Смотреть ещё
3 741
методическую разработку в категории другое
Перейти в каталог1 Бөлім. Ақша.
1 тақырып. Ақшаның мәні және қызметтері.
1. Ақша экономикалық категория ретінде, пайда болуы және ақшаның тауарлы жаратылысы
2. Ақшаның қызметтері және олардың экономикадағы маңызы
1. Ақша экономикалық категория ретінде, пайда болуы және ақшаның тауарлы жаратылысы
Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.
Ақша – тарихи қалыптасқан экономикалық категория, ол өндіріс пен болу процесінде адамдар арасында айқындаған нақты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Экономикалық категория ретіндегі ақша мәні 3 қасиеттерінде көрініс табады, олар: жалпыға бірдей делдалдық форма, дербес төменгі құн форма, сыртқы заттай еңбек формасы.
1. Халықтың ақша табысының бір бөлігі әр түрлі тауарлар мен қызметтерге айналған кезде, яғни тауар айналымы мен тауар өткізу кезінде ақшаның жалпыға бірдей делдалдық қасиеті көрінеді.
2. Өндіріс процесі кезіндегі тауар құрамындағы еңбекті теңестіру тауар бағасын ақшамен салыстырғанда өтеді. Осында ақшаның дербе төменгі құн қасиеті көрінеді. Тауарлар төменг құн ретінде бағалар арқылы айқындалса, ақшалар жалпыға бірдей балама ретінде көрсетіледі.
3. Сыртқы заттай еңбек қасиеті. Тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек, ақшаның көмегімен өлшеніп, олардың құнын құрайды.
Жалпыға бірдей баламаның материалды-заттық жақтарының әр түрлігіне байланысты ақшалардың 2 түрі болады: толық және толық емес.Толық ақша – номиналды құны өзінің құрамындағы металл құнына сәйкес болатын ақша. Оған барлық тауар ақша түрлері, алтын және күміс тиындар жатады. Толық емес ақшаларға тауар құнынан сатып алу мүмкіндігі жоғары ақшалар жатады. Ол қағаз және несиелік болып бөлінеді.
Ақшаның әлеуметтік-экономикалық мазмұны олардың функциялары арқылы көрініс табады және қоғамның даму деңгейі мен оның өндірістік қатынастарына тәуелді болады.
2. Ақшаның қызметтері және олардың экономикадағы маңызы
Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан-жәй аталмаған.
Ақша – жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көшті.
Карл Маркс нақты материалды зерттеу негізінде, «ақша – тауарлы өндіріске тән тарихи категория» - деп дәлелденеді.
Ақшаның пайда болуының тікелей алғы шарттары болып саналатындар:
- натуралды шаруашылықтан тауар өндіруге және тауарларды айырбастауға өту;
- тауар өндірушілерінің – жасалынатын өнімдерін меншік иелерінің мүліктік айрықшалануы.
Ақша пайда болғанға дейін натуралды (заттай) айырбас орын алды. Ол кездейсоқтық сипатқа ие болды. Тауар айырбасының дамуы ірі еңбек бөлінісі негізінде бірте-бірте еңбек бөлінісі мен байланысты болды.
Қолөнер кәсібінің егіншіліктен бөліну нәтижесінде тауарлы өндіріс және жеке меншік иелері арасында тұрақты айырбас қалыптасты. Тауар айырбасы дамуының нәтижесінде барлық тауарлардың ішінен айрықша тауар – ақша бөлініп көрсетілді.
Тауардан дамыған ақша тауар күйінде қалуын жалғастыруды көздеді, бірақ, ол айрықша тауар, жалпыға бірдей тауар болып саналады.
Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент), ерекше тауар, басқа да тауарлардың құнын білдіреді және тауар өндірушілер өнім еңбегінің арасында делдалдық айырбас үздіксіз жүреді.
Жалпыға бердей балама рөлі тарихи түрде алтынмен бекітілген.
Экономикалық санат ақша маңызы ретінде тұтастық үш ақша қасиетін көрсетеді:
- жалпыға бірдей делдалдық айырбас;
- төменгі құнның (меновая) дербес формалары;
- сыртқы заттың еңбек өлшемі.
Жалпыға бірдей делдалдық формада ақшаны қолдану, әрбір заттың құндылықтың ақшаға айырбас мүмкіндігін білдіреді. Мысалы: тауарға, қозғалмайтын мүлік, өнер өндіру және т.б. Ақшаның бұл ерекшелігі тауарды тікелей айырбастау мен салыстыру кезінде айрықша көрінеді. Дегенмен, белгілідей, мұндай айырбастау мүмкіндіктерін өзара қажеттілік шеңберлерімен және мұндай операциялардың баламалық талаптарының сақталуы мен шектелген. Жалпыға бірдей тікелей айырбастаушылық тек қана ақшаға тән.
Дербес төменгі құн (меновая) формасындағы ақшаны пайдалану тауарларды өткізумен тікелей байланысты емес. Бұл формадағы ақшаны қолдануға неғұрлым тән сипаттар – несиелер беру, саудалық қарыздарды өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, орталық банктің несиелік ресурстарын басқа банктерге сату.
Сыртқы заттай еңбек өлшемі тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек, ақшаның көмегімен өлшенуі мүмкін, олардың құнын құрайды.
Сонымен, тауардың қарама-қайшылығын шешуден туындаған ақша тек қана айналымның техникалық құралы ғана болып саналмайды, терең қоғамдық қатынастарды көрсетеді.
Ақша 5 қызметті орындайды: құн өлшемі; айналым құралы; төлем құралы; жинақтау құралы және қазынаны құру; әлемдік ақшалар.
Ақша - құн өлшемі ретінде. Қызмет өлшемі құндылығына тауар өндірудің бастапқы жағдайы болып табылады. Бұл қызмет барлық тауарлардың құндылығын өлшеу қабілетін білдіреді, яғни, қанша тауар еңбегі, шикізат, уақытша және т.басқаларына шығындалғаны. Сондықтан, тауар формасы ақшаға ауысу үшін, тауар бағасын міндетті түрде анықтау қажет. Тауар құны ақшалай түрде көрсетілген, оны-баға деп санайды. Ақшада құн болмайды, олар сатып алушының қабілетін иеленеді, олар сатып алуға болатын тауар санын білдіреді.
Айналым ретінде ақшаның қызметі. Алынған тауарларды төлеу үшін, ақша қызмет көрсетеді. Тауар сатып алушы және оны төлеу бірге жұмыс жасалынады, бұл ақша қызметінің ерекшелігін көрсетеді. Ақша тауар иеленушілердің қысқа мерзімдік төлем құралы болып қолданылады. Сол ақша белгілері әр түрлі келісімдерде көп қайтара қолдануы және бір келісімге қатысушыдан екінші бір қатысушыларға орын ауыстыру ретінде қолданылады. Бұл қызметте қолма-қол ақша белгілері қолданылады.
Ақшаның төлем қаражатындағы қызметі. Кеңінен қолданылады, мысалы, ақшалай түрде сауданың берілуі, қаржы мүшелерімен ақшалай өзара қарым-қатынасынан (салық төлемі, қаржы мүшелерінен әдіс алуы), сондай-ақ, еңбек ақы бойынша борыштарды және басқа қарыздарды өтеу кезінде өтем құралы қызметіндегі ақшалар кең түрде пайдаланылады. Мұндай қызметте ақша қолма-қол, сондай-ақ аударым арқылы қолданылады.
Айналу әдісінің орнына екі қызмет – айналым әдісі және төлем әдісі шетел авторларының жұмысында ақша бір қызметте ғана сирек кездеспейтінін мойындайды.
Ақша – делдалдық айналымға қатысуды, оның ішінде айналу әдісінің қызметі және төлем ақша жинақтарын құрайды және жинақтау әдісінің қызметін атқарады. Ақшалай жинақтардың құрамына жекелеген азаматтардың салымдарындағы қол ақшалардың, банктердің есеп шоттарындағы ақшалардың қалдықтары кіреді. Ақшаның қаржы қызметін орындауы, соның көмегімен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мүмкін болатын, оларды басқа шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халыққа қарызға беру үшін экономиканың әр-түрлі буындары мен халықта құралатын несие қатынастарын дамытудың маңызды алғы шарты болып саналады.
Әлемдік ақша қызметі. Тауарлы өндірістің ұлғаюы, шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру, әлемдік нарықтың пайда болуы, әлемдік ақша қызметінің пайда болуының алғы шарты болып саналады. Ақшаның бұл қызметі елдер арасындағы өзара қатынастарда немесе әртүрлі елдердегі заңды және жеке тұлғалар арасындағы өзара қатынастардан көрінеді.
2 Лекция жоспары
1. Ақша айналымы ұғымы және оның құрылымы
2. Аударым арқылы ақша айналымы: есеп айырысу формалары мен ұйымдастыру қағидалары
1. Ақша айналымы ұғымы және оның құрылымы
Ақша айналымы ақша белгілерінің қолдай және аударым түрлерінің үздіксіз айналым процесін көрсетеді.
Ақша айналым құрылымын әртүрлі нысандар арқылы бөлуге болады. Ақшаның тәуелді қызмет ету түрлері, ақша айналымының жіктелуі неғұрлым кең таралған деп саналады. Сондықтан, осы нысан бойынша ақша айналымы қолма-қол және аударым ақша болып бөлінеді.
Аударымдар арқылы жасалатын айналым – бұл жинақтық төлем қол ақшалай жүзеге асырылады.
Ақша айналымының екі бөлігі де бір-бірімен тығыз байланыста және біреуі екіншісіне ауыса береді.
Дегенмен, мұндай маңызды жіктелуге қарамастан, ол, ақша айналымында экономикалық мазмұнның жеке бөліктерін көрсетпейді. Ақша айналымының сондай немесе басқалай бөліктер қызмет көрсететін қатынас сипаты – сондықтан, ақша айналымының жіктелуінің белгілері осы берілген белгілерді қолдануға көзделеді.
Ақша айналымының осы тәуелділік белгілері екі бөлікке бөлінеді:
- өнімдерді сатып өткізу мен өндіру процесі ақша айналымында көрсетіледі, яғни, тауардың есеп айырысу сипатымен байланысты;
- ақша айналымы тауар емес төлемдер сипатымен байланысты (жалақы, сақтандыру төлемдері, салықтар және т.б.).
2. Аударым арқылы ақша айналымы: есеп айырысу формалары мен ұйымдастыру қағидалары
Аударымдар арқылы жасалатын ақшаларды пайдалану мен ақшалай есеп айырысуларды ұйымдастыру қол ақша төлемдеріне қарағанда неғұрлым артықшылықты болып саналады, өйткені, алғашқы жағдайда ақша белгілерін жасау, жеткізу, сақтау және есебін жүргізу үшін жұмсалатын еңбек шығындарымен байланыстары маңызды түрде үнемдеуге қол жеткізіледі. Есеп айырысушылардың (аударымдар жасау арқылы) тиімді формаларын енгізу, есеп айырысулар кезіндегі ақша қаражаттарының тез айналым жасауына және төлемдерді жылдамдатуға ықпалын тигізеді және соңғы қорытындысында ақшаның банктегі айналымының жеделдеуіне әкеледі.
Аударым жасау арқылы есеп айырулардың маңызы, бәрінен бұрын, шаруашылық органдар қорларының айналым жасауына, шаруашылық келісімдерін жасауына ықпал етуінен тұрады.
Аударымдар жасау арқылы есеп айырысулар бұл банк айналымындағы ақшаның қозғалысы, яғни, олардың төлемдер бойынша міндеттемелерін орындау тәртібіндегі есеп шоттар бойынша жазулар түріндегі ақшалай сомаларды аударуы.
Аударымдар арқылы жасалатын төлем айналымы ақша айналымының (80-90%) негізгі бөлігі болып саналады. Ол: өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды жүзеге асыру; ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу; банк несиелерін алу және қайтару; халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалану сияқты шаруашылық қатынастарының аяларын орталандырады.
Шаруашылық субъектілері, банктік және қаржылық органдар, тұрғын халық осы есеп айырысулардың қатысушылары болып саналады. Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді:
· қатысушылар клиенттер мен банктер болып саналатын клиенттік емес айырысу операциялары;
· тек қана банктер қатысатын, банк аралық есеп айырысулар.
Экономикадағы нарықтық қатынастардың дамуы аударымдар арқылы жасалатын есеп айрысу жүйелерінің, оның ішінде оларды ұйымдастыру қағидаларының негізін өзгертуді талап етті.
Аударымдар жасау арқылы есеп айырысудың бірінші қағидасы қаражаттарды сақтау мен аудару үшін клиенттерге ашылатын, оларды банктің есеп шоттары бойынша жүзеге асырудан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында банк арқылы есеп айырысуларды жүргізу экономикалық жағынан дұрыс болушылық жағдайларымен келісілуі, нарық субъектілерінің экономикалық дербестігімен және өзінің іс-қимылдары үшін олардың материалдық жауапкершілігімен үйлескен болуы тиіс.
Аударымдар жасау арқылы есеп айырысулардың осы қағидасы нарық жағдайында заңды тұлғаларға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатынасы бар екендігін атап көрсету маңызды болып саналады.
Аударымдар жасау арқылы есеп айырысудың екінші қағидасы келесілерден тұрады: есеп шоттардағы төлемдер банктер арқылы олардың иелерінің басқаруы бойынша олар үшін белгіленген төлемдер жасау тәртібін сәйкес және есеп шоттағы ақша қалдықтары шегінде жүзеге асырылуы тиіс.
Үшінші қағида – аударымдар жасау арқылы есеп айырысу формаларын нарық субъектілерінің еркін түрде таңдау қағидасы. Бұл қағида, сондай-ақ, шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы нарық субъектілерінің экономикалық дербестігін бекітуге және осы қатынастардың нәтижелілігіне олардың материалдық жауапкершілігін арттыруға мақсатталған. Банктерге төлемдер жасау кезінде делдалдық рөл бөлінеді.
Біздің пікіріміз бойынша, тағы екі қағида қосу көзделеді: төлемдердің жеделдігі, төлемдердің қамтамасыз етуі.
Төлемдердің жеделдік қағидасы-шаруашылық, несиелік сақтандыру шарттарында еңбек ақы төлеуге, жұмысшылармен жасауға ұжымдық шарттарды немесе контрактыларды, еңбек келісімдерінде, мердігерлік шарттарда және басқаларда қаралған мерзімдерден шығара отырып, қатаң түрде есеп айырысуларды жүзеге асыруды білдіреді. Төлемнің жеделдік қағидаларын көздейді. Төлемнің жеделдік қағидаларын енгізу іс-тәжірибелік тұрғыдан аса үлкен маңыз алады. Кәсіпорындар және нарықтық қатынастардың басқа субъектілері, төлемдердің жеделдік дәрежесі туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын тиімді түрде құрып, қарызға алатын қаржыларға деген қажеттілікті барынша дәл анықтап және өз балансының өтімдігін басқара алады.
Жақтардың келісімдері бойынша төлемдер жедел (шұғыл), уақытынан бұрын және (қалдыру) кешеуілдейтін төлемдер болуы мүмкін.
Жедел төлем келесі нұсқауларда жүзеге асырылады:
а) аванстық төлем немесе тауарды жөнелтуге дейін;
б) тауардың тікелей акцептік жолымен немесе
тауарды жөнелткеннен кейін;
в) ірі келісімдерде бөлшектеп төлеу.
Мерзімінен бұрын және мезгіліне дейінгі төлемдер жақтардың қаржылық ережелері үшін шығынсыз келісілген қатынастар шегінде орын алады. Бұл қағида тауар өндіруде үздіксіз тұтыну құралдары қарастырылып, бекітілген шарттар, уақытында есеп шот төлемдерінің орнын толтырып, қызмет көрсету арқылы бекітіледі.
Қарастырылған мерзімдегі төлемдердің үзбеліліктері айналым әдістеріне зиян келтіріп, ақыр соңында төлемақы дағдарысына ұшырайды.
Төлемнің қамтамасыз етілгендігі туралы қағида төмен жеделдігінің оның алдындағы қағидаларымен тығыз байланысты, өйткені, төлемнің қамтамасыз етілгендігі ақша қаржыларын алушылардың алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін, оның өтімді қаржыларының кепілін немесе төлеушінің қолдағы төлемінің жеделдігінің сақталуын болжайды.
Барлық есеп айырысу мен өзара келісулер бір-бірімен тығыз байланысты.
Банктердің өз клиенттеріне лайықты құжаттарын бергеннен кейін, үстіміздегі және қазіргі кездегі есепшоттарда аударым арқылы есеп айырысу операцияларына шағылады.
Жеке тұлға, корреспондентциялық және заңдық есеп шоттарына ағымдағы және жинақтайтын есепшоттары болып, банктік есепшоттарға бөлінеді.
Материалдық өндіру – экономика базалық аударым арқылы есеп айырысу болып табылады.
Осының ақырында, есеп айырысу тауар операцияларының басымдылық ақша айналымына (3:4) әкеліп соғады. Қалған төлем ақы айналымының бөлігі – бұл есеп айырысу тауар емес операцияларға, органдармен және әлеументтік сақтандыру, несие мекемелерімен, басқару органдарымен, сотпен, төрешілікпен және т.б. айналым жасайды.
Қазақстан Республикасының территориясында мынадай төлем құжаттарының түрлері қолданылады:
· төлемдік тапсырмалар;
· чек;
· вексель;
· төлемдік ұсыныс-тапсырмалар;
· инкассалық бұйрықтар, салық қызметі органдарының инкассалық бұйрықтары, кеден іс органдары;
· Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің заң жүзінде анықталған актілері, басқа да төлем құжаттары.
Төлеуші мен қаржы алушылар арасындағы есеп айырысу формалары өздерімен келісілген шарттарда анықталады.
Екі жақтың өзара талаптарының есеп айырысуы банктің қатысуысыз қарастырылады. Дауды мәселелер сотта, арбитражда, аралық сотта шешіледі.
Банктік операцияларға байланысты жіберілген жолсыздықтарды, банкке байланысты талаптарды банкке бағыттайды.
Төлқұжат айналымына сәйкестікті сақтау, аударым арқылы есеп айырысу, есеп айырысу құжаттарының формалары белгіленген негізінде жүргізіледі.
Соммада бенефициардың пайдасына көрсетілген тапсырмада, ақша жіберушінің тапсырмасын банк алушыға ақшаның аударылғанын ұсыну ретінде төлем тапсырмасы қызмет етеді.
Берілген жазылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде банк-алушымен төлем тапсырмасы (өтініші) ақша аударымына алынады.
Чек – банк алушының чек берушілік жазбаша түрдегі бұйрығынан тұратын, осы бұйрықтан көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу туралы, олардың арасындағы шартта негізделген төлем құжаты.
Вексель – ақшаның сөзсіз біржақты міндетінен тұратын, қатаң тәртіпте бекітілген формадағы төлем құжаты.
Қазақстан Республикасының территориясында вексел мен чекті қолдану сапасын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің заң актілері векселдің айналымын және чекті қолдану сәйкестігін реттейді.
Төлем талап-тапсырма жеткізілген тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтерге құжаттар негізінде білдірілетін ақшаны жөнелтушіге ақысын төлеу туралы бенефициар талабын көрсетеді.
Төлем талап-тапсырма ақшаны жөнелтушінің акцепті талап етуінен басқа жағдайында, ақша жөнелтушінің акцепті бар болған жағдайда ғана ақша жөнелтушінің банкісімен орындауға жатады.
Инкассалық бұйрық, сондай-ақ, салық қызметінің органдарымен кеден органдарының инкассалық бұйрығы заң актілерінде қаралған жағдайларда ақша жөнелтушінің келісімінсіз, жөнелтушінің пайдаланылатын төлем құжаты болып саналады.
3 Лекция жоспары
1. Ақша жүйесі: ұғымы, элементтері және түрлері
2. Қазахстанның тарихында ақша реформалары
3. Инфляция: себебі, салдары және құресу әдістері
1. Ақша жүйесі: ұғымы, элементтері және түрлері
Ақша жүйесі – тарихи қалыптасқан және халық заңдылығымен бекітілген, мемлекетте ақша айналысының жүзеге асырылу формасы.
Ақша жүйесінің элементтері:
1) ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері:
2) ақша бірлігінің атауы:
3) ақша белгілерінің түрлерін және тәртібінқамтамасыз ету:
4) эмиссиондық механизм:
5) ақша массасының құрылысы:
6) ақша-несие реттеу механизмі:
7) валюта курсының белгілену тәртібі:
8) кассалық дисциплиналар тәртібі:
9) ақша айналымын болжаужәне жоспарлау тәртібі
ҚР территориясында ақша реформасының нәтижесінде 1993 ж. енгізілген ақша бірлігі теңге болып табылады. ҚР-ның Ұлттық банкінің барлық активтерімен қамтамасыз етілген, заңды төлем жүйесі бар, ақша белгілерінің мемелекеттік түрлері банкноттар болып табылады.
Эмиссиондық механизм – бұл ақша белгілерінің заңды бекітілген шығару тәртібі және айналымы. Банкнот эмиссиондық операцияларын жүргізудің монополиялық құқығы ҚР-ында Ұлттық банкке берілген.
Ақша айналымын реттеу – ақша-несиені құралдары арқылы орталық банктен жүзеге асырылады.
Валюталық курс – бұл мемлекеттің ақша бірлігінің екінші мемелкеттің ақша бірлігіндегі бағасы.
Кассалық дисциплинаның тәртібі – қолма-қол ақша айналысын жүзеге асырғанда басшылық етуші субъектілердің сүйенуге тиісті кассалық құжаттар, есеп беру формаларының ортақ ережелер жиынтығы.
Ақша жүйесінің түрі ондағы ақша түрі және атқаратын қызметі: ортақ эквивалент тауар ретінденемесе құн белгісі ретінде қолданылуына ақшалай байланысты. Осыған байланысты ақша жүйесінің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- металл жүйесі айналымы, негізін ақшаның барлық қызметін атқаратын толық ақшалар (алтын, күміс) құрайды.
- Қағаз-несиелі ақша айналымы, толық ақшалар айналымынан шығарылып, олардың орнынақағаз ақша және несие ақшалары енгізілсе болатын айналым.
Металл жүйесі айналымында ортақ эквивалент ретінде қандай металл қолданылуына байланысты ақша жүйесінің келесідей түрлері бар:
- биметаллизм – ортақ эквивалент болып 2 металл (алтын және күміс) қабылданған ақша жүйесі. Нарықта тауарға 2 баға белгіленеді.
- Монометаллизм – ортақ эквивалент ролін тек бор ғана металл (алтын) атқаратын ақша жүйесі.
Биметаллизмнің келесі түрлерін атауға болады:
1. Параллель валюта жүйесі, екі монетаның теңдестігін сал арада нарықтағы монета құнына байланысты қойылуы.
2. Қос валюта жүйесі, екі монетаның теңдестігін мемлекет бекітеді.
3. “Сылтық басушы” валюталар жүйесі, екі металдан да жасалған монеталар заңды төлем құралы болып табылады, бірақ бір-біріне тең емес (күмі-алтынның көрініс-бірлігі).
Алтынның құн белгіінің көрінісіне байланысты алтын монометализмнің 3 түрін ажыратады:
1.Алтын монеталы стандарт алтын айналымының бейнесі, монеталарды еркін сату, банкноттарды алтынға ауыстыру, еркін бәсекелестік және өндірістің, несие жүйесінің және сауда дамуы кезеңіне сай келеді. Бұл стандарт эмиссиондық банктерде алтын қорының болуын талап етті. (XVIII аяғы-XIX басы).
2. Алтынқұйма стандарт. Бұл банкноттардың алтын құймаларға ауыстырылуы кезеңі (XIX ғ. соңы)
3. Алтындивизиялық стандарт, толық емес ақшалардың алтынға ауыстыру алтындивизиялық стандартты мемлекеттер арқылы немесе дивизичларға шетел валютасындағы алтынға ауыстырылатын төлем құралы.
Мемлекетт, жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі төлем қабылетті, сатып алу қабылетті және жинақ ақы құралы, экономикалық байланысқа қызмет ететін – ақша массасы – қоғамға керекті ақша көлемінің ақша айналымының көлем көрсеткіші.
Экономиканы толық бейнелейтін, макроэкономиканың маңызды көрсеткіші ақша массасы болып табылады. Ақша массасының оптималды өлшемі макроэкономикалық пропорциялар, яғни экономиканың дамуы арқылы анықталады.
Ақша айналымының масштабтарын және қаржылық статистикада белгілі бір уақытта ақша қозғалысын бейнелеу үшін еркін көрсеткіш – ақша агрегаты қолданылады. Ақша агрегаттарының теориялық негізі болып қолма-қол ақша мен квази (ақшалардың коммерциялық банктерде қолма-қол емес түрдегі жедел және ақтандыру счеттары) қосылуы болып табылады.
Қағазда ақша массасының құрылылыс келесі түрде қолданылады:
М0 – айналымдағы қолма-қол ақша
М1-М0+төлем счеттардағы қалдық, шаруашылық субъектілердің депозиттік счеттары, капитал құюды қаржыландырудағы заңды тұлғалар счеттары, ұзақ мерзімді несиелер мен қаржыландыру фондтық счеттарды, қоғамдық счеттардағы және т.б. мемлекеттік емес ұйымдардың, тұрғын халық және заңды тұлғалар сұрауына дейінгі счеттарды қоса.
М2-М1+жеке және заңды тұлғалардың шұғыл төлемдері.
М3-М2 + мемлекет қарыздарының облигациялары.
Ақша айналымы заңмен реттелетіндей, ақша-тауар қатынастары белгілі бір ақша көлемін айналым үшін қажет етеді. Осы заң айналым құралы және төлем құралы ретіндегі функциясын жүзеге асыру үшін керекті ақша көлемн белгілейді. Ақша көлемі заңы ақша көлемі мен өткізілуге тиісті тауар массасы ортасындағы қандай да бір міндетті талап етеді де, бір атты ақша бірлігінің айналымы жылдамдығын ескере отырып айналым үшін қажетті ақша көлемін белгілейді. Бұл жағдайдағы формула былай болмақ:
Айналымдағы ақша көлемі=тауар бағасы сумасы-кредитке салынған тауар сомасы+міндеттеме бойынш төлемдер сомасы-міндеттемелер мен талаптар сомасы/айналым және төлем құралы ретінде ақша айналымының көлемі.
2. Қазахстанның тарихында ақша реформалары
Экономикадағы аударымдағы соғыс нәтижелерін жою үшін рубльдің тұрақтылығы қайта қалыптастыра келіп, оның сатып алушылық күшін көтеру керек болды. өндірістік және ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі, тауар айналымының көбеюі мемлекеттік бюджеттің табысының өсуі ақша реформасын өткізуге жол ашты (СССР және ЦКВКП(б)) Министрлер Кеңесінің 14 желтоқсан 1947 жылғы “Ақша реформасының өткізілуі және азық-түлік және өндірістік тауарларға карточкалардың жойылуы” бекітілуі бойынша. Айналымға жаңа ақша белгілері 1,3,5,10,25,50,100 рубль шығарылды. Қолма-қол ақша 1:10 қатынасымен ескі ақшаларға айырбастырылды. Осындай жолмен айналымдағы ақша массасы 10 есе қысқарылды. Мемлекет заңсыз жасалған ақшадан құтылды. Жинақ кассасындағы 3000 рубльге дейінгі халық салымы қайта бағалауға ұшырамады. 3000-10000 дейін жеңілдік қатынасы 3:2, ал 10000 жоғары 2:1 қатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар ақша қаражатының есебінің өзгерісі болған жоқ. Колхоз, кооперативтік кәсіпорындар, несиелік мекемелер есебінде ақша қаражаты 5:4 жеңілдік қатынасымен айырбасталды.Ақша айырбасы қысқа уақыт мерзімінде 15-22 желтоқсанға дейін жүзеге асырылды. әдейі айырбастау пунктерінде өндіріледі.
Ертедегі айналымға шығарылған металдық ақшалар айырбасқа жатпады және айналымда номинал бойынша қалды. Желтоқсан айының бірінші жартысына еңбек ақы бұрыңғы өлшемде жаңа ақшамен төленді.
Реформаның бір элементі болып барлық ерте шығарылған 1948 жылғы 2%-к біріңғай мемлекеттік қарыз (1947 жылғы қарыздан басқа) конверсиясы болды. Барлық бұрыңғы зайым облигациясы 3:1 қатынасында айырбастырылды.
1947 жылы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірлі төңкерілісін білдірген жоқ. оның өткізілгенінен кейін реформаға дейінгі өмір сүрген барлық ақша аударылымының құрылымы қалды. Оның айырмашылығы, мемлекеттік банк битлеттері червонец емес, рубльде ғана шығарыла бастады.
Реформа мемлекет ақша жүйесін тұрақтандырды және ақшаның барлық функцияларының мәнін көтерді. Ол кезекті рет уақыт жыл ағымында тепе-теңдік арасындағы төлем қабілетті сұраныс пен тұтыну аумағындағы ұсынуын сақтауға мүмкіндік берді. Бірақ 50-ші жылдар басында ойланбаған бөлшек баға саясатының төмендеуінен бұзылды.
Он жыл өткелі рубль курсының алтын базасына ауысуы мемлекеттің ақша айналымы, мемлекеттің бюджет өлшемі, сонымен бірге өндіріс көлемі, ұлттық табысы күрт өсті. Көптеген экономика саласындағы көрсеткіштер жүз мың миллиардтың және триллиондық рубльдерде көрсетілді. Мұндай үлкен соммалық есептер қаржы-банктерде және шаруашылық органдарда практикалық жұмысты қиындатты. Масштаб құны өте кішкентай болды. Сондықтан өкімет масштаб құнын 10 есе үлкейтуге шешім қабылдады, алтын рубльдің құрамын көтеріп және сол жердегі ақшаны жаңа аударымға ауыстырды.
1961 жылдың қаңтарында аударымға жаңа ақша билеттері мынадай үлгіде болып шығарылды: қазыналық мемлекеттік билеттер 1,3,5 рубль белгілерімен және мемлекеттік банк билеттері (банкноттар) 10,25,50 және 10 рубль белгілерімен, сонымен бірге айырбас ақшасы 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиын. Ақша билеттері және ескі айырбас ақша үлгілер 1:10 қатынасымен жаңа ақшаға айырбасталды. 1,2,3,5 тиын ақша бағасы айырбасқа жатпады және номинал бойынша аударымда қалды.
1961 жылдың 1 қаңтарынан 1-ші сәуірге дейін ешбір шектеусіз 3 ай бойы айырбас жүргізілді. Сондықтан 1 тоқсан кезеңінде 1961 жылы ескі және жаңа ақшалары аударымда болды. Бүкіл ақша операциялары қойылған 1:10 қатынасында өндірілді. Сол уақытта бұл қатынаста тауарға және көрсетілген жұмысқа, төлем ақы тарифіне, зейнетақы көлеміне, стипендияға, барлық төлем міндеттеріне, шарттарға және т.б. қайта есептеу өткізілді.
Сол уақытта масштаб құнының өсуіне байланысты алтын рубльдің құрамы және оның курсы шетел валютасының қатынасымен өсуі болды. 1961 жылдың 1 ақпанында рубльдің алтын құрамы 0,987412 г. бұрыңғы алтынның орнына 0,222168 г. орнатылды, яғни 4,4 есе өсті. Жаңа алтын рубльдің құрамы әлемдік алтынның құнын орнатылғанына әсер етті, тауарға бағасы рубльде көрсетілді және мемлкеттік бюджетпен сыртқы аудандағы күрделі қайта есептеудің қажеттілігін қойды.
1964 жылы Халықаралық банктің құрылуымен ауыспалы рубль экономикалық қатынастар – келісілген ақша бірлігі енгізілді, 1991 жылға дейін СЭВ мемлекеттер арасындағыи көп жақты клирингтік есептер қолданылды.
1991 жылғы желтоқсандағы Кеңес Советінің ыдырауы мен Қазақстан ТМД мемлекеттерімен қатар “рубрьдік аймақта” қала берді. 1992 жылы аударымға 200,500,1000 рубль ірі баға купюралары шығарылды. Құнды қағаз шығарып, оларға өмір сүрмейтін СССР Мемлекеттік банк көрсетілді. 1992 жылғы маусымында аударымға бірінші ресейлік купюра – 5000 рубль, кейінірек 10000 және 50000 рубль шықты.
1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының басқарушыларымен өзінің валютасының шығарылуына шара қолданылды.
1993 жылы 1,3,5,10,20,50,100 теңге баға купюрасы Қазақстанға әкелінді. 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік валюта енгізу” жайлы жарыққа қол қойылды. Бұл жарлықпен 15 қарашада мемлекеттік валюта-теңге енгізілді. Қолма-қол рубль айырбасы, сонымен бірге рубльдік есептер, салым және міндеттемелер теңгеге 500 рубль 1 теңге, курсына айырбасталды.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары 16 жастан асқан 100 мың рубль шамасындағы сомманы айырбастай ала алды. Айырбас тек бір рет қана өндірілетін, ол жайлы паспортта белгі істеледі. Алты ай мерзіміне дейін пайдалану құқысыз банктерге арнайы есептермен 100 мың рубль соммасы теңгеге салынды. Заңдылығы арнайы комиссиямен жоғарғы лимиттілігі қарастырылды. Комиссияның шешімі бойынша бұл құжаттар мерзімі бұрын блокировкадан алынуы мүмкін.
Қарашаның 15-18 дейін халық теңге мен де рубль мен де төлем жүргізе алды. Сондықтан мекеменің сауда түсімі, сонымен бірге тұлғалар, бөлшек сауда және халыққа төлем көрсетуі, банктер мен күнделікті алынды: теңгеде – шектеусіз, 1961-93 ж. банкноттар үлесінде 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубль белгілері – көлемінде, күнделікті орта пайдаланған көбейтпейтін 1993 жыл мамыр айына 1,3 коэффициент ұқсастырылған.
Кәсіпорын балансында 3 тәулік ішінде рубльдік актив пен пассив теңгеде қайта саналды.
Активтер мен пассивтерді қайта есептеу және қолма-қол ақшаны айырбас кезеңінде банктер операцияларды клиенттерсіз жүргізді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық бағамен 1 доллар – 4,7 теңге деп орнатты. Кезекті жылдары ол күрт өсті. Осыған тиісті баға және төлемақы өсе бастады. Инфляцияның өсуіне байланысты қажеттілік өте үлкен ақша купюрасында шығарылды. 1994 жылдан бастап 200,500,1000 және 2000 теңге купюралары шығарыла бастады. Айырбас бағасы кішкентай белгілерімен бірте-бірте айналымнан “шықты” және 1,3,5,10,20, теңге беогілері мыс-никельді құймаданжасалынды.
Сонымен Қазақстандық теңге төлем құралы болып айналды, шектеусіз еркін конверттеулік валюта айырбасталды және тұрақты валютаның санына кірді.
3. Инфляция: себебі, салдары және қүресу әдістері
Инфляция өзін күрделі әлеуметтік-экономикалық процесс түрінде көрсетеді және оның пайда болып, дамуына көптеген факторлар әсер етеді.
Ақшалай түрдегі факторларға мыналарды жатқызады:
- Экономика несиесімен шектен тыс толуы;
- Ақша айналымы жылдамдығының артуы;
- Ұлттық валюта бағытын ұстап тұру бойынша өкімет әдістері және оның іс-әрекеттерін шектеу;
Ақшалай емес түрдегі инфляция факторларына мыналармен байланысты факторларды жатқызады:
- Қоғамдық өндірістегі құрылымдық сәйкессіздік;
- Шаруашылықтың шығынды механизмі;
- Мемлекеттік экономикалық саясат, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық әрекеттер және т.с.с.
Инфляция бағаның өсу қарқынына байланысты классификацияланады. Осы белгілерге қарай отырып инфляцияның келесідей түрлерін көрсетуге болады.
5-10%-дан жоғары емес бағаның орта жылдық өсу қарқыны негізінде – жылжушы инфляция. Ол ақшаның шамалы құнсыздануы жылдан-жылға болатын дамыған елдерге тән. Бұл құбылыс нарықтық экономиканың дамуы үшін қажетті болып саналады және өз кезегінде экономикалық өсудің факторы түрінде қарастырылады.
Секіріс жасаушы (галопирующая) инфляция (бағаның орта жылдық өсу қарқыны 10-15%-ға дейін) және гиперинфляция (жылына 100%-дан астам) дамушы елдерге тән. Бұл қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге әкелетін кері әрекет етуші құбылыс түрінде қарастырылады.
Гиперинфляция елдің ақшалай шаруашылығында терең дағдарысы, шаруашылық процесстердің бағынбаушылық жөнінде мәлімет береді.
Инфляцияға өндірістің ұзақ мерзім бойы төмендеуі тән болса, онда
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін мыналармен көруге болады:
- табысты тұрғындар тобы, өндіріс аумағы, аймақ, шаруашылық құрылыстар,
мемлекет, фирма, дебиторлар мен кредиторлар арасына бөлу.
- тұрғын халықтың ақшалай салымдардың, шаруашылық субъекттердің және мемлекеттік бюджет құралдарының құнсыздануы.
- тұрақты ақшалай табыс алушылармен әрдайым төленетін инфляциялық салық.
- әр түрлі салаларда табыс мөлшерінің тепе- теңділігін арттыратын және қайта өндіру сәйкессіздігін қиындататын баға өсуінің біркелкі болмауы.
- құны төмендеген ақшаны тауарға немесе валютаға айналдыру үшін тұтынушылар сұранысының құрамын өзгерту, осының арқасында ақша айналымы және оның құнсыздану процестері ұлғаяды.
- дағдарыстың тұрақтануы, экономикалық өсудің құлдырауы, жұмыссыздықтың артуы өмір деңгейінің құлауына әкеліп соғады.
- экономикада инвестицияның азаюы.
- амортизациялық қордың құнсыздануы, оның көмегімен өндіріс процесі қиындайды.
- спекулятивтік ойыншық бағаға, валютаға, пайыз мөлшеріне әсері.
- көлеңкелі экономиканың ілгері дамуы, оның салық салудан «кетуі»
- ұлттық валютаның сатып алу әрекетінің, оның басқа валюталарға қарағанда нақты бағытының өзгеруі.
- қоғамның әлеуметтік жіктелуі және нәтижесінде әлеуметтік қарсылықтардың күрделенуі.
Инфляциямен күресу әдістерінің негізгі түрлері, бұл антиинфляциялық саясат және ақша реформалары.
Антиинфляциялық бағдарлама нарықтық қатынастардың дамуын, нарық механизімінің дағдарыс кезінде мемлекеттік реттелу жағдайын қарастыруы тиіс.Антиинфляциялық саясатты талқылау өз бастауын инфляцияның көп факторлы әлеуметтік-экономикалық процесс түріндегі теориясынан алады, ал оның тамыры өндіріс механизімінде жатыр. Яғни, ұзақ мерзімді антиинфляциялық стратегия және инфляция факторларын шектейтін тәсілдер талқылануы керек.
Мемлекеттің антиинфляциялық саясатының мақсаты – инфляцияға бақылау жүргізу және экономика үшін оның өсу қарқынын қамтамасыз ету.
Инфляцияның өсу қарқыны жөніндегі негізгі әрекеттер: экономиканың, сауданың жақсартылуы, әскери өндірістің конверсиясы, дефляциялық саясат, қаржылық жүйенің жақсартылуы, банк әрекеттерінің реттелуі, ақша айналымының әрекет етуі, капитал салымдарындағы реттеулер, нарықтық айналымға дәстүрлі емес тауарлардың енгізілуі, қызмет нарығының дамуы, табыс саясаты, мемлекеттің жыл сайынғы жоғарғы еңбекақы лимиті мен бағаның өсу қарқынын белгілеуі, ұлттық ақша бірлігі орнығуының сыртқы факторлары.
Инфляциямен күресуінің басты факторы, бұл инвестициялық араласудың экономикалық төмендеуінің алдын-алу, тұрақты нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы.
Антиинфляциялық саясатта ерекше көңіл салық жүйесінің жақсартылуына, валюталық және қаржылық нарықтың дамуы мен мемлекеттік реттелуіне, сонымен қатар валюталық бағаның құрылу механизіміне аударылуы керек.
4 Лекция жоспары
1. Несие. Оның мәні және қызметтері
2. Несие түрлері және формалары (нышаны)
3. Ссудалық пайызының экономикалық мәні
1. Несие. Оның мәні және қызметтері
Несие – қайтарып беру шарты негізінде ссудаға берілетін капиталдың, яғни ссудылық капиталдың қозғалысы.
Несиенің маңыздылығын несиенің құрылысы (несиелік қатынастардың субъектілері мен объектілері), капитал қозғалысының сатылары мен несненің негізі арқылы қарастыру қажет.
Несие келісімдерінің субъектілер қатынасына несие алушы мен қарыз алушы қатысады.
Несие алушы – ссуданы ұсынатын, несие қатынасының бөлігі. Ссуданы беруші, яғни ресурстарды уақытша қолдануға бере алатын субъектілер несие алушы бола алады.
Қарыз алушы – алынған ссуданы қайтарып беруге міндетті, несиелік қатынастың бөлігі. Қарыз алушы ссудаға берілген заттың уақытша қолданушысы болады; ол осы мүлікті (затты) айналым аумағында да, өндіріс аумағында да қолдана алады; қарыз алушы өз шаруашылығындағы айналымды бітірген ссудалық затты(ссужаемые средства) қайтарады; ол, тек, уақытша қолдануға алынған заттың құнын емес, сонымен қатар ссудалық пайызды да төлейді.
Сонымен бірге, несие құрылымы қатынасының элементі - құнның ерекше бөлігі болып табылатын, тапсыру объектісінің өзі саналады. Несие қатынасының субъектілерінің біреуінде орналасқан - босатылған құн, оның қозғалысының баяулануын, дәл қазіргі уақытта жаңа шаруашылық айналымға енуіне мүмкіндігі болмауын анықтайды. Өз қозғалысында уақытша тоқталған құн, несие арқылы өз жолын жалғастырады: ол өндіріс және айналым қажеттіліктеріне қолдануға мұқтажы бар жаңа иелік етушіге көшу арқылы іске асады.
Несие алушыдан қарыз алушыға «берілетін» құн өз қозғалысында сақталады. Құнның сақталынуы, оның қарыз алушының шаруашылығында қолдануы процессінде анықталынады. Қарыз алушы несие алушыға дәл сол бағаға ие, теңдестік құнды(эквивалент) беруі қажет. Несиенің негізгі көрсеткіші – бұл құнның сақталынуы.
Несие жылжуының сатыларын келесі түрде көрсетуге болады:
Но – Қана – Нп ... Рб ... Уқаққ ...- Қнақ
§ Но– несиені орналастыру;
§ Қана – қарыз алушының несиені алуы;
§ Нп – несиені пайдалану;
§ Рб – ресурстарды босату;
§ Уқаққ – уақытша қарызға алған құндарды қайтару;
§ Қнақ–несие түрінде орналастырылған, қаржыларды несие алушылардың қайтаруы.
Несие қозғалысының барлық сатылары өзара байланысты және дәйекті несие қозғалысының тұтастығын бекітеді.
Несиені орналастыру – несие алушы несиелерді қайтарып беру шарты болған жағдайда және оны қолдану тиімділігі бар кезінде береді.
Қарыз алушының несиені алуы – белгілі бір уақытқа түсірілген құнды өткізуді білдіреді.
Несиені пайдалану процесінде өткізу объектісі ретінде оның тұтыну құны іске асырылады.
Ресурстарды босату – қарызға алушының шаруашылық процесінде құнның айналуының аяқталуын сипаттайды. Осы берілген саты несиенің келесі жаңа айналым фазасына енудің материалдық негізі болып саналады.
Несиені қайтару қарыз алушыдан несие алушыға уақытша қарызға алған құнның аударылуын көрсетеді.
Несие түрінде орналастырылған, қаржыларды несие алушылардың қайтаруы – несие қозғалысының соңғы сатысы.
Несие экономикалық категория ретіңде келесі қызметтерді атқарады;қайта бөлу, шоғырландырушы және несие операциялармен нақты ақшаның орнын басады.
Несиенің қайта бөлу қызметі-мүлдем қайта бөлу құндылығын емес, уақытша босаған құндылықтардың қайта бөлінуін көрсетеді.
Екінші несие қызметі – бұл несие операциялары арқылы нақты ақшаның орнын басу. Бір есепшоттан екінші есепшотқа ақша аударуы, тауарлар және қызметтер үшін аударым арқылы, есеп айырысу;ақша айналымының құрылымын жақсарту, өзара қарыздардың есепке алуына қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде нақты ақшалар айналуда(алтын монета) қолданылмайды, несие негізінде шығарылған, ақша белгілері айналымда болады.
Үшінші қызметі-шоғырланушы немесе жұмылдырушы, яғни бір орында барлық құралдардың шоғырлануы бойынша несие қызметі болып табылады. Құралдар, ереже ретінде, несие мекемелерінде қызмет көрсетуде есеп айырысу есепшоттарындатопталады.
Несие заңдарына мыналарды жатқызады:
Несиені қайтарып беру заңы-(меншікті немесе бюджетті ресурстардың айырмашылығынан)өзінің бастапқы бөліміне, несие алушыға түсірілген құнның қайтарылып берілуі көрсетіледі.Несие алушыға қарыз алушыдан несиені қайтару процесінде, басында уақытша қолдануға тапсырылған тек сол ссудалық құн беріледі.
Түсірілген құнды сақтау заңы.Оның мәні уақытша қолдануға несие алушыға қайтарылып берілетін өзінің тұтыну қасиеттерін, сонымен, өзінің құндылығын жоғалтпайтынын бекітетін құрал. Түсірілген құндылық, жаңа айналымға түсуге дайын, өзінің алғашқы шығарылған теңдей түрінде, қарызға алу шаруашылығынан қайтарып алынғанын ұсынады. Өндіріс құралынан айырмашылығы, мүнда, дайын өнімге өзінің құндылығының жартысын бөліп немесе толық аударылып, несие алушыға түсірілген құндылық қайтарылып, алғашқы айналымға түсу кезіндегі өзінің сапасын, қасиетін жоғалтпайтындылығы басып табылады.
2. Несие түрлері және формалары (нышаны)
Ссудалық құнына байланысты товарлы, ақшалы және аралас кредиттің формаларын боледі.
Кредиттік шартта кім кредитор болып табылады, соған байланысты кредитті келесі формалары беріледі: банктік, коммерциялық, мемлекеттік, халықаралық, азаматтық.
- Банктік кредит формасы – көптеп тарилған форма ойткені осы банктер өздерінің ссудаларын уақытша қаражат көмегін қажет ететін субъектілерге ұсынады. Берілген кредит формасы келесі ерекшеліктерге не біріншіден, Банк өзінің капиталы мен қоса ресурстармен де операция жасайды. 2-ден, банк ақшаны жай ақша кұралы ретінде бермей, капитал ретінде қарызға береді.
Сондықтан зайым алданы өзінің алған құралдарын банкке қайтарып беріп қана емес, пайда алу үшін де қолдану қажет.
- Біріншіден коммерциялық кредит жалғыз иелік етуші субъект басқаға тауарлардың колемін кешіктеріп беру түрі ретінде усынылады.
Кейінгі шаруашылықты кәсіпорындар бір-біріне товарлы және ақшамай (және тауарлы формадағы) несие усына алады. Комиссиялық жығынын коммерциялық несие кәсіпорындар-кредиторларының ақшалай және тауырлы формадығы шаруашылық кредит ретінде қарастырылады.
- Мемлекеттік кредит формасы – кредитор мен зайле салушы ретінде болғанда іске араласады. Мыналарды айыра білу керек: Мемлекеттік кредитті, мемлекет кредитор болғанда және мемлекет зайледы мемлекет өзінің міндеттерін облигацияларын және т.б. орналастыра білетін займ салушы ретінде ұсынса.
- Халықаралық несие формасында кредиттік шартта қатысушылар қурамы өзгермейді, кредиттік қатынасқа сол қалған субъектілер қатысады: банктер, кәсіпорындар, мемлекет және халық, бірақ осы берілген форманың ерекше белгісі ондағы қатысушы жақтың бірі шетел субъектісі.
- Азаматтық кредиттік форма – кредиттік шартты азаматтың және тулғаның кредиторы ретінде ұсынғанды қурылған. Берілген кредит формасы ақшалай және тауарлы қызмет болады және кредиттік қатынысқа қатысушылармен арилисуына қолданылады.
Қазақстанда несиенің келесі түрлері дамуға алынған:
1. Ұлттық Банк несиелері.
2. Екінші сатыдағы банк несиелері.
- жетіспеген меншік айналым қуралдарын уақытша толтыру;
- капиталдың салымдарын қаржыландыруға;
- импорттық, импорттық контракт бойынша толеу үшін берілген;
- кредиттік жолдың негізінде – займ салушы алдында банктін қалыптасқан міндеті, ол оның бірінші талабынан бастап және белгілі уақыт аралығында келісілген лимит бойынша оған кредит беруі тиіс.
- консорциалды несие – екі несие бірінші банктің кредиттік кепілдік және басқа да банктік операцияларды іске асыру үшін (жеке оздері іске асыра алмағандықтан) бірігіп беретін несие.
- тутыну үшін,
- ипотекалық,
- банкаралық.
Ссудалық пайыз – кұн бағасынын өзіндік (бағасы) уақытыны дейін пайдаланды. Басқа да экономиканың әдебиеттерде несиелік пайызды экономикалық қатыныс несие қолдынылған несиені пайызбен толеу.
3. Ссудалық пайызының экономикалық мәні
Ссудалық пайыз экономикалық сонат сияқты екі қызмет істейді: болуші және банктің несие әлеуметтілігін өрістету жумысы.
Ссудалық пайыздың болу қызметі – барлық қунмен ғана байланысты емес, ол тек қаны қайта қурылған құнмен көрсетілетін болік.
Банктің несие әлеуметтілігін өрістету – бул өрістеу пайыз бен пайыз алушыв арасындағы түрлілігін ескере отырып миржи арқылы яәни төлеме жасау арқылы пайда болады.
Ссудалық пайыздың алуан формалары өмір сүреді, олардың жүйелері негесин реттерімен анықталады, оның ішінде:
· несие формаларымен;
· несие мекемелеріңі түрлері;
· несиені қатыстыру арңалы жасылған инвестиция түрлері;
· несие беру мерзімімен.
Коммерциялық банктің пайыз саясаты өз балансын тез өтеуін басқаруға бағытталған.
Саясы пайызға қатысушы факторлар. Ссудалық несиені ақпан ету дегейіне байланысты банкі және сыртқы болып болінеді. Банкі (саясы несиелік банк, қор қуны, несие қайтару мерзолы т.б.)
Сыртқы нарықтағы мемлекеттердің несиелік бәсекелектігі, саясы экономикалық жаздайы, инфляция процесс қарқыны.
Пайыз ставкалары бекітілген (нақты) және еркін жүргізуші бола алады. Пайыз ставкалары бекітілген және енісін жүргізуші болып болінеді. Бекітілген пайыз ставкасы – ссуданы қолданудаң барлық ағым мерзімінде өзгермейтін болып қалады. Еркін жүргізуші несие ресурстарына сурыныс пен усыныстың қалыпта суыни сондай-ақ экономикалық жаәдайын қырыз алушының қаржыларыны ақша нарығының жәй-күіне қатысты несиелік несие депозитттік шырттың әрекететдінің барлық мерзімі бойінде банк пен өзгертілуі мүлекін.
Ссудалық пайыз – құнды уақытша қолдануға түсірілген өзіндік құнын көрсететін тиімді экономикалық категория. Басқа да экономикалық әдебиеттерде несиелік пайызды экономикалық қатынас немесе қолданылған несиені процентпен төлеу. Ссудалық пайыз “экономикалық санат сияқты екі қызмет істейді: бөлуші және банктік несие әлеуметтілігін өрістету жұмысы”.
ссудалық пайыздық бөлу қызметі – барлық құнмен ғана байланысты емес, ол тек қана қайта құрылған құнмен көрсетілетін бөлік.
1) Несие алушы ретінде банктің несие әлеуметтілігін сақтау мен көбеюімен байланысты – бұл өрістеу пайыз бен пайыз алушы арасындағы түрлілігін ескере отырып маржа арқылы пайда болады.
Ссудалық пайыздың алуан формалары өмір сүреді, олардың жүйелері нышан реттермен анықталады, оның ішінде:
- несие формаларымен;
- несие мәселелерінің түрлері;
- несиені қатыстыру арқылы
- жасалған инвестиция түрлері
- несие беру мезгілімен.
Коммерциялық банктің пайыз саясаты өз балансын тез өтеуін басқаруға бағытталған.
Саяси пайызға қатысушы факторлар: ссудалық несиені ықпал ету деңгейіне байланысты, ішкі, және сыртқы болып бөлінеді: ішкі (саяси несиелік болып, қор құны қатысуы несие мерзімі және т.б.). Сыртқы саяси экономикалық жағдай мемлекеттің нарықтағы несиелік бәсекелестік саяси экономиканың жағдайы, инфляциялық процесс екпіні.
Қарыз проценті – ол уақытша қолдануға берілген құнның өзгеше бағасы болып көрінетін объективті экономикалық категория. Пайыз ставкалары бекітілген және еркін жүзуші болып екіге бөлінеді.
Бекітілген пайыз ставкалары – ссудалық қолданудың барлық ағым мерзімінде өзгермейтін болып қылады.
Еркін жүзуші пайыздық ставкалар – несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуына сондай-ақ экономика жағдайын қарыз алушының қаржыларына ақша нарығының жай-күйіне қатысты
5 Лекция жоспары
1. Несие жүйенің мазмұны, құрылымы мен бөлшектері
2. Несие мекемелерінің түрлері. Олардың ерекшеліктерілер
3. Банк жүйенің түсінігі және құрылымы
1. Несие жүйенің мазмұны, құрылымы мен бөлшектері
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде несиелік жүйенің екі түсінігі ажыратылады: кең және кішігірім мағынада.
Кең мағынада - бұл кредиттік қатынастардың жиынтығы, кредит нысаны және кредиттік мекемелер.
Кішігірім мағынада, мамандандырылған финанстық-кредиттік институттар жүйесі не жиынтығы.
Кредиттік жүйе ел ішіндегі ақшалық айналымды реттейді, жеке және заңды тұлғаға әртүрлі қызмет көрсетеді, олар арқылы кредиттік байланыс туғызады.
2. Несие мекемелерінің түрлері. Олардың ерекшеліктерілер
Қазіргі кредиттік жүйе нарықтың несиелі капиталының негізгі бөлігі бола тұра өзі мынадай негізгі институционалды бөлшектерден, не ярустардан тұрады:
1.Орталық банк, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банктер.
2.Банктік сектор: коммерциялық банктер, жинақ банктер, инвестиция банкі, ипотекалық банктер.
3.Сақтандыру секторы: сақтандыру компаниялары, пенсиялық қорлар.
4.Арнайы банкемес несиелі-қаржылы институттар: инвестициялық компаниялар, қаржылық компаниялар, қайырымдылық қорлар, несие-жинақы ассоциациялар, несиелік кеңестер.
Осы сызба көп өндірісі дамыған елдерге тән - АҚШ, Еврокеңес елдеріне, Жапонияға. Мұны әдетте қабат деп атайды, не үшярусты (кейде сақтандыру секторын 4 яруспен біріктіреді, оған жалпы атау беріледі - арнайы банкті емес несие-қаржылы мекемелер).
Қазіргі несиелі жүйенің құрылылымы күрделі, көпбөлшекті. Егер топтастыру негізіне қызмет түрлерін алсақ, несиелі мекемелер өз алушыларына ұсынатын, онда қазіргі несиелі жүйеде үш маңызды бөлшекті шығаруға болады:
1. Орталық банкі (эмиссиялық).
2. Коммерциялық банкі.
3. Арнайы несиелі мекемелер (сақтандыру, жинақ, ипотекалық, т.б.)
Шаруашылық жағынан былай бөлуге болады:
а) орталықтандырылған несиелі жүйе;
б) нарықтық несиелі жүйе;
в) аралық кезеңдегі несиелі жүйе;
Даму сатысына қарай 2 типке бөлуге болады:
а) Дамыған - жүйелер ішінде керекті элементтердің барлығы ғана емес, олардың өзара іс-қимыл жасауы.
б) Дамып келе жатқан жүйелер, барлық элементтер бар, бірақ іс-қимыл жасайтын барлық сайман-құрал жұмыс жасамайды.
Географиялық белгімен несиелі жүйелер 2 типке бөлінеді: халықаралық кредит жүйелері және ұлттық несиелі жүйелері. Несие - интерұлттық бағалық категория болады. Халықаралық дәрежеде несиелендірудің формалары мен қағидалары өзгермейді, қалыптар белгілі нысанға келтіріледі, несиелендіру процессін жүргізетін бір елдер тобының арасында несиелі шаруашылықтың жүргізу жалпы ережелері пайда бола бастайды. Бірақ әр елде әр қалай өз ерекшеліктері әрине болады. Сондықтан, ұлттық несие жүйесі осыған дәлел, ол өз халық дәстүрлерін сақтап, несиелік операцияларды жасаудағы өзіндік мәдениетін де көрсетпек.
3. Банк жүйенің түсінігі және құрылымы
Банктік жүйе нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымы болып табылады. Банктердің және тауарлы-ақшалай қатынастардың дамуы (параллельді) түрді және тығыз байланыста болды. Банктер күнделікті экономиканың қызмет етуімен байланысты. Банктер қаржылық делдалдар ретінде, өндіріс пен айналымның тиімділігіне әсер ете отырып, өзіне шаруашылық етуші субъектілердің капиталы мен халықтың жинағын тартады және оларды қарыз алушыға уақытша қолдануға береді, ақшалай есеп айырысуды жүргізеді және көптеген қызметтер көрсетеді.
Банктік жүйе жалпы ақшалай-несиелік механизмнің ішінде әрекет ететін банктер мен несиелік институттардың әртүрлі түрінің жиынтығын көрсетеді. Ол орталық банкті, коммерциялық банктердің желісін және басқа да несиелік мекемелерді қосады.
Әр түрлі мемлекеттердің банктік жүйесінің даму тарихында олардың бірнеше түрлері белгілі:
- екі деңгейлі банктік жүйе;
- орталықтандырылған монобанктік жүйе:
- ерекше децентрленген банктік жүйе.
Нарықтық экономикадағы көптеген елдерде екі деңгейлі банктік жүйе қолданылады. Банктік жүйенің бірінші деңгейі орталық банкті құрайды, ал екінші деңгейі - әр түрлі несиелік ұйымдар (банктер және банктік емес несиелік ұйымдар).
Екі деңгейлі банктік жүйеде екі типтің байланысы байқалады. Біріншіден, коммерциялық банктер мен несиелік мекемелердің өздерінің арасындағы байланыс, екіншіден, орталық банктің арасындағы байланыс, бұл бір жағынан, ал екінші жағынан – коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің арасындағы байланыс.
6 Лекция жоспары
1. Коммерциялык банктердің құқығы мәртебе
2. Қызметі тәртіптеуінің қызметтер және принциптер
3. Банкті құру, қайта ұйымдастыру және қызметі тоқтату тәртібі
1. Коммерциялык банктердің құқығы мәртебе
“Коммерциялық банк” термині банктік істің ерте даму кезеңдерінде, яғни банктер сауданы, төлемдерді, тауар айырбасын қамтамасыз етіп, олардың тасымалдануымен сақталуын несиелендіргенде пайда болды. Банктердің негізгі клиенттері саудагерлер болғандықтан, “коммерциялық банк” атауы орынды. өнеркәсіптік өндірістің дамуына байланысты өндіріс циклін несиелендіру бойынша қысқа мерзімді операциялар туындады, яғни несиелер айналым капиталының толықтырылуына, шикізат қоры мен дайын өнімдердің құрылуына, еңбек ақының төленуіне ұсынылды. Несиелер мерзімі біртіндеп өсіп, банктік ресурстардың бір бөлігі негізгі капиталға, бағалы қағаздарға салыну үшін қолдана бастады. “Коммерциялық” деген термин банк атауында өзінің батапқы мәнін жоғалтып, банктің “жаңашыл” сипатын білдіре бастады.
Терминнің қазіргі кездегі түсінігіндегі алғашқы банк Генуядағы, 1407 жылы құрылған банк болып саналады. Батыс Еуропада бірінші коммерциялық банктер және несиелік банктік үйлер 17 ғасырдың екінші жартысында пайда болды.
Коммерциялық банк – бұл қаражаттарды қызықтыру және оларды өз атынан қайтару, тездету және қабылетті болу шарттарын көздейтін несиелік ұйым.
Коммерциялық банктердің негізгі айырмашылығы – олардың әрекеттерінің басты мақсаты, табыс алу болып саналатындығында. Банктердің негізгі нұсқаулары – ақша қорларының несие берушілерден несие алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға жылжуы.
Коммерциялық банк – бұл ерекше спецификалық өкім өндірістік, автономды тәуелсіз коммерциялық кәсіпорын. Банктің қызметі өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда өндіріс саясатына емес, айналым, айырбас, қызмет ету аясына бағытталады. Қызмет ету аясындағы банктің негізгі тауары – несие деру болып саналады.
2. Қызметі тәртіптеуінің қызметтер және принциптер
Коммерциялық банктің бірнеше базалық функциялары ерекшеленеді:
- ақша қорларының аккумуляциясы мен мобилизациясы – өз функцияларын орындауда банктер ақшалай ресурстарды тек аккумуляциялап және қайта бөліп қана қоймай, сонымен қатар құралдардың қорлануы үшін эффектті әсерді құрастыруы да қажет.
- Ақша айналымын реттеу функциясы – банктердің, төлем құралдарын шығарушы байланысты және банктердің ақшаны “тудыру және жою” қабылетімен келісілген.
- Несиедегі делдалдық – банктер уақытша еркін ақшалай құралдардың айналысында, яғни иесіден тұтынушыларға (қарыз алушыларға), делдал ретінде шығады.
- Есеп айырысудағы делдалдық – банктер экономикалық субъектлер арасында есеп айырысу және төлем орталықтары ретінде қатысады. Банктер клиенттердің тапсырмаларының уақыттылы және толық орындалуын қамтамасыз етіп, қажетті есеп айырысу операцияларын іске асырады.
Нарықтық экономика жағдайында бүкіл әлемде банктер көбінесе “кәсіпорын” ретінде қарастырылады. Басқа да кез келген кәсіпорын сияқты, банк өз функцияларының спецификалық көрінісінде, тұтынушыларға нақты қызмет көрсетулерді ұсынатын, өз тауарының жылжуын қамтамасыз ететін өзіндік юристтік иегер болып қалады, және де ол табыс пен пайда алуды көздеп, баланс құрады, мемлекетпен есеп айырысуларына ие.
Банктерді кәсіпорындар ретінде келесі тұрғылардан сипаттауға болады: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, несие кәсіпорны, коммерциялық кәсіпорын, биржа агенті ретінде, автономды кәспорын, серіктес ретінде, басқарудың мемлекеттік механизмінің бөлігі ретінде.
Банк сауда кәсіпорны ретінде ерекше тауарды сатады – бұл ақша, осының өзінде сатушылардан ақшалай ресурстарды сатып алып, өзіне табыс алады және сатушыларға сыйақы төлейді. Ақшаны сатудан басқа, банк ресурстар ретінде әр түрлі елдердің валюталарын, алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алады және сатады. Бұл жағдайда ол көбінесе елдердің орталық банктеріне жатқызылады.
Банк делдалдық кәсіпорын ретінде. Барлық клиенттерге олардың ақша қорларын сақтау үшін есеп айырысу, ағымдағы шоттарын ашқаннан кейін, банк несие беру, шоттарды төлеу, ақша аударымдары бойынша операцияларын жүзеге асырады. Бір уақытта банк ақша қорларын сақтаушы, қарыз беруші, несие беруші ретінде бола келе, банктер өздерінің делдалдық қызметтерінклиенттерінің қызығушылықтарымен байланыстыра отырып атқарады.
Банк несие кәсіпорны ретінде. Операцияларды жүзеге асырғанда банк жоғары деңгейде несие операцияларымен байланысты. Олар депозиттер, пайыздар, қарыздар бойынша міндеттемеге ие болатындықтан, қарыз беруші ретінде, сонымен қатар барлық шаруашылық субъектілердің және физикалық иелердің кешелеу жұмыстарын іске асыратын басты несие институты, және олра банктің басты табысы болып саналатын сыйақы алады.
Банк коммерциялық кәсіпорын ретінде, өзінің сауда, делдал несие операцияларын жүзеге асырғанда, табыс алуда өзіндік қызығушылығына ие. Банк биржа агенті ретінде құгнды қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жасайды. Банктердің бұндай сипаттамасы қазіргі кезге сай.
Банк автономды кәсіпорын ретінде елде бекітілген юристтік және экономикалық мөлшерлер негізінде қызмет атқарады, және де банктердің құрылу және қызмет ету принциптері анықталатын өзіндік құқытық негізіне ие. Банк жүйесінің ішінде банктік операциялардың іске асырылуының құқықтық негіздері, клиенттермен, емелекетпен қарым-қатынас кезіндегі банктердің құқықтары мен жауапкершілігі әрбір елдегі банктер және банктік қызметтер туралы заңдармен анықталады.
Банк серіктес ретінде, спецификалық құқықтық негізде қызмет ете отырып, коммерциялық жоспарда және қарым-қатынаста клиенттермен пайдалы шарттарда байланысын құрайды.банктер басқарудың мемлекеттік механизмінің бөлігі ретінде. Шаруашылық аясында өздерінің есеп айырысу және төлемдер шаруашылық субъектілердің несиелеу жұмыстары бойынша операцияларын жүзеге асыра отырып, банктер белгілі деңгейде клиенттердің шоттарындағы және банкте алған қарыздардағы ақша қаражаттарының дұрыс қолданылуы үшін тексеруші ретінде қатысады.
Банктер түрлерінің классификациясы:
- функционалдық бағытталуы бойынша банктер: эмиссиялық, депозиттік және коммерциялық;
- меншік формалары бойынша банктер – мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншіктік, аралас;
- мамандану бойынша банктер – салалық, универсалдық, өнеркәсіптік, сауда, ауыл шаруашылық, инвестициялық;
- арнайы бағыттарды орындау бойынша банктер – инновациялық, өзара көмек кассалары, сақтандыру функциялары;
- территориялық белгісі бойынша банктер – қалалық, муниципалдық, аймақтық, мемлекет аралық.
Банктің өзіндік ұйымдық негізі бар. Екінші деңгейдегі банктердің ұйымдастырылуы көптеген елдерде акционерлік компаниялар формасында шығады, және де бұндағы міндетті талаптар: банктің юристтік иегер ретінде қабылдануы, акционерлердің сатып алынған акциялар шегінде жауапкершілігі, акциялар пакетінің болуы және директорлар Кеңесінің құрылуы.
Банктің ұйымдастырылуы принциптерге негізделеді:
- функционалдық құрылымы;
- банк мақсаттарына сәйкестенуі;
- үкімет өкілеттілігінің және ұйымдастыру деңгейінің иерархиясы.
- Біріккен және координациялық әрекеттер;
- Басқарудың рационалдығы және бақылау жүргізумен қамтамасыздандырылуы;
- Қызмет персоналының регламентациясы;
- Толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі.
Акционерлік-коммерциялық банктің жоғарғы органы болып акционерлердің жалпы жиыны болып саналады. Олардың өкілеттіліктеріне мыналар кіреді: жарғының өзгерістері, капиталдың өзгерістері, басқарма сайлауы, Банк Кеңесінің сайлауы, жылдық есеп беруді анықтауы, банктің табысын қайта бөлуі.
Банк Кеңесі жылдық есеп беруді бекітіп, жыл сайынғы меңгерушілер жиналысын ұйымдастырады, банктің стратегиялық мақсаттарын шешеді.
Кеңес төрағасы банктің жедел басшылығын ұйымдастырады. Ол сонымен қатар банктің Президенті де бола алады.
Әрі қарай: вице-президент, басқарылымдар, департаменттер, бөлімдер, қызмет көрсетулер.
Әрбір банктің қызметінің ұйымдастыруының формаларынан, олардың жүргізілетін операцияларынан тәуелсіз, олар өздеріне тән өкім өндірісі, барлық банктерге тән міндетті, анықталған басқару блоктарының жиынынан тұрады: Банк Кеңесі, Басқарылым, басқарудың жалпы сұрақтары, коммерциялық қызмет, қаржы, автоматизация, әкімшілік.
3. Банкті құру, қайта ұйымдастыру және қызметің тоқтату тәртібі
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының(филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Екінші деңгейдегі банктердің ұйымдастырылуы көптеген елдерде акционерлік компаниялар формасында шығады, және де бұндағы міндетті талаптар: банктің юристтік иегер ретінде қабылдануы, акционерлердің сатып алынған акциялар шегінде жауапкершілігі, акциялар пакетінің болуы және директорлар Кеңесінің құрылуы.
Банктің ұйымдастырылуы принциптерге негізделеді:
- функционалдық құрылымы;
- банк мақсаттарына сәйкестенуі;
- үкімет өкілеттілігінің және ұйымдастыру деңгейінің иерархиясы.
- Біріккен және координациялық әрекеттер;
- Басқарудың рационалдығы және бақылау жүргізумен қамтамасыздандырылуы;
- Қызмет персоналының регламентациясы;
- Толық ақпаратпен қамтамасыз етілуі.
Акционерлік-коммерциялық банктің жоғарғы органы болып акционерлердің жалпы жиыны болып саналады. Олардың өкілеттіліктеріе мыналар кіреді: жарғының өзгерістері, капиталдың өзгерістері, басқарма сайлауы, Банк Кеңесінің сайлауы, жылдық есеп беруді анықтауы, банктің табысын қайта бөлуі.
Банк Кеңесі жылдық есеп беруді бекітіп, жыл сайынғы меңгерушілер жиналысын ұйымдастырады, банктің стратегиялық мақсаттарын шешеді.
Кеңес төрағасы банктің жедел басшылығын ұйымдастырады. Ол сонымен қатар банктің Президенті де бола алады.
Әрі қарай: вице-президент, басқарылымдар, департаменттер, бөлімдер, қызмет көрсетулер.
Әрбір банктің қызметінің ұйымдастыруының формаларынан, олардың жүргізілетін операцияларынан тәуелсіз, олар өздеріне тән өкім өндірісі, барлық банктерге тән міндетті, анықталған басқару блоктарының жиынынан тұрады: Банк Кеңесі, Басқарылым, басқарудың жалпы сұрақтары, коммерциялық қызмет, қаржы, автоматизация, әкімшілік.
Бөлімдер мер клиентке қызмет көрсету жұмыстары банк операцияларының қандай да бір бөлігіне шағын ғана маманданған жұмыспен айналысатын кәсіби мамандардан тұрады.
АҚШ тың коммерциялық банкінің басқару құрылымы жоғарғы қызығушылық туғызады. Банкті басқарудың басты органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Акционерлер жиналысында директорлар кеңесі сайланады (ірі банктерде президент), ол банктің қызметінің барлық негізгі қызметтері мынадай; банктің стратегилық мақсатын анықтау және банк саясатын құру, жетекшілік органдарға адамдар іріктеу, комитеттерді құру, қараздық және инвестициялық операцияларды бақлау, кеңес беру, банк қызметтерің кезкңдік тексеру және т.б. қызметтер.
Директорлар кеңесі іс\ тәжрибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
1) жоғарғы менеджерлер;
2) администраторлар;
3) қадағалау ж\е ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
Жоғарғы менеджерлер бөлімдер мен службалардың қызметтерін шоғырландырады, олардын бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес ж\е олардың жұмыстарына бағасын береді. Олардың өздеренің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударады.
Администраторлар бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты өздерінің бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамсыз етеді.
Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге қадағалушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі ж\е даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшілерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандырылған кәсіпқой мамандар.
Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғарғы лауазымды тұлғасының қатарына; директор кенесінің төрағасы, президент, қазынашы, бақылаушы, ревизор жатады.
7 Лекция жоспары
1. Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
2. Коммерциялық банктердің активті операциялары
1. Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Банктердің пассивті операциялары – несие және басқа активті операцияларды жүргізу үшін қаржы ресурстарын тарату бойынша банктік операциялар қажетті.
Банктің пассивті операцияларына жататындар:
· заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарының қаражаттарын қатыстыру;
· азаматтардың, өнеркәсіп және ұйымдардың шұғыл есеп шоттарын ашу;
· құнды қағаздарды шығару;
· басқа банктерден алған қарыздар және басқалар.
Банк ресурстары меншік және қарызға алу қаражаттарынан құралады.
Меншік ресурстарға жататындар: акционерлік, қорлы капитал, бөлінбеген пайда.
Банктің меншік капиталы – оның активті операцияларының көлемін ұлғайту негізі.
Акционерлік капитал (немесе банктің жарғылық капиталы) – акция төлеміне түсетін (акционерлік банк), қаражаттар немесе үлестік жарна есеп шотына қалыптасады (үлестік банк).
Банктер ақша ресурстарының назарын аудару тәсілдер ретінде акция эмиссиясын кеңінен қолданады. Коммерциялық банктер қарапайым акцияларды т.с.с. артықшылық берілген акцияларды жүргізеді.
Бантердің резервтік (қор) капиталының немесе резервті қорының көлемі акционерлердің жиналысында бекітілетін, пайдадан жыл сайынғы жіберілген есеп шоттан құралады. Бұл капитал құнды қағаздар курстарының түсуінен болған күтпеген шығындарға арналған. Оның ең аз көлемдері банктің заң шығару сәйкестігінде реттеледі.
Бөлінбеген пайда – бұл резервті қорға (капитал) дивиденттер мен бөлуден төленгеннен кейінгі қалған пайданың бөлігі. Оның ұлғаюы активтердің кейбір түрлеріне (ссудалар немесе инвестициялар) банктік кірістерді инвестициялау жолымен жинақтау пайдасына байланысты құрайды.
Банктік ресурстар құрылымында қарыз алу немесе тартылған қаражаттар басым орын алады. Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттар оларды шоғырландыру тәсілі бойынша депозиттер мен басқа да тартылған қаражаттарға бөледі.
Коммерциялық банктердің негізгі тартылған қаражаттардың бөлігін – депозиттер құрайды. Әлемдік банктік тәжірибеде банктердің депозит операцияларында пассивті операциялардың негізгі түрлері болып саналады. Шын мәнінде олар коммерциялық банк қызметінің мазмұнын несие ресурстарының еркін нарығында ресурстарға иелік етудегі делдал ретінде алып береді.
Депозит – ерте ескертілген жағдайлардың келуі бойынша олардың атынан қайтарып беруге енгізіліп жатқызған және банктерге сақтауға араластырған құнды қағаздар салымдары немесе ақша қаражаттары (акциялар, облигациялар).
Халықаралық банктік тәжірибеде келесі депозиттерді жүйелеу қабылданды:
· талап етуге дейінгі депозиттер;
· шұғыл депозиттер;
· тұрғын халықтардың жинақ салымдары;
· құнды қағаздар үшін салынатын салымдар.
Талап етуге дейінгі депозиттер – бұл қайтарып беру мерзіміне шек қойылмаған, яғни, бірінші талап бойынша қайтарылатын, шұғыл емес депозиттер.
Шұғыл депозиттер – бұл шектеулі уақыт ағымында, олардың ашылу кезінде бекітілген, банктік есеп шоттарда сақтаулы ақша қаражаттары.
Жинақ салымдары – бұл жинақ кітапшаларын салымшыға жазып берудегі жеке тұлғалардың салымдары. Жинақ салымдары белгіленген мерзімге ие болмайды және онымен пайыздық ставка еркін жүреді.
Құнды қағаздар үшін салынатын салымдарға жататындар – дипозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер.
2. Коммерциялық банктердің активті операциялары
Активті операциялар – бұл сол арқылы пайда алу және өтімділікті ұстап тұру үшін олардың иелігіндегі ресурстарды банктер арқылы орналастыратын операциялар.
Экономикалық мазмұны бойынша коммерциялық банктердің активті операциялары төмендегідей бөлінеді:
· ссудалық (есептік-ссудалық);
· есеп айырысушылық;
· кассалық;
· инвестициялық және қорлы;
· комиссиондық.
Ссудалық операциялар – шұғыл, қайтымдылық және ақылылық жағдайларда қарыз берушілерге қаржыларды беру бойынша жасалған операциялар.
Ссудалық операциялар векселдерді сатып алумен, яғни, векселдерді кепілге қабылдаумен байланысты жасалған есептік (есептік-ссудалық операциялар) операциялар.
Бұл операция жекелеген активті операцияларда, банк қызметтерінің маңызды саласына жатқызылады. Соның арқасында банктер несие институттарына енгізіледі.
Өздерінің клиенттеріне ссудалар бере отырып, салымшылардан ақша қаржыларын қабылдап, қарыз алушыларға оларды бере отырып, банктер қаржы делдалдарының рөлін орындайды. Банктердің бұл операциялары мен қызметтеріне байланысты барлық несие қатынасының қатысушылары ұтады (салымшылар, қарыз алушылар және банк), әрбір өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Есеп айырысу операциялары – клиенттердің есебінен қаражаттарды есепке қосу және есептен шығару операциялары. Коммерциялық банктер орталық банктермен бекітілген ереже, форма және стандарттар бойынша есеп айырысулар жасайды. Халықаралық есеп айырысуларды орындау кезінде – федералдық заңдармен және ережелермен белгіленген халықаралық банк тәжірибесінде қабылданған тәртіпте жүргізіледі.
Кассалық операциялар – қол ақша қаражаттарын қабылдап алу мен беру ретінде жүргізілетін операциялар.
Инвестициялық және қорлы – бұл құнды қағаздар бойынша жүргізілетін операциялар.
Комиссиондық немесе оларды дәстүрлі емес операциялар деп атайды, оларға жататындар:
· лизингті операциялар;
· факторингтік операциялар;
· трасталық операциялар.
Лизингтік операция бойынша заттарды ұзақ уақытқа жалға беру түсініледі (мекемелер, машиналар, ұшақтар, компьютерлер және сол сияқты).
Лизингтік мәміледе өзара қатынастары келісім бойынша ресімделетін үш субъект қатысады: бірінші субъект – бұл меншік иесі (лизинг беруші), екінші – мүлік қолданушы (лизинг алушы), үшінші – мүлік сатушы (жеткізуші).
Олардың өзара қатынастары келесі схема бойынша түзіледі: болашақтағы лизинг алушы келісімде, оның қатысуы туралы өтінішпен, қажетті қаражаттарға ие лизинг берушімен байланыс жасайды, яғни, ол төлем шарттары негізінде жалға беруге лизинг алушыға оның келесі аударуымен жеткізушіден (мүлік сатушысынан) лизинг алушы үшін қажетті мүліктерді, сатып алуы қажет. Коммерциялық банктер мұндай келісімде меншік иесі ретінде қатысады, яғни олар мүлікті меншікке алып, лизингті лизинг алушыға аударады, сондай-ақ, оған қаржылай қызмет көрсетеді.
Лизингтің келесі түрлері ажыратылады:
· рентинг – қысқа мерзімге кіріс мүлігін кепілдікке, жалға-машиналар, жабдықтар, мекемелер мен құрылыстарды беру;
· хайринг – орта мерзім кезеңіне берілетін, жалға берушіге меншік құқын тауарға берместен экспортты несиеге беру формаларының бірі;
· лизинг – жалгердің жалға алынатын мүліктерін содан кейін сатып алу арқылы табыс келтіретін мүлікті ұзақ мерзімге пайдалануға өткізу.
Факторинг – факторигтік компаниялардың немесе банктің барлық залалдары арқылы тауарлар мен қызметтер үшін жабдықтаушылар алдында туындайтын төленбеген борыштық талаптарға, клиенттерге төленбеген қарыздық талаптарға (есеп құжаттарымен және векселдер) қайта жол ашу.
Факторигтің мәнінің қызметі үшін пайызды алу арқылы өз клиенттерінен төлем құжаттарын (олардың дебиторлық қарыздарын) банктер сатып алады. Берілген пайыз бен қарыздардың сатып алынған сомасы көрсетілгендегі, мұндай мәміле келісім арқылы ресімделеді. Бұл пайыз қызмет үшін ақылай банкке берілетін, шаруашылық ұйымға дебиторлық қарыздардың сомасының жартысын көрсетеді.
Факторингті операциялар Америкалар мен Батыс Еуропа елдерінде жеткілікті, кең жүзеге асырылады. Негізінен олармен арнайы факторингтік компаниялар жұмыс жасайды.
Факторинг операциясында үш қатысушы: алғашқы кездегі несие беруші (фактор клиенті) және қарызгер төлемді мерзінен ұзарту мен тауарларды клиенттерден алатын фактор. Басқа сөзбен, аталмыш операцияларға қатысушылары арқылы жеткізуші, факторингтік бірлестіктер енеді. Жеткізуші есеп құжаттарының 80% құнын жеткізушіге көрсетілген қызметке жұмсайтын төлемдер шығарып тастау арқылы бірден төлейтін, факторингтік операциялармен айналысатын өзінің айналысушы факторингтік компаниялармен банктерге өзінің борыштық талаптарын сатады.
Қалған құн бөліктері қарызгерлермен төлемнің көбейтіндісінен кейін төленетін болады.Коммерциялық банктер өзінің жеке және корпоротивтік клиенттері үшін бұл рөлде түрлі операциялар орындалады және өзіне сенімді өкілдер қызметтерін алады. «Траст» «сенімді» білдіреді.
Капиталдың иегері (жеке және заңды тұлға), ол транстаны құрушы, өзінің капиталын оның мүддесі үшін басқаруға басқа тұлғаға сенім білдіреді, яғни, трасталық операциялар түрінде мүліктерді және капиталдарды басқару бойынша банктердің немесе қаржы-институттарының операциялары, сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғасының құқықтары негізінде клиенттің мүддесіне және тапсыруы бойынша басқа қызметтерді орындау түсіндіріледі.
Траст құрушы мен сенімді өкіл арасындағы мәміле сенім білдірілген (трасталық) келісім деп аталады. Сондай-ақ, сенім өкілі (банк) құнды қағаздар мен ақша қаражаттар мүліктерімен бөлуші болып қатысады және лайықты құқықтарға иеленеді. Сенім өкілі мүлікке сенім арттырушының өзі немесе үшінші өкілі болуы мүмкін, бенефициар пайдасына олармен басқаруды міндеттейді.
Коммерциялық банктер қосымша кіріс алу, корпорациялардың, фирмалардың үстінен басқару мен олардың ақша қаражаттарын және ірі клиентуралармен байланысын ұзарту мақсатында трастымен жұмыс жасайды.
8 Лекция жоспары
1. Банктің тәжірибесінің тәуекелдерінің жіктеуі
2. Банк тәуекелдерді хеджирлеу әдістері
1. Банктің тәжірибесінің тәуекелдерінің жіктеуі
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.
Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.
Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді.
Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.
Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.
Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:
Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.
Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.
Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.
Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:
· белгісіздік;
· баламалықты таңдаудың қажеттілігі;
· баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.
Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.
Қарамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.
Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.
Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын таңдауына негізделетін тұжырымда болып саналады.
Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктеуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.
Банк тәуекелдері өзінің алуантүрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілері (типтері) мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар (келістер) тұрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.
Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық (портфельдік) тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.
Несие тәуекелі – несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қауіпі.
Пайыздық тәуекел – коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің, инвестициялық қорлардың берілген несиелер бойынша ставкаларының үстінен, тартылған қаражаттар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп жіберу нәтижесінде шығынға бату қауіпі.
Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға, оның ішінде сыртқыэкономикалық, несие және басқа да валюталық операцияларды жүргізу негізінде ұлттық валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қауіпін білдіреді.
Қоржындық (портфельдік) тәуекел – бағалы қағаздар нарығындағы шығындардың болу мүмкіндігі.
Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі – бұл қандай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қызметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жанама (қосымша) қаржы залалдарының (алынбаған пайда) тәуекелі.
Бұдан тысқары, банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.
Атап өткен тәуекелдердің бүкілі бір-бірімен өзара байланысты. Мәселен, несие тәуекелі банктің өтімдік және төлемқабілетсіздік тәуекеліне, сондай-ақ банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеу қабілетсіздігімен байланысты тәуекелге әкелуі мүмкін. Пайыздық ставкалар тәуекелі өзіндік тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы конъюнктурамен байланысты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор ретінде әрекет етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие тәуекелін арттыра түсетін болады.
Банк тәуекелдері өтімдік (ликвидті) тәуекеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
- депозиттік тәуекел;
- күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;
- несие тәуекелі (ссудалар мен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);
- жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;
- жаңа қызмет түрлері бойынша тәуекелдер.
Табыс тәуекелі жұмысшылардың кәсіби сапаларына қатысты. Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- несие тәуекелі;
- валюталы тәуекел;
- ел (елдер) тәуекелі;
- салалық тәуекел.
Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытылы төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ мынаны атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетті шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы қағаздармен операциялар жасауды акцептеу мен қаржыландыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контрактыларға, СВОП, опциондарға қатысты болады.
Әлеуетті несие тәуекелдері операцияларға және операциялардың сатыларына байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сәтіндегі «Форвард»).
Банк тәуекелдері негізгі пайда болу факторлары бойынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер – бұл саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты, кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін, шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқты тәуекелдер болып табылады.
Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер – бұл банктің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-теңдік сақталмаған (несбалансированной) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғырландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең таралған түрі болып саналады. Экономикалық тәуекелдер сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.
Тәуекелдің бұл негізгі түрлері өзара байланысты болып табылады, сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сыртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.
Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығындарды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдістерді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғылыми басқарудың басты міндеті болып саналады.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдістеріне) келесілерді жатқызуға болады:
· тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пайдалану;
· сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, аймақтық, сақтандыру);
· банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлемқабілеттілігін, рейтингін және т.б. жүйелі талдауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;
· несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк операцияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;
· ірі несиелерді тек консорциалды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);
· өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;
· депозиттік сертификатты енгізу;
· банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;
· несиелер мен депозиттерді сақтандыру;
· кепіл құқығын енгізу;
· нақты жеке кепілдерді қолдану.
2. Банк тәуекелдерді хеджирлеу әдістері
Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде. Сақтандырудың көмегімен тәуекелдердің экономикалық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.
Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банкті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.
9 Лекция жоспары
1. Орталық банктің жалпы сипаттамасы
2. Ұлттық Банк – ҚР орталык банкі
3. ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсатты және қызметтер
1. Орталық банктің жалпы сипаттамасы
Қандай да болмасын мемлекеттің банктік жүйесінің негізгі звеносы сол елдің орталық банкі болып табылады. Әр түрлі мемлекеттерде мұндай банктер әрқалай аталады: халықтық, мемлекеттік, эмиссиондық, ұлттық, резервтік (мысалы, Англия, Ресей және Жапонияда) және т.б.
Банкноттарды эмиссиялауға құқығы бар коммерциялық банктердің негізінде орталық банктер құрылды. Эмиссияны іске асырған бірінші банк Стокгольм Банкі болғанына қарамастан (1650 ж. ол көрсетушіге жазылатын және бүкіл Швеция корольдігінің территориясында басқа ақшаның түрлерімен тең айналатын алтын монеталарға депозиттік сертификат шығарып), бірінші эмиссиондық банк болып банкноталарды шығара бастағандықтан және коммерциялық вексельдерді ескергендіктен 1694 ж. құрылған Англия Банкі есептеледі.
Орталық банктер банкноттар эмиссиясынан басқа мемлекет казначейінің, мемлекет және коммерциялық банктердің арасындағы делдалдық, мемлекеттік ақша-несиелік саясатының жалғастырушысының ролін атқарады. Коммерциялық банктердің негізінде құрылған орталық банктер, кейін националдандырылды (ұлттандырылды). Қазіргі уақытта олардың капиталы толығымен немесе бөлшегімен мемлекеттің қолында.
Бүкіл дамыған елдерде орталық банктің мақсаттары мен қызметтері бекітілген және де оларды іске асыратын құралдар мен әдістер анықталған заңдар әрекет етеді. Кейбір мемлекеттерде орталық банктің негізгі мақсаты заңды түрде конституцияда бекітілген. Орталық банктің ісін реттейтін негізгі құқытық акт болып елдің орталық банк туралы заңы табылады.
2. Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасыеың орталык банкі
Қазақстан Ұлттық банкі республиканың орталық банкі болып саналады және Қазақстан Республиксының қазіргі банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. Ол орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қатынаста, Қазақстан Республикасының атынан оның мүдделерін қорғайды. Жоғарғы және екінші деңгейдегі банктер қызметі сипатының өзгеруі құқықтық реттеулерді талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы республиканың Ұлттық банкі соған сәйкес өзінің қызметін құратын және жүзеге асыратын құқықтық негіз болып саналады. Мыналар Қазақстандағы банк қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілер болып саналады: 1995 жылғы 30 наурыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Президент жарлықтары, басшылыққа алу үшін Республикада қазіргі уақытта қолданылатын республиканың бірқатар басқа заңдары, халықаралық шарттар мен келісімдер.
Ұлттық Банк туралы заң актісінің 1-бабына сәйкес бұл мекеме Қазақстанның бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Банктің құқықтық мәртебесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол заңды тұлға болып саналады және коммерциялық банктермен, мемлекетпен белгілі бір азаматтық-құқықтық келісімдер жасай алады, екіншіден – ол Қазақстанның ақша-несие жүйесін басқару бойынша кең түрде билік өкілеттіктерімен бөлінген. Сонымен, Қазақстан банкінің қарама-қайшылықты (двойственный) құқықтық табиғаты бар.
3. ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсатты және қызметтер
Ұлттық Банкі бір мезгілде шаруашылық қызметін жүргізетін заңды тұлғаның арнайы құзырлылығын мемлекеттік тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын орган болып саналады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шаруашылық қызметін жүргізуі мен оның бір мезгілде әкімшілік-бақылау өкілеттіктерін орындауы бір-бірінен тәуелсіз түрде жүзеге асырылмайды.
Өзінің шаруашылық мүдделерін жүзеге асыру және пайда алу мақсатында коммерциялық банктермен азаматтық-құқықтық келісімдер жасай отырып, сонымен бірге ол ең алдымен несие беру мекемелері жүйесінің дамуына тиісінше мақсатты бағытталған әсерін тигізеді және мемлекеттің несие саясатын айқындайды. Мұндай келісімдер жасаудың шарттарын жалпы мемлекеттік ақша-несие саясатының шеңберінде Ұлттық Банк әзірлеп-жасайды.
Орталық банктер банктік жүйені реттейтін негізгі звено болып табылады, сондықтан олрадың қызметінң негізгі мақсаты – ақша айналымының нығайтылуы, шетел валютасының қатынасынан ұлттық ақша бірлігінің және оның курсының беріктілігін қамтамасыз ету және қорғау, елдің ьанктік жүйесінің дамуы мен нығайтылуы, есеп айырысудың тиімді және үздіксіз іске асырылуы.
Орталық банктер капиталдары мен баланстарының масштабы мен операцияларын модифициялап ерекшеленеді. Осының өзінде орталық банктің негізгі міндеті өзгеріссіз қалады және ақша-несие ағымын реттеудегі мемлекет пен басқа сфералардың арасындағы делдалдық айналымының және ұлттық валюта курсының бір қалыптылығына жауап береді.
Орталық банктердің толық қызметі олардың функциялары арқылы көрінеді:
- мемлекеттегі ақша айналымының жағдайы, ақша массасы, ақша массасының құрылымы тәуелді болатын ақша эмиссиясын (айналымға банкноттарды шығару) жүргізу. Ақша эмиссиясы – бұл банктің жай ғана ұйымдық-техникалық операциясы емес, көптеген факторларға: шығарылатын банкноттардың қамтамасыз етілуімен, банкноттардың тауар айналымымен байланысымен, мемлекеттің ақшаға деген қажеттілігімен, ақша айналымының бірлігімен (қолма-қол және қолма-қол емес айналым) байланысты қиын экономикалық шешім.
- Кассалық резервтың басқа несиелік-қаржылық мекемелерде сақталуы және аккумуляциялануы, коммероциялық банктердің несиеленуі. Орталық банкті мемлекеттегі “банктердің банкі” етіп көрсетеді. Ол іскерлік фирмалармен және халықпен операциялар жүргізбейді және осы арқылы банктік жүйедегі өзінің ерекше орнын көрсетеді. Бұл функция мемлекеттің ақша-несиелік саясатымен тығыз байланысты.
- “мемлекет банкі” функциясы өзіне мемлекеттің алтын-валюталық резервінің сақталуын, несиелер берілуін және үкіметтік органдар үшін есеп айырысу операцияларының орындалуын, мемлекеттік құнды қағаздармен операциялардың іске асырылуын, үкіметтік қарыздарды орналастыруын қосады.
- Орталық банктер өздерінің халықаралық функциясында шетел валютасының қоры мен басқа елдердің банктерінің құралдарын сақтаумен, шетел мемлекеттерінің орталық банктерімен аударым және есеп айырысу операцияларын іске асырумен, алтын және шетел валютасымен операциялар жүргізумен айналысады.
- “Экономиканы реттеу”, функциясы ақша-несие саясаты арқылы көптеген елдерде кеңінен дамыды. Көрсетілген функция көптеген елдердің орталық банктерінің қазіргі этаптағы ең тиімдісі, айтылған функциялардың барлығымен байланысты, қоғам дамуындағы банктердің ролінің өсуіне бағытталған.
Қорыта келгенде, орталық банктің ролі экономиканы төлем құралдарымен, есеп айырысу жүйесімен, іскер банктердің жұмысын қадағалаумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету.
10 Лекция жоспары
1. ҚР Ұлттық банкінің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы
2. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері
3. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
1. ҚР Ұлттық банкінің активті және пассивті операцияларының сипаттамасы
Ұлттық банк пассивті және активті операцияларды жүзеге асырады. Пассивті деп банктік ресурстар құралатын операцияларды атайды.
Қазақстан Ұлттық банкінің пасивті операциялар құрамына :
- оның жарғылық капиталын құру;
- резервтік капитал;
- ақша эмиссиясы;
- 2-ші денгейдегі банк резервтерін сақтау;
- Қаржы министірлігінің қаражаттары;
- жеке тұлғалар салымдарын Қазақстан кепілдік (сақтау) қорының қаражаттары кіреді.
Ұлттық банк ресурстарының басты көзі болып ақша эмиссиясы (оның үлесіне барлық пассивтердің 40% -дейін кіреді) табылады. Ақша эмиссиясы Ұлттық банктің монопольдік құқығы болып табылады. Ол номиналдар құрлымын, банкнотолармен тиындардың дизайнын анықтайды, сонымен және олардың дайындалуын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банкінің жарғылық капиталы алынған немесе таза табыстан есептеу жолмен 20 миллиард қазақстандық теңгеден кем емес мөлшерде құрылады.
Резервтік капитал жарғылық капитал мөлшерінде құрылады, таза табыс есебінде толықтырылады. Ол жоғалтулардың орнын басу үшін және жүргізілген операциялар шығындарын жабу үшін негізделген.
Активті операциялар- банктік ресурстарды орналастыру бойынша операциялар.
Ұлттық банктің активті операциялар тобына:
- есептік-ссудалық операциялар;
- бағалы қағаздарға салымдар;
- алтынмен және шетелдік валюталармен операциялар.
2. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі функциялары
«ҚР Ұлттық Банкі туралы» заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес Қазақстанның Ұлттық банкі келесі негізгі қызметтерді атқарады.
- ҚР-да мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу;
- ҚР-сы территориясында банкноталармен тиындардың эмиссиясын жүргізу;
- Банктердің банк қызметтерін жүргізуі
- Банктің қаржы бойынша кеңесшісінің, Үкімет агентінің және басқа мемлекеттік оргындардың олардың келісімдері бойынша қызметтерін жүргізу;
- Төлем жүйесінің қызмет етуін ұйымдастыру;
- ҚР-да валюталық реттеу және валюталық бақылау жүргізу;
- Қазақстан Ұлттық банкінің алтын валюталық активтерін басқару.
Ұлттық банк - бұл елде мысалы қарызға төлеуде міндетті заңды төлем құралдарын банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз ғана мемлекеттік орган. Олар қолма-қолсыз эквивалент алумен банктерге сату формасында Ұлттық банкпен эмиссияда шығарылады.
ҚР Ұлттық банкі банкноталар мен тиындардың тұтынуға қажетті санын анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтау жою және қолма-қол ақша құралдарын инкассациялау тәртібін анықтайды. Қазақстан Ұлттық банкі барлық орталық банктер сияқты “банктердің банкі” деп аталады. Ол басқа қаржы- несие институттарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайда табу мақсатын қоймайды. Оның клиенттері-бұл комерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер.
Қазіргі қаржылық орта жағдайында Ұлттық банк елдің басқа банктері арасында өзара талап етумен міндеттерге негізделген қолма-қолсыз есептеулерді атқара отырып делдал қызметін жүргізеді..
Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктерінде, халықаралық қаржы-несие институттарында Қазақстанның мүдделерін ұсынады қайда мемлекетаралық қарым-қатынастар орталық банк денгейінде жүргізіледі.
Үкімет банкирі ретінде – ұлттық банк мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды ұсынады , мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырады, 2-ші денгейдегі банктерге несие ұсынады, есеп беру операцияларын жүргізеді, елдің алтын валюталық резервтерін сақтайды.
Жоғарыда айтылған Ұлттық Банк қызметтері барлық орталық банктерге сәйкес келеді.
3. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Қазақстанның Ұлттық банкісі ақша-несие саясатын өткізу және өңдеу, оның негізгі бағыттарының дамуын анықтайды, ақша-несие саясатының негізгі құралдарын таңдайды, несие, депозит және ақша массасының статистикалық мәліметтер базасын құрайды, біздің және басқа мемлекеттердің ақша-несиесіне және экономика мәселелеріне зерттеу жүргізеді, ақшаның бағдарламасын құрайды және оның жүзеге асырылуын бақылайды. Жыл сайын, Ұлттық банк ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Оның ішінде негізгі көрсеткіштер бойынша сандық бағыттар көрсетіледі.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкідегі ақша-несие саясатының жалпы экономикалық жағдайын жақсарту дүние жүзінде, сол сияқты мемлекеттерде де жүзеге асырылды. Осы кезеңнің негізгі артықшылығы мыналар болып табылады: қаржы жүйесінің барлық сегментін байланыстыру және бір қалпын сақтау, қаржы секторындағы халықтың жинағына жағымды жағдай жасау, нақты экономикалық сектордағы қаржы құралдарын және несиелеу механизмін дамыту, сонымен бірге инфляцияның 6 процентке дейінгі қарқынын ұстау.
Ұлттық банк ақша-несие саясатының мақсатына жету үшін мына құралдары қолданды: ашық нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізу, марапаттау ставкаларын құру, қорлардың міндетін минималды нормасын реттеу.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің ақша-несие саясатының негізгі бағыты» 2002-2004 жылдарға орай шешуші сәті болып, ақша-несие саясатының үш жылдық кезеңі, яғни алтын-валюта активі және ақшалы база бойынша мақсатты көрсеткіштердің анықталуы ішкі баға өзгерістерінің инфляциялық таргеттеуге баяу өтуі және дайындығы деп аталды.
Инфляциялық таргеттеу өзіне сындарлы элементтердің қатарын қосты. Оның негізгілері болып:
1. Инфляцияның орташа мерзімді сандық жоспарланған көрсеткіштерін көпшіліктің тағайындауы.
2. Ақша-несие саясатының негізгі ұзақ мерзімді бағыты ретінде бағаның тұрақтылығы жайлы институционалдық келісім.
3. Аралық мақсаттарға негізделген төмен көңіл бөлумен сипатталатын ауқымды ақпаратқа сүйенетін орталық банк бағдарламасы.
4. Ақшалай реттеу органдарының мақсаттары мен жоспарлары туралы қоғамды хабардар етуін ақша-несие саясаты арқылы жүзеге асыру.
5. Жоспарлы көрсеткіштерге жетудегі реттеуші органдарының жауапкершілігінің жоғарлауы.
Инфляцияны таргеттеу жоғарыда көрсетілген элементтердің өзара байланысын болжайды. Қайтсе де орташа мерзімді кезеңдегі қалған төрт элемент соңғы элементтің қатысуын талап етеді.
Ақша – несие саясаты ол конъюнктура мен ұдайы өндіріс процесін реттеу мақсатында ақша – несие саласында монетарлы билік басындағылармен қабылданатын өзара байланысты шаралар кешені
Ақша – несие саясаты (ағылшынша – monetary policy) – бұл айналыстағы ақшаға ықпал ететін үкімет саясаты
«Тар» және «кең» ақша – несие саясаты болады. Тар саясат валюталық нарықтағы басқыншылық, пайыздық ставкаларға ықпал ететін есептік саясат көмегімен тиімді валюталық курсқа жету бойынша құралдарды қамтиды. Кең саясат айналыстағы ақша массасына ықпал ету арқылы инфляциямен күресуге бағытталған
11 Лекция жоспары
1. Жалған капиталының түсінігі
2. Бағалы кағаздар – жалған капиталының түрі ретінде
3. Акционерлік қоғамы: түсінігі, мәні және түрлері
1. Жалған капиталының түсінігі
Латын тілінен аударғанда «айдан қурастырылған» деген мангиомы білдіреді. Жалған капиталдың неғізін салушы болып неміс экономисті Карл Маркс табылады. Жалған капиталдың қалыптасуына несие жуйесі және іс - әрекет сферасындағы қаржылық делдал негіз болған. Карл Маркс бул капиталдың бірнеше формасын боліп корсеткен. Олар: банктік вексель және банкнота. Несиені айналымға «несие қуралы» ретінде сала отырып банктер оларды пайыздық табыс әкелетін капитал ретінде сала қарастырылады. Несие эмиссиясы қалыптасатын банкте ол жалған болып табылыды. Жалған капиталдың басқа формасы ретінде мемлекеттін қарыз капиталы табылады. Олар өз меншік иелеріне табыс әкелетін облигациялар ретінде қарастырылады.
2. Бағалы кағаздар – жалған капиталының түрі ретінде
Жалған капитал қунды қағаз ретінде (акция, облигация) өз меншік иелеріне тускен пайданың бір бөлігін, яғни дивидент немесе пайыз турінде табыс тауға жол ашады. Бүл капитал «қарыздық тауға айналу» нәтижесінде пайда болады. Құнды қағаз бойынша жалған капиталдың бағасы кезегінде капиталдандырылған табыс ретінде қарастырылады. Жалған капиталдың ссудалық капиталдан айырмашылығы, қунды қағаз – бул ссудалық капиталды ауыстыруында.
Жалған капитал және оның формалары.
Несиенің және капиталдың өндірістің дамуы негізінде қунды қағаздар: акция және облигациялар пайда болған. Қунды қағаз – бүл кәсіпорынға немесе оның ссудалық негізін қүрайтын сонымен қатар қосымша дивидент және пайыз түрінде табыс алуға құқық берілді.
Акцияның меншік иелісі жыл сайын дивидент турінде табыс алады, ал облигацияның меншік иелісі белгілі бір мерзім бойынша белгілі бір пайыз алады.
Жалған капитал – бүл қүнды қағаз түріндегі және оның меншік иесіне белгілі бір мерзімде қосымша пайыз немесе дивидент түрінде табыс алуға мумкіндіқ келбеті болып табылыды.
Жалған капиталдың көлемі акциялардың, облигациялардың және басқа қүнды қағаздардың бағасының сомасымен теңес – тіреледі. Жалған капиталдың көлемі оның өзімен келетін табыс көлемімен емес керісінше қүнды қағаз бойынша табыстың көлемінің анықталады.
3. Акционерлік қоғамы: түсінігі, мәні және түрлері
Құнды қағаз ретінде Жалған капитал әр түрлі формада болады. Олардың ең негізілері болып:
1. Акциялар
2. Капиталдандырылған кәсіпорындардың облигациялары.
3. Мемлекеттік қарыздардың облигациялары.
4. Ипотекалық банктердің салым қағаздары.
Акцияларды шыгарушы ретінде курделі кәсіпорындар ылғи өз меншігінде болатын және қайтарымыз турдегі өзіндік капиталды қурастырады.
Акцияға қарағанда облигация – бул өз меншік иесіне жыл сайын қатаң турді, пайыз негізінде табыс әкелетін қарыз беруші болып табылыды. Акциялардың курсы екі факторға байланысты өзгереді. Акция бойынша дивидентердің көлемінің өзгеруі негізінді және пайыздардцң мөлшерінің ауытқуы негізіңде.
Облигацияның ерекше турі ретінде мемлекеттік қарыз облигациялары болып табылыды. Проценттер капиталдың қарым – қатынастар арқылы пайда болатын табыстан емес, мемлекеттік бюджеттен, сонымен катареңбек ету шілердің салықтарынан төленеді.
Облигациялардың басқа турі ретінде салым қағаздары табылады (закладные листы) Бүлар ипотекалық банктерде жер учаскелерін және үйлердің қаупсіздігін сақтау ушін салынады.
Акционерлік қоғамдар
Курделі капиталдың өндірістік деңгейі жеке капиталдың шектелуі мен қатысты. Осыдан көптеген жекешендірілген капиталдың бір акционерлік капиталға бірігу қажеттілігі туындайды.
Акционерлік қоғамдардың арқасында жекешендірілген капиталистердің шанасы жетпейтін ұйымдардың, кәсіпорындардың және ауқымды орталықтандырылған капиталдың даму, қалыптасу мумкіндіктері туады.
Акционерлік қоғамдардың өзіндік капиталы мыналардан ққуралады:
- Төленген капиталдан, акциаларды салу жолымен қалыптасады.
- Резервтіқ капитал, пайданың алынып тасталган бөлігінен қуралған.
Акция – бүл акциенерлік кәсіпорындардың дивидент алу құқығын білдіретін капиталға томышал пайда салуын куәламдыруы.
Алғашында акцияларда әр бір меншік иесіне байланысты аталған,
Акциялардың белгіленген ақшалай сомасы номиналдық акция қуин деп аталады.
Ал, акциялардың нарықта сатылу бағасы – акциялардың курсы деп аталады.
Акциялардың курсы алардан алынатын дивиденттермен тікелей байланысты. Акциялар табысты алу үшін сатып алынатындыңтан сатып алушылар оларға дивидент түрінде келетін табыстан анағұрлым жоғары көлемде ақша төлейді.
Басқа жағынан акциардың курсы, пайыз мөлшерлерімен кері әсерде болады. Неғұрлым пайыздық мөлшері төмен, соғұрлым жоғары болады.
Акциялардың бақылау пакеті деп курделі капиталистердіңк қолдарымен дайындалатын және оларға ісжузінде акциянерлік қоғамды бақылауға мум кіндіқ беретін акциялардың сомалары.
Акционерлік қоғамдардағы монополиялық капиталды кушейтудің бір әдісі ретінде акциялардың ерекше турлерін шыгаруы саналады. Олар:
1. көпдауысты, яғни әрбіреуне бірнеше дауыс беру құқығы беріледі.
2. дауыссыз яғни дауыс беру құқығы берілмеген.
12 лекция жоспары
1. Қор биржалардың басқару және ұйымдастыру ерекшеліктерілер
2. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
1. Қор биржалардың басқару және ұйымдастыру ерекшеліктерілер
Бағалы қағаздардың қайталама нарығының қызметі бағалы қағаздар нарығында жетекші орын алатын қор биржаларының көмегімен жүзеге асырылады.
Қор биржасы негізгі ұйымдасқан қаржы нарығы, яғни бағалы қағаздармен операциялар жүзеге асырылатын орын болып саналады, ал баға белгілеу процесі сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша немесе стихиялы түрде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес биржа жабық үлгідегі акционерлік қоғам түрінде құрылады.
Қор биржасының қызметін қаржыландыру:
· оның мүшелегіне кіруге құқық беретін өз (меншікті) акцияларын сату;
· тұрақты (негізінен, қор биржаларының жылсайынғы мүшелік жарналары);
· биржада жүзеге асырылатын мәмілелерден биржалық алымдар;
· өзге кірістер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Сөйтіп, оның жұмысы өзін-өзі ақтау қағидаларына негізделген.
1) сатып алушыны сатушымен жүздестіру;
2) сұраныс пен ұсынысты теңестіре отырып, бағаның тұрақтануына ықпал етеді.
Іс жүзінде облигациялардың бүкілі «көше нарығында» сатылады немесе компанияларды биржалардың қызметінен бас тартуға итермелейтін әрқашанда себептер өмір сүреді.
Егер клиент биржадан тыс айналымнан бағалы қағаз сатып алғысы келсе, онда «көше нарығы» механизмі іске қосылады.
Аталмыш нарықта акциялар облигациялармен қалай сауда жасалса, ол да сондай тәсілмен, яғни жеке брокерлер арасындағы келіссөздер жолымен сатылады. Брокер бағалы қағаздар сатып алуға тапсырыс ала отырып, телефон арқылы кім сата алатындығын біліп, өзінің әріптесін іздейді.
«Сөреден» акциялар сату биржа сессияларына қарағанда ұзаққа созылады, ал кейбір кездері тұтастай бір күнді алады. Дегенмен ол көлемі бойынша биржа саудасына көпшілік жағдайда орын береді. Ал «көше» нарығында көптеген жас компаниялардың акциялары сатылады. Сонымен бірге бұл жерден ескі консервативтік фирмалардың акцияларын табуға болады, мұндай биржалардың басшылығы қандайда бір себептермен биржаларға жақындамауға тырысады.
Неғұрлым кең тұрғыдан алғанда биржа бағалы қағаздар нарығында «наводчик» рөлін атқарады. Соның арқасында әрбір инвестор өздерінің іздегендерін таба алады, ал салымшылар кімнің акциялары жоғары бағаларға ие болса, сол компанияларға ұмтылады. Биржалардың әсерімен «көше нарығындағы» бағалар қалыптасады. Сонымен бірге – бұл айсбергтің көрінетін бөлігі болып саналады.
Өзінің айналымы бойынша биржа саудасы, облигациялардың, негізінен, биржа арқылы өтпейтіндігінен «сөре» арқылы жасалатын саудадан он еседен аса төмен болады.
Бағалы қағаздардың қалыпты айналымына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, олар туралы ақпараттар таратуға жататын олардың нарықтық бағасын анықтау биржа қызметінің айрықша жағдайы болып саналады.
Сонымен, бағалы қағаздар қайталама нарығының биржа-институты бағалы қағаздарды, негізінен, акцияларды сатып алу-сатуды ұйымдастыратын процесс.
2. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
Кез келген тауардың нарықтық бағасы туралы айтқанда сөз сатушы саны емес, сатып алушының саны туралы болып отыр деп түсіну керек. Тауардың сапасы толық қанағаттандырарлық жағдайда болғанның өзінде, сатып алушының сатушының бағасы бойынша сатып алғысы келмейтін жағдайлары жиі кездеседі, сол арқылы неғұрлым төмен бағамен сатып алуды ұсынады. Сондықтанда бағалы қағаздардың нарықтық бағасы әлеуетті сатып алушының оған қандай әсерде болатындығына қатысты болады.
Бизнестегі ақшалар қозғалыссыз жатып қалмайды, тұрақты түрде жұмыс істейді, сол себептенде оны ол жерден жұлып алуға болмайды. Сондықтанда бағалы қағазды сатып алған адам, негізінен оларды эмитентке емес, үшінші жаққа сатады. Бұл операциялардың барлығы биржа арқылы, дәлірек айтсақ брокерлік кеңселер арқылы жасалады. Бұл жерде олар кез келген басқа тауар сияқты бір-бірімен көп емес, аз түрде бәсекелестікке түсе бастайды.
Мұндай жағдайда сатып алушылардың нақтылы сұранысы қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандардан шығара отырып айтқанда, бағалы қағаз – ол да тауар болып саналады және олар делдал арқылы сатып алынады, яғни біршама ақша сомасын сатып алу жүзеге асырылады. Бұл қандай сома дейтін болсақ, олардың барлығы сіздің бағалы қағаздардың қандай партиясын сатып алғыңыз келетініне және сатқыңыз келетініне немесе мәміле бойынша сіз брокермен қандай сатып алу бағасына келістіңіз (дилермен немесе басқа делдалмен), соған қатысты болады.
Биржалардың мүшелері:
·акционерлер;
·бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
Қор биржаларының мүшелері болып әдетте заңды тұлғалар қатысады.
Қазақстан Республикасында заңдарға сәйкес биржа мүшелерінің саны шектелген және ол жарғымен анықталады. Сондай-ақ биржаларға жаңа мүшелер қабылдау жарғыда қосымша ескертіледі.
Қор биржаларында оның барлық мүшелері тең болып саналады, яғни мысал үшін, тауар биржаларында орын алатындай, мүшелерінің әртүрлі санаттарда болуына жол берілмейді. Бұл уақытша мүшеліктің болмаушылығына, биржа мүшелерінің орынды жалға немесе залдарды аталған биржаның немесе қор бөлімінің мүшесі болып саналмайтын тұлғаларға бере алмайтындығына әкеледі.
Шетелдік тәжірибеде қор биржасы мүшелерінің әртүрлі санаттары (категориялары) бөліп көрсетіледі. Мысалы, халықаралық Лондон қор биржасының мүше-фирмалары әртүрлі үш санатқа (категорияға) бөлінеді. Егер биржа мүшелері брокерлік қызметпен айналысатын болса, онда ол нарықты құрушы – «маркет-мейкер» ретінде нарықта тіркеле алады. Негізінен, ірі фирмалар ғана мұндай қызметтерді өздеріне ала алады. Олардың қызметі – міндетті баға белгілеу кезеңі деп аталатын белгіленген уақыт ішінде бағалы қағаздарды белсенді түрде сатып алу (сату) болып табылады. Олар баға белгілеу кезінде екі бағамды: сұраныс (сатып алушы) бағасы мен ұсыныс (сатушы) бағасын көрсетуге міндетті.
Екінші санат (категория) – дилераралық брокерлер. Бұл – бір-біріненен өз аттарын жасыру арқылы өзара әрекет етуді қалайтын, нарықты құрушыға делдалдық қызмет көрсететін фирмалар. Дилераралық брокерлерді пайдалану нарық құрушыларына бағалы қағаздар бойынша өздерінің ағымдағы позицияларын бәсекелестерден жасыруға мүмкіндік береді.
Үшінші санат (категория) – ақша брокерлері. Олардың негізгі қызметтері – нарықтың құрушысы үшін бағалы қағаздарды өзара қарызға ала тұру болып табылады.
Биржа мүшелеріне қойылатын талаптар заңдармен, сол сияқты биржалардың өздерімен белгіленеді.
Осыған орай заңдарда әдетте биржаға мүшелікке өтуге қойылатын жалпы талаптар ғана белгіленеді, ал биржаішілік нормативтік құжаттар қосымша талаптарды алға тартады.
Қор биржасы өз мүшелеріне келесідей мүмкіндіктер беруі мүмкін:
· биржалардың жалпы жиналыстарын және оның ісін басқаруға қатысуға;
· басқару және бақылау органдарына сайлауға және сайлануға;
· биржа мүлкін, қолда бар ақпараттарды және ол көрсететін кез келген қызмет түрін пайдалануға;
· таратқаннан кейін биржаның иелігінде қалған мүлікті алуға қатысуға.
Сонымен бірге биржа мынадай міндеттерді айқындайды:
· биржаның жарғысын және өзге де биржа ішілік нормативтік құжаттарды сақтау;
· жарғыда және нормативтік құжаттарда қаралған тәртіпте, мөлшерде және тәсілдерде салымдар мен қосымша жарналар салу;
· биржа қызметін жүзеге асыруға көмек көрсету.
Алғашқы бетте қор биржалары сауданы, оның қатысушыларының мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін бағалы қағаздармен көтермелеу және қолдау көрсету үшін құрған болатын. Сондықтанда биржа сауда үшін ұйымдасқан орын ретінде қаралады.
13Лекция жоспары
1. Валюта жүйесі және валюта катынастары
2. Төлем балансы және оның құрылымы
1. Валюта жүйесі және валюта катынастары
Елдердегі шаруашылық байланыстарын интернационалдандыру шегі бойынша тауарлардың, қызметтер мен капиталдардың және несиенің халықаралық ағымы өсе түсуде. Әлемдік шаруашылықта ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасатын ақша капиталының тәулік бойы «құйылуы» жүзеге асырылады. Оның үстіне әрбір егеменді мемлекетте оның ұлттық ақшасы заңды төлем құралы болып саналады. Дегенмен, халықаралық айналымда негізінен шетелдік валюталар қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта әзірше, барлық елдер үшін міндетті жалпыға танылған әлемдік несие ақшалары болмауы мен алдын-ала келісілген.
Елдердің, оның ішінде Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ұлттық ақшаның ақша капиталының бір бөлігінің шетел валютасына айналуын және оған керісінше жағдайларды тұғызуда. Бұл халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржылық операциялар кезінде болады.
Осыған орай, халықаралық валюта қатынасы – қоғамдық қатынастар жиынтығының тарихи түрінде қалыптасты. Олар валюталардың ұлттық шаруашылықтардың қызметінің нәтижелерін өзара айырбастауға қызмет көрсетуші әлемдік шаруашылықтағы қызмет жүргізуі кезінде пайда болды.
Валюталық қатынастар–халықаралық есеп айырысулар, несие және валюталық операцияларын жүзеге асыру мақсатымен валюта және ақша нарықтарында жеке тұлғалардың, фирмалар мен банктердің қатысатын күнделікті байланыстарын кіргізеді.
Вексельдік және айырбас жұмыстары ретінде валюта элементтерінің қатынасы ежелгі дүниеде (Ежелгі Грецияда және Ежелгі Римде) пайда болды.
Халықаралық валюталық қатынастар мен олардың қалыптары келесі факторлармен анықталады: әлемдік және ұлттық экономиканың даму шегі, саяси жағдай, елдер арасындағы байланыс күші.
Сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру шарасы бойынша валюталық жүйе құрылған.
Шаруашылық байланыс негізінде ұштасуы тарихи қалыптасқан валюталық қатынастардың жиынтығын валюта жүйесі көрсетеді.
Ұйымдық-құқықтың көзқарас тұрғысынан алғандағы валюталық жүйе ұлттық заңдылықтармен немесе халықаралық келісімдермен, реттеуші валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетімен құқықтық формасын білдіреді.
Валюта жүйесінің тарихи келесі түрлері қалыптасқан: ұлттық, әлемдік, аймақтық.
Ұлттық валюта жүйелері – оның көмегімен халықаралық төлем айналымдары жүзеге асырылады, қоғамдық ұдай өндіріс процесі үшін қажетті валюта ресурстары қалыптасатын және пайдаланылатын экономика қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Халықаралық еңбек бөлінісі, тауар өндіру, сыртқы сауда, әлемдік базалық және аймақтық валюталық жүйе болып табылады.
Әлемдік валюта жүйесі – валюта құралдарының қызмет етуін қамтамасыз етуші халықаралық несие-қаржылық институттарын және халықаралық-шарттық және мемлекеттік-құқықтық нормаларының кешенін кіргізеді.
Әлемдік валюта жүйесінің шеңберінде, өнеркәсібі дамыған елде (Еуропалық валюта жүйесі - ЕВЖ) аймақтық валюта жүйесі құрылады.
Валюта саласындағы Еуропалық қауымдастықтың бірқатар елдерінің ұйымдық-экономикалық қатынастарының формасы ретінде ЕВЖ 1979 жылдың наурызында құрылған.
Егер ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделсе онда әлемдік валюта жүйесі – бір немесе резервттік валюталарға немесе халықаралық есеп бірліктеріне негізделеді.
Әрбір валюта жүйесінің өз элементтері бар, оны төменде қарастырамыз.
Ұлттық валюта жүйелерінің элементтері:
· ұлттық валюталар, олардың атаулары;
· ұлттық валюталардың айналу жағдайлары, яғни, шетел валюталарымен айырбас.
Ерекшеленеді:
а) еркін айналыстағы валюталар (ЕАВ), шетел валюталарына шектеусіз айырбасталатындар «Еркін қолданылатын валюта» түсінігі 1978 жылдан бастап Халықаралық валюталық фонд жарғысында енгізілді. Оған жатқызылғандар: Америкалық доллар, Неміс маркасы, Жапониялық иона, Француз фарнкі, Ағылшын фунт стерлингі;
б) мысалы, Ресей рублі, жартылай-еркін айналыстағы валюта; валюталық шектеуге ие елдер;
в) еркін емес айналыстағы (тұйықталған) валюталар, валюта айырбасына тыйым салынған елдер.
· Валюта өлшемдестігінің тәртібі – бұл екі валютаның арасындағы байланыс. 70-ші жылдар ортасынан бастап өлшемдестік валюта себептері базасында қолданылады. Бұл әдіс белгілі бір басқа валюталар жиынтығымен бір ақша бірлік курсы орта есептен шамалас өлшем. Мысалы, СДР валюта себеті жоғарыда көрсетілген бес еркін қолданылатын валюталардан құрылған, оның үстіне қазір Америка долларының үлесі шамамен 40%-ті, Неміс маркасы-21%, Жапондық иені-17% құрайды.
· Ұлттық валюта курсының тәртібі (белгілі бір шекте жүзген, белгіленген). Сонымен, Еуропалық валюта жүйесінде он екі валюта курсының өзара шектелуі – 15% орталық курста белгіленген.
· Валюталық шектеулердің болуы және болмауы. Мысалы, Ресейде елдер экономикасының тұрақсыздандырылмағанына байланысты валюта құндылығына байланысты шек қоюлар, кесімді шектеулер, белгілі бір операцияларға тыйым салулары белгіленген.
· Елдерде халықаралық валюталардың тез өтуін реттеу. Барлық елдер немесе жеке елдердің мемлекетпен халықаралық ақша талаптары мен міндеттерінің реттелуімен, төлем қасиеттерін сипаттау, халықаралық тез өтеу қатынасын көрсетеді. Халықаралық валюта тез өтуінің құрылымына шетел валютасы, алтын, МВФ дағы қор орындары, СДД дағы есепшот және ЭКЮ енгізілген.
· Халықаралық есеп айыру түрлерімен халықаралық несие айналым құралдарын қолда рыногы мен алтын рыногының тәртібі.
· Валюта қатынасын реттейтін ұлттық органдар мәртебесі.
Орталық банк, Қаржы Министрлігі, арнайы органдар. Жиынтықта жалпы осы элементтер халықаралық валюталық-несиелік және есеп айырысу қатынасын жүзеге асыру үшін мемлекет арқылы анықталған валюта механизімін көрсетеді.
Әлемдік валюта жүйесі – бұл халықаралық валюталық қатынастардың ұйымдастыру формасы, әлемдік рынок (шаруашылық) негізінде жүзеге асыру мен мемлекет аралық келісімдермен бекітіліп, қалыптасқан. Әлемдік валюталық жүйенің негізі болып қалыптасқан, ұлттық валюта жүйесінің мемлекеттік-құқықтық формасын ұйымдасуы, сонымен қатар, осы жүйеге кіретін әр елдердің валюталық механизімі болып табылады.
Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйелерінің элементтерімен тығыз байланыстағы белгілі бір элементтерді енгізеді.
Оларға қатыстылар:
· халықаралық есеп айыру бірліктерінің атаулары (СДР, ЭКЮ, аударымда жасалатын рубль);
· халықаралық шоттық ақша бірлігі – өлшемдестік пен курсты белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттерде ретінде қолданылатын валюта бірлігі. Қазіргі кезде халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет көрсету үшін қажетті әлемдік несие ақшаларының түп тұлғасы ретінде СДР (қарыз алудың арнайы құқығы) және ЭКЮ (Еуропалық валюта бірлігі) қатысады. Бұл халықаралық активтер арнайы елдер шотында жазылу есеп айырысулар үшін қолданылады: СДР-Халықаралық валюта қорында, ЭКЮ-Еуропалық бірлестіктегі валюталық ынтымақтастағы Еуропалық қорда. Олардың шарты құны валюталық «себетке» кіретін валюта курсын салыстыру және орта есептік құн базасында есептеледі;
· валюта өлшемдестігінің және валюта курстарының жүйеге келтірілген тәртібі;
· белгілі бір кезеңде валюта құндылықтарымен мүше елдерге операциялар бойынша шектеуді алып тастауды және валюталық шектеуді (талапты) ХВР мемлекетаралық реттеу;
· мемлекетаралық несиенің айналым құралдары (векселдер, чектер және басқалар) мен халықаралық есеп айырысу формаларын жүзеге келтіру ережелерін қолдану;
· әлемдік валюта рыноктары мен алтын рыноктарының тәртіптері;
· 1944 жылдан бергі мемлекетаралық реттеу институтының, халықаралық валюта қорының мәртебесі.
Әлемдік қаржы жүйесінің ерекшеліктерімен тұрақтылығы, оның құрылымдарын жасау қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарын жасаудың қағидаларына, әлемдік аренадағы күштердің қойылуына және жетекші елдері мүдделерінің сәйкес келушілік дәрежесіне қатысты болады. Бұл қағидалардың сәйкес болмауы жағдайында, оның құлауы мен және жаңа валюта жүйесінің жасалуымен аяқталатын әлемдік валюта жүйесінің дағдарысы туындайды.
2. Төлем балансы және оның құрылымы
Валюталық қатынастар халықаралық есеп айырысулардың балансында көрсетілетін халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет көрсетеді.
Халықаралық есеп айырысу баланстары макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады, сондай-ақ, елдер арасындағы ұлттық табыстың қайта бөлінуін көрсетеді.
Ішкі жалпы өніммен (ІЖӨ) ұлттық кірістің анықтау кезіндегі халықаралық талаптардың таза сальдосы мен міндеттері ескеріледі.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – бұл бір елдің екінші елге қатыс бойынша ақша төлемдері мен түсімдерінің және талаптары мен міндеттерінің байланысы.
Мұндай баланстардың негізгі түрлері болып саналатындар: есеп айырысу және төлем баланстары.
Төлем баланстарын қарастырамыз. Ол халықаралық есеп айырысу баланстарында орталық орынды алады. Ол сандық және сапалық түрде ауқымдарын, құрылымдары мен мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыс сипатын көрсетеді.
Төлем балансы – аталған елге шетелдерден белгілі бір уақыт аралығы шетелдерде өндірген өнімдер үшін алынған төлемдердің нақты түсуінің ара-қатынасы. К. Маркстің баға беруі бойынша бұл «мезгілі келген және тез арада өтелуі тиісті баланс төлемдері», яғни, белгілі бір күнге орындауға жататын төлемдер болып саналады.
Төлем балансының құрылымы
.
Төлем балансының құрылымына екі негізгі бөлім енгізіледі:
1. Ағымдағы операция балансы, оған енгізілетіндер:
· сыртқы сауда операциялары бойынша түсімдер түсуі мен төлемдері, немесе сауда балансы;
· баланс қызметі (халықаралық тасымалдау, сақтандыру және сол сияқтылар);
· саудасыз операциялар бойынша балансы (өкілдердің құрамы, іс сапарға жіберген мамандар, халықаралық туризм).
2. Капиталдардың қозғалыс баланстары: инвестициялар және несиелер.
Сауда балансы – экспорт және импорт тауарларының балансы. Сыртқы сауданың ол түрі, қазіргі жылда төленбейді, экспорт пен импорттың талаптары мен міндеттерінің байланыстарын көрсететін, дербес сауда балансына кіреді.
Егер тауарларды сыртқа шығару тауарларды әкелуден асып кететін болса, сауда балансы активті болады, егер импорт тауарлар экспорт тауарлардан асып кететін болса (мысалы; бірқатар дамушы елдер мен мемлекеттер нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырады), онда сауда балансының пассивті балансы туындайды.
Баланс қызметі мен коммерциялық емес төлемдер – «көрінбейтін» баланс операциялары төлемдер мен түсімдерді әртүрлі форма бойынша және экономикалық мазмұнға қызмет ету мен коммерциялық емес операциялар енгізеді. Оған енгізілгендер: көлікпен тасымалдау, байланысы (пошта-телеграфтық және телефондық), сақтандыру, коммиссиондық операциялар, халықаралық туризм, іс сапарлар, мәдени айырбас, дипломатиялық және сауда өкілдерінің мазмұны, лизингтік операциялар, қалам ақылар, ойлап табулар, шет елдердегі әскери шығындар және басқалары халықаралық әдіс бойынша қызмет етуге және несие бойынша пайыздар және шетел қаржы салымы бойынша дивиденттер енгізіледі, бірақ, экономикалық мазмұн бойынша олар несиелер мен мол ақша қозғалысына жатады.
Капитал және несиелер қозғалысының балансы – алынған және ұсынылған халықаралық несиелер бойынша мемлекеттік және меншік капиталды әкелуі және жөнелтуі бойынша түсім мен төлемнің өзара қатынасы. Кәсіпкердің мол ақша қозғалысы шетелдің тікелей қаржы салымы түрінде (кәсіп орындарда) және қоржындық ақша қаражатын бөлу (құнды қағаздарға) түрінде жүзеге асырылады. Халықаралық ссудалық капитал қозғалысы ұзақ мерзім, орта мерзім және қысқа мерзім несиелерінің түрлерінде жүргізіледі.
Экономика мен саясатта болатын, төлем балансында тереңдеу пайызы бейнеленеді. Төлем балансының жағдайында мына факторлар әсерін тигізеді:
· ұлттық экономиканың әлемдікке қатысу дәрежесі;
· мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметіне араласу дәрежесі;
· саяси күштерді қою;
· қаржы салушыға салық заңдылығын қабылдауы;
· капиталды шоғырландыру деңгейі.
Басқа баланстар сияқты төлем балансы да активті және пассивті болуы мүмкін. Егер валютаның түсуі кеңейсе, онда төлем балансы активті, егер төлемдер түсуден көп болса, онда пассивті, яғни тапшы (дефицитный).
Төлем балансы мемлекеттік реттеудің объектілерінің бірі болып саналады. Төлем балансының мемлекеттік реттелуі – бұл төлем балансының негізгі салаларын құруға бағытталған экономикалық, соның ішінде, валюталық, қаржылық, ақша-несие өлшемдігінің жиынтығы.
Елдердің халықаралық есеп айырысу жағдайына және валюталық-экономикалық жағдайына байланысты сыртқы экономикалық операцияларды шектеуге немесе ынталандыруға бағытталған төлем балансын реттеудің бірнеше әдістері өмір сүреді.
1. Тапшы төлем балансын өтеу үшін дәстүрлі (егер төлемдер валюта түсімін көбейтсе) шетел несиелері және капиталдарды әкелу қолданылады. Бұл төлем балансының тең ұстауының уақытша әдісі, өйткені, қарыз елдер дивиденттер (үлес) мен негізгі қарыз алу сомасын, пайызын төлеу міндеті.
2. Шетел валютасына шетелге, шетел және ұлттық құнды қағаздарды сату төлем балансының пассивті сальдосын жабудың көмекші құралы болып саналады. Мысалы, қазыналық облигацияларды басқа елдердің орталық банктеріне орналастырып, АҚШ-та төлем балансының пассивті сальдосын жартылай өтейді.
3. Төлем балансының соңғы бір қалыптағы әдісі болып ресми алтын валюталық резервтерін қолдану жұмысы көрсетіледі. Халықаралық міндеттерде көрсетілгендей, шетел валюталарына қазіргі жағдайда сары металл әлемдік рынокта алдын-ала жүзеге асырылады.
1970 жылдан бастап дефицит төлем балансын жабу үшін осы аударым арқылы халықаралық активтерді (СДР) аудару жолдарымен бір елдің есепшотынан екінші бір ХВҚ есепшотына шетелдік валюталарды айырбастау арқылы қолданылуда.
1979 жылдан бастап елдер дефицитті төлем балансың жабу мақсатында қажетті шетел валюталарын алуға ЕВЖ мүшелері – ЭКЮ-ді пайдаланады.
Сөйтіп, төлем байланысын реттеу маңызды түрде қиындай түсіп, оның құралдары кеңейді. Басқа да экономикалық саясат түрлеріне қарағанда, ол жүйелік сипат алады.
Есеп айырысу балансы – төлемдердің уақыты келгеніне қарамастан шетел мемлекеттеріне берілген елдер міндеттері мен талаптарының өзара байланысы. Мұндай талаптар мен міндеттер тауар мен қызметтің экспорт және импорт нәтижесінде, несиелер мен қарыздарды алу және беру кезінде пайда болады. Борыштық міндеттемелер сол елдің немесе оған қарыз болғандардың алған несиелерінің және шетел инвестицияларының сомасын көрсетеді.
Төлем және есеп айырысу баланстары бірдей құрылымдарға ие. Олардың арасындағы айырмашылықтар, есеп айырысу балансына елдердің талаптары мен міндеттері, оның ішінде өтелмеген қарыздардың кіруімен, ал төлем балансына нақты түсімдер мен төлемдер кіретіндігі арқылы анықталады.
Сөйтіп, төлем және есеп айырысу баланыстары арасындағы айырмашылық талап пен түсімдер арасындағы уақыт кезінде айырмашылықты анықтайтын халықаралық несие қатынастарының даму дәрежесін көрсетеді.
14 Лекция жоспары
1. Халықаралық қаржы және несие институттарының қызметінің қысқаша сипаттамасы
Халықаралық және аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдары – бұл ынтымақтастықты жүзеге асыру мен тұрақты әлемдік шаруашылықты қамтамасыз ету үшін халықаралық экономикалық қатынастарын реттеу мақсатында мемлекетаралық келесім негізінде құрылған институттар.
Мұндай ұйымдарға жататындар:
Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) 1944 жылы Бреттон-Вудста (АҚШ) халықаралық валюта-қаржылық конференцияда жарыққа шығарылған. МВФ және ҚҚДХБ штаб-пәтері ел астанасы Вашингтонда орналасқан. Ол олардың капиталдарының көптеген квоталарына ие.
ХВҚ-ның негізгі міндеттері:
· халықаралық саудада теңдестіріле өсуіне көмектесу;
· төлем балансының дефицитіне байланысты валюта қиындықтарын жеңу үшін елдер-мүшелеріне (3 тен 5 жыл мерзімімен) – несиелерді ұсыну;
· валюталарға шек қоюды алып тастау;
· жарғы қорында бекіткен, әлемдік валюта жүйесінің құрылым принциптерін сақтауға бақылау жолымен мемлекетаралық валюталық реттеу.
Алғашқы беттегі мүшелердің санын 35 мемлекет құрады, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Мемлекеті, сондай-ақ, ХВҚ мүшесі болып саналады.
Сондықтан, Халықаралық валюта қоры елдер-мүшелерінің төлем теңгерулерінің жай-жүйелерін бақылау және оларды теңдестірілу үшін жағдай жасауын жүзеге асырады, сонымен қоса, қажетті несиелерді береді.
Қайта құру және даму халықаралық банкі (ҚҚДХБ) – мемлекетаралық инвестициялық институт, ХБҚ-мен бір мезгілде құрылған. БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі.
ҚҚДХБ-ның қызметінің ресми мақсаты болып меншік инвестициялардың кепілденуі, ұзақ мерзім қарыздары мен несиелерді беру олардың экономикалық делдалымен өсуде ел-мүшелеріне көмектесу болып саналады.
ХВҚ-дан ерекшелігі ҚҚДХБ-ның көп несиелер ұзақ 15-20 жыл мерзіміне созылған.
ХВҚ мен ҚҚДХБ-ның қызметі өзара байланысты, олар бір-бірлерін толықтырып отырады. Оның үстіне ҚҚДХБ мүшесі болып, тек қана ХВҚ мүшелері бола алады.
Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ 1960 жылы құрылған) әкімшілік шығындарды жабуға 34% көлемінде комиссияны ғана алады, ҚҚДХБ неғұрлым дамыған елдер-мүшелеріне 30-35 жыл мерзіміне жеңілдетілген пайызсыз несиелер береді. Бұл несиелердің мақсаты – кедейленген елдерге дамыған елдерден экспорт тауарларды демеу. ХДҚ қызметінің ерекшелігі ҚҚДХБ қызметінің үйлестіруімен және жобалардың бірлескен несие берулерімен тұжырымдалады.
Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚХ 1956 жылы құрылған) меншік секторлардың өсуі үшін дамып келе жатқан елдер өнер кәсібінде меншік инвестициялардың бағытын ынталандырады. Несиелер неғұрлым өсім беруші кәсіпорындарға 15 жылға дейін мерзім береді.
Кепілдік беру инвестициясы бойынша көп жақты агенттік (КИКЖА 1988 жылы құрылған) шетел инвестициялар сұрақтары бойынша үкімет органдары кеңес береді, коммерциялық емес тәуекелдерден тікелей инвестицияларды (15-тен 20 жылға дейін мерзіммен) сақтандыру жүзеге асырады. КИКЖА мүшелері болып тек қана ҚҚДХБ мүшелері ғана саналады.
Қайта құру және даму халықаралық банк оның үш филиалымен ресми емес аталған бүкіл жемдік немесе әлемдік банктермен бірлескен. Бұл мемлекеттік қаржы институттары халықаралық несие қатынасын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, олардың онша көп емес ссудалары ссудалық капиталдардың әлемдік нарығында меншік банктердегі өзара қатынастарына тек елдерде мүмкіндік ашады. Олар басқалардың қатарында дамып келе жатқан елдердің сыртқы қарыздарын реттеуде басқа халықаралық ұйымдармен белсенді қатысады. Сондай-ақ, Қазақстан Әлемдік банктің мүшесі болып саналды және оның несиесін пайдаланады. Оның несиелеріне байланысты мемлекеттік жобалары үшін ондағы өмірін маңызды қаржыландырады.
Қайта құру және даму еуропалық банкі (ҚҚДЕБ 1990 жылы құрылған) – тұрған жері Лондон. ҚҚДЕБ басты мақсаты – бұрынғы КСРО мемлекеттерінде, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарықтық экономикаға көшуге ықпал етеді. ҚҚОЕБ 15-150млн. долларлар шегіндегі ғана жобаларға несие береді.
Дамудың аймақтық банктері өзіне тән мәселерін шешу және осы аймақтардағы дамып келе жатқан елдермен ынтымақтасуын кеңейту үшін 60-ншы жылдарда Азияда, Африкада, Латын Америкасында құрылған.
Азия даму банкі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып тек қана Азияның дамып келе жатқан елдері ғана емес, сонымен бірге, Жапония және Австралия елдері сияқтылар қатысады.
Оның штаб-пәтері Филиппинің астанасы – Манильде орналасқан.
Ислам даму банкі (ИДБ) халықаралық дамуды қаржыландыратын, аймақтық қаржы ұйымы болып саналады. Ислам даму банкі 1975 жылдың 20 қазанында қызметке кірісті.
Ислам даму банкісінің мақсаты болып, шәриғат принциптері сәйкестігінде мұсылман қауымдастығы және ИДБ мемлекет-мүшелерінің әлеуметтік прогрессі және экономикалық дамуға көмек көрсету болып есептеледі.
Ислам даму банкі мүшелерінің құрамына 53 мемлекет кіреді. ТМД елдерінен ИДБ мүшелері болып: Азербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан саналады.
Ислам даму банкінің штаб-пәтері Жидд қаласында, Сауд Аравия Патшалығында орналасқан.
Банк құрылтайшылары Ислам конференциясын ұйымдастырудағы мүше-мемлекеттері болып саналады. Қазіргі кезде олар 52.
Банктің ресми тілі болып-араб тілі, ал қарым-қатынас тілі болып-ағылшын және француз тілдері есептеледі.
Ислам даму банкі үш аймақтық өкілге ие:
- Куала Лумпур қаласында (Малайзия) – ИДБ мемлекет-мүшелері және мұсылман қауымдастығы үшін Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан;
- Рабат қаласында (Марокко) – Оңтүстік сахара мүше мемлекеттері мен Араб Магреб одағы үшін орналасқан. Екі офисте 1999 жылы жұмысқа кірісті.
- Алматы қаласында (Қазақстан) – ИДБ мемлекет – мүшелері және мұсылман қауымдастығы үшін ТМД, Монғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймақтарында орналасқан.
В нашем каталоге доступно 74 327 рабочих листов
Перейти в каталогПолучите новую специальность за 2 месяца
Получите профессию
за 6 месяцев
Пройти курс
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Қаржы және несие» пәні көптеген сұрақтарды кеңінен оқытылуын, қоғамдағы өндірістік қатынастар ретінде қаржылық мәнін, қоғамның шаруашылық және әлеуметтік өміріндегі көріну мен қолдану механизмдерін қамтиды.
Пәннің бәсекелесуге қабілетті кадрлар дайындаудағы рөлі мен маңызы-оқу нәтижесінде білім алушылар білу керек: Қазақстан Республикасындағы нарықтың дамуын, қазіргі қаржы заңдарының ұстанымдарын, дәрежесін, түсініктерін, ақшалай мақсатық қаржы қорларын қолдануды, шаруашылық жағдайындағы қаржы ресурстарын қолдану қағидаларын.
Меңгеру керек: қаржы мақсаттарын анықтауды, құнсыздану (инфляция) түрлерін, түрлі жеке меншік қаржы көздерінің пайда болуын анықтауды, кірістерге мінездеме беруді, қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдауды.
Пәнді оқу процесінде қаржылық ресурстарға құнтпен қарауды, қаржылық үлестірмені орынды қолдану ды, оларға жауапты болуға, және де мемлекеттік саясатқа деген түсінушілікті қалыптастыруы керек.
6 662 641 материал в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мамырбаева Шолпан Серикжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.