Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Кәсіптік білім беруде химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту

Кәсіптік білім беруде химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6e07b17a.jpg



«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ

«Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК-ның

химия және биология пән мұғалімі

Суртаева Кымбат Омирболовна





Тақырыбы: «Кәсіптік білім беруде химия пәнін арнайы пәндермен байланыстыра оқыту»

Бүгінде кәсіптік техникалық мамандықтарға сұранысты өтеу кәсіптік білім беру ұйымдарының аса маңызды міндеті болып отыр. Жастарды заманауи ғылымның жетістіктерімен қаруландырып өндіріске, өнеркәсіпке жаппай аттандыру – кезек күттірмейтін мәселе.

Жаңа заманға жаңаша маман қажет болғандықтан кәсіптік білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын әрбір оқытушының ең басты міндеті - өзінің пәнін сол білім беру ұйымында дайындалатын мамандықтардың арнайы пәндермен байланыстыра оқыту, сонда ғана білімнің бірізділігі дұрыс жолға қойылып, нәтижеге бағытталған білім беріледі. Білім ордасында оқып жатқан жастар әрбір пәннің өзіне керек екенін сезінуі тиіс. Осы ұстанымды өзіме мақсат етіп қойдым. Көпсалалық колледжде химия пәнінен сабақ берудің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы бізде дайындалатын мамандардың ішінде «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» мамандығында оқитын оқушыларға химия сабағына кіргенде, бүгінгі өтілетін оқу материалының автокөлікке қызмет көрсетуге қандай байланысы бар, олардың ертең жұмыс жасау барысында «Бүгінгі алған қандай ақпараты алдынан шығады?»- деген сұраққа оқытушы алдымен өзі жауап беру керек. Мысалы, «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» мамандарына металдар тарауын өткен кезде электролиз тақырыбын, аккумулятор батареясы тақырыбымен байланыстыруға болады.

Аккумулятор батареясы бұл химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын тоқ көзі. Мысалы, қышқыл қорғасынды аккумулятор батареясы 3 және 6 банкалы болып келеді. Оның қуаты 6 В немесе 12 В. Аккумулятор екі жартылай блоктан тұрады. Әр блок пластинкалардан тұрады. Ол пластинкалардың біреуі (-) теріс, екіншісі (+) оң болады және бір - біріне параллель орналасады. Міне осы бағытта аккумулятор пластинкалары сурьма қосылған қорғасын торларынан тұрады. Сурьма торға беріктік қасиет береді. Себебі қорғасын жұмсақ металл.

Аккумулятор РbО-нен тұратын қоймалжың массамен толтырылған оң және теріс зарядталған торлы пластинкалардан тұрады. Ол пластинкалар 30 пайыз H2 SO4 ерітіндісіне батырылған РbО мен 30 пайыз H2 SO4 ерітіндісінің әрекеттесуі нәтижесінде пластинка сыртында қиын еритін РbSO4 түзіледі, осыдан қорғасын қышқылының қасиетін құрылысын түсіндіру қажет.

Міне, осы құрылымның толықтай негізін түсіндіріп байланыстыруға болады.

Сонымен қатар «Аспазшы», «Тігінші» мамандығында оқитын оқушылардың келешек жұмысында химия саласы айтарлықтай орын алатыны белгілі. Мәселен химиялық тазалау мекемелерінде матаның түріне, бояуына байланысты әртүрлі химиялық жолмен тазалаудың ерекшеліктерін ескеріп отырады.

Аспаздар тағам құрамын әртүрлі химиялық құрамдас дәмдеуіштерді пайдалана отырып даярлайды.

Міне осы сияқты химия және биология пәндерін арнайы пәндермен байланыстыруға болады.

«Оны толық меңгеріп сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, оқытушылардың бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ», - деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиеті бар. Кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға келгендер болашақтағы мамандығын таңдап келгендер, сондықтан оны кәсіби маман етіп шығару оқытушылардың басты міндеті деп ойлаймын.




hello_html_m6e07b17a.jpg



«Алматы облыстық білім басқармасы» ММ

«Қапшағай көпсалалық колледжі» МКҚК-ның

химия және биология пән мұғалімі

Суртаева Кымбат Омирболовна





«Жігітке жеті өнер де аз» (байқау)

Мақсаты:  Жоғары буын оқушыларының арасынан қабілетті, яғни білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан- жақты, сегіз қырлы оқушыларды анықтау. Ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге, өнерде, өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.

Көрнекіліктер: Сахнаны безендіру, күйтаспа, қанатты сөздер.

Дайындық барысы: Жігіттерімізге қойылатын талаптармен таныстыру.

1-жүргізуші: Кеш жарық , құрметті ардақты да, аяулы ұстаздар және ата-аналар мен оқушылар! Бүгін мектебіміздің дүлдүл жігітін анықтау мақсатында өткелі отырған  «Жігітке жеті өнер де аз» байқауына қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:Ал енді сахнаға сұлу да, сымбатты, сыпайы да ұстамды, өнерлі, жігерлі, сері жігіттерімізді шақырайық.

1-жүргізуші:

Спортпенен білім жағын бір қосқан.

Кем қалмаған талантпенен табысқан,

Алдарыңызда өзі әнші, күрескер

Нұрсұлтанды қарсы алайық шабытпен.

2-жүргізуші:

Білімді, алғыр, ақылды

Танитын алыс жақынды,

Мектептің озат түлегі

Қошеметпен қарсы алайық ...........

1-жүргізуші:

Білімді, өзі алғыр жан-жақты,

Ақыл десе өз-өзіне айбатты

Мектептегі мына біздің серіміз

Шақырайық ортамызға ............

2-жүргізуші:

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,

Осы байқауға қатысамын деп келіпті

Шындық үшін шырылдайды, ой айтып.

Шақырайық ортамызға .........

1-жүргізуші:

Білімменен бүгін міне ән қосты,

Өз өнерін ортаға сап үндесті

Алғырлығын тағы бізге дәлелдер

Көрейікші шақырып ап ...........

2-жүргізуші:

Біледі ол жақсы менен жаманды,

Өнерімен тамсандырған талайды

Талай қыздың жүрегін ол жаралар,

Ортамызға шақырайық .............

1-жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр- шешу қиын,

Қазылар алқасы нық сыналар.

2-жүргізуші:

Кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын әділ қазылар бар. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі, дәстүрлі үрдісі, бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.Мектеп директоры.

2. Тәрбие ісінің меңгерушісі.

3.Намыс ұйымының бірлестік жетекшісі.

4.Ата-аналар ұйымының мүшесі.

5.Оқушылар ұйымының  жетекшісі.

1-жүргізуші:

Байқауға қатысатын жігіттеріміз әдет- ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл- парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсетулері керек.

Ендеше бағдарламамен таныс болайық.

1-кезең: Сәлем -сөздің анасы (сәлемдесу, таныстыру)

2-кезең: Білімдіден шыққан сөз.

3-кезең: Поэзия минуты.

4-кезең:Сөз қадірін тапқыр білер. (мақал-мәтел мәнін ашу)

5-кезең: Сұлу би-сымбат мүсін айғағы ( биге икемділігін көрсету)

6-кезең: Адамды адам еткен- еңбек. (үйге берілген тапсырма бойынша жігіттердің өз қолдарымен жасаған қол өнері бұйымдарын сарапқа салу)

7-кезең: Спорт- денсаулық кепілі (спорттық ойындар)

8-кезең: Мен өнерлі жігітпін. (өз өнерлерін ортаға салу)

9-кезең: Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау, марапаттау)

2- жүргізуші:

Армысың, айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем- сөздің анасы» деген нақыл.

Топ алдына шыққанда басын иіп,

Сәлемдесу- парызы әрбір жастың.

Өнерлерін паш етер жігіттермен,

Сәті келіп қалғандай танысатын- дей келе,  алғашқы кезеңді бастаймыз.

(жігіттеріміз өздерін ретімен таныстырады)

1-жүргізуші:

«Мектеп-кеме, білім- теңіз»- деп дана халқымыз бекер айтпаған.Тағы да сол халық «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді. Енді жігіттеріміздің білім деңгейінің қаншалықты екенін пайымдайық.

2-жүргізуші:

2-кезең бойынша «Білімдіден шыққан сөз» (Жігіттеріміз сұрақтарға жауап берулері керек)

Берілетін сұрақтар төмендегідей.

1. Сайыскерге:

1.Вальс королін ата.

2.Сутегі құрамындағы атом саны қанша.

3.Ат әбзелдерін ата.

4.Қазанға не сыймайды.

2.Сайыскерге:

1.Поэзия  патшасы.

2.Мұсылмандардың қасиетті кітабы.

3.Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды.

4.Су түбінде не жоқ?

3 Сайыскерге:

1.Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар?

2.Биік орналасқан материк.

3.Киіз үйдің жабдықтарын ата.

4.Теңізге қызыл шүберек салсаң не болады?

4 Сайыскерге:

1.Ислам діні қай ханның тұсында қабылданды?

2.«Шахмат» сөзі қайдан шыққан, қандай мағынаны білдіреді?

3.Ертеде қазақтар сүтті ағаш ыдысқа қалай пісірген?

4.1 тонна мақта ауыр ма? 1тонна темір ауыр ма?

5. Сайыскерге:

1.Алгебра мен география кітаптарын тұңғыш жазған қазақ зиялылары кімдер?

2.Мадагаскар астанасы.

3.Төрт түлік малдың иесін ата?

4.Жерді қоршап тұрған газ қабаты.

6 Сайыскерге:

1.Қазақстанның тұңғыш астанасы.

2.Қазақ даласының жарық жұлдызы.

3.Қамшы түрлерін ата?

4.Әлемнің жеті кереметін ата?

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз тамсанған ән өнеріне жігіттеріміздің қаншалықты қабілетті екенін байқайық. Яғни сайысымыздың 3 кезеңі «Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы» (Поэзия минуты)

2-жүргізуші:

Сөздің көркі мақал- дейді халық. Ең мәдениетті, нағыз қазақ сөзін мақалмен сөйлейтіні баршамызға аян. Жігіттеріміздің сөз саптауларын сарапқа салайық.

(жігіттерімізге мақалдың мәнін ашу ұсынылады)

Мақалдар.

1. Сайыскерге:

Ағашқа қарап тал өсер,

Атаға қарап бала өсер.

2. Сайыскерге:

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.

3. Сайыскерге:

Жаман атқа жал бітсе.

Жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе,

Қасына қоңсы қондырмас.

4. Сайыскерге:

Өтірік сөз жанға қас, өткір пышақ қынға қас.

5.Сайыскерге:

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

6.Сайыскерге:

Тіл-сүйексіз.

1-жүргізуші:

Ән мен күйді қатар берген санамызға,

Құштар- ау өнерге үлкен, баламызда.

Өнердің ең әсемін би деп айтсақ,

Жігіттер, биден құр қол қаламыз ба?!

Қане жігіттер, сайыстың 5 кезеңі «Сұлу би- сымбат мүсін айғағы» кезеңінен де өтелік.

(жеке және  жұптасып билеу)

2-жүргізуші:

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» -дейді Абай атамыз .Келесі байқауымыз жігіттердің еңбекқорлығын тамашаласақ.

(жігіттер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын  түсіндіре отырып, назарға ұсынады)

1-жүргізуші:

Қазіргі таңда жалпы қоғам алдында қойылып отырған басты мақсат, салауатты өмір салтын құру. Берік қоғам құру үшін қоғамда денсаулығы мықты азаматтардың көп болуы қажет. Біздің жігіттеріміз ертеңгі берік қоғамның негізі бола ала ма? Олардың спортқа деген бейімділігі қандай? Осыны бағаласақ. (Білек күші, қол күрес.)

2-жүргізуші:

Өнерлі жігіт өрге жүзер дейді жұртым.

Өнерлі болса жігіттер болар сылқым,

Қане жұртым көрелік «нағыз жігіт»

Қағып қандай, тамсанып, десіп шіркін.

Байқауымыздың жеті кезеңінен өткен жігіттердің жеті түрлі қырын байқадық. Енді сайыстың соңғы кезеңі «Мен өнерлі жігітпін» белесінен өтуге жігіттерді шақырамыз.

(Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді)

1-жүргізуші:

Бір жігіт бар –құр жан,

Бір жігіт бар- тірі жан,

Бір жігіт бар- жігіт жан… деп Шал ақын жырлап өткендей,- бүгінгі жігіттеріміздің әділ бағасын беру үшін  сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

2-жүргізуші:

Бақыттарың бастан кетпесін,

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүздеріңнен

Өмір бойы кетпесін деп –«Жігітке жеті өнер де аз» байқауын аяқтаймыз.

1-2 жүргізуші:

Сау болыңыздар көргенше.

Қайта айналып келгенше,

Жиі келіп тұрыңыздар

Қоштасайық ендеше.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.



















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДВ-485825
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх