулары мен сипаттары бойынша түрлі елдермен танысу.

  32. Белгілі геологтардың өмірі мен шығармашылығы туралы оқу.

  33. Адамдардың ауруды жеңуі, дәрігерлер мен медицина саласындағы жетістіктер туралы оқу.

  34. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына танымдық жорықтар жасау.

  35. «Қызықты физика», «Физика әзілі» сияқты тақырыптағы кітаптарды оқу.

  36. Табиғаттағы химиялық құбылыстарды табу, химиядан тәжірибе жұмыстарын жасау, химиялық реакциялардың жүру барысын бақылау.

  37. Заманауи техниканың соңғы жетістіктерімен танысу (радио және телехабарларды тыңдау, көру, газет материалдарын оқу).

  38. Радиотехникалық үйірмелерге қатысу немесе электриктің жұмысымен танысу.

  39. Металды өндейтін түрлі өлшеуіш құралдарымен танысу және жұмыс істеу.

  40. Ағаштан жасалған бұйымдардың жасалуын бақылау, жиһаздың жаңа үлгілерімен танысу.

  41. Құрылысшылармен кездесу, олардың жұмыс барысын бақылау.

  42. Қозғалыс құралдары туралы танымал әдебиеттерді оқу.

  43. Теңізшілер туралы кітаптарды оқу, фильмдер көру.

  44. Үлкен шайқастар мен соғыс тарихы және әскери тақырыптағы фильмдер көру, кітаптар оқу.

  45. Қазақстан мен шетел тілдеріндегі ағымдық саяси оқиғаларды талқылау.

  46. Әдеби сын мақалаларды оқу.

  47. Теледидардан және радиодан хабарларды тындау, тақырыптық телехабарларды көру.

  48. Қалада, мемлекетте болып жатқан оқиғаларды білу.

  49. Жолдастарының өз беттерінше оқу тапсырмаларын істей алмаса, түсіндіріп, көмек жасау.

  50. Танысыңның, досыңның немесе әдеби қаһарманның іс-әрекеттерін әділетті бағалау.

  51. Отбасынын азық-түлікпен қамтамасыз ету, саяхатқа шығу кезінде тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

  52. Математикалық ашылулар мен ұлы математиктердің өмірі мен қызметі туралы әйгілі ғылыми әдебиеттерді оқу.

  53. Экономикалық және шаруашылық жоспарлардың орындалуымен танысу.

  54. Көркем әдебиетті шетел тілінде оқу.

  55. Редколлегия мүшесі боп, газетті рәсімдеуге қатысу.

  56. Драмалық театрға немесе жасөспірімдер театрына бару.

  57. Опералық және симфониялық музыка тындау.

  58. Спорттық жарыстарға қатысу, спортттық радио және телехабарларды тындау.

  59. Биологиялық үйірмелерге қатысу.

  60. Географиялық үйірмелерге қатысу.

  61. Жердегі минералдар мен геологиялық объектілердің көрінісі мен суреттерін жинау, құрастыру.

  62. Адам ағзасының қызметі, аурулардың пайда болу себептері мен оны емдеудің жолдары туралы оқу.

  63. Аспаздық үйірмесіне қатысу, үйде ас дайындау.

  64. Физикадан тәжірибелер жасау.

  65. Сұйықтық дайындау, реактивтерді өлшеу.

  66. Түрлі механизмдерді (мысалы, сағат, үтік) бұзып, жөндеу.

  67. Дәл өлшеу құралдарын (осциллограф, вольтметр, амперметр) қолдану, түрлі сынақтар жүргізу.

  68. Металл түрлі заттар мен бөлшектер жасау шеберлігі.

  69. Ағаштан түрлі заттар жасау мен ағашты көркем өндеу.

  70. Түрлі құрылыс нысандарының нобайын жасау немесе түрлі ғимараттар сызбаларын сызу.

  71. Жас темір жолшылар мен автокөлік қызығушыларының үйірмелеріне қатысу.

  72. Парашютистер секциясы мен авиаүлгілеуші үйірмесіне, авиаклуб жұмысына қатысу.

  73. Мергендер секциясымен айналысу.

  74. Түрлі халықтар мен мемлекеттердің пайда болу тарихын зерттеу.

  75. Әдебиеттен сыныпта және үйде шығармалар жасау.

  76. Басқа адамдардың қылығы, іс-әрекеті мен өмірін бақылау.

  77. Қоғамдық жұмыстарды орындау, қандай да бір іске дос-жарандарды жұмылдыру, ұйымдастыру.

  78. Кішкентай балалармен уақыт өткізу, оларға кітап оқып беру, әңгімелесу, көмектесу.

  79. Өз қатарластарың мен жасы кіші балалардың арасында тәртіп орнату.

  80. Сатушы, аспазшы, даяршы жұмысын бақылау.

  81. Математикалық үйірмелерге қатысу.

  82. Өндірістің даму мәселелерін зерттеп, өндірістік кәсіпорындардың есебі мен жоспарлау саласының жаңа жетістіктерімен танысу.

  83. Шетел тілі сөздіктерімен жұмыс істеу, аз таныс тілдердің тіркестерін зерделеу.

  84. Мұражайлар мен сурет көрмелеріне бару.

  85. Көрермендер алдында сахнаға шығу.

  86. Бір музыкалық аспапта ойнау.

  87. Спортық ойындарды ойнау.

  88. Жануарлар мен өсімдіктердің өсуін бақылау, оларды бақылау дәптерін жүргізу.

  89. Өз бетіңмен географиялық карталарды құрастыру. Түрлі географиялық материалдарды жинақтау.

  90. Геологиялық мұражайға экспонаттар мен минералдардың коллекциясын жинақтау.

  91. Дәрігер, медбике, фармацевтердің жұмыстарымен танысу.

  92. Киімдерді пішу, тігу үйірмелеріне қатысу, өзіңе және отбасы мүшелеріне арнап киімдер тігу.

  93. Физика бойынша жүргізілетін үйірмелерге қатысу немесе физикадан факультативтік сабақтарға қатысу.

  94. Химия бойынша жүргізілетін үйірмелерге қатысу немесе химиядан факультативтік сабақтарға қатысу.

  95. Қандай да бір техникалық үйірмеге (ұшақ, кеме және т.б. үлгілеу) қатысу.

  96. Электронқұралдар, электроаппараттар, электр машиналарының құрылымдарымен танысу; радиоқұралдарды, қабылдағыштарды және т.б. бақылау, жинау.

  97. Еңбек пен слесарлық-станоктың шеберханалар сабақтары.

  98. Қашаушылар үйірмесі мен «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысу.

  99. Құрылыс нысандарында болу, құрылыстың барысы мен өндеу жұмыстарын бақылау.

  100. Көлік қатынасы мен жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерінің сақталуын қадағалау.

  101. Желкеншілердің, аквалангистердің, су құтқарушылардың секцияларына қатысу.

  102. Әскерилендірілген ойындарға қатысу.

  103. Тарихи мұражайларды аралау, мәдени ескерткіштермен танысу.

  104. Әдеби үйірмелерде шұғылдану, әдебиет пен шетел тілдері бойынша жүргізілетін факультативтерге қатысу.

  105. Жеке күнделік жүргізу.

  106. Халықаралық жаңалықтар туралы хабарламамен сынып алдында сөз сөйлеу.

  107. Жасы кіші балаларға арнап сауық кештерін ұйымдастыру.

  108. Адамдардың жасырғысы келетін қылықтары мен іс-әрекеттерінің себеп-салдарын анықтау.

  109. Дүкенде өз қажетін іздеп жүрген сатып алушыға көмектесу.

  110. Математикадан күрделі есептерді шығару.

  111. Өзіңнің ақша шығындарың мен кірістеріңнің нақты есебін жүргізу.

  112. Шетел тілі үйірмелеріне немесе факультативтік сабақтарына қатысу.

  113. Көркемөнер үйірмесіне қатысу.

  114. Көркемөнерпаздар байқауына қатысу.

  115. Хор немесе музыкалық үйірмеге қатысу.

  116. Қандай да бір спорттық секцияға қатысу.

  117. Биология пәні бойынша олимпиадаға қатысу немесе өсімдіктер мен жануарлар туралы көрме дайындау.

  118. Географиялық экспедицияға қатысу.

  119. Геологиялық экспедицияға қатысу.

  120. Ауру адамды күту, бақылау, олардың жағдайларын жеңілдетуге көмек көрсету.

  121. Аспаздық және кондитер өнімдерінің көрмесіне қатысу.

  122. Физика пәнінен олимпиадаларға қатысу.

  123. Химиядан күрделі есептерді шешу, химия пәнінен олимпиадаларға қатысу.

  124. Техникалық сызбалар мен тірек-сызбаларды ажырата білу, өз бетіңмен сызу немесе сызбалар құрастыру.

  125. Күрделі радиосызбаларды білу.

  126. Жаңа типті станоктармен танысу, олардың жұмыс барысын бағдарлау мен жөндеу ретін көру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарға танымдық жорық жасау.

  127. Өз қолыңмен ағаштан қандай да бір зат жасау.

  128. Құрылыс жұмыстарына белсенді араласу.

  129. Автокөлік, троллейбустарға және т.б. қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына белсенді араласу.

  130. Қандай ауа райы болмасын, жедел жәрдем ұшақтарына ұшу немесе жедел жылдамдықтағы ұшақтарды басқару.

  131. Қатал тәртіпте өмір сүру, күн тәртібін қатаң түрде орындау.

  132. Тарихи үйірмелерге қатысу, материал жинақтау, тарихи тақырыпта баяндама даярлау.

  133. Әдебиет ақпарат көздерімен жұмыс жасау және оқығандарың жайлы әсерлеріңді жазатын күнделік жүргізу.

  134. Пікірталастар мен оқырмандар конференцияларына қатысу.

  135. Мектепте қоғамдық шараларды дайындау мен өткізу.

  136. Тәрбиесі қиын балаларды өз қарамағына алу, балалар мен жасөспірімдердің мәселесіне байланысты сұрақтарды талқылау.

  137. Милиция жұмыстарына көмектесу.

  138. Үнемі әр түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау.

  139. Математикалық олимпиадаларға қатысу.

  140. Тауарлардың құны, бағаның қойылуы, жалақы, жұмыстың ұйымдастырылуына байланысты сұрақтарды түсінуге тырысу.

  141. Достармен шетел тілінде әңгімелесу.

  142. Бейнелеу өнерінің көрмесіне қатысу.

  143. Театр үйірмесіне қатысу.

  144. Театрлардың байқау мұражайларына қатысу.

  145. Спорттық жарыстарда жекелей сындарға түсу.

  146. Бау-бақшада өсімдіктер өсіру немесе жануарларды күтімге алу.

  147. Жергілікті жерді топографиялық суретке түсіру.

  148. Бағдарламаға сәйкес ауқымды жұмысты қажет ететін күрделі және ұзақ мерзімді жорықтарға бару.

  149. Аурухана, емхана мен дәріханада жұмыс істеу.

  150. Тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында маман (тігінші, кондитер және т.б.) болып жұмыс істеу.

  151. Химиядан күрделі есептерді шешу.

  152. Химиялық өндірісте жұмыс істеу.

  153. Техникалық шығармашылық көрмеге қатысу.

  154. Электроэнергетика мен радиоэлектроника саласында жұмыс істеу.

  155. Станокпен жұмыс істеу, түрлі бұйымдар мен бөлшектер дайындау.

  156. Столярлық немесе үлгілеу жұмыстарының сызбасын орындау.

  157. Құрылыс бригадасында жұмыс істеу.

  158. Жолаушылар немесе жүктерді тасымалдау, көше қозғалысы ережесін сақтау.

  159. Дауылды ауа райында ашық теңізде немесе үлкен өзендерде жұмыс істеу.

  160. Әскери инженер немесе командир болып жұмыс істеу.

  161. Туған өлкенің тарихи орындарына саяхатқа шығу.

  162. Әңгіме жазу, өлең, мысал шығару.

  163. Қабырға газеттеріне немесе баспасөз беттеріне мақала жазу.

  164. Еңбек десанты кезінде бригадаға жетекшілік жасау.

  165. Балаларға арнап мерекелер мен ойындар ұйымдастыру.

  166. Заң мекемесінде жұмыс істеу (сот, прокуратура, адвокатура, құқықтық кеңес беру).

  167. Адамдарға азды-көпті көмектер көрсету.

  168. Математикалық білімді қажет ететін тапсырмаларды орындау.

  169. Халық шаруашылығы кәсіпорнында жоспарлау, қаржыландыру, экономика саласында жұмыс істеу.

  170. Шетел тіліндегі олимпиада, байқау, конференцияларға қатысу.

  171. Бейнелеу өнері көрмелеріне қатысу.

  172. Сахнада өнер көрсету немесе киноға түсу.

  173. Музыкант, музыкалық режиссер немесе музыка оқытушысы болу.

  174. Дене шынықтыру пәні мұғалімі немесе жаттықтырушы болу.


Бланкіге жауаптарыңды жазып болған соң, әр баған бойынша ұнамды (оң) жауаптарыңды санап шық.

Алынған деректерді талқылай отырып, оң жауаптарды көбірек салаларды бөліп көрсету керек. Егер бірнеше салада оң жауаптар саны бірдей болатын болса, теріс жауаптары аз сала түрі сенің қызығушылығыңның айқын бағдарын көрсетеді. Қызығу бағытын анықтау үшін бірінші кезекте оң жауаптары көбірек саланы есепке алу керек. Сонымен қатар өзіңнің теріс жауаптарыңның қай салада көп екендігіне де назар аударған жөн. Қосу белгілерінің басымдылығын қызығушылықтардың бағыттарын бағалау кезінде есепке алу керек. Әр баған бойынша оң және теріс жауаптар жеке-жеке саналып, жинақталады да, соның негізінде қабылданатын немесе теріске шығарылатын қызмет түрлері анықталады.


Нәтижелерді өңдеу


Жауап бланкісінде 29 жол бойынша қосу (+) мен алудың (-) жалпы санын жеке-жеке санап шық. Осы көрсеткіштердің алгебралық қосындысын шығар.

Қызығушылықтардың айқындылық деңгейін – (алу) шамасын шкаламен салыстыра отырып анықта.

Айқындылық шкаласы


Жинақталған қосу мен алулардың саны

Қызығушылықтардың айқындылық сипаты

12-ден – 6-ға дейін

Қайшылықтың жоғары дәрежесі

5-тен – 1-ге дейін

Қызығушылығы жоққа тән

+ 1-ден + 4-ке дейін

Қызығушылығы әлсіз көрінеді

+ 5-тен + 7-ге дейін

Қызығушылығы айқын

+ 8-ден + 12-ге дейін

Қызығушылығы өте айқын көрінеді


Жауап парағындағы 29 қатар келесі қызығушылықтарға сәйкес келеді.

Қызығушылықтар картасының дешифраторы:

1-қатар – биология; 2-қатар – география; 3-қатар – геология; 4-қатар – медицина; 5-қатар – жеңіл және тамақ өнеркәсібі; 6-қатар – физика; 7-қатар – химия; 8-қатар – техника; 9-қатар – электрорадиотехника; 10-қатар – темір өңдеу кәсібі; 11-қатар – ағаш өңдеу кәсібі; 12-қатар – құрылыс; 13-қатар – көлік; 14-қатар – авиация; 15-қатар - әскери мамандықтар; 16-қатар – тарих; 17-қатар – әдебиет; 18-қатар – журналистика; 19-қатар – қоғамдық қызмет; 20-қатар – педагогика; 21-қатар – құқық, заң; 22-қатар – қызмет көрсету саласы, сауда; 23-қатар – математика; 24-қатар – экономика; 25-қатар – шетел тілі; 26-қатар – бейнелеу өнері; 27-қатар – сахна өнері; 28-қатар – музыка; 29-қатар – дене шынықтыру, спорт.


Жауап парағы


1


2


3


4


5


6


7

8

1


30


59


88


117


146




2


31


60


89


118


147




3


32


61


90


119


148




4


33


62


91


120


149




5


34


63


92


121


150




6


35


64


93


122


151




7


36


65


94


123


152




8


37


66


95


124


153




9


38


67


96


125


154




10


39


68


97


126


155




11


40


69


98


127


156




12


41


70


99


128


157




13


42


71


100


129


158




14


43


72


101


130


159




15


44


73


102


131


160




16


45


74


103


132


161




17


46


75


104


133


162




18


47


76


105


134


163




19


48


77


106


135


164




20


49


78


107


136


165




21


50


79


108


137


166




22


51


80


109


138


167




23


52


81


110


139


168




24


53


82


111


140


169




25


54


83


112


141


170




26


55


84


113


142


171




27


56


85


114


143


172




28


57


86


115


144


173




29


58


87


116


145


174












































Қолданылған әдебиет тізімі


  1. Афанасьева Н.В., Малухина Н.В., Пашнина М.Г. Профориентационный тренинг для старшеклассников «Твой выбор» / Под ред. Н.В. Афанасьевой. – СПб.: Речь, 2007.-366с.

  2. Баррет Дж. Выбор профессии. Способности. Тесты/ М., «Астрель» 2006.

  3. Баррет Дж. Карьера. Способности/ М., «Астрель» 2006.

  4. Волков Б.С. Основы профессиональной ориентации/ М.: Академический проект 2007.

  5. Выбираем профессию. Советы практического психолога. — СПб.: Питер, 2006. — 224 с: ил.

  6. Грецов А. Выбираем профессию/ С-Пб., «Питер» 2007.

  7. Гурова Е.В., Голерова О.А. Профориентационная работа в школе: методическое пособие / - М.: Просвещение, 2007. – 95 с.

  8. Климов Е.А. Как выбрать профессию. – М., «Просвещение» 2005.

  9. Козловский О.В. Выбор профессии: методики, тесты, рекомендации / - Ростов н/Д: Феникс; Донецк, 2006 – 800 с.

  10. Меренков А.В. Самоопределение в учебе, труде и отдыхе/ М., издательский центр «Академия» 2008.

  11. Павлова А. Профориентация старшеклассников. – М., «Сфера» 2006.

  12. Профориентационная профессиография: методическое пособие. – М.: Высшая школа психологии, 2005. – 96 с.

  13. Пряжникова Е.Ю., Пряжников Н.С. Профориентация: учебное пособие для студентов высших учебных заведений, обучающихся по направлению и специальностям психологии / - 3-е изд., стер. - М.: Academia, 2007. – 494 с.

  14. Пряжников Н.С. Профессиональное самоопределение. – М., издательский центр «Академия» 2008.

  15. Пряжников Н.С. Игры и методики профессио-нального самоопределения/ М., «1 сентября» 2004.

  16. Резапкина Г.В. Скорая помощь в выборе профессии. Практическое руководство для педагогов и школьных психологов/ М., «Генезис» 2010.

  17. Резапкина Г.В. Психология и выбор профессии. Программа предпрофильной подготовки: учебно-методическое пособие. – М., «Генезис» 2010.

  18. Романова Е.С. 99 популярных профессий: психологический анализ и профессиограммы / - 2-е изд. - СПб.: Питер, 2006. - 460 с.

  19. Савченко М.Ю. Профориентация. Личностное развитие. Тренинг готовности к экзаменам (9-11 класс): практическое руководство для классных руководителей и школьных психологов / Под науч ред. Л.А. Обуховой. – М.: Вако, 2005, -240 с. – (Педагогика. Психология. Управления).

  20. Черникова Т.В. Профориентация старшеклассников / - Волгоград, «Учитель» 2007.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2390
Номер материала ДВ-409571
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх