Инфоурок Другое Научные работыКурстық жұмыс "Оқушы мінезіндегі ауытқушылық."

Курстық жұмыс "Оқушы мінезіндегі ауытқушылық."

Скачать материал

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КҚМК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРС ЖҰМЫСЫ

 

Пәні: Психология

 

Тақырыбы: Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен жұмыс жүргізудің жолдары

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: «»

мамандығының 404 «Ә» тобының

білім алушысы Сайлау Н.

Ғылыми жетекшісі: Мұратқызы А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей, 2016 жыл                 

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

І. МІНЕЗІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ОҚУШЫЛАРМЕН МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ..................................................5

1.1. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар туралы түсінік........................5

1.2. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың пайда болуы себебі.........7

1.3. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар мәселесінің зерттелу тарихы

 

ІІ. МІНЕЗІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ОҚУШЫЛАРМЕН МЕКТЕПТЕН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ...........15

2.1. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен жұмыс........................15

2.2. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.................................................................................17

2.3. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу........................................................................................................21

 

Эксперимент жұмысы......................................................................................24

 

Қорытынды.......................................................................................................28

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер балалардың арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық  жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген.

 Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз  керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі.

Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет.

Тәрбие ұғымы мәнді де және өте мағыналы ұғым, ол туралы ұлы ғұлама Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді.

Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын оқушылар көбірек кездесетіні белгілі, «Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыдан Л.С.Выготский (1928) талқыланды, сондай-ақ А.С.Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.

Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес.

 Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар туралы теориялық тұрғыдан сипаттама бере отырып, мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізудің жолдары мен жаңарту мәселесін айқындау.

     Курстық жұмыстың міндеттері:

1)    мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар туралы жалпы сипаттама;

2)    мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың пайда болу себептері;

3)    мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың психологиялық ерекшеліктері;

4)    мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларға әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету;

5)    мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды мектептен тыс тәрбиелеудегі отбасы және мектептің өзара байланысын арттыру;

6)    мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан әлеуметтік педагогикалық қорғау.

Курстық жұмыстың жұмыстың нысанасы: мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар және олардың әлеуметтік ортасы.

Курстық жұмыстың теориялық және практикалық мәні: курстық жұмыс барысында мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізудің  теориялық негізін қалыптастыра отырып, оларды тәрбиелеудің ерекшеліктері туралы тұжырымдамалар мен жолдары педагогикалық, әдістемелік білімдерді толықтырады. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу жолдары негізінен ұйымдасқан-нормативтік, әлеуметтік–педагогикалық шарттармен қамтамасыз етілген білімдердің ортасында жүзеге асып, осы ерекшеліктердің есепке алынуы мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыны тәрбиелеу процесін  қалыптастыру және оларға дұрыс тәрбие берудің мәні мен мазмұнын ашады.

 Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімімен және қосымшада тіркелген материалдардан тұрады.

 

        

        

І. МІНЕЗІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ОҚУШЫЛАРМЕН МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар туралы түсінік

 

Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар мәселесі.

Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар мәселесі әліде күн тәртібінен түспей кледі.

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы, т.б. балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік-психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.

Көптеген ғалымдардың пікірінше, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын оқушылардың арасында «жасау» тенденциясы байқалады, олардың қатарын енді бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыр.

Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген бірінші категория-«қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес және аномалды балалар –дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар.

          Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер қиын балалардың немесе оқушылардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді. Осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «қауіп-қатер балалары» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ.

 Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың мектеп жасына жеткен кезде мектепте жақсы оқуы үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары жоқ. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы, қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады.

Ғалымдардың ой-пікірлеріне жүгінетін болсақ, девианттық мінез-құлықты балаларға ортаның келеңсіз ықпалынан және педагогикалық процестің жеткіліксіздігінен рухани көзқарасының дұрыс қалыптаспағандығы, сезімнің дәрменсіздігі, қоғамдық мінез-құлық дағдысының жоқтығы айқын, әрі үнемі байқалып тұруы жатады.

Мінез-құлқы қиын балалар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының амникалық және криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеліп соқтырады. Баланың жеке қасиеттерінің, психологиясының дұрыс дамып кетуі үшін педагогтық ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы жәнепринциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамай-ақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады.

            Мысалы, бұл тұрғыдан әл-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жанында да өсіп-өну қуаты пайда болады. Ана құрсағында-ақ тән түйсігі, біртіндеп дәм, иіс айыратын түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады. Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды.

           Адамның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесіне, үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, бәрі де жүре пайда болады.

Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп келегеннен кейін басталады.

 Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі тиіс.

1.2. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың пайда болуы себебі

 

          Педагог – ғылымдар мен психологтар мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар мәселерін жан-жақты зерттеуде. Бұл мәселемен 20-30 жылдары еліміздің аса көрнекті педагогтары мен психолгтары А.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонский шұғылданды.

          Ол елуінші жылдарға дейін обьективті жағдайларға байланысты тоқырап қалды да, тек сол жылдардан кейін «қиын» балалар мәселелерімен шұғылданушылардың жемісті ғылыми еңбектері шыға бастады. Зерттеу жұмыстарының дәлелденуіне қарағанда «қиын» балардың шығуына бірнеше себептер болады.

           Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, ата ананың болмауы, дұрыс талап қоймаушылық жағдайлар себеп болады. «Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» балалардың тәртіптерінің нашарлауының тағы бір себебі жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие процестеріне толық көңіл бөлмеуінен.

          Балалардың тәртіптерінің төмендеуі мен нашарлауы 3 топқа бөлінеді.

         І-топқа күнделікті мектеп режимін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып шаршап ішетін оқушыла.

         ІІ-ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді сыйламайтын оқушылар жатқызылады.

          ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы өз жасына сәйкес дамымаған, нерв жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын»балалар деп аталады.

           Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды «тәртібі төмендеген оқушылар», ал ІІ-ші топтағы оқушыларды «тәртібі нашар оқушылар» деп атап, 3ші топтағы оқушыларды «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп атаған орынды. Біздер осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз.

         Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса, ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады. Сондықтанда зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп аталынуы керек деп кеңес береді.

Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді.

Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.

          Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық, қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы.

Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды екі үлкен категорияға бөлген :

1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар.

2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы

жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар.

Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды.

Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі.

 Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады:

1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;

2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.

Сондықтан «Мінезіндегі ауытқушылығы бар бала қайдан пайда болды?» - деген сұраққа жауап бермес бұрын, отбасымыздағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіріп алғанымыз дұрыс сияқты. Алайда, бұрынғы ата-бабамыз мұра қылып қалдырып кеткен отбасындағы баланы тәрбиелеу стильдерін қайта жаңғыртатын болсақ та қателеспеген болар едік. Бұл қоғамдағы, отбасындағы көптеген мәселелердің шешілуін біраз жеңілдететіні сөзсіз деп ойлаймыз.

 Сонымен балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

 Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек.

  Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас орнатуын аса қиындатады.

 Өйткені мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі.

  Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың дамуы кезінде оқу процесінің алатын орны ерекше. Бала мектепке келгенде оның ойында оқуға деген қызығушылық әлі толық қалыптаспаған, тек оқу барысында мұғалімнің ықпалымен қызығушылғы біртіндеп қалыптасады деген.

  Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. Баланың іс-әрекеті оның органикалық қажеттілігімен сәйкестілігін көрсететін инстинктивті ұмтылыс. Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет.

  Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге керек. Сонда ғана тұлғаның іс-әрекетті өз бетінше істей алады, ал мұғалім тек қана оның іс-әрекетін басқарып және бағдарлап отырады».

           Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек.

  Г.М.Минковский, Л.М. Зюбин, Д.В. Колесов, В.Н. Кудрявцев зерттеулерінде қиын балалардың басым көпшілігі - мектептегі оқуда қиындықтарға кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып қалған балалар, -деп атап көрсетті.

 Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.

 Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген.

Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады:

1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар;

2.Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.

 Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды.

 Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді.

Бастауыш мектептің оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. Сондықтан да, кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға болады?», «Қиын балалармен атқарылатын жұмыс түрлері» және жалпы қиын балалар туралы ақрпараттарды білуге міндетті

 Ол үшін педагог психологпен бірлескен іс-әрекетте жұмыстар атқарып, педагогтың психологиялық білімін жетілдіруі тиіс. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ.

  Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.

 

 

1.3. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар мәселесінің зерттелу тарихы

 

«Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында «Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар» ұғымында ғана, ғылыми тұрғыда зерттеу өрісіне енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды, сөйтіп, өткен ғасырдың орта шенінен бастап арнайы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ғылыми-зерттеулердің нысанасына айналды.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтік өмір жағдайымен, тәрбиелік факторлардың өзара әрекеттестігімен біртұтастықта алғашқы болып кешенді зерттеген П.П.Блонский (1936) болды.

Зерттеудің негізгі мақсаты – қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсете отырып, қиын балалардың өмірін анықтау. Сонымен қатар, қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылау еді.

Блонский П.П.: «Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар, бұл ең алдымен кәдімгі бала, оған табиғи қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы, ол педагогикалық қараусыз қалған. Сондықтан, оны дені сау қараусыз қалған бала ретінде тәрбиелеу керек» деп нұсқаулы ой қорытады.

Психолог Л.С.Выготский «Қиын балалық шақтың педагогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» еңбегінде: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» деп тұжырымдай отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.

Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдары әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық (М.А.Алемаскин, Л.М.Зюбин, И.С.Кон, Г.П.Медведев т.б.), клиникалық (Г.А.Власова, В.Я.Гиндикин, В.В.Ковалев, Г.Е.Сухарев т.б.) зерттеген.

 В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

 А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.

Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде  «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .

 Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.

М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян.

А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.

Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.

Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.

Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.

М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

Ұлы ғұлама педогог А.С.Макаренко «мінезіндегі ауытқушылығы бар»

балалармен не оқушы, жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педогогикалық алтын қорға енді. П.О.Эфрусси мінез-құлықтағы қиындық табиғатын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер: қозғаушылық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелілігімен жұмысқа қабілеттіліктің нашарлығымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды. Оның зерттеуінің құндылы мынада, ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп септігін тигізеді?

  Мінезіндегі ауытқушылығы бар балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1936 ж.) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін анықтау.

  П.П.Блонский қиын балалардың мінез – құлқын тарихын мектеп, отбасы арқылы көрсетеді?  Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» терминін нақтылауда жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді.

    Объективті көзқараспен қарағанда мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушы мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы «Істі білдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонкий өз жұмыстарында мектепті сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі.

    Блонский пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

           Көптеген жылдың оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалармен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педогогикалық қарым-қатынас нәтижесінен деп түсіндіреді.

           Мінезіндегі ауытқушылығы бар баламен жұмыс жүргізу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістеді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс игеруіне негізделеді. Мұғалімің жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың іс-әрекеттерін қызықты, дұрыс ұйымдасты-руына қарай құрылады.                   

          Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына, қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырады. Қазақстан ғалымдарының зерттеулеріне жүгінсек, баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейідеудің қиындығына себепші болып отыратын қолайсыз әлеуметтік-биологиялық факторларды анықтады. Балалар мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар Қазақстандық педогог зерттеушілер көптеген жұмыстар істеді.

          А.Жұмабаев, Қ.А.Жүкенов, А.М.Қарабаева, А.Қ.Каримов, А.В.Лысенко, И.Ф.Казаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифанов, В.П.Шывченко, Г.А.Уманов. Бұл зерт-теушілер қиын балалардың қиқарлық қыныр жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік педогогикалық факторлардың әсер ететіндігін зертеді.

          Мектеп оқушылар, жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлықтарын, спорт, өзідік жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепте деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру, арқылы жөндеудің әр түрлі жолдарын көрсетті.

           В.В.Трифановтың зерттеулерінде «қиын оқушы» анықтамасы - бұл күнделікті педогогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнен жеке қарым-қатынасты, ерік-жігерін, күшін, қажырлы педогогикалық еңбегін қажет ететін оқушы.

            Бұл шексіз (интегральное) ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категорияда балалардың жалпы адамдық және ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етімді.

           Көптеген бергі мектепте сабақ берген ұстаздардың басым көпшілігі «қиын балалар» - бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтан да оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар. Ұжымдағы жағымдағы позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналысындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы құрдастармен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтірілді.

          «Қиын балалар», «мінез-құлықтағы қиындық ұғымынан басқа «қиындықпен  тәрбиелену» ұғымы де мектепте кеңінен қолданылады. «Қиындықпен тәрбиелену» термині тәрбиеленушінің педагогикалық әсерге қарсылығын және оны түсінгісі келмейтінін бейнелейді? Бұл қарсылықтың басты себебі-көп жағдайға жеке тұлғаның қалыпты дамудан қалыс қалуынан болады. Сабақтан көп қалуынан осыдан мінездегі жаман қылықтар туады.

 «Қиындықпен тәрбиелену» - баланың теріс мінез-құлқы, дау-жанжал. Кейде бұл қайшылық табиғи түрде тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екенін айтуға болады. Ол дау кейде онша қауіпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.

  Г.А.Фортуновтың (1935 ж.) еңбектерінде «Қиындықпен тәрбиелену» еңбек-терінде зерттелген. Өзінің зерттеулерінде «қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады.

          Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қажет қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептерін түсіндіреді және осындай себепті екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екінші оларды қиналатын ішкі дау жанжалдарды жатқызады.

          Ұзақ мерзімді дау жан-жанжал баланы қин атандырып қана қоймайды, сонымен бірге оның жүйке-жүйесінің бұзылуына себепші болуы мүмкін (психовроз). Балаларды ішкі дау жан-жалдың ықпалынан сыртқы дүниеге қоршаған ортаға деген сенімсіз, тіпті жауластық сияқты қатынастар пайда болады.

          Л.С.Выготский «қиындықпен тәрбиеленумен» күресудің нақты жолын анықтап берді. Өзінің «Қиын балалық шақтын педогогикалық клиникасы және дамудың диагностикасы» (1936 ж.) еңбегінде былай деп жазды: «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады.

          Л.С.Выготский жекп адам тәрбиесі психологиясының маңызды бір мәселесі - аффектілі-қажеттілік ортасымен сананың байланысын көтерді? Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды.

         Мұндай мінезге ол аффектілі (жан күйзелісі қайғыру) психологиялық ерекшелігін алды және бұл саладағы балаларды екі топқа бөліп қарастырады. Бірінші топ балалардың тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдай қалыптаспауы салдарынан өте күшті эмоциалды қайғыру жеке жан күйзелісінен болады, ал екінші тобы балала-рының тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерінен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайды меңгермеуді жатқызады.

          Тәрбиедегі қиындықты туғызатын тағы бір жәйт кездейсоқ балалардың, жекелеген топтардың оқушыларға тигізетін теріс ықпалы педагог назарынан қалмауы қажет? Өйткені жеткіншек шақта балада өз қатарындағы құрбыларымен достық, жақын жолдастық қарым-қатынаста болу мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады.

 

 

 

 

 

ІІ. МІНЕЗІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР ОҚУШЫЛАРМЕН МЕКТЕПТЕН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен жұмыс

 

           «Мінезіндегі ауытқушылығы бар» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет.

«Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.

Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы  қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе.

Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

          Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.

       Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады.  Сондықтан «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.

         Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері:

         а) адамгершілік сананы қалыптастыру;

         ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту;

         б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.

        Мектепте «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны. «Мінезіндегі ауытқушылығы бар» оқушыларда адамгершілік  қатынасты қалыптастыру және дамыту бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету.

          Ғылыми педагогикалық, психологиялық және фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.

         Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегі қиын оқушылардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі.

          Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты болып табылады. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды.

      Қазіргі уақытта баланың мінез-құлықы бұзылу себебін түбегейлі түрде

зерттеленіп жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік, психологиялық, клиникалық педагогикалық аспектіде қарастырылуда.

2.2. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру

 

Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы», «Білім туралы» заңдары  басшылыққа алынып, бала құқығын және мүдделерін қорғау мәселесі мектептерде  келесі бағыттар бойынша құрылды:

          1. Балалардың құқықтары мен заңды мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын орындау.

        2. Ата-аналар, оқушылар, мектеп ұстаздарына кеңес беру, тренингтер өткізу,  диагностикалық жұмыс жүргізу.

        3. Балалардың сапалы білім алуына, дұрыс тәрбиеленуіне әлеуметтік жағдай жасау.

        4. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жұмысын жүргізу.

        5. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру.

         6. Тиісті мекемелерімен (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар басқармасы, КТІЖБ, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Денсаулық орындары, Қамқорлық және қорғаншылық органдары, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы) тығыз байланыста болу, бірігіп жұмыс жүргізу.

1. Мінезіндегі ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.

Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.

Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.

Тәрбие күшіне ену дегеніміз - өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талашылдық, еңбек тәртібі болады.

Қазіргі жас ұрпақтардың – болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың  тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әрекетті үйрету үйірмелері  мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.

Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде сол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет.

Ескеретін мәселелердің бірі мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеудегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

 - дайындық кезеңі;

 -  қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;

 - екінші кезең – қиын оқушылар  мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.

 - үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың  арасында күрес басталады. 

Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге  талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

         Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың пайда болуының әлеуметтік және психологиялық себептері бар. Әлеуметтік себептеріне ата-ананың балаға көп назар аудармауында, бос уақытын кіммен, қай жерде, немен шұғылатынын анық білмеуінде. Отбасында ата-ананың толық болмауы. Психологиялық себептерге жататындар жоғарыда көрсетіледі.

 Әрбір  қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп оларды тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы тәрбиелеу әдістерінің бірі-этикалық әңгімелесу, ол оқушыны зерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта тәрбиелеуде және жеке тәрбиелеу жұмыстарында өз ерекшеліктерімен  танылуда.

          Әңгімелесу оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, семья жағдайын-дағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі педагог баланың басынан өткен оқиғаны немесе әр түрлі жағдайларды дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның объективті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

          Бір ескеретін ерекшелік, қиын бала мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Қиын жасөспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы күрделеніп, көп жағдайда тәуелсіздікке талаптану әдістері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректікке итермелеп, дауға, дөрекілікке, қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерінде ескерген жөн. Сонымен, қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап-олардың дара және жас ерекшеліктерін жан-жақты білу қажет.

  «Мінезіндегі ауытқушылығы бар» балаларды тәрбиелеу процесінде өз орнын тауып келе жатқан әдіс-педагогикалық иландыру. Егер де айқын мақсат шамалы болса да оқушы санасына жетсе саналы іс-әрекеттердің дәлеліне айналдыруға болады.

  Педагогикалық иландырудың екінші бір еркшелігі - қиын баланың психикасына қатты әсер ететіндігін байқаймыз.

   Еріксіз түрде иландыру тәсілін қолдағанда, оны алдын-ала жоспарлай, еріксіз сипатта жүргізіледі. Бұл тәсіл қиын баланың дөрекі қылықтарынан кейін артын суытпай, педагогтің ақыл-кеңесінің талап-тілектер қарсылықсыз, таңдаусыз қабылдауын айтамыз.

   Сонымен, педагог ашудың қарқының төмендетуде онымен тіл тауып, тежеп, өзін-өзі ұстауға себепші болып, дауыс ырғағымен, мимикасымен қолдау білдіреді.

           Мақсатты түрде мінезіндегі ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеудің ең басты әдісі «көше» жолдастарымен жағымсыз байланыстарын түзу. Бұл әдістің мәні-қиын балалардың «көше» жолдастарымен қарым-қатынастарына тыйым салып, байланыстарын үзу. Бұл тәсілді іс-жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар.

       Соның бірі – өзі тұратын аймақтық тұрақты мекенін ауыстыру, мектеп

алмастыру. Мінезіндегі ауытқушылығы бар балаларды бір жылға басқа басқа облыс, аудандарға тұратын туғын-туыстарына жіберу.

          Кейбір ата-аналар мектепті ауыстырғанымен қиын балалар бірін-бірі тауып алып, байланыстарын жалғастыра береді. Көптеген семьялардың басқа қалаларда, ауданда туыстары болмауы мүмкін. Бұл жағдайда іске асыратын екінші тәсіл-жағымсыз достық байланыстағы қиын балаларға екі жақтан да кездесулеріне тыйым салу.

   Бұл тәсілді негігі үш жағдайда қолданған орынды:

       а)   қиын бала мен «көше» жолдастырының арасындағы байланысты

ата-ана, мұғалім  тоқтата алмағанда;

       ә)  ата-ана мен педагогтар баланың қарым-қатынасына көңілдерін

аудармай, тәрбиелік мәні бар түсіндіру жұмыстарын жүргізбегенде;

     б) жеткіншектің көше жолдастарымен байланысы тереңдегені сонша,

қорқыту әдеттеріне жүгіген жағдайда т.б. сақтықпен тыйым салу тәсілін методикалық шеберлікпен қолдану қажет. Әрине, бұл сәтте педагогтың, ата-ананың, милиция қызметкерінің беделі болуы шарт.Сондай–ақ ата–ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету қажет.

  Екінші әдіс-моральдық тұрғыдан айыптау. Осы тәсілдің тыйым салу тәсіліне қарағанда артықшылығы - баланың ар-ұятына бағытталып, көлемді нәтижелер бере алатыны. Мысалы, қиын баланың теріс қылығы туған-туыстары тарапынан педагогикалық этикаға сай айыпталынады. Сонымен қатар педагогикалық ұжым мен құрбы - құрдастары мен көршілестерінде оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін бермес. Көп жағдайда қиын жеткіншек немесе жасөспірім өзі сыйлайтын класындағы құрбыларының талап-тілектері меншіктілерін жерге тастап кетпейді.

  Үшінші әдіс - мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар бағдарын, мақсат-індетін қайта бейімдеп, құру. Бұл әдістің құндылық мәні - оқушы қателігін түсінгенімен, өмір тіжрибесінің жоқтығынан өзін қалай ұстаудың жолын біле бермейді. Осы педагогикалық жағдайды дер байқаған педагог, оның ішкі позициясына талдау беріп, өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құруға көмек береді.

   Қиын балалар мен «көше» жолдастырының аралықтарындағы теріс қарым-қатынастардың эмоциялық және романтикалық әсерлігі жағынан, олардың ойларынша «өте қызықты саналады. Осы себептен олар бір-бірімен қол үзбей жиналып уақыттарын мақсатсыз, тек қанағат алумен өткізеді. Әртүрлі топтар: фанаттар, попперлер, каратис, конфу, панктер ірі және кіші қалаларда, поселкілер мен аудандарда кездеседі. Ал, қала оқушыларының арасында «қанторлықтардың» ықпалы әлі күшті.

      Топ-топ болып жиналып сүйікті командасын қолдау, ол туралы ақпарат

алу, атақты музыкалық топтарды тыңдау, қолдау. Арақ-шарап ішу, темекі тарту және т.б. қылықтардың аяғы ұрыс төбелеске ұласып, заң нормасын бұзады. Сондықтан қиын балалардың қалау тілектерін басқарып, теріс жақтарын дәлелді ұғындырып, назарларын қоғамдық мәні бар ісреге жұмылдыру қажет.

  Педагогикалық жағдайда қолданылатын төртінші әдіс-ескі байланысты мойындау, оның мәні – «көше» жолдастарымен қатынастарынан туған келіспеушілікті пайдаланып, қиын оқушының оларға деген көзқарасын өзгерту, араласудан бас тартқыздыру. Бұған қосымша қиын баланың алдына динамикалық (екінің бірі) әселе туғызып, оның қоғамға жат бағыт-бағдарына қоғамдық мәні бар жұмыс пен рухани байлықты қарсы қою, оны өзінің таңдап алуына мүмкіндік жасау.

Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар.

 

 

2.3. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу

 

          «Мінезіндегі ауытқушылығы бар» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазiргi таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретiнде күн тәртiбiнен түспей отыраны мәлiм. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсiп отыруымен байланысты болып табылады.

           Әр уақыттарда мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар көбiнесе жасөспiрiмдер жатқызылса, бүгiнгi таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан оқушыларды ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың саналы бiлiм мен саналы тәрбие алуларына мүмкiндiк жасалуы қажет.

         Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу жүйесiнде адамгершiлiк тәрбиесi аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретiн айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салаларын ескере келгенде, адамгершілiк тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролi өте зор.

         Қазiргi кезде бастауыш сатыда оқушының жайы және психикалық дамуының жеткiлiктi деңгейiне қол жеткiзу үшiн ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндiк бiлiм, бiлiктердiң белгiлi бiр жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетiн қалыптастыру негiзiнде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгiлi.

          Бұл мақсаттың нәтижелi жүзеге асуы үшiн Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын жаңарту мәселесi алға қойылып, халық арасында бой жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру көзделiп отыр.

           Мектептегi шәкiрттерiмiздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейiрiмдiлiк, кiшiпейiлдiлiк, ата-мекенiне, елiне деген сүйiспеншiлiк сияқты асыл қасиеттердi тәрбиелеу - заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың iшiнде ерекше категория болып табылатын “қиын оқушыларға” адамгершiлiк тербие берудiң формаларын, әдіс-тәсiлдерiн жетiлдiру аса қажет, бұл мiндеттi жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгiлi. Адамгершілік құндылық проблемасы өмiрдiң өзiнен алынған. Адамгершілік қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан карау адам өмiрiнiң негiзi болып табылады.

        Құндылық қатынас адам мен қоғам өмiрiнде қажеттi, жалпыға ортақ және мәңгiлiк фактор болып табылады. Құндылық проблемасы қоғамдық ғана емес, жеке тұлғалық та проблема.

          Құндылықсыз адам болуы мүмкiн де емес. Құндылықты зерттеуде алға қойылатын мақсат, міндеттер - адам өмiрiн байытатын нақты, дәл құндылықтарды таңдап алу.

         Сондықтан бұл проблема танымдық және әлеуметтiк проблема болуымен қатар, тәрбиелiк проблема ретiнде ерекше мәнге ие болады.   

          Сонымен бiрге құндылық қоғамның моральдық қатынастарының көрiну формасы ретiнде әрекет етедi. Сондықтан құндылық біріншіден, жеке тұлғаның адамгершiлiгі, абыройы және олардың адамгершілiк әрекеттерi немесе адамгершiлiк сипаттары, екiншiден, моральдық нормалар, принциптер, мұралар, қайырымдылық, әдептiлiк, бақыт ұғымдары деп айқындалады.

          Адамгершiлiктің өрісi кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам өмірiне, тұрмысқа, көпшілік орында өзiн ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрысы, іс-қимылынан басталады.

           Адамгершілігі  мол адам бақытты, ел - жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтiредi, яғни маңындағыларға үлгi-өнеге бола алады.

         Сондықтан мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды жас кезiнен адамгершiлік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік бередi. Сонда қиын оқушыларға әртүрлi сипаттағы және тапсырмалар беруде этнопедагогика құндылықтарын пайдалана отырып, адамгершілiк тәрбие берудi және асырудың маңызы өте зор.

         Жалпы бастауыш буында қай сабақта болмасын «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды» адамгершілiкке тәрбиелеу үшін этнопедагогика құндылықтарын пайдаланудың мүмкiндiктерi мол. Біз олардың былай ашып көрсеттiк:

         1) білімділік: бағдарламалық талаптарға сай бiлiм, білік және дағдыларын қалыптастыруға, оқу материалын меңгеруге септiгін тигiзедi, бiлiмдi күнделiктi өмiрде, нақтылы жағдайларда қолдана бiлуге баулиды;

         2) тәрбиелік: ұлттық сана-сезімдi қалыптастырады, адамгершiлік асыл қасиеттердi бойға сiңіреді, кәсіби еңбекке бейiмділікті, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасты тәрбиелейді.

         3) дамытушылық: ақыл-ойды, логиканы дамытады, психикалық қасиеттерді (зейiн, ес, қабылдау, ой, қиял, т.б.) жетілдiреді, танымдық қызығушылықтарын арттырады, сабаққа белсенділікті оятады;

         4) танымдық: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өмiр тәжірибесiмен, кәсіби еңбегiмен таныстырады, дүниетанымды байытады (жан-жануарлар, өсiмдiктер атаулары т.с.с.), оқудың өмірмен, практикамен байланысын көрсетедi.

          Оқыту мазмұнын ұлттық деңгейде оқыту әдістемесі Отанды сүю мен өз халқын құрметтеуге, Отан үшін «жан беруге» негізделсе, өткен ғасырлардағы бабалар ерлігі қайталанады. Әрқашанда Отанын сүйетін, елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Алпамыс тұлғалары, ақын-жыраулардың, көсем-билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері жас жеткіншектер бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

          Сабақта Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазастан жауынгерлерінің ерлік істері, оның бер жағында кешегі желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановаларға арналған және осы оқиғаларға байланысты туған өлең-жырлардың тәрбиелік мәнін аша отырып, Отаншылдықтың бастауы төл тарихта жатқанын ескеріп, қазақтың дара тұлғаларының ерлік істерін үлгі ету арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуге болады.

         Қиын оқушыларда адамгершілiк қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының формасы, адам мәдениетінің бір бөлігi - мораль туралы түсiнiкті қалыптастыру, соның негiзінде оқушыларда адамгершiлiк ой-пікiрлер мен сенiмдердi тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экспериимент жұмысы

 

         Эксперимент жұмысы Абай ауданы, Медеу ауыл ауылының «Медеу» орта мектебінде өткізілді. Мұндағы зерттеу жұмысының эксперимент сыныптарына мектептің барлық 3 және 4 сынып оқушылары алынды. Барлық сыныптар да 20 оқушыдан.

         Эксперимент жұмысының барысында осы 2 сыныптағы барлық қиын оқушыларды іріктеп алдық. Олардың саны – 10 оқушы.

         Эксперимент жұмысының мақсаты -  мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру және қиын оқушыларды тәрбиелеудің оңтайлы жолдарын анықтау.  

Эксперимент жұмысын байланысты мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеудiң негiзгі мiндеттерi мыналар:

          а) адамгершiлiк сананы қалыптастыру:

          ә) адамгершілiк сезiмдерді тәрбиелеу және дамыту;               

         б) саналы мінез-құлық білiктiлiгi мол әдептерiн қалыптастыру.

Халқымыздың бала тәрбиесінде адами құндылықтарды қолдануға байланысты зерттеу жұмысымда мынандай ұсынысты ұсындық:

1. Қазақтың салт–дәстүріне сай тәрбие жұмысын  ұйымдастыру.

2. Халық даналығына сәйкес сабақтар жүргізу, ата – аналармен әңгімелер өткізу.

Сондықтанда осы тақырып бойынша зерттеу жұмысымызды жалпы тәрбие жұмысының құрылымы бойынша өзімнің жұмысымды атқарып жүрген педагогикалық ұжымымда жоспарлы жүйеде өткізілді. Оны мына сызбадан анық көруге болады.

Мақсат-міндеттері

Мерзімі

Сынып бойынша тәрбиелік іс атаулары, жұмыс формалары мен әдістері

І

ІІ

ІІІ

ІУ

Мектеп өміріне бейімдеу, оқушы деген атқа лайық болуыға тәрбиелеу, білімнің адамның бақытты өмірі үшін мәнділігін көрсету.

І тоқсан

«Оқушы-

ның оқу еңбегіне қатынасы» танымдық әңгіме

«Білімді адам мыңды жығды» интеллектуал-

дық ойын

«Оқу инемен құдық қазғандай» операция

сы

«Менің сүйікті кейіпкерерім» көрініс

Жолдастық, достық ұғымдарының мәнін ашып көрсету, жолдастық және достық өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

ІІ тоқсан

«Оқушы-

ның жолдастарымен қарым-қатынасы» танымдық әңгіме

«Достық пен жолдастық» этикалық әңгіме

«Достар үшін» акциясы

«Жолдас

тық заңдары» ашық әңгіме сағаты

Адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

ІІІ тоқсан

«Мейірімділік» танымдық әңгіме

«Ана мейірімі» әңгіме сағаты

«Қайырымдылық» көмек акциясы

«Инабат

тылық және батылдық» рухни ашық журнал

Оқу ұжымында өзара сыйлы қатынасқа үйрету адамгершілік сезімдері мен тәжірибемен таныстыру.

ІУ тоқсан

«Ұжымдық қарым-қатынас» танымдық әңгіме

«Күш бірлікте» еңбек операциясы

«Сыйға-сый» құрмет көрсету сағаты

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» байқау орталығы

         Сонымен қатар мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен жұмысты жүргізуде мынандай жоспарлы түрде жүргіздік.  

Күнделікті:

1. Оқушылармен және оның ата-аналарымен жеке жұмыс.

2. Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс, себебін анықтау.

3. Сынып жетекшілерімен жұмыс.

Апта сайын:

1. Мектеп психологымен жұмыс.

2. Мектеп инспекторымен жұмыс.

3. Қиын оқушылардың үйлеріне бару.

4. Мектептен тыс мекемелерімен әрекеттестік.

5. Мектептегі кезекшілік.

6. Оқушылардың тамақтануын тексеру.

Ай сайын:

1. Сабақтарға қатысу.

2. Педагогикалық консилиумнің жұмысына қатысу.

3. Жұмысты жоспарлау мәжілістеріне қатысу.

4. Рейдтерге қатысу.

5. Көп балалы отбасысынан шыққан балалардың іс-қағаздарын тексеру.

6. Тегін жолақы билеттеріне тапсырыс беру.

Тоқсан сайын:

1. Әлеуметтік педагогтардың семинарларына қатысу.

2. Тоқсандық жоспардың орындалуына сұрыптама жасау.

3. Ата-аналар жиналыстарына қатысу.

Жылында бір рет:

1. Ашық іс-шара өткізу.

2. Мектептің әлеуметтік паспортын жасау.

3. Жұмыс жоспарын құру және сұрыптау.

4. Статистикалық мәліметтер жинау.

           Жұмыс уақытын бір аптаға шамамен бөлу:

Жұмыс түрі

Уақыт,сағат саны

1.

Оқушылармен жеке жұмыс

4

2.

Ұжымдық іс-шаралар дайындау және өткізу

4

3.

Ата-аналармен жұмыс

6

4.

Диагностикалық және түзету-дамытушылық жұмыс

4

5.

Әдістемелік мәжілістер мен семинарлар

2

6.

Мектеп мұғалімдерімен жұмыс

2

7.

Құжаттармен жұмыс

2

8.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

4

9.

Әр түрлі жұмыстар

4

10.

Оқу немесе басқа жүктеме

Аптасына 9-12 сағ

Этнопедагогика құндылықтарының ішiнде халықтың ауызекi шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы - ұлттық тәжiрибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ауыз әдебиет түрлерi  ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлiм-тәрбиенiң белгiлі жүйесiн жас буын жадына бiртiндеп сiңірiп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған.

           Мәселен, халқымыз қайырымды, бойындағы бар қасиетiн халыққа жақсылық жасауға арналған адамды ‘Ел қамын жеген ер”, “Жақсы ай мен күндей, әлемге бiрдей”, “Жақсы туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы”, “Жақсы келді дегенше, жарық келдi десеңші?’ деген мақал-мәтелдер арқылы абзал азаматтар болуға алға тарттық.

         Жөргегiнен бала тәрбиесiне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ, жәдігөй, жантық, т.б. сияқты мiнездерден сақтандырып келген. “Өтiрiк өрге баспас”’, “Өтiрiктің құйрығы бір-ақ тұтам”, ‘өзiн-өзі мақтаған өлiммен тең” деу арқылы өтiрік-өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады. “Атаңның баласы болма, адамның баласы бол”, “Көпті жамандаған кемусіз қалар”, “Көппен көрген ұлы той” т.б. мақал-мәтелдер адамгершiліктi, бірлікті, ел тiлегiн ойлауды дерiптейді.

         Көпшiл болу - атадан балаға ғасырлар бойы, өсиеттеліп келе жатқан нуса. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгiсi екендігін әр сабақ сайын түсіндіріп отырдық.

Эксперимент жоспарындағы іс - шаралар  оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу жолдарына бағытталған.      

Адамгершілік құндылықтар жүйесі

 

 

Бабалар өсиеті        Әкелер өнегесі      Ұрпақтар жалғастығы      Аналар үлгісі                                              

Отбасы тәрбиесінің адамгершілік құндылығы

 


                  Ата                                                                      Әже

 

           «Әке» тәрбиесі                                                  «Ана» тәрбиесі

 

                   Ұл                                                                       Қыз

 

        Адал, шыншыл, батыр                                   Инабатты, биязы, сәулікті  

         Әскери ұлтжандылық тақырыптарында ой тоғаған жауынгерлер, тәлімгерлер және жас жауынгерлердің ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігінен өз шығармаларында арқау еткен ақын-жазушыларымыздың еңбектерімен таныстыру. Мысалы: Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин еңбектерімен терең таныстырдық.

            Жоғарыда аталған жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізу барысында мынандай қорытындыға шықтық.

 

              Бұл диаграмма бойынша:

          Көк түс – эксперимент сыныбы.

          Қызыл түс – бақылау сыныбы.

         Яғни:

1)    қиын оқушылардың бойында ұжымшылдық, достық, жолдастық қарым-қатынас дұрыс жолға қойылды;

2)    ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы имандылық, инабаттылық, кішіпейілділік, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікке тәрбиеледік;

3)    отбасы, қоғам, мемлекетке деген құрмет, қастерлеу, ұлтжандылық қасиеттерді бойыларына сіңірдік;

4)    қыздарды сыйлау, ұлдарды құрметтеу, дөрекі сөздер айтпау, жаман әдеттер мен қылықтардан аулақ болуға тәрбиеледік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен бірге мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылармен әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.

  Жоғарыдағы әдіс -тәсілдер педагогикалық құралдар категорияларына жатады. Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың ұсқынсыз әрекеттерін тікелей тежеуге бағытталған. Бұларды қайта тәрбиелеу процесінде алатын өз орны бар. Бірақ, бұл әдіс тәсілдерді қиын балалардың мінез-құлықтарында қоғамға жат қылықтары әлі терең, тұрақты қалыптаспаған кездерде қолданылса, өз нәтижесін беретіндігін көрсетуде.

      Қазіргі уақытта баланың мінез-құлықы бұзылу себебін түбегейлі түрде

зерттеленіп жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік, психологиялық, клиникалық педагогикалық аспектіде қарастырылуда.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылар» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес.

 Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр.

Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы   қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе.

Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әрекетті үйрету үйірмелері  мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.

Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.

Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушыларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

         Мінезіндегі ауытқушылығы бар оқушылардың пайда болуының әлеуметтік және психологиялық себептері бар. Әлеуметтік себептеріне ата-ананың балаға көп назар аудармауында, бос уақытын кіммен, қай жерде, немен шұғылатынын анық білмеуінде. Отбасында ата-ананың толық болмауы. Психологиялық себептерге жататындар жоғарыда көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Алиманова С.Р. Қиын оқушылар деген кімдер? //Ұлағат.-2010.-№1.-22-23б.

2. Айтбаева М.Н. Қиын оқушыларды тәрбиелеу жолдары //Ізденіс, -2000 ж.-№6.-31-34б.

3. Бекибаева С.Ғ. Қиын балалармен жұмыс // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-№4.18-19бет.

4. Блонский П.П. Педагогика, 1978 ж.

5. Бегалиев Т. Педагогика, г.Тараз, 1999 ж.

6. Жұмабаев Ә. «Мектептің «қиын» оқушыларымен жұмыс жүргізу жүйесі» А. «Мектеп» баспасы, 1971 ж.

7. Жұмабаев М. Педагогика /Алматы: Рауан.-1993.-112б.

8. Жәнібеков С. Отбасындағы бала тәрбиесі// Білім. -2000.-№ 10. – 4- 6 бет.

9. Жусанбаева Г. Жастар тәрбиесіндегі адамгершіліктің рөлі // Қазақстан

     мектебі. -2009. - № 10. -20-21б.

10. Керімов Л.К. «Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселелері», 17-ші лекция, А. 1992 ж.

11. Ислямова П.Н. Қиын оқушылармен жұмыстың педагогикалық негіздері //Бастауыш мектеп.-2009.-№2.-23-25бет.

12. Қоянбаев М. «Педагогика», А., 1992 ж.

13. Макаренко А.С. Педагогикалық дастан, А., 1983 ж.

14. Майғаранова Ш., Қалиев С., Нысанбаева Г., Иманбаева С. Мектептегі

тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі /Алматы. РБК.-1999.

15. Лай В.А., Школа действия. Реформа школы, М., 1991 ж.

16. Тұрғынтаева У.А. Қиын балалармен  педогогикалық қатынас ерекшелігі //Білім.-2009.-№11.-25-28 бет.

17. Өтеген Қ. Қиын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу // Бастауыш мектеп. – 2007. -№3. 3-6бет.

18. Өтебаева А. Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу //Бастауыш

мектеп. – 2006. - №1. -18-20бет.

19. Уайханова Қ. Қазақ отбасындағы психологиялық ерекшеліктер // Ұлағат.

 – 2004. - № 1. – 8 – 9бет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Курстық жұмыс "Оқушы мінезіндегі ауытқушылық.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.06.2016 4563
    • DOCX 95.7 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайлау Назгүл Артыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сайлау Назгүл Артыковна
    Сайлау Назгүл Артыковна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17135
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции