Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Кәсіптік мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Кәсіптік мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану

библиотека
материалов

ЕРЛIКТIҢ АРҚАУЫ, ЕЛДIКТIҢ БАСТАУЫ – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

картааааааа

Бодандық бұғауынан босаған, азаттық алған қазақтың өзін-өзі тануға, өткеннен сабақ алуға ұмтылып, тарихты қазбалауы заңды еді. Ел Тәуелсіздігі жарияланысымен-ақ аузы дуалы, зиялы азаматтардың ақыл-кеңесімен тарихта өткен әйгілі бабалардың рухына бағышталып ас берілуі елдің еркін, саналы өмірге аяқ басқанының алғашқы белгісі еді. Одан соң 1998 жылды Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы» деп жариялады. Мұндай игі қадамдар қазақ оқымыстыларының ұлттық мәдени мұраларды түгендеуі, тарихтың ашылмаған ақтаңдақ беттеріне ден қоюы, тың тақырыптарда зерттеу жүргізуі секілді қыруар шаруалармен жалғасын тапты.
Бүгінгі таңда кеңестік кезең, отарлық дәуір бұрмалаған жасанды деректер тұманын сейілтіп, шын тарихты ашуға ынтыққан азаматтар көп. Ал Елбасы ғалымдардың ұсынысына орай 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы кең көлемде атап өтілетіндігін мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, әлеуметтік желілерде, азаматтардың жеке парақшаларында сүйіншілей хабарланған, халық тарапынан қызу қолдау тапқан осынау мерейтой жайында біз де тарихшы ғалымдармен ой бөліскен едік.

АтыгаевНұрлан АТЫҒАЕВ,  тарих ғылымының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары:

Қазақ хандығы 1465 жылдың қазанында құрылған

Тарих және этнология институты Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау туралы ұсыныс жасағанын білеміз. Көзделген мақсат не?

2015 жылдың күзінде Керей мен Жәнібектің қазақ халқының дербес мемлекеттік бірлестігін – Қазақ хандығын құрғандығына 550 жыл толады. Осыған орай біздің институт бұл датаны мерейтойлық даталар тізіміне қосу және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу туралы бастама көтерген болатын. Біздің байламымыз бойынша, Қазақ хандығының құрылған сәтін атап өту қазақстандық мемлекеттіліктің және отаншылдықтың нығаюына септігін тигізуі тиіс.

Қазақстан – біздің аумағымызда дәуірлеп өткен сақ, үйсін, ғұн және басқа да этникалық қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың мұрагері. Аталған мемлекеттік құрылымдардың бәрі де қазақ мемлекеттілігінің тарихының бастауы екені даусыз. Қазақтар мен осы ұлы ата-бабаларымыздың арасындағы тарихи байланыс туралы Елбасы Н.Назарбаев «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты сыр-сұхбатында жақсы айтып кеткен еді.

Қазақ хандығының құрылу  уақыты нақты қай кезге тура келеді?

Қазіргі тарихшылардың басым бөлігі қазақ хандығының құрылу уақыты ретінде 1465 жылдың тамызы мен 1466 жылдың тамызы аралығын қарастырады. Жалпы, Қазақ хандығының дүниеге келуі туралы нақтылы дата жалғыз бір тарихи дереккөзде айтылған. Яғни, Мырза Мұхаммад Хайдардың «Тарих-и Рашиди» атты атақты еңбегінде Керей мен Жәнібек билігі Хижраның 870 жылы басталды делінген. Бұл құнды дерекке сенбеуге негіз жоқ. Хижраның 870 жылы заманауи күнтізбе бойынша 1465 жылдың 24 тамызында басталып, 1466 жылдың 11 тамызында аяқталады.

Ата-бабамыздың дәстүріне сәйкес, хандар сайланатын ұлы құрылтайлар күз ортасында өтетін болған. Ендеше, Керей сұлтанның таққа отыруы, тиісінше, Қазақ хандығының құрылуы 1465 жылдың қазанына келеді деу қисынды көрінеді.

Тұрсынхан ЗакенұлыТұрсынхан Зәкенұлы, тарих ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры:

Қазақ мемлекеттілігі байырғы заманалардан бастау алады

Қазақ хандығының тарихын қазақ мемлекеттілігінің тарихы деп жүргендер бар. Бұл қисынға сия ма?

Қазақ хандығы мен Қазақ мемлекеттілігі – екеуі екі басқа ұғым. Қазақ хандығы қазақ мемлекеттілігінің аясына кіреді немесе оның белгілі бір кезеңі деп түсінген жөн. Іс жүзінде Қазақ жеріндегі мемлекеттілік дәстүр тым ерте кезден бастау алады. Археологиялық деректер Қазақ жерінде бұдан бір миллион жыл бұрын адамзат мекендегенін дәлелдесе, осындағы мемлекеттілік дәстүр тек екі жарым мың жылды құрайды. Уақыт кеңістігінен қарағанда бұл – өте аз уақыт. Бірақ бір нәрсені ұмытпағанымыз жөн, ол бізді айнала қоршаған өркениеттер. Олардың сенімді жазба тарихы ары кетсе үш мың жылды құрайды. Ал қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттер туралы деректер біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырлардан басталады. Мемлекеттілікке байланысты ең алғашқы дерек ретінде сақтардың үш бөлігі, қазақша айтқанда «үш жүзі» туралы мәлімет берген Парсы патшасы Дарийдің жазбаларын атауға болады.

Сонда қазақтағы үш жүз туралы әңгіме Дарий патша заманында-ақ болған ба?

Солай деуге болады. Ең басты мәселе, қазақ ұғымындағы «жүз» – санды емес, жердің тегіс бетін меңзейді, яғни, «үш бөлік» деген сөз. Бұл Қазақ хандығындағы территорияны үш жүзге бөлудің терең тарихи негізге ие екенін көрсетеді.

Мейлі, қалай десек те, сақтардың біздің жерімізде мемлекет құрғаны, мемлекет құра отырып күшті жауға төтеп бергені айдай ақиқат. Бізде бұл жағы әлі толық зерттелмей келе жатыр. Бір ғана сақтардың Парсы патшалары Кир мен Дарийдің, македониялық Ескендірдің жорықтарына пәрменді тойтарыс беруі оларда ертеден келе жатқан елдік дәстүрдің отаншылдық сезімнің болғандығын күшті дәйектейді. Елі, Отаны жоқ халық ондай болар ма еді?! Ит көзі түтін танымас болса, оларды әркім-ақ қалпақпен қағып ала берер еді. Бұл – ойланатын мәселе. Даламыздағы осынау елдік, ерлік дәстүрді кейін Алып Ер Тоңа жалғастырып, Түркі заманына жеткізді. Осы аралықта ежелгі Үйсін, Ғұн мемлекеттері салтанат құрды.

Қайсы бірін айтамыз, жалпы алғанда, байырғы Қазақ жерін шығысынан Қытай өркениеті, оңтүстігінен Тарым өркениеті, түстік-батыс жағынан ортаазиялық Қосөзен (Мауреннахр) өркениеттері қоршап жатты. Оның үстіне, «Ұлы жібек жолы» арқылы Шығыс пен Батыс мәдениетінің және оңтүстіктегі үнді-ариандық мәдениеттің әсерінде тұрып, дүниежүзінің ең озық идеялары мен мемлекеттілік тәжірибелерін бойына сіңірді. Сол арқылы көшпенді өркениет пен отырықшы өркениеттің, Батыс пен Шығыс өркениеттерінің тоғысқан тұсында жаңаша тұрмыс салты қалыптасты. Мұндай жерде мемлекет болмады дегенге қалай ауыз барады? Тарих көшімен өзіміздің талайлаған көшпенді, жартылай көшпенді мемлекеттеріміз өтіп кетті. Олардың тарихын бізден ешкім тартып ала алмайды. Өйткені, олардың бәрі қазіргі Қазақстанның аумағында байырғы қазақ даласында құрылды. Ендеше, 1565 жылды біздің жерімізде мемлекеттілік дәстүрдің әбден пісіп-жетіліп, жаңаша даму кезеңіне қадам басқан уақыты деп түсінген жөн.

Әрине, Қазақ хандығының құрылуы кеңбайтақ жерімізде сан ғасырлар бойы әртүрлі атпен аталып әрі мемлекет құрып келген этникалық құрамдардың «қазақ» деген ортақ атаумен тарих сахнасына шығуы еді. Сол үшін бұл кезең біздің тарихымыз үшін өте маңызды. Тарихи тұрғыдан бұл қазақ мемлекеттілігінің жаңаша сапалық деңгейге көтерілуі болды.

Осы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту не үшін керек? Оның маңызы, нәтижесі, ықпалы қандай болуы мүмкін?

Бұл іс-шараны өткізудің қажеттілігіне және оның маңызына келсек, 550 жыл, әрине, бір кідіріп, алды-артымызға зер салатындай уақыт екен. Егер 1822 жылдан бастап есептесек, аталған 550 жылдың 170 жылға жақын уақыты біз үшін бодандықта өткен уақыт екен. 1465 жылдан 1758 жылға дейінгі 290 жылдық кезең «құба қалмақ заманында» ел қорғаумен өтіпті. 1758-1822 жылдар аралығы қайтсек аман қаламыз деген жанталаспен өтіпті. Ескі жаудың орнына одан да айлалы, одан да тегеурінді жаңа қарсыластар пайда болыпты. Сол қарсаңда ғой, Абылайдың Әмірсананы өз дәргейінде паналатып жүргені. Демек, бұл кез екеуінің басына да уайым түскен еді. Қос бүйірден қысқан айдаһар мен аюдың алдында олар бұрынғы араздықты ұмытып, бірігіп кетуге дайын тұрды. Бірақ сырттағылардың аяқ алысы тез еді. Осы орайда, біз қит етсе,  монғолдарды жау етіп көрсетуден сақтануымыз керек. Тарихта біздің одан да бетер жауларымыз болған. Қазақ даласы неліктен отарлық кепке түсті? Қалай түсті? Және алдыңғы буын оған қарсы қалай күресті? Мұны жас ұрпақ білуі керек. Тарих алдында біз жас ұрпақтан ештеңені жасырмағанымыз жөн. Өйтпесек, олар тек монғол туралы ғана ойлайды, қиялында тек монғолмен ғана соғысады. Яғни, монғолдар ғана біздің қарымды қарсыласымыз деп ойлауы мүмкін.

Өз басым, егер ұтқыр идеялар мен іскерлік шебер үйлесім тапқан жағдайда, бұл іс-шараның былайғы жұртқа берері мол деп ойлаймын. Ол біздің жастардың патриоттық рухын оятып, тарихи танымын тереңдетуге қызмет етеді. Осы іс-шара кезінде халық өз тарихына үңіледі, ізденеді, ойланады. Бірақ, оның тек ойын-сауық деңгейінде, кәдімгі үйреншікті тәсілдермен өте шығуын қаламаймын. Мемлекет қаржысы бастықтар мен әртістерді күтуге жұмсалмай, ұрпаққа қалатындай игілікті істер атқарылса деймін. Кинофильмдер, аннимациялық сериалдар түсіріліп, хандар аллеясы құрылса немесе хандар рухына арналып бірнеше тілде мәңгітастар, ескерткіштер орнатылса, іргелі зерттеулер мен оқулықтарға конкурс жарияланса. Қазақ халқының ұлт-азаттығы жолында бақи кешкен Алаш арыстарының аттары ардақталып, мүсіндері сомдалса… Өйткені, ғасыр басында сол арыстарымыз бұрынғының жолымен жаңғырған,  жаңаша мемлекет құрсақ деген ұлы мұратқа ден қойды емес пе?!

Ең бастысы, көпірме көп сөзділікке, той тойлауға елікпей, ізі қалар өнегелі іс атқарсақ деймін. Бұл орайда, жер-жерде конференциялардың көп болатыны белгілі. Бірақ сол конференциялардың санынан көрі сапасына ден қоятын уақыт жетті.

IMG_3402Тұрсын Жұртбай, филология ғылымының докторы, жазушы:

Абыройымыз асатын, айналаны мысымыз басатын шақ осы

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отыр екенбіз, бұл – ұлы мүмкіндік. Мұқым көшпелілер әлемі өркениетінің мысы мен бәсі екшеленетін тұс. Біздің мемлекеттігіміздің бары мен жоғы, тіпті, нақтылап айтсам, мемлекетіміз болды ма, жоқ па – соны асқақтата көтеріп, көршіміздің рухы іштен тынып, өзіміздің мысымыз өзгелердің иығынан жоғары көтерілетін шақ та осы. Бүгін қазақ мемлекетінің тарихы мен айбынын қалай ұлықтай аламыз, ұлтымыздың бүгіні ғана емес, ертеңі де соған тікелей байланысты. Бұл салтанаттан Ұлы Тұранның, Көк Түрік қағанатының, озан Оғыздың, тым берісі: Алтын Орданың империялық өктем қайраты аспан астында жаңғырып, Қалқа мен Куликов шайқасын өшіріп тастауы тиіс. Аталған шарада кешегі ұлы даланы тебірентіп, Кир мен Дарийді тітірендірген, Еуропаға құдайдың қылышын сермеген Ишбақай, Тұмар, Сыпытай, Шырақ, Тоныкөк, Күлтегін, Сүбедей, Кетбұға һәм ел қамын жеген Едігенің дауысы жер ортасы Ұлытаудың биігінен жер мен көкке атой салып тұруы қажет. Сонда ғана Қазақ хандығы мен мемлекеті Киев ұлысынан бөлінген Ресей, Визаннан бөлінген Грек, Рим сияқты Алтын Орданың заңды бір тұтқасы ретінде еңсесін тіктеп көтеретін болады. Мақсатқа да айқын жетеміз. Ешкім басынбайды.

Бұл мерейтойда қандай ұран ұстанып, қандай рухпен өткізу керек? 

Ұран: біз Едігенің жар салып бас қосқан, Алтын Орданың жығылған туын қайта көтеріп, Қазақ Ордасын құрған мемлекетпіз деген рухта өтуі  керек. Бұның өтетін орнын Ұлытау ма, Астана ма, Шу ма, ана бұлақтың басы, мына бұлақтың аяғы деп ру таратқандай бөліп, ұсақтап жіберсек, қазақ мемлекетінің абыройын асырып емес, жасытып тынамыз. Менің ойымша, қазақтың арғы-бергі дәуіріндегі бірлік таңбасы салынған Ұлытауға аспанмен тілдескен Едігенің ескерткішін орнатып, тойды қағанат басы, ұлысбасы Жошының мавзолейі тұрған алқапта өткізуіміз қажет еді. Сонда Керей мен Жәнібекті көзге ілмейтіндер, Едігені, Шыңғысхан мен Жошыны жоққа шығара алмайды. Оған тарихи дәлел  де,  дерек те  жеткілікті. Бұл сөзімізге Жошының мавзолейі, Едіге шоқысы, Темірланның жазуы, Аяққорған шаһары, хандық құрғандағы және Ақтабан шұбырынды кезіндегі таңбалы тастар заттай айғақ. Осындай кең кеңістікке құлаш ұрған атой ғана, кешегі, бүгінгі және ертеңгі еліміздің абыройын киелендіреді. Ал ұсақ-түйекпен, кәкір-шүкірмен, күңкіл-шүңкілмен өткізсек, қазақ рухын жат пиғылдардың алдында тағы да бір тізерлеткеніміз болады. Тулақша тартқылап, пұшпақтағанша, ызамыз ішімізде тынған күйі атамай өткеніміздің өзі жақсы. Менің ұстанымым – осы.

Бөлінетін емес, біріктіретін ұмтылыс қажет. Дүбірлі шарадан бір рух, бір дем, бір тынысты күтеміз.

IMG_7990Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тарих ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры:

Астана маңында да тарихи ескерткіштер аз емес

Қазақстанның тарих ғылымы тәуелсіздік алғаннан кейін үлкен мүмкіндіктерге ие болды, ел тарихының аз зерттелген, шынайы бағасы берілмеген немесе ғалымдар назарынан тыс қалған мәселелерін талдауға  қадам басты.  Бұл, бір жағынан, ауыр, екіншіден, ел мүддесі үшін қажетті шаруа еді. Қазіргі күні оның да кемшін тұстары мен жетістіктері айқындалып қалды.

Әлі күнге шешімін таппаған мәселенің бірі – қазақ мемлекеттігінің тарихы. Осы тұрғыдан келгенде, келер жылы атап өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы елдің іс басындағы азаматтарына ғана емес, жалпы зиялы қауымға, сонымен бірге тарихшы ғалымдарға үлкен міндет жүктейді.

Қазір Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шаралары белгіленіп жатыр. Сіз қандай ұсыныс айтар едіңіз?

Біріншіден, мемлекеттік маңызы бар іс-жоспарлар жобасында мемлекетіміздің орталығы – Астана қаласы сырт қалғаны бірден көрінеді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Назарбаев университеті» жауапты бірді-екілі конференция болмаса, жұртты елең еткізер шаралар белгілемеген. Конференция да, көрмелер де қоғамға қажетті серпін бере қоймайды. Сондықтан Астана төрінде өтетін іс-шаралар ауқымын Әз Тәуке ханның жазғы ордасын зерттеп, оны жұртқа таныстырумен байыту керек деп есептейміз. Әз Тәуке ханның жазғы ордасы Астана қаласының іргесінде, Күйгенжар ауылының шекарасында орналасқан. Бұл ескерткіш  Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2012 жылғы жазғы зерттеу жұмыстары кезінде табылды және зерттеудің кейбір нәтижелері «Астана ақшамы» газетінде жарық көрді.

Әз Тәуке ханның жазғы ордасын зерттеуге көп қаражат кетпейді. Еуразия ұлттық университетінің Археология және этнология кафедрасы осы істі аяғына дейін жеткізуге мүдделі. Мерейтой қарсаңында осы кафедра ғалымдары арнайы қолдау болған жағдайда «Әз Тәуке хан ордасы» атты кешенді зерттеулерін жеке кітап түрінде жариялап, көпшілік қауымға ұсынар еді.

Екіншіден, Астана қаласының маңында Қазақ хандығы дәуіріне қатысты Әз Тәуке ханның жазғы ордасынан басқа да ескерткіштер аз емес. Олардың ішінде Есіл өзені бойында Алтын орда мен Ақ орданы қатар билеген Ормамбет (Орыс) хан ордасы, Нұра өзені бойында Тайтөбе қарауыл бекеті сияқты ескерткіштер бар. Бұл ескерткішер тек біздің анықтағанымыз ғана, ал анықталмағаны қанша?! Соңғы жылдары біз бұл тақырыптарды баспасөз бетінде біраз көтердік, Астана қаласының әкімшілігіне де ұсыныстарымызды жазып, жеткіздік. Осы мерейтойдың алдында ескерткіштерді арнайы зерттеп, олардың тарихи  маңызы туралы мәлімет беретін  тақтайша орнатсақ дұрыс болар еді.

Үшіншіден, Қазақ хандығының құрылуы оңай болмағаны тарихи деректерден белгілі. Әбілқайырдан бөлініп шыққан қазақ рулары ең алдымен Бетпақдалаға қарай жылжып, сонда Таңбалы Нұра деген жерде бас қосады. Осыны зерттеу біздің міндетіміз деп есептеймін. Сондай-ақ, Бетпақдалада орналасқан, қазақтың мемлекет, ел болу тарихына алтын әріппен жазылған, ертеде ел басшылары мен көсемдері келіп тәу ететін Таңбалы тасқа назар аударуымыз қажет. Оның бетінде қазақ руларының  таңбалары, қазаққа дейін Орталық Азияны мекен еткен көне түркі тайпаларының ізі, жазулары сайрап жатыр. Бетпақдаладағы Таңбалы тастың қадыры Сарыарқадағы – Ұлытау, Жетісудағы – Қозыбасы-Шу, Атыраудағы Сарайшық сияқты қасиетті мекендерден бір де кем емес.

Таңбалы тас ескерткішінің көне заман мұрағаты екені айрықша сезілетін аңыз М.Көпейұлы шежіресінде бар: «Бетпақдалада «Таңбалы шұбар» деген жер бар. Сонда тасқа басылған таңбалар бар. Қазақтың таңбалары талас болса, сол тастан барып қарасады. Алаша ханның тұсында басылған таңба деседі». Ә.Марғұлан жазуына қарағанда, Таңбалы таста «Қазақтардың қария сөздері бойынша ислам дәуірі басталатын кезде көп тайпалар осы арада бас қосып, ұлы мереке жасаған. Барлық тайпалардың ұлыс басқаратын адамдары, атақты билері, асқан ерлері жиналып, кеңес құрып, қай тайпа қай жерді қоныс ету мәселесін шешкен. Әрбір тайпаның өзіне арнап таңба беріп, ол таңбаның суретін осы тасқа жазып түсірген. Таңбалы тастың ұлы атаққа ие болуының себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған екен».

Әсіресе, академик Қ.Сәтпаев аңыздарға сүйеніп, қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы Таңбалы тас өңірі екенін атап көрсетеді: «Народное предание гласит, что именно здесь, у ключа Тасбулак, происходило первое историческое совещание родов об организации новой народности «казах», решение которого будто бы зафиксировано на утесе родовыми знаками всех племен, участвовавших в совещании. Тот факт, что основной костяк новых обитателей казахской степи происходил с юга, т.е. из пределов Великого Могола, свидетельствует о некоторой исторической достоверности этого предания».

Көнекөз, кәріқұлақ ақсақалдар әлі күнге дейін Таңбалы тасты осы Қ.Сәтпаев жазған мазмұнда айтып келеді. Олардың айтуына қарағанда,  Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдең жағдайда жүргенде алты алаш тобына кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып, өздерінің жеке мемлекет құратынын жария еткен.

Осыған орай, қыркүйек айында Тараз жерінде өтетін негізгі мерекелік іс-шаралардың алдында Астана-Ұлытау-Таңбалы тас-Түркістан-Тараз маршрутымен арнаулы «Хан жолы» атты ғылыми-зерттеу экспедициясын шығаруды жөн деп санаймыз. Бұл шаруаны ұйымдастырып, нәтижелі болуына  қолымыздан келгенше жәрдем беруге тырысамыз.

 

Қазақ хандығы - 550: Елдік белестері

http://www.inform.kz/fotoarticles/20150122174129.jpg

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Егемен Қазақстан» газетінде «Қазақ хандығы - 550» айдарымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбетовтің «Елдік белестері» ғылыми еңбегі жариялануда. «ҚазАқпарат» аталған еңбекті оқырман назарына ұсынады. 

***

Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көктүріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп тәуелсіздікке тіреледі.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

(Ұлытау биігіндегі сұхбаттан).




  Бұрынғы бір «ертегі» - бүгінгі күннің ермегі

http://www.inform.kz/fotoarticles/20150122174033.jpgЗаман да, адам да өзгереді. Уақыт өте келе тарихи шындыққа негізделмеген, үстіртін ой-пікірлер ығысып, дәйекті жаңа тұжырымдарға орын беріліп жатады. Себебі, бұл - өмір заңы, онсыз қоғам дамуы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. «Жеңіске жеткендердің» «ой қуатымен» жазылған қазақ халқы тарихының пайымдалуы да соңғы уақытта өзгеріске ұшырауда. Қайта қарастырылған проблемалардың бірі - көшпелі социумдардың өркениеттің құрамды және интегралды бөлігі екендігі, көшпелі қоғамды отырықшы және қалалық даму жолы тәжірибелеріне негізделген тұжырымдамалар мен схемалар арқылы түсіндіруге болмайтындығы.

Осыған қарамастан, қазақтардың өз дамуында «шаруашылық қауымнан», не болмаса «әскери одақтан» жоғары көтерілмегендігі туралы «уәждер» әлі де кейбір саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан сан-саққа жүгіртілуде. Қазақ халқының тарихын бұрмалап, ол жөнінде әлем жұртшылығына теріс түсінік беруге тырысушылықтың мақсаты - халқымыздың өткенін тарихи құжаттар негізінде сараптап, өзінің ой-пікірін білдіру емес, еліміздің егемендігіне, ішкі, сыртқы саясатына күйе жағу екендігі құпия емес. Осыған орай 1996 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Бұдан бұрынғы кезде қазақтардың мемлекеттілігі болмағандығы туралы түрлі сыпсың пікірлерге тосқауыл қою қажет», «тарих ғылымының кезек күттірмес міндетінің бірі» осы деп айтқан ұлағатты сөздерінің мән-мағынасы мен өзектілігі күн санап артып келеді («Егемен Қазақстан», 1996 жылғы 30 сәуір).

Қазақ халқына ақыл айтуға, оның әлемдік өркениеттегі орнын өзі белгілеуге бейім авторлардың мәлімдемелері, мүмкін, оның Ресей құрамында болған кезін меңзейтін шығар. Мұндай жағдайда олармен келісуге де болады. Ресей империясының құрамына енгеннен кейін қазақтардың өз мемлекеттілігінен айырылғаны рас. Патша өкіметі ХVIII ғасырдың ортасынан бастап қазақ мемлекеттілігін жоюға, Орта жүз бен Кіші жүз хандарын сайлаусыз, өзі тағайындауға тырысты. Ал ХІХ ғасырдың 20-жылдары хандық билікті біржолата жою шаралары жүзеге асырылды.

Кеңес заманында да, сөз жүзінде болмаса, қазақ ұлттық мемлекеттілігі қалпына келтіріле қойған жоқ. Қайта жартысына жуығы қырғынға ұшырап, қазақ халқы тарих сахнасынан өшіп кетуге аз-ақ қалды. Осылайша, қазақтар екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы отарлықтың құрбанына айналып, өзінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы тұрғысынан кенжелеп қалды, ұлттық санасы уланды, сан алуан тәжірибе нысанына айналды...

Алайда, өткенге салауат дейік. Дүниежүзінде отарланған ел біз ғана емеспіз. Ресейдің өзі де екі жарым ғасыр бойына Алтын Орданың құрамында күн кешкен жоқ па еді?! Талас тудырып келе жатқан мәселе - білімділігінен гөрі менмендігі басым, еуроцентристік көзқарасты тарихи шындыққа жетудің бірден-бір методологиясы ретінде қарастыратын авторлардың мұнан бұрын да, яғни Ресеймен бетпе-бет келгенге дейін «қазақтардың мемлекеттілікті бастарынан кешпегендігі» жөніндегі пікірлері.

Қазақтардың өз дамуында мемлекеттілік дәрежеге қолдары жетпеді деушілер сол баяғы, ХVIII ғасырдан бергі көшпелілік пен мемлекеттілік бірін-бірі жоққа шығарады-мыс секілді болжамдарға сүйенеді. Олар қазақтарды сайын сахарада табиғат маусымдарына орай көшіп-қонып жүрген, ұшарын жел, қонарын сай білетін адамдар тобыры ретінде ғана қабылдайды. Мұндай пікір Гегель және басқа да батысеуропалық философтардан кейін патшалық Ресей заманындағы А.И.Левшиннің еңбегінен бастау алды. Ресейдің Орталық Азиядағы «ағартушылық миссиясы» деген тұжырымдама осыны талап етті.

Кеңес заманында да қазақ мемлекеттілігіне көзқарас түбірлі өзгере қоймады. Ол уақытта «қазақтарда мемлекет болды» деген сөз үшін ғана оның авторына «ұлтшылдық» айып тағыла салатын. Осылайша, 1945 жылы «Большевик» журналында жарық көрген М.А.Морозовтың мақаласында Қазақстан тарихына арналған еңбек авторлары «ұлтшылдар» болып шыға келді.

Материалистік әдіснаманы ұстанған ғалымдар мемлекеттің пайда болуы мен дамуын таптық қатынастардың жемісі ретінде қарастырды да, Еуразия көшпелі социумы тарихының күрделі беттерінің бірі болып табылатын бұл мәселе жөніндегі пікірталастар негізінен «көшпелі феодализм» шеңберінде өрбіді. Өз кезегінде бұл тұжырымдама орта ғасырлар мен жаңа заманның бас кезіндегі көшпелілердің мемлекеттігін феодалдық қоғамдық қатынастардың дамуы тұрғысынан зерттеуге ғана мүмкіндік берді. Зерттеушілер негізгі өндіргіш күш ретіндегі жерге қалыптасқан феодалдық жеке меншіктің болмауына байланысты қазақтарда мемлекет құрылмады және оған тиісті жағдай тумады, тек мемлекеттіліктің кейбір нышандары ғана байқалды деп түйіндеді.

Л.В.Дюков, А.М.Давидович деген авторлар қоғамның рулық-тайпалық негізде ұйымдасуының сақталып келгендігіне байланысты қазақтарда 1917 жылға дейін ешқандай мемлекеттілік болған емес, қазақ қоғамы ХV - ХVIII ғасырларда әскери демократия жағдайында өмір сүрді деген қасаң қағиданы дәлелдеуге тырысты. Ондағы априори айтатындары таптар, тайпалар одағы және мемлекеттің қалыптасу үдерісі бір уақытта қатарласа жүрмейді-мыс. Бұл авторлар жекеменшік, таптар және таптық күрес қана қоғамының рулық-тайпалық ұйымдасуын өшіріп, оны мемлекетпен ауыстырады деп есептейді. Мемлекеттің пайда болуына қажетті алғышарттарды жерге жекеменшіктен, таптар мен таптық күрестен іздеушілік, оны бір таптың екінші тапты бағыныштылықта ұстау құралы ретінде есептеу сан алуан сұрақтар тудырып, зерттеушіні тығырыққа тірейді.

Материалистік әдіснама көшпелі қоғамда туыстық және генеалогиялық байланыстар негізінде мемлекеттің пайда болуы жөніндегі көпшілік таныған идеяны мүлдем қостамайды. Бұл секілді философиялық-әлеуметтанушылық ағымның кезінде еуропалық елдердің тарихи дамуының тәжірибесіне негізделген ой-пікірдің жемісі екендігі, көшпелі қоғамды оның тар шеңберінде ұғынудың мүмкін еместігі ғылыми әдебиетте мойындалған. Көшпелі социумдардағы биліктік қатынастардың мәні мен ерекшеліктерін отырықшы-егіншілікті мемлекеттердегі биліктік қатынастар моделі тұрғысынан түсіндіру мүмкін емес.

Тарих ғылымында көшпелілердің, олардың ішінде қазақтардың орта ғасырларда саяси және әлеуметтік дамуы жөнінде жаңа көзқарастың орын алып отырғандығына, ғылыми айналымға қытай, араб, парсы, түрік дереккөздерінің енуіне байланысты көптеген тақырыптарға басқаша баға берілуде екендігін естімейтін «саяси саңыраулық» бүгін де баршылық.

Дүниежүзінің көптеген ғалымдарының Еуразия тұрғындарының әлемдік өркениетке сүбелі үлес қосқандығын жазып жүргені бүгін ғана емес. Неміс ғалымы Г.Шварц: «Сонау көне заманнан қазіргі уақытқа дейін Орталық Азия мен оның тұрғындары бүкіл адамзат баласына зор ықпал жасап келеді. Орталық Азиясыз көршілес жатқан елдердің тарихы қаншалықты түсініксіз болса, шығыстағы Қытай, батыстағы Жерорта теңізі маңайындағы мемлекеттер мен оңтүстігіндегі Үндістансыз ортаазиялық елдердің тарихы соншалықты бұлдыр көрінер еді», - дейді (Гельмгольт Г.История человечества. Всемирная история. Т. ІІ. СПб, 1902. С. 112, 115).

Ғалымның бұл сөздері көшпелілердің томаға-тұйық, Даниель Дефоның ХVII ғасырдағы беймәлім аралында өмір сүрмегендігін, олардың орасан зор аймақта отырықшы мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді. Мұндай пікірдегі Г.Шварц - жалғыз емес. Профессор И.С.Брагинский де: «Орта Азия - адамзат өркениетінің алғашқы ошағының бірі ретінде есептеледі», - деп жазады.

Көшпелілер жөніндегі позитивті ой-пікірлердің, жазба және археологиялық жәдігерлердің молаюы біраз ғалымдарды ескі қисындар мен пайымдаулардан бас тартуға мәжбүрледі. Олар енді көшпелілердің уақытша мемлекеттік бірлестіктерге қол жеткізуі мүмкін, алайда, бұл құрылымдар отырықшы халықтардың ықпалымен дүниеге келді дегенге көшті. Басқаша сөзбен айтқанда, көшпелілер жасампаздық әлеуеті төмен, еліктеуге ғана қабілеті жетерлік халық болып шығады. Мұндай тұжырым 1996 жылдың 3-5 сәуірінде Алматы қаласында өткен «Қазақстанның мемлекеттілік эволюциясы» деген халықаралық конференцияда жасалған бір баяндамада көрініс берді. Онда Ұлы Даладағы көшпелілер мемлекеттілігінің шаруашылық қызметтің ұйымдасуын қамтамасыз ете алмағандығы, сонымен бірге, көп жағдайда геноцидпен аяқталатын үздіксіз соғыстарға әкеліп отырғандығы, өте тұрақсыздығы, қайшылықтарды шешу қабілетінің төмендігі, өз үстемдігі арқылы Ресейдің Ұлы Далада, кейін Түркістанда тыныштық орнатып, Еуразияның геосаяси біртұтастығын қамтамасыз еткендігі туралы пікір алға тартылды (Вестник КазГУ. Сер. истории: 1996. №3. С. 192). Бұл сөздерді айтып тұрған бүгінгі күнгі құрметті профессор емес, Ресейдің «культуртрегерлік миссиясын» уағыздаған ХІХ ғасыр авторы ма деп қаласың!

«Мемлекет» дегеніміз не? Әдебиетте оның жүзден астам анықтамасы бар. «Қазақтарда бұрын мемлекет болмады» деп жүрген авторлар оның батыстық моделін ғана мойындайды және ол «классикалық анықтама» деп аталады. Оған сәйкес келмейтін мемлекеттік құрылымдар «ерте феодалдық», «мемлекеттік функциялары шектеулі» саяси ұйымдасу формасына жатқызылады.

Еуразия көшпелілерінде соңғылар генераторлық сипаттағы ішкі күштердің емес, сыртқы факторлардың ықпалымен пайда болды, олар «классикалық дефиниция» тұрғысынан шынайы мемлекетке жатпайды делінеді.

Бұл ағым өкілдері мемлекеттіліктің орын алуын көшпелілердің отырықшы өңірлермен қарым-қатынасқа түсуімен байланыстырады. Олардың бір өкілі - Т. Барфилд (АҚШ) «далалық империялардың» (саяси орталығы Моңғол үстіртінде орналасқан мемлекеттерді айтады. - К.Е.) пайда болуы және өмір сүруі мен Қытай мемлекетінің саяси және экономикалық күш-қуатының артуы арасында каузальды байланыс болғандығын дәлелдеуге тырысады. Қытай бір орталыққа бағынған және қуатты мемлекетке айналған кезде көшпелілер де сондай деңгейге көтерілді. Қытай саяси анархия мен экономикалық депрессияға ұшырап құлдыраған шақта, далалық мемлекеттер де сондай күйге түсті дейді ол.

Профессор Питер Голден (АҚШ) Еуразияның көшпелі түркі тайпалары «алғашқы қауымдық», яғни мемлекетсіз қоғам мен «дамыған күрделі қоғам» сатылары арасында өмір сүрді, сол себепті әңгіме мемлекеттің пайда болуы емес, көшпелілердің мемлекеттілікті сырттан әкелуі немесе өмір сүріп жатқан мемлекетті көшпелілердің жаулап алуы жөнінде ғана болуы керек дегенді айтады.

2Мұнан П.Голден тұжырымдарының Т.Барфилд теориясының көшірмесі екендігін көреміз.

Профессор А.М.Хазановтың «Көшпелілер және сыртқы дүние» атты кітабының квинтэссенциясы да «көшпелілер өз алдына, сыртқы дүниенің тікелей ықпалынсыз өмір сүре алмайды» дегенге саяды.

Далалық империялардың қуатты Қытай империясының «көлеңкесі» ретінде пайда болуы жөніндегі теорияның тарихи фактілерге сәйкес келмейтіндігі көптеген ғалымдар тарапынан дәлелденіп отыр. Профессор Майкл Дромп (АҚШ) «Ішкі Азияда империялық мемлекеттің құрылуы» деген мақаласында VI - IX ғасырлар арасындағы түркі мемлекеттері тарихын зерттеу жұмыстары нәтижесінде Т.Барфилд теориясының бұл мемлекеттердің пайда болуы мен ыдырауын түсіндіре алмайтындығын, сол себепті, оның негізсіздігін көрсетіп берді.

Никола Ди Космо (Италия) Т.Барфилдтің билік циклдары проблемалары мен биполярлық экономикалық модельге негізделген тұжырымдамасының шектеулілігіне нақтылы дәлелдер келтіріп, оның орнына көпфакторлы әдіснаманың маңыздылығына тоқталады.

«Мемлекет» дегеніміз, құрылымдық-функциялық талдау тұрғысынан алғанда, қоғамды ұйымдастырушы - реттеуші жүйе, сонымен бірге қоғамның ресми билік органдарының және атрибуттарының тұтас жиынтығы болып табылады. Көшпелі қоғамда мемлекеттіліктің объективті және субъективті алғышарттары қандай жағдайда қалыптасып, қоғамды ұйымдастыру және реттеу қажеттілігі туындайды? А.М.Хазанов, Н.Н.Крадин, Т.Д.Скрынникова және басқа да ғалымдардың еуразиялық көшпелілер қоғамында басқару сұранысына әкелетін катализаторлық сипатқа ие ішкі күштер болмады деген пікірлерінде негіз бар ма?

Көшпелі экономиканың тұрақты дамуы және қосымша өнімнің, кейбір жағдайда отырықшы - егіншілікті аудандардан да, көп өндірілуі еуразиялық түркілерде басқару аппаратын құруға жетелегендігі тарихи дереккөздерімен дәлелденеді.

 

Материалдық және адам ресурстарының жинақталу және шоғырлану процестерін былай қойғанның өзінде, көшпелілер қоғамында бір саяси құрылымға бірігудің экономикадан тыс жатқан, мүдделілік пен қажеттіліктен туындайтын факторлар баршылық. Оларға: қауымдар арасында жерді пайдалану жөніндегі өзара қатынастарды реттеу, көшу бағыттарын анықтау, жайылымдықтарды бөлісу, руаралық мәселелерді шешу, экологиялық, одан туындайтын әлеуметтік және экономикалық апаттарды болдырмау, көрші отырықшы және көшпелі өңірлермен сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастарды ұйымдастыру, сыртқы жаулардан қорғану жатты.

Осы қажеттіліктер тайпалардың, тайпалық одақтардың, олардан да жоғары тұрған бірлестіктердің, жүздердің және т.б. ірі бірлестіктердің (мысалы, алшын, «алаш мыңы») қалыптасуына әкеледі. Саяси эволюция барысында бұл әлеуметтік организмдер арасындағы қатынастарды реттеп отыруға қажетті тетік ретінде иерархиялық сипаттағы потестарлық-саяси ұйым пайда болады. Ол генеалогиялық туыстық принципіне негізделеді. Әскери-потестарлық бірлестіктер басқа рулар мен тайпалар есебінен ұлғайып, осы негізде мемлекеттік бірлестік - хандық құрылады.

Сонымен, көшпелі мал шаруашылығы өндіріске қатысушылардың барлығынан жоғары деңгейде ұйымдасуды, қоғамның ішкі өмірін де реттеп отыруды талап ететіндігін көреміз.

Басқаша сөзбен айтқанда, көшпелілердің өзінің саяси дамуында тек тайпалық конфедерация дәрежесіне жеткендігі, мемлекеттіліктің қарсаңында ғана тұрғандығы жөніндегі пікірлердің негізсіздігі айқындала түседі. Көшпелілік мемлекеттілікті жоққа шығармайды, көшпелі социумның даму заңдылықтары да тіршілік императивтеріне бағынады. Алайда, көшпелі өмір сүру салты жөнінде қаншалықты теріс көзқараста болғанымен, көшпелілердің барлығын бірдей «номадтар» деп жалпылама қарастыруға болмайды. Зерттеулерде көшпелілер қоғамына қатысты терминологиялардың да түрліше қолданылатындығы ескеріле бермейді және олардың семантикасы түрліше ұғынылады. Индиана университетінің профессоры Лоуренс Крадер (кейін Германияға қоныс аударды) қазақтар тарихына арналған еңбектерінде мал шаруашылығынан тәуелді адамдар қоғамына «пасторализм» (бақташылық) терминін қолданады.

Бірақ, әдебиетте «бақташылық» пен көшпелілік терминдерінің қолданылуы да бір жүйеге түспеген. Профессор А.Хазанов «бақташылықтан» гөрі «көшпелілер» терминіне ден қойса, Т.Барфилд «көшпелі бақташылық» терминіне ықылас танытады. Оның (яғни Т. Барфилдтің) жерлесі Д.Синор номадтардың барлығы бірдей бақташы болған емес және бақташылардың бәрі бірдей номадтар болған жоқ деп дұрыс ескертеді (Sinor D. Reflections on the history and historiography of the nomad empires of Central Asia // Acta Academiае Hung. Vol. 58 (1). 2005. P. 7). Шынында да, «номадтардың» барлығы бірдей көшпелілер болған емес, сол себепті бұл екі терминді синонимдер ретінде алуға негіз жоқ (мысалы, тайга терімшілері немесе аңшылар, мұхит үстіндегі көшпелілер, бұғы өсірушілер, т.б.). Д. Синор саяси орталығы Еуразияның ашық өңірінде орналасқан тұрғындарды «аттылы номадтар» деп атағанды жөн көреді.

Қалай болғанда да, Еуразия халықтарының тарихын, әсіресе, оларда мемлекеттіліктің пайда болуы тетіктерін зерттеу үшін барлығына бірдей «жалпы заңдылықтарды» таңбай, әрқайсысын нақтылы түрде, бірақ көршілес елдермен байланыстар контекстінде қарастыру қажет. Себебі, мемлекеттердің құрылу процестері мен формалары түрлі халықтарда біркелкі бола бермейді. Көшпелі тұрмыста өмір сүрген халықтарда да мемлекет генезисінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Орталық Еуразия тарихының негізгі концепциясына тән жалпы қателік бұл өңір тұрғындарының үздіксіз миграциялық қозғалыста болғандығы жөніндегі көзқарас болып табылады. Батыс тарихшыларының пікірінше, «аттылы көшпелілер - жаулаушылар» Қытайдан Еуропаға үнемі жорықтар ұйымдастырып отырады. Ішкі Азия арқылы Қытайдан Еуропаға жалпы миграцияның жасалуы жөніндегі идея Жозеф де Гиньнің «Хундардың, түріктердің, моңғолдардың және шығыс татарларының жалпы тарихы» деген еңбегінен бастау алады. Батыс авторларының еуразиялық көшпелілердің үнемі үдемелі сипаттағы миграция құшағында болғандығы және миграциялық қозғалыстың тек Шығыстан Батысқа қарай бағытталып отырғандығы жөніндегі пікірлері де тарихи шындыққа сәйкес келмейді және мемлекеттілік тарихын зерттеуге көмектеспейді.

Орталық Еуразия тарихнамасы, деп жазады Д.Синор, кітаптан кітапқа, мақаладан мақалаға ауысып отыратын негізсіз клишелер, жалған түсініктер мен болжамдарға толы.

Қазақ мемлекеттілігін жоққа шығаруға тырысушылықтың астарында геосаяси мүдделерден туындап жатқан мәселелерді былай қойғанда, ғылыми зерттеулердегі кедергілер де баршылық.

Сонымен бірге көптеген ізденістердің әдіснамалық тұрғыдан әлсіздігі - оларда еуразиялық кеңістік тұрғындарының экономикасын «таза көшпелілік» сипатта ғана танып, басқа шаруашылық укладтарын жоққа шығаруында; көшпелілік пен отырықшылық арасындағы қарым-қатынастарды антагонистік сипатта емес, екі өндіріс тәсілінің ықпалдасуы, симбиозы ретінде қарастырылмауында, әсіресе, қазіргі Қазақстан аумағында ерте және орта ғасырларда пайда болып, бірін-бірі ауыстырып отырған (сақтар, сяньби, ғұндар заманынан бастап) мемлекеттердің қоғамдық құрылысы, билік институттары, т.б. белгілерінің бір-бірімен салыстырмалы зерттелмеуінде.

Алайда, қазақ мемлекеттілігі жөнінде түрлі қаңқу сөздердің таралуының басты себебі өзімізде көне дәуірден Қазақ хандығына дейінгі кезең жөнінде этногенетикалық, мемлекеттілік, ділдік, тілдік, діни, әдет-ғұрыптық, антропологиялық дәстүр сабақтастығына негізделген кешенді де іргелі еңбектердің жоқтығына байланысты. Бұл орайда отандық ғалымдардың сан алуан объективтік қиыншылықтармен ұшырасып отырғандығы да жасырын емес.

Осылардың кейбіріне тоқталатын болсақ, көне және ортағасырлық дереккөздерінде этнонимдер мен әкімшілік терминдердің зерттеліп отырған халықтың тіліне сәйкес келе бермейтіндігі және бір халықтың бірнеше атаумен ұшырасатындығы. Мысалы, хундар византиялық дереккөздерінде тоғыз, венгрлерде он тоғыз түрлі аттарымен белгілі. Венгрлер өздерін түркітектес мажарлар деп санайды, фин-угор тілінде сөйлейді және әкімшілік терминдері славян тілінде қалыптасқан. Басқаша сөзбен айтқанда, әкімшілік терминологияға да, этнонимдерге де үлкен сақтықпен қарау керек. Мысалы ІХ ғасырда Русь халқының жетекшісі қаған лауазымын алып жүрді, бірақ бұл ол түрік дегенді білдірмейді.

Осы мәселеге байланысты Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкерлері Нәпіл Базылхан мен Жанымхан Ошанның ғылыми ізденістері жаңа нәтижелерге қол жеткізеді деп ойлаймын.

Бірақ, қазіргі кезде мұндай мамандар әлі де саусақпен санарлық. Әсіресе, кеңес заманынан бері келе жатқан ауыр «мұраның» бірі - тарихшылардың лингвистикалық дайындығының төмендігі, олардың басым көпшілігінің қазақ, орыс тілдерімен ғана шектелетіндігі. Шет тілдерінде жазылған зерттеулерді аудармашылар арқылы пайдаланудың сүріндірер тұстары аз болмайды.

Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын шетелдік дереккөздерінсіз зерттеу мүмкін емес. Себебі, ол кезеңге қатысты жергілікті халықтың тілінде жазылған дереккөздері өте сирек, ал сыртқы дереккөздері бірнеше тілдерде жазылған. Түпнұсқалық материалды пайдалану үшін тарихшы орта ғасыр кезіндегі, ең кемінде, екі-үш тілді білуі тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайдың өзінде шет елдерде үлкен мән беріліп отырған этнолингвистикалық және басқа да еңбектердің ғылыми жетістіктерін білу қажет.

Индиана университетінің профессоры Д.Синордың пікірінше, қазіргі заманғы тілдерге келетін болсақ, батыс елдерінде ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тарихшылардың жас буыны арасында француз және неміс тілдерін игеру әлсіреп, оның орнына қытай және жапон тілдеріне көбірек назар аударыла бастаған. Бірінші үрдіс өкінішті болса, екінші үрдіс - қажетті де құптарлық құбылыс, себебі, көптеген тақырыптар қытай және жапон ғалымдарының еңбектерімен танысуды талап етеді дейді атақты шығыстанушы.

Соңғы он жыл шамасында бізде де тарихшылардың шет тілдерін игеруі жөнінде оң қадамдар жасалуда, бірақ оларды жеткілікті дей алмаймын. Тарихшылардың лингвистикалық дайындығын арттыру үшін ынталандыруға және «мәжбүрлі» оқуға негізделген қосымша жаңа шаралар қажет секілді.

Кешегі «кеңес шинелінен» шыққан тарихшылар шетел тілдеріндегі дереккөздерін пайдалануға ықыласының жоқтығын олардың «еуроцентристік» көзқарас тұрғысынан жазылғандығымен бүркемелеуге тырысады. Әрине, еуропалық дереккөздерінің біразы Ішкі Азия тұрғындары жөнінде негативті пікір ауанында құрастырылғаны мәлім. Бірақ бұл ерекшелік олардан мүлдем теріс айналуға негіз бермейді. Ғалымдарымыздың тілдік дайындығын жаңа деңгейге көтермей, этнолингвистикалық зерттеулерге ден қоймай, салыстырмалы-функциялық, өркениеттік талдауларды меңгермей отандық тарихымыздың - әлемдік тарихтың құрамды бөлігіне айналуы қиын, «қазақ мемлекеттілігі» тақырыбы да Рашид-ад дин мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің төңірегінен алысқа бара алмайды.

Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы

3 

Орталық Азияны мекендеген көшпелі тұрғындардың ерте заманнан мемлекеттік түзімде өмір сүргендігі археологиялық, антропологиялық, лингвистикалық, тарихи және басқа да материалдармен анықталып отыр. Академик К.М.Байпақов қазақ мемлекеттілігін Көне түрік және Батыс түрік қағандығынан бастап келсек, енді Есік қорғанындағы жаңалықтан кейін б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлардағы Жетісу сақтары мемлекеті жөнінде айта бастадық дейді. Жергілікті сақ тайпаларының мемлекеттік деңгейде өмір сүргендігіне дәлел ретінде ғалым С.Жолдасбайұлы «Алтын киімді» адамға Жетісу жеріндегі «Бесшатыр» обасынан алынған материалдарды қосады. Ал академик Б.Е.Көмеков Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің қалыптасуын мұнан да әріден, б.д.д. VІІ-ІІ ғасырлар шамасындағы сақ қауымдастығымен байланыстырады.

Қалай десек те, Қазақстан жерінен табылған төрт бірдей «алтын адамның» ұшырасуы ежелгі сақ, сармат тайпалары өздерінің даму дәрежесі тұрғысынан көптеген халықтардан көш ілгері болғандығын көрсетеді. Мұны грек авторларының еңбектері, парсылық, ассириялық дереккөздері, Қытайдың «Ханьшу» жылнамасы растайды. Олардан Арал, Каспий өңірлерінде, Сырдария өзенінің бассейнінде, Таласта және Қаратау маңында, бүгінгі Қазақстанның оңтүстік-шығысында өмір сүрген мемлекеттер сөз болады. Соңғылары қытай дереккөздерінде «Шин-Го» («Көшпелі мемлекет») деп аталды.

Сақ мемлекетінің өз патшасы, біртұтас әскері, мемлекеттік рәміздері, қоғамдық жүйені реттейтін заңдары болған. Сақ патшасын әр тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылгөй қариялары (ақсақалдар) сайлаған.

Соғыс жариялау, бітімге келу мәселелері сақтардың жалпы жиналысында талқыланып, тиісті шешімдер алынып отырған. Сақ патшасының Александр Македонскиймен жүргізген келіссөз кезіндегі ескертуі халық жиналысының ерекше рөл атқарғандығын көрсетеді. Бұл құрылым қазақтарда өз тәуелсіздігінен айырылғанға дейін өмір сүрді.

Сақтарды арийлықтардың (ирандық) үрім-бұтағы деу тарихи шындыққа сәйкес келмейді. Олар шығысқа, оңтүстік өңірлерге, бүгінгі Орта Азияның, Пәкістанның, Ауғанстанның, солтүстік Үндістанның жеріндегі б.д.д І ғасырдың ортасына дейін жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Бірақ бұл сақтар Қазақстан жерінен тұтастай ауып кетті дегенді білдірмейді, олардың қалған бөлігі жергілікті басқа тайпалар арасында қалып, ассимиляцияға түсті. Мұның өзі Қытай профессоры Су Бэйхайдың «Бүгінде қазақ халқының құрамында байырғы сақтардан қалған нәсілдік тек бар» деген сөздерінің негізсіз еместігін білдіреді.

Батыс елдерінің біраз ғалымдары Орталық Азияда тұңғыш мемлекеттік құрылымға сюннулар (hsiung-nu) қол жеткізді деп есептейді. Белгілі неміс шығыстанушысы Отто Прицактың пікірінше, қуатты сюннулар империясының ықпалы тұтас Еуразия кеңістігіне тарап, материалдық мәдениет пен қоғамдық нормалардың жаңа формаларының қалыптасуына әкеледі. Т. Барфилд ортаазиялық сюннулар мемлекетін «самодержавиялық», «ішкі істерінде мемлекетке ұқсас империялық конфедерация» деп есептейді (Barfield T. The Hsuing-nu Imperial confederation: origins and foreign policy // Journal of Asian Studies. 1981. No 31/1. P. 47).

Сюннулар Орталық Азияда ғұндар (хуннулар) атауымен (хуннулар мен ғұндар - этникалық дивергенцияның үлгісі) белгілі болады.

Ғұн проблемасының филологиялық қырын зерттеген ағылшын ғалымы Э. Дж. Пуллиблэнк «Сюнну тілі» мақаласында б.д.д. І ғасырдан жаңа дәуірдің І ғасырына дейінгі қытай дереккөздерінде сақталған ғұн глосстарын реконструкциялау негізінде ғұн этнонимі қытай транскрипциясында «сюнну» болып естіледі деп жазады. Батысқа қарай жылжыған олардың ұрпақтары б.д.д. ІІ ғасырда Тарбағатай таулары мен Каспий жағалауы аралығында қытай деректерінде Юебань деген атпен белгілі ғұн империясын құрады. Ал, Дэвид Кристиан оны «сюнну империясы» деп атайды (Christian D. State formation in the Eurasian Steppes // Silk Rood Studies. II. Worlds of the Silk Roads: ancient and modern / Ed. by David Christian and Craig-Benjamin. Proceding from the Second Conference of the Australаsian Society for Inner Asian Studies. Brepols, 2000).

Елбасымыздың: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көктүріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп тәуелсіздікке тіреледі», деген Ұлытауда айтылған сөздерінде мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының негізгі кезеңдері анық көрсетілген («Егемен Қазақстан», 2014, 26 тамыз).

Түркі халықтарының тегі - ғұндардан басталатындығын Қарақорымнан жиырма төрт шақырым жердегі (Ноян даңғылында) 1924 жылы П.К.Козлов жүргізген археологиялық қазба кезінде табылған материалдар дәлелдейді.

Неміс ғалымы Франц Альтхаймның Рим, Византия, Таяу Шығыс, ежелгі славян және ежелгі герман деректері негізінде құрастырылып, 1959 - 1972 жылдары жарық көрген «Ғұндар тарихы» деген бес томдық еңбегінде де ғұндардың басым көпшілігінің түркі тілдес болғаны жөнінде қорытынды жасалады. Орыс ғалымы А.Н. Бернштам да осындай пікірге келді (Бернштам А.Н. Очерк истории гуннов. Ленинград, 1951. С. 166). В.В. Бартольд ғұн тілінің - ескі түркі тілі екендігін мойындайды.

Ғұн мемлекетінің басқару жүйесі, мемлекеттік кеңесінің сандық және сапалық құрамы, құрылымы, негізгі функциялары Ж. Де Грот және басқа да ғалымдар тарапынан зерттелді.

ІІ ғасырдың 50-жылдары ғұндардың бір бөлігі Арал жағалауына, Елек өзені маңына барып, сарматтармен араласып кетеді.

Ғұндармен қатар шығыстан батысқа қарай Іле өзенінен Талас өзеніне дейінгі, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Есік көліне дейінгі жерлерде көне Үйсін мемлекеті өмір сүрді. Су Бэйхай ежелгі үйсіндер ұлы йозилер және сақтардың бір бөлігімен қосылып, «Батыс өңіріндегі ең қуатты мемлекетке айналды» деп жазады.

4Үйсіндердің түркі тегіне жататындығын Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, А.Зуев, С.Сұңғатай, Н.Мыңжан, З.Қинаятұлы, орыс ғалымдары Н.Аристов, Н.Я.Бичурин (Иакииф), қытай ғалымдары Жан Чиян, Уан Бин Хуа, моңғол тарихшысы А.Амар нақтылап жазды. Олардың көпшілігі Үйсін мемлекетінің көршілес Қытаймен терезесі тең, дипломатиялық қарым-қатынаста болғандығын мойындайды. Н.Мыңжанның еңбегінде үйсіндердің патшасы күнбиден (куньмо, куньми) бастап мемлекетті басқарушы тоғыз лауазым аталса, Үрімшіде жарық көрген «Ежелгі Үйсін елі» кітабында жүз алпысқа тарта лауазым қытай транскрипциясымен көрсетілген. Олардың арасында қазақтарға ежелден таныс: абыз, сардар, аталық, уәзір, дуанбасы, қаған, мыңбасы, нөкер, патша, патшайым, сұлтан, төреші, тұтқауыл, хан, ханша, шабандоз секілді лауазым атаулары ұшырасады.

Үйсіндер мемлекетінің құрылымы ғұндардың түзімімен ұқсас болып келеді.

Зерттеушілер ежелгі Үйсін ұлысын қазақ мемлекеттілігінің бастауы деп біледі (Сунгатай С. Улус древших усуней - истоки казахской государственности // Эволюция государственности Казахстана. Материалы международной конференции. г.Алматы. 3-5 апреля, 1996. А., 1996.). Сонымен бірге, олар үйсіндердің - сақтардың мұрагері екендігін және көне түркі тілінде сөйлегендігін мойындайды (К. Ақышев, Сиратори Куракити, т.б.).

Үйсін ұлысы б.д.д. ІІ ғасырдан б.д. V ғасырына дейін өмір сүріп, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттілік дәстүр сабақтастығын жалғастырды.

«Мемлекеттілік дәстүр» дегеніміз, В.В.Трепавловтың айтуынша, бір мемлекеттен екіншілеріне ауысып отыратын мемлекеттік құрылымның қағидаттары мен компоненттерінің, жалпы және маңызды белгілерінің тарихи-генетикалық сабақтастығы болып табылады (Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. (Проблемы исторической преемственности). М., 1993. С. 12). Ал, «мемлекеттілік» («государственность») терминіне: «Государственность - особый признак, которым отмечено историческое развитие стран (нации, групп национальностей, союза племен и т.п. образований), сумевших создать собственное государство или восстановших утраченное в силу различных причин (утрата независимости, объединение с другой страной) свое государство» деген анықтама беріліпті (Политология. Энциклопедический словарь / Общ. ред. и сост.: Ю.И. Аверьянов. М., 1993. С. 64).

Мақаланың бұл бөлімінде негізінен Қазақстан аумағында орын алған мемлекеттердің бір-бірімен билік институттары мен атрибуттарының тілдік, этникалық сабақтастығына мән берілді. Үйсіндермен қатар, не олардан кейін өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктер де осы тұрғыдан қарастырылды. Олардың бірі үйсіндердің оңтүстік-шығыстағы - жері Ертістен Шу мен Сарысу өзендеріне дейін созылған Қаңлы мемлекеті. Қытай тарихшысы Хэ Цютао 1851 жылы жариялаған еңбегінде Қаңлы мемлекетінің (Канцюйдің) шығыс шекарасы қазіргі қазақ жерінде орналасты деп жазады.

Қаңлылар - қытай тарихнамасында көп зерттелген этностардың бірі болып табылады. Тарихшы Ун Нуан: «Үш ордаға бөлінген қазақтар - ежелгі қаңлылар» десе, жапон ғалымы К. Сиратори: «Қазақтар - тұрмысы, әдет-ғұрып және тіл жағынан ежелгі қаңлылардың жалғасы», - деп жазады (Қинаятұлы З. Тарихи шындық неге бұрмаланды? // «Егемен Қазақстан». 2001. 25 шілде).

Қытай дереккөздерінде Қаңлы мемлекетінде Ваң (патша) фу ван (орынбасар патша), гүй рын (мемлекет кеңесшісі), үнху - ябғу (ұлыс билеушілері), ваньху (әскери және әкімшілік бастықтар), шао ваң (кіші патша), т.б. лауазымдар көрсетіледі.

Еуразия кеңістігінде өмір сүрген ғұндар мен басқа да халықтардың шығыстан батысқа қарай қозғалысы Қазақстан аумағындағы сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының антропологиялық түр-сипатына, сонымен бірге түркі тілі ареалының кеңеюіне әсер етеді.

Ғұн империясы ыдырағаннан кейін қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің дамуы Түрік қағанатымен байланысты (552-744). Қытайдың «Жоунама» атты жылнамасында «түріктер - ғұндардың бір тармағы, ата-бабасы - Ашина, олардың арғы аталары ғұндардың терістігіндегі сақ (сэ) жұртынан шықты» делінеді.

Түрік жазушысы Ахмет Ташағыл да көктүріктердің (Түрік қағанаты кезіндегі түркі халықтарының жиынтық атауы) ғұндардан шыққандығын қолдайды (Деректану. Алматы, 2002. 148-б.).

Э.Дж.Пуллиблэнк түрік атаулы халық VI ғасырдың орта кезінде Моңғолиядан жужандарды ығыстырып, Еуразия кеңістігінде өз империясын құрған кезден белгілі болды, бірақ олардың шыққан тегі жұмбақ күйінде қалып отыр, бір қытай құжатында олар сюннулардың бір тармағы деп жазылады дейді (Pulleyblank E.G. Central Asia and Non-Chinese people of Ancient China. Brookfield, 2002. P. 21).

Ғылымда түркі халықтарының шыққан тегі біршама зерттелген. Көктүріктердің тарих сахнасына шығуын көрсететін нақты дәлел ретінде олардың 542 жылға дейін Алтай тауларының оңтүстік баурайында өмір сүргендіктерін және ғұндардың солтүстігінде орналасқандықтарын айтуға болады. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған ескерткіштер Алтай тауларының оңтүстік беті б.д. 450 жылдарынан бастап көктүріктердің мекені болғандығын растайды, деп жазады А. Ташағыл.

552 ж. көктүріктер құрған Түрік қағанаты, ішкі, сыртқы шиеленістерге байланысты, екі бөлікке: Шығыс Түрік қағанаты (681-744) мен Орта Азия және Қазақстан аумағындағы Батыс Түрік қағанатына (603-704 жж.) бөлініп кеткені белгілі.

Батыс Түрік қағанаты - қазақ мемлекеттілігінің бастауы деуге толық негіз бар, себебі ол кейін қазақ халқының құрамына енген көптеген тайпалардың басын біріктірді. Н.Я. Бичурин Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген уақытын Үйсін ұлысын жалғастырған мемлекеттілік даму сабақтастығының келесі кезеңін құрады деген қорытынды жасайды (Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. М.-Л., 1950. Т. 1. С. 279).

О.Прицак, М.Дромп, В.Рыбатский және басқа да авторлардың еңбектеріндегі түрік қағанаттарындағы мемлекеттік басқару жүйесі, ондағы дуалдық билік, Көк пен Жердің аралығындағы мәңгілік одақ туралы идеологиялық тұжырымдаманың зерттелуі мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының үзілмей келе жатқанына көз жеткізеді. Р. Груссенің зерттеу қорытындылары бойынша Түрік қағанатында бюрократиялық басқару аппараты 28 билік сатысынан тұрған. Дж.Клосонның «Этимологиялық сөздігінде» жабғу, шад, тегін, илтебер, тудун және т.б. лауазымдар көрсетіледі. Йугруш деген лауазым Қарахан дәуірі кезеңіндегі құжаттарда ірі чиновниктердің бірін білдірді (Clauson G. An Ethymological dictionary of the pre-Thirteenth Century Turkish. Oxford, 1972. PP. 134, 453, 488, 866, 457, 905-906).

Олардың ішіндегі шад, алыпби, күшлікби, бөріби секілді лауазымдар үйсін ұлысында да болған.

Екінші Түрік қағанаты кезінде қағанаттың шекарасына жіберілген әскердің басшылары «тутун» (немесе «тутук») аталған. Ал, «тутун будун» ұғымы шекараға шығып кеткен, сөйтіп үлкен ордаға оппозицияда болған кіші хандардың, тегіндердің кәдуілгі ісі болған. Осы «тутун будунды» кейін, ІХ-ХІІ ғасырлар шамасында, «қадақ будун» деген әскери термин ауыстырады (Қ. Өмірәлиев).

П. Голденнің жазуынша, Түрік қағанатында ішкі істер министрі болған. Ол жауланып алынған жерлерден салық жинаумен айналысқан. Әскери міндет атқару («майдан шебінің алдында жүру») «қанмен төлеу» салығы деп аталған.

Осыған қарағанда кейбір авторлардың көшпелілер құрған саяси ұйымдастыруларында мәжбүрлеу аппараты мен салық жүйесі болмады, сол себепті олар толыққанды мемлекет емес деген пікірлерінің негізсіз екендігін көреміз. Түркі көшпелілерінде мемлекеттік атрибуттар түгелге жуық орын алды.

Жалпы алғанда, Түрік қағанаттары басқарудың өзіне тән иерархиялық лауазымдарымен, қоғамдық тұрмысының және әлеуметтік институттарының күрделі формаларымен, әскери тәртібімен, дипломатиялық практикасымен, көршілес елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қойылған дүниетанымымен Қазақстанды мекендеген этностық қауымдастықтардың мемлекеттік дәстүрін байытып, жаңа белеске көтерді.

Түрік қағанатының парсы, қытай, батыс мемлекеттерімен деңгейлес, өзінің дамуы тұрғысынан биік тұрмаса да, төмен болмағандығы оның дипломатиялық қызметі мен хаттама нормаларынан да айқын көрінеді. Қағанаттың халықаралық саяси қатынастардың белсенді мүшесі болғандығы туралы Менандр, Динавери, Симокатта, кейінгі Э.Шаван, И.Маркварт, Г.Моравчик, т.б. ғалымдар жазып қалдырды.

Бір деректерде Истеми қағанның VІ ғасырдың 60-жылдары Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетіне қарсы жүз мың қол бастағаны және оның қол астында он тайпаның қолбасшылары («он оқ будун») болғандығы айтылады. Осы «он оқ будун» келесі түркі мемлекеттерінің этностық негізін қалайды.

Батыс Түрік қағанатын ауыстырған Түркеш қағанаты (699-766) өзінен бұрынғы саяси құрылымдардың мемлекеттік-әкімшілік, әскери-әлеуметтік дәстүрін жалғастырды.

Түркештерді, тарихшы Ә. Дәулетхан, Жетісу мен Еренқабырғаны мекендеген ежелгі үйсін, дулат тайпалары мен басқа да түркі тайпаларының басын біріктірген бес дулаттың белді тайпасы деп есептейді. Дала империясы қоғамдық-саяси құрылымның сақталып, жалғасын тауып отыруын түркілердің біртектілік туыстығы мен сол кездегі олардың тарихи және біртұтастығы қамтамасыз етіп отырды.

Түркеш қағанаты Батыс Түрік мемлекетінің тікелей мұрагері болды және бұрынғыша «он оқ будун» («он тайпалы халық») деп аталды. Француз тарихшысы Э. Шаван оны «он оқ елі» деп атайды.

Түркеш қағанатының қарлұқтардан жеңілісі жаңа түркі мемлекетінің орнығуына жол ашады. Енді бұрынғы Батыс Түрік қағанатының орнында бірнеше мемлекет пайда болады: Солтүстік Тянь-Шань мен Жетісуда Қарлұқтар мемлекеті (766-940 ж.ж.), Сырдарияның төменгі сағасында, Арал жағалауында - Оғыздар мемлекеті, Ертіс жағалауында, қазіргі Солтүстік және Орталық Қазақстан далаларында - Қимақтар (кейін қыпшақтар) мемлекеті (Х ғ-дың басы - ХІ ғ.) және Еділдің төменгі сағасы мен Солтүстік Кавказда - Хазарлар мемлекеті.

Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) Батыс Түрік қағандығы мен Түркеш қағанатындағы билік жүйесі мен лауазымдар иерархиясын қайталады.

Қарлұқтардың жабғуы дала әміршілерінің заңды мұрагері ретінде есептеліп, қаған лауазымын алады. Араб тіліндегі деректерді талдау нәтижесінде О.Прицак алғашқы қарахан қағаны да, өзін қаған жариялаған қарлық жабғуы да - бір адам, яғни Білге Күл Қадырхан екендігі, қарахан әулетінің арғы тегі қарлықтардан шыққандығы жөнінде қорытынды жасады. Автордың пікірінше, Қарахан мемлекеті көшпелілердің мемлекеттік құрылымы және көшпелілер мен отырықшы халықтың өзара қатынастары секілді өзіндік құбылыстарды танып-білу үшін аса маңызды рөл атқарады.

Қарахан мемлекеті - түркі халықтарының тарихында 940-1212 жылдары мұсылман әулеті билік жүргізген алғашқы мемлекет. Батыс әдебиетінде «қарахандар бір орталыққа бағынған мемлекет құрды» деп көрсетіледі (World of the Silk Roads: ancient and modern. Turnhout, 1998. P. 250). «Қарахандықтар өздерін түрік және Афрасиаб (Алып Ер Тоңға) шаңырағы деп санаған», - дейді В.В. Бартольд.

ХІІ ғасырдың екінші ширегінде қарақытайлар (қидандар) Жетісуды Баласағұн қаласымен қоса жаулап алды. Бірақ Қарахан мемлекетінің құлауымен түркілік мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы үзілмеді. Оның үстіне қидандар құрамында маньчжурлар, тұңғыс, моңғол тайпаларына қоса ұйғырлар, қырғыздар және басқа да түркі ұлыстары болады. 1211 жылы Жетісуға келген найман тайпаларының үстемдігін таныған қидандар жергілікті түркі тайпаларына сіңісіп кетеді.

Қазақстан жерінде ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында өмір сүрген Оғыз мемлекеті де қоғамдық құрылысы, басқару жүйесі тұрғысынан ежелден келе жатқан түркілер дәстүрі аясында қалыптасты. Мемлекетті ябғу (жабғу) басқарған, оның мұрагерлері инал, орынбасарлары күл-еркіндер атанған. Мемлекетте тұрақты салық жүйесі қолданылды. Мемлекет әскери демократияға негізделеді.

Оғыздарда «халық жиналысының» сақталуы сол баяғы сақтар заманынан келе жатқан мемлекеттілік дәстүр сабақтастығының бірі көрінісі еді. Кейін ол ел басқарудың ең жоғарғы органы болып есептелетін ұлы және кіші құрылтай жиналысына айналады.

«Оғызнамедегі» Оғыз қаған «Ұлы құрылтай шақырды» деген жол осы институттан хабар береді.

Оғыздар қазақтардың этникалық тарихында елеулі орын алады. Тарихи аңыздарда олар қазақ халқының арғы аталарының бірі ретінде аталады. Сонымен бірге, олар өзбектердің, түрікмендердің, қарақалпақтардың, әзербайжан, татар, башқұрт, түрік халықтарының қалыптасуына үлес қосты.

М. Қашқари оғыздар бастапқыда 24 рулы ел болды деп көрсетеді.

Қыпшақтардан ығысқан оғыздардың бір бөлігі Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға өтіп кетеді де, қалғандары ХІ ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақ тайпаларының арасына тарады. Оғыз руларының атаулары қазақтардың Кіші жүз, Орта жүз тайпалары атауларында сақталып қалды.

Түркі тайпаларымен Батыс Түрік қағанаты кезінен бері қарай етене араласып келе жатқан этностардың бірі - қимақтар болатын. ІХ ғасырдың аяғы-ХІ ғасырдың басында Шығыс және Орталық Қазақстанда қимақтардың өз мемлекетін құрып, көшпелілікпен қатар, отырықшы өмір сүргендігі жөнінде араб деректері негізінде Б.Е.Көмеков дәлелдеп шықты. Ғалым еңбектері әлем зерттеушілері тарапынан танылды (қараңыз: Acta Orientalia Hungaricae. Budapest, 1976. T. XXX. Fasc. 2. P. 260 - 261; Al-фурсан ал-фикри ва-с-сийаси. Дамаск, 1976. № 3. 114-115-б.).

Көне түркілердің мемлекеттік құрылымындағы қанат жүйесі Қимақ мемлекетінің құрылымынан да көрініс тапты.

Қимақтарда көне түркілерден қабылдаған қаған, жабғу, шад, тұтық секілді жоғары лауазымдары болды. Қаған (немесе хакан) ябғу атағынан екі дәреже жоғары тұрды.

ХІ ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін бұрын қимақ, қыпшақ және куман тайпалары мекендеген аумақта әскери-саяси басымдық қыпшақтарға ауысады. Қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің халқы біртекті болмады. «Қыпшақтар» деген жалпы атаумен аталғанымен, бұл қауымдастыққа, қыпшақтардың өздерінен басқа, түркітілдес қимақтар, кумандар, оғыз тайпалары, көне башқұрттар, қаңлылар, түргештер, иран этникалық тобының түріктендірілген элементтері кірді.

П.Б. Голденнің өзі де қыпшақтар тайпалық конфедерацияға ғана бірікті деп жүргенімен, «Кодекс Куманникус» ескерткішін зерттеуге арналған еңбегінде қыпшақ қоғамында мемлекеттік институттардың болғандығын жоққа шығара алмайды.

Қыпшақ дәуірі кезеңінің ең маңызды ерекшелігі «қыпшақ тілдес түркілер» деген жалпы атаумен этникалық шоғырлану процесі орын алады.

Қазақ халқының құрамына енген керейлердің, наймандар, қоңыраттар, жалайырлар, меркіттер, дулаттар және т.б. тайпалардың да ұзақ мерзімді мемлекеттік дәстүрі болғандығын тарихи құжаттар растайды.

Рашид ад-дин: «Наймандар мен керейлердің әрқайсысының өз мемлекеті болды», - деп жазады (Рашид ад-дин. Сборник летописей. Т. 1. Кн. 1. С. 75). Оның пікірі бойынша, керейлер - оғыздармен туыстас халықтардың бірі болған.

Керейлер, басқалары секілді, салт-сана, мемлекетті басқару, қоғамдық құрылыс салаларында түркі дәуірінің үлгілерін сақтады. Деректерде құн төлеу, әмеңгерлік, ру ішінде қыз алыспау туралы мәліметтер ұшырасады. Осы әдет-ғұрып нормалары қазақ халқына да жетіп, қатаң сақталды. Себебі, керейлердің дені қазақ жерінде қалып, Орта жүздің бір тайпасын құрады.

Керейлер елдің жоғарғы билеушісін әуелде «буюрук» деп атаған, кейін ол хан, гурхан атауымен ауысады. Г. Дёрфер «буюрук» деп жалпы мемлекеттік биліктің ең жоғары сатысында тұрған адамды айтады, ол премьер-министр, ұлы уәзір, рейхсканцлер деген ұғымды білдіреді дейді.

Баһадүр, тегін - кори деген лауазымдар болды. Бітікші хан жарлықтарын жазу және жариялаумен, қазыналық кіріс-шығыстар мен салық жинау сияқты әкімшілік қызметтермен айналысты.

Хандық әскери-әкімшілік жүйесі оң қанат, сол қанат және ханның өз қосындары болып үш топқа бөлінді. Қару асынған жауынгер қаптауыл деп аталды. Тұтқауыл қала қақпасын, жол тораптарын, шекаралық бекеттерді, өткелдерді күзетіп, бақылау міндетін атқарды.

Ұлы түркі қағанаттарының мұрасы Найман хандығында да сақталды. Оның билеушілері де: буюрук-қаған, күшілік-қаған, инанч білге буку қаған атанды.

Сонымен, Еуразия көшпелілерінде мемлекеттіліктің болмағандығы туралы тұжырымдар ғалымдардың тарихи сабақтастық мәселесін жете зерделемеуінде деуге толық негіз бар.

Қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген бір мемлекеттің жойылып, екіншісінің пайда болып отыруы олардың құрамына енген этностардың бірінің құрып, екіншісінің пайда болуын білдірмейді. Олай болса, бұрынғы кездегі мемлекеттілік жөнінде жинақталған тарихи тәжірибе де ұрпақтан ұрпаққа ауысып, жаңарып, толығып отырады.

Сан алуан мемлекеттік құрылымдардың ауысуына қарамастан, Еуразия даласы тұрғындарының этникалық, лингвистикалық, антропологиялық, әдет-ғұрпы мен өмір салтының бірегейлігі, олардың көпшілігіне көшпелілік пен отырықшылық симбиозының тәндігі тарихи сабақтастықтың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Әсіресе, бұл құбылыстың берік орнығуында бірнеше мемлекеттік құрылымдар мен ұлыстар құрамында өмір сүріп келе жатқан түркі тайпаларының Шыңғысхан империясы құрамында біріктірілуін маңызды оқиға ретінде атауымыз керек. Д. Кристиан «моңғол империясы - ең қуатты көшпелі мемлекет болды» деп жазады.

5Моңғол империясының құрылуы Ұлы Түрік қағанатының жалғасы ретінде қабылданды, осы арқылы моңғолдар өз билігінің заңдылығын дәлелдеуге ұмтылды.

Моңғол империясындағы жоғарғы билік доктринасы негізінен көнетүрік тұжырымдамасы негізінде құрылды. Біріншіден, «қаған» лауазымы және Көкпен (Тәңірмен) қасиетті байланысын білдіретін қағандық лауазымның толық формуласы қалпына келтірілді. Екіншіден, қағанның мемлекеттегі және дүниедегі рөлі, орны және функциялары жөніндегі дүниетанымы түрік империясын құрылушылардың дүниетанымын қайталады. Үшіншіден, бұл секілді идеологиялық дәстүрлер көнетүріктердің салт-жоралғыларына ұқсас маңызды сарай салт-жоралғыларымен толықтырылды.

Тарихнамада Моңғол империясындағы жоғарғы билік жүйесі ХІІІ-ХІV ғасырлардың өзінде жан-жақты зерттелінді. Құрылтайдың шешімінсіз өзін хан жариялаған адамның өлім жазасына кесілетіндігі туралы П.Карпини: «Алдын ала князьдар, хандар, мырзалар және моңғолдың әйгілі адамдарының жалпы жиналысында сайланбай, император жариялауға өлім жазасымен тыйым салынады», - дейді.

Империяның әскери құрамы да түркілердің дәстүрі бойынша құрылды. Армия оң қанат (барун-гар) және сол қанат (узун-гар) болып екіге бөлініп, оларға бағынатын түмендер ондық жүйеге негізделді.

Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы Моңғол империясының (әсіресе, Жошы Ұлысының) аумақтық-әкімшілік құрылымынан және түркі тайпалары өкілдерінің маңызды рөл атқаруынан айқын көрінді. Ең соңында, тарихи сабақтастық тақ мұрагерлігі тәртібінде сақталды. Шыңғыс хан туысқандарының таққа отыру құқығының кезектілік реті жөнінде монархиялық билікті мұра ретінде иелену көнетүрік жүйесіне толық сәйкес келді.

Мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы моңғол дәуірі кезінде қабылданған «Ұлы Жасақ» атты көшпелілер кодексінде көрініс тапты. Ол көшпелі халықтардың саяси жүйені қалыптастырудың сан ғасырлар бойғы тәжірибесін іріктеп, екшеп, даусыз дәстүрге айналған элементтерін ресми түрде жинақтап берді.

«Ұлы Жасақта» хан, қағандардың құрылтай жиналысында мұрагерлік жолмен сайлануы, ер адамның елін қорғауға әрқашан да дайын тұруы секілді ғұн-түркі заманынан келе жатқан қағидаттар сол күйінде қабылданды. Түркілерден ауысқан қылмыстық заңның кейбір баптары да «Ұлы Жасаққа» енді.

Түркілік басқару жүйесінің жалғасуы, әсіресе, батыс елдерінде Қыпшақ хандығы аталған Жошы Ұлысы (Алтын Орда) мемлекетінде орын алды. Мұндағы моңғолдардың үстемдігі сонау сақ заманынан бастау алатын түркі тайпалары мен ұлыстарының этногенездік процесін өзгерте алмады, қайта өздері саны жағынан басым түркілік ортада ассимиляцияға ұшырап, жергілікті халыққа сіңісіп кетті. Араб жазушысы әл-Омари, француз ғалымы Р.Груссе, орыс ғалымы В.В.Бартольд Алтын Орда халқының «қыпшақтануы» жөнінде жазып кеткен. Әдебиетте айтылатын «қыпшақтану» процесін «түркілену» процесі ретінде қабылдаған жөн секілді.

Алтын Орда әулеттік тұрғыдан ғана моңғол мемлекеті делінді, ал өзінің этникалық негізі, шаруашылығы, мәдениеті тұрғысынан шын мәнінде түркі елі болды.

Жалпы алғанда бұл кезеңдегі «қыпшақ» терминінің этнографиялық емес, тарихи мағынада қолданылатындығы жөніндегі пікір тарихи шындыққа сәйкес келеді. Себебі, «қыпшақтар» (кең мағынасында) ондаған басқа түркі тайпаларының басын біріктіреді.

Ежелгі біртұтас атақоныс, бірнеше ғасыр бойғы бірімен-бірі араласып келе жатуы, ортақ тіл мен дін, барлығына тән көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшылық тұрмыс салты, бірегей мәдени-рухани көзқарас, тамыры терең әдет-ғұрып, әскери демократия нормалары «қыпшақтар» деген атаумен бөлек этникалық қауымдастықтың қалыптасуына, оның болашақ қазақ халқының ядросын құруға негіз қалайды. Өз кезегінде Алтын Орда құрамындағы Ақ Орда мемлекетінде қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ елінің құрылу процестері бір-бірімен қабыса, өзара байланыста жүріп жатты.

Қазақстан тарихнамасындағы моңғол үстемдігі жөніндегі тақырыпқа тек негативті көзқарас қазақ мемлекеттілік дәстүр сабақтастығы тақырыбын зерттеуді оңды жолға бағыттамайды. Моңғолдардың қазақ жерін «жаулап алғандығы» және бұрынғы өркениет ошақтарын талқандап, өндіргіш күштердің дамуына кедергі жасауы секілді пікірлер кеңес тарихнамасы ықпалы негізінде орныққан. Шындығына келгенде Жошы Ұлысы (Алтын Орда) қазақ мемлекеттілігінің құрылуы тарихының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Моңғол және түркі тайпаларының шаруашылық укладтарының бірегейлігі, әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінің жақындығы, ежелден көршілес, аралас-құралас өмір сүруі Жошы Ұлысында түркі тайпаларының әкімшілік, әскери-шаруашылық, мәдени салаларда лауазымды орындарға отыруына мүмкіндік берді.

Жошы Ұлысында орын алған әкімшілік, құқықтық жүйе Ақ Орда мемлекетінде жалғасын тапты.

Хандық биліктің нығаюы шаруашылықтың, егіншілік пен қолөнердің, сауда-саттықтың, мәдениеттің дамуын, қираған қалалардың қалпына келтірілуін тездетті. Пошта жүйесі енгізілді, ақша айналымы реформасы жүзеге асырылды.

Көшпелілерде салық жүйесінің болмауы толыққанды мемлекет құруға мүмкіндік бермеді дейтін пікір ұшырасады. Мұның негізсіздігін Алтын Орда мемлекетінде халықтың әртүрлі тобынан жиырмадан астам алым-салық түрі алынғандығынан көруге болады. Егіншілер мен малшылардан алынатын қалаң мен қапшауыр салығы, қалалық саудагерлер мен қолөнершілердің - баж салығы, ал бұқара халықтың бәрі бірдей - әскери салық төлеуі және т.б. күрделі салық жүйесінің болғандығын білдіреді.

Жалпы, Жошы Ұлысы өмір сүрген кезеңді моңғол-түркі дәуірі деп атаған жөн. Бұл дәуірдегі қолайлы жағдай қазақ этносы мен оның этникалық аумағының қалыптасуын қамтамасыз етті. Ұлыс халқының әртектілігіне қарамастан, сол кездің өзінде оның басым көпшілігін арғындар, қыпшақтар, наймандар, керейлер, қоңыраттар, уақтар, маңғыттар және басқа да, кейін қазақ халқының құрамына енген тайпалар құрады.

Этникалық шоғырлану процесі, әсіресе, Ақ Орда мемлекетінде интенсивті жүрді. Бұл процестің негізгі бағытын, әдет-ғұрып, тұрмыс-салты мен мәдениетінің, антропологиялық, географиялық факторлардың бірегейлігін былай қойғанда, барлығына тән ортақ тіл - қыпшақ тілінің шығыс тармағында сөйлеуі анықтады. Себебі, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени тұрғыдан өзін-өзі реттеу ерекшеліктері тіл арқылы ғана жүзеге асырылды.

Осы себепті Ақ Орда - Қазақстан аумағында жергілікті тайпалар негізінде құрылған тұңғыш қазақ мемлекеттілігі деуге толық негіз бар.

Бұл пікір Ақ Орданың едәуір тұрақты аумақтық тұтастығымен, этникалық құрамының біртектілігімен, ел билеген хандардың (Орыс ханның әулеті) әулеттік жалғастығының сақталуымен түсіндіріледі (Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан (Тарихи-сараптамалық зерттеу). Астана, 2004).

Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары кезінде Ақ Орда аумағының оңтүстігіндегі иеліктерге (Арал маңы, Сырдарияның төменгі ағысы,
Қаратау бөктері) және Әбілхайыр ханның тұсында Шығыс Дешті-Қыпшақтың басым бөлігіне билік жүргізді.

Ортағасырлық «Умдат ат-тауарх» шығармасының авторы Әл-қажы Абди Әл-Гафари қазақ хандары жөнінде айта келіп, Барақ ханның тұрағы «Қазақ йайлағы деген жерде» деп жазады (Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992. С. 219).

Ақ Орда мен Моғолстан аумақтарын мекендеген ру-тайпа, тайпа бірлестіктері мен этносаяси бөлімдердің бір ұлт ретінде шоғырланып, ұлттық құрамының тұрақталуы мұнан да ертерек кезеңде орын алғандығын меңзейтін дереккөздері де жоқ емес. Солардың бірі 1922-1923 жылдары Қазақстанда болып, қазақ тарихына байланысты зерттеу жүргізген ағылшындық Ральф Фокс «қазақтар - моңғол шапқыншылығына дейін-ақ ұлт болып қалыптасқан халық» дейді. (Fox R. PeopІes of the Steppes. London, 1925. P.139).

«Қазақ» атауының ХV ғасырдың ортасына дейін-ақ этникалық мазмұнға ие болғандығын дереккөздері де теріске шығармайды. 1330-1405 жылдары аралығындағы Орта Азияда болған тарихи оқиғаларды баяндайтын «Зафарнаме» кітабында қазақ елі, қазақ жері деген атаулардың ұшырасуы қазіргі ресми тарихнамадағы пікірдің түпкілікті еместігін көрсетеді.

Өтеміс қажының «Шығыснамада» қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы Жошының ұрпағы Орыс хан (1369-1376 ж.ж.) деп есептеуі де белгілі бір кезеңдерде түркі тайпалары тобының бірде «алаш мыңы», бірде «алшын», кейін «қазақ» атанғаны жөніндегі пікірімізді толықтырады.

Қалай болғанда да ХV ғасырдың орта кезінде Шу мен Қозыбасы өңірінде құрылған мемлекет пен оның халқына «қазақ» атауының берілуі Керей мен Жәнібектің өз жақтастарымен бірге Ақ Орда жерінен Жетісуға қоныс аударуына байланысты айтылады.

Қазақ хандығы

6Қазақ хандығының құрылу уақыты Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Орыс хан мен Барақ хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың Ақ Орда халқының бір бөлігімен Жетісудың батыс өңіріне (Шу мен Қозыбасы) қоныс аударуы оқиғасынан, яғни хиджраның 870 (1465-1466) жылдарынан басталады деп көрсетіледі. Әдебиетте мұны әулеттік талас-тартысқа сайып, тіпті Керей мен Жәнібектің бұл қадамы Ақ Орда мемлекетіндегі билік үшін күресті жалғастыру мақсатында Жетісудағы түркі тайпаларымен қосылуды, яғни күш жинастыруды көздеді деп бағалағанның өзінде тәуелсіз өмір сүруге ұмтылған Ақ Орда халқының тарихи процестегі рөлі көмескіленіп қалады. Әуелі мемлекет (хандық) құрылды, сосын қазақ халқы қалыптасты деген пікірдің өзі де тарихи шындыққа сәйкес келмейді.

ХV ғасырдың 60-жылдары «қазақ» этнониміне ие болғанмен, халық басқа атаулармен оған дейін қалыптасып үлгерген. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін оның нығаюы мен халықтың қалыптасу тіндерінің жетілуі өзара ықпалдастықта орын алады.

Қазақ халқының қалыптасуы Қазақ хандығының құрылуына және тұңғыш қазақ хандарының іс-әрекетіне байланысты болуы деген пікір В.В.Вельяминов-Зерновтың «Қасым хандары мен ханзадалары туралы зерттеулер» деген еңбегінен бастау алды да, орыс және кеңес тарихнамасында қазақ мемлекеттілігі іргесінің қалануын да, қазақ этногенезін де ХV ғасырдың екінші жартысымен байланыстыратын тұжырым орын алды.

Дегенмен, кейбір кеңес авторларының Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқ оқиғалардың жиынтығы ретінде дүниеге келген құбылыс емес, ортағасырлық Қазақстанның бүкіл шаруашылық, әлеуметтік, саяси дамуы және қазақтардың этникалық тарихының ерекшеліктерімен байланыстырғанын жасыруға болмайды.

Жәнібек пен Керейдің Моғолстанға көшіп келу себебін Т.И. Сұлтановтың феодалдық езгінің күшеюі, осы негізде әлеуметтік наразылықтың өсуі, хан саясатына наразы сұлтандардың осы жағдайды өз мүддесіне пайдалануды көздеді секілді тұжырымы дереккөздерімен дәлелденбейді. (Султанов Т.И. Некоторые замечания о начале казахской государственности // Изв. АН Казахской ССР. 1971. №1. С. 56.).

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және этносаяси дамудың заңды нәтижесі болып табылады.

Қазақ хандығының тез аяғына тұрып, Еуразия кеңістігіндегі елеулі факторға айналуының астарында ғасырлар бойғы мемлекеттілік дәстүр мен түркілік негіздегі қазақ халқының этногенезі процесіндегі сабақтастықтардың қабаттаса, бірін-бірі алға сүйреген күштер жатты. Қысқаша сөзбен айтқанда, қазақтарда әуелі мемлекет, сосын қазақ халқы қалыптасты деген тұжырымдама негізсіз көрінеді.

Көрнекті орыс тарихшысы В.В.Трепавлов Қазақ хандығын көне дәуірден бері келе жатқан мемлекеттік дәстүрдің заңды жалғасы деп есептейді.

Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі басты дереккөзі Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі екендігі әлем жұртшылығына мәлім. Мұны мойындамай, «қазақтарда бұрын мемлекет болмады» деп сөйлеу - «көрмес түйені де көрмес» деген қазақ мақалын еске түсіреді.

  Қазақ хандығының құрылуы тарихы К.А.Пищулина, Т.Сұлтанов, Н.Мыңжан, С.Жолдасбайұлы, М.Әбусейітова, З.Қинаятұлы, Т.Омарбеков және басқа да ғалымдар тарапынан әр қырынан зерттеліп келеді. Өткен ғасырдың 30-жылдары Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген Альфред Хадсон (АҚШ) Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі тұжырымдарында «Тарих-и Рашиди» еңбегіне сүйене отырып, Керей мен Жәнібектің, өз жағына басқа тайпалар мен руларды тарту үшін, күш-қуаты жеткілікті болғанға ұқсайды деп жазады. Әңгіме бұл екі сұлтанның беделі мен күш-қуаты емес, оған еретін, бөлінуге дайын халықтың біршама екендігі жөнінде болса керек.

Келесі америкалық автор Марта Олкотт Қазақ хандығы Қасым ханның тұсында (1512-1518) бір орталыққа бағынған мемлекетке айналды дейді. Оның сөзімен айтқанда: «Қасым Ноғай тобынан» (Ноғай Ордасын айтады. - К.Е.) шыққан қыпшақтардың, шағатайлықтардың шығыс бұтақтарынан тараған наймандар мен арғындарды қосқанда, басқа да түркі тайпаларының бірігуіне басты назар аударды. Бұл жағдай қазақтарды халық деп санауға мүмкіндік берді. Олар негізінен тұтастай түркі тілінде сөйлейтін, бірыңғай мал өсірумен айналысқан, ортақ мәдениеті бар бір миллиондай адамнан тұратын мықты халықты құрады. Қасымның тұсында саяси жағынан бірігу орнықты, себебі қазақтар аумағында тұрып жатқан сұлтандар хан билігін мойындап, оған бас иді».

Олкоттың баяндауы бойынша, Қасым ханның тұсында хандықтың құрамына Сырдария бойындағы қалалардың, оңтүстіктегі көшпелі және отырықшы өңірлердегі елді мекендердің енуіөзін-өзі қамтамасыз еткен (астын сызған біз. - К.Е.) экономика құруға мүмкіндік берді.

Хандықтың нығаюына бірнеше факторлар әсер етті. ХV ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында хандыққа Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан біраз көшпелілер қоныс аударды. Осы ғасырдың аяғында Түркістан аумағының орталығы Сығанақта, Сауран мен оның төңірегінде, Қаратаудың Созақпен қос алғанда жапсарлас ауданы және оның теріскейі мен күнгейіндегі, Сырдарияның төменгі ағысындағы басқа да қоныстарда, Арал өңірінде қазақ хандарының билігі орнады (Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХV - начале ХVI веков. Алма-Ата, 1977). Ноғай Ордасы халқының, әсіресе, алшындардың біраз бөлігі Қасым хан тұсында Қазақ хандығына келіп қосылады.

Қазақ хандығының ежелден түркі тайпалары мекендеген Жетісу жерінде құрылуы тез арада нығайып, халқының саны өсіп, этникалық аумағының кеңеюіне жағдай жасады.

Моғолстандағы керей, қаңлы, дулат, қарлық, меркіт, чорас, барлас және т.б. түгелге дерлік түрік тілінің қыпшақ тармағына жататын қазақ және қырғыз тілдеріне жақын тілде сөйледі (Юдин В.П. Центральная Азия в ХIV-ХVIII веках глазами востоковеда. Алматы, 2001. С.84).

Қасым хан тұсында хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауымен шектесіп, Түркістан қалаларының біразын, оңтүстік-шығысында Жетісудың тау етектері мен жазықтарының бір бөлігін қамтиды, солтүстік-шығысында Ұлытау және Балқаш көлі өңірі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін, солтүстік-батысында Жайық өзеніне дейін жетеді. Батыста қазақтардың этникалық аумағының Жайық өзенімен шектесіп жатқандығы жөнінде 1517, 1526 жылдары Мәскеуде дипломатиялық тапсырмамен болған австриялық дипломат С.Герберштейн де растайды.

Қазақ хандығының шекарасы туралы мағлұматтар орыс патшасы ІV Иванның 1552 жылғы жарлығы бойынша өз мемлекетінің шекарасын анықтауды көздеген материалдар жинастырылып, 1599 жыл шамасында Федор Ивановичтің тұсында жарық көрген «Большой чертеж» кітабында келтірілген. Мұны құрастырушылар «Қазақ Ордасының» «Хвалынск» (яғни Каспий) теңізінен Қарақұмға дейінгі жері мен географиялық нысандарына сипаттама береді (Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрон. Т. ХV. Кн.29. СПб, 1895. С. 455).

ХVI ғасырда қазақтар Тобыл өзенінің жоғарғы жағы мен Есіл және Ертіс өзендерінің бассейінінде көшіп-қонып жүреді (Томилов Н.А. Казахи Западной Сибири в конце ХVI - первой половине ХІХ в. // Этногенез и этническая история тюркских народов Сибири и сопредельных территорий. Омск, 1983. С. 70).

Қазақтардың Батыс Сібір жеріне орналасуы Г.Е.Катанаев, М.С.Мұқанов және басқа да авторлардың еңбектерінде қарастырылды (Катанаев Г.Е. О поступательном движении киргизов Средней Орды к границам Западной Сибири // Зап. Западно-Сибирского отделения РГО. 1886. Кн. 8. Вып. І; Муканов М.С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. Алма-Ата, 1974). ХVI ғасырдың бас кезінде Қазақ жерлері Пермьмен шекараласып жатады (Томилов Н.А. Указ. соч. С. 69).

XVII ғасырдың соңғы ширегінде хандық қазіргі қазақ аумағының басым бөлігіне бақылау жүргізеді. (OІcott M.B. The Kazakhs. Stanford, CaІifornia, 1987. PP. 3,4,9).

Қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі негізінде оны «федерация» немесе «конфедерация» болғандығының белгісі деп есептеудің негізі жоқ. Қазақтың үш жүзі - бір мемлекеттің үш бөлігі ғана. Бұл жөнінде М.Олкотт былайша түсіндірме береді. Кейбір тайпалардың халқының саны мен иелігінің ұлғаюы әлеуметтік ұйымдасу мен басқаруға қатысты проблемалар туғызды. Міне, осы жағдайға және генеалогиялық факторларға (басқа жағдайларға емес) байланысты ХVI ғасырдың бірінші жартысында хандық аумағы үш жүзге бөлінді (көпшілік авторда басқа кезең аталады. - К.Е.). Бірақ осыған қарамастан, деп жазады М.Олкотт, қазақтар бір тілде сөйлейтін, жалпыға тән мәдениеті мен экономикасы бар біртұтас халық болып қалды.

Неміс ғалымы Э.Саркисянц «1917 жылға дейінгі Ресейдің шығыс халықтарының тарихы» деген зерттеуінде Қазақ хандығының құрылу тарихын, оның Қасым, Тахир (1523/24-1531/32), Хақназар (1537/38-1580) хандар тұсында көршілес халықтармен қарым-қатынастарын, тайпалық құрамы мен этникалық аумағының қалыптасуын егжей-тегжейлі баяндайды. Әсіресе, ол Тәуке хан тұсындағы (1651-1718) бір орталыққа бағынған Қазақ мемлекетіне ерекше тоқталады (Şarkısyanz E. Geschichte der OrientaІischen VöІker RussІands bis 1917. München, 1961. S. 310-322).

Қазан төңкерісіне дейінгі кейбір орыс ғалымдары да Қазақ хандығы жөнінде объективті пікір білдірді. «Далалық облыстардың қырғыздары туралы заңдар жинағы» деген еңбекте: қырғыз-қайсақ ханы Тәуке тайпалар арасында тыныштық, рулар арасында жерді әділ бөліп беріп, оны пайдалану тәртібін орнатты, жалпы ол заңдылық негізде әрекет етті; бәрін де ақылмен істеп, тәжірибе мен шеберлігіне сүйенген Тәуке үш қырғыз-қазақ ордасына билік жүргізді; әрбір ордаға өз өкілдерін: Ұлы жүзге Төлені, Орта жүзге Қазыбекті, Кіші жүзге Әйтекені тағайындады делінеді (Сборник узаконений о киргизах степных областей / Сост. И.И. Крафт. Оренбург, 1898. С. 12).

И.И.Крафт ХVIII ғасырдың бас кезінде «жүз» бөлек хандық мағынасындағы құрылымды емес, көбіне-көп бір мемлекет құрамындағы генерал-губернаторлықты білдірді деп көрсетіпті (Сонда. С. 14).

ХІХ ғасырдың орта кезіндегі А. Терещенко деген автордың «Дешті Қыпшақ іздері және Ішкі Қырғыз-қайсақ ордасы» деген мақаласында да осы секілді мәліметтер келтіріледі.

ХVII ғасырдың бас кезінен Түркістан қаласы қазақтардың астанасына айналды. Есім ханның (1598-1613/14) ұлы Жәңгір (1627-1628) мен немересі Тәуке осы қалада тұрып, барлық қазақтарға әмірін жүргізді деп жазады ол (Москвитянин. 1853. Т. 6. № 22. Кн.2. С. 77).

Қазақтардың атамекен жерлерінің этникалық қалыптасуы ХVI-ХVII ғасырлар барысында аяқталды. Ресей Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Ресей Орталық мемлекеттік әскери-тарихи мұрағаты, Ресей Сыртқы саясаты мұрағаты, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеті мұрағаты негізінде зерттеу жүргізген М.С.Мұқанов ХVIII ғасырдың бас кезінде қазақтардың қазіргі Қазақстан аумағын тұтастай алып жатқандығын нақтылап берді (М. Мұқанов. Қазақ жерлерінің тарихы. Алматы, 1994. 4-5-беттер).

Ғалымдардың соңғы жылдары жүргізген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Қазақстанның солтүстік өңірінде қимақ дәуіріне, ал Жайық өзенінің батыс жағалауында Алтын Орда дәуіріне жататын қалалар орындары табылды.

ХVIII ғасырдағы қазақтардың этникалық аумағы тарихи құжаттар негізінде В.Востров, Н.Бекмаханова және басқа да ғалымдар тарапынан зерттеліп, негізделді.

Мемлекеттіліктің басты атрибуттарының бірі - шекара екендігі белгілі. «Қазақтарда шекара болмады» деп ауа жайылушылар үшін қазақ та, ағылшын да, басқа да емес, қазаққа бүйрегі бұра қоймайтын Ресей Бас Штабының капитаны Л.Костенконың мына куәлігін келтіре кетейік: «Северную границу киргизких кочевок определить легче, чем южную, потому что здесь еще с прошлого века русское правительство стремилось обозначить пределы набегам степняков устройством укрепленных линий. Таким образом северная граница киргизских кочевок обозначилась: частью Алтайских гор, рекою Иртышем, потом так называемою Горькою Сибирскою линиею от Иртыша до Тобола, или до Звериноголовской крепости, затем от этой последней до устья реки Уя рекою Тоболом; далее р. Уем и потом Уралом, начиная от Спасскаго форпоста (близь Верхнеуральска) почти до Оренбурга, или точнее до Нижняго форпоста, затем далее реками Бердянкою, Уралом и Илеком до устья последнего и потом опять Уралом. Несмотря, однакож, на эти пределы, значительная часть киргизов Малой орды, в числе 7000 кибиков, перешла в 1812 году через Урал и с разрешения правительства поселилась в Астраханской губернии (Внутреняя или Букеевская орда); другая часть, в числе 3200 кибиток, несколько ранее перешла Иртыш и кочует внутри линии Сибирского казачьяго войска. На западе границей киргизских кочевьев считается р. Урал и северовосточный берег Каспийского моря. На юге киргизы примыкают своими кочевьями до Усть-Урта, затем до Хивы, до Заравшана, хребта Кашгар-Даванского, гор Уртак-тау, хребта Александровского и гор Киргизын-ала-тау. На востоке киргизская кочевья доходят до хребта Ала-тау, озера Алакуль, гор Тарбагатайских, озер Нор-Зайсана и хребта Тянь-шанского». (Средняя Азия и водворение в ней русской гражданственности / Сост. Л. Костенко. СПб, 1870. С. 30-31).

Бұл орайда орыс бекіністері мен әскери жүйелерінің, оның ішінде «Ащы өзек» аталған «Сібір шебінің» өзі қазақ жері арқылы өткенін ескеру қажет. 1910 жылы жарық көрген «Ақмола облысындағы қырғыз шаруашылығы» деген зерттеудің авторы В. Кузнецов: «Қазіргі қырғыздардың (қазақтардың. - К.Е.) ата-бабалары Петропавл даласына әр уақытта қоныс аударды. Уезде өздерінің тұрып жатқанына бес жүз жыл болған бір ауыл табылды. Ол - Полуденск болысындағы Жакей Оразбай тұратын 9-ауыл. Осы болыстағы №7, 10, 13, 16 - ауылдардың, Тайыншы болысындағы он бір ауылдың мұнда төрт жүз жылдан бері өмір сүріп жатқаны көрінеді» (Кузнецов В. Киргизское хозяйство в Акмолинской области. Т. ІІІ. СПб, 1910. С. 31-33).

Басқаша сөзбен айтқанда, орыс мұжықтарына жер іздеген экспедиция басшысының өзі қазақтардың қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында ХV ғасырдан бері тұрып жатқанын мойындайды.

Қазақ хандығы өз заманында Шығыста да, Батыста да белгілі болды. Шығыс авторларының шығармаларында Қазақ хандығы «Мамлакат-и казах», «Доулат-и казах», «Улус-и казах» деп аталды.

Парсы жазушысы Хасан бек Румлудың 1931, 1934 жылдары ағылшын тіліне аударылып жарық көрген «Ахсан ат-таварих» атты еңбегінің 12-томында 1494-1578 жылдардағы Қазақ хандығы, оның хандары Қасымның, Бұрындық пен Хақназардың іс-әрекеттері, олардың ішінде 1578 жылы Пул-и Хатун түбінде қазақтардың түрікмендермен ұрысы жөнінде баяндалады.

Қазақ хандығы туралы еуропа саяхатшылары, саудагерлері мен дипломаттарының күнделіктері де мол мағлұмат береді. ХVI ғасырдың 50-жылдары Ресейден Иранға қазақ жері арқылы екі рет өткен ағылшын көпесі Энтони Дженкинсон (1538-1580 ж.ж.) қазақтарды өз атымен атап («Cassacks»), олардың сол кезеңде (яғни Хақназар хан тұсында) Ташкентпен соғысып жатқандығы, қуатты халық екендігі жөнінде Англияға мәлімет жеткізеді. Өзі құрастырған картада Еділ мен Жайық арасында ноғайларды орналастырып, олардан шығысқа қарайғы жерлерді «Казахия» («Cassackia») деп көрсетеді.

Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор.

(Жалғасы бар).

 

 

 



Қазақ хандығы – азаттығымыздың алтын бастауы Мирас, Оқиға 30.04.2015 35 пікір жазылған 157 рет оқылды Қарға тамырлы халқымыздың елдіктің негізін қалап, іргесін бекіткен кезі XV ғасырдың екінші жартысынан бастау алатыны белгілі. Осыған орай, Елбасымыз биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өтетінімізді айтты. Бұл – тарихымыздағы ең маңызды даталардың бірі. Сол себепті, биылғы той ұлттың рухын асқақтатып, жігерін жанитын жалпыхалықтық мерекеге айналуы тиіс. Алдағы уақытта Қазақ хандығының құрылған жері Шу мен Талас арасындағы алқапта кең ауқымда арнайы шара өтетіні де белгілі болды. Мұның бәрі тәуелсіздігіміздің іргесін нығайтып, керегесін кеңейтетін игі істер. Ендеше бүгінгі азаттықтың алтын бастауы болған хандықтың құрылу кезеңіне бірге көз жүгіртейік. Қазақ халқы ерте заманнан қоныстанған және билік жүргізген өңірлерден сақтардан, ғұндардан, түріктерден, тағы басқа рулық, ұлыстық елдерден қалған құнды мұралар мен ескерткіштердің табылғаны белгілі. Атап айтсақ, Қазақстаннан, Солтүстік және Батыс Шыңжаң өңірінен, Моңғолияның Орхон, Тамыр, Тұла өзендері аңғарларынан табылып жатқан тарихи жәдігерлер мамандардың қызығушылығын тудырып отыр. Осы ұлан-ғайыр кең даланы халқымыздың шежіресі бойынша қазақтың үш жүзінің құрамын толықтырған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпында сақтаған тайпалар мен ұлыстар мекен еткен. Үйсін, қаңлы, түрік, түркеш, оғыз, қарлұқ, керей, найман, жалайыр, қоңырат, меркіт, уақ сияқты өз заманындағы рулық, ұлыстық атаулар қазірге дейін қазақ рулары арасында сақталып отыр. Олар қоныстанған және өмір сүрген өңірді XIII ғасырдың басында араб, парсы тарихшылары «Дешті Қыпшақ» деп атаған. Ал XV ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың «Қазақ даласы» деп атағаны тарихта жазулы тұр. XV ғасырда осынау ұлан байтақ даламызда Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығы құрылды. Биыл елдігіміздің іргетасы қаланған сол кезеңге 550 жыл толып отыр. Бұл – ешкім жоққа шығара алмайтын бұлтартпас тарихи дәлел. Қазақ хандығы құрылғанда алдымен үлкен Керей ақ киізге көтеріліп, хан сайланған. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек хан заманында жөнге түскен. Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің тағы бір белгісі – ол халық арасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде белгілі болған. Тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп емес, Әз-Жәнібек хан деп аталуының себебі де сол. Міне, сол кезден бастау алған елдігіміз бірлік пен ынтымақтың арқасында тәуелсіздікпен жалғасын тапты. Бабаларымыз «Ошақтың бұты – үшеу, жағар оты – біреу» деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазақстан Президенті өткен жылғы Ұлытауда берген сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтты. Тарихшылардың айтуынша, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған ұланғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар мен мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар еді. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқыны» атты кітабында «Қазақ хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды», – дейді. Расында, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды. Бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланыстырса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді. Қазіргі өркениетті елдер өз мемлекеттілігінің ежелгі тарихын жан-жақты көрсетіп, насихаттау ісін дәстүрге айналдырған. Бұл сол ұлттың мемлекеттігінің тұрақтылығы мен легитимділігін айғақтайды. Сол себепті, бізге де қазақ мемлекеттілігінің терең тамырлы және бай дәстүрлі екендігін көрсетуіміз керек. Елбасымыз биылғы дәстүрлі Жолдауында өркениетке қадам басқан еліміздің төл мәдениетін насихаттауға ерекше назар аударды. Ал ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетіміз – бай тарихымыздың көрсеткіші. Сол арқылы біз бүгінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қалыптасқан заман сұранысына лайық жаңа тұрпаттағы мемлекеттігімізді өз дәрежесінде көрсете аламыз. Яғни, бүгінгі Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетіміз – ХV ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Кешегі Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғандығының көрінісі. Руслан Пірназар. Қызылорда қаласы прокурорының аға кеңесшіс

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/04/30/60198






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Кәсіптік мектептің арнайы пән сабақтарында интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктері

date.png 2 Октябрь 2013 user.png Лариса Николаевна Гребцова

ӘОК 371.64Выпуск 2, 2013 годМҒТАР 14.85.25

А. Х. Касымова, п.ғ.к.

Орал қ. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университететі

Оперативті диспетчерлік басқаруда рационалды таңдау есептерін ұсыну үшін базисті қасиеттердің тізімі қажетті және жеткілікті болатындығы көрсетілді. Сонымен қатар, бұл тізім әр түрлі теориялар шеңберінде шешілетін рационалды таңдаудың барлық тапсырмаларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: басқару, шешім қабылдау, оптималдау, классификация.

It is shown that the list of basic properties is necessary and sufficient to represent the problems of rational choice in the tasks of operational dispatch management. This list also allows combining all the basic tasks of rational choice to be solved within various theories.
Key words: control, decision-making, optimization, classification.

Еліміздің «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі – жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың әлеуметтік деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді ұғындырудың бір жолы- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аудару өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, «ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және барлық жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруін талап етуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Компьютерлік технологиялардың ішінде оқу үрдісінің қолайлысы – интерактивті технологиялар. Қазіргі уақытта оқу үрдісіне интерактивті технологияларды –жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағыт алынған. Зерттеудің мақсаты: Интерактивті тақтаны информатика пәнінде қолданудағы үлкен артықшылықтар мен ерекшеліктерін жетік меңгеру.

Зерттеудің міндеттері:

Ø Интерактивті оқыту теориясын қарастыру;

Ø Интерактивті тақта мүмкіндіктерін талдау;

Ø Интерактивті тақтаны қолдану мүмкіндіктерін талдау;

Ø Кәсіптік мектеп информатикасында интерактивті тақтаны қолдану үлгілерін көрсету.

Зерттеу пәні: информатиканы оқыту әдістемесі.

Зерттеу болжамы: егер білім беруді жаңарту жағдайында кәсіптік мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негіздері нақты айқындалса, онда кәсіптік білім беруден бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламаларына және оқу әдебиеттеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау; мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; кәсіптік мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі: білім беруді жаңарту жағдайында кәсіптік мектепте интерактивті тақтаны пайдаланудың әдіснамалық-теориялық негізі айқындалды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі: кәсіптік мектептің информатика сабағында интерактивті тақта пайдалану үлгілері жасалды.

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі- білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.

Қазіргі таңда Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы Қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арнап қабылдаған Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қазіргі талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемаларын шешуге арналған. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарының алдына қойылған мақсат — әлемдік стандарт деңгейінде білім беру. Бұл аталған бағдарлама мен жолдаудың басты құндылығы- еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт беруімен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашу. Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы рөлінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.

Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті — қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға бағдарламалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан бағдарламалаудан негізі түсінігі мен бағдарламашы еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі — кәсіби іс-әрекетке функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман [1].

Интерактивті тақта- білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйелер кешені болып табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті бір-екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.

Компьютердің VGA- портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның, проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы бар.

Интерактивті тақта бағдарламалық-техникалық кешенін дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі-жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

Бағдарламалық-технологиялық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытуға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет –ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу , CD-ROM ,Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау, тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады [4].

Интерактивті тақта сабақтың қай түріне болса да тиімді. Ол бір мезгілде тақтаның және көрнекі құралдардың, сабаққа керекті материалдарды оқушыларға дайын түрінде көрсетуге қолданылатын жүйе.

Мысалға, Кәсіптік мектеп информатикасында интерактивті тақтаны қолдану үлгілері бойынша «MS Word мәтін редакциясын қайталау» тақырыбында бір сабақты алсақ.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: MS Word бойынша білімдерін нығайтып,біліктілін дамыту.

ә)Тәрбиелігі: Оқушыларды тиянақтылыққа, заман талабына сай ақпарат көздерін тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

б)Дамытушылық: Компьютерді қажетіне қарай пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,кестелер

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Жаңа сабақты түсіндіру

3.Үй тапсырмасын беру

4.Қорытындылау

Қалам арқылы немесе экранға пернетақтаны шығарып, берілген өлең жолдарын тереміз. Бұл мәтінді оқушының назарын аудару үшін түрлі-түспен жасай аламыз. Оларға жақсы көріну үшін мәтін шрифтісін үлкейтеміз, экранның ортасына реттейміз, оған түрлі шрифт атын таңдап көрсетеміз, өлең жолдарын қалың, автор атын курсивті шрифтпен жазып қоямыз.

Автор
Дата добавления 03.07.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1192
Номер материала 314449
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх