Инфоурок Другое Другие методич. материалыКураторлық сағат "Зияткер ұрпақ"

Кураторлық сағат "Зияткер ұрпақ"

Скачать материал




Қазіргі тәуелсіздігіміздің рухани және саяси ұстындарын барынша бекітуде мемлекетшілдік санасы берік те биік зияткер ұрпақ тәрбиелеудің маңызы отандық білім беру жүйесінде барынша өзекті сипат алуда.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде білім беру жүйесіндегі ұрпақ тәлім-тәрбиесінің маңызын «Білім беру ісі біздің мемлекетімізде басты басымдық, дамуымыздың шешуші факторы екенін тағы да ескертемін. Бұл сала ұлттық қауіпсіздігіміздің құрамдас бір бөлігі. Осы себептен де мен сендерге туған елдеріңнің абыройы, ар-намысы, биік мәртебесі жолында жақсы білім алып, адал еңбек етуге шақырамын. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңда екенін әрдайым естен шығармаңдар. Біз арман еткен, біздің қолымыз жетпей кеткен биіктерге сендер жетуге тиіссіңдер. Мен Қазақстанның жарқын келешегіне, мен сендерге сенемін», – деп айқындады.

 

Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру Елбасымыздың  «Интеллектуалды ұлт – 2020» жаңа мемлекеттік жобасының  өзегін құрап отыр. Онда атап көрсетілген білім беру жүйесіндегі серпіліс, ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру, жаңашылдықты өркендету сипатындағы басты үштаған қазіргі ғаламдасу дәуірінің заманауи талаптарының үдесінен табыла білетін, бәсекеге қабілетті зияткер ұрпақ тәрбиелеудің білім жүйесіндегі жаңа стратегияларын үстей түседі. Осынау мемлекеттік маңызы зор, кемел іске еліміздің іргелі оқу орыны Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы ерекше үлес қосып келеді.

 

Университетте Елбасы Н.Назарбаев¬тың зияткер ұлт қалып¬тастыру¬дың басым бағыттары айқындалған, стратегиялық маңызы зор еңбектеріндегі тұжырымдар кеңінен әрі жүйелі түрде насихатталуда. Атап айтқанда, Елбасының «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына», «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс» дәрістері, бәсекеге қабілетті еңбек қоғамының берік іргетасын қалау мұратынан туындаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласына тоқталған ҚарМУ ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Көбеев «Президент және зияткерлік әлеует» мақаласында «Мемлекет басшысы атап өткен ЖОО құрылымының маңызды элементтері, ұлттық білім беру жүйесін халықаралық стандартқа сай жаңғыртылуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Президент «Дәл осындай көзқарас сапалы адами капиталдың қайнар көзіне, экономика мен білім қоғамын құрудың негізіне айналатынына» кәміл сенімді. Бұл қоғамда кімде-кім «өзді-өзімен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімін, кәсіби құзырлылықтарын арттырса», сол ұтқыр. Лекцияда қойылған талаптар университет ғылымының дамуымен тікелей байланысты», – деп, іргелі оқу орынының осы бағытта атқаратын келелі істерін атап көрсетті.

 

Ғылыми әлеуеті мығым кемел мемлекеттің қуатты болашағына жол нұсқаған Елбасының «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасының басты ұстыны – терең білімді отаншыл ұрпақ қалыптастыру мұратынан туындайды. Зияткер тұлға дайындау мен тәрбиелеу ұлттық және жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген отаншыл азамат қалыптастыру мәселесімен сабақтас. Демек, қазіргі таңдағы жаңа пассионар ұрпақ тәрбиелеудің рухани негіздері өркениет жолымен дамитын жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның кемелділік тұғырын нығайту болып табылады. Сондықтан, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп нығырлауы зияткер ұрпақ тұлғасындағы ілкі қасиеттерді даралайды. Оның рухани және әлеуметтік негіздері Қазақстандағы мемлекеттік білім беруді заманауи технология талаптарына сай дамыту және өркениеттік биік өреде жаңғырту жүйесінде басшылыққа алынған. Оған, біріншіден, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық және рухани ұстындарын бекітіп берген «Балапан» бағдарламасы, екіншіден, дарынды балалар үшін жаратылыстану-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын интеллектуалдық 20 мектеп ашуға бағытталған кешенді бағдарламасы айқын дәлел. Ол еліміздің өсіп-өркендеуіне, жарқын болашағына барша күш-қуатын, ақыл-парасатын сарп ететін ұлттың зияткерлік элитасын қалыптастыру талабын барынша ұштай түсуде.

 

Еліміздің ғылым мен білім саласын дамытуға бөлініп отырған қаржы көлемі жыл сайын еселеніп келеді. Мәселен, 2010 жылы білім саласын қаржыландыру жалпы ішкі өнімнің 4,1 пайызын құраса, өткен жылы білім беру саласының өзіне бір триллион теңгедан астам қаржы бөлінді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов атап көрсеткендей, «Қазақстан үш жылдан бері бұрынғы Кеңес Одағы республикалары аумағындағы барлық елдерді артта қалдырып, білім беруді дамыту индексінің (БДИ ЮНЕСКО) ең жоғары төрттігі қатарында болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының адам дамыту индексі бойынша біз бүгінгі таңда әлем елдері арасында 68-ші орындамыз. Біздің оқушыларымыздың халықаралық деңгейдегі олимпиадалық жарыстарда қол жеткізген жетістіктері жыл санап артып келеді. Өткен жылы олар 912 медальді иемденді. Ал бұл көрсеткіш 2007 жылы бар-жоғы 181 ғана болған».

 

Зияткер тұлғаның шығармашылық ой өрісі, санаткерлік әлеуеті ғаламдық ғылым-білім өресінің биігінде бола отырып, туған елінің мүддесіне қызмет етуді ұлы мақсат етіп алуы керек. Бұл ретте ұлттың бүгініне, ертеңіне және болашағына адал қызмет атқаратын ұрпақтың рухани кемелділігі шешуші маңызға ие. Оның қозғаушы күші  – мемлекеттік маңызы зор «Мәдени мұра» бағдарламасында тұжырымдалған ата-баба дәстүрін қастерлейтін, халқының рухани-мәдени құндылықтарын бой¬тұмар етіп ұстанатын елшіл, отаншыл рухтағы азаматтар тәрбиелеу мәселесімен сабақтас.

 

Университеттің филология факуль¬тетінің профессор-оқытушылары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдар¬ламасының негізгі стратегиялық бағыттарын басшылыққа ала отырып, ана тілі мен ата тарихын қастерлейтін білікті мамандардың рухани жан әлемін арттыруға бағытталған әдеби іс-шаралар, халықаралық және республикалық тәжірибелік конференциялар өткізуде. Оған «Нарманбет Орманбетұлы және азатшыл Алаш әдебиеті» (2009), «Ұлттық сөз өнеріндегі уақыт пен кеңістік мәселелері» (2010), «Қасым Аманжолов және жаңа дәуір поэзиясы» (2011), «Оралхан Бөкей және қазақ әдебиетінің даму үдерісіндегі көркемдік-эстетикалық тұғырнама жүйесі» (2013) атты конференциялар дәлел.

 

Қазақстан Республикасының Пре¬зиденті Н.Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде: «Рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе, бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс», – деп атап айтты.

 

Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен атқарылып келе жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде халқымыздың сан ғасырлық рухани қазынасы, ата тарихымыз зерттеліп-зерделенумен қатар, әлем елдері озық мәдениетінің, ғажайып ақыл-ойының жасампаздық үлгілері қатарына енгізіліп, оны рухани кемелденудің діңгегіне айналдыруға қуатты күш салынуда. «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары, «Қазақтың дәстүрлі мың күйі», «Қазақтың дәстүрлі мың әні», «Қазақтың батырлық жырлары» атты бірегей жобалар, «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» атты 15 томдық түсіндірме сөздік, «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары» атты, балаларға арналған 15 томдық кітап, «Әлемдік классика» атты 25 томдық әдебиет, 8 томдық «Қазақ музыкасының антологиясы», 3 томдық «Әлемдік әдебиеттану», «Әлемдік фольклортану», 3 томдық «Қазақстан өнерінің тарихы», 20 томдық «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» (қазақ тіліне аударма), 100 томдық «Бабалар сөзі», 20 томдық «Әдеби жәдігерлер», 10 томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» рухани кемелденудің алтын діңгегін құрауда. Мәселен, «Бабалар сөзінің» алғашқы 20 томына халық мұрасының бұған дейін жарық көрмеген таңдаулы нұсқалары енгізілсе, 10 томы Қытайдағы қазақ фольклорына арналды. 13 томын хикаялық дастандар құрады. 7 томы діни, 11 томы ғашықтық дастандардан тұрса, 15 томы тарихи, 20 томы батырлар жырларына арналды. Қазақ әдебиетінің 10 томдық тарихында ұлттық сөз өнерінің екі жарым мың жылдық тарихы қамтылды. Ал М.Әуезов шығармаларының 50 томдық толық жинағы жарық көруі қазақ руханиятындағы ерекше құбылыс болды.Өз кезегінде www.madenimura.kz веб-порталында көлемі 70 Гб ақпарат қамтылған. Онда 1 млн. файл, 2000 фотосурет, 360 кітап тіркелген.

 

Бұл «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасының жасам¬паздық сара бағытын айқындаумен қатар, зияткер ұлттың рухани кемелденуіне мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаудың қуатын танытады. Ол тоталитарлық жүйе үзген ұрпақтар сабақтастығын қайта жалғап, жаңғыртып, қазақ мемлекеттігін қалпына келтіруде өлшеусіз қызмет атқарған тарихи тұлғаларымыздың, Алаш қайраткерлерінің асқарлы мақсат¬тарын, жасампаздық ғұмырларын Елбасымыз атап көрсеткен Мәңгілік ел болу мұратында атқарылатын ұлы істерге жұмылдырады. Қазақ Ренессансының ұлттық топырақта қайта жаңғыруына даңғыл жол ашатын, тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін кемел іске үлес қосу зияткер жастардың қасиетті парызы, киелі борышы болып қала бермек.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кураторлық сағат "Зияткер ұрпақ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 686 190 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2017 2098
    • DOCX 16.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смаева Гаухар Абдировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смаева Гаухар Абдировна
    Смаева Гаухар Абдировна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32059
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой