Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Кітап - білім бұлағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Кітап - білім бұлағы

библиотека
материалов

Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебі

Кітап - білім бұлағы.






















Кітап – көзі ашыққа маржан















Дайындаған:

Кітапханашы:

Рахимкулова Г.А.


















2013-2014 оқу жылы

Кітап - білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Кітап рухани байлығымыз. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дейді.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.

Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау.
Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі.

Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Француз философы және жазушысы Дени Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген. Мұны ғалымдардың зерттеулері де дәлдейді. Олардың зерттеулері бойынша кітап оқитындар қоғам өміріне белсенді қатысады екен. Олар мәдениет мекемелері – мұражайларға, картина галереяларына, театрларға, концерт залдарына басқаларға қарағанда жиі барады, спорттық шараларға да көбірек қатысады. Олардың тағы да бір ерекше қасиеті – рақымшылық танытуда да алдыңғы қатардан көрінеді. Міне кітаптың құндылығы осында, яғни, оның тәрбиелік мәнінде.

Сондықтан да қазіргі уақыттағы кітаптың, кітап оқудың мәртебесі төмендеуі жұртшылықты алаңдатады. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да кітап оқуға қызығушылық азая бастағаны байқалады. Кітап оқу бос уақытты өткізу түрі ретінен гөрі іскерлік оқуға қарай ойысты, ақпараттық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана оқу жиі кездесетін болды. Оқушылар, студенттер көбінесе оқу залдарына тапсырылған тақырып бойынша реферат, баяндама, шығарма жазуға ғана келеді. Бірінші кезекте мұндай жағдай кітапхана қызметкерлерін ойлантып, мынадай сұрақтар жиі мазалайды: біздің кітап оқуға қызығушылығымыз төмендеуінің себептері неде және оның соңы неге әкеледі? Кітап оқымайтын адам сауатсыз, ойлау қабілеті төмен, шығармашылық қиялдауы шектелген болып келетіні белгілі. Осы орайда, айта кететін жайт: қазіргі уақытта қазақ қоғамының алдында тұрған негізгі мәселе – тіл мәселесі ғой. Осы мәселенің де бір шешімі, менің ойымша, жастар болсын, үлкендер болсын – бәрін кітап оқуды, қазақ тілінде көркем шығармаларды оқуға тартуда. Көркем шығармалар біздің тілімізді байытып, қазақ тілінде сөйлеу қабілетін арттыратыны анық. Ал кітапқа деген қызығушылық бала жастан қолға алынса, оның беретін жетістігі де мол болмақ. Осы мақсатта мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «кіьап – көзі ашыққа маржан» атты жыл сайын кітап апталығы өтіп тұрады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.
    2. Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. - 2009. - 30 қаңтар. - 1-3б

Кітапханашы: Рахимкулова Г.А.

Краткое описание документа:

кітап - көзі ашыққа маржан

Кітап -  білім бұлағы.

Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі.

Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Автор
Дата добавления 16.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров2689
Номер материала 306501
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх