Инфоурок Физика Рабочие программыКтп по физику 10 класс

Ктп по физику 10 класс

Скачать материал

ФИЗИКА

жаратылыстану-математика бағыты

10 сынып

 

№ п/п

 

Бөлімдердің, тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлы-ғы, сағ

Үйге тапсырма

Өтілетін күні

теория

практ.

МЕХАНИКА

14

8

22

 

10  «б »

 

Кинематика

5

3

8

 

 

 

1

Кинематиканың негізгі түсініктері және теңдеулері.

1

 

1

§1.1

 

 

2

Кинематика формулалары.Еркін түсу

1

 

1

§1.2,1.4

 

 

3

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененiң қозғалысы.

1

 

1

§1.5

 

 

4

Траекторияның қисықтық радиусы.Қозғалыстың салыстырмалылығы.

1

 

1

§1.6,1.8

 

 

5

Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.

1

 

1

§1.9

 

 

6

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

1-жатт

 

 

7

Лабораториялық жұмыстар:№1

Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу.

 

1

1

§1.5,1.6

 

 

8

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

Динамика

7

3

10

 

 

 

9

Ілгерілемелі қозғалыс динамикасы.

1

 

1

§2.1

 

 

10

Статика элементі.

1

 

1

§2.3

 

 

11

Айналмалы қозғалыстың энергиясы .

1

 

1

§2.4

 

 

12

Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның екінші заңы.

1

 

 

§2.5

 

 

13

Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның  екінші заңы.Импульс моментінің сақталу заңы.

1

 

1

§2.6

 

 

14

 Бүкіләлемдік тартылыс заңы.Гравитациялық өрістегі дененің потенциялдық энергиясы.

1

 

 

§2.7,2.8

 

 

15

Кеплер заңдары.Адамның әлемдегі орны.Кеплер заңдарының математикалық негіздемесі.

      1

 

1

 §2.9

 

 

16

Лабораториялық жұмыстар№2.Шардың инерция моментін анықтау

 

1

1

§2.8,2.9

 

 

17

Лабораториялық жұмыстар№3Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруі мен серпімділік күшінің жұмысын салыстыру.

 

1

1

§2.5

 

 

18

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

 

Сұйықтар мен газдардың қозғалысы

2

2

4

 

 

 

19

Идеал сұйықтың қозғалысы.Бернулли теңдеуi. Тұтқыр сұйық.

1

 

1

§3.1,3.2

 

 

20

Денелердi аққыштығы . Қанаттың көтергіш күшi.

1

 

1

§3.3,3.4

 

 

21

Есептер шығару

 

1

1

ЕЖ

 

 

22

Бақылау жұмысы№1 «Механика»

 

1

1

 

 

 

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА

17

11

28

 

 

 

Молекулалық-кинетикалық теория негiздерi

4

2

6

 

 

 

23

Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. Молекулалардың массы мен өлшемі.

1

 

1

§4.1,4.2,4.3

 

 

24

Термодинамикалық параметрлер. Температура  және оны өлшеу тәсілдері.

1

 

1

§4.4

 

 

25

Идеал газ. Молекулалы-кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi.

1

 

1

§4.5

 

 

26

Нақты газдар.Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

1

 

1

§4.7

 

 

27

Лабораториялық жұмыстар:

Газдың қысымын әр түрлі тәсілдермен анықтау.

 

1

1

 

 

 

28

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

 

Газ заңдары

4

3

7

 

 

 

29

Менделеев-Клапейрон теңдеуі.

1

 

1

§4.6

 

 

30

Изопроцестер. Бойль-Мариот, Гей-Люссак, Шарль заңдары.

1

 

1

§4.6(1)

 

 

31

Лабораториялық жұмыстар: Изопроцестердi зерделеу.

 

1

1

§4.6(2)

 

 

32

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

§4.6(3)

 

 

33

Авогадро және Дальтон заңдары.

1

 

1

§4.6(4)

 

 

34

Газдарды техникада қолдану.

1

 

1

§4.8

 

 

35

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

 

Термодинамика негiздерi

8

3

11

 

 

 

36

Ішкi энергия. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi.

1

 

1

§5.1,5.2

 

 

37

Механикадағы  және термодинамикадағы жұмыс.

1

 

1

§5.3

 

 

38

Жылу мөлшері.Калориметрлік тәжірибелер.Жылусыйымдылық.

1

 

1

§5.4,5.5

 

 

39

Жұмыс пен жылу мөлшерінің баламалылығы. Румфорд пен Джоуль тәжірибелері.Энергияның сақталу заңы.Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.

1

 

1

§5.6,5.7

 

 

40

Лабораториялық жұмыс.Метальдардың мольдік жылу сыйымдылықтарын салыстыру.

 

1

 

ЕЖ

 

 

41

Практикалық жұмыс Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

42

Адиабаталық процесс

1

 

1

§5.8

 

 

43

Жылу қозғалтқыштары.

1

 

1

§5.10

 

 

44

Жылу қозғалтқыштарының қолданылуы.

1

 

1

§5.11

 

 

45

Термодинамиканың екiншi заңы.

1

 

1

§5.12

 

 

46

Практикалық жұмыс:

Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

 

Сұйықтар мен газдардың қасиеттері.

4

3

7

 

 

 

47

Булану және  конденсация.  Будың қасиеттері. Қайнау.Заттың кризистiк күйi. 

1

 

1

§6.1,6.3

 

 

48

Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi.

1

 

1

§6.4

 

 

49

Кристалл және аморфты денелер.

1

 

1

§7.1

 

 

50

Балқу және кристалдану.  Сублимация.

1

 

1

§7.2

 

 

51

Лабораториялық жұмыстар «Судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдістерімен өлшеу»

 

1

1

ЕЖ

 

 

52

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

53

Бақылау жұмысы№2   «Молекулалық физика»

 

1

1

§6.1,6.2,6.3

 

 

ЭЛЕКТРОДИНАМИКА

28

16

44

 

 

 

Электростатика

9

5

14

 

 

 

54

Электр заряды. Электрлену.Электр зарядының сақталу заңы.

1

 

1

§8.1

 

 

55

Кулон заңы.

1

 

1

§8.2

 

 

56

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

57

Электр өрiсi. Электр өрісінің кернеулігі. Электр  өрісінің күш сызықтары.

1

 

1

§8.3,8.4

 

 

58

Практикалық жұмыс Сапалық және мәтінді есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

59

Гаусс  теоремасы. Электр өрісі күштерінің жұмысы

1

 

1

§8.5,8.6

 

 

60

Элекр өрісінің потенциалы.

1

 

1

§8.7

 

 

61

Электр өрісіндегі өткізгіштер.Электр өрісіндегі диэлектриктер.

1

 

1

§8.8,8.9

 

 

62

Электрсыйымдылық.

1

 

1

§8.10

 

 

63

Конденсаторлар құрылысы және түрлері.

1

 

1

§8.11

 

 

64

Есептер шығару

 

1

1

ЕЖ

 

 

65

 Электр өрiсiнiң энергиясы.

1

 

1

§8.12

 

 

66

Практикалық жұмыс Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

67

Бақылау жұмысы №3     "Электростатика"

 

1

1

§8.10,8.11

 

 

 

Тұрақты электр тогы.

10

7

17

 

 

 

68

Тұрақтың токтың пайда болу шарттары.

1

 

1

§9.1

 

 

      69

Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші.

1

 

1

§9.2

 

 

70

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

1

 

1

§9.3

 

 

71

Лабораториялық жұмыстар«Тізбек бөлігі үшін Ом заңы».

 

1

 

ЕЖ

 

 

72

Электр тiзбегiне өткiзгiштердi тiзбектей және параллель жалғау.

1

 

1

§9.4

 

 

73

Лабораториялық жұмыстар. «Өткізгіштердің аралас жалғануы»

 

1

 

ЕЖ

 

 

74

Практикалық жұмыс«Өткізгіштердің аралас жалғануы»

 

1

1

§9.3,9.4

 

 

75

Толық тізбек үшін Ом заңы.

1

 

1

§9.5

 

 

76

Лабораториялық жұмыстар. «Ток көзінің ЭҚК-ін және оның ішкі кедергісін анықтау»

 

1

 

ЕЖ

 

 

77

Практикалық жұмыс Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

78

Токтың жұмысы мен қуаты.

1

 

1

§9.7

 

 

79

Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы.

1

 

1

§9.8

 

 

      80

Металдардағы электр тогы. Жартылай өткізгіштегі электр тогы.

1

 

1

§12.1,12.2

 

 

81

Электролиттердегі электр тогы.

1

 

1

§12.3

 

 

82

Газдардағы  электр тогы. Вакуумдегі электр тогы.

1

 

1

§12.4,12.5

 

 

83

 

Практикалық жұмыс Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

84

Бақылау жұмысы №4 «Тұрақты электр тогы және әртүрлі ортағы электр тогы »

 

1

1

§9.5

 

 

 

Магнит өрiсi

5

3

8

 

 

 

85

Магнит өрісі.Ампер заңы. Ток элементі.Био-Савар-Лаплас заңы.

1

 

1

§10.1,10.2,

10.3

 

 

86

Дөңгелек токтың,тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі.Шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы..

1

 

1

§10.5,10.6

 

 

87

Магнит өрісіндегі тогы бар контур.

1

 

1

§10.7

 

 

88

Практикалық жұмыс Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

89

Лоренц күші.

1

 

1

§10.9

 

 

90

Заттардағы магнит өрісі..

1

 

1

§10.11

 

 

91

Практикалық жұмыс: Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару.

 

1

1

ЕЖ

 

 

92

Лабораториялық жұмыстар: Жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын анықтау.

 

1

1

ЕЖ

 

 

 

Электромагниттiк индукция

4

2

6

 

 

 

93

Электромагниттiк индукция заңы.

1

 

1

§11.1

 

 

94

Энергияның сақталу заңы.Магнит ағынының сақталу заңы. Ленц ережесі.

1

 

1

§11.2

 

 

95

Электромагниттік индукция заңын энергияның сақталу заңы тұрғысынан тұжырымдау.Лоренц күшінің жұмысы.

1

 

1

§11.3,11.4

 

 

96

Максвелл гипотезасы.

Өздік индукция құбылысы.

1

 

1

§11.5,11.6

 

 

97

Лабораториялық жұмыстар: Электромагниттiк индукцияны зерделеу.

 

1

1

ЕЖ

 

 

98

Бақылау жұмысы №5   "Электродинамика"

 

1

1

§Қайталау

 

 

99

Физикалық практикум

 

4

4

 

 

 

Барлығы

60

38

98

 

 

 


 

Сабақтың тақырыбы:
Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары.
Жарықтың сынуы.
Мақсаты:

1. Бізді қоршаған денелер жарық көзі болмаса неліктен оларды көреміз? Неліктен нәрселер айна сыртынан көрінетін секілді? Қандай бұрышты «сыну бұрышы» деп атайды? Осы сұрақтарды қарастырып жауап табу
2. Өмірден, табиғаттан, техникадан, күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, плакат, электрондық оқулық.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Қойылатын сұрақтар:
a) Жарық нені білдіреді?
b) Адамның тіршілігі мен іс - әрекетінде жарықтың рөлі қандай?
c) Қандай денелер жарық көздері бола алады?
d) Көрінетін сәулелену деп нені айтады?
e) Вакуумда жарық қандай жылдамдықпенен тарайды?
f) Күн сәулелерінің қандай бөлігі Жерге түседі?
g) Жердегі тіршіліктің дамуында күннің рөлі қандай?
h) Жарықтың таралу заңы дегеніміз не?
i) Жарық сәулесі деп нені айтады?
j) Жарықтың таралу заңы неден тұрады?
k) Көлеңке мен ала көлеңкенің пайда болуы?
l) Толық Күн тұтылуының және Ай тұтылуың түсіндір?
Әр сұрақ
қа – 1балл(егер дұрыс жауап берсең)
Балалар бүгінгі сабақта аукцион өткіземіз алдарындағы карточкаларда 3, 4, 5 бағалар
3 алғысы келген оқушы 3 - і бар карточканы көтереді - сұрақтардың 1/3 бөлігіне дұрыс толық жауап беру керек.
4 – ке 7 сұраққа жауап бер.
5 - 10 сұраққа жауап беру керек.
«Физика - 2005» электрондық оқулықтан. «Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбына қарап көлеңке және алакөлеңке пайда болуың қарастырып түсіндіру.
Жаңа тақырыпты қарастыру.
Электрондық оқулықтан жарықтың шағылуың қарап түсіндіру. Шағылу заңдарың түсіндіру.

• Шағылу заңдары:
- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
• Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.
• Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.
• Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады.
• Жарықтың шағылу заңдарының көмегімен жазық айнада кескіннің қалай пайда болатынын қарастырайық.

Жазық айнадағы нәрсе кескіннің мынадай ерекшеліктері бар: кескін жалған, тура, өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.
Үйге тапсырма: ізденіс жұмысы
• Жазық айналар қай жерде пайдаланады?

О – айнаның сфералық бетінің центрі
С – айнаның төбесі.
Сфералық беттің о центрі мен С айнаның төбесі арқылы өтетін түзу сызық бас оптикалық ось деп аталады.
ОС аралық сфералық айнаның R радиусі және оның С нүктесіндегі бетіне түсірілген нормаль болып табылады. Бас оптикалық осьге параллель болып айнаға түсетін барлық сәулелер айнадан шағылғаннан кейін осы осьдегі ортақ F нүктесі арқылы өтеді. Бұл F нүктесі айнаның фокусы деп аталады.
СF - фокус аралығ

Тақырыбы: Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты.
Эпиграф: Білім – күш.Френсис Бэкон, ағылшын философы. (1561-1626)
Мақсаты:1) Тұрақты токтың жұмысы мен қуатын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
2) Оқушының танымдық қабілетін, белсенділігін арттыра отырып, өз бетімен жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
3) Белсенділігі жоғары, теориялық білімін практикада қолдана білетін тұлға қалыптастыру.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Үй тапсырмасын тексеру.
а) Интерактивті тақтаны пайдалану
б) Семантикалық карта толтыру
в) Қатені тап.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Бекіту. а) Кластер жасау
б) есептер шығару
г) физикалық пауза
д) эксперименттік есеп
5. Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын тексеру: Интерактивті тақтаның көмегімен.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: «Физика және астрономия»
Сыныбы: 7, 8 - класс

«Физикалық кафе» ойыны
1. Білімділік: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойының дамуына көмектесіп, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру және физика көкжиегін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа және еңбекке үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын сабағы
Сабақтың әдісі: жеке, топтық
Сабақтың көрнекілігі: топшамалар, плакаттар т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім «Физикалық кафе» ойыны
ІІІ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау.
Ойын шарты: Бұл сайысқа 8, 7 – сынып (а, б) оқушылары арасында өтеді. Әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады. Топ аттары мен ұрандары болады. Даяшылар әр үстелге ас мәзірін алып барады, оқушылар өздері бірінші тағам, екінші тағам, салат, сусындар таңдайды.
Ас мәзірі
Салаттар
1. «Физикалық ералаш». (логикалық сұрақ)
2. «Физикалық қуғын» (жұмбақ)
3. «Физикалық винегрет». (есеп)
Бірінші тағам
1. Физкалық кеспе. (сөз құрастыру)
2. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)
3. Манты (сәйкестікті тағайында)
Екінші тағам
1. Физкалық палау (сұрақтар)
2. Лагман ( тәжірибе көрсету)
3. Котлет ( қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)
Сусындар
1. Физикалық коктейль (жұмбақ, физикалық мағынасын ашу)
2. Шай ( Сұрақ, анықтама, өлшем бірлік)
3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)
1. Физикалық ералаш
1. Шәйнекте шикі су, екінші шәйнекте қайнатылған су. Екеуінің де температурасы бірдей. Қыздыру бірдей болғанда қай шәйнектегі су тез қайнайды?
Ж: 2 шайнек
2. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 4 мин уақыт керек. 4 жұмыртқаны пісіру үшін неше мин уақыт керек?
Ж: 4 мин
3. Қалайша жұмыртқа 3 метрге ұшып жарылмауы мүмкін?
Ж: Жұмыртқаны 4 метрге лақтырса онда алғашқы 3 метрде жарылмайды.
4. Жердегі суды дымқыл шүберекпен сүрткен оңай ма, әлде құрғақ шүберекпен бе?
2. Физикалық қуғын.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланам күн сайын жарық үшін.
(электр тогы)
2. Бар жоғын білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің.
(ауа - диэлектрик)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкпі бар алып.
Көпке түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.
(кемпір қосақ)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды,
Бірақ
Ешкім ұстап алмайды.
Қорқақ па?
Қараңғыға бармайды.
(көлеңке)
3. «Физикалық винегрет». (есеп)

1. Өткізгіштің 0, 4 А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8В болады. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

Берілгені: ------------ Шешуі: ----------- Есептелуі:
I = 0, 4А --------------- I=U/R; ------------ R = 8/0, 4= 20ОМ
U = 8В ----------------- R=U/I;
R=?-------------------------------------------- Жауабы: 20Ом

2. 10 м тереңдіктегі судың қысымын табыңдар (
ρ=1000 кг/м3, g=9, 8 Н/кг)
Берілгені: -------------------- Шешуі:
h=10 м ------------------------- P=hg
ρ;
ρ=1000 кг/м ³ ---------------- P= 10*1000*9. 8=98*10 ³Па
g=9, 8 Н/кг
Жауабы: 98*10 ³Па
P=?

Бірінші тағам
1. Физикалық кеспе.
(сөз құрастыру)
Электродинамика сөзінен физикаға қатысты сөздер құрастыру.
Жауабы: электр, динамика, электрик, электрон, атом, ом, анод, катот, ион, иондар, дене, метр, динамометр, т. б.

2. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)
1. Ньютонның 1687 жылы бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашуына себеп болған не? Жауабы: алма
2. Қосарлап жегілген ат – арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді.
Жауабы: 25 шақырым
3. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
Жауабы: Сәулесін судан көргенде.
4. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?
Жауабы: 5 баласы

4. Манты. (сәйкестікті тағайында)

Физикалық шама Формалалар Өлшем бірлігі
1 Уақыт ------------------- А -------- А Кг/м ³
2 Жылдамдық ---------- Б ------- υ=s/t Б Метр
3 Масса ------------------- В ------- m
υ m В Секунд
4 Күш ---------------------- Г -------- Г Метр
5 Көлем ------------------ Д -------- V=abc Д м/с
6 Аудан ------------------- Е -------- s=ab Е м ²
7 Орын ауыстыру ------ Ж ------- Ж кг
8 Жол ---------------------- З -------- s=υt З м ³
9 Тығыздық ------------- И--------- ρ=m/V И Н

Екінші тағам
1. Физкалық палау (сұрақтар)
1. Физика пәнінің қоғамдағы алатын орны қандай?
2. Егер сен физика пәнінің мұғалімі болсаң, физика сабағын қалай етіп өткізер едің?

2. Лағман ( тәжірибе көрсету)
1. Әр қайсысымыз шырпының 6 дәнін аламыз. Спичканың ұзындығына тең болатын тең қабырғалы төрт үшбұрыш жасау керек. Іске сәт!!!
3. Жел, құм және су.
Құм судан әлдеқайда ауыр болғанымен, неліктен жел судан гөрі оны жоғары көтере алады?

4. Котлет ( қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)
1. Тең әрекетті күшті қимыл қозғалыс арқылы сипаттау.
Тапсырма1:
1. Бір түзудің бойымен бір бағытқа бағытталған күшті
F = F
+F .
2. Бiр түзудiң бойымен қарама - қарсы жаққа бағытталған күшті
F = F
- F .

Тапсырма2:
Зат күйлері. Қатты денелердің молекулаларының орналасу тәртібін іс-қимыл арқылы көрсетіңдер. (сұйық, газ)

Сусындар
1. Физикалық коктейль (жұмбақ, физикалық мағынасын ашу)
1. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді?
(Күн мен ай, табиғи жарық)
1. Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым.
(Шаңғы – сырғанау, үйкеліс күші)
2. Жылдың төрт мезгілінде
Мазасызданады ол неге?
(Жел – суық ауа мен ыстық ауаның алмасуы. Диффузия)
3. Отқа жанбас, суға батпас.
(Мұз – заттың қатты күйі)
1. Шай ( Сұрақ, анықтама, өлшем бірлік)
Тапсырма – 1:
1. Қысымның анықтамасы, формуласы, өлшем бірлігі?
Жауабы: Қысым - б±л бетке түсірілген күштің сол бетінің ауданына ќатынасына тең физикалық шама:

Мұндағы
р — қысым, F — қысым күші, S — аудан.
Өлшем бірлігі: Паскаль
2. Үйкеліс күші дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер, айырмашылығы қандай?
Жауабы: Бір дененің екінші бір денің үстімен қозғалғанда пайда болатын күшті – үйкеліс күші деп атаймыз.
Түрлері: домалау; сырғанау, тыныштық үйкелісі
Тапсыпма – 2:
1. Ток күші дегеніміз не, өлшем бірлігі, анықтамасы, формуласы
Жауабы: ток күші – өткізгіштің көлденен қимасы арқылы бір орыннан екінші бір орынға орын ауыстырған зарядтың сол уақыт аралығына қатынасын айтамыз. - ток күші.
ХБЖ - де ток күшінің өлшем бірлігі 1ампер.

2. Жылу берілудің неше түрі бар? Қандай, анықтамасы?
Жауабы: - конвекция;
- Сәуле шығару;
- жылуөткізгіштік;

3. Айран ( ғалымдар, қандай заң ашқаны)
● Исакк Ньютон
● Гук
● Паскаль
● Торричели
● Вольт
● Ампер Андре Мари.
● Г. Ом

ІІІ. Қорытынды. Жеңген топты анықтау.
Қатысқандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Магнит өрісі тарауын қайталау

Категориясы: Физика

Сабақтың тақырыбы: «Магнит өрісі» тарауын қайталау (10 - сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Магнит өрісі ұғымын және оны сипаттайтын шамаларды оларды өлшейтін құралдарды жұмыс принципін үйреніп практикалық жұмыстар мен есептерді шығаруда алған білімдерін күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға баулу, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, алған білімдерін кеңейтіп, мамандық таңдауына көмектесу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, тест, есептер шығару, эксперименттік тәжірибе.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар, сызбалар, ток көзі, амперметр, вольтметр, электрометр, слайдтар, эмблемалар.

Сабақтың құрылымы:
1. Командалар танысуы.
2. Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір - біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады. Алау жағу құрметіне ие болады).
3. «Жұмбақ конверт» (Оқушылар өздері дайындайды. Онда тақырыпты баяндау, сөзжұмбақ, және тақырыпқа байланысты мақал және жұмбақ ).
4. «Кім жүйрік!» сайысы (физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір минут ішінде айтып үлгірулері қажет).
5. «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секунда сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек).
6. Кім зерек! (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).
7. Физикалық тәжірибелер (тәжірибелер жасап, оны түсіндіру).
8. Қорытынды.
9. Рефлексия.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. б) Оқушыларды түгендеу в) Сабақтың құрылымы, жоспарымен таныстыру
Оқушылар осы уақытқа дейін «Магнит өрісі» тарауы бойынша көп нәрсені оқып үйрендік. Негізінен магнит өрісі және оның қасиеттері, магнит индукция векторының, магнит өрісі тарапынан әсер ететін Ампер, Лоренц күштерінің модульдері мен бағыттарын анықтау, заттың магниттік қасиеттері туралы ұғымдарды түсініп, біліп техникада, өмірде күнделікті қажеттілікке қолдана білуіміз қажет. Сол алған білімдеріміздің нәтижесін тексереміз.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Физика әлемінде екі бағыт бар. Біріншісі ғалам болса, екіншісі ядроның түпкі тамыры. Әлем деңгейінде қазақ физикасы да алдыңғы қатарлы болмақ. Шәкәрім Құдайбердиевтің де «Үш анық» кітабынан оның физикадан хабардар екені анық. Абай шығармаларында да физикалық құбылыстар көп кездеседі. Әлемнің негізі молекулаға тірелсе, молекула атомға бөлінетіні белгілі. Бөлінбейді деген атом да бөлінеді екен деген түсініктен кейін Шәкәрім әлемді аралап шығып, кітабын жазып шығады. Шәкәрім әлемнің түп негізі «нұр» болады деген екен. Магнит өрісін электр тогы тудырады. Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысынан пайда болады. Магнит өрісінің пайда болуының түп тамыры элементар бөлшектер. Сондықтан бағалану үшін элементар бөлшектердің эмблемасын ұсынамыз. (электрон, протон, нейтрон).
(Оқушылар үш топқа бөлініп, топ басшылары сайланады. Әрбір ойынның қорытындысы бағаланып отырады. Әр бір тапсырма 5 ұпаймен бағаланады).
(Топ басшылары командамен ортаға шығып өздерін таныстырады).

1. Командалар танысуы.
Топтардың атаулары: «Ампер», «Тесла», «Вебер»
1 - команда: «Ампер».
Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,
Сабақ оқып теледидар көргеніміз.
«Ампер» болған ток күшінің өлшемі
Біз мықты, қуатты да күштіміз.
2 - команда: «Тесла».
Ток бар жерде магнит өрісі туындайды.
Сан жағынан магнит өрісін сипаттайды.
«Тесла» болған өлшем бірлігі
Бұл шама «Магнит индукция векторы»
3 - команда: «Вебер».
Өзгергенде жерді қоршаған магнит өрісі
Ағады ауада, жер қабығында - электр тогы
Индукцияның күш сызықтарының санын
Өлшейді «Вебермен» магнит ағыны.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту кезеңі: әр командаға бес сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріледі. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір - біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға сауатты, әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Бағалану «элементар бөлшектер белгісін» тапсырумен бағаланады).

2. Алау жағу – Физикалық тест эстафетасы. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір - біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады. Алау жағу құрметіне ие болады.).
«Ампер» командасының сұрақтары:
1.«Электр тогы ұғымын» физикаға енгізген ғалым?
А) Ампер.
В) Вольта.
С) Ом
2. Электр заряды қоршаған кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А) гравитациялық өріс.
В) электр өрісі.
С) магнит өрісі
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?
А) тізбектей.
В) аралас.
С) параллель
4. Металдарда негізгі заряд тасушылар қандай бөлшектер?
А) электрондар.
В) кемтіктер.
С) электрондар және кемтіктер
5. Шамнан 5 секунд ішінде 45 Кл заряд өткенде ток күші неге тең?
А) 225 А.
В) 9 А.
С) 15А
«Тесла» командасының сұрақтары:
1. Электр заряды қозғалысқа түскен кеңістікте қандай өріс пайда болады?
А) гравитациялық өріс.
В) электр өрісі.
С) магнит өрісі
2. Үтік токтың қайсы әсеріне негізделген?
А) магниттік.
В) жылулық.
С) механикалық
3. Ток күшін қандай шамамен өлшейді және ол тізбекке қалай жалғанады?
А) амперметр, параллель.
В) вольтметр, параллель.
С) амперметр, тізбектей
4. Бейтарап бөлшек қайсы бірі?
А) ион.
В) атом.
С) электрон
5. Кернеуі 4В, кедергісі 2 Ом болатын өткізгіштегі ток күшін тап.
А) 8 А.
В) 2В.
С) 2А
«Вебер» командасының сұрақтары:
1. Күш сызықтары тұйықталған өріс құйынды өріс деп аталады. Құйынды өріске қайсы өріс жатады?
А) гравитациялықөріс.
В) электр өрісі.
С) магнит өрісі
2. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі:
А) Ом/м.
В) Ом*м.
С) Ом
3. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
А) 6 Ом.
В) 5 Ом.
С) 1, 5 Ом
4. Магнит өрісін сан жағынан сипаттайтын шама:
А) магнит индукция векторы.
В) электр өрісі кернеулігі.
С) ток күші
5. Ферромагнетиктерге жататын заттар:
А) алюминий, темір.
В) темір, кобальт.
С) мыс, шыны.
3.«Жұмбақ конверт» сұрақтары: (Бірінші және дұрыс жауап берген топтың оқушылары ойынды бірінші бастайды. «Жұмбақ конверт» сұрақтарын бір оқушы оқиды, жалпы топ жауап береді. Жауап бере алмаса екінші топ көмектеседі. Ең жоғарғы ұпай 5 балл).
1 топ:
1. Магнит индукция векторы дегеніміз не?
2. Лоренц күші деп нені атайды?
3. Ампер күшінің модулі неге тең? (формуласын тақтаға жазып түсіндіру)
4. Бұрғы ережесі бойынша магнит индукция векторының бағытын көрсет.
2 топ:
1. Ампер гипотезасын тұжырымда.
2. Магнит өтімділігі дегеніміз не?
3. Сол қол ережесі бойынша Лоренц күшінің бағытын қалай анықтайды?
4. Параллель тогы бар өткізгіштер қалай әсерлеседі?
3топ:
1. Магнит индукция векторының бағытын магниттік тілшенің көмегімен қалай анықтайды?
2. Магнит ағыны дегеніміз не?
3. Сол қол ережесі бойынша Ампер күшінің бағытын анықта.
4. Лоренц күші қай жерлерде қолданылады?
Сөзжұмбақ шешу. (Әрбір топ өздері дайындаған сөзжұмбақтарын қарсы командаларға береді. Екі оқушыдан тақтаға шығады. Біреуі сұрақты оқиды. Топ жауап береді. Екінші оқушы жауабын жазады. 6 мин.)
Мақал айту және жұмбақ шешу: (2 мақал, 2 жұмбақ. Мақалдың физикалық мағынасын ашу. Жұмбақ та тақырыпқа сай болу керек).
1. Физиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің.
2. Кеңістікте тараған.
Екі өріс табысқан (электромагниттік өріс).
3. Пайдаланған мені жұрт,
Отын және жарыққа.
Қызмет етем әрқашан,
Түсіне білген халыққа (электр тогы)
4. Трамплиннен секіру - «Кім жүйрік!» сайысы
(топ басшыларына тапсырма. 1 минут ішінде физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атап шығу керек).
5. Мәнерлеп сырғанау - «Кім көп біледі?» (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығады. Ол 30 секундта сұрақтарға дұрыс жауап беріп үлгеруі керек)

«Ампер» тобына:
1. Зарядталған бөлшектердің бағытталып реттелген қозғалысы (электр тогы)
2. Зарядтың уақытқа қатынасына тең шама (ток күші)
3. Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді (меншікті
кедергіге, өткізгіш ұзындығына, көлденең қимасының ауданына).
4. Ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын кім ашты? (Ом)
5. Өткізгіштердегі токтардың бағыттары бірдей болса ол өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тартылады)
6. Магниттік тілшенің қандай бағыты магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (оңтүстік полюсінен солтүстік полюске қарайғы бағыты )
7. Токтың бағытын қандай заряд көрсетеді? (оң заряд).
8. Өткізгіштер параллель қосылса қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. (кернеу)
9. Магнит индукция векторының өлшем бірлігі (Тл)
10. Ток күшін қандай құрылғымен өлшейді? (амперметр)

«Вебер» тобына
1. Заряд қоршаған кеңістікте пайда болатын өріс (электр өрісі)
2. Металдарда негізгі заряд тасушылар (электрондар)
3. Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар (Джоуль - Ленц )
4. 1 кВт сағат электр энергиясының құны қалай аталады? (Тариф)
5. Өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда қандай шама тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады? (ток күші)
6. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге қандай күш әсер етеді? (Лоренц күші)
7. Күш моментінің ток күші мен бет ауданына көбейтіндісінің қатынасына тең шама (магнит индукция векторы)
8. Жартылай өткізгіштерде негізгі заряд тасушылар (электрондар мен кемтіктер)
9. Заттың ішінде шыр айнала қозғалатын тұйықталған токтар болғандықтан, онда магниттік қасиет байқалады. Бұл кімнің гипотезасы: (Ампер)
10. Токтардың бағыттары қарама - қарсы болса онда өткізгіштер қалай әсерлеседі? (тебіледі)

«Тесла» тобына
1. Магниттік өтімділігі аса жоғары заттар (ферромагнетиктер)
2. Ортаның магниттік қасиетін сипаттайтын шама (магнит өтімділігі)
3. Магнит күш моментінің өлшем бірлігі (Н*м)
4. Бұрғы ережесінде қайсы бағыт магнит индукция векторының бағытын көрсетеді? (бұрғы сабының айналу бағыты)
5. Сұйықтарда негізгі заряд тасушылар (иондар)
6. Атом сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( бөлінбейді)
7. Аса жоғары температурада қатты денелерден электрондардың ыршып шығу құбылысы (термоэлектрондық эмиссия)
8. Тұздар, қышқылдар, сілтілердің сұйықтардағы ерітінділері (электролиттер)
9. Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ету күші (Ампер)
10. 1 квТ сағат электр энергиясының тариф құны 10 теңге. Қуаты 40 кВт электр энергиясы үшін қанша теңге төлеу керек? (400 тг.)

6. Шорт - трек - Кім зерек! Мазмұнды есептер. (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).
А деңгей:
1. Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0, 2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап.
2. Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2. Магнит өрісінің индукциясын тап.
3. Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0, 1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.

В деңгей:
1. Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2. Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А - ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см - ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3. Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.

С деңгей:
1. Зарядталған бөлшек 0, 6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0, 31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады. Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1, 2*10 - 15 Дж - ге тең. Заряд шамасын анықта.
2. Индукциясы 0, 1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3. Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0, 5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.

7. Шаңғы жарысы – Құрал - жабдықтар Спорттың бұл түрінен де біздің спортшыларымыз тек биік тұғырдан көріне білді.(құрылғылардың құрылысымен таныстыру, оның жұмыс принципін түсіндіру).
«Ампер» тобы: Электронды сәулелік түтікше.
«Вебер» тобы: Амперметр мен вольтметр
«Тесла» тобы: Тогы бар катушка

8. Азиада ойындарының жабылу рәсімі – Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Электр өрісі мен магнит өрісіне тараулары бойынша Венн диаграммасының сызбасын жасау.
9. Олимпиада әсерлері – Рефлексия: Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ктп по физику 10 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 143 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 2095
    • DOCX 67.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдасбаева Райгул Болатбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6845
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов