Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Кураторский час для студентов на тему "Мәңгілік ғұмыр"

Кураторский час для студентов на тему "Мәңгілік ғұмыр"


библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Щучье қаласы, педагогикалық колледжі» МКҚҚ











ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ;



«МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР»

АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

















Өткізген: Сұлтанова Г.Ж.







2013 ж.





Тәрбие сағатының тақырыбы: Мұқағали- мәңгілік ғұмыр атты әдеби сазды

кеш

Тәрбие мақсаты: 1.Мұқағали Мақатаев өмір жолымен

шығармашылығымен студенттерді

таныстыру

2.Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын

жырларынан үлгі алу.

3.Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту,

эстетикалық талғамы бар сауатты студент жастарды

дайындау.

Көрнекілігі:Ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер ,буклет.

Өткізу барысы

1.Кіріспе бөлім.

2. «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» (ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)

3. «Поэзия -жүрек тілі»(Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

4. «Құлақтан кіріп бойды алар»(әндерін орындау)

5. «Махаббат монологы»(Көрініс)

6. «Жазылар естеліктер мен туралы»(Ақын жайлы)

1-жүргізуші:Қайырлы күн ,қадірменді жыр сүйер қауым!

2-жүргізуші:Қазақтың қара өленің кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлармен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында,

Жүрегінің жүрегінің дүрсілі

Күмбірлеген домбырасы барнда.

2-жүргізуші:Домбыра, жүреміммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,

Өмірдің не екенің білмеседім.

1-жүргізуші:Көрер едің

Шаламын ба отпын ба,

Білер едің,

Ақынмын ба жақпын ба?

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,

Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

2-жүргізуші:Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір,

Бықсыдым ба жандым ба ?

Махаңдар жоқ ,

Махандардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,-деп бір күндік сәуледей ағыл өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтің бүгін туған күні.

1-студент:Бүгін менің туған күнім,

Ой,бәлі-ай !

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім-ақ

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.


Мына дүние неге жатыр үндемей,

Аулатып тойдың шоғын үрлемей.

Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау- шапаң,

Мынау- алтын, мін» демей.


Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым,

Сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!


Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,

Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!

Мен бәрібір өзіңменен бір болам

Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.


Тойланбаса тойланбасын,

Не етейін,

Той көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйібше,

Болашаққа арыз жазып кетейін....

1-жүргізуші:М.Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылнда дүниеге келді.Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды.1941жылы майданға аттанып, содан оралмады.Шешесі Нағима қарапайым шаруа адамы еді.

2-жүргізуші:Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді,еңбекке ерте араласты.Орта мектепті бітірген сон ауылдың хатшысы,қызыл отаудың меңгерушісі,комсомол қызметінде болды.1954-1962жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды,1962-1972 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарынла бөлім меңгңрушісі,1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді.


1-жүргізуші:Мұқағалидың тұңғыш өлені 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы таңғы-шықтай мөлдір поэзия.Ақынның « Дариға жүрек», «Ақуллар ұйықтағанда», « Өмір дастан», « Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.


2-жүргізуші:Ақынның «Аманат Жыр» жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1934 өлең,19 поэмасы бар екені анықталып отыр.Мұқаңнын 35мың жолға жуық өлені поэзия сүйер қауымнің іздеп жүріп оқитынжырына айналды.Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.

1-жүргізуші:Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз-алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш- өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен кешін сенімді түрде ұзатып барады.Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат та құнды.

2-жүргізуші:Мұқағали- біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды,шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем»деген екен.

1-жүргізуші:Ендеше қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақыннң ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.

2-студент:Қалқам

Мен Лермонтов Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі- құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.


Жат жерде жастанғанда жазатайым,

Қанымен жазды мүмкін ағатайым.

Қасиетінен, қара өлең айналайын,

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Түзу- түзу жыртылған аңыздаймын,

Аңызыма неге нәр тамызбаймын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын

Ізденпаздық менің де бар өнерім,

Бұдан жасап бидай мен тары егемін.

Қазан- миым бәрін де қайнатады,

Дара қойып қазақтың қара өлеңін.


3-студент: Фариза,

Фаризажан, Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай -шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.


Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп,өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып

Тастағысы келеді күресінге.

Фаризажан, сен соны білесің бе?


Жанарымды тұманмен тұмшаладым,

Серіппесіз үзіліп тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын,

Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім

Ақын болып несіне жаратылдым,

Арасында қап қоймай қара түннің.

4-студент: Дос болам десең,

Досыңды сыйла, қымбаттым!

Досыңа сонда

Досынмен ғана қымбатпын.

Дос болам десең ,

Мендегі доспен достасқан,

Сендегі доспен достатсқан,

Достарың көп пе?

Апырау неткен жақсы едің!

Досым аз менің…

Досым ау менің тапшы емін?

Достарыңмен достастыр мені, асылым,

Достастыр мені,

Болайын құлың нақ сенің!

Достыққа жүрмін,

Достыққа жүрмін құмартып!

Өлгелі жүрмін,

Өзім өзім мін артып

Достардың барып ауласында өлген мың артық.

Жауыздың барып жанына уәзір болғаннан.


5-студент Не сыйлайды,не береді келер күн?!

Неде болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.


Не сыйлайсын,несін берсің ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар менің- таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым- ұлағайыр кең дала


Дәнеңе де сыйламасын келер күн,

Сый көрмей ақ саулармын ,сөнермін.

Туған елім тұғырында тұрса екен,

Әрі қарай...

Әрі қарай көрермін.


6-студент:Пай, пай, өмір!

Өтесің-ау бір күні,

Тиясың-ау қуанышты күлкіні.

Өмір деген- бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген- көк аспанның күркірі.

Пай, пай, өмір!

Өтесің- ау бір күні.


Болмағандай,жүрмегендей, сен де, біз.

Кетеміз-ау, әй ,кетеміз пендеміз

Ұрпақтарға береміз де кезекті,

Біз кетеміз, кету үшін келгеміз.


Өмір деген бұйым емес қолдағы,

Өмір деген қыл бекет жолдағы.

Қаның кеуіп қаталаған кезеңде

Сусыныңдыы қандырсың бір болғаны.


2-жүргізуші:Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы- мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы.Халық көңілін сусындатқан ақын өлеңдерін көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.


1-жүргізуші:Өмір дегенде

Тірлікте сірә жетер ме ой!

Жарық сәуледен

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі ,бөтен ғой

Өмір деген бір күндік сәуле екен ғой!


2-жүргізуші:Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды.Мұқағалидің сөзіне жазылған әндер бүгініг танда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.


1-жүргізуші:Пай! Пай! Пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер

Ғашықтар бір бірін өтке жер.

2-жүргізуші:Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махабатында шек бар ма?! Ендеше Мұқағалидің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әніне кезек берейік.


1-жүргізуші:Қарсы алмаса,

Құрысын, қарсы алмаған,

Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған!

Жаңғрып жасыл ту жөнелсін бір,

Жатсын ұйып жапанда дел сал далам.


2-жүргізуші:Ән сал, жаным ,

Әніңмен тербет мені,

Бір сәтке тынысны тірлік жер- көктегі

Дала ұйысын,

Дамылдам таулар жатсын,

Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.


Ән: « Жарығым-ай»


1-жүргізуші:Мұқағалидың өлеңдері шын шабытын, қиын күйзеліс пен шын қуанышын, шын сағыныштан туған.Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.


2-жүргізуші:Ақын Әбділда Тәжібаевтің сөзімен айтар болсақ «Махаббат- сезімі,.Ол адамның ішкі рухы тозбас қуаты.Мұқағалиді құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын.»

1-жүргізуші:О, Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің,

Гүлім едің

Елтігін түнім едің,

О, Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің?!


2-жүргізуші:О, Махаббат!

Сен әлі тірі ме едің ?

Тірі ме едің

Мен енді тірілемің!

Ақ періште, алдында жүгінемін.

Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!



7-студент: «Ғашықпын!»

Ғашықпын,

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам болмайын ,сол аман ба?!

О, тәңірім! Нетке жан ед қайырмайтын,

Жүрегі еттен бе ,әлде қоладан ба ?

Ғашықпын,

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын ,таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

Шарықтап, қолым жетпес көкте күнге,

Ақ қанат құсым мені, кеткенің бе

Шарық ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?

Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт бар сенімді шашып болып.

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.


«Махаббат диалогы»

-Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

-Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

-Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

-Күл боп бірге соңынан кетер едім.

-Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

-Жел боп қуып ақыры жетер едім.

-Қайғы әкелсем басына ,не етер едің?

-Қойшы сәулем бәрін де көтеремін.


1-жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік.


Ән: « Сенің көзін»


8-студент:Жазылар естелік мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы

Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,

Қылығымды ұнатқан жұлынуды,

Жақсы көрген дер жұлынуды

Әйтеуір қазбас былық -шылығымды

Жоқ жанды қиған емес,

Сол үшін рахмет адамдарға

Білемін, әйтеуір бір замандарда

Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға…


9-студент: «Жыр басы Қарасаздан басталған Мақатаев бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады»

Роза Қунақова.


10-студент «Өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.Олай болса Мұқағали көз жұмған жоқ.Қатарымызда, күнбе күн қасымызда.Әне ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залда бір өзі толтырып, жазық маңдай жарқырап, жарқлдап жыр оқып тұр»

Әбділда Тәжібаев.


11-студент: «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын»

Лашын Әзімжанова.


12-студент: «Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз.

Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметті ,берілмеген сый сыйяпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу»

Қ.Құрманғалиев.


13-студент: «Мұқағалидай ақыны бар халық- бақытты халық»

Фариза Оңғарсынова


2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой қалдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!


1-жүргізуші:Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас ,жомарт, өзін басқанын бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқаны ағылған жыр жанартаулар өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазна болып қала бермек.Ақынның сөзі өлмес ,өзі де өлмегені.


2-жүргізуші:Осымен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған Мұқағали- мәңгілік ғұмыр атты әдеби сазды кешімізді аяқтайыз.













Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-357556

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG