Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Курстық жұмыс "Сыныптан тыс жұмыстар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Курстық жұмыс "Сыныптан тыс жұмыстар"

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ШҚО әкімдігі білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК

















Тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыстар: үйірме, факультативтер, семинар, үй жұмысын ұйымдастыру негіздері







Орындаған: 404 тобының студенті Ерғалиқызы Әйгерім
















Семей қаласы 2016ж.

Мазмұны:

Кіріспе ................................................................................................................3

І- Бөлім . Оқушылардың тұлғасын қалыптастырудың мәні

1.1 Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы.........................................................5

1.2. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны дамыту......................................................8

1.3. Оқушылардың жеке басының дамуын зерттеу........................................12


ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

2.1.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ...............................................13

тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

2.2. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс............................................................15

түрлері және оларды басқару

2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие..................................17

жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.

2.4.Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі............19

2.5.Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен міндеттері ................22

2.6. Іс-тәжірибелік бөлім ..................................................................................... 28

Қорытынды............................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................................................35



























Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады.

Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны дамыту үрдісі - әрі қиын әрі ұзақ үрдіс. Субьект мен обьект адамның дүниені өзгерту, игеру жөне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни субьект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратылыс пен таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субьект осы дүниеде ең ақырғы себеп, ең ақырғы нәтиже болып табылады.

Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды.

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білім жүйесін қайта құру мен ұймдастырудың басты жұмыс жоспарына тұлғаның және оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару жатады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегенннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады. ал «педагог» сөзі бала жектеуші мәнін білдіреді.

Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірге басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі зандылықтары жөніндегі ғылымга айналды.

Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеп ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауга үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын галаптар жыл сайын күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

Жұмыстың мақсаты: Оқу процесінде оқушылардың жеке адам болып қалыптасуын ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап отыру.

Жұмыстың міндеттері:

а) Оқушылардың тұлғасын дамытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны;

б) мұғалімдерінің оқушылардың жеке тұлғаны дамытудағы аспектіні психологиялық эксперимент жүзінде тексеру.

Жұмыстың пәні: Оқушы тұлғасын дамытудағы сыныптан тыс жұмыстар жүргізу

Жұмыстың объектісі: Мектептің оқу тәрбие процесі

Жұмыстың әдістері: Педагогтардың сыныптан тыс жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаны дамытудағы іс-тәжірибесімен танысып, құндылығын анықтау, оқушылармен әңгімелесу

Жұмыстың болжамы: Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, жеке адам тәрбиелеуге арналған жұмысты сол тақырыпқа сай жүргізу.

Жұмыстың жұмысының әдістері: педагогикалық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;

-сауалнамалар, топтық жеке әңгімелесулер, жеке адамды зерттеу әдістемелері.















І- Бөлім . Оқушылардың тұлғасын қалыптастырудың мәні

1.1. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы


Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.

Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.

Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.

Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.

Даму ұғымына ағзаның есуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.

Жеке адамның әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысы болады.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы" (А,1995) секілді ондаған монограграфиялық еңбектері жарық көрді.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тен мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. баланың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты.











































1.2. Тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны дамыту

Тәрбиенің мазмұнына алға койылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Акыл-ой, дене, енбек. және политехникалық білім, адамгершілік, эстетикалык тәрбие тұтастай педагогикалык үрдіске косылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатын жетуге - тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады..

Тәрбие үрдісінін жеке тұлғаны дамытудың бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагогикалық зандылық ретінде көрініс береді.

Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамнын еркіне бағынбайтын тәрбие үрдісінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.

Зандылықты айқындау дегеніміз-педагогикалық үрдісті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбие ісін бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.

Тәрбие жұмысының заңдылықтарына төмендегілер жатады;

- тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелерімен тығыз байланыстылығы.

Осы заманғы тарихи жағдайларга байланысты халықаралық қауымдастық дүние жүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып, көрсетілген («Б¥¥ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы») құжаттарды жасады. Олар осы заманғы тәрбиенің теориясы мен методологиясының, тәрбиенің мұраттары мен құндылықтарының үлгісін жасауға жаңаша бағыт белгіледі. Қазақстан Республикасының жетекшілік ролі біздің еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізі болды. Сондықтан тәрбиенің мазмұнында республикалық және оның жекелеген аймақтарындағы әлеуметгік-экономикалык даму факторларының есебін жүргізу басты мәселе болып отыр. Ол тәрбиенің мазмұнынан көрініс тауып, әр халыктың мәдени-тарихи құндылықтарын жалпы әлемдік мәдениеттін жетістіктерімен бірлікте, сабақтастықта жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Тәрбиенің бұл заңдылығын жүзеге асыруда оқушыларды ана тілінде және ұлтаралық тілдерде оқьпу халықаралық маңызға ие болып отыр. Тәрбие мақсатының тиімділігі оны ұйымдастыру ісі тәрбиеленушіге жақын және түсінікті болғанда ғана іске асырылады. Осы заманғы тәрбиелік үрдіс мақсат тұтастығымен, оларға қол жеткізуде оқушымен қоян қолтық жұмыс істеумен ерекшеленеді. Бұл мақсатқа жетудің құралы - адамға базалық мәдениет негіздерін меңгерту арқылы іске асырылады. Осыдан келіп тәрбиенін мазмұны- жеке тұлғаның «базалық мәдениетіне» негізделуінің қажеттілігі туындайды. Ол мәдениет ұлттық экономикалық және еңбек мәдениетінен, саяси демократиялық және құқық мәдениетінен, адамгершілік және экологиялық, көркемдік-эстетикалық, дене мәдениеттерінен құралады. Оның негізі отбасы мәдениетінен туындайды, яғни ұлттық мәдениет отбасылық тәрбиеден бастау алады.

Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытудың күшті құралы болып саналады.

Тәрбие үрдісі өзінің жаратылысы жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғанын үздіксіз дамуда, өзгерісте, козғалыста болуына байланысты. Тәрбие үрдісінің негізі өмірде кездесетін себептерге байланысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланын жас ерекшеліктеріне де байланысты дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үрдісінің диалектикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылыктарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының бірі - жеке тұлғаның даму үрдісінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің арақатынасынан туындайды. Адамнын білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекетті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге кимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-кайшылықтарды жену ісі де тәрбие үрдісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсінісбеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т.б. теріс әсерін тигізеді.

Бұл заңдылық тәрбиенің тұтастығы мен өзара байланысындағы, тұлғаны оқыту мен дамытудағы диалектикалық шарттылықтардан көрініс табады. Тұлғанын дамуы тәрбие мен оқытудын сапасына байланысты. Оқыту тұлғаны калыптастырудың құралы болып табылады. Өз кезегінде тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің жалпы даму дәрежесінін деңгейіне байланысты болады. Тәрбие теориясы тұлғаның дамуына әлеуметтік тәжірибені игеруге, карапайым, білім, білік және дағдыларды жинақтауға көмегін тигізеді. Жеке тұлғаның дамуы өзінің көрінісін ең алдымен адамның психикалық қызметінің сапалық өзгеруінен, онда жаңа сапалардың, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуынан туындайды. Тәрбие үрдісінде оқушылардың іс-әрекетінін мазмұны олардың қажеттілігінің өзгеріп отыруына байланысты көп вариантты болып келеді және қажеттіліктің даму өрісімен анықталады (О.Н. Козлова, 1994).

Педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарғы мақсаты мен мәні бағдарлама, іс-шаралар, түр мен әдіске қол жеткізу емес, баланың, жасөспірімнің, жас жігіттің өзі болуы керек. Олардың даралығын, өзіндік мінез-кұлықтарын, өз бойындағы касиеттерді сезінуін биік руха қажеттіктерге дейін дамыту керек.

Баланы тек адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, яғни үлкендердің балаға деген шынайы құрметі, сүйіспеншілігі олардың өзгелерге деген сенімін арттырады.

Жетіліп келе жатқан тұлғаның тәрбиесі оны іс-әрекетке ендіру үрдісінен, сонымен бірге сол іс-әрекеттің субъектісі екенін баланы өзінің сезінуінен және оған себепші болатын үлкендермен бірлестік еңбек етуінен туындайды.

Тұлғаны қалыптастырудың тиімді дамуы баланың белсенділігі демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Тұлғаның құрылымындағы әлеуметтік-психологиялық жана өзгерістер оның өзінін белсендігін арттыру жолымен іске асырылады. Бірақ, белсенді қызмет үрдісінде оның дене және рухани жағынан өзгеріске түсуіне баланың күш-жігер жұмсауын арттыруға мүмкіндік береді. Тәрбиелік үрдіс осы тұрғыдан алғанда жоғары карай дамитын қозғалыстың тоқтамайтын, әлі де жаңа және үлкен күш-жігерді талап ететін үрдіс болып көрінеді.

Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененін даму дене шыныктыру жаттығулары арқылы, адамгершілік тәрбиесі, адамгершілік тәжірибеге тұрақты түрде бағытталу арқылы жүреді.

Оқушылармен бірлесе отырып, адамгершілік және рухани мәдениетті, оның тамаша үлгілерін іске асыру соның негізінде жеке басқа тән құндылықтарды жинақтап жасап шығару, сөйтіп тәрбие жүйесінде оқушының жеке басының белсенділігін туғызумен бірге тәрбиеші жұмысының мазмұнын да құрайды.

Тәрбие ісіне қатысу екі жақты болады: біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейінгі тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым максаттылықпен іске асырылады. Бұл зандылық мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәтижелі болуын қарастырады. Егер тәрбие үрдісіне қатысушылардын өзара байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл заңдылықгың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс аркылы көрініс табады: тәрбиелік қызмет неғұрлым карқынды саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үрдісінде мұғалім мен оқушының екі жақты байланысты кызмет сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәрбиешінін өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі кажет.

Тәрбиеге еріктілік және шыгармашылық көзқарас. Тәрбие үрдісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу, өзін көтеру), ынтымақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үрдісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адамгершілік тәрбиесі күйрейді. Тәрбиеші баланың кызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайда ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.

Бұл зандылыққа сәйкес педагог баланың күнделікті басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынасында өзіндік «менін» саналы түрде түсінуге, қабілетін дамытуға, өзінің жасаған қылықтарын ой елегінен өткізіп, бағалай білуге және олардын себеп-салдарының басқаларға да, «өзінің жеке басына да калай әсер ететінін көре білуіне, өзінің іс-әрекетін қорғаушы ретінде өзін-өзі бағалай білуіне барынша жәрдем етеді.

Тәрбиеге деген еріктілік пен шығармашылық көзқарас ықпал етудің дәстүрлі әдісі ретінде оқушыларға арнап қатаң бұйрық шығаруды қаламайды, сондай-ак оқушынын үлкендерге санасыз, еріксіз бағынуын жоққа шығарады (өміріне қауіпті жағдайдан басқада), оның орнына «педагог пен окушының» өзара қарым-катынасы әбден қүшейте түседі, олардын өзара араласу стилі мен түрлерін осы заманғы озық мәдениеттің өркениетті үлгілеріне жақындатады.

Тәрбиенін ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық әзірге мектеп өмір сүріп отырған жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектепгің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты мен мазмұны, оқушылармен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеті сол қалпына сақтауды қажет етеді.

Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке кабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін аз болсын, көп болсын, өзінің күш-куатын жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бұл жағдайға бару, жұртгын бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрлі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана бермейді, ұялшактықты жеңе білмейді, ұжыммен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен карай алмайды.

Ұжымдық карым-қатынастарды орнатудың тиімділігі біріккен қатынастардың стихиялық түрде болуы баланың көңіл-күйіне ықпал ететін түрлі факторларға байланысты. Ондай факторларға мыналар жатады: оқушының ерекшеліктері (дарындылығы, әсерленушілігі, көпшілдігі, өмірге сенімділігі, сыртқы түрінің тартымдылығы); оның адамгершілік бейнесін сипаттайтын белгілері (құрбыларына ілтипатпен карауы, әділдігі), денесі жайындағы мәліметтер (күші, көркі, еркі, батылдығы, ептілігі).
















1.3. Оқушылардың жеке басының дамуын зерттеу

Жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір келбетін берік қалау, жеке дамуына жағдай жасау-қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі.

«Жеке тұлға» түсінігінің «адам» мен «индивид» түсінігінен ерекшелігі және бірінен-бірінің айырмашылығы –көлемінде емес, мазмұнында.

Жеке тұлға дегеніміз- қоғам мақсатына сай, ойлау-сөйлеу қабілетінің арқасында саналы әрекет, қарым –қатынас жасайтын, рухани құндылықтарды бойында жинаған, тәрбие, білім, мәдениет, дүниетаным, рухани зерделілік, мінез-құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам.

«Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар» деп аталатын төрт категорияны қамти отырып, педагоикалық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады. «Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек» деген педагог К.Д. Ушинскийдің көрегендігі-педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық қызметпен тығыз қарым-қатынаста екендігінің дәлелі. Баланың мектепте өзін жайлы сезінуі үшін интеллектуалды, өзіндік күш-қуат ресурстарынан ажырамай, тиімді оқу мен жан-жақты дамуына мыналар қажет:

  • баланы жан-жақты тану;

  • оқу -тәрбие үрдісін баланың өзіндік ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне бағыттау;

  • баланың мектептегі ортада қарым-қатынас жасауға және оқуға қажетті ішкі психологиялық механизмдері мен әдісін қалыптастыруға көмектесу.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру ісі тұтас жүйедегі психолог-педагогтар,мектеп, әкімшілігі мен ата-аналардың ұйымдасқан тиімді жұмысы мен өркениетті психологиялық дамуына бағытталған. Оқушылардың мектеп өміріне белсенді араласып, үйренісуі шарт.

Жеке тұлғаның психикасының саулығы, яғни, өзін-өзі тануы және қоршаған ортамен түсінікте болуы ,мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру міндетіне байланысты мектеп психологы төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізеді:

1. Әрбір оқушының өзіндік пікірін білдіруін, іскерлігін қалыптастыру, бағалау қабілетін дамыту мақсатымен оқушылар арасында «Мұғалім-оқушы көзімен» сауалнаманы жүргізіледі.

2. Социометриялық зерттеу мәртебесі мен өзара қарым-қатынасы анықталады.

3. Оқушылардың ақыл-ой қабілетін байқау мақсатында мектеп оқушыларының білімдік деңгейі таразыланады.

4. Мектеп оқушыларының әрқайсысына жеке карталар құрылады, жеке картада оқушы туралы жалпы деректер, отбасы, денсаулық жағдайы, оқушылар арасындағы беделі, шығармашылық қабілетінің даму деңгейі топтық әдіспен анықталады.


ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

2.1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді.

Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.

Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және әдістемелік нұсқаулықтардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек, талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.

Окушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да онын қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білуі керек.

3. Ал үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге негіз бола алмайды.

Керісінше әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Сыныптан немесе мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, қүштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4.Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт секцияларында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардын белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болуы керек.

Оны педагогтер бағыттап отырады. Сыныптан тыс сабақтарға басшылық жасау бастамашылдық пен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның бастамашылдығы мен дербестігі толығырақ жан жақты керініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар рөлінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар рөлінде де көзге түседі. Жоғары сыныптардағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

5.Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болуы керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6.Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді. Алтыншы ерекшелігі - формалар мен әдістердің сан алуандығы. Нәтижелі болуы үшін бүл жұмыстардын нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айкын жасалған графигі болу керек.

7. Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланын санасына, сезімше және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8. Соңғы жылдарда сыныптан тыс, мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндайда жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын және тартылған оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.






    1. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері мен оларды басқару

Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі - үйірме. Үйірмелер түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді. Кейде үйірмелерді секция немесе клуб, кейде коғам деп те атайды. Айталық, «Жас ақындар үйірмесі», «әдебиетшілер клубы» т.б.

Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Пушкин ертегілері», «Абай және орыс ақындары». Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа кеш өткізудін дәл қазіргі қайта құру кезеңінде мәні артып тұр. Сол сияқты моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтын мән-жайын айтуға келе ме? - деген сиякты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру кажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрыңғыдан ерекше бір түрі - сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фестивальдар немесе тапшыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердін, ой тапқырлығы мен қимыл шапшандығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдын білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардын түрін кеңінен өрістеу - бүгінгі күннің тілегі.

Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.

Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі - оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады. Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шыныктыру - спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.

Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің ішінде тәрбие жұмысын жан-жақты, кешенді түрде жүргізіп, жалпы халықтық ағарту ісіне үлкен үлес қосып отырған «Жастар сарайы». Мұнда тәрбиенін барлық саласына арналған үйірмелер жұмыс істейді. Сондықтан оларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі уақытта олардың ғылыми негізде жұмыс істеуін практикамен байланыстыруды мақсат етуді және жоспарлы жүргізілуді қамтамасыз ету үшін «Жастар сарайларындағы» үйірмелерге арналған бағдарламалар құрастырылып жарыққа шығуда. Сарайлар мен үйлердің қазіргі уақытта жастарға арналғаны да бой көрсете бастады. Бұлармен қатар клубтар бірлестігі, жеке секциялар түріндегі бірлестіктер де кұрылды.

Табиғаттағы тіршілікті жете білуде жас натуралистер станциялары, парктер мен алаңдар т.б. үлкен қызмет атқарады. Мектептен тыс мекемелердің бір түріне жазғы демалыс лагерінде жатқызуға болады. Бұл жұмыс мектеп штатына сыныптан және мектептен тыс жұмыс женіндегі директордын орынбасары кызметі енгізілгеннен соң белгілі дәрежеде жанданып 1966 жылы «Жалпы білім беретін орта мектептін жұмысын одан әрі жаксарту шаралары туралы» қауылдан соң мүмкін болды.[3]























2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.


Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте исыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді демек, тәрбие жүйесінде олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс үргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінеттерін толықтыру және терендету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық тану, белгілі бір нәрсеге қызығушылына мен ынтасын ояту, қогамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастаруды көздейді . Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету . Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі. Сыныптан және мектсптен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны талдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндетгеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысы атқарылады.

1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын- жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынтерлермен).

3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуга арналған байқауларды ұйымдастыру.

5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түріңде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тогыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

10. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілекгері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.

11. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

12. "Атамекен" бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

13. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдардын атап өту.

14. Сынып жиналыстарын өткізу.

15. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жендеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

16. Мұражайларға, көрмелерге, демалалыс -мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

17. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.





























2.4. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі


Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде сынып жетекшілерінің еске алатын негізгі міндеті, осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуға, кез-келген оқушының тәрбиелік шаралар барысыңда, яғни оларды дайындау және өткізу кезіңде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп, олармен ақылдасып, кеңесіп отыру, тәрбие жұмысынын барысында оның нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, сыныпты-жетекшісі сынып белсенділсрімен алдын-ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп, олардың қорьпындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке-дара немесе топгап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Сонда гана ол қызықты, әрі табысты өтеді.

Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда окушылардың жауапкершілігі мен ьнтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді Сынып сагатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда біріңгай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсы біріне ғана баса назар аударуга болмайды. Барлық кезең тәрбиенің негізгі құралы болып табылады. Себебі сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп-тауып, оган қатысты альбомдар, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге ат салысса, кейбір жскеленген топ оның мазмұны мен өткізу багдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыптастыра отырып, білім дәрежслерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.

Сынып сағаттарын өткізуде оқушыларға ұнамайтын, іш пыстыратын әңгіме жүргізу немесс жаттанды, таптауырын болған сценарий бойынша әдеби-музыкалық монтаж жасау арқылы тәрбие шараларын ұйымдастыру тәсілі мектеп өмірінде орын алған. Қазіргі кезде ескірген мұндай тәрбие оқушылардың жан дүниесін тәрбиелеп, адамгершілік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру орнына, керісінше оларды мезі етеді. Ол үшін пікір талас /диспут/, сұрақ-жауап кештері, қоғамдық-саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциялары, мекгеп театрлары мен үгіт бригадалары, турисгік жорықтар т.б. бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет. Тіпті болмаса, қажетгі тәрбиелік шараларды оқушылардың өздерінен сұрап, ақылдасып шешіңіз қаншама жаңа, тың ұсыныстар мсн қызықты кештерді өздері ұсынады, оларға анкета сұрақтарын таратын, мысалы: "Өз жолдастарыда қандай сынып сағаттарын дайындап, өткізгендігі қалар едің ?" деп бастама көтерсең және оларга сенім артсаң, соңда сынып сағаттардың маңызы артып, өз нәтижссін беретіні анық.

Пікірталас - оқушыларда қоғам және адамдар өміріңдегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тірішлік жайлы олардың көзқарастары мен сендіретін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікірталастың әңгіме тәсілінен ерекшелігі, оңда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланыс адамгершілік мәселелерін айқын меңеруде. Ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден-бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезіңде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарыңда емес, оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауга үйретеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастың табысты етуінің негізгі шарты алдын-ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқыңдалады және өткізілетін күні белгіленеді. Сонымен қатар пікірталастың негізгі сұрақтарын ойластыратын топ, немесе жекелеген оқушыларга тапсырмалар беріледі. Олар онымен қоса пікірталасты өткізу жайлы хабарландыру іліп, оған қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оқушыларға оларды оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын-жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Кейбір жағдайда анкеталық сұрақтар таратылып, оның қорытыңдысын талдап, пікірталас барысында оларды пайдаланады. Пікірталасты жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет. Ондай адам біреу немесе екеу болғаны жөн. Олар оқушылар алдында өздерін еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлаған жөн. Пікірталасты сұрақтарын дайындау барысында оның санына емес, сапасына, тәрбиелік маңызына көңіл болу қажет. Олар әрі нақтылы болу қажет. Сұрақтарды алдын-ала оқушыларға тарағып, не болмаса іліп қою міндетгі. Тақырыпқа сай оқылатын әдебиеттердің тізімі де күнілгері оқушыларга беріледі .

Пікірталасты өткізу барысында баяндама жасалмайды. Пікірталас мәдениетті түрде, оған қатынасушылардың бір-бірінің көңілін қалдырмай, дөрекі жауап бермей, әркімнің өз пікірін сыйлау, құрметгеу жағдайында өткізіледі.

Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіңдіреді, әрі қарай нақты алмасу басталады. Пікірталас кезінде сөйлеген адамдарға сұрақ қоюға болады. Сұрақтар талданып болғаннан кейін жүргізуші, сынып жетекшісі, катынасқан мұгалімдер тарапынан қорытынды жасалып, дұрыс және теріс пікір қайшылықтарын көрсетеді Сонымен тілек айтылып, белгілі-бір әрекеттерді атқаруға шешім қабылданады. Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы фактілермен тұжырымдалу. Оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі

Әңгіме жүргізу негізінен этикалық тақырыптарга арналады. Ол көбінесе 5-6 сынып оқушыларын қамтиды. Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:

өз отанына адал берілгендігі;

өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;

шыншылдығы;

қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;

саналы тәртіп пен мінез-құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;

жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;

немқұрайшылыққа және жамандыққа тезбеушілігі;

еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы.

Жоғарыда көрсетілген әрбір бағыттың маңызды, мазмұнды нақталы тақырыптарда жан-жақты талданады. Олардың көлемі, мазмұнның сапасы сыныптың өсуіне, оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай күрделенін, ауқымы кеңейіп отырады. Әрбір қаралған тақырыптарға оқушылардың көзқарасын, адамгершілік түсініктерін жаңа фактілермен, этикалық нормалармен байытып, адамдардың бойында, іс-әрекгерінде, қарым-қатынатарыда кездесетін жагымсыз қалыптардың болу себебтерінің мәні ашып беріледі. Әңгіме әдісін өткізуге дайындық барысында оның тақырыбын, мақсаттарын, еңбасты, түйіңді сұрақтары анықтап, содан сәйкес жоспарын құрады.

Тақырыптың сұрақтары оның өзекті мәселесіне айналуы қажет. Дайындық бөліміндегі тағы бір жауапкершілігі мол, қиын кезең, ол өткізілетін әңгіменің тақырыбына сай оқушыларга берілетін тапсырмалардың көлемін, сипатын, багытын және оларды бөлуде оқушылардың қабілетін, ықыласын анықтау болып табылады. Осыған орай, олар қандай әдебиетгі оқуы, өмірдегі қандай құбылысқа көңіл бөлу керек, оз тәжірибесінде нені еске түсіру қажет екендігі алдын-ала ойластырылады. Берілетін әрбір тапсырма оқушылардың шамасына сай келуін, олардың творчестволық өсуін қамтамасыз ету қажет. Мұғалім әңгіме өткізу барысында оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындаға қарым- қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе. Қате пікір талкыға салынатан болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қортындыға келуіне бағытгау керек. Бірақ мұғалім балаларға дайын қорытынды ұсынуына тиісті емес.









2.5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері

Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындагы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағамсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжаңдылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде өткітілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады. Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады. Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркеииетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым салаларынан көп ксйін қалыптасқан. Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулиетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесіи топтастыру және қорытындылау. арнайы оқу- тәрбие мекемелерін ұйымдастырып жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады. Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.

Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тэрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.

Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның пәндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер. Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

-сипаттау немесе түсіндіру озат әрі жаңашыл педагогикалық
тәжірибені зерттеу;

  • анықтау (диагностикалық) — педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділі және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу

  • болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның
    негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Теориялық қызметтің болжау. болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мәнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуі мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынді іс-әрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректеріге орай оқу және тәрбие теориясы анықталып, білім беру практикасы жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:

  • жобалау (проекттеу)-педагогикалық іс-әрекетпен оның мазмұны
    әрі сипатын қалыптастыру және реттеуте нұсқау болғандай теориялық
    тұжырымдар мен анықгамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары. педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;

  • жаңалау – тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымынын замандық жетістіктерін
    мектеп өміріне енгізе, пайдалану:

- ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізуі
(коррекциялық)- ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие ісінде болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мені
тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.

Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінін дамуына себепші болғаи әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерінің өз күшімсн іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен. аталғани процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырлыған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсок келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару

Процесі білім (образование) деп аталады. Білім мәні - әр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдык және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.Сонымен әлемде кең таралған педагогикалық ойдың дамыған екі бағыты танылған - үлкендердің бедел - абыройына және балалардың бағыныштылығына негізделген әкімшіл (авторитарлы) ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін құрметтеуші - гуманистік ағым. Олардың арасында сан қилы педагогикалық бағыттар өрбіген. Әлемнің ізгілікті педагогикасы өзінің гуманистік тандауын қабылдады.

Сынып сағаты негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, окуы, қогамдық істері және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Екіншісі, әртараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар.

Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, диспугтар, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады. Сонымен қатар, мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсер алу мақсаттарын кездесе, өздері туып-өскен ауыл өмірінің тіршілігіне атсалысуда тәрбие сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізушісі оны қорытып сөз сөйлейді. Атқарылған жұмыстарға баға беріп, конфереңция жүмысының жетістігі мен кемшілігіне тоқталып, маңыздылығын атап көрсетеді.

Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру - мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетгі саласы.

Кездесуге әдетте өнеркәсіп және ауылшаруашылығы озаттары, Ұлы Отан соғысы меи еңбек ардагерлері, ғалымдар, жазушылар, әртістер шақырылады.

Мұңдай қызықты кездесулер барысында оқушылардың елжандылық пен адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйспеншілігін тәрбиелеуге солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмектеседі.

Кездесулерді ұйымдастыруда оқушылар арасында оған алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше. Ол үшін, сынып жетекшісі, кездесудің нақтылы мақсатының белгіленуі және оқушылармен кездесуге кімді шақыру керек деген мәселені дұрыс шешіп алғаны жөн. Одан кейін қонақты шақыруға балалар өкілдері жіберіледі Бұл оқушылардың белсеңділігі мен жауапкершілігін арттыруға, болатын кездесуге олардың ықыластарын оятуға көмектеседі.

Дайындықтың маңызды бір саласысының жетекшісінің шақырылатын қонақтармен алдын-ала сөйлесіп, пікірлесуі болып табылады. Онда оқушылардың құрамымен, олардың жас шамасы, дара ерекшелікгерімен бірге, кездесудің көздейтін мақсаты таныстыруы керек. Осы орайда сынып жетекшісінің педагогикалық кеңес беруіне де болады. Кездесуді бұлай ұйымдастыру шақырылған қонақ сөзінің шашырамай, нақтылы мәселе төңірегіңде айтылуына көмектеседі

Кездесудің болатын уақытын алдын-ала дұрыс ойластыру, оның тәрбиелік маңызын арттырудың оң жолы. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесіңде қалыптасқан дәстүр ол кездесуді сабақ артынан іле-шала өткізу. Бұл тиімсіз әдіс. Өйткені, бес-алты сабақтан шаршап шыққан балалар көп жағдайда кездесуге онша құлқы бола қоймайды.

Кездесуді өткізетін орынды да алдын-ала белгілеп алған жөн. Еліміздің көптеген мектептерінде оқу екі мезгілде (түске дейін, түстен кейінгі уақытта) жүргізіледі .

Бұл - саяси білім берудің аза маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушыларды еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістікгеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мекгеп тәжірибесіде саяси хабарларға шолу, тақырьпттық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.

Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі.

Мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:

1. Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.

2. Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табыстар, жаңалықтар туралы хабар.

3. Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.

4. Шетелдердегі жастар өмірі туралы хабар.

5. Қорытындылар.

6. Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар.

Тақырыптық саяси хабарларда белгілі бір нақты мәселеге байланысты толығырақ ақпарат беріледі, мерекелік және даңқты күндерге, ғалымның, техниканың, өнердің аса жаңа жетістіктерін атап өтуге арналады. Мысалы, "Жастар және саясат", "Қайта құрудың жаңалықтары", "Қазақстан Республикасы" т.б.

Жедел хабарлар төтенше оқиға жағдайыңда, Парламент сессиялары кезінде, үкіметіміздің аса маңызды шешімдері қабылданғаннан кейін өткізіледі.

Саяси хабарламаны өткізуге, сонымен қатар, үгіт-насихат жұмысын жүргізушілерді және ата-аналарды тартқан жөн.

Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, соиымен бірге оқушылардың жазғы демалысы кезінде де, ондіріс бригадалары, жазгы еңбек тынығу лагерлерінде өткізіп отыру қажет.

Саяси үйірмелер мен клубтар.

Мұның міңдеті оқушылардың сабақта, газет, журнал, радио, көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шындауға көмектесу.

Саяси үйірмелер мен клубтар әдеттеу жоғаргы сынып оқушылары арасында қолданылады. Ондағы жұмыстың формалары мен тәсілдері әр алуан. Мұнда лекциялар мен баяндамалар тыңдалып, пікір алысу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына оқушылармен қатар мектеп мұғалімдері және қоғамдық негізделген лекторлар қатысады.

Саяси үйірмелер мен клуб жұмысын ұйымдастырудың Нәтижелі болуы үшін, алдымен тыңдаушылардың құрамына байланысты тақырыпты тандау және олардың білім дәрежесін анықтау қажет.

Оның жұмысының мазмұнына жақын және алыс шет елдегі саяси ағымдағы оқиғалар, ондағы адамдардың өмірі мен тыныс тіршілігі, тарихы мен экономикасы және мәдениеті жайлы толып жатқан мәліметгерді оқып білуі, оған оқушылардың баға беруімен қатар, саяси көзқарастарын тәрбиелеу жатады.

Мұндай жұмысты, әдетте оқушылардың мәліметтер жинауы, оған қысқа түрде баяндамалар әзірлеуі, көрнекі құралдар шығаруы негізінде ұйымдастырады. Саяси үйірмелер мен клуб жұмыстарын ұйымдастыру баяңдамалармен қатар, әңгімелесу түріңде де өткізіледі.

Ол үшін таңдаған тақырып бойынша алдын-ала сұрақтар әзірлеп, дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Ұсынылатын тақырыптың бағыты мен күрделілігіне байланысты жауапты адамдар тағайындалады.

Сынып жетекшісі саяси тақырыпты әзірлеу мен өткізу барысыңда, жауапты оқушыларга оның тақырыбын тандап алуға, нақтылы жоспар құруға, қажетті әдебиеттердің тізімін анықтауға, талқыланатын сұрақтардың негізгісі мен, қосалқысын ажырата білуге көмектеседі, бағыт-бағдар беріп отырады.

Мұндай жұмыс барысында оқушылар ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренеді және құрбылары алдында өз ойын айтуға, ағымдағы оқиғаларға баға беруге машықтанады.

Оқырмандар конференциясы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездеріңде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.

Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қалыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.

Конференцияның міндеті: оқылған кітаптарды ұжым болып талқылау, оның мазмұнын, автордың ойын дұрыс түсінуге тәрбиелеу, жеткіншектерді сөйлей және ойлай білуге үйрету.

Әдеби-көркемөнер шығармаларын жан-жақты талдау.


















Іс-тәжірибелік бөлім

Семей қаласының №47 жалпы білім беретін орта мектепте мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырдық.

Үйірме жұмысы, семинар, сыныптан тыс тәрбие сағаттары, факультатив сабақтарын өткіздім.

Ақындар үйірмесінің жылдық жоспары

Тілім менің -тірлігімнің айғағы...

(Тіл мерекесіне арналған ақындар мүшәйрасы)



2

Дала данышпаны -Мұхтар (Ұлы тұлғаның туылған күніне арналған жырдан шашу)



3

Республикам менің!



4

Абай -поэзия патшасы (Бас ақынның шығармашылығын дәріптеуге арналған жыр кеші)



5

Елін сүйген, елі сүйген елбасы (Тұңғыш президент күніне орай газетке мақала мен өлең арнау)



6

Тәуелсіздік деп жырлайды жүрегім...(Тәуелсіздік күніне арналған қалалық ақындар сайысы)



7

Мұқағали- мәңгілік ғұмыр (Мұзбалақ ақынның 85 жылдық мерейтойына арналған жырдан шашу)



8

Алаш арыстары (Ұлт көсемдері болған Ә.Бөкейханов, Т. Рысқұлов, т.б. ерен еңбек жолын дәріптеуге арналған жыр сайысы)



9

Асыл ана жаулығы желбіреген...



10

Наурыз - жыл басы



11

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген...




ҮЙІРМЕНІҢ МАҚСАТЫ:

Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

  • Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету:

  • Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасуға дағдыландыру;

  • Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;

  • Лирикалық шығарманы жан жақты талдай білуге дағдыландыру.

ҮЙІРМЕНІҢ МІНДЕТІ:

Жоғарыда көрсетілген мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:

  • Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

  • Бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;

  • Зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • Жазушы шеберлігіне көз жеткізу;

  • Әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;

  • Оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.

Аталған курс бойынша білім алған оқушы оқу жылының соңында күтілетін нәтиже:

  • Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;

  • Берілген мәтіннен тілдік көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;

  • Кез келген әдеби шығармаға жан- жақты талдау жасай алады.

Іс-тәжірибе кезінде ақындар үйірмесінің белсене қатысуы арқылы «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты сыныптан тыс іс-шара өткіздім.

Жоспары:

Тақырыбы: «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» (Мұзбалақ ақынның 85 жылдық мерейтойына арналған жырдан шашу)

Мақсаты:

-XX ғасырдың таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,

-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: шарлар, ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:

Кеш мемлекеттік ән ұранның асем әуенімен басталады

ЖҮРГІЗУШІЛЕР: Шегебаева Жарқынай мен Тұрсынбекова Гүлсезім

1-жүргізуші:

Кіріспе сөз. ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны, қалың қазағының аяулы ұлына айналған Мұқағали Мақатаев көзі тірі болғанда,ертең сексен екіге толар еді. Артына өлместей өміршең өлең-жырларын қалдырған ақиық ақынға арналған « Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай…» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай. Мына жұртым неге жатыр тойламай. Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай,-деп жырлаған Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай осы кеште айтылатын өлең-жырлар, қойылымдар мен баяндамалар, би мен әнде ұлы ақынның құрметіне арналады.

2-жүргізуші: Шарасынды шаттықтың мұңы басым, Нұр сәуле боп жүректе нұры қалсын. Мұқағали мұзарттың мұзбалағы, Шашып өткен әлемге шұғыласын-дей отыра кешімізді Мұқағалидың өмір баянынан бастасақ кезекте ортаға өз баяндамасын ұсынатын студентеріміз:

Абдуллаева Азиза мен Алдасүгір Айдана. Баяндама оқылып болғансоң.

1-жүргізуші:

-Поэзия! Менімен егіз бе едің? Мен сені сезесің бе неге іздедім? Сені іздедім досымнан, қасымнан да, Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да. Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда, Қызыл –жасыл шұғыла шашылғанда… Махаббаттан іздедім, сағыныштан, Арманымнан іздедім алып ұшқан!… – дей отыра Мұқағалидің өлеңдерін оқуды ұсынамын.


6-сыныптар арасында Қайым Мұхаметхановтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың Қайымы» семинар сабақ ұйымдастырылды.

Жоспары:

Тақырыбы: «Қазақтың Қайымы»

Мақсаты: Қ.Мұхамедханқлының туғанына 100 жыл толуына орай ғалымның еңбектерін насихаттау

Міндеттері:

Білімділік: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғалармен тереңірек танысуға қызығушылығын арттыра отырып, олардың Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығына деген өзіндік көзқарасын қалыптастыру, шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын ұғындыру.

Дамытушылық: Қазақ әдебиеті пәніне, жалпы Қайым Мұхамедханов шығармашылығына қызығушылықтарын, білім алушылардың ой өрісін, шығармашылық қабілетілігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамзат құндылықтарын сақтауға үндеу, өнерді, ғылымды құрметтеуге баулу. Қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін насихаттау.

Түрі: семинар сабақ

Әдісі: Баяндама оқу, сюжеттер мен таныстыру.

Көрнекілік құралдар: Қанатты сөздер, буклет, көркем әдебиеттер көрмесі

Техникалық құрал: мультимедиа

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Қайым – ұстаз

ІІІ.Қайым – абайтанушы

IV.Қайым – ғалым

V.Қорытынды кезең



5 сыныпта өткізілген сыныптан тыс тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Қыз сыны»

Мақсаты:

Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал - мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.

Бүгінгі қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, өз өнерлерін көрсетеді.


Сайысымыз 5 турдан тұрады.

1. Өзін - өзі таныстыру.

2. Сұрақ - жауап

3. Өнер

4. Ас мәзірін даярлау

5. Шығармашылық қолөнер сайысы


6 сыныпта «Қызықты грамматика» атты факультатив сабақ жүргізілді.

Тақырыбы: «Жұмбақ жасыру»

Мақсаты: Оқушылардың жұмбақ туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оның мән-маңызын түсіндіру

Міндеттері

Білімдік: Өз беттерінше сабаққа мақсат қойып, халық ауыз әдебиетінің бір тармағы ретінде жұмбақ тақырыбына шығу, оның түрлері туралы білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Жұмбақ шешу арқылы ойын ұшқырлау, елестету, қиялдауын дамыту, өздіктерінен жұмбақ шығару арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Халық даналығының мағынасын өздеріне алып шығуға,білімпаз болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, жаттығу, топтық жұмыс, ойын, т.б.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі: Жұмбақ аялдамалары. Бағалау парағы. Ақ қағаздар, фломастерлер.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 

ІІ. Ой қозғау

ІІІ. Кіріспе сөз

IV. «Жұмбақ кейіпкер»

V. Топтық жұмыс

а) «Кім тапқыр?»

ә)«Кім жылдам?»

VI.«Ойлан, тап»

VII.«Соңғы сөзді мен айтамын»

VIII.Сабақты қорытындылау

























Қорытынды

Қорыта келгенде, бәсекеге барынша қабілетті, әлемнің жоғары дамыған елу елінің қатарына қосылу үшін, ең алдымен , білім беру саласын реформалауды қола алу қажеттігін президентіміз атап көрсеткен болатын.

Осыған орай, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласын алдына шешілуге тиісті біраз міңдеттер қойылды. Онда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмір құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып да, даярлауға бағдарланбағандығы көрсетілген. Осындай кемшіліктерді жоюдың жолы - оқыту үрдісінде оқушы тұлғасын дамытуда танымдық белсенділікті орны ерекше болып табылады Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениеті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кірістіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытудың күшті құралы болып саналады. Бұдан бұрынгы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мәңгі проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді олар өзінің еңбасты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жәнс жауапкерлі болып көрген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуга байланысты өзгерістердің ізімен асығу кажеттігі пайда болып отыр. Педагиканың іркіліс. кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-тсхникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да. педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер - адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері: философиялық қоғамтану, педагогикалык және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие практикасы арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соны технологиялары.

Сонымен педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті, адам тәрбиесі жоніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Педагогика адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соиың негізінде алга қойылган аттарга жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.

Оқушының жан дүниесіне көбірек үңіліп, оны жете білуге және сол арқылы тәрбиелік ықпал ету мүмкіндігін арттыруда сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың ролі өте зор. Яғни балаға ықпал ету, олардың неге жете білуіне қажет жағдайлар сабақтан гөрі осы сыныптан, мектептен тыс жұмыстарда мол. Сондықтан бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін және тәрбиелік мақсатта нақты көздеген нәтиженің болуы үшін мұғалім, сынып жетекшісі бұл жұмыстардын түрі, мазмұны дегендерді өзі жете біліп және оларды оқушы қызығушылығы мен жас ерекшелігіне сәйкес жүргізе білуі шарт. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында тәрбиенің жақсы жақтарын үйренуге әсері мол. Адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт- саналарына бір-біріне деген бауырмалдық қасиеттерінің артуына, сонымен бірге оқу- тәрбие ісінде алған білімдеріне қосымша сабақ болары анық.

Тәрбиеші, яғни сынып жетекшісі арқылы жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушының жақсы мүмкіндіктеріне орай, жүргізілуі керектігін ашып көрсеттік.

Тәрбие үрдістерінің ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие ісін басқаруда жеке тұлғаны дамытуда, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде сынып жетекшісінің мақсат- міндеттері :

  • Тәрбие ісінің негізгі мақсатын, міндеттерін, маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу:

  • Тәрбие ісінде белгіленген мақсатқа сәйкестігін анықтау;

  • өз жұмысының нәтижелігін анықтай білу.

  • Оқушыларды –зерттеу арқылы сыныптан тыс жұмысты жүргізу.

Курстық жұмыста монографиялар, басылым беттеріне жарияланған материалдар пайдаланылды.

















Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1. Болдырев Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. "Мектеп", 1987, 99-115 беттер.

2. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. -А., "Мектеп", 1975.

3 Нұрмағанбетов С, Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. -А., ектеп", 1969.

4. Саңғысбаев Н. Мектептен тыс мекемелердің іс тәжірибесінен.-А.,"Мектеп", 1972.

5. Сағындықұлы Е. Педагогика . Дәрістер курсы.-Алматы,1999.-179 бет

6. Әбенбаев С.Ш. Педагогика. Астана: Фолиант,2003.-352 бет

7. Дүйсенбаева Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей,2003-147 бет

8. Момбиева Г. Оқушы тұлғасының сапаларын қалыптастыру және дамытудың психологиялық- педагогикалық шарттары// Валеология дене тәрбиесі спорт , 2003,№ 7-8

9. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы,2001

10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.Астана,1998

11.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы.Алматы,1986

12. Әлжанова Г. Ұлттық тәрбие құндылықтары.// Ізденіс,№ 2, 2004

13. Бөрібасарова Ж. Жеке тұлғаның қалыптасуы// Бастауыш мектеп №9, 2006

14. Құрманалина Ш.Х. Педагогика: Оқулық.-Астана,2007

15. Ақназаров Б., Шыныбеков Оқу процесінде тәрбиелеу .Алматы, 1992

16. Жеке тұлғаның қалыптасуына ортаның әсер //Ұлағат №2, 2005

17. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика. Ақтөбе, 2000.

18. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы// Қазақстан мектебі, №10,2000

19. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі А., 1999

20. Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы .-А., 1993
















Автор
Дата добавления 03.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1370
Номер материала ДБ-109382
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх