Инфоурок Другое ПрезентацииКәсіптік қазақ тілі пәнінен "Қос арыс: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин" (2 - курс)

Кәсіптік қазақ тілі пәнінен "Қос арыс: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин" (2 - курс)

Скачать материал
Скачать материал "Кәсіптік қазақ тілі пәнінен "Қос арыс: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин" (2 - курс)"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі Хамзина Әсел Берікқызы қазақ...

    1 слайд

    Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі Хамзина Әсел Берікқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  • Сабақтың тақырыбы: “Қос арыс” Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов “Түлкі мен қарға” м...

    2 слайд

    Сабақтың тақырыбы: “Қос арыс” Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов “Түлкі мен қарға” мысалы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ыбырай мен Ахмет шығармаларының үндестігі туралы мағлұмат беру. “Түлкі мен қарға” мысалының мағынасын аша отырып, өмірмен байланыстыру. Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, сауатты жазуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға төселдіру. Тәрбиелік: Адал еңбек етуге, жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Студенттер “Қос арыс” шығармаларының үндестігі туралы мағлұмат алады. “Түлкі мен қарға” мысалының идеясын түсініп, өмірде адал еңбек етуге, тәрбиелі азамат болуға талпынады.

  • I. Ұйымдастыру кезеңі Студенттердің зейінін сабаққа аудару. II. 2 топқа бөлу:...

    3 слайд

    I. Ұйымдастыру кезеңі Студенттердің зейінін сабаққа аудару. II. 2 топқа бөлу: І топ “Ыбырай” ауылы ІІ топ “Ахмет” ауылы III. Тренинг “Бір тілек”. IV. Үй тапсырмасын тексеру. V. Жаңа сабақ. VI. Сабақты бекіту. VII. Үйге тапсырма. VIII. Бағалау. Сабақтың барысы:

  • I. Ұйымдастыру кезеңі I – топ: “Ыбырай” ауылы II – топ: “Ахмет” ауылы

    4 слайд

    I. Ұйымдастыру кезеңі I – топ: “Ыбырай” ауылы II – топ: “Ахмет” ауылы

  • «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш...

    5 слайд

    «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» “ II. Жаңа сабақ «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді.

  • Қос арыс Ыбырай Алтынсарин Ахмет Байтұрсынұлы

    6 слайд

    Қос арыс Ыбырай Алтынсарин Ахмет Байтұрсынұлы

  • 1889 жылы қайтыс болды. Екі жылдай өз елінде тілмаш болып,1859ж.Орынбордағы ш...

    7 слайд

    1889 жылы қайтыс болды. Екі жылдай өз елінде тілмаш болып,1859ж.Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. 2 қараша 1841 жылы Қостанай обл. Затобол ауд.туған. Атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. 1850ж.Орынбордағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1857ж. Мектепті “өте жақсы” деген бағамен бітірген. 1879ж. тұңғыш оқу құралы “Қазақ хрестоматиясы” шықты. 1864ж. 8 қаңтарда мектеп ашады.

  • Ахмет Байтұрсынов 1912ж. “Оқу құралы”, 1914ж. “Тіл құралы”, 1924ж. “Әліпби”,...

    8 слайд

    Ахмет Байтұрсынов 1912ж. “Оқу құралы”, 1914ж. “Тіл құралы”, 1924ж. “Әліпби”, 1926ж. “Жаңа әліпби” 1922-25жж. Түркістан Компартиясы “Ақ жол” газетінде қызметкер. 1929ж. қамауға алынып, 1934ж. босатылған. «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917ж. аяғына дейін редакторы болды. 1937ж. қазан айында тағы да қамауға алынып, 2 айдан соң, 8 желтоқсан “халық жауы” есебінде атылған. 1882-84жж. ауыл мектебін оқиды. 1890ж. Торғайдағы екі кластық училищесін, 1895ж.Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1919ж. 24 маусымда әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1925-29жж. Ташкент және ҚазПи-де оқытушы болды. Алғашқы өлеңі 1909ж. Санкт-Петербургте «Қырық мысал» атты аударма жинағы жарық көрді. 1909ж. Семей түрмесіне жабылып, 1910ж. жер аударылды. Қазіргі Қостанай обл. Жангелдин ауд. Ақкөл ауылында дүниеге келген.

  • 9 слайд

  • Қарға мен түлкі Ы. Алтынсарин Ашығып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол...

    10 слайд

    Қарға мен түлкі Ы. Алтынсарин Ашығып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға. Жүгіріп түлкі соған жетіп келді, Қарға ағаштың басында мұны көрді. Тістегені аузында тәтті ірімшік, Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді. «Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын. Сырттан халқаң тілейді барша халқың. Қарға әніңдей әуез жоқ деп. Осылайшы шығады сыртқа даңқың. Сандуғаш, бұлбылдарды көріп едім, Жүзіңді бір көруге келіп едім, Даусыңды бір шығаршы шаттанайын, Сырттан асық болғаннан өліп едім».

  • Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып, Екі көзін қарғаға қылмаңдатып. «Қарға тақс...

    11 слайд

    Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып, Екі көзін қарғаға қылмаңдатып. «Қарға тақсыр, көз жасымкөріңіз»,- деп, Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып. Масаттанып бұл қарға сілкінеді, Ішін тартып миықтан бір күледі. «Арып - ашып алыстан келген шығар, Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді. Мақтаусөзге семіріп, судай тасып, Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып; Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп, Оны кетті түлкі - екең алды қашып.

  • Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа Қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірім...

    12 слайд

    Бір түйір ірімшікті тауып алып, Ағашқа Қарға қонды ұшып барып. Тоқ санап ірімшікті көңіліне, Жей қоймай, отыр еді ойға қалып. Қашаннан белгілі аңқау ала Қарға, Нәсіпке бұйырмаған шара бар ма? Шығатын шығасыға болып себеп, Ағашты Түлкі залым аралар ма! Қарға мен түлкі А. Байтұрсынов

  • Көркіңді бітіре алман жазып хатқа, Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа. Мен қа...

    13 слайд

    Көркіңді бітіре алман жазып хатқа, Я сөйлеп жеткізе алман айтып жатқа. Мен қайран: «Неғып патша қоймаған?» - деп, Даусың да сипатындай болған шақта! Нұрынды күн секілді көріп тұрмын, Шыдамай, бойым балқып, еріп тұрмын. Даусынды тым болмаса бір шығаршы, Естуге құмар болып өліп тұрмын». Мәз болып, мақтағанға насаттанып, Қайтпасын, деп ойлады, сағы сынып. Алыстан арып-ашып іздеп келген Байғұстың кетсін деді көңілі тынып. Өтірік мақтағанға Қарға еріп, «Қарқ» етті пәрменінше жағын керіп. Ірімшік «қарқ» еткенде жерге түсіп, Жеп алып Түлкі кетті жортып-желіп.

  • Тістеген ірімшігін Түлкі көріп, Аяғын ептеп басып жақын келіп: «Уһ! - деді, -...

    14 слайд

    Тістеген ірімшігін Түлкі көріп, Аяғын ептеп басып жақын келіп: «Уһ! - деді, - көретін де күн бар екен, Жүруші ем сырттан асық болып өліп! Тамаша қарағанға түрің қандай, Мынау көз, мынау мойын, мұрын қандай! Гауһардай қанаттарың жарқырайды, Келісті қалай біткен және маңдай! Көркемдік сипатыңнан табылғанда, Даусың да болса керек шырын-балдай! Көптен-ақ дабысыңды естісем де, Болған соң келе алмадым жерім шалғай. Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден, Сұлу деп мақтаған соң әркім көрген. «Халық айтса, қалып айтпайды» деген рас, Арман жоқ жанда сені көріп өлген!

  • Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр, Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр. Солард...

    15 слайд

    Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр, Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр. Солардың сұмдығына түсінбеген Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр. Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып, Далада кең сахара көшіп-қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді мазақ болып.

  • Мысалдың мағынасын ашуға бағытталған тапсырмалар: 	 1. Берілген мысалды оқып,...

    16 слайд

    Мысалдың мағынасын ашуға бағытталған тапсырмалар: 1. Берілген мысалды оқып, мазмұндық талдау жасап, идеясын ашыңдар. 2. Мәтіннен сын есімді тіркескен сөздерімен теріп жазыңдар. 3. Мысалдағы кейіпкерлерге мінездеме беріңдер. 4. Адам бойындағы жақсы және жағымсыз қасиеттерді білдіретін мақал-мәтелдерді атаңдар.

  • Студенттердің топтық жұмыстарды қорғау сәтінен

    17 слайд

    Студенттердің топтық жұмыстарды қорғау сәтінен

  • “Сатылай кешенді талдау” технологиясы бойынша тапсырмалар: 	 1.”Шығаршы”, “Қа...

    18 слайд

    “Сатылай кешенді талдау” технологиясы бойынша тапсырмалар: 1.”Шығаршы”, “Қарғадай” сөздеріне фонологиялық талдау. 2.”Тәтті”, “Аңқау” сөздерін сөз құрамына талдау. 3.”Залым”, “Ірімшік” сөздеріне дыбыстық мінездеме беру. 4.Мысалдың бір шумағына әдебиет пәні бойынша сатылай кешенді талдау жасау.

  • Фонологиялық талдау үлгісі (СКТ): Шығаршы Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолы...

    19 слайд

    Фонологиялық талдау үлгісі (СКТ): Шығаршы Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолына қарай жуан буын сөз. Себебі сөз құрамындағы дауысты дыбыс жуан дауыстылар. Бұл сөз: шы – ғар – шы болып 3 буынға бөлінеді. Себебі: сөздің құрамында 3 дауысты дыбыс бар. Шы – буыны ашық буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр; ғар - буыны бітеу буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр; шы – буыны ашық буын. Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр. Шы – ғар - шы а.б. (Δ ); б.б.( Δ Δ); а.б. (Δ ) Бұл сөз шы – болып 2 жағдайда тасымалда- ғар – нады. Себебі сөз буын жігіне шы - сәйкес тасымалданған. Бұл сөзде екпін буынға а – дауысты дыбысына түсіп тұр. Шы – ғар – шы Буын үндестігі бар. Дыбыс үндестігі бар. Кейінді ықпал.

  • Сөз құрамына талдау үлгісі (СКТ): Тәтті Бұл сөз құрамына қарай: 1 құрамнан тұ...

    20 слайд

    Сөз құрамына талдау үлгісі (СКТ): Тәтті Бұл сөз құрамына қарай: 1 құрамнан тұр: тәтті. Бұл сөз тұлғасына қарай: тәтті – негізгі түбір. Себебі сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, мағына беретін негізгі бөлігі. Құрылысына қарай: тәтті – дара. Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр. Лексикалық мағына – 1; 1 грамматикалық мағына бар. Лексикалық мағына: тәтті – тағамның дәмін білдіретін атау. Грамматикалық мағына: а) негізгі сын есім; ә) жай шырай Қандай? Деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл сын есім. Сын есім дегеніміз – заттың түрін, түсін, сапасын, сипатын, түрін (реңін), көлемін білдіретін сөз табы. Мағынасына қарай: сапалық сын есім. Сапалық сын есім дегеніміз – түбір күйінде заттың сынын тікелей білдіретін сын есім.

  • Дыбыстық мінездеме беру үлгісі (СКТ): Берілгені: Залым = O = = ? Шешуі: Залым...

    21 слайд

    Дыбыстық мінездеме беру үлгісі (СКТ): Берілгені: Залым = O = = ? Шешуі: Залым = 5 O = 2 (а, ы) дауысты 0 3 (з, л, м) дауыссыз 0 а) 2 = 2(а, ы) тіл арты немесе жуан O ә) 2 = 1(а) ашық + жартылай ашық 0 1 (ы) қысаң б) 2 = 0 2(а, ы) езулік 3 = қатаң + 1(з) ұяң 2 (л, м) үнді O

  • Әдебиет пәні бойынша талдау үлгісі (СКТ): Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр,...

    22 слайд

    Әдебиет пәні бойынша талдау үлгісі (СКТ): Қарасақ, көп адамдар Түлкі боп жүр, Залымдық өтірік пен мүлкі боп жүр. Солардың сұмдығына түсінбеген Қарғадай жұртқа мазақ, күлкі боп жүр.

  • Ойларын жинақтап алуға мүмкіндік беру сәті

    23 слайд

    Ойларын жинақтап алуға мүмкіндік беру сәті

  • Түлкі мен қарға 1. Авторы – Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) 2. Тақырыбы –Адам а...

    24 слайд

    Түлкі мен қарға 1. Авторы – Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) 2. Тақырыбы –Адам арасындағы қарым – қатынас. 3. Идеясы – адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді әшкерелеу. 4. Жанр түрі – мысал 5. бір шумақтан тұр. 6. төрт тармақ бар. 7. он екі бунақтан тұр. 8. он бір буынға құрылған. 9. қара өлең ұйқасына құрылған. (А А Б А) 10. Әдеби теориялық ұғымдар. а) теңеу - қарғадай 11. Мысалдың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – адамдар арасында шынайы, сенімді қарым – қатынасты орнатуға тәрбиелеу.

  • Сатылай кешенді талдау (биология) 			 		 Түлкі 1.Анықтама. 		2.Сөзтаным....

    25 слайд

    Сатылай кешенді талдау (биология) Түлкі 1.Анықтама. 2.Сөзтаным. 3.Таралуы. 4.Құрылысы: 4.1.Терісі 4.2.Сезім мүшелері: 5.Көбеюі: 6.Пайдасы. 7.Зияны 8.Қорытынды.

  • Түлкі 		1.Анықтама. Түлкі - сүт қоректілер класына жататын, 	 баласын сүтп...

    26 слайд

    Түлкі 1.Анықтама. Түлкі - сүт қоректілер класына жататын, баласын сүтпен асырайтын, ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң. 2.Сөзтаным. А) Қырқылжың арлан, ақшулан – қасқырдың аталығы. Б) Жәудір, Түлкішек, Мыршай – күшігі. В) Мыршық, қаншық, қанжыр, жәутік – аналығы (ұрғашысы). 3.Таралуы. Барлық құрлықта таралған. 4.Құрылысы: 4.1.Терісі жабынды әрі бағалы аң. 4.2.Сезім мүшелері: Иіс сезу, көру, есту мүшелері жақсы жетілген. 5.Көбеюі: көктемде күшіктейді. 6.Пайдасы. Кеміргіштерді жеп, ауыл шаруашылыққа пайда келтіреді. Терісі пайдалы. 7.Зияны. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады. 8.Қорытынды. Түлкі – жыртқыш аң. Сатылай кешенді талдау (биология)

  • Қарға 1.Анықтама. 		2.Қорегі. 		 		3.Таралуы. 	 4.Құрылысы: 		4.1.Тер...

    27 слайд

    Қарға 1.Анықтама. 2.Қорегі. 3.Таралуы. 4.Құрылысы: 4.1.Терісі 4.2.Сезім мүшелері: 5.Көбеюі: 6.Пайдасы. 7.Зияны 8.Қорытынды.

  • Қарға 		1.Анықтама. Қарға – торғайтәрізділер отряды. Отырықшы және суыққа...

    28 слайд

    Қарға 1.Анықтама. Қарға – торғайтәрізділер отряды. Отырықшы және суыққа төзімді құс. 2.Қорегі. Өсімдіктердің тұқымын, тамақ қалдықтарын қорек етеді. 3.Таралуы. Қазақстанның барлық аймағында таралған. 4.Құрылысы: 4.1.Тұмсығы қауырсынмен жабылған.Тұмсығы мықты. 4.2.Сезім мүшелері: Иіс сезу, көру, есту мүшелері жақсы жетілген. 5.Көбеюі: көктемде жұмыртқалайды. 6.Пайдасы. Кемірушілер мен зиянды жәндіктерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. 7.Зияны. Қоқыстарды шашып айналаны бүлдіреді. 8.Қорытынды. Қарға баласын аппағым дер...

  • 29 слайд

  • Венн диаграммасы Ыбырай Ахмет

    30 слайд

    Венн диаграммасы Ыбырай Ахмет

  • Үйге тапсырма 1. Ы. Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың өмір жолына байланысты хр...

    31 слайд

    Үйге тапсырма 1. Ы. Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың өмір жолына байланысты хронологиялық кесте толтыру. 2. “Ірімшік” сөзіне дыбыстық талдау. 3. “Гауһардай” сөзіне фонологиялық талдау.

  • Назарларыңызға рахмет!

    32 слайд

    Назарларыңызға рахмет!

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 076 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 4564
    • PPTX 24.7 мбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамзина Асель Бериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамзина Асель Бериковна
    Хамзина Асель Бериковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12507
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе