Инфоурок Другое Другие методич. материалыКураторлық сағат "Біз ата - анамыз туралы ойланамыз ба?"

Кураторлық сағат "Біз ата - анамыз туралы ойланамыз ба?"

Скачать материал

 

 

 

                                                                                             «Бекітемін»

                                                                                                               Директордың тәрбие ісі                                                                                                                            

                                                                                                            жөнінде орынбасары                                                                                                                                 

 Р.Т.Идрисова _________                                                                                                                          «____»__________2016г                                                                                                                             

 

                                                       

 Куратор  сағатының жоспары

Тақырыбы:    Біз ата - анамыз туралы ойланамыз ба?

Мектеп:  Атырау ХББ НЗМ

Смаева Гаухар Әбдірқызы,

Күні:   14.11.2016

Мұғалімнің  аты-жөні:   Смаева Гаухар Әбдірқызы, Тулебаев Азамат Сериккалиевич

Қатысушылар:  оқушылар

Қатысқандар саны: 23

 

 

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген өзекті мәселені қоғамдағы, адам өміріндегі ең негізгі ұғымдармен байланыстыра білу, тағылымдық мәнін түсіну, өзіндік ой қорыту

 

Орындалатын міндеттер

Мәтінді оқу, негізгі идеясын түсіну, талдау, саралау жұмыстары, өзара бағалау, түйінді ой айту

 

Күтілетін нәтиже

Оқушы мәтіндегі негізгі ойды түсінеді

Қоғамдық мәселелермен байланыстырады

Өзіндік көзқарасын танытады, түйін жасайды.

Қолданылатын әдістер

Белсенді оқыту

Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, биология

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Ой қозғау. Сабаққа кіріспе.

0-10мин

Ұйымдастыру:

1.тәрбие сағатының мақсатын таныстыру

Топқа бөлу:

Төрт  түрлі фигура беріледі. Фигураларды жинақтау  арқылы оқушылар топқа бөлінеді. 

 

 


Таныстырылым:

Жеміс ағашы презентациясын  оқушылардың  назарына ұсыну.         (интерактивті тақтада)

 

 

Мағынаны тану.

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

2 минут

Мәтінмен жұмыс:

«Жеміс ағашы»  мәтіні ұсынылады. Оқушыларға мәтінмен танысуға 5 минут уақыт беріледі.

Ертеде бір алма ағашы болыпты,  алма ағашы кішкентай баламен дос болыпты. Бала екеуі күн сайын бірге ойнайды екен. Ағаш баланы йіліп, құшақ жая қарсы алады. Бала өзін үлкен сезініп, мәз мейрам болады. Ағашқа  өрмелеп, бұталармен алысып ойнайды. Жемісін жеуді де ұмытпапты. Кей күндері тығылысып та ойнайды  екен. Шаршаған кезде ағаштың көлеңкесінде жатып ұйықтап та алады.  Ағаш екеуі ажырамас, шынайы достар болыпты. Екеуі де бақытты күй кешіпті. Бірақ қатал тағдыр өте шығады. Бала есейіп, өзіне дос, жар тауып алады. Күндердің күнінде ағаш жалғыз қалыпты.

Араға жылдар салып,  әлгі балаға ағашқа келіпті:  Ағаш: - «Кел, үстіме шық, жемісімді же, ойнайық»

-          «Мен есейдім, ержеттім. Олай ойнай алмаймын.  Сен одан да маған ақша берші», - дейді бала.

-          Менде ақша қайдан болсын? Бірақ менің жемісімді алып, сатсаң болады – дейді алма ағашы

Бала алманың бірін де қалдырмай теріп алады да кете барады.

Ағаш тағы да жалғыз қалады....

Арадан бірнеше жыл өтеді. Бала ағашқа қайта келгенде, ағаш қатты қуанады.

-          Кел, ескі күндердегідей ойнайық, - дейді шаттана.

-          Менің қазір жанұям бар. Оларды асырауым керек. Баспана керек. Сен одан да маған көмек бере аласың ба? – дейді бала.

-          Саған берер үйім жоқ. Қаласаң менің бұталарымды кесіп, баспана  салып ал – дейді ағаш.

    Бала ағаштың барлық бұталарын кесіп, арқалап кете барады.

Ағаш тағы да жалғыз қалады...

Бала ағашқа қайта келгенде, көптен көрмеген досын көріп ағаш қатты қуанды.

-          Бұрынғыдай ойнайықшы демеймін. Жай ғана сөйлессек те болады, - дейді ағаш.

Бірақ бала қартайғанын  айтып шағымданады.

-          Маған  қайық керек. Алыс сапарға шығып демалғым келеді – дейді.

-          Менде қайық жоқ. Бірақ  менің кеудемді алып қолдансаң болады – дейді ағаш.

Бала ағашты шауып қайық  жасауға алып кетеді.

Араға жылдар салып қайта келеді.

-          Кешір саған берер ешнәрсем қалмады, - дейді ағаш мұңайып.

-          Жемісім де жоқ...

 

-          Оны жейтін менде тіс те жоқ.

-          Сен өрмелеп ойнайтын кеудем де жоқ..

-          Оған шығатын менде күш те жоқ.

-          Қураған тамырларымнан басқа саған берер ешнәрсем қалмады, - дейді жылап тұрып.

-          Маған ешнәрсенің қажеті де жоқ. Тек отыратын жайлы орын болса болғаны, - дейді бала күрсініп.

-          Олай болса, кел маған сүйеніп отыр – дейді ағаш

Бала ағашқа сүйеніп отырғанда ағаш   қуаныштан жылап қоя береді...

    Бұл әңгіме баршамызға қатысты. Ағаш – біздің  ата анамыз. Бала – Біздерміз.

Жас кезімізде немесе қажет болғанда ғана еске аламыз. Біздің бақытымыз  үшін олар  ешуақытта аянбайды.

Топтық жұмыс: Сіз қалай ойлайсыз?...

(Оқушылар өздеріне ұсынылған сұрақтар бойынша постер дайындайды)

1-топ: Осы әңгімені ата – анамызбен байланыстыруға бола ма?

2-топ: Осы әңгімені туған жерімізбен  байланыстыруға бола ма?

3-топ: Осы мәтін көңілсіз аяқталған. Көңілді аяқтайтын үзінді ойлаңыз.

4-топ: Жеміс ағашына тағы қандай заттарды ұқсатуға болады?

Оқушылар жұмысы аяқталған соң, таныстырылым жасайды.

Ф. топтар бірін – бірі түрлі түсті қағаздар

арқылы бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

Үлестірме парақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толғаныс.  Сабақты бекіту.  Рефлексия. Бағалау қорытындылары.

 

3 минут

Рефлексия:

Түн ұйқысын төрт бөлген - сөзі кімге арналған?

Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада – дегенді қалай түсінесің?

Бүгінгі сабақтан не түйдің?

Келесі тәрбиелік сағаттарда  сен үшін өзекті тақырып қандай болғанын қалар едің?

 

 

 

 

 

Бүгінгі тәрбие сағаты туралы ойларын кестеге жазады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кураторлық сағат "Біз ата - анамыз туралы ойланамыз ба?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 687 541 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2017 974
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смаева Гаухар Абдировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смаева Гаухар Абдировна
    Смаева Гаухар Абдировна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32069
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой