Инфоурок Начальные классы КонспектыКурстық жұмыс: Демеулік шылауларды контекст тұрғысынан зерттеу

Курстық жұмыс: Демеулік шылауларды контекст тұрғысынан зерттеу

Скачать материал

Есембаева Бақтылы Иланбековна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демеулік шылауларды

контекст тұрғысынан зерттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 жыл                                                                                              

 

КІРІСПЕ

 

      Зерттеу  тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ тілінде сөз таптарының арасында ең аз қарастырылғаны шылаулар, соның ішінде- демеуліктер. Олардың өздері жалғанған сөздерге қосымша мән үстейтіндігі және мағыналық топтарының аты аталып, санын айтумен шектеліп, функционалдық сипатына жете назар аударылмады.

      Демеулік шылаулардың атаушы сөздерге үстейтін қосымша мәндерінің үнемі тұрақты болмай, өздері жалғанған сөздердің мағынасына орайласып өзгеріп отыруы, олардың сөйлем құрамында атқаратын қызметі және мәтіннің жалпы мазмұнына қосатын үлесі т.б. сияқты көптеген сұрақтар да өз шешімін таппаған. Сондықтан демеулік шылауларды контекст тұрғысынан зерттеу өзекті мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.

Нормативтік грамматиканың құрамында демеулік шылаулар лексикалық мағынасының солғындығымен, сөйлем мүшесі болуға қабілетсіздігімен сипатталып, көмекші сөздердің құрамында ғана сөз болады. Функционалды грамматика саласы соңғы жылдарда зерттеушілердің ғылыми зерттеу жұмыстарының өзегіне айналып жүр. Орыс тіл білімінде бұл туралы тіл ғалымдарының еңбектері жүйеленген, ал қазақ филологиясында мәселе енді ғана қолға алынып жүр. Бұл- мәселенің өзектілігін арттыра түседі.

Демеуліктер тілдегі белгілі бір грамматикалық категориялардыңжасалуында маңызды рөл ойнаса, екінші жағынан модальдік мән беруге қажетті элемент болып саналады. Сондықтан демеуліктер лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да зерттеуді қажет етеді.

 Демеулік шылаулардың атқаратын қызметтерінде де өзіндік ерекшеліктер бар. Сондықтан олардың қолданыстағы қызметі жағынан өзгешеліктерін де қарастыру қажет.

       Зерттеудің мақсаты. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мазмұн құраудағы рөлін, оның қолданыстағы мағынасы мен қызметін айқындау зерттеу жұмысымыздың мақсаты болып табылады. Оған жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

-          шылау сөздердің, соның ішінде демеулік шылаулардың қолданыстағы мағынасы мен қызметінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

-          демеулік шылаулардың даму, қалыптасу тарихына тоқталу;

-          демеулік шылауларды топтарға бөлудің негізгі принциптерін айқындау;

-          көмекші сөздердің кейбір негізгі белгілерін атаушы сөзге қойылатын белгілермен салыстыру;

       Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың даму, қалыптасу жолдары- зерттеудің басты нысаны.

       Зерттеу әдістері. Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, материалдарды түйіндеу, тұжырымдау, жүйелеу, сипаттау, жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

       Зерттеудің әдістемелік негізі.  Р.С.Әмір, Ф.Кенжебаева, А.Т.Карымшакова,

С.Исаев, А. Ысқақов, М.Оразов, Ы.Шақаманова, Ғ.Мұсабаев, Қ.Жұбанов сынды тілші ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.       

       Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні: Демеуліктердің қолданыстағы мағынасы мен қызметін зерттеу барысында алынған нәтижелерді көмекші сөздердің табиғатын анықтаған, шылауларды топтастырған теориялық еңбектердегі тұжырымдарды толықтыруда пайдалануға болады. Демеулік шылауларды орынды қолдана білуде жұмыстың практикалық мәні анықталады. Демеулік шылаулардың грамматикалық формалары, оның мағыналық топтары тілдің мазмұнды жеткізу өрісіне жатады.

        Зерттеу жұмысының жаңалығы:

-          қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың даму, қалыптасу жолдарымен

байланысты көп қырлы зерттеу мүмкіндіктері анықталды;

-          қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың лексика-грамматикалық, морфологиялық, ерекшеліктеріне орай олардың қолданыстағымағынасы мен қызметі анықталады;

-          демеулік шылаулар сипатына қарай топтарға бөлініп, сөйлеу мазмұнының қайнар көздері белгіленеді.

         Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

-          Демеулік шылаулар сөз табы ретінде емес, атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретінде жұмсалады.

-          Демеулік шылаулардың бастапқы лексикалық мағынасы көмескіленіп, өздеріне тән дербестігінен айрылып, көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.

-           Морфологиялық ерекшелік жағынан демеулік шылаулар түрленбейді, сөз табының түгелімен тіркесе бермейді.

-          Тілдік нормаға сәйкессіздігі- демеуліктердің қосымшаға айналу мәселесі, кейбір демеуліктердің жіктік жалғауын қабылдап басқа сөз таптарының қызметінде көрінуі де жоқ емес.

-          Шылаулардың басты қасиеті сөздермен тіркесіп келгенде нақтыланады.

     Зерттеу жұмысының құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

 

1. ЖАЛПЫ ШЫЛАУЛАР ТАРИХЫ

 

1.1. Шылаулардың бір сөз табы аясында біріктірілуі.

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:

1.      семантикалық,

2.      морфологиялық,

3.      синтаксистік.

Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі  болуына сүйенеді.

Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов жетекші орынға семантикалық принципті, екінші орынға морфологиялық принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті шығарады. [1,89]. 

С.Аманжоловтың бұл мәселеде Қ.Жұбановпен пікірлестігі көрінеді. [2,20].  А.Ысқақов та үш белгінің де қажеттігін ескере отырып, «кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің (принциптің) үшеуін де бірдей қолдану керек болса,  кейбір сөз таптары үшін  екі немесе бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгі ғана  болса, ол тек семантикалық белгі болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы» − дейді. [3,102]. 

1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен:

- негізгі сөз таптары,

- көмекші сөздер,

- азат сөздер

деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші тобы ретінде есімдер тобына етістікті, көмекші сөздерге шылауларды жатқызса, азат сөздер тобы ретінде модаль сөздер мен одағайларды атайды. [4,32]. 

А.Ысқақов сөз табын ажыратуда сөз тудырушы жұрнақтарды да (әр сөз табының) морфологиялық белгісі ретінде қолданған. [3,60].

С.Исаев сөзжасамға қатысты тілдік материалдарды талдау арқылы бұл пікірді жоққа шығарады. «...Кез келген сөзжасам қосымшасы тек бір ғана сөз табының шеңберінде өмір сүрмейді, бір ғана сөз табының грамматикалық көрсеткіші бола алмайды. Айталық, -шы,-ші қосымшасы тілімізде қаншама жаңа туынды жасаса да, біріншіден, тек зат есім түбірге ғана жалғанып қоймайды, етістік түбірге де (жасау-шы, жарату-шы, қанау-шы тап) жалғану мүмкіндігі бар. Тіпті бір қосымшаның семантикалық сипатына салмайтын фактілер де бар: -ық, -ік, -к қосымшасы, бір жағынан есім (зат есім, сын есім, т.б.) түбірге жалғанып, соған қатысты нақты қимылды білдіретін сөз тудырады, семантикалық жалпылануы арқылы ол сөз етістік болады: қыз-ық (бірдеңеге қызығу), тар-ық, жол-ық, тоб-ық, бір-ік, көз-ік, т.б. екінші жағынан, қимылды білдіретін (етістік)   түбірлерге жалғанып қимылдың атауы, қимылдың нәтижесі мәніндегі сөздер жасайды да, олар я зат, я сын есім болады: қыз-ық, (қызық іс дегенде), толық, аш-ық, өл-ік, жас-ық, сал-ық, бөл-ік т.б. бұндай қосымшалар саны бірқыдыру» − дейді ғалым. [5,18]. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген де С.Исаев болды. Ғалым ең алдымен, қазақ тіл білімінде:

-   грамматикалық мағына,

-   грамматикалық форма,

-  грамматикалық категория

секілді грамматикалық ұғымдарды дәрежесіне сай нақты анықтаған.

Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді:

1. Зат есім                              6. Етістік

2. Сын есім                            7. Еліктеу сөздер

3. Сан есім                             8. Шылаулар

4. Есімдік                               9. Одағай

5. Үстеу                                 10. Модаль сөздер

Модаль сөздер секілді сөз табы ретінде бірде танылып, бірде танылмау қазақ тілі білімінде белгілі дәрежеде шылау сөздерге де қатысты болмақ болды. Қазақ тілі сөздерін түрлі топқа жіктеген В.Г.Кондратьев, . [6,21].  И.М.Тронский. [7,31].  сияқты орыс түркологтары еңбектерінде союз, послелог (кейде частица) деген атпен шылау сөздердің түрлері жеке-жеке сөз табы ретінде берілгені мәлім. Сөз таптарын алғаш рет қазақ тілінде жүйелеген А.Байтұрсынов та союз, послелогтарды тиісінше жалғаулық, демеулік деп атап, бөлек-бөлек сөз таптары ретінде таниды.[8,86]. Ал, 30-жылдардағы Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, С.Аманжолов еңбектерінен бастап, бұлар шылау сөздер деген ортақ атпен біріктіріліп, бір сөз табы ретінде анықталды. Ал, 50-жылдар аяғы мен 60-жылдар ішінде шылау сөздердің түрлерін жеке сөз таптары ретінде тануға қайта ықылас болғаны байқалды.

1955 жылы Р.Әміров жалғаулықтарды, 1964 жылы Ф.Кенжебаева септеуліктер мен демеуліктерді кандидаттық диссертация деңгейінде зерттеп, қорғады. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматикада жалғаулық, септеулік пен демеуліктердің әрқайсысы жеке сөз табы ретінде қаралады. Тілімізде бір алуан сөз лексикалық мағынадан айырылып, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру үшін немесе сөзге қосымша мағына үстеу үшін жұмсалып, грамматикалық мағына болмағанымен, өздеріне тән, қызметіне тән мағыналары бар. Ол-–абстрактылы грамматикалық мағына. Мағынасындағы, жұмсалуындағы осы ерекшеліктері ескеріліп бұл сөздің құрамындағы айрықша бір топ, сөздердің айрықша түрі ретінде дараланып шылаулар деп аталады. Шылау деген атау бұл сөздерді сөз табы ретінде емес, сөздік қордағы өзара грамматикалық ортақ сипаты бар ерекше түр, топ екенін атайды. Шылаулар сөз тіркестерін құрауға тең компонент болып қатынаса алмайды, өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды. Бұлар атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретінде жалғасады.

Осындай ортақ сипаты негізінде бір топ болып танылған шылау сөздер сөз табына қойылатын талаптар (критерий) тұрғысынан саралағанда, өзара мына үш тапқа бөлінеді:

1.      Септеуліктер.

2.      Жалғаулықтар.

3.      Демеуліктер.

Сөз таптарының қатарына шылаулар осы тапқа сай дараланып енеді – делінген онда. [8,86]. Алайда қазақ тілі білімінің кейінгі дамуы барысында бұл тұжырым орныға алмады, яғни қазіргі кезде жалғаулық, септеулік, демеуліктер біріктіріліп, шылау сөздер атауымен бір сөз табы ретінде белгілі. Жалпы шылау сөздер түрлерінің әрқайсысының бірде жеке-жеке сөз таптары ретінде, бірде бәрі біріктіріліп, бір сөз табы ретінде танылуы, бізше, қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру теориясының даму жағдайына тікелей байланысты.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы жоғарыда аталған орыс түркоглогтары мен XX ғасыр басындағы А.Байтұрсынов еңбектерінде шылау сөздер түрлерінің жеке-жеке сөз таптары ретінде танылулары зерттеу авторларының қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында семантикалық принципті ғана басшылыққа алуының нәтижесі болды. Ал, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап, қазақ тілі білімінде сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің енуіне байланысты жалғаулық, демеулік, септеуліктердің ортақ морфологиялық, синтаксистік белгілері анықталып, бір сөз табы аясында біріктірілді.

1.1.   Демеулік шылаулардың  зерттелу мен қалыптасу жолдары .

         Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды – көпті пікірлері мен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе бермейді. И.Гиганов «Грамматика татарского языка», М.Казем –Бек «Общая грамматика турецко-татарского языка», «Алтай тілдері грамматикасы», П.Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киркизского языка», М.Терентьев «Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка» деген еңбектерде әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы сипаттамалық тұрғыдан қарастырған. Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі күйін білдіретін жазба материалдар тіл тарихының шежіресі және негізгісі болып саналады. Мәселен,  қазіргі қазақ тіліндегі бір шама шылау сөздердің архетиптері    Орхон –Енисей жазба ескерткіштер тілінде кездеседі. Бұндағы айғақ – қазақтың ана тілі өзімен бірге туып, бірге өсіп, дамып келеді деген сөз. Шылаулардың дербес сөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз табы туралы ұғым өзінің шығу төркінің көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы түсінік біздің дәуірге дейінгі 4 ғасыр шамасында есім сөздер мен етістіктерге қатысты қалыптасқан деген пікір бар [9,56]. С.Мұхтаров : «Үнділердің ұзақ мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс тапты. Ол еңбегінде санскриттің толық жүйесін бере отырып, алғаш рет сөз таптарын ажыратты. [10,16]. Кейінгі үнді ойшылдары Яска, Вапаруди, Катяанна, Патандыжалилер Панини салған ізбен жүрді.

Бұлар тілдегі сөздерді негізінен төрт сөз табына ажыратты:                                                                                                  -  есім

- етістік

- сөз алдына қойылатын көмекші сөздер

- демеулік

деп шылаулардың алғаш сөз табы болғандығынан түсінік береді [10,16]. Мұны Б.Базылханның алтайлық тектілердің дәуірлік долбарымен топшыласақ, «күрделі сөз дәуірінде» абстракт сөздер қалыптаса бастаған дегенімен тұспа-тұс келеді [11,32]. Ал М.Оразовтың қазақ тілінің тарихи даму жолын үш дәуірге бөлгенімен есептесек, соның біріншісі «тарихқа дейінгі дәуірмен» немесе Н. А. Баскаковтың «Алтай дәуірімен » сәйкеседі [12,35]. Шылау сөз табы- даму барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген туынды тарихи категория. Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді.Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім, етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде қалыптасады.                                                               

       Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі түркі тілдерінде

кездесетін  негізгі ортақтық – етістіктің көсемше формалары мен есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз табының құрамына енген. Бұл сөз табы ретінде түркі тілдерінде басқа сөз таптарынан кенже қалыптасқан. Олардың сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Бұдан жалпы сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығын шылаулардың сөз табы ретінде қалыптасуынан –ақ айқын көруге болады. Осылайша дамудың, қалыптасудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялық мағынаға ие. Себебі тіл - тілдегі әрбір сөздің белгілі бір мағынасы мен атауы болады. Сөздердің лексика – грамматикалық топтары бір – бірінен жалпы категориялық мағынасы мен белгілері жағынан ажыратылады. Шылау сөздердің лексикалық мағынасынан гөрі, грамматикалық мағынасы басым болатындығы тіл ғылымында айтылған пікір. Олар тек тіл-тілде алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде қолданылады.     Бұл- оның басқа сөз таптарынан ерекшелінетін басты қасиеті. Екінші бір қасиеті көмекші сөздер қатарына шылау сөздерден басқа көмекші есім, көмекші етістік және бейтарап сөздер жатады. Бірақ солардың ішінен жалпы категориялық мағынаны иеленген лексемалар тек шылау сөздер ғана. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылауларды туыстас түркі тілдердегі шылаулармен салыстырып қарағанда, оның ішінде тең жартысының астамы қазақ тілімен сәйкес келетіндігі байқалады. Кейбір аздаған фонетикалық ерекшеліктері болмаса, лексика- грамматикалық сипаты жағынан сабақтасады. Қазақ әдеби тілін зерттеуші ғалымдар әдеби тіліміздің тарихын 2- ғасырдан бастауымыз керек деп дәлелдейді. Қалай дегенмен де қазақ тілі тарихының тамыры ежелгі дәуірде жатқандығын аңғартады. Көне түркі руникалық жазбалардағы шылау сөздер саны жиырма шақты. Соның тең жартысы лексика - грамматикалық жағынан еш өзгеріссіз қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүр. Шылаулану үрдісі- транспозиция тәсілі арқылы жүзеге асады. Ол ұзақ жылдар бойы сұрыпталып, лексика- грамматикалық және қолданылу аясы жағынан әбден өрістеп, ерекшеленіп қалыптасады. Олардың бастапқы лексикалық мағыналары көмескеленіп өздеріне тән дербестіктерінен айырылып, көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен. Сол себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан әлдеқайда басым түсіп отырады.

 Сонымен тіліміздегі сөз қазынамызда бар біраз сөздер өзінің лексикалық мағынасынан гөрі грамматикалық мағынасынан басым болып сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру және қосымша мағына үстеу үшін жұмсалады. Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін қалаған. Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды. Кейбір ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады. Ф.Буслаев, П.Давыдов, А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді. Шылауды жеке сөз табы ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен болатын . Жалпы шылаулардың кеңес түркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде қаралатындығы белгілі. Қазақ тіл білімінде «шылау » атауымен сөз табы есебінде А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты еңбегінен басталады. Мұнда шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған. Ы.Шақаман өз зерттеуінде шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын жоққа шығара алмайтындығын айта кеткен [13,14]. Жалпы Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық айырмашылығы болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ, соншалықты алшақтық жоқ.

Кесте 1. Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.

Көне т. тілі

үчун

тегі

сайу

өк/оқ

кісре

кідін

өтрі

Та/да

ба/му

Қазақ тілі

үшін

дейін

сайын

ақ

кейін

соң

Да/де

Та/те

ма/ме

па/пе

Көне т. тілі

ғу/гү

аша

че

тапа

түгүл

қына

Бірле

 

қоды

Қазақ тілі

ғой

қой

аса

шақты

таман

түгіл

ғана

қана

Бірге

бойы

 

        20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газеті беттерінде бірле, бірлән, білән және мынан формалары жарысып қолданылған.                                                                           Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі мен/пен/бен қысқа формаларының негізі жасала басталған. Мысалы: Көптен бері мені қалап едім сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ). Мұнда көмектес септігі ілік жалғауынан соң тіркесіп жалғанған. Қазіргі қазақ тіліндегі ілік жалғауының соңғың фонемасы элизияға ұшырап менімен, сенімен, онымен болып қолданылатыны белгілі. Тіл тарихында мұндай құбылысты сөз құрамындағы әр түрлі сырт жағдайларға байланысты пайда болған дыбыстар немесе сөз құрамында бұрыннан бар форманттар деп түсіндіріледі. Б.Әбілқасымов «Дала уалаяты» және «Түркістан уалаяты» газет тілдерінде менен және мен қысқа формалары сөзден бөлек қолданылғанын көрсетіп, бирлан, білән, илан формалары көбінесе ресми материалдар мен жеке авторлардың мақалаларында кездесетіндігін айтады [14,75]. Қазақ тілінде тілдік нормаларда көмектес септігінің жіңішке варианттарының көрсетілуі көне түркі тіліндегі бірле шылауының әсерінен болған емес. Оның жуан варианттары ауызекі тілде бар екендігі көпшілікке мәлім. Бұл жайлы деректер С.Омарбеков, Н.Жүнісов бірлесіп жазған ғылыми еңбекте беріледі [15,69]. С.Мырзабеков варианттықты ескерте отырып, жалғаудың тек бір вариантта ұшырауын сингармонизммен үйлеспейтіндігін тілге тиек етеді. Ғалым бұл форманың қазақ тілінде қалыптасуына байланысты өз ойын: «Көмектес септік тегінде жазу- сызу өріс ала бастаған кезде пайда болған жалғау. Көмектес септіктің жалғауы бірден жазуға килікті де, шылау кезіндегі жіңішке қалпынан ұзай алмай қалды» деп түйіндейді [16,78]. Осымен үндес пікірді А.Аманжолов та өз зерттеуінде айта кеткен [17,50].

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі көмектес септікті меңгеретін бірле сөзі қазіргі түркі тілдеріндегі бірге, бирга, берабер, биле сөздері сияқты шылау қызметінде болған. Қазіргі қазақ тілінде бірге сөзі көне түркі тілдіндегідей көмектес септікті меңгертеді. Сол себептен бірле тұлғасын бірге септеулік шылауы деп қараймыз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар қатарына қосып жүрген кейбір шылау емес сөздер жайлы Ғ.Айдаров «Служебные части речи в языке надписей орхонских памятников» деген мақаласында олардың зерттелуі жайлы қысқаша тоқталып әлі де зерттеу қажеттігін айтқан. Осы мақаласында «Ара» сөзін септеулік шылау деп берген және йалуыңус, йана сөздерін демеуліктер қатарына жатқызған [18,148-153]. «Ара» сөзі көне мәтінде көбінесе ілік жалғаулы «екін» сан есімімен тіркесіп келеді. Сонымен ол аталмыш тұлға ескерткіштер тілінде оғуз ара- оғуз арасынан, шад ара – уәзір арасынан сияқты есім сөздермен тіркесіп келеді де мекен мағынасындағы зат есім болып  үстеу қызметінде қолданылған.

Көне түркі жазбаларындағы шылау сөздердің жасалуына көсемше формалары негіз болған. Сонымен қатар есім сөздерден шылау жасайтын басқа формалар да жоқ емес. Көсемше формаларына келетін болсақ, жалғанған  сөздер бастапқыда қимыл атаулы етістікке тән іс-әрекетті білдіреді. Кейіннен өзінің алғашқы мағынасы мен функциясынан алшақтап, шылауларға тән мағынаның белгісін, сипатын білдіре бастаған. Бұған себеп,  аталмыш тұлғаның активті түрде екі жақты қызметке ие болып бейімделуінен. Көне жазба тілінде кейбір сөздер көсемше формаларында тұрып, бірде үстеуге тән, бірде шылауға тән функцияда жұмсалады. Кейіннен сол сөздер бір жақтылыққа ығысып, яғни басқа қызметінен алшақтап толығымен шылаулардың қатарына өткен. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, шылаулардың барлығы дерлік әуел баста басқа мағынадағы бүтін бөлшектер болып келеді. Оларға белгілі бір тілдің даму кезеңінде қосымшалар жалғану арқылы жаңа мағынадағы туынды тұлғалар жасалынған. Біздің зерттеп қарастыратынымыз осы туынды тұлғалардың ішіндегі шылау сөздер болмақ. Оның аса ежелгі дәуірде өмір сүрген фонетикалық семаларын мәні мен қызметі жуық, ұсақ семалармен салыстырып зерттеу мақсат етілмейді. Көне түбір мен көне қосымшаның аражігін ашып түсіндірудің өзі қиынға соғады. Сонымен қатар тіл білімінде олардың қандай түбір сөзден болғандығы жайлы көзқарас әр түрлі. Тіпті түбір түгіл қосымшалардың өзін ажыратып алуда да әр түрлі болжамдар айтылып келеді. Қазақ тіліндегі сөздердің этимологиясын зерттеуші Б.Сағындықұлы: «Тіл тарихы зерттелмейінше оның даму, өзгеру, қалыптасу заңдылықтары ашылмайды, жүйе құрылымы да, бай мазмұны да сан- салалы әлеуметтік, қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды» дейді [19,3]. Ғалым тіл тарихын зерттеу арқылы бүгінгі тілдің күй – қалпынан мәлімет бере алатындығына мезгейді. Жалпы көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі қолданылған шылау сөздердің морфологиялық құрылымын зерттеуші ғалымдар екі негізіне алып қарастарады. Оның бірі – етістіктен жасалынған шылаулар, яғни етістік негізді шылау сөздері де, екіншісі есім сөздерден пайда болған шылаулар делінеді. Бұл шылаулардың шығу тегіне, тарихи морфологиялық құрамына қатысты пікірлеріндегі бір ерекшелік болып саналады. Тіл ғылымында екінші бір көзқарас шылаулардың пайда болуын анатомиялық атаулармен де байланыстырады. Мәселен, қазақ тіл білімінде шылаулардың этимологиясына байланысты пікір білдірген ғалымдарымыздың бірі М.Балақаев «Қазақ тілі грамматикасының мәселелері» деген зерттеу еңбегінде шылаулардың шығу тегін осы қырынан алып қарастырады. Ғалым: «тегінде шылау сөздер ерте кездегі толық мағыналы сөздердің олқы мағыналы, не мағынасыз сөздерге айналуын екінші басқышы екендігін айқын көрсетеді» дейді [20,4].  Ары қарай Н.Маррдың осы күнгі шылау сөздердің көбі ерте кезде кісінің қолы, аузы, көзі, қасы, басы, арқасы, асқазаны сияқты адам мүшелерінің аттары болған деген пікірі барын айтып, «тарихи құрылысы жағынан ондай шылау сөздердің кейбір бастапқы сөзден онша өзгере қоймаса, кейбірі көптеген өзгеріске ұшырап, бұрынғы сөзінен мүлдем қашықтап кеткен» деген тұжырымы бар. Жалпы түркі тілдеріне ортақ шылаулардың этимологиясын зерттеу 17 ғасырдан басталса да, ғалымдардың болжамдары бір ізділік таныта алмай келеді.

 

2. ДЕМЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МАҒЫНАСЫ

МЕН ҚЫЗМЕТІ

 

  2.1. Демеулік шылаулардың қолданыстағы  және контекстегі сипаты .

            Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.

 Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер. Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.

         Демеулік шылаулар- модальдік категориясына енетін, дербес сөздерді айқындайтын, түрлі сөйлем құрылысында алуан түрлі реңк қосатын, қалтарыстағы ойды ойды анықтайтын шылау түрі. Олардың демеулік деп аталуы да осыған байланысты, логикалық ойды демейді. Демеулік шылауларынсыз сөйлем құрылымдарының мағыналық бояуы, өңі танылмауы да мүмкін.  Демеулік шылаулар сегіз негізгі мағыналық топқа жіктеледі:

  1. Күшейткіш демеулік шылаулар- да/ де, та/те, -ай,-ақ, -ау;
  2. Сұраулық  демеулік шылаулар -ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;
  3. Шектеу демеулік шылаулар- ғана/ қана;
  4. Тежеу демеулік шылаулар- тек;
  5. Нақтылау демеулік шылаулар қой/ғой, -ды/ді, -ты/ті, -тын/тін;
  6. Қомсыну демеулік шылаулар- екеш;
  7. Салыстыру демеулік шылаулар- түгіл, тұрсын, тұрмақ;
  8. Болжалдық демеулік шылаулар- мыс/ міс;
  1. Күшейткіш демеуліктері: -дағы/- тағы және осы демеуліктен қалыптасқан

да/де, та/те демеулігі үнемі күшейткіш мәнде жұмсалады: Жігіттікті кәрілік қуып жетіп, Ажал дағы кешікпей жетесің ау (С.Т).   Дауысы да қалтырап шықты (Ә.Ә) Көше сондай қараңғы да емес қой (Н.Ғ). Сөйлемдерде демеулік зат есім, сын есімге күшейткіш мән үстеген, сондай-ақ қалау райлы етістікке, есімшеге, сан есім, есімдікке де күшейтуді қосады.  Кейде, керісінше, да/де-нің күшейткіш мәні бәсеңдейді: Оны әуелі Нариман байқаған да сияқты (Ш.М). Мысалда «да» шылауы есімшемен айтылған, бірақ «сияқты» сөзінің қатысуымен жұмсақтау естіледі. Мына сөйлемде де «емес» көмекшісінен күшейткіш мән солғындаған: Тіпті көне түркілер дүниеге Айса пайғамбардың келгенін білген де емес (Т.Ж). Да/де жалғаулық, септеуліктерге де күшейту мәнін үстейді.  Да/де қыстырма сөздермен келіп сөйлем модальдығын арттыра түседі: Мараттың, шынында да, жаны шығып кете жаздады (Б.Н) Мысалда қостау мәні күшейтілген. Да/ де бірыңғай мүшемен келгенде санамалап, әрбіріне күшейткіш реңк жамайды: Мәдидің қаны да, жаны да кекке айналып еді.(Ә.Ә.). Автобус толы адам әлгінің кім екенін де, қайдан келе жатқанын да білмесе керек. (Ш.М.).

    -Ақ шылауы абстрактілі демеулік, тіркескен сөздерінің бәріне күшейткіш мән

 жамайды: Көлік-ақ қой, жарықтық (Ғ.М.). Қазақтың-ақ баласысың (Ш.М). Жасынан-ақ шақар болып өсті (З.Ақ). Мұнда түрленген зат есімдермен келген; сын есімнің сапалық, қатыстық түрлеріне, олардың түрлі тұлғаларына, есімдік, етістіктің жедел өткен шақ, қалау рай,- ғанша/ генше, -ар/- ер,-р; -атын/,-етін тұлғасындағы есімшеге, тұйық етістікке, -дай/-дей тұлғалы есімге, күрделі етістік құрамындағы-ып/ іп, -п көсемшеге, ауыспалы осы шақ етістіктерге тіркескенде күшейткіш мәні нақты аңғарылады: .... өзім де қиналдым-ақ. (Н.Ғ). Әкеме ұқсағым-ақ келеді (Б.Н). Райбек айтатынын естіген есіктен шыққанша-ақ айтып үлгерді. Бағыштармын-ақ (С.См). Екеуі келісіп қойғандай-ақ қол ұстасты. (М.Б). Тартқан-ақ екен. Шап ете түсетін-ақ реті бар.(З.Ақ). ... жапырағын қарша күреп жүру-ақ қиын екен (Т.А). Мәрзия бағана әрең шығып- ақ еді. Осы жолғы созылуы ұнамайды-ақ. (Ш.М). Үйге өзім-ақ барғалы отырмын(Н.Ғ). Әлдеқашан-ақ жыңғылды жер қазып жатпас па едім (Ад.М). Егер шартты, бұйрық райлы, болымды- болымсыз, -а/-е/-й тұлғалы көсемше етістіктерге тіркессе, күшейткіштігі бәсеңдейді: Осы жігітті көрсем-ақ күлкім келеді.(Н.Ғ). Қаланың адамдарын қысылтпайын-ақ дейсің. (Б.Н).  Үстеумен келгенде де күшейткіштігі солғындайды, әсіресе, қимыл-сын үстеуінде: Жаяу-ақ жетіп қалам ғой. Мән бермей елеусіз-ақ қалдыратын нәрсе (Ш.М).

    Септеуліктің  «кейін, дейін, соң» түрлері модаль, қыстырма сөздерге үстейді: Бағана үйге кіргеннен соң-ақ, еттен ауыз тимей кетпейтінін білген. (З.Ақ).Оларды самолетке мінгізіп жібергенннен кейін-ақ  Бағдаттың жағдайы нашарлады. (М.Б). Төзімі осы жерге дейін- ақ жетті. (Ад. Мек.). Қоғамдық пікірдің қалыптасуы үшін бұл керек-ақ («Ана тілі»). Айбектің де, Қоңырдың да ондайға қыры жоқ-ақ (Д.Ә). Пісіп тұрса дұрыс-ақ (Ғ.М). Шынымен-ақ ешқайсысы іздемес пе екен? (Б.Н).

     -Ай,- ау демеулігі жайында ғалымдар пікірі түрліше болғанмен, олардың мағыналы сөздерге тіркесуінде күшейткіш мәні басым: Қарғыс атқыр пендешілік-ай десейші (Ад. Мек.). Шіркін, есіл ер-ай десеңші (Н.Ғ). Сөйлемдерде -ай демеулігі зат есімді сөздерге ой екпінін түсіріп, ерекшелеп тұрса, олардың алдындағы «шіркін, бейшара» сөздері сөйлемге эмоциялық реңк беріп, демеулікпен қосарланып, тұтас фраза кею, аяу мәнінде айтылған. Күшейткіштік етістікке де үстеледі: Өмір шіркіннің зымырауын-ай! (Ә.Ә). Пай-пай қасқаның маңқиюын-ай! (Ә.К). Құрып-ақ қалсын-ай, қарғам шошып қалған екен ғой (Б.Н). Соңғы сөйлемдегі «құрып-ақ қалсын-ай» бұйрық райлы күрделі етістікті тіркес сөйлеушінің айтуымен берілген. Бұл демеулік етістіктің басқа да шақ түрінде тіркеседі.

    Заттанған сын есімдермен келіп, оларды күшейте түседі: Беу, осы байғұстың тілінің жаманы-ай! (Ж.А). Ай, осы сенің кешірімсізің-ай! (Б.Н.).Қаратпа сөздерді: Ердәулеттің көкесі-ай, айтпашы, қорқамын (Ад.Мек.). Өкініш, байбалам салу одағайларын: Әттең-ай, ... (С.См). Ойбай-ай, бауырым-ай,  ... (Ә.Ә.) күшейтеді.

   Ау демеулігінде де осы ерекшелік: - Аллау, неткен ұлы адм (Р.С.). Ғажап-ау! Сабазсың-ау, Мәдижан, сабазсың (Ә.Ә.). Бұл демеулік жорамал, қостау мағынасындағы модаль сөздерді баса көрсетеді: Аты сөйлейтін де шығар-ау (Ә.Ә.). «Өлі арыстаннан тірі мысық» деген рас-ау (Ад. Мек.).Сілтеу есімдігін күшейтеді: Қартайғанаңды кейінгі жастардан білесің деген осы-ау (Д.Ә.).-Ай демеулігі де олсы тәріздес.

     2. Сұраулық  демеулік шылаулар: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше, демеулік шылаулары сұраулық мәнін береді. Ол негізінде предикаттық қолданыстағы демеулік болып табылады, яғни баяндауыш қызметіндегі сөздермен келіп, сұраулық мәнін жамайды. Ма/ме сұраулық демеулігі жіктелген сөздермен келгенде, оның сұрау мағынасы нақты келеді: Сіз Данаевсыз ба? Ток жүріп тұр ма сонда? (Ш.М). Бізбен бірге серуенге барасың ба? (Б.Н). Сайдалы, сен оны ойладың ба?(Ә.Ә).

          Модаль сөздермен сұраулық мағынасы беріледі: Менің оқ жұмсауым керек пе? Атыңызды алысқа айдап кеткен жоқсыз ба?(Ә.Ә.). 2 жақта айтылған сөздермен кірігіп, жіктік жалғауынан бұрын қолданылғанда да сұраулық мән қалады: Бекетпісің? (З.Ақ). Сендер демалуды қойғаннан саумысыздар? (А.Мек.)

            Сұраулық қатарындағы ше демеулігі-ауызекі тілде жиі қолданысқа түсетін шылау; жай сұрауды емес, әр қызметтегі зат есім, етістік, үстеулерге тіркесіп, айтылған ойды толықтыру үшін, қайталай сұрау мақсатында әрі анықтап білу, жетек мәнінде жұмсалады: Жері ше? Халықты жеткізеді дейтін өкімет пен партиялардың ше? (А.Мек.). Ал Жаркентке ше? (Ә.К). Кейде «ше»  айтылым бойынша қолданылып кетуі мүмкін: - Ал мен ше? (А.Мек.)

         Ше демеулігі шартты райлы етістікпен келіп жете сұрауды білдіреді: Ол кісі ылғи майдан әндерін айтады, ішіп алса ғана.- Ішпесе ше? (Р.С). Шыным болса ше? (Ә.Ә.). Септеулік шылаудан кейін келіп, жетек сұрауды көрсетеді: Сонан соң ше? (А.Мек.)

    3.Шектеу демеулігі   сын шектеу мағынасын үстейді: Орта жолдан қайтқан Текежанның өлексесі ғана екен. Оның тек бір рет ғана әнін естігенмін.(Ә.Ә). Есімдіктің сілтеу түріне шектік мәнін басым үстейді: Күлән өзінің жылап отырғанын сонда ғана аңғарды (Н.Ғ.). Адалдықты тек сонымен ғана таразылар болсақ, онда тіпті тұзы татымай кетеді ғой оның. (Н.Б). Текежанның ақылы соған ғана жетті. Осы ғана- менің айтарым (Ә.Ә.). Үстеудің көбіне қимыл-сын түрімен айтылып, шектеуді білдіреді: Иман енді ғана үн қатты (Ә.Ә.). ... қысқаша ғана айтты (Ш.М.). ... жай ғана жымиды. ( Ад. Мек.)

   Кейде тежеу мәнді «тек » демеулігімен қатар  келіп, күшейте шектеу мағынасын қосады: Тек қана оқуменен өнер білмек ( С.Т). ...тек сөз арасында ғана айтармын (Ш.М). Екі демеулік бірде қатар, бірде алшақ тұрып, күшейте шектеу мағынасын берген.

4.Тежеу демеулігі: - «тек» демеулігі сөздердің алдынан тежеу мағынасында жұмсалады. Тежеу мағынасын бірде өзінен кейін келген сөзге, бірде бүкіл, тұтас сөйлемге қосылады. Тұтас сөйлемге тежеулікті үстеуде сөйлемнің басында қолданылады: Тек жүрегімен сезеді. Тек бір зәлім күлкі кетпейді езуінен (Ш.М).

5. Нақтылау демеулік шылаулары: Бұл топтағы демеуліктің бірі- қой/ ғой, өте жиі қолданылатын демеулік, барлық сөз табына, олардың түрлі тұлғасына нақтылау бағасын береді: Өмір, шіркін, тәтті ғой  (Ә.Ә). Ол үшін, айттым ғой, қаржы қажет (Ш.М).  Кейбір тіркестерде өзінің мәніне қосымша реңк қосады. Мәселен, етістіктің есімше, қалып түрлерімен келгенде, нақтылау мәні нық. беріледі: Сендей жалғыз атты жандаралдың жарлығын орындауды ұят көрген ғой (Ә.Ә). Қазір карьерде жүрмін ғой. Ақша кассада жатыр ғой (Ш.М). «Емес», «екен» көмекші етістігімен тіркескенде іс-әрекет нақтылана түсіп, сенімдірек көрінеді: Бұл сіз айтатын сөз емес қой (Ш.М). Мәритә байғұс өлмеуіне болады екен ғой (Ш.М). Модаль «мүмкін» сөзімен болжалдылықты нақтылай түседі: Әлдеқалай қолға түспей кетуі де мүмкін ғой (Ш.М). Қой/ғой өзінің табиғи мағынасымен бірге контекске қарай қосымша реңктерді қосады: нақтылы болжау, нақтылы сенімділік т.б.

     Нақтылау –ды/-ді, -ты/-ті демеулігі ғалымдар айтқандай өткен шақтық мәнде емес, өткен шақтағы сөздерді, әсіресе, есімшелерді нақтылайды. Өткен шақтық мағына –ды/- ді демеулігінің қатысуынсыз-ақ беріледі: Құнанбай көпке дейін үндемей , түйіліп қалғанды (М.Ә). Мұнда «қалған» есімшесі өткенді білдіреді, -ды демеулігі оны тек нақтылаған. Ол қай сөз табына тіркессе де нақтылау үшін жұмсалады. Алдымен , есімше, модаль сөздерді ( бар, жоқ) , кейбір есім сөздерді, кейде басқа да сөз таптарын демеп, нақтылайды. Оның есімшеге мән үстеуі басым кездеседі: Сұлтанмахмұт баса көктеп, еркін кірген-ді (Д.Ә.). Маржанкүл жеңгесіне айтпай кетпейтінді (Н.Ғ.). ... қос иығынан басқан зіл қара тас еңсені езбей қоймас-ты (Ш.М).

      Оның модаль сөздерге тіркесуінде нақтылау мағынасы айқын көрінеді: Бекет дәл осыны сұрар деп ойлаған жоқ-ты (З.Ақ). Геологтардың оны жолбасшы етіп алуында осындай мән бар-ды (Ш.М). Сәлиманың айтқаны рас-ты (Б.Н). Біздің Досан жүрген жердің жемісі осындай болса керек-ті (Н.Ғ).

      -Ды/-ді демеулігінің өткен шақтағы іс-әрекеттерді, оқиғаны, құбылысты нақтылап көрсету үшін қызмет жасайтынын оның өткен шақты баяндауышты зат есімге, көмекші есім, сын есім, есімдік, жалғаулықтарға тіркесіп жұмсалуынан тануға болады: Кәрім татар болғанмен, тұрмысына қазақ иісі сіңе бастаған саудагер-ді. Қар кетіп, жер дегди бастаған кез-ді (З.Ақ). Үмітім зор-ды (Б.Н). Ел арасына тараған сөздің бірі осы-ды.(З.Ақ). Оның әңгімені айтпай қойғаны сондықтан-ды (Б.Н).

       Осы тәрізді қызмет атқаратын демеулік- тын/ -тін. Бұл демеулік жайында ешбір еңбек, оқулық, зерттеуде пікір, көзқарас- болжамдар айтылмайды. Бірақ көркем шығармаларда сирек болса да қолданысы ұшырасады. –Тын/-тін демеулігінің –ды/- ді шылауымен мағына үстеуде бірдей қызмет атқаруы олардың бір-біріне төркіндес екендігін білдіреді.

     -Тын/ -тін демеулігінің- ды/-ді шылауымен төркіндес деудің тағы бір ұштығы- оның  да –ды/-ді демеулігі демейтін сөз таптарымен қолданылып, мағына үстейтіндігі. Мысалы: Көрікті болу да көкейімде жүрген арман-тын. Болымсыз нәрседен шатақ шығаратын жайсыздау кісі-тін (Б.Н). Бірақ бұл екеуінің жөні бөлек-тін (М.Б). Көкірегі зіл басқандай серпіліссіз-тін (А.Мек.). Егер сөйлемдерді – тын/-тін демеулігінсіз қолдансақ, нақтылау мәні жойылып, қимыл-әрекет, оқиға жалпы осы шақта көрінеді. Бұл –тын/-тін ( сол сияқты –ды/-ді) демеулігінің осы шақтық мәнді білдірмейтіндігінің бір дәлелі, екі демеулік те болған, болып жатқан әрекеттерді нақтылайды. Етістіктерді нақтылауы: Ойы- Тұрғанбайды біржола түңілдіріпаттандыру-тын (А.Мек.). Күлдариға әлі емтихан тапсырып жүрген-тін (Б.Н). Модаль сөздерді нақтылауы: ... көңілі саябыр тапқан сияқты-тын (А.Мек.). ... жалғыз атты бір кісі бар-тын (Ә.Ә).

    -Тын/-тін демеулігі жатыс септікті сөздерді нақтылайды: Бағана мен кеткенде үйде-тін. Колхоздың мал қорасы ауыл шетіндегі дөңде-тін (Р.С).

    6. Болжалдық демеулік шылауы. Жіктелген етістікке ғана тіркесіп, үнемі сөйлем аяғында қолданылатын  -мыс/-міс демеулік шылауы тек болжалдық мағына үстейді.Ол баяндауышты етістіктердің қай-қайсысымен болсын қолданылып, болжалдылықты үстейді. Кездестірген сөйлемде – мыс/-міс көбінесе, өткен шақ көсемшені, ауыспалы осы шақ, келер шақ, нақ осы шақ етістіктерді болжай көрсетеді: Қырсық әкені Абай кінәлапты-мыс (М.Ә). Ойратқа сонау дүрбіт, торғауыт, елеуіт тайпалары жатады-мыс Ә.К.).

   7. Қомсыну демеулік шылауы. Екеш шылауы – үнемі қомсыну мәнінде жұмсалатын демеулік. Алайда осы мағынасын тек зат есіммен  қолдануда көрсетеді:  Жан рахатын құс екеш құс та біледі (Ш.М.).

   8. Салыстыру демеулік шылаулары. Түгіл, тұрсын, тұрмақ демеулік шылаулары сөз таптарына қарай бірдей тіркесіп, сөзге ұқсас мағына үстейді: Гүлбадан түгіл, сол көр- лапасқа өзімде қайтқым келмейді (Ғ.М). Шаруаның көзі жібек тұрмақ, бөзге түсетін (С.М). Сөйлемдерде «Гүлбадан» сөзі «өзім» деген сөзбен, «шөп-пішен», «жібек-бөз» сөздері өзара салыстырылған.                    

   Жіктемедегі демеуліктердің мағынасын танытуда олардың басты грамматикалық қызметі көрінеді. Демеуліктердің фонетикалық сипаты үндестік заңдылығына орай ерекшелігі, сөздермен келуде ( постпозитивтік ерекшелігі) өзіндік заңдылығы бар.   Демеулік шылаулардың бірі дыбыс, буын үндестігі заңдылығын қатар ұстанса, бірі үндестік заңдылығының біреуіне ғана тәуелді болады. Мысалы: Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ашу да жоқ, күлкі де жоқ (Абай).  Ал болашақта кім болам? Агроном ба? Геолог па? Дәрігер ме? (Н.Ғ). Сөйлемдердегі да/де, ма/ме демеуліктері әр сөздің жуан-жіңішкелігіне және сөздердің соңғы дыбыстарының ыңғайына қарап, дыбыс үндестігіне орай үйлесіп жұмсалған. Мұндай қасиет –ді ды/-, -ты/- ті демеуліктеріне де тікелей қатысы бар: Қар кетіп, жер дегдіп қалған кез-ді (З.Ақ.). –Қой, обал-ды,- дедіМәдешке қарап (Б.Н). Тал түсте қанын жүктегеніміз ұят-ты (Ад.Мек.). Бес болыс Бошан мен төрт болыс Қара Шор елі ертеден егес-ті. (Ә.Ә) .

   Ғана/қана, қой/ғой, -дағы/- тағы  демеуліктері дыбыс үндестігіне  бағынып, сөздерге тіркеседі. Бірақ сөздің жуан-жіңішкелігіне қарамайды, буын үндестігіне бірде бағынса, бірде бағынбайды: Өтірікті дәрменсіздер ғана айтады ғой. Әзірге тапқаным бұлынғырлау үміт қана. Тіпті етене таныс күлкі ғой. (Ә.Қ) . Өйткені сөмкем толған газет қой (Б.Қ).

      -Тын/-тін,-мыс/-міс демеуліктері дыбыс үндестігіне бағынбай, буын үндестігін қатаң сақтайды. Атауыш сөздер жуан болса, -тын/-мыс варианты тіркеседі. Бірақ бұлардың бастапқы дыбысы өздері тіркесетін сөздің соңғы дыбысына үйлесіп, келу-келмеуі мүмкін емес, ұяң, үнді, қатаң дыбысқа бітсе де, келе береді: Атасы дембелше ғана сары шал-тын. Түс әлеті-тін.(Б.Нұр). Қайыңды көлеңкелеп қара шал отыр-мыс (Ш.Ж.). Есеп шығарысына қарап-ақ бірден біледі-міс (М.Б).

     Ше, -ау,-ай,-ақ демеуліктерінің  сөздермен қолдануында буын, дыбыс үндестіктері еркін болады, себебі олардың дыбыстық құрамы тұрақты, басқа варианттары жоқ. Тіркесетін сөздерінің соңғы дыбысы, буын түрі қандай болса да, өзгермей, бір қалыпта тіркеседі: Өзіңіз ше? Қолдамаса ше? (Р.С.). Бауырым-ау, әке-ау, есіл ер-ай, ақылың ақыл-ақ, жерге-ақ отыр.

   Түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш, тек демеуліктері еш фонетикалық өзгерістерге түспей, сөздер қандай дыбыстық құрамда болсын, қалыптарын өзгертпейді:  бала түгіл, сен түгіл, біз тұрмақ, ренжігені былай тұрсын, т.б.

    Демеуліктерінің өздеріне лайық жазылу емлесі де бар. Олар сөздермен қалай болса солай жазыла бермейді. Мәселен, да/де, ма/ме, ғана/қана, ғой/қой, ше, түгіл, тұрмақ, екеш, тек демеуліктері сөздерден еш тыныс белгісінсіз бөлек жазылады. Сонымен қатар, бұлар сөздерден бөлек аталып, оларға жеке сипат берілсе де, ешқандай белгі қойылмайды, осы күйлерінше көрсетіледі. Бірақ ма/ ме демеулігіне қатысты ескеретін жай бар: ма/ме демеулігі- мы/-мі түрінде қосымшалық көрсеткішке ауысқан кезде, сөзге кірігіп кетіп, қосылып жазылады: Абайжан, тоңған жоқпысың? (М.Ә.). Егер ма/ме –мы/мі болып жеке көрсеткіш болып аталса, алдына дефис қойып жазылады. Бұл-  оның қосымшалық қызметінің белгісі.

    -Дағы/-тағы,-ай, -ау, -ақ, -ды/-ді, -тын/-тін, -мыс/-міс демеуліктері дербес сөзбен тіркесіп келсін, жеке аталып көрсетілсе де, алдарынан міндетті түрде дефис қойылады. Дефис- оларды дербес сөзден ажырататын морфологиялық белгі.

    -Ай,-ай, -ақ, -ау шылаулары кейде одағаймен, етістікпен келгенде, кірігіп айтылаиын кездері болады. Әсіресе, -ау, -ай, «апыр/ойпыр/япыр» одағаймен келгенде, кірігіп, жазуда да сол күйде сақталады:  Апырмай, ақ інгеннің далаға қашқанынан-ақ іш тартып еді.(Ад.Мек.).Сөйлемдегі «апырмай» сөзі үш морфемадан құралған: а, пірім-ай. Мұндағы а- одағай, пірім- зат есімнен болған қаратпа сөз, -ай- демеулік шылау.Үшеуі тұтас айтылғаннан кірігіп, одағай сөз табына ауысып кеткен. Мына екі сөйлемдегі сөздерде де осындай ерекшелік: Аққыз: -Аллай!- деді ақырын. –Аллау, мына мырзаның аты тіл біледі ғой (Ә.Ә.).ай, -ау демеуліктері «алла» сөзіне кірігіп жазылған. Кейде осылай кірігіп жазылудың нәтижесінде –ай/- ау демеуліктері одағайларға екінші рет тіркесіп айтылатын жайт байқалады: Апырай-ай, мен осының құшағында болдым-ау (Ш.М.). Қосымшалық көрсеткішке ауысу тек ма/ме- ге ғана тән емес, -ау, -ай демеуліктеріне де телулі екенін жоғарыда байқадық. Бұлардың сөздермен жымдасуы ауызекі тілде жиі ұшырасып, жазушы кейіпкердің атынан сөйлететіндіктен, өзгеріссіз, айтылған күйде жазылады.

     Да/де, ма/ме демеуліктері бірыңғай мүшенің аралығында қайталанып келгенде, олардан соң үтір қойылады. Мысалы:  Жақсысы да, жаманы да, данасы да, наданы да бар. Осының  өзін өң бе, түс пе деп тұрғанда, бір арқар шыға келді. Жеңілгендері шыгып қала береді де, жеңгендері енді өзара соғысады. Біреудің айтқанын орындап келген сөзі тұзы татымай ма, әйтеуір, Аманқұл сияқтылардың қыңыраюы жақсы емес (Ш.М.).

Қазақ тілі демеулік шылауларының бойларына тән емлелік белгілері олардың тиісті жазылу қағидасын белгілейді.

     Морфологиялық ерекшелік жағынан демеулік шылаулар түрленбейді, өзгермейді. Бұл ерекшелік олардың ең негізгі морфологиялық белгісі болып табылады. Мысалы: -Туу, Ғұмар, кісінің әңкі-тәңкісін шығардың-ау /"Жұлд."/. Сөйлемде -ау демеулігі алдыңғы жіктелген етістікке қарамай-ақ, тұлғасын сақтаған. Бірлі­-жарым демеулік жіктелу жүйесінде түрленіп, қолданылады. Мәселен, ма/ме демеулігі, көбінесе, сөйлем аяғында жиі кездеседі. Ендеше, ол - жіктік жалғаулы сөздермен тіркеседі деген сөз: Бұрын мұндай самғарлық күйіміз болды ма? - ма демеулігі ІІІ жақтық, нольдік тұлғадағы етістікпен тіркескен. Ма/ме шылауы жіктік жалғауының алдынан да келіп қолданылады: Сонда қалай, асығыс болғанда, қазір кетемісің? (Ә.Ә.). Бұл жағдайда ма/ме, ба/бе, па/пе -мы/-мі, -бы/-бі, -пы/-пі болып өзгеріп, сөзге кірігіп, содан кейін жіктік жалғауын қабылдайды. Ма/ме шылауының бұл қасиеті кез келген қолданыста бола бермейді. Егер ма/ме, ба/бе, па/пе шылауы "бар, жоқ" модаль сөздерімен осы шақ, келер шақ етістіктерімен, жалпы осы шақтағы сөздермен тіркесіп, екінші жаққа арналып айтылғанда, жіктік жалғауынан бұрын қолданылып, қосымшалық бірлікке айналады: Туған, өскен ұяңнан безіп кетпекпісің? Менің осы күнімді сезермісің, ұға алармысьң? (H.F.).  Демеулік ғана/қана баяндауыш болған жіктеу есімдігімен тіркесіп, сөйлем соңында келгенде, І, ІІ, ІІІ жақ жіктік жалғауын қабылдайды:   Ауылдан ертерек келген мен гaнамын. Ал инженер мелиоратор қазақ жалгыз сіз ганасыз. (С.М.). -Ақ, да/де демеуліктері кейде ауызекі сөйлеуде өздерінен кейін жіктік жалғауын қабылдап айтылады:

     Үндемей жүргенде жақсы-ақсың.  Мен оның қамқоршысы дамын,  баласы дамын.  Сипатталған демеуліктер жіктік жалғауы пардигмасында түрленіп, грамматикалық қызметін өзгертсе, басқа түрлері түрленбейтін, өзгермейтін, морфологиялық шектелу белгілерімен ерекшеленеді.

Демеулік шылаулардың фонетикалық, морфологиялық сипатын танытуда олардың қосымша бірліктеріне жақындығын, олардан айырмашылығын байқаймыз. Өте ертеден қалыптасқан да/де, ма/ ме, ше, -ды/-ді, -ау, -ай, -ақ, -тын/-тін, -мыс/-міс демеуліктері сырт тұлғасы, дыбыстық құрамы жағынан қосымшаға өте ұқсас. Түркі тілін танушылар Н. Дмитриев, Н. Дыренкова, А. Кононов оларды көмекші сөздер мен қосымшалар аралығындағы бірліктер дсп түсіндіреді.

Қазақ тіліндегі демеуліктер мен қосымшалардың ұқсастығы дыбыстық варианттылықтары, екеуінің де сөзден кейін қолданылуы болса, енді бірде басқа да ұқсастьқтары байқалады. Қосымшалардың  бірі сөз жасап, бірі сөз түрлендіреді. Демеулік шылаулар жаңа сөз жасамайды, олар жұрнақ емес, бірақ түрлендіруші жұрнаққа жақындығы бар. Олар сөзге грамматикалық мән үстеп, мағынасын ашады, логикалық екпін береді: Тіпті сөзі де, қимылы да шапшаң     (Ә. Ә.). Сөйлемді "да/де" шылауынсыз оқысақ, мағыналық өзгерісті аңғарамыз: Тіпті сөзі, қимылы шапшаң.

Демеулік шылаулардың номинативті қызметі болмағандықтан, оларда сөйлем мүшесі қызметін атқаруда дербестілік жоқ. Бірақ демеулік шылаулардьң сөйлемнен тыс қолданылмайтыны олардың синтаксистік ерекшелігін көрсетеді. Сондай-ақ қазақ тілі демеуліктерінің орын жағынан сөзден кейін келуі де /"тек" демеулігінен басқасы/ олардың синтаксистік белгілі бір қызметі барын түсіндіреді. Олай болса, олар қолданылып келген сөздерімен бірге кез келген сөйлем мүшесі бола алады, солармен қосылып, грамматикалық байланысқа түседі. Демеуліктердің қолданылу орны тұрақты болғанмен, тіркескен сөздерімен тұрлаулы, тұрлаусыз мүше ретінде сөйлем басында, ортасында, аяғында бола береді. Осы синтаксистік қызметімен септеуліктерден, көмекші етістіктерден ерекшелендіреміз. Мысалы: Көңіл тасыган шақта аспан да аласа көрінеді екен. Тек бір рет әнін ғана естігенмін. Тәкежанның аулы әлі алыс па? (Ә.Ә.). Осы екі күйді Маржанкүл біріншікүні-ақ басынан кешірді. (Н. F.). Cенің ғана мол қазынан баршамығга ортақ еді. (Б. Б.). Ал септеуліктер не толықтауыш, не пысықтауыш қызметіндегі сөздермен ғана тұрады, оның себебі түсінікті, олар тек төрт септіктегі сөздермен қолданылады: Дuректордьщ есігін әдеттегіден гөрі серпінділеу ашығганға орнынан еріксіз көтерілді. (Ш.М.). Сол сияқты көмекші етістіктер де баяндауыш құрамында ғана жұмсалады: Cол күні түс ауа дауыл бастап берді. (Ш. М.).

Морфологиялық ерекшелік бойынша демеуліктер сөз табының түгелімен тұтас тіркесе бермейді. Демеулік шылаулардың бірінің сөз табын талғап, енді бірінің талғамай тіркесе беру қасиетіне қарай оларды үш топқа бөлуге болады:

1/. Еліктеуіш, одағай сөздерден басқа барлық сөз табына тіркесетін демеулік шылаулар: да/де,ма/ме, ғана/қана, қой/ғой, -ақ, -ды/ді, -тын/-тін және одағайға да тіркесетін демеуліктер: -ай, -ау.

 2/. Есім сөз таптарына, есімдерше түрленетін етістіктерге тіркесетін демеулік шылаулар: екеш, түгіл, тұрсын, тұрмақ.

  3/. Жіктелген етістікке ғана тіркесетін демеулік шылау:- мыс/-міс.

Бұл жіктемеден демеуліктердің синтаксистік ерекшелігі де нақтылана түседі. Етістікпен келетін демеулік сөйлем мүшесінен тек баяндауыш құрамында болса, есім сөздермен, қимыл атауы етістіктермен қолданылатын демеуліктер сөйлемде бастауыш, баяндауыш, кейде тұрлаусыз мүше құрамында айтылады. Еліктеуіштен басқа сөз таптарының бәрімен тіркесетін демеуліктер кез келген сөйлем мүшесі құрамында келе береді.

Есім сөздер және қимыл атауы етістіктерімен қолданылатын демеуліктерден "екеш" демеулігі тек бастауыш болған сөздермен келеді: Мал екеш мал да өлсе, артында бір із қалдырады ("Қазақ елі").

Тұрсын, тұрмақ, түгіл демеуліктері баяндауыш не толықтауыш, пысықтауыш мүшемен қолданылады: Мұндай адамды көрмек түгіл, түсіне де кірген емес. (З.Ақ.). Біздің Байекең - бір сен түгіл, бүкіл Семей, Кереку дастарқанынан дәм татқан адам. (Д.Ә.). Бірінші сөйлемде "түгіл" демеулігі баяндауыш құрамында келіп, екі жай сөйлемнің арасын байланыстырып, жалғаулық қызметте де тұр. Екінші мысалда "сен түгіл" деп айтылғанмен, -нен шығыс септік жалғауының түсіріліп айтылғанын "дастарқанынан" деген сөз арқылы аңғару қиын емес. Сонда сөйлемде "түгіл" демеулігі "сенен" деген толықтауышпен тіркескен. Ал етістікті демеулік қатарындағы -мыс/-міс тек етістікті баяндауышпен қолданылып, соның құрамында қызмет атқарады:

Болыстьң ым-жымы бірігіпті-міс. (Ж.А.).

Еліктеуіш пен одағайдан басқа сөз таптарымен келетін тек, да/ де, гана/қана, -ақ демеуліктері тіркескен сөздерімен кез келген сөйлем мүшесі болады: Тек екеуіміз тізе қосып сол жақындаган жақсылыққа тез жетуіміз керек. (Ә.Ә.). Шын айтам, тек қана тату құрбымыз (Н.Ғ). Ғана демеулігі бар сөйлем мүшесімен кездесіп қолданыла береді: Тәкеежанда жан ғана бар, ес жоқ - бастауыш; Тәкежанның ғана үні шыққан жоқ - анықтауыш. Тек бір рет әнін ғана естігенмін (Ә.Ә.) - толықтауыш; Бұрын жымиып қана күлетін еді (Н. Е). – пысықтауыш: Олардың жаны қиналса ғана, меніің жаным рахаттанады (Ш.М.) -баяндауыш. Соңғы сөйлемде аталған демеулік шартты райлы етістікті баяндауышпен келіп, демеулік болумен қатар байланыстыру қызметінде де тұр. Баяндауышпен келуі де бар: қазіргі жағдайда ең абзал нәрсе - қараған нәрседен қашу ғана (Ад.Мек.). Мұндай қызметте да/де шылауы да болады: Күн аздап жылынсын да. Өңі де келбетті, әнші де (Н.Ғ).

Ше демеулігі әңгімені толықтыру мақсатында келіп, сөйлем мүшесінің қайсысымен болсын айтылады. Мысалы: Өзің ше? Бармаса ше? Сенің ше? қарындасқа ше? Үйінде ше? (Ш.М.).

Барлық сөйлем мүшесімен келу -ақ демеулігіне тән: Әңгімеміздің қалганын мен-ақ айтып берейін (Ә.Ә.). Өзім де қиналдым-ақ (Н.Е). "Жалғыз жолдың" бауыры бір жетіде-ақ дал-дал болғанын көрдіңдер ғой (Ғ.Мүс.)

     -Ды/-ді,-тын/-тін демеуліктері тек қана баяндауышпен қолданылады: Жасы елуге таяса да,  Кәрім қуаты қайтпаган адам-ды (З.Ақ.).  Шошынған шал үнінде ызадан гөрі үрей басым-тын (Ад. Мек.).

Ма/ме демеулігі де тек баяндауыш құрамында келетін шылау:

Жәмuxанның баласы мына бала ма? (Б.Н.). Бірақ сөйлеу барысында кейбір сөйлемдер қысқарып айтылғанда, нақты бір нәрсені анықтап білу мақсатында ма/ме демеулігі басқа сөйлем мүшелерімен де айтылғандай болады: Сонда сіз кімді ұсынбақсыз, тағы да сол Ақыраповты ма? (Ш. М.). Екінші жай сөйлемнің баяндауышы "ұсынбақсыз ба?" болуы керек, ықшамдау нәтижесінде айтылмаған. Мына сөйлемде де "ма" шылауы пысықтауышпен келгендей болғанмен, баяндауышпен келу керектігін ажыратуға болады: Осы сөзі үшін қайда соғайын кереге ме, жepгe мe? (Ә.Ә.). Сөйлемнің екінші сыңары "керегеге соғайын ба, жерге соғайын ба?" болуы қажет.

Өзге сөз таптарымен бірге одағаймен де тіркеске түсетін -ай, -ау демеуліктері көбіне баяндауыш құрамында және оқшау сөздермен айтылады. Мысалы:  Жасын сығып алып жадырайтыны-ай (Ш.М.). -Өй, жігіттер-ай, қызықсыңдар-ауАғатай-ау, әніңіз неткен әдемі! (Ә.Ә.).

қой/ғой демеулігі де жалпы баяндауыш құрамында қолданылады.  Қызылжар жол үсті ғой (З.Ақ.). Ықшамдалған сөйлемдерде басқа да сөйлем мүшелерімен тіркескендей көрінеді.

Демеулік шылаулар сөйлем түрлерін жасауға да қатысады. Мақсатына қарай бөлінетін сөйлем түрлерінің бәріне де демеуліктердің әсері бар. Ма/ме, ше демеуліктерінен басқасы хабарлы сөйлемдерде кездеседі. Ал екі демеуліктің қызметі бөлек, толық сұраулы мәнді сөйлем жасайды. Ма/ме демеулігі қатысқан сөйлем негізгі сұрауды білдірсе, ше демеулігі сөйлемді жетек сұраулы сөйлемге айналдырады. Ол қосымша туған ойға байланысты сұрауды білдіреді: -Иә, айналайын, өзің ше? (Ш. М.).

Сұраулық интонацияның нышанын беріп, сұраулы сөйлем жасауда да/де, қой/ғой шылаулары қосымша қызмет атқарады:

Апырай, жер бедерін алжастыруым - есімнен алжасуым болмағай да? (Ад.Мек.). - Е, онда анада сол құдаларыңыздың үстінен шағым айтып жүp екенсіз де? (Ш.М.). - Е, білем, Олжабай, Орман ғой, арғы аталарьң? (З.Ақ.). Кейде -ау демеулігі де баяндауышпен келгенде, сөйлеушінің айтуына қарай сұраулы сөйлем жасайды: Сол ерлікті бағалай алсақ жақсы-ау? (К. С.).

     Демеуліктер - сөйлеушінің эмоциясын білдіретін амалдың бірі. Олар лепті сөйлем жасауда да (қой/ғой, -ай, -ау, ақ) қызмет көрсетеді. Лепті сөйлем жасайтын демеуліктер - баяндауышпен тіркесетіндер: Ей, құдай-ай, сұмдық боған ғой! (Ж.А.).  Абай, осы сен ақынсың-ау! (М.Ә.).  Жігітім-ақ екен! (Ғ.М.).  -Ай, -ау демеуліктері сөйлемнің басқа да мүшелеріне, қаратпа, одағайға тіркескенде, сөйлем лепті болады: Құдай-ай, құтқара гөр! (Ғ.М.). Ойбай-ау, оны тіпті ұмытып кеткен екенмін! (І.Е.). Шіркін, есіл ер-ай десеңші! (Ә.Ә.).

    Ма/ме, ше де лепті сөйлем жасауға негіз болады. Мұндай жағдайда ма/ме демеулігі өткен шақ, келер шақ есімшелерге, оның болымсыз түрлеріне, шартты райлы тұлғадағы баяндауыштармен келеді: Осьндайда қасында Тайлан болар ма еді! (Ә.К).

Ше демеулігі -ғанда/-генде тұлғалы етістікке тіркескенде, сөйлем лепті болады: -Үйге қайтасың ғой? - Қайпағанда ше! (Б.Н.).

Демеуліктердің да/де, ма/.ме түрі құрмалас сөйлем жасаумен ерекшеленеді. Да/де ыңғайлас салалас, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерін құрап, жағаулық қызметін атқарады. Сөйтіп, демеулік шылаулар - өздеріне лайық фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілерді жинақтаған, тілде маңызды орны бар шылау түрі.

Демеулік шылауларды морфологиялық тұрғыдан, сөздермен келуі жағынан тұлға талғайтын, тұлға талғмайтын деп екі топқа жіктеуге болады:

1. Тұлға талғайтын демеуліктер - -ды/-ді, -ты/-ті, -тын/-тін, түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш, ше, -мыс/-міс

-ды/-ді, -тын/-тін демеуліктері барлық сөз табымен баяндауыш қызметінде тіркеседі. ІII жақ есімшемен: Ол басын Мәдиге сүйеп, жантайып жатқан -ды (Ә.Ә.). Рухы қанша берік болганмен, қос иыгынан басқан зіл қара тас еңсені езбей қоймас-ты (Ш.М.). Бұл кезде тазы әбден долданган-тын(М.М.). 1жақта жіктелген есімшемен де келеді: Бригадирден екі күнге рұқсат сұрап, үйге келгем-ді. Володаровка селосына таялып қалғанбыз-ды (Н.Е). Алғашқы сөйлемде -ді жіктік жалғауының ықшамдалған түрінен кейін келсе, екіншісінде жіктік жалғауының толық түрімен тіркескен. ІІІ жақ "емес" көмекші етістігімен (есімшенің болымсыз түрі) тіркеседі: Бірақ ұлы хан беделсіз емес-ті (Қ. Ж.).

-Тын/-тін демеулігі ІІІ жақ тұйық етістікпен: Ойы Тұрғанбайды біржола түңілдіріп, аттандыру-тын (Ад.Мек.).

Тұлға талғаушы демеуліктердің зат есіммен тіркесі бірдей.

Көбіне зат есімнің ІІІ жақта келуімен сәйкеседі: Аманқұл Ақырапов мамандыгы кен инженері емес, геолог-ты (Ш.М.). Атасы дембелше  гана сары шал-тын (Б.Н.). -Тын демеулігі тәуелденген, септелген ІІІ жақ зат есімге тіркеседі: Нариман интернатта оқып жүргенде, бұл қала шап-шағын, жабы үйлердің шаhары-тын (Ш. М.). Ол үйіндетін.

     Тұлға талғайтын демеуліктердің модаль сөздермен тіркесінде ерекшелік жоқ. Олармен ІІІ, ІІ жақта нольдік тұлғада байланысады:

Бүрын мұндайы жоқ-ты (Ш.М.). Сәлиманың айтқаны рас-ты (Б.К.). Үйде көнетоз қамшы бар-тын ("Ана тілі"): Сен ән мен күйіңді патшамызга опасыз қарақшылардан алған жоқсың-ды (Ә.Ә.). Бұлар сын есімнің ІІІ жақ сапалық, қатыстық түрімен келе береді: Ғылымға көңілі зерек-ті (Абай). Орман балаларынан Тайжан мүлде хабарсыз-ды (З.Ақ). Соғыстан келгелі созылмалы ауру-тын. Бүбіштің жасаған үйі бұзуга қимайтьтдай әдемі-тін (Б.Н.).  Көкірегі, зіл басқандай, серпіліссіз-тін (Ад.Мек.). Бұл демеуліктер есімдік, сан есім, үстеу, одағай, септеулік және өзге демеуліктермен тіркеске түспейді. Бірақ -ды/-ді шылауының ІІІ жақ жалғаулықпен, "осы" есімдігімен тіркесі аракідік кездеседі: Оның Fайнизаны Fайни деуі де сондықтан- ды (Ә. Ә.). Биыл қыстан бері ел арасына тараған сөздің бірі - осы-ды (З. Ақ).

Тұлға талғайтын ше демеулігі сөз таптарымен сөйлем соңына тіркесіп қалданылады. Сөйлем аяғында айтылғанмен, ол – бастауыш -­баяндауыш құрылымды сөйлемге тән емес. Өзіне дейінгі сөйлемді тольқтыру, сөйлем мазмұнын ашу үшін түрлі қызметтегі сөздермен жұмсалады. Ол жатыс септікті есімшемен, шартты райлы етістікпен келіп, сөйлемді аяқтайды. Мысалы: Ау, сезінбегенде ше? (Ад. Мек.). Болашақ бүгіннен басталса ше? Атты мініп кетсем ше? (З.Ақ). Оның атау септік тұлғасындағы зат есіммен келуі басым: Әйтпесе, Нариман. өзі жақсы білетін  Маритэ ше? Дәлел ше? (Ш.М.). Анау өлген аданың ше? (С. См). Ше демеулігінің есімдікпен және оның түрленген тұлғаларымен тіркесі ауызекі сөйлеу тілінде үнемі айтылады: Мынау ше? Өзіңіз ше? Үстеудің негізгі мағыналы түріне тіркеседі: қазір ше? Бүгін ше? Модаль сөздеріне, жалғаулықпен қолданысы жоқ. Септеулікпен тіркесі бірен-саран: Ал тайып тұрсын, сонан соң  ше? (Ад.Мек.).

   Түгіл, тұрсың, тұрмақ шылаулары - өзара варианттас демеулік­тер, бұлар сөздерге бірыңғайда, ұқсас тіркеседі: Етістіктің -мақ/­мек тұлғалы есімшелеріне бірдей жалғасады: Мұндай адамды Мұса көрмек түгіл, түсіне де кірген  емес. (З.Ақ.). Оньң үйге бармақ тұрмақ, өзіне де уақыты жоқ. Есімшенің болымсызымен, тұйық етістікпен: Бұл шырақ өшпес түгіл, лаулап жатыр (С.Д.).  Хат жазу тұрмақ, қолына қалам ұстагысы келмейді. Бірінші сөйлемде "өшпес түгіл" тіркесіндегі "өшпес" сөзі - есімшенің болымсыз түрі. Оның· "өшпек түгіл" деп айтылуы әдеби тіл үшін орынды болар еді, бұл арада кейіпкердің айтуымен қолданылған.  

Екеш, тұрсын демеуліктерінің етістік түрлерімен айтылуы кездеспейді.

Зат есіммен екеш, түгіл, тұрмақ жиі айтылады: Сөйткен Мәрзия жеке меншік "Волга" тұрмақ, такси де кездеспей, жаяу-жалпы келеді (Ш.М.). Темір екеш темірдің өзінен тамтық қана қалгандай (Ш.М.). Екінші сөйлемде ілік септігіндегі "темірдің" сөзінен алдыңғы "темір" сөзі де ілік септігінде болуы керектігі сезіледі. Шын мәнінде "темірдің екеш темірдің" болып келуі тиіс, сонда «екеш» демеулігі жасырын ілік жалғаулы зат есіммен тіркескен. Түгіл демеулігінде де осы іспеттес құбылыс бар: Оның толқыны асып туласа, батылсынган жалғыз-жарым қайық түгіл, алып кемені де қиратады (Д.Ә.). Мысалда "түгіл" шылауы жасырын табыс септік тұлғасындағы 'қайық' сөзімен келгені "кемені" деген сөзді талдау арқылы белгіленеді. Келесіде: Болар-болмас доктор түгілі, мүше корреспондентпен әрең сөйлесетін аттестациялық коммисиядан Сәргел пұшайман болып оралды (Д.И.). Мұнда "түгіл" демеулігі "доктор" сөзінің көмектес септігіндегі жасырын тұлғасымен айтылған. Сонда бұлар зат eсімнің септік тұлғаларымен тіркесімде бола алады.    

    Сөз болып отырған шылаулардың есімдікпен келуде өзіндік ерекшеліктері бар. Егер түгіл, түрмақ демеуліктері жіктеу есімдігімен келе алатын болса, тұрсын демеулігі тек сілтеу есімдігімен қолданылады: ... сіз түгіл, бүкіл қазақ көпестерінің қолынан келмейді (Д.Ә.). Осы Қаратаудың қатпарында жатқан біз тұрмақ, ана жылы Мұзды мұхитта қамалып қалган "Челюскеншілерді" де құтқapып алып еді ғой (Ш.М.). Ал бүгінгі мәслихаттан соң басқалар былай тұрсьн,  қолы бос еріккен шалдардың өзі бас сұғуды қойды (Д,И.). Екеш демеулігінің есімдікке тіркесі кездеспейді. Сонымен. екеш, mүгіл, тұрсын, тұрмақ шылаулары үстеу, мoдaль сөз, сын есім, сан есім, одағай, басқа шылаулармен тіркеске түспейді.

    Тұлға талғайтын –мыс/- міс сирек қолданылады. Бұл – оның тек етістікпен ғана тіркесетіндігіне байланысты: Айды бетке алып, самғап ұшып кетіп барады-мыс.(Д.Ә) Жер бетінде жыланның екі мыңнан астам түрі кездеседі-мыс (Б.Н.).

Күзгі мейрамға арнап, концерт әзlрлейдl-міс (М.Б.). Сөйлемдерде -мыс/-міс бір тұлғалы ауыспалы осы шақ, келер шақпен қолданылған. Нольдік тұлғалы қалып етістігі мен айтылады: Қайыңды көлeңкелеп қара шал oтыp-мыс (І.Ж.).

2. Тұлға талғамайтын демеуліктер - да/де, -ақ, ма/ме, қой/ғой, -ау ғана/қана, -ай.

 Барлық сөз табымен айтылатын демеуліктер ең алдымен етістікпен өте жиі тіркеседі,

Тұлға талғамайтын, етістікпен өте жиі байланысатын демеулік да/де мен қалыпты тіркесетін -ақ демеулігінің етістікпен келуі өзара ұқсас. Тәуелденген тұйық етістікпен: Сүйегі саудырап, әр жерге шашылып қалуы да мүмкін (Ш.М.). Жақсылық кеп төрге шығуы-­ақ мұң екен,  Құрман амандықтың орнына әке-бабадан жіберіп келдl (М.Ә.) .. Да/де септелген не түбір тұйық етістікпен келе алады:

Ойланып жатуға да мұрша жоқ (Ш. М.). –Ақ демеулігі тек тәуелденген, -дай тұғaсындaғы тұйық етістікпен келеді: қамшының дәмін татyдaй-aқ таттық қой ("Ана тілі"). Да/де-нің, -ақ демеулігінің есімшемен, оның түрлі тұлғасымен тіркесі: Рас, ренижuтін де реті жоқ. Семіз неме қызыл май болып кеткен де шыгар. Бала кекілік ... жарық дүниеге көзін ашқаннан-ақ сақ туады. Өзі теңдес біреу болса, шақ eтe түсетін-ақ реті бар (Ш.М.). Күрделі, аналитикалық етістіктердің құрамындағы көсемшемен: Сайдалыl өзінің айтарын сайлап та үлгерген  (Ә.Ә.).  Қоя-ақ қойсаң қайтеді (Д.Ә.).  Рай тұлғалы eтіcтepмeн келіп, бір қызметте болады: Отты түнге қарай жақса да болады. Төсекке кеп жатсам-ақ, ой басады (Н.Ғ.).  Көне шlекпенді алып жамылгысы да келді (Ш.М.). Әкеме ұқсағым-ақ келеді (Н.Ғ). Екеуінің бұйрық райлы жіктік жалғау жалғанған, ашық райлы eтістіктepмeн келуі: құдай жаманды жаратпасын да (Ш.М.).  Амал жоқ, бірдеме қып сөйлеседі де (Қ. Ж.). Осы жолғы сызылуы маған ұнамайды-ақ (Ш.М.). Көмекші етістіктермен:  Оның баратын жолы осы еді де. Нариман дүние қоңыз емес-ақ еді (Ш.М.). Да/де демеулігі құрамалас сөйлемде, сөйлемнің күрделенген түрінде баяндауышты өткен шақ етістіктерімен келіп, жалғаулық қызметке ауысады: Енді Нариман отырып алды да, өзін ұлы анасымен салыстырып көрді. Мәрзия жымиды да қойды (Ш.М.). «Да» демеулігі күрделі етістіктің құрамында келген.

 Тұлға талғамайтын ма/ме, қой/ғой, -ау демеуліктері баяндауышты етістіктің барлық түрімен еркін тіркеседі. Есімше, көсемшемен:

Нариманның тағдыры басқа бағыт алар ма еді. Басынғаны гой, боран болды деп айтар-ау. (Ш.М.). Тұйық етістікпен: Тас қамау, темір бұғау, итжеккенге айдалу ма? Бұл бас кесу емес, бармақ кесу ғой (Ә.Ә.). Ма/ ме рай тұлғаларымен келеді: қиналып қалдың ба? Мұнша жылқы қымызының буы қыздырмай қойсын ба? Mынa арқардай ғып атып тастасам ба екен? (Ш.М.). Болымсыз етістікті көсемше тұлғасы­мен: Ертең өтірігіміз шығып қалмай ма? (М.А.). қой/ғой, -ау демеуліктері, көбіне, ашық, шарты райлы етістіктермен кездеседі:

Солардың ызасы өтеді ғой. Менің аулақ болғанымды қалайды-ау.  Жаңа бастық осындай тұрысты азайтса гой (Ш.М.). Сәләмат өзіңді кешікпей көрсем-ау (Абай). Қалып және көмекші етістіктермен:

Жігіттердің біреуі ақымақтық жсасаn жүр ме?  Ит те болса, ұялас еді ғой. Дәл осындай кездесуді күтпеп еді-ау (Ш.М.).

Тек демеулігі түрлі тұлғалы негізгі етістіктердің алдынан келетін көмекші етістіктерде болмайды: Тек сазарып қал (Ш.М.). Тек болар­-болмас бас изеп өте шыгуым керек. Тек орындалуы дұрыс емес (Ш.М.). Рай тұлғалы етістіктің алдынан келуі: Тек келсе ганa барамын (Ә.Ә.).

   Ғана/қана. -ай демеуліктері тұлға талғамайды десек те, негізінде, есімдерше түрленетін етіетіктермен тіркеседі. Ғана/қана шылауы тұйық етістіктің түбір, септелген түрімен қолданылса, -ай демеулігі тұйық етістіктің түрленуімен келеді: Оган жасар жақсылыгым- ­қол үшін беру гана болмақ. қазіргі тірлік өлшеудің гана қамы  емес пе? (Ад. Мек.). Мына қорқау қaсқыpдың жемmік mілеуін-ай! (Ш. М.). Есімшемен де осы ерекшелікте тіркеседі: -ай тәуелденген есімше­мен: -Өлгенім-айl (Ш.М.) Туу, мына жолды білмегеніміз-айl (Б.Н.). Ғана/ қана есімшенің барлық түрленуімен келеді: Мен поездың өткенін хабарлайтын ғанa адаммын. Ол қаруын жұмсаганда гана қаhарлы (Ад.Мек.).

Ғана/қана көсемшемен тіркеске түсе алса, -ай ондай мүмкіндікке ие емес: Бұл мінезін есі кіре келе гана қойды. Жазда сарқыраган су тартылган соң, сай табанда шылдырап қана агады (Ш.М.). Рай тұлғаларымен келуде гана/қана жіктелген шарты раймен, ал ­ай демеулігі бұйрық райлы етістікпен сөйлем аяғында келеді:

Тілімді алсаңыз ғана тілегіміз орындалады (Ә.Ә.).  Қарындас болмай кеткір-айl (Ә.Ә.). Әй, шуламаңдар-ай (Ш.М.).

Тұлға талғамайтын да/де, ма/ме, қой/ғой, ғана/қана, -ақ, -ай, -ау демеуліктері етістікпен қалай қолданылса, зат есіммен де солай тіркесіп,. ерекшеліктерін сақтайды. Сөз табының барлық тұлғасымен тіpкeceтін демеуліктер ішіндегі да/де, ғана/қана шылауларының тіpкecуі өзінше бөлек болса, ма/ме, қой/ғой, -ау, -ай түрлерінің келуі өзара бірыңғай.

 Түбір тұлғадағы зат есімге да/де, ғана/қана шылаулары бірдей тіpкeceді: ... арқасынан көк шыбық кетпеген соң, Мұса да ашынып алды (З.Ақ.). Күн ашық, шыңылтыыp аяз гана бар (Ш.М.). Тәуелденген, септелген зат есімдерге де ұқсас тіркеседі: Оның түйілген қабагы да ашылған жоқ. Бұл кезде тіршіліктен тек жүзіндегі күлкісі гана қалган едІ (Ә.Ә.). Тіршілік бір  минутке де тоқтамай жүре береді екен (Ш.M.). Тойшылдық бай елге ғана жарасады (Анa тілі"). Бұл демеуліктер ІІІ жақтағы нольдік тұлғадағы зат есімдермен сөйлем соңында дa келеді: И-и, бейшара, бұ да бір мүгедек, ауру адам да (Ш.М.). Әзірге тaпқaным- бұлыңғырлау бір үміт қана (Ә. Ә.).

Тек демеулігі зат есімнің кез келген түрімен бірде жалаң қолданылады, бірде «қана»шылауымен қатар айтылады: Тек ыза бар. Тек қана адам жайы емес (М.Ә.).

Ма/ме, қой/ғой, -ау демеуліктері жіктелген зат есіммен келуі жағынан ұқсас. Бұл арада нольдік тұлғалы зат есімдерді де ескереміз:

Сонда сен Наянның баласы Имансың ба? Мен Назармын ғой. Мұсылмансың ғoй (Ә.Ә.). Өзің бір әбден ерке келіншексің-ау (Ш.М.). Бұл қалай. Кездейсоқ па? Жазмыш  па? Бағы тайып, базары тарқаған адам ғой (Ш.М.).

 Ма/ме, қой/ғой - баядауыш сөздермен тіркесетін демеуліктер.

Бірақ ма/ме cұpаy мәнді болғандықтан, кейде сұрау екпіні түскен толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметіндегі зат есімдерге тіркесіп, ойды ықшамдау үшін сөйлемді тиянақтайды: қайсысының доғасына байлайын, Абайдың ба? Ақанның ба? (З.А.). Барыс, жатыс септігіндегі баяндауыш зат есімдерге тіркесі: Мөр басылмаған тізімдерің кімге? Өздеріңнің өңештеріңе ме? (Ә.Ә). Оязға апаратьш тiзімдe ме? (Ә.Ә.). Түбір, тәуелденген зат есімдермен тіркесі: Оның үніндe үрей ме, сенімсіздік пе, екіұдай бірдеме бар сияқты (Б.Н.). Қой ғой демеулігі жайында да осыны айтуға болады.

-Ай, -ау демеуліктері қараша қызметіндегі түбір, тәуелденген, септелген зат есімді керек етеді: Әй, ит-ай, ақыры табаладың ба?

Құдай-ау, мынау Қаражан ба? Бетім-ау, Біліспісің? (Ш.М.). Күнім-ай, бұл не дегенің? Жарықтық жылқының еті-ай, қасиетің артық-ау! (Н.Ғ.). Билеп алды еркімді-ай!(Ә.Ә.). й демеулігінің жіктік жалғаулы зат есімге тіркесі кездеспейді.

-Ақ демеулігі ІІІ жақ нольдік тұлғалы түбір, тәуелденген зат есімге: Ал қауыны қауын-ақ (Ш. М.). Бұғыбайың бір сенің ұлың емес, ауылдың, елдiң азаматы-ақ еді (С.См.). Басқа қызметтегі түбір тәуелденген зат есімдерге: Сөзінің дені- ақ сол Қасымбек жайлы .А.). Сен бала-ақ пәле болдың (Б.Н.)

Тұлға талғамайтын демеуліктердің есімдікпен, оның түрлерімен жаппай тіркесі жоқ. Демеулік шылаулар есімдіктің нақты ұғымды білдіретін түрімен тіркеседі. Демеуліктердің басым түрі жалпылау, сұрау, белгісіздік, болымсыздық есімдікпен тіркеске түспейді, себебі олар белгісіздік, жалпылық ұғымды береді. Демеуліктің да/ де, тек түрі есімдіктің бәрімен тіркесе алады деуге болады: қой, біз де қимылдайық. Өзі де туғаннан-ақ салмақты еді. Жазылмай қалыптасқан зaңның бұ да бірі. Нариман соңысына да риза. Не де болса, қараны батырып кету керек. Нариман ештеңе де сезген жоқ (Ш.М.). Осы күннен кешіксек, бәрінен де кешігеміз. Тұяқ серпер қaйpaт біреуінде де қалмаған (Ә.Ә.).

Тек демеулігі: Мен тек өз пікірімді айтып omырмын. Саша енді тек сол сөзімен ғана бағыт алып отыр (Ш.М.).

Ма/ме есімдіктің болымсыздық, сұрау есімдігінен басқа бәрімен келе береді: Мәди деген жас қарақшы сен бе? Мәдидің өзі ме саған хат жазған? Кәне, мынаның біреуі ме? (Ә. Ә.). Қайсысы, анау ма? Үлкендердің бәрі ме? (Ш.М.).

Есімдікке талғап тіркесу қой/ғой демеулігіне тән. Ол болымсыз­дық, сұрау, жалпылау, белгісіздік есімдігіне тіркеспейді. Соның дәл өзі ғой. Сіз ғой, бізге отыр, асықпа дейсіз. Біздің сорымыз осы ғой (Ш.М.). Дегенмен, ғой демеулігінің белгісіздік есімдігінің біреу, кейбіреу деген сияқты түрімен тіркесуі бірен-саран ұшырасып қалады:

Бүбішке ұқсайтын. біреу ғой (Б.Н.).

-Ақ демеулігі сілтеу eciмдігінің "осы, сол, анау, мынау" дегендерімен, бұлардың түрленіп келуімен, жіктеу, өздік, белгісіздік есімдіктерімен тіркеседі де, болымсыздық, сұрау жалпылау түрімен айтылмайды: Әуре болмаңыз, өзім-ақ. Оникаға әркім-ақ келіп, біреуді мақтап, біреуді даттап қалуға даяр. Сонда-ақ саудырап қалған кәрі еді. (Ш.М.). Сондайда өзінің дәрменсіздігіне өкінген мендей-ақ болар (Ад. Мек).

Ғана/қана-ның есімдіктерге тіркесі осылар тәріздес, бірақ өзгешелігі сұрау есімдігімен тіркеседі: Қу шабдарга қайдан ғана мінгізіп ем? (Б.К.). Басқа жагдайларда келуі: ... саған ғана қызығып қарап тұрады. Кулән өзінің жылап тұрғанын сонда ғана байқады. Бір үйде өзім ғана жападан жалғыз тұрып жаттым (H.F.). Осы ғана менің байқағаным (Ә.Ә.).

-Ай, -ау демеуліктері бірлі-жарым сұрау, сілтеу есімдігімен тіркеседі: -О нeсі-ай (Ш.М.). Жауда да бір үйің болсын деген осы-ау (Ә.К).

     Үстеумен тұлға талғамайтындардан да/де, ма/ме, қой/ғой, ғана/ қана, тек, -ақ түрлері ғана қолданысқа түссе де, олардың өзі оның мезгіл, қимыл сын мағыналарымен айтылады. Тек демеулігі үстеудің бәрімен келеді: Одан әрі тек жаяу журу керек. Сірә, тағы да сұрақ күткендей құлақ түріп қалған ыңғайы бар (Ш.М.). Бүгін де, міне, сыртта, саяда отырмын (Ә.Ә.). Назuя оның сөзіне жай ғана жымиды (H.F.). Нариман әлгінде ғана көзін ашып қалғанда, дүние өзгеріп сала бергендей құбылыс. Әшейін-ақ Нариман мен Әділді көңіл таразысьна салып салыстырады (Ш.М.). Ертең-ақ үлкен кісі болып өсесің (H.F.). Әлгі бір кезің қашан, таңертең бе? Сонда сіздің  мені шақыртқаньңыз бекер ме? (Ә.Ә.). Қағаз бен қарындашым әруақытта дайьн ғой (H.F.). Баягыда ғoй шұбырған аш бөрілердің топтасып, шет шыққан аттылы-жаяуды қақшып түсіретіні (Ад.Мек.).

Да/де, ма/ме, ғана/қана, -ақ, -ау, қой/ғой, тек сөйлем соңындағы модаль сөздермен басым келеді. Яғни модаль сөздер баяндауыш қызметте келсе, демеуліктердің тіркесу қабілеті болады: Жұмысы бар да. Миллион тонна руда керек пе, керек.  Мына боранда жұмыс істей алмай келе алған жоқпыз ба? (Ш.М.). Бар ондай жақсылық, бар ғана емес, жақын (Ә. Ә.). Қулық-сұмдығы жоқ-ау (Ш. М.). Аты да сөйлейтін шыгар-ау. Әлдекімдерді іздеп зарығып тұрған сияқты-ақ.  Мінезінде бір гажайып ұқсастық бар-ақ (Ш. М.). Ақыры геолог кеніш жұмысына жарай береді екен ғой. Мұндай адамдар тату болуға тиіс қой. Нариман туралы біреулер сұраулары ықтимал ғой (Ш.М.)

Тұлға талғамайтын демеуліктердің бұлай аталуы шартты. Қалай болғанда да олар бар сөз табымен жаппай  тіркеспейді, мәселен, бәрінің одағаймен тіркесі жоқ. Тек ішінде -ау, -ай. дeмеуліктepi ғaнa одағаймен тіркеседі. Бұлардың одағаймен тіркесуі өздерінің одағай­дан қалыптасуынан болуы мүмкін: Апыр-ай, пәле қайда, аяқ астында деген осы екен-ау. Ойбау-ау, сол пәлені татып алмаушы едім (Ш.М.). Ойбай-ай, ол жылқыны түнімен сонда жайған шығар әуелде (Б.Н.).

Тұлға талғамайтын демеуліктердің сөз табына тіркесуіндегі септеулік, жалғаулықпен не өзді-өзі тіркесуі болады. Бірақ бәрінде кездеспейді. Үш шылау түрімен тіркесетіндер: да/де, ма/ме, ғана/ қана, -ақ, -ау, қой/ғой. Да/де септеулікпен, жалғаулықпен және -ақ демеулігімен келе алады: Әу баста мукамал қоймасы Таңшолпан үшін де тарс жабық болатын. Сондықтан да ол  бac инженep. Сен баған басына шықпай-ақ та қой (Ш.М.).

-Aқ демеулігімен тіркеске түсу ғана/қана демеулігіне де тән: Бар болғаны сол-ақ қана ма? Ғана/ қана септеуліктің "үшін, кейін, соң" түрлерімен жиі кездеседі: Тек жеке мүддесі үшін гана сырт пейілін беріп отыр (ТЖ.). Дәл осы сөзден кейін ғана Мәдиге отты көзімен жалт қарады (Ә.Ә.). Жақсылықтың ақылы осы сөзді естіген cоң ғана орнына түсті (М. Ә.).

Ма/ме демеулігі "соң" септеулігімен, "сондықтан" жалғаулығымен, «ғана/қана, -ақ» демеуліктерімен келеді: Біздер кеткен соң ба? Сондықтан ба, әйтеуір, көзім соган түсті (Ә. Ә). Ұрысатын адамдар ғана ма десем. Шынымен осы-ақ па? (Ш.М.). Жекелеген шылау түрімен тіркесу қой/ғой демеулігіне тән; "үшін" септеулігімен, дa/де, ғана/кана демеулігімен қолданылады: Сол үшін ғой (С.Т.). Жөтелесің де ғой деймін (Д.Ә.). Тек көңілге күдік келтірері аштықтан әлсіреп тұрғаны ғана ғой (Ад.Мек.).             

Бір шылау түрімен тіркесетіндерге -ақ,-ау демеуліктері жатады -Ақ демеулігі тек септеулікпен тіркесе алады: Осыдан кейін-ақ  сүйменін сүйретіп, сыртқа беттеді. Төзімім сол жерге дейін-ақ жетті (Ад. Мек.). Фатuма қырыққа жеткесін-ақ орнынан тұра алмайтын халге жemкeн (З.Ақ.). -Ай демеулігі - ма/ме демеулігімен: Әлде ұмыт қалған асыл нәрсесі жаңа есіне түскендей ме-ау, әйтеуір әрі-сәрі күйде сәл бөгелді (Ад.Мек.).

Демеулік шылаулардың фонетикалық, морфологиялық, синтаксис­тік белгісі және басты қызметі - грамматикалық мағына үстеуі – жан-­жақты талдану барысында ашылады.

    2.1.   Демеулік шылаулардың мағыналық түрлері.

      Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік  - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді. Жалпы тілі білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етсе, біразы сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айқындау үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестері немесе сөйлемдерді нақтылау үшін, толықтыру үшін, я қосымша реңк беру мақсаттарда қолданылады делінген [2,45]. Осы теориялық тұжырым негізінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі демеулік шылау сөздердің мағыналық түрлері қарастырылады.

Демеулiк шылаулар   Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне  (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес. Мәселен, Қ.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен [1,161]. Бүгiнде бұл көзқарас кейбiр тiлшi ғалымдардың еңбектерiнен жалғасын табады. С.Исаев «күшейтпелi асырмалы шырай тұлғасын жасайтын күшейткiш үстеу деп аталып жүрген өте, тым, аса, тiптi т.б.тәрiздi көмекшi сөздердiң сапалық сынармен тiркесуi де сөздiң аналитикалық формасына жатады. Өйткенi бұл жерде күшейткiш буындар да (үп-үлкен, қып-қызыл т.б.), күшейткiш көмекшi сөздер де (өте үлкен, тым тамаша т.б.) бiрiншiден форма тудыратын қосымшалар сияқты өзi тiркескен сөзге қосымша грамматикалық (күшейткiш) мағына үстейдi, бiрақ лексикалық мағынасына нұқсан келтiрмейдi, не оны өзгертiп жiбермейдi» деп тұжырымдайды [5,52]. Сол сияқты А.Қалыбаева, Н.Оралбаева бiрлесiп жазған еңбекте де аталмыш тұлғалар күшейткiш үстеу есебiнде қаралмай, дербес сөздiң формасын талғамайтын көмекшiлер қатарына жатқызады [21,162]. Қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердi зерттеген Ы.Шақаман, Қ.Жұбанов, Н.Оралбаева, С.Маралбаева, С.Исаев, М.Серғалиев пiкiрлерiне қосыла отырып, өз ойын былай түйiндейдi: « Қазiргi күшейткiш үстеу деп танылып жүрген сөздердi шылауларға кiргiзiп, оның iшiнде тағы да саралап, грамматикалық мағынасына, тiркесетiн сөзiне орай күшейткiш демеулiк немесе сындық демеулiк деп қарастырған жөн сияқты” [5,128]. Шындығында, қазақ тiл бiлiмiнде бұл негiздiң барына бiраз уақыт өтсе де, аталмыш тiлдiк единицалардың сау басы саудаға түсiп әлi жүр.        Негiзiнен, ең, тым, өте  осы сияқты лексемалар кейбiр туыстас түркi тiлдерiнде шылау сөздер қатарына жатқызылады: Мысалы: қырғыз, ұйғыр, ғағауыз, хакас, түрiк, шор тiлдерiндегi. Көмекшi сөздер атауыш сөздерден кейiн келедi деген тұжырым жалпы тiлдiк сипатттамалық дәрежеде айтылған заңдылық. Десек те, тiлдiң кейбiр iшкi флексиялық заңдылықтарына байланысты өзгешелiктерi болады. Мәселен қазақ тiл бiлiмiнде сөз алдында тек демеулiгi ғана келедi деймiз. Егер де күшейткiш үстеулер деп танылып жүрген единицаларды күшейткiш демеулiктер деп есептейтiн болсақ, онда жалғыз тек сөзi ғана емес өте, аса, тым, ең, тiптi т.б.осы сияқты сөздердi де сөз алдында келетiн демеулiк сөздер қатарына жатқызуға болар едi. Мұны айту себебiмiз, көне түркi тiлiнде өте, ең тұлғалары кездесiп, қазiргi дәрежесiнде қызмет атқарған. Мысалы:

Көне түркi тiлi: Ең iлгi Тоғу балықта сүңiшдiм – Ең бiрiншi Тұғы балықта соғыстым. Екiншi сүңiс ең iлгi ай алты йаңқа…- Екiншi соғыс ең бiрiншi айдың алтысында…Көзде йаш  келсер өтi де көңүлге сығыт келсер… Көзге жас келсе өте көңiлге шер келер.

Қазақ тiлi: Ескiнiң ең жақсысын ала бiлмей, жаманнан арыла бiлмей жүргендерге ренжiдiм. Ал мұндай күресте жазушылардың, өнер қайраткерлерiнiң алатын орны өте зор.

Екiншi бiр тiлдiк нормаға сәйкессiздiгi – демеулiктердiң қосымшаға айналу мәселесi. Бұл - өзгешелiкте айтылып жүрген мәселелердiң бiрi. Мысалы: Келесiң бе? – келемiсiң, барасың ба? – барамысың. Сонымен қатар кейбiр демеулiктердiң жiктiк жалғауын қабылдап, басқа сөз таптарының қызметiнде көрiну де жоқ емес. Мысалы:

I. Мен           ғанамын                    Бiз       ғанамыз

II. Сен          ғанасың                     Сендер            ғанасыңдар

    Сiз            ғанасыз                      Сiздер             ғанасыздар

III. Ол          ғана                            Олар               ғана

Сол сияқты әдемi- ақсың, жаман- ақсың, ақылшысыдамын, әкесi деймiн деген сөздердегi күшейткiш мәндi демеулiктер сөз құрамында келiп, өзiнен кейiн көптiк, жiктiк жалғауларын да қабылдайды.

Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiнде кездесетiн күшейткiш мағынасындағы қына (ғана/қана), оқ/өк (ақ), та/де (та/те, да/де) және сұраулық мағынадағы түгүл (түгiл) демеулiктер де бұндай өзгерiстер байқалмайды.

Жалпы тiл ғылымында шылаулар сөз табы бола алмайды деген көзқарасқа, әсiресе, осы демеулiктердiң қосымша формаларына ұқсас болуы себеп болған. Сондықтан да жоғарыда айтылған қосымша мәселесiне байланысты кейбiр ғалымдар бiр кездерi демеулiктердi аффикс деп таныған болатын. Түркiтанушы ғалымдардың тiлде бұрыннан қалыптасып, демеулiк қызметiне ежелден енiп кеткен тұлғаларды табиғи деп көрсетуi және сол демеулiктердiң аффикстiк элемент деп қарауы жағынан пiкiрлерi сәйкеседi. Бұл жайлы қырғыз ғалымы А.Карымшаков түрголоктардың демеулiктердi аффикстiк элемент деп көрсетуiн қостап, «түркi тiлдерiндегi сөздердiң көмекшi сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды құбылыс» деген ойын бiлдiредi. Демеулiктердiң бiразы тұлғалық жағынан қосымшаға ұқсас келгенмен және олардың лексикалық мағыналары солғын, грамматикалық мағыналары абстрактылы болса да, аффикстерге қарағанда дербестiгiнен мүлде айырылып қалмайды. Сөзден бөлек тiркесiп дербестiгiнен қолданылуын сақтап қалғаны бұрынғы дербестiгiнiң қалдығы деп түсiнуiмiз керек. Ал түркологияда жұрнақтардың өзi дербес сөздерден пайда болған деген пiкiр көптен берi айтылып келе жатқаны белгiлi. Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде болымсыздық мағынада қолданылатын түгүл формасы мен шектеу, нақтылау мағынасындағы қына демеулiктерден басқалары тұлғалары жағынан аффикстерге ұқсас келедi. Мысалы оған: та/де, оқ/өк, ба/му, гу/гү/күк, ча/че, ру/рү сияқты бiр буынды формалар жатады. Олар тұлғалық жағынан қосымшаларға ұқсас келгенмен, тiлде атқаратын қызметтер екi басқа. К.Ш.Кусаинов көне грек тiлiндегi демеулiктердiң де қосымшаға ұқсас болғанмен, олардың атқаратын тiлдiк қызметтерi мен дәрежелерiнiң әр түрлi екендiгiн сөз етедi. Көне грек тiлiнде көне түркi тiлiндегi демеулiктермен сәйкес қата, те, бе, ге формалары бар [22,73]. Демеулiктердiң ескерткiш тiлiнде септеулiк шылау ру/рү немесе че сияқты сөз құрамында келуi жоқ. Атауыш сөздерге тiркесiп келiп, сол сөздерге әр түрлi грамматикалық мағыналар үстейдi. Демеулiктер де тiлдiң даму эволюциясында бiртiндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылып, абстрактылы грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы шылау сөздер тобын қалыптастыра бастаған.

    Орхон – Енисей жазбаларындағы шылау сөз табының лексикалық құрамына қатысты сөз еткенде, кейбiр шылау сөздер деп танылып келген единицалардың басқа сөз таптарына жататындығы демеулiктерде де кездеседi. Бүгiнгi күнге дейiн зерттеу еңбектерде демеулiк шылаулар деп танылып келген йалаңус, йана, анығ, нең, ерiнч, ерсер сияқты әр түрлi категориялық мағынадағы сөздердi жалпы шылау сөздер қатарына қосып қарастырамыз. Бұлардан да басқа септеулiктер және жалғаулықтар деп танылып келген тұлғалардың барлығына дерлiк түсiнiктер берiлдi. Сонымен бiрге түркологияда қалыптасқан демеулiк атауына қактысты пiкiрлер де айтылған болатын. Қазақ тiл бiлiмiнде бұл атау алғаш А.Байтұрсынов еңбегiнен бастап, «демеу» деген терминмен аталады. [8,102].  Қ.Жұбанов зерттеуiнде «үстеуiштер» деп берiлсе, С.Аманжолов еңбегiнен бастап «демеулiктер» деген атау толық өз атын иемденген. Содан берi Р.Әмiров, К.Амиралиев, Ф.Кенжебаева, Ғ.Иманалиева, В.Исенғалиева, Ы.Шақаманова сынды тiлшi ғалымдар оларды арнайы зерттеген. Олар жалпы шылаулар тарихын сипаттай отырып, бiрi жалғаулықтардың, бiрi септеулiктердiң, ендi бiрi демеулiктердiң әр қырларынан ғылыми зерттеулерiн танытып, өзiндiк құнды пiкiр – тұжырымдарын жасаған. Аталмыш ғалымдардың зерттеу еңбектерiне сүйене отырып, көне түркi руникалық жазбалардағы шылауларды салыстырып қарағанымызда, бүгiнгi түркi тiлдерiндегi шылаулар сөз табының қалыптасуындағы алғашқы сатысы болып отыр. Яғни қазiргi қазақ тiлiндегi демеулiктердiң қалыптасу тарихы да көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнен бастау алады деген сөз. Орхон – Енисей жазбалар тiлiндегi демеулiктерге та/де, оқ/өк, ба/му, ғу/гү/күк, қына, түгүл тұлғалары жатады. Сонымен қатар та/де демеулiгiнiң орнына жүретiн жартылай жалғаулық шылау мағынасындағы «йеме» формасын да жатқызуға болады. Аталмыш тұлғаларды қазiргi қазақ тiлiндегi қолданылып жүрген формаларымен салыстырып көрсететiн болсақ мынандай: та/де – та/те, да/де; оқ/өк – ақ; ба/му – ма/ме, па/пе, ба/бе; ғү/гү/күк – қой/ғой; қына – қана/ғана; түгүл – түгiл болып келедi. Көне түркi тiлiндегi демеулiктер қазiргi қазақ тiлiндегiдей өздерi тiркескен сөздерге қосымша грамматикалық мағына үстейтiн шылау сөздердiң мағыналық түрлерiнiң бiрi болып саналады.

      Демеулiктер септеулiктер сияқты өзi тiркесетiн сөздердiң белгiлi бiр грамматикалық формада тұруын талап етпейдi. Атауыш сөздерге тiркесiп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру, нақтылау мағыналарын үстейдi.     Қазiргi қазақ тiлiнде демеулiктердiң септеулiктер мен жалғаулықтарға қарағанда дамуы да, қолданылу аясы да бiршама активтенген. Көне түркi тiлiндегi демеулiктердiң сөйлем iшiндегi грамматикалық қатынастағы дәрежелерiн көрсету үшiн қазiргi қазақ тiлiндегi жекелеген авторлардың еңбегiнен мысалдар алып, салыстырып қарастырамыз.

     Жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың өзара (аз – көп) қолданылуына байланысты Күлтегiн, Тонйұқақ, Бiлге қаған, Құтлық қаған (Онгин), Ырғақ бiтiг, Күлi–Чор, Мойын–Чор, Тариат жазбалары бойынша статистикалық мәлiметтеме жасалынды. Сонымен қатар қазiргi түркi тiлдерiндегi шылау сөздермен салыстырылынып, өзгерген дыбыстық варианттары да көрсетiлдi.

Та/Де: Руникалық жазбадағы демеулiгi – қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де формаларындағы күшейткiш та/де демеулiктер. Көне түркi тiлiнде тек демеулiк мағынасында ғана болады. А.Ысқақов қазақ тiл бiлiмiнде та/те, да/де шылаулары сөздер не сөйлемдердi байланыстыру қабiлетiне байланысты бiрде жалғаулық, бiрде демеулiк мағынасында болатындығын айтады. Жалғаулық шылау қатарына қосқан та/де формасын ғалымдар пiкiрiне сүйене отырып, демеулiктер құрамына жатқызамыз. Себебi мынандай: демеулiк ретiнде қолданылғанда, бiр сөздiң немесе бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысының жетегiнде болып, оларға күшейту, анықтау, тәтпiштеу мағыналарын үстемелеп отырады [3,33].

2.2. Демеулік шылаулардың грамматикалық мағынасы.    

       Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзақ жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады.

      Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады. Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бiрте – бiрте әр түрлi дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарды иеленiп қалыптасқан. Шылаулардың лексика – грамматикалық мағыналары жеке тұрғанда абстракты болғанымен сөз аралықтарында конкреттенiп отырады. Жалпы шылаулардың   грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен әр түрлi дәрежеде көрiнедi. Олардың бiрқатары жоғарыда айтылғандай сөз бен сөздiң арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындаса, кейбiреулерi жеке сөздер мен сөз тiркестерiн не болмаса сөйлемдi анықтау, толықтау үшiн я қосымша реңк беру үшiн және тағы басқа мақсаттар үшiн қолданылады.

      Көне түркi тiлiнде кездесетiн көптеген шылау сөздер қазiргi тiлiмiзде өздерiнiң грамматикалық тұлғасын өзгерткен. Кейбiр шылаулардың грамматикалық мағыналары мен қызметтерi өзгермей, тек фонетикалық өзгерiстерге ұшыраған. Ал қазақ тiлiндегi тұлғалық жағынан өзгерген шылау сөздерiнiң орнына сол мағынадағы басқа тұлғалар бар.

      Қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiрiнде қазақ тiлiнде жоқ формалары (қоды, ұдұ,азу) сақталынған. Мәселен, қоды сөзiнiң қызметiн қазақ тiлiнде бойы тұлғалы шылау атқарады. Азу тұлғалы шылаудың орнына әлде формасындағы шылау жүретiндiгi сияқты.

     Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiндегi шылау сөздердiң синтаксистiк қатынаста қандай қызмет атқарғандығын сөз тiркесi тұрғысынан алып қарастырамыз. Себебi синтаксистiк дәрежелерiнiң алғашқы сатысы болып есептелiнетiн бөлшек – сөз тiркесi. Синтаксистiк қатынастың көрiнiсi ең алдымен жеке   сөздердiң тiркесiнен байқалады. Ал жеке сөздер өзара тiркесiмдiлiк сипаттта болу үшiн бiр – бiрiне бағына жұмсалуы қажет. Сөздердiң осылайша үйлесiмдiлiгi ғана оларды тiркесiмдiлiк қабiлетке түсiредi. Көне түркi жазба

ескерткiштер тiлiндегi шылаулардың сөз тiркесiнде лексика – грамматикалық мағынасы болады. Бұндағы синтаксистiк қатынас дегендi жеке сөздер мен шылау сөздердiң өзара байланысы, сөйлемдегi сөздердiң аралық қатынасы және жеке- жеке сөйлемдердiң үйлесе айтылуы тәрiздес мәселелер төңiрегiнде қарастырылады деп ұғынуымыз қажет. Сөйлемдегi сөздердiң байланысы түрлiше грамматикалық амал – тәсiлдердiң негiзiнде жүзеге асады. Соның нәтижесiнде өздерi тiркескен сөзiне әр түрлi грамматикалық мағына туғызып сөйлемнің мүшелiк, жалпы сөйлемнiң қызметi анықталып, сөйлемнiң қызметiмен үндесе келедi. Қазiргi қазақ тiлiнде барыс септiктi меңгертетiн шылау сөз тек дейiн тұлғасы ғана емес, тiптi контексте кейде шейiн мен дейiн шылауының бiр – бiрiне мағыналық реңк жағынан айырмашылығы болады. Сол себептен бұлардың аффикстiк байланыстан да, басқа сөз таптарынан да ерекшеленетiн қасиеттерiнiң бiрi – синтаксистiк қатынастағы лексика – грамматикалық мағыналары. Мысалы: Мен үй келдiм деген қосымшасыз тұрған сөйлемдi алсақ, объектiлiгiне байланысты мен үйге келдiм, м мен үйден келдiм, ауыс мағынасында мен үйсiз келдiм, мен үймен келдiм  деген сияқты әр түрлi грамматикалық көрсеткiштер жалғану арқылы сөйлем мағынасын тиянақтауға, үйлестiруге болады. Ал шылауларда олай емес. Олардың қызметiн басқа сөз таптары түгiл шылаулардың өзi бiрiнiң орнына бiрi жүре бермейдi.Мысалы: Мен үй үшiн келдiм. Мен үй арқылы келдiм деген сөйлемдердегi үшiн, арқылы септеулiк шылаулардың орнына басқа шылау сөздер жүрмейдi. Шылаулар сөз құрамында емес, тiркес құрамында келiп бiлдiретiн грамматикалық мағыналармен ерекшеленедi. Бұнымен синтаксисiнiң маңыздылығын танытады. Әрбiр шылау лексемасы сөз бен сөз аралығын ғана байланыстырып қоймайды немесе өзi тiркескен сөзiне ғана қатысты болып келмейдi. Жалпы сөйлемнiң қандай түрi болмасын олардың мағынасына тәуелдi болмақ. Сөйлем «темiр қақпаға дейiн соғыстым» деп дейiн шылауымен келген уақытында ғана айналасындағы басқа сөздермен тығыз байланысқа түсiп, белгiлi бiр мақсаттағы сөйлем құруда өз дәрежесiне қатынаса алады.Мұндай көрiнiс шылау сөздер мен дербес сөздердiң тұлғалық және мағыналық жақтарынан тығыз байланысқа түсуiнiң нәтижесiнен туындайды. Мағыналық ұғымның дұрыс болуы үшiн сөздер, сөйлемдер арасында үйлесе алатын дұрыс грамматикалық байланыстың болуы қажет. Контекстiк мағыналық ұғымның дұрыс болуы ең алдымен сөздер арасындағы шылаулардың мағына қиюласуы мен ұштасуына байланысты болып келедi.

     Сөйтiп шылау сөздер жеке сөздер арасын байланыстыруда ерекше қызмет атақарады. Бұндай ерекшелiктi шылаулар арқылы әр түрлi синтаксистiк қатынасты бiлдiрулерiмен түсiндiруге болады. Ал синтаксистiк қатынас – сөйлем бойына тән қасиет. Шылау сөздер осындай ерекшелiктердiң негiзiнен туындайтын сөйлемдерде алдыңғы қатарда жүредi. Себебi сөздер мен сөйлемдер арасын байланыстырудағы өрiсiнiң кеңдiгi олардың бойына тән өзiндiк қасиеттерiнен шығып жатады. Шылау сөздердiң грамматикалық жүйеде алатын орны, оның өзге де категориялық мағынаға әсерi синтаксистiк қатынаста ғана жүзеге аспақ. Олар сөз тiркесi құрамында келiп, сөйлем құрауға қатысатындығы және құрмалас сөйлем түрлерiнiң құрамында болып, әр түрлi дәрежеде қызмет атқаруы  аналитикалық формант есебiнде саналады. Олардың құрылымдық сипатының өзi көпшiлiк жағдайда ондағы жетекшi сөздiң грамматикалық және лексикалық табиғатына негiзделедi. Сөздiң басқа бiр сөзбен тiркесiп, белгiлi бiр күрделi номинативтiк мәнге ие болуы ең алдымен, оның лексика – грамматикалық мүмкiндiгiнен туындайды. Сөз тiркесiн ұзақ дәуiрдi басынан кешiрген семантикалық және тұлғалық жағынан бiр – бiрiмен үйлескен сөздер ғана құрай алады. Сөз тiркестерiнiң даму барысында тiркес құрау   қабiлеттiлiгi артып, тарихи өзгерiп, мағыналық жағынан толығып кеңейедi. Негiзiнен «сөз тiркестерi тұрғысынан алып қарастыруда тiлдегi әрбiр жаңа құбылыс бұрыннан бар элементтердiң негiзiнде пайда болатындығына көз жеткiзiледi. Сол элементтердiң жүйелi байланысы мен қатынастарына негiзделедi» деген ғалымдардың пiкiрiн басшылыққа алған жөн . Сөйтiп қазiргi қазақ тiлiндегi шылаулардың толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келуiн Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiндегiсiмен байланыстырамыз. Олар сөз тiркесi шеңберiнде ғана емес, сөйлем, сөйлем мүшелерi бойынша салыстырмалы түрде зерттелiнетiн болады. Сөз тiркесi аспектiсiнде қарастырылғанда тiркестiң түрлерi, формалық байланысы, сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынады. Жалпы көне  ескерткiштер тiлiндегi шылау сөздер қандай формамен тiркесетiнiн анықтау үшiн сөйлем мағынасы мен мәтiн мазмұны шеңберiнде алып қарастырамыз. Себебi жатыс, барыс, шығыс,табыс септiктерi бiрiнiң қызметiн бiрi атқарады. Көне түркi тiлiндегi септiк парадигмада қазақ тiлiндегiдей қалыптасқан жүйелiк жоқ. Мысалы «қондуқта кiсре» тiркесi «қонғаннан кейiн» түрiнде болады. Әрi қарай талдауымызда «қонғаннан кейiн» шылаулы тiркес етiстiктiң есiмше формасынан кейiн жалғанған шығыс септiктi етiс тiркес екендiгi көрсетiледi. Содан соң шығыс септiктi есiмше формалы етiстiк сөзден кейiн шылауы тiркесiп, белгiлi бiр фактiнiң соңынан болатын мекендiк немесе мезгiлдiк ұғымды бiлдiретiндiгi түсiндiрiледi.

    Көне түркi тiлiндегi шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы да бiршама анықталынды. Жалпы шылаулар толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келiп, барлық сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруға қатысқан. Соның iшiнде пысықтауыш, анықтауыш және баяндауыштық қатынаста болатындығы байқалынады. Г.Иманалиеваның «шылаулардың  басты қасиетi сөздермен тiркесiп келгенде нақтыланады» деуi негiзгi критерии. Ғалым шылаулар тiркеске сөзiне әр түрлi грамматикалық мағыналар жамап, сол тiркестi сөзбен бiрге сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруға қатысатындығын сөз еткен [23,150].Ендi сол шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысын қарапайым мысалдар арқылы берелiк. Мысалы: Йағру қодуқта кiсре арығ бiлiг анта өйүр ермiс – Жақын қонғаннан кейiн олардан жаман қылықты сонда үйренген едiк. Синтаксистiк амал – тәсiл бойынша сұрақ қою арқылы аталмыш тiркестiң қандай сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқаратындығын анықтаймыз. Қашан үйренген едiк? Жақын қонғаннан кейiн – мезгiл – мекен пысықтауыш сөйлем мүшесi болады. Анта кiсре iнiсi ечүсiнтег қылыңмадуқ ерiнч – Содан кейiн iнiсi ағасындай бола алмады. Қашан? Содан кейiн – бұл тiркес мезгiл пысықтауыштық қатынаста болады. Қағанын бiрле Соңа йышда сүңүсдiмiз – Қағанымен бiрге Соңа қойнауында шайқастық. Қалай шайқастық?- қағанымен бiрге – есiм негiздi тiркес, сын – қимыл пысықтауыштық қатынаста болады. Жалпы осындай сипатта шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынып отыр. Тағы бiр айта кететiн мәселе шылаулардың қасиетi жай сөйлем және құрмалас сөйлем тұрғысынан да сипатталады. Мәселен, тегi, үчүн септеулiк шылаулардың жай сөйлем және құрмалас сөйлем iшiнде қолданылуынан түсiнiк берелiк: Бiр кiсi йаңылысар, оғушы бодуны бiсүкiне тегi қыдмыз ермiс – Бiр кiсi егер жаңылса, руы, халқының тұқымына дейiн қалмас едi. Бұл сөйлем – шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Тегi септеулiгi басыңқы сөйлемде келiп, бағыныңқы  сөйлемнiң баяндауышы шарттылық мағынасымен тығыз байланыста болады. Басыңқы сөйлемдегi тiркескен сөзiне шектiк, нақтылық мағынаны бiлдiре отырып, шартты бағыныңқы сөйлемнiң себептiк  мағынасымен ұштасып жатады. Яғни шылау сөздер құрмалас сөйлем құрамында келiп, әр түрлi қатынасқа байланысты бiр ғана компоненттiң құрамында қалмай, екiншi компонентке де әсерiн тигiзедi. Жай сөйлемдердi құрмаластыруда да шылаулардың атқаратын рөлдерi ерекше болып отыр. Олар құрамалас сөйлемнiң салалас түрiн жасауға да, сабақтас түрiн жасауға да қатынасады. Дегенмен руникалық жазбалардағы шылаулардың барлығы дерлiк құрмалас сөйлем жасауға қатынаса алмайды. Негiзiнен құрмалас сөйлем жасауға қатынасатын шылаулар екi түрлi болады. Соның iшiнде салалас құрмалас сөйлем құрамында келетiн жалғаулық шылаулар өте сирек. Мысалы: Өгүм қатун улайу өглерiм, екелерiм, келүңүнiм, кунчуйларым бунчайеме тiрiгi күң болтачы ертi – Шешем өгей қатынға iлескен аналар, жеңгелер, келiндерiм, бикештерiм мұнша және тiрi күң болар едiңдер.

       Ал жай сөйлемдердi сабақтастыра құрмаластыруға қатынасатын септеулiктер бiрлi – жарым ұшырасады. Жай сөйлемдердi бiр – бiрiмен сабақтастыра құрмаластыру қызметiн атқарғанда септеулiк шылаулар бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған етiстiк сөзбен тiркесiп, қабыса байланысып, грамматикалық мағынасын үстемелеп тұрады: Тәңiрi күч бертук үчүн, қаңым қаған сүсi бөрiтег ермiс, йағысы қонтег ермiс – Тәңiрi берген үшiн, әкем қағанның әскерi бөрiдей едi, жаулары қойдай едi.

   Келесi бiр мәселе сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiне қатысты болмақ..Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың бiрыңғай мүшелерiн жасауы соншалықты көп кездеспегенiмен, тiлдiк қолданысында бар: Бод йеме бодун йеме кiсi йеме iдi йоқ ертечi ертi – Ел және халқы да жан және иесi жоқ болар едi. Беглерi бодуны түзсiз үчүн, табғач бодун теблiгiн күрлiг үчүн, армақчасын үчүн, iнiм ечүлi кiңшүртүкiн үчүн беглi бодунлығ йоңшүртуқым үчүн турк бодун iлледүк iлiн ычғыну ыдмыс – Бектерi халқының түзу еместiгi үшiн, табғаш халқының алдауында илағаны үшiн, өтiрiгiне көнгендiгi үшiн, iнiлi – ағалы дауласқаны үшiн, бектi халқының жауласқаны үшiн түркi халқы елдiгiнен айырылды. Руникалық жазбаларда бұдан да басқа тегi, кiсре, ру, бiрле сияқты шылаулар бiрыңғай мүшелер арасында келедi.

    Келесi кезекте көне түркi тiлiндегi шылаулардың байланысу түрлерiне сипаттама берелiк. Байланыс түрлерiн анықтау үшiн де оларды сөйлем iшiнде алып қарастырамыз. Себебi жоғарыда ескерткенiмiздей көне түркi ескерткiштер тiлiндегi септiк жалғаулары бiрiнiң орнынан бiрi қызмет атқарып, тұрақсыз болып келетiндiктерi бар.Сонымен шылаулардың байланысу түрлерi мынандай болып келедi: Анта кiсре теңрi йарылқаду құтым бар үчүн, үлүгiм бар үчүн өлтечi бодунығ тiрiгрү iгiтiм – Содан кейiн тәңiрi жарылқап, бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн өлмекшi халықты тiрiлте көтердiм. Осы сөйлемнiң iшiнде екi шылаулы тiркес бар.Оңың бiрi «содан кейiн», екiншiсi -  «үлесiм бар үшiн, бағым бар үшiн» тiркестерi. Кесре/ кейiн септеулiк шылау синтетикалық тәсiл арқылы шығыс септiктi есiм сөзбен тiркесiп келген. Бұл тiркес байланысудың түрi меңгеруге жатады. Екiншiсi үчүн/үшiн септеулiгi аналитикалық тәсiл немесе орын тәртiбi арқылы тiркескендiктен, байланысудың түрi қабысуға жатады. Негiзiнен, меңгеру бiрле, артуқ, тапа, кесре, ру/рү, аша, тегi, ұдұ тұлғалы септеулiк шылаулар арқылы байланысады. Сол сияқты шылаулардың ендi бiрi: жанасу, қабысу, матасу болады.

     Қазiргi тiлiмiздегi шылаулардың синтаксистiк құрылымы, яғни сөз тiркесi, оның түрлерi, сөйлем мүшелерi, сөйлем және оның түрлерi, олардың бiр – бiрiмен байланысу жолдары көне түркi руникалық жазбаларында кездеседi. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн көне түркi тiлiндегi шылау синтаксисiн «үчүн» және «сайу» септеулiктерi арқылы салыстырып көрелiк: Антағынын үчүн iгiдмiш, қағанының сабын алматын йер сайу бардығ, қоп анта алқынтығ арылтығ – Мұның үшiн өзiңдi өрлеткен қағанның сөзiн қабылдамай, әр жер сайын барып, сол жерде көп алқындық, азды.

    Осы сөйлемдi алып қарайтын болсақ, салаласа байланысқан құрмалас сөйлем iшiнде «үчүн» және «сайын» деген септеулiк шылау сөздерi бар. Сайу септеулiк атау тұлғалы зат есiм «йер» сөзiмен тiркесiп келген. Бiрiншiден, йер сөзiмен тiркесiп келгенде заттың үлестi түрде түгелдiгiн бiлдiредi де, өзiнен кейiнгi көсемше формалы етiстiк сөзiне iстiң тиянақтылығын және мезгiлдiк мағынасын бiлдiредi. Екiншiден, йер сайу есiм негiздi тiркес түрiне жатады. Үшiншiден, сөйлем iшiнде тiркестi сөзiмен бiрге амал пысықтауыштық қатынастығы сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады. Төртiншiден, шақтық мағынамен үйлеседi. Бесiншiден, қабыса байланысады. Сол сияқты үчүн сөзi де iлiк септiк есiмдiк «антағынын» сөзiмен тiркесiп келiп, мақсат,себеп мәнiн бiлдiредi. «Антағынын үчүн» тiркесi есiм негiздi тiркес түрi. Сөйлем iшiнде тiркескен сөзiмен бiрге не үшiн?, не себептi? деген сұрақтарға жауап берiп, матаса байланысып, пысықтауыштық қызмет атқарады. Ендi қазiргi қазақ тiлiнде шылау сөздердiң атқаратын рөлi қандай дегенге келетiн болсақ, оны да осы үчүн септеулiк шылауы арқылы көрсетемiз. Шылау сөздер құрамындағы өзгерiстiң барысы тiлдегi сөздердi тiркестiру қабiлеттiлiгiнен байқалып отырады дедiк. Үшiн шылауы қазiргi тiлiмiзде өзi тiркескен сөзбен келуi мынандай: негiзiнен, атау септiктi зат есiм, сан есiм, есiмдiктермен тiркесiп келедi (мен үшiн,бiз үшiн, отан үшiн, ана үшiн, бес үшiн); тәуелдiк жалғауының I-II-III-жақ формасынан кейiн тiркесiп келедi (баласы үшiн, балаң үшiн, балам үшiн, барғаны үшiн, келгенi үшiн); етiстiктiң –мас/-мес,-у формалы қимыл атауларымен және –мақ/-мек,-ған (қан,ген,кен) есiмшелерiмен тiркесiп жұмсалады (бармас үшiн, өлу үшiн, келмек үшiн, берген үшiн). Бұлардың бiрiне себеп – салдар, арнау мағыналарын жамаса, болымсыз есiмшелерге тiркескенде мақсаттық мағынаны бiлдiредi. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде аталмыш шылау сөз тiркесiнде iлiк септiгiнен басқа табыс, жатыс, құралдық септiктегi  есiм негiздi сөздер мен етiс негiздi тiркестерi бар: Аны үчүн, армақчысын үчүн, бодун үчүн және етiстiктiң формаларымен тiркесiп келуi бiрмедiк үчүн, түзсiз үчүн тағы басқа осы сияқты сөздермен тiркесiп келулерi бар. Әрине қазақ тiлiмен салыстырғанда айырмашылықтары жоқ емес. 

    Қазақ тілі: Іңірде соққан жел аспанды тазартып болған соң,өзі де мүлгіп кеткен сияқты.(Ә.Т.) Бұл сөлемде көне түркі тіліндегі «кісре» шылауы мағынасында жұмсалған «соң» септеулігі – біріншіден, есімше формалы етістікті тіркес. Екіншіден, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы компоненттері аралығында байланыстырушылық қызметін атқарады. Үшіншіден, тіркескен сөзімен бірге сын – қимыл пысықтауыштық қызметін атқарады. Ал кісре мағынасындағы кейін тұлғалы септеулік шылау сөз есімше етістіктермен тікелей тіркесіп келмейді, тек шығыс септікті сөздерден кейін ғана тіркесетін болдады: Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Натальяның ұйқысы ашылып кетті.(С.М.) Қонақтар жайласып болғаннан кейін Итбай ауыз үйге шықты.(С.К.) Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде кейін шылауы іс - әрекеттің шегін білдіреді. Сәлден кейін бір мезетте лап етіп жанған жарық мені селк еткізді. (Ә.Т.) Біраз жүргеннен кейін барылдаған жуан үнмен: Мен керек емеспін ғой, Күлипа, - деді,. (С.Мұратбеков) Мұндағы «жүргеннен кейін» деген етіс негізі тіркес «жүрген кейін» болып тіркеспейді. Көне түркі тілінде бұл ерекшелік кісре, кідін, өтрү, ұдұ сөздер аралығында қалыптасқан. Е.Ағманов кісре/кідін шылау сөздердің орнына түркі тілінде аса жиі қолданыс тапқан «баса» сөзінің де кейін, соң мағынасында қызмет атқарғандығын мынандай мысалдармен дәлелдейді: «Бу сабын баса – бұл сөзден соң ; йаратдымыз анларда баса ақын будуилар (теф) – олардан соң басқа халықтарды жараттық [24,87].» Жалпы түркі тілінде қолданылған кісре шылау мағынасындағы баса сөзі де , шығыс септікті сөздерді меңгеріп, мезгілдік  және қимылдық мағыналар үстеп, контексте мезгілдік пысықтауыштың қызметін атқарады.Жекелеген түркі тілдерінің бірі қарақалпақ тілінде аталмыш шылау сөздер қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді.

     Қарақалпақ тілі: Қасқыр малды тавусқан соң, юйге келип үлыйду.Сонуң соң шомыласың деди. Сонан кейин патша әскери мен экинши жолға кетеди. Кеш болғаннан кейин ол қарры ёзюниң тамына қайта баслады.Түрік тілі: Топланты башладиктан сонра 10 дакина гечти. Дендүктен сонра йемек йейеджеғиз.

    Сонымен көне түркі тілінде қолданылған кейін,соң шылау мағынасындағы кісре (кідін, өтрұ, ұдұ) септеулік шылау сөзі тіркескен сөздерді мезгілдік, мекендік, сын – қимыл грамматикалық – семантикаларын білдіреді.

     Тапа: Тапа сөзі – барыс септікті меңгеретін таман, қарай мағынасындағы септеулік. Орхон – Енисей жазбаларында бұл сөз де бірде үстеу, бірде шылау қызметінде болады. Біз тек оның шылау мағынасындағы синтаксистік қызметін алып қарасырамыз. Шылау мағынасындағы қызметі өзінен кейінгі тіркесетін етістікке байланысты болады. Мысалы:

    Көне түркі тілі: Тапғач тапа сүледім, тапа сүңіштім сияқты еістіктермен тіркесіп келгенде, үстеу мағынасында болады. Ал мынандай тіркестерде шылау қызметінде жұмсалады: Анча барс йылқа чік йорыдым (МЧ.19)Бұдан соң (иеленіп) барыс жылы чікке қарай аттандым. Кеңерес тапа барды (КТү.39) – Кеңереске таман (қарай) барды.Ол йылқа түргіс тапа Алтун йасығ тоға ертіс үкүзік кече йорыдымыз (КТү.36) – Сол жылы Түргешке қарай Алтын тауынан өтіп, Ертіс өзенін кешіп өттік. Қарлұғ тапа тезіп кірті (МЧ.34) – Қарлұққа қарай қашып кетті. Негізінен, зат есім сөздермен тіркесіп келіп, объектілік бағыт – бағдар мағынасын білдіреді және өзінен кейін тіркестен етістік сөздің іс - әрекетін кеңістікте өтетіндігін меңзейді. Тапа шылауы 11-12 ғасыр жазбаларында тапа/таба түрінде кездеседі: Менің таба келді (МҚ.) – Маған қарай келді. Баққыланын табару (МҚ.) – Сол (кісі) жаққа қарай. Бір күн бу оғлан өз еві таба барур эрді (Тев) – Бір күні бала өз үйіне таман жүріп еді. [25,191].

    Дәл осындай көрініс «Жами – ат – Тауарихта» да кездесетіндігі айтылған. Жалпы қарсылық мәндегісін қоспағанада, ескерткіштер тілінде бағыттық, мекендік мағынасын тіркескен есім сөздеріне үстемелеп отырған. Енді қазргі түркі тілдеріндегі тапа шылауымен тұлғалас, мағыналас сөздердің синтаксистік қызметіне назар аударалық.

    Қазақ тілі: Оспан Абайдң ығына таман шалқая отырып, иығы мен басын жүкке сүйеп қалғып кетті.(М.Ә.) Бері таман келіңіздер жолдастар деді ол. (А.Бек.Арпалыс)

Түрік тілі: Гидтилер кенан тапа.

Түрікмен тілі: Ол колхозчыларын арасында дуру билман , кенбесине тарап уграды.

Шор тілі: Мен каяга тебе аттым .

Қарақалпақ тілі: Тюске таман шомылып келейик – деп кемпир қызға айтады. Сыйыр тоғайға таман кетти.

    Қазақ тілінде де дәл осындай формада беріліп, барыс септкті есім сөздермен тіркесіп, белгілі бір бағытты және мезгілдік қатынасты білдіреді.

     Орхон – Енисей жазбаларындағы тапа шылауы тек зат есім сөздермен тіркесіп келсе, қазіргі қазақ тілінде зат есімді мезгіл атауларына (түске таман, кешке таман), көмекші есімдереге (қасына таман, үстіне таман), есімдіктерге (оған таман, бізге таман) және үстеу (жоғары таман, ілгері таман) сөздерге тіркесіп келеді де әр түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Аталмыш тұлға сөйлем мүшелі қызметі жағынан өзгеріске ұшыраған жоқ. Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де тіркескен сөздермен бірге жанама пысықтауыштық қызмет атқарады. Білге қаған ескерткішінің 14-ші жолында таман тұлғалы сөз кездеседі. Бірақ оның адынан келетін сөздер өшіріліп қалған сол себептен таман сөзін нақты шылау деп көрсету қиын және басқа ескерткінштерде жоқ. Т.Қордабаев зерттеу еңбегінде 15-18 ғасыр материалдары бойынша тапа шылауының таба тұлғасында келіп, атау тұлғалы және барыс септікті сөздермен тіркесіп іс - әрекеттің мекендік немесе мезгілдік бағытын білдіретіндігін және атау тұлғалы сөздермен тіркесіп кеолуінен гөрі, барыс септікті сөзбен жанасуы сирек кездесетіндігін түсіндіріп дәлелдеген [26,53]. Жалпы тапа шылау сөзінің қарсылық мәнде үстеулік қызметін қоспағанда, шылау есебінде мағыналық, тұлғалық және қызметі жағынан ізін жоғалтпай түрленіп, кеңейген түрде бүгінгі тілімізге жетіп отыр.

    Үчүн: Үчүн формасы ескерткіштер тілінде ең көп кездесетін шылау деп есептелінеді. Көне түркі тілінде қолданылған үчүн септеулік шылау сөзі қай кезеңде болмасын лексика – грмматикалық мағынасы мен атқаратын қызметтері бірдей болып келеді. Орхон -  Енисей жазба ескерткіштер тілінде есім сөзден сын есім жасайтын – сыз/-сіз қосымшалы сөзбен және зат есім жасайтын – лық/-лік қосымшалы сөзбен тіркесіп келуі бар. Бұндай құбылысты 20 – ғасырдың бас кезіндегі баспа сөз тілімен ұштастыруға болады. Көне түркі тілінде «бар,жоқ» модаль сөздерімен тіркесіп келгенде де шығыс септігінің орнына жүреді: өзім құтым бар үчүн қаған олуртым (КТК.9) - өзімнің құтым барынан қаған болып отырдым. Мүнда құрмалас сөйлемнің басыңқы компонентінің соңында йоқ деген модаль сөзімен тіркесіп, мақсат мағынаны білдіреді. Құрмалас сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер құрамында келіп, себеп – салдар мағынасын білдіреді. Синиаксистік анализ жасау барысында шығыс септігінің морфологиялық – семантикасын жоғарыда көрсетілген үшін септеулігі атқара алған. Бұл тұлға жекелеген түркі тілдер көпшілігінде негізгі формасын, қызметін, мағынасын сақтап қолданылады. Мысалы:

Түрік тілі: Бу китабы сенен ичин алдық. Бурайа биркач саад ичин гелдим. Азизи гөрмек ичин гелдик.

Қарақалпақ тілі: Дәри алув ушын аптекаға барып келдим. Ол қалтаның тюби тесик болған ушын жиидени қанша салса да қалтасы толмайды.

Түрікмен тілі: Бабалы үчин атланман, гоюнлары үчин атланыпдыр. Олар сениң билен танышмак үчин Ашгабад ялы ерден гелипдир.

    Осы тілдің баспа стилінде үшін сөзінің мағынасында «өтри» тұлғалы лексема қолднылады делінген. Үчин шылауы қарақалпақ тілінде үшын/ушын формаларында келеді. Көне түркі тілімен салыстырып қарағанда тіркесетін сөздердің грамматикалық көрсеткіштері арасында қазақ тіліндегідей айырмашылықтар бар.Негізінен, атау , ілік септік, көптік жалғауы , зат есімдер, есімдіктер, есімше формаларымен және тұйық етістікті сөздермен тіркесіп, мақсат, себеп қатынастарынан алшақтайды. Зерттеу барысында синтаксистік қарым – қатынаста қазақ тіліндег үшін шылауының көне түркі тіліндегі үчүн шылауынан мынандай ерекшеліктері бары анықталды:

 Қазақ тілінде атау септігінде қолданылуы активтенген;

 Етістіктің формалары жағынан тіркесіп келулері жағынан ұлғайған;

Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері аралығында грмматикалық көрсеткіштері тиянақталған;

Тәуелдік жалғауының көпше – жекеше түрлерімен тіркесуі жаңа тұлғалармен түрленген;

Тілдің даму барысында тіркесті сөздер әсерінен күрделі септеуліктер қалыптасқан.

Тегі: көне   ескерткіштер тілінде тегі шылауының барыс септікті жай септеу, тәуелді септеу жалғауларымен тіркесіп келуі басқа шылау тіркестірімен салыстырғанда қазақ тілінің нормалық дәрежесімен сәйкес. Бұл тұлға – орхон жазбаларындағы барыс септікті меңгеретін шылаулардың бірі. Ескерткіштер мәтіндерінде үчүн шылауынан кейінгі актив қолданылған септеулік шылау. Мысалы:

Көне түркі тілі: Темір қапығқа тегі сүледім. (КТү.4) – Темір қақпаға дейін соғыстық. Сол сияқты: Йазыққа тегі – жазыққа дейін, ерсенке тегі – ерсенге дейін болып келеді. Мысалдардан көріп отырғанымыздай қазiргі қазақ тіліндегідей көне түркі тілінде де барыс септікті сөзді етістікпен байланыстырушы септеулік шылаулардың бірі болып отыр. Тегі шылауы осылай

тіркескен сөздің мағынасымен бірге іс - әркекеттің таралатынын, жететін шегін немесе бітер мезгілін білдіреді. Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің барлығында тек барыс септіктегі зат есім сөздермен тіркесіп қолданылған. Қазіргі қазақ тіліндегі тегі шылауы тек әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі жағынан ерекшеленеді.

Қазақ тілі: Ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ.(С.Мұратбеков) Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтксімен сіздер де барып қаласыздар.(М.Ә.) Соңғы сөйлемде бағыныңқы сөйлемінің соңында келіп, басыңқы сөйлеммен байланысып, іс - әрекеттің мезгілдік шегін үстейді.     

Қарақалпақ тілі: Ол азаннан кешке дейин отурады .Мұндай қызды хеш кин де усу вақытқа дейин көрмеген. Тегі шылауы бұл тілде де қазақ тіліндегідей дамып, дейин тұлғасында қолданылып жалғасын тапқан.

Көне түркі тілі: Бод йеме будун йеме кісі йеме іді йоқ ертечи ерті (Тон.60) – Ел және халық та, жан да ел болмас еді. Бұл сөйлемде «йеме» сөзі бірыңғай сөздерді байланыстырып, топтастыру мағынасын үстейді. Йеме сөзінің нрамматикалық белгілері әр түрлі болады. Та/де демеулігінің мағынасына келгенде күшейткіш мәнлі үстейді де, жалғаулықты және шылау қызметінде болған да байланыстырушылық қасиеттерімен бірге топтастыру мағынасында білдіреді: Біз йеме сүледіміс (Тон.44) – Бізде соғыстық. Йағачылы йеме бен ертім (Тон.50) – Бастаушысыда мен едім.(КТү.49)

Жалпы көне ескерткіштер тілінде йеме тұлғасы жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің құрамында болып, есім сөздер арасын байланыстырушы жалғаулықты шылау сөздер болып отыр. Тілдің даму үрдісінде өзара тең бірыңғай сөздер мен сөйлем араларындағы әр қилы білдіретін жалғаулықтар қатарына қосылған.Қазіргі қазақ тілінде йеме мағынасындағы және жалғаулық шылауы бір жақты қызмет атқарады. 

Қазақ тілі: Мал да, мақта да он есе, жүз есе молайатын болсын және тез болсын! (Ғ.Мүсірепов) Отырып әңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құрып отыратын уақытты тар. (Х.Е.)

Қарақалпақ тілі: Сол байдың бир балтасы жана бир қылышы қалды. Оны алып баяғы майек алған жигитке барады. Джане бахар келди, джане құслар келди. Бұдан қарақалпақ тілінде йеме формасының джане, жане тұлғаларында жіңішке, жуан варианттары мен қолданылатындығын көреміз. Орхон – Енисей жазбаларында йеме шылауының сөйлем басында келуі кездеспейді. Бұл қазіргі түркі тілдеріндегі ерекшелік. Аталмыш шылаудың орын тәртібі мәселесін айтпағанда, көне түркі тіліндегі қолданысы қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Ал қарақалпақ тілінде аталмыш шылаудың орын тәртібі ерекшелігінен  басқа аффрикат дыбыспен келуі жағынан ерекшеленеді. Жалпы және жалғаулығы байланыстырушылық қызметінде ғана көрінбей  әр түрлі дәрежелі компоненттер аралығында келіп, үдетпелі, үстемелі және біріктіру мәнін білдіреді. Йеме шылауының осындай дәрежеде қолданылуы қазіргі түркі тілдерінде:башқұрт хәм ; ноғай ім; гагаус хәм; өзбек, түрік, түрікмен, ойрат, тува сияқты тұлғаларында келіп, және жалғаулық шылау қызметін атқарады.

Сайу: Сайу – көне түркі тілінде кездесетін септеулік шылаулардың бірі.Қазіргі қазақ тілінде «сайын» тұлғасында қолданылады. Сайу шылауы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде төрт жерде қолданылғын. Аталмыш тұлға сирек кездескенмен, істің мезгілін және заттың үлесті түрде түгелдігін білдіреді. Мысалы:

Көне түркі тілі: Йер сайу бардық.(КТк.9) – Жер сайын бардық. Ол оқ түн бодунун сайу утумуз (Тон.42) – Сол түні ел - ел сайын елші жібердік. Сайу септеулік шылауы йер және будун (жер және халық) сөздерімен тіркесіп қолданылған. Бұл сөздермен тіркесіп келгенде беретін мағыналар мен қызметтері қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Енді мұны қазақ тіліндегі сайын септеулігімен салыстыралық. Оның зат есімдермен тіркесіп келуі көне түркі тіліндегісімен сабақтасады.Бірақ формалармен тіркесіп келуінде өзіндік ерекшеліктрі бар.Мәселен, қазіргі тілде сайын шылауы тек атау тұлғалы есім сөздерді етістікпен байланыстырады. Әсіресе, етістіктің есімше категориялы сөзімен келеді. Сайу көне түркі тілінде қосымша жалғанаған зат есіммен тіркесіп келеді. Мұны жоғарғыдағы келтірілген  мысалдардан көруге болады. Екінші бір ерекшелігі қазіргі тілімізде мезгілдік қатынаста жұмсалады.

Қазақ тілі: Жоңылған теміт шаммен шағылысып жарқылдаған сайын, оның көзі де жалт – жұлт етеді.(Ғ.М.) Мына бір сөйлемде үдету мағынасын білдіреді. Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын зымыраған поезд көр де қараңғы түнге сүңгіген сайын вагон ішіндегілер бір – біріне жабыса түсті.(С.М.)

Қарақалпақ тілі:Сен джазған сайын джазғың келеди; саат сайын, хар күн сайын осы сияқты тіркестер құрамында келіп, іс - әрекеттің үдетпелі, мезгілдік мағынасын білдіреді. Кейбір түркі тілдерінде басқа тұлғадағы сөз сайу/сайын мағынасына жұмсалады. Мәселен, түрік тілінде hар сөзі қызмет атқарады. Жалпы жекелеген түркі тілдерінің көпшілігінде сайу септеулік шылау синтаксистік қатынас жағынан мағынасы мен қызметі өзгермей, тек дыбыстық алмасуларынан ғана ерекшеленіп қолданылады.

Бірле: көне ескерткіштер тілінде бірге шылау мағынасындағы бірле тұлғалы септеулік шылау қолданылған. Көмектес септігімен және жасырын және ашық түрде тіркесіп келіп, бірлестік, ортақтық мағынаны білдіреді. Мысалы:

Көне түркі тілі: Бұл йерде олуруп, табғач будун бірле түзелтім.(Ктк.4) – Бұл жерде отырып, табғаш халқымен бірге дұрысталдым. Інім Күлтегін бірле, екі шад бірле өлү – йітү қазғантым (КТү.27) – Інім Күлтегінмен бірге, екі уәзірмен бірге өліп – талып құрадым.Қағаным бірле Соңа йышда сүңішдіміз(КТү.35) – Қағанымен бірге Соңа қойнауында шайқастық. Бұл мысалдардан бірле сөзінің әр түрлі тіркесін көруге болады. Алдыңғы екі сөйлемде жасырын тұрған көмектес септікті будун, Күлтегін сөздерімен тіркесіп келіп, оның мағыналарымен ұштасып, ортақ, бірлестік мағынаны білдіреді. Ескерткіштер тілінде бірле шылауынсыз- ақ көмектес септігі қолданылады.

Якут тілі: Якут тілінде бірле мағынасындағы қатар тұлғасы контекске байланысты бірде үстеу, бірде шылау мағынасында келеді. Көмектес септігімен тіркесіп келгенде шылау сөзі ретінде болатындығы айтылды: вейевин қтар ст! – ложись со мною! Ининие дилдин қтар – как только он сказал это с этими его словами. Якут тіліндегі қтар сөзі – қазақ тіліндегі бірге, қатар шылау сөздері. Тува тіліндегі кады шылауы да қтар, қатар, бірге мағынасында қолданылады. Бірақ жазылу нормасында өзіндік ерекшелік бар. Көмектес септігі бұл тілде дефис арқылы жазылады: Мен сээң – биле кады черуур мен – я поеду вместе с тобой. Сонымен қатар кады шылауынсыз жеке де беріледі: акшаны почта – биле чоруж: телефон – биле медээле. Көне түркі тіліндегі якут, қазақ және дефис пен келетін тува тілдерінде көмектес септік жалғаулары бар. Бірле/бірге септеулігінің орнына мағыналас қтар, кады тұлғалары көмектес септікті сөздермен тіркесіп бірлестік мағынасын білдіреді. Түркі тілдерінің көпшілігінде көмектес септік мағынасындағы биле,билан,иле, менән,бла сияқты тұлғалар дербес қолданылып, бірле/бірге септеулігімен тіркесіп келеді.

Өзбек тілі: Шу билән бирга депутат хаетнинг энг долзарб, қайноқ нұқталарида ахоли билан бирга булиши шарт. (И.А.Каримов) Бута танхо ва шу вилан бирга дунгликда унинг ёеверида жон асари куринмас эди.

Түрік тілі: Евде пек чок ишлири вар, кызы иле берабер бунлара бакыйор. Кейде өзіндік заңдылықтарына сәйкес көмектес септігі есеіенде сөзге қосылып жазылады. Алийле берабер дөнүййорум; аркадашыйла берабер чалышыйор .

Түрікмен тілі : Даң саз берен вагты Айна билен биле ерлап учарын. Артык  шәриклери билен биле чәжи дикелдип, дашыны табанлады.

Жалпы бірле септеулік шылауы көмектес септікті есім сөздермен жасырын және ашық түрде тіркесіп келіп, іс-әрекеттің орындалу барысында ортақ бір бірлестік мағынасын білдіреді.

Қоды: көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулар бар. Олардың кейбірі қазіргі қазақ тіліндегі шылау сөздер қолданысынан шығып қалған. Бұндай көне түркілік шылау сөздер жекелеген тілдердің кейбірінде ғана қолданылады. Мәселен, руникалық жазбаларында қоды тұлғалы септеулік шылау кездеседі. Ескерткіштер ішінде Тонұқұқ, Білгеқаған, Мойын Чорда бір-бірден және Ырық бітікте екі рет қолданылған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Селене сықа санчдым йазы қылтым үкісі Селеңе қоды барды (МЧ.16) – Селеңге сыға шаныштым, теп-тегіс қылдым, көпшілігі селеңгі бойымен бпрды. Ол суб қоды бардумыз (Тон. 27 ) – сол су бойымен бардық. Бұл сөйлесдерде қоды сөзі тек су немесе өзен атауымен тіркесіп келеді де белгілі бір көлемнің шеңберін қамтитын мағынаны білдіреді. Қоды септеулігін басқа тілдермен салыстырп қарағанымызда тофалар, тува, чуваш тілдерінде қоды сөзімен тұлғалас мағыналас куду, худа, ката, қуйқ/қойы тұлғалары бары анықталды. Мұны тофалар тілін зерттеуші ғалым В.И. Рассадин септеулік шылаулар қатарына қосып, мынадай мысалдармен берген «тоьш куду чжораан- шел по льду, чер куду – по земле, чу душ куду – по какому случаю.  » Мұндағы куду сөзі көне түркі қоды сөзінің тура мағынасында болмасада, алғаш бойы мағынасынан болғандығын аңғаруға болады. Көне ескерткіштер тіліндегі бойы шылауы мағынасында көрінуінен мысал келтірейік: Тоған құш тәңірдің қоды табушған тіпен қапмыш (Ыб.66 )- Бүркіт аспаннан ағызған бойы қоянды теуіп қапты.

Қазақ тілі: Кеңестің қазмойын қаралары қайта оралып, екпінін жазбастан ағызған бойы құлыпқа тіреліп әрең тоқтады. (Ғ.М.) Большевик колхозшылары мәшинеден түскен бойы Әбенді ортаға алып, жамырасып амандасып жатыр (Ғ.М.) Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де қоды/бойы шылауы есімше формалы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің белгілі бір мерзімін күй қалпын, таралу шек мағынасын білдіреді. Орхон жазбаларындағы қоды септеулік шылау бойы тұлғасында басқа да қазіргі түркі тілдерінде қолданылады.

Түрікмен тілі: Бу болса шахырын  өмүр бойы эден арзувыды (Б.Сәйтәков)

Ноғай тілі: Түн бойы ийтлер үрип шыктылар. Сав йыл бойы оннан хабар – тебер келмей тұрды. Аталмыш тілдерде бойы септеулігі көне түркі тіліндегі қоды шылауының мағынасында болады. Бойы тұлғасы көбінесе атау тұлғалы мезгіл мәнді зат есімдермен тіркесіп келіп, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын қамтитындай мағынада жұмсалады.

Ба/му: Орхон-Енисей жазбаларында өте сирек қолданылса да сұраулық демеулік шылауы кездеседі. Оны көрсетілген тұлғалары Ба/му түрінде болып келсе, қазіргі қазақ тілінде сұраулық демеулік ма/ме,ба/бе,па/пе форамаларында қолданылады. Ескерткіштер ішінде Тонйұқұқ пен Ырық бітігте ұшырасады. Мысалы:

Көне түркі тілі : Екі үч бің сүмүз келтечіміз бар му не ? (Тон.14)- екі –үш мың қолмен келмекшіміз мүмкін бе? Қаған му қысайын тідім (Тон.5)- Хан қылайын ба ? – дедім. Жалпы ескерткіштер тілінде аз қолданылса да, контексте қолданылу ретіне қарай әр қилы грамматикалық формадағы әр түрлі сөз топтарына қатысты сөздерімен тіркесе беретіндігімен ерекшеленеді. Дегенмен қазақ тілінде қолданылу аясы өте кең түрде болатындығы белгілі мысалдардан көріп отырғанымыздай  ба/му  сұраулық демеулік бар, қаған, қатығды деген сөздер мен әр түрлі шепте тіркесіп келген. Яғни орын тәртібі жағынан да ерекшелігі байқалады. Қазақ тілінің ауыз екі сөйлеу мәнісінде бұндай қолданыстардың бары анық. Тілдік нормада да айтылатын ойға байланысты барлық сөйлем мүшелерінің қызметінде көріне алады. Жалпы кез-келген сөйлем мүшесі мен тіркеске түсуі - өзіндік синтаксистік еркешелігі. Негізгі сұраулық мағынасымен бірген күдіктік, қалау мәнін де білдіреді. Атылмыш форма тілдік жүйедегі мағынасын жоғалпайды. Ма/ме сұраулық демеуліктер жіктік жалғаулық сөздерге тіркеседі. Олар жіктік жалғауынан бұрын келгенде мы/мі болып өзгереді, сонан соң жіктік жалғауын қабылдайды. Әрине, бұл құбылыс барлық жағдайда бола бермейді. Егер ма/ме жалпы осы шақта айтылған сөсздермен, келер шақ етістіктермен, бар, жоқ модаль сөздерімен келгенде және бұлар екінші жаққа қаратылып айтылғанда аффикстік элементке айналады.

Қазақ тілі: Үйден шықсаң, адасып кетемін деп қорқамысың ? (Ғ.М.) Суға кетіп барамысың, жармаспашы ! (Ғ.М.) Орхон жазбаларында бұндай қосымшаға айналу процесі жоқ. Бірақ көне түркі ескерткіштер тілінде ба/му сұраулық демеуліктің мағынасында ғұ/гу тұлғасы көріне алған: Азу бу сабымда ігіт бар ғу? (КТк.10) - әлде бұл сөзімде жалғандық барма ? Бұндай қолданыс сөйлеу қарқынының әсерінен ғу (ғой) демеулігі сұраулық мағынасында жұмсалған. Бұл қазіргі қазақ тілінде де ұшырасады: Манағы бақшаны көрдіңіз ғой (бе)? – деді Маралы (Ә.Т.)

Орхон жазбаларындағы ба/му тұлғалары  әр түрлі дыбыстық варианттармен туыстас тілдердің барлығында қолданылады. Оның бір ерекшелігі кейбір тілдерде дефиспен жазылады.

Қарақалпақ тілі: Алдағыларда болувға джарысасаң ба? Қыз-ба, ул-ба, хав жилли-ми сең, белген соң, елюп қалмай ма? – десе де тыңламады. Қарақалпақ тілінде дефиспен жазылғаны болмаса, мағыналық қызметі және тіркесті негіздеріне байланысты сөйлем мүшелерін атқаруы қазақ тілімен ұқсас болып келеді. С.В.Ястремский якут тіліндегі ма/му демеуліктің  мағынасындағы «нии, дуо/дуу» тұлғаларын сұраулық демеуліктер деп қарастырады: «Вар улени тияқе найлатң нии ? – всю работу ты на меня навалил, не так ли ? Ақаллң дуо ? – принес ли ты ? , ақалла дуу ? – ақалвата дуу ? – принес ли он или нет ?». Ғалым якут тілінде сөйлеу темпінің әсерінен ғу тұлғасының    ба/му мағынасында көрінуі сияқты қолданыстардың барын айтады.  Сонымен қатар қазаргі қазақ тіліндегідей негізгі мағынасымен бірге қалау, белгісіздік мәндерінің барын көрсетеді. Негізінен, сөйлем аяғындағы сөздердің тұлғаларын талғамай жалғанатын қасиетімен де ерекшеленеді. Түрікмен тілінде ма/ме сұраулық демеулігі сөз құрамында келеді.

Түрікмен тілі: Ә, батыр гыз тора дүшдүңми ? (А. Дурдыев). Шу юрда мени әкеленем сизми?; басым гелерсиңми? Хий, Огулнәзиге – де олар ялы сөзи айдып бормы?

Жалпы ма/бе сұраулық демеулік шылау сөздің қазіргі қазақ тілінде негізгі мағынанысынан басқа тіркескен сөздердің тұлғысына, лексикалық мәніне, ойдың қатысына,дауыс әсеріне байланысты күмәнділік, мақсаттылық, белгісіздік, қалау тағы басқа осы сияқты қолданыстың мәндері болатындығын Ы.Шақаман өз ғылыми зерттеу еңбегінде анықтаған болатын [27,26].

Ғұ/гү/күк тұлғалы демеулік шылаулар  - қазақ тіліндегі нақтылау мәніндегі қой/ғой тұлғаулы демеуліктер. Көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары бірдей. Күлтегін ескерткішінде қой/ғой шылауының мағынасы ғұ/гү тұлғаларында келсе, Тонйұқұқта күк формасында қолданылған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Бізні өлүртечі күк тіміс (Тон.30) – Бізді өлтірмекші ғой деді. Айғучысы білге ерміс, кач ерсер өлүртечі күк (Тон.21) – Ақылшысы білгір екен, қашсақ егер өлтірмекші ғой. Теңрі йарылқады йандуқ,үгүзке түсді йандук йолта елті күк (Тон.16)  - Тәңірі жарылқады жеңдік, өзенге түсті жеңдік, жолд және өлді ғой. Бұл сөйлемдерде күк демеулігі өлүртечі, өлті етістік сөздермен тіркесіп келген. Салалас құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарында келіп тіркескен сөзіне күдіктік мағынамен қоса нақтылықты білдіреді. Бұл формалардың руникалық жазбаларда сұраулық мәнде болатындығын айтқанбыз: Бөдке көрүг ме беглер гү йаңылтачысыз? (КТк.11) – Таққа құмар бектер жаңылыстыңдар ма? Көне түркі тіліндегі бұл қасиет қазіргі қазақ тілінде де кездеседі.

Қазақ тілі: Әйтпесе елдің есіл еңбегі далаға кетеді ғой – дейді Мералы ойлана кідіріп…(Ә.Т.) Жүрісі бпяу болғанмен бұл күрделі күштің белгісі ғой. Бізге әлі сөз берілген жоқ қой деп едік. (Ғ.М.) Мұндай да тыныш мәшине ғой.(Ғ.М.) Осы сияқты етістіктің ашық рай формасына көсемше, есімше, модаль сөздерге тіркесіп,нңықтау, тұжырымдау, таңырқау, өкіну сияқты мәндерін білдіреді: Манағы бақшаны көрдіңіз ғой? – деді Мералы.(Ә.Т.) Бұл сөйлемді «Манағы бақшаны көрдіңіз бе? – деді Мералы» деп те айтуға болады. Бірақ алғашқысында сұраулық мәнімен бірге нақтылау мағынасы бар да, соңғысында ерекше стиліне байланысты айтсақ, нақтылаудан гөрі сұраулық басым болып келеді. Көне түркі тілінде осы негіз мағынасында көрінуі, әсіресе, бірінші сөйлемнен анық байқалады. Аталмыш демеуліктер қазіргі қазақ тілінде және басқа да жекелеген түркі тілдерінде актив қолданылады және сөз тұлғасын талғамай тіркесе береді.

Қарақалпақ тілі: Палапанларына келип – адам заттың ийиси бар ғой, қайақта- деп сорайды. Соннан батыр астапрулла кёп уйухьлап кеткен екен мен- ғой деп тюрегелди. Қарақалпақ тілінде сөздер соңынан дефиспен жазылады және қой/ғой/ғо варианттарында қолданылған. Бар, жоқ деген модаль сөздермен және етістіктің формаларымен тіркесіп, нақтылық мағынаны білдіреді.

Қына: Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде шектік мәнді білдіретін демеулік шылау кездеседі. Ол бір вариантты болып келеді. Қазақ тілінде қына формасының қана/ғана деген тұлғалары бар.Олардың лексика – грамматикалық мағыналары да сөйлем ішінде атқаратын қызметтері де бірдей. Бірақ ескерткіштер тілінде қына демеулігі өте сирек қолданылған. Күлтегін үлкен жазу мен Тонйұқұқ мәтіндерінен ұшырасады.Мысалы:

Көне түркі тілі: Аз қына түрк будун йорыйор ерміс (Тон.9) – Аз ғана түркі халқы көшуші еді. Улығ Іркін аз қына ерін тезіп барды (КТү.35) – Ұлық Іркін аз ғана ерлерімен қашып кетті. Бұдан басқа ескерткіштер тілінде кездеспейді. Қына демеулік шылау мөлшер мәніндегі аз сөзімен тіркесіп шектеу мағынасын үстейді. Қына демеулігін туыстас тілдердегі формаларыммен де салыстыралық:тофалар тілі кыня, башқұрт тілі кына/ғына, кенә/генә, түрік тілі қына/кинә, қараим тілі ғына, қарақалпақ тілі ғана сияқты дыбыс алмасулармен келіп, қана/ғана демеулік шылауының қызметін атқарады.

Қарақалпақ тілі: Бұл тек басланғаны ғана, джалғыз сол ғана кемис кеше ғана еңбеклеген бола едиң ғой. Қарақалпақ тілінде көне түркі тіліндегідей бір вариантта қоданылады. Есім, етістік негізді сөздермен тіркесіп, шектік, тежеу мағынасында жұмсалады.

Өзбек тілі: Хосият хола қуртхонадан ғана олиб чиқаетиб, килинига кузи тушди.

Қазақ тілі: Жәй ғана сөйлеседі. Аздап қана, - деді қызара күлімсіреп. (Ә.Т.) Әбден орта бойлы, ашаңдау, отызға жаңа ғана йек артқан, аз ғана шүңіректеу қара көздері бір нәрсеге қадала қарайтын жіліт еді. (Ғ.М.) Осы сияқты тұйық етістік, есімше, көсемше, зат есім қосымшалы сөздермен тіркесіп келеді. Жалпы қазіргі қазақ тілінде ең актив қолданылатын демеуліктердің бірі болғандықтан, негізгі шектеу мағынасын басқа тежеу, өкіну, аңғармау сияқты қолданыстық мәндерін үстемелеп тұрады.

Аша: Ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулардың бірі аша/аса тұлғалы септеулік шылау. Орхон-Енисей жазбаларының ішінде Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқта кездеседі.Мысалы:

Көне түркі тілі: Көгмен аша қырқыз йеріңе тегі сүледіміз (КТү.17) – Көгменнен аса қырғыз жеріне дейін соғыстық. Алтын йысығ аса келтіміз (Тон.37) – Алтын қойнауына аса келдік. Білге қаған ескерткішінеде де йышығ сөзімен тіркесіп келген. Жалпы бұл сөйлемдерде аша/аса тұлғалары шығыс септікті зат есім сөздермен тіркесіп, іс - әрекеттің бағыт – мекенін білдіреді. Қазіргі татар, башқұрт, түрік тілдерінде аша тұлғасында қолданылады. Сөйлем ішінде атқаратын қызметі мен тіркестегі мағынасы да көнедегідей.

Түрік тілі: Өмри олсун йүз йылдан аша. Аталмыш септеулік шылау шығыс септігімен тіркесіп, мөлшер мәнін үстемелейді. Сол сияқты Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде тау аша, урман аша, телеграф аша есім негізді тіркеспен келетіндігін көрсеткен.Қазіргі қазақ тілінде аша септеулігі басқа шылаулармен салыстырғанда актив қолданылмайды. Алайда көне түркі тілдеріндегідей мағынсында жалғасын табады: Ойға қарай ғана ағуды білетін өзендер қияға шапшып, асқар таулардан аса құлап барады. (Ғ.М.) Қазіргі қазақ тілінде де шығыс септікті зат есім сөздермен тіркесіп, іс - әрекеттің өтетін орнын, мекенін, мөлшерін білдіреді.

Азу: Көне ескерткіштер ішінде Күлтегін кіші жазуында ғана қолданылған азу формалы шылау сөзі кездеседі. Зерттеп қарастырғанымызда аталмыш тұлға тофалар тілі мен тува тілінде ғана сақталған. Оның тұлғасы да, беретін  мағынасы да руникалық жазбасындағы азу тұлғасымен сәйкеседі. Қазақ тілінде азу сөзінің мағынасы мен қызметін әлде тұлғасындағы жалғаулық шылау атқарады. Енді көне түркі тіліндегі қолданысын анықталық. Мысалы:

Көне түркі тілі: Азу бу сабымда ігіт бар ғу?(КТк.10) - Әлде бұл сөзімде жалғандық бар ма? Әлде талғаулықты жалғаулық шылау сөзіне қатысты сөздің алдына келіп қолданылады. Бұл лексема мейлі сөйлемнің ортасына болсын, мейлі соңғы шебінде болсын мағынасын үстейтін сөздің алдынан келеді. Көне түркі тіліндегі азу сөзінің сыртқы формасы өзгертілгенмен, синтаксистік қатынас арқылы оның мағынасы мен қызметтері анықталып отыр. Азу жалғаулық шылау бу сөзінің алдына келіп, негізгі талғаулық мағынасымен бірге, ойға қатысты оқиғалар мен іс - әрекеттің шындығына я көмескілігіне күмән келтіру мағынасын білдіреді. Азу жалғаулық шылауын қазіргі тофалар мен тува тіліндігісімен салыстырайық.

Тува тілі: Азы тұлғалы болып келеді: Ховуда бараан көстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар мен – В поле что – то виднеется, не различаю: скот или караганник? Сугга дүже бержик ирги бе азы каржы бөрүлер алгаш баржыктар ирги бе ? – Утонул ли он в воде или утащили его волки. Азы тұлғаулы шылауы бұл тілде де талғаулықты жалғаулық қатарынан көрінеді.

Тофалар тілі: Азы алыр мен баан азы албас мен баан? – Или брать мне или не брать?; аң дэскен билбедім чыт алды бе, азы  тыңнады бе? – зверь убежал, не знаю то ли учуял, то ли услышал . Тофалар тілінде де тува тіліндегідей азы формасында қолданылады. Көне түркі тіліндегі азу жалғаулықты шылау аталмыш тілдерде де талғау мағынасымен бірге іс - әркеттің күдіктілігін білдіретіндігі анықталып отыр. Енді қазіргі қазақ тіліндегі азу шылау мағынасында жүрген әлде сөзіне де мысалдар бере кетейік.

Қазақ тілі: Әлде сор, әлде бағы әуреледі.(М.Ә.) Мұның сөзі әлде шын болар, әлде өтірік болар.[45]. Әлде талғаулықты шылау құрмалас сөйлем құрамында да, талғау, күмән мәнін де білдіреді: Кәрілік тұрағы – жақын – жуықтары, өзі күткендей жылы, тыныш бола ма, әлде туысынан мазасыздау жаралған бейбақ ауылға сыймай жүре ме – ол арасы әзір беймағлұм. Мұнда екінші сөйлемнің алдында тұрып, өзінен кейінгі келетін сұраулық шылаумен де мағыналық байланыста болып,іс - әрекеттің күмәнділік мәнін білдіреді. Артуқ: Көне ескерткіштер тілінде қазақ тіліндегі артық сөзі артуқ тұлғасында болады.Жазба мәтіндерде сан есімдермен тіркесіп келген. Артуқ шылауы Күлтегін, Тонйұқұқ және Білген қаған ескерткіштерінде қолданылған. Мысалы: йалмасынта

Көне түркі тілі: Йарықынта йүз артуқ окун урты(КТү.33) – Қаруына, сауытына жүзден артық оқ тиді. Бұл мысалда артуқ шылауы шығыс септікті сан есім сөзбен тіркесіп, мөлшер болжалдылық мағынасын білдіреді. Артуқ сөзінің ескерткіштер тілінде екі сан есім ортасында келуі көбірек кездеседі. Қырық артуқы йеті йолы сүлеміс (КТ.15) – Қырық жеті реттен артық соғысқан. Бұл сөйлемді «қырық жетіден артық рет соғысқан» деп немесе сөздің берілуі орын тәртібі бойынша көрсетуге болады. Егер «қырық жеті реттен артық» деп тұрған қалпында беретін болсақ, онда да шығыс септікті меңгеретіндігі байқалады. Сонда мұны екі сан ортасында келетін байланыстырушы аналитикалық формант есебінде санаймыз. Кейбір сөйлем ұғымдық аударып беру нормасына сәйкес артық сөзінсіз беріледі: Отуз артуқы секіз йашына қышын қытан тапа сүледім.– Отыз сегіз жасымда қыста қытанға қарсы соғыстым . Контекстік мағынада отыз сегізде асқан соң деген ұғымда емес, нақты отыз сегіз жасында соғысқа аттанғанын білдіреді. Яғни, нақты тікелей жастың мөлшерінде айтылады. Егер неше рет соғысқаны жайлы айтылса, онда артық шылауы тіркеске түсе алады. Бұл әрине, қазіргі тілдік норма бойынша қаралып жатқан мәселе. Алайда көне түркі тілінде сан есімдердің қалыптасуы ерекше мәселе. Мәселен, бунча қазғанып қаным қаған ыт йыл онынч ай алты отузқа уча барды. (БҚ.10) - әкем қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысы сонша жасты иеленіп қайтыс болды деген сөйлемнен көруге болады. Негізінен, артуқ шылауы есім сөздермен тіркесіп келгенде өз қызметінде тұрады: Табғач атлығ сүсі бір түмен артуқы йеті бің сүг ілкі күн өлүртім (Бқха.1) – Табғачтың бір түменнен артық жеті мың атты әскерін бір күнде өлтірдім. Бұнда артық сөзі шығыс септікті зат есім түмен сөзімен тіркесіп,  мөлшерлік мәнін білдіреді. Артуқ/артық сөзі басқа түркі тіллерінде де шығыс септікті сөздермен тіркесіп келеді де, шылаулық қызмет атқарады.Мысалы:

Түрікмен тілі: Сен мени мұндан артық дузлама. Бұл тілде септеулік шылау түріне қосады.

Башқұрт тілі: hинән артық hүз hөйләмәне. Башқұрт тілінде де шығыс септікті меңгеріп, мөлшер мағынаны үстейді. Жалпы көне түркі тілінде артуқ сөзі септеулік шылау қызметінде қолданылған. Орхон – Енисей ескерткіштер тілінен бүгінгі тілімізге дейін жеткен шылау сөздердің бірі. Оның грамматикалық мағынасы мен қызметі контекстік мағынада анықталынып отыр.

Ру/рү: ру/рү формасы – көне ескерткіштер тілінде барыс септікті меңгеретін бағыт – бағдар, мекен мағынасындағы септеулік шылау. Қазіргі қазақ тілінде оның мағынасы мен қызметін қарай тұлғаулы септеулік шылау атқарады. Аталмыш шылау сөз Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқ мәтіндерінде жиі қолданылған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Қағанға ру ол сабуг ытым (Тон.33) – Қағанға қарай сол сөзді жібердік. Беб ебге ру түсейін тіді.(Тон.30) – Мен үйге қарай қайтайн дедім; баңа ру – маған қарай, йерге ру – жерге қарай тағы басқа осындай есім сөздермен тіркесіп келіп, мекен, бағыт мағынасымен бірге өтініш, қалау мәнін де білдіреді. Моңғол, бурят тілінде де ру– дің мағынасы мен қызметі де өзгермей қолданылады: Уһанда ороо уһа уруу ороо; гэр руу – үйгк қарай, уул уруу – тауға қарай. Қазіргі түркі тілдерінде ру/рү  септеулігінің мағынасы мен қызметін қарай формалы септеулік шылау атқарады. Бұл тұлға ру/рү  формасынан бөлек дүние еместігі жұмысымыздың басында дәлелденген. Сонымен қазіргі түркі тілдерінде ру/рү шылауының қарай тұлғасында берілуінен мысалдар қарастырайық.

Қарақалпақ тілі: Бала қуванып, юйюне қарай джюрдю. Таш терезеге қарай атылып кетті.

Башқұрт тілі: Таңға қарай борсола башланы.

Ноғай тілі: Болат карт эртиси кун авылдағы ханның үйие қарай йөнеди. Мысалдардан көргеніміздей ру/рү формасы қарай тұлғасында келіп, мекен, бағыт мағынасымен бірге өзінен кейінгі келген сөздің грамматикалық мағынасымен де ұштасып жатады.

Өңре: Ескерткіштер тілінде өңре сөзінің негізінен үстеулікқызметі басым. Дегенмен Мойын – Чор ескерткішінде шылау мағынасында қолданылған. Оның мағынасы мен қызметін қазақ тіліндегі шығыс септікті меңгеретін бұрын тұлғасындағы септеулік шылау сөз атқарған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Ебі он күн өңре үркүп бармыш(МЧ.31) – Үйі он күн бұрын үркіп қашқан. Бұл сөйлемде есім сөзбен тіркесіп, мезгіл мағынасын білдіреді. Шылау қызметінде өңре тұлғасы бір – ақ жерде көрінеді. Көбіне үстеулік мағынада жұмсалған. Қазақ тілінде өңре – нің орнына бұрын септеулігі жүреді. Бұрын сөзінің де сөйлем ішінде орын тәртібіне және мағынасына байланысты бірде үстеу, бірде шылау қызметін атқарғандығы белгілі.

Қазақ тілі: Сірә, бір іргелі әңгіме болатын секілді колхозда да бір жұмадан бұрын түсіне бестады. Бұрын кеме қаздай қалқып он жеті күн жүретін жолын, енді сүұсырдай сүңгіп төрт – ақ күнде жүзіп өтетін болды. (Ғ.М.) Соңғы сөйлемде бұрын сөзі өз алдына жеке сұраққа жауап беріп, үстеу қызметінде көрінеді. Алғашқы сөйлемде шығыс септікті сөзбен тіркесіп, негізгі мағынасына қоса бір амалдың алдын – ала болатын мәнін үстейді.

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер синтаксистік тұрғыдан кейбір қазіргі түркі тілдермен (қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен) салыстырылып қарастырылды. Соның нәтижесінде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылаулардың сөз тіркесі және сөйлем аралығындағы грамматикалық мағыналары мен байланысу түрлері айқындалды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Кіріспе бөлімде жалғаулық, демеулік, септеуліктердің бір сөз табы аясына біріктірілуі туралы айтылса, негізгі бөлімде сөз табының пайда болу тарихы мен қалыптасу жолдарын айқындауда, зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, демеулік шылаулардың  лексика – грамматикалық сипаты, лексика- грамматикалық мағынасы сараланды. Шылау сөздердің пайда болып қалыптасуы басқа сөз таптарындай емес. Олардың  шылаулану процесіне түбір мен қосымшасы бірігіп, тұтас бір бөлінбейтін жаңа тұлға болып қалыптасты. Яғни толық лексикалық мағынасы бар сөздерге қосымшалар жалғанып, әуелгі мағыналарынан мүлде айырылып, жартылай лексикалық мағынасы бар лексемалар жасалынған. Жалпы айтқанда бұндай процесс негізінде пайда болатын туынды тұлға кездейсоқ құбылыс емес. Сөз жасауда болатын тарихи заңдылық. Шылаулану- басқа сөз таптарының шылауларға ауысатындығын білдіретін конверсиялық процесс. Түркі тілдеріндегі шылаулану үрдісі – тіл дамуында ежелден келе жатқан құбылыс. Шылау сөздер түгелдей өзге сөз таптарынан туындаған тұлғалар болып саналады. Бұл процесс олардың сөз табы ретінде қалыптасып толығуының негізгі көзі болып отыр. Шылау сөздердің мағыналық түрлерін қазіргі жекелеген тілдердегі түрлерімен салыстыру барысында ерекшеліктер мен ұқсастықтары айқындалды. Статистикалық мәлімет бойынша өзара қолданыс дәрежелері де көрсетілді. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін шылау деп танылып келген кейбір тілдік единицалар жайлы толық мағлұмат берілді. Шылау сөздердің этимологиясының анықтау олардың қай сөз табы екендігін, оның құрамындағы қосымшалардың даму сатысы тілдің қандай кезеңіне дейін жеткенге дейін және қай дәуірде қолданыстан ығыстырылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай талдаулар тек шылаулардың ғана емес, өзге сөз таптары мен оның грамматикалық көрсеткіштерінің пайда болу жолдарын айқындауға септігін тигізеді.

         Әрбір демеулік шылау сөзге жеке – жеке талдау жасап, олардың қандай жолмен және қандай формалардан жасалатындығы көрсетіліп отырды. Мағыналық, функциялық жақтан әбден сұрыпталып, ұзақ та күрделі қалыптасу жолынан өткен сөздер ғана шылаулар қатарынан көріне алады. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде етістіктің көсемше формалары жекелеген демеулік шылау сөздерді жасауда өнімді болған. Мұндай сөз жасаушылық қасиетінің барын қазіргі тіл жүйесінен де байқауға болады. Негізінен көсемше формаларымен лексикаланған шылаулар сөйлем ішінде тіркескен сөзбен бірге амал, мезгіл, мөлшер пысықтауыш қызметінде кеңінен қолданылады. Бір ерекшелігі көсемше формаларын қабылдаған сөздердің барлығы шылаулар қатарына өте бермеген.

Демеулік шылаулардың басты қасиеті синтаксистік қатынаста ғана анықталады деген тұжырым басшылыққа алынды. Жалпы олардың қалыптасуына синтаксистік қатынас ықпал еткен. Тіліндегі кейбір сөздер бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінеді. Мұны тек синтаксистік тұрғыдан ғана анықтай аламыз. Түркі тілдеріндегі шылаулар– сөз бен сөз, сөз тіркес және сөйлем аралықтарындағы байланыстырушы қасиеттерімен бірге, тіркес аралығын күрделі оймен ұштастырудағы грамматикалық құбылыс. Негізінен, пысықтауыш пен анықтауыштық қатынаста болуы шылауларды өзге сөз таптарынан даралайтын басты ерекшеліктерінің біріне жатады. Басқа сөз таптарынан ажыратып тұратын тағы бір белгісі – түрленбейтін, өзгеріске түспейтін сөз табы бола тұра, түрленуші сөздердің барлығымен грамматикалық қатынасқа түсуі.

Демеулік шылаулардың табиғатына қатысты мәселелер бойынша тілдік талдаулар мен мәліметтер берілді. Сондай-ақ осы негізгі бөлімнің ең соңында демеулік шылаулардың қолданыстағы мағынасы мен қызметі түсіндіріліп, жан-жақты қарастырылды.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1        Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: Ғылым, 1966. – 362б.

2        Аманжолов С. Қазақ әдебиеті тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы: Санат, 1994. – 320б.

3        Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы: Ана тілі, 1991. – 382б.

4        Ергалиев Т. Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы. Алматы: Ғылым, 1966.- 84

5        Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан, 1998. – 52б.

6        Кондратьев В.Г. Грамматический строй языка памятников

древнетюркской письменности 8-11вв. Ленинград: Издательство  ЛГУ, 1981. – 190с.

7        Тронский И.М. Учение о частях речи у Аристотеля. Уч. зап. ЛГУ,1941. - 174c

8         Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы: Жалын, 1991.-493б.

9        Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских памятников.  Алматы: Наука Каз. ССР, 1969. – 296б. 

10    Мұхтаров С.С. Қазақ тілі біліміндегі сөз таптастыру териясының қалыптасуы. Алматы: 1999.- 30б.

11    Базылхан Б.Алтай төркіндес тілдердің ортақтығы туралы мәселе. Алматы:  тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№2. – 32-35б.

12    Оразов М. Қазақ тіл тарихын дәуірлеу мәселесі. Алматы:  тіл әдебиет сериясы. - 1996.-№4. – 23-22б

13    Шақаман Ы.Б. Шылаулардың дамуы және зерттелу тарихы. Алматы: АГУ, 1995. – 84б.

14     Әбілқасымов Б. Дала уәлаяты газет тіліндегі грамматикалық

ерекшеліктері. АлматыҒылым  1964. №4 -84б

15       Омарбеков.С, Н.Жүнісов. Ауызекі тілдердің дыбыс жүйесі Алматы: Мектеп, 1985.-10б.

16    Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы.  Алматы: КазГУ,1993. – 136б.

17    Аманжолов А.Глагольное управление в языке древнетюрских  памятников. М: Наука,1969. – 104б

18     Айдаров Г.Служебные части речи в языке надписей Орхонских памятников.  Алматы: Наука Каз. ССР, 1969. – 296б. 

19    Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексика дамуының этимологиялық негіздері. Алматы: Санат,1994.- 172б.

20    Балақаев М.Б. Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері. Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1941. –32б.

21    ҚалыбаеваА, Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі.

 Алматы: Ғалым, 1986. – 190б

22    Хусаинов К.Ш. В.В.Радлов и казахский язык.  Алма-Ата: Наука, 1981. 172 с.

23    Иманалиева Г.Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі. Алматы:1994. – 151б.

24    Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. Алматы: Рауан, 1991. – 238б

25          Котвич В. Исследование по алтайским языкам.  Москва: Издательство 

 1962. – 371с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Курстық жұмыс: Демеулік шылауларды контекст тұрғысынан зерттеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

КІРІСПЕ

 

      Зерттеу  тақырыбының өзектілігі. Қазіргі қазақ тілінде сөз таптарының арасында ең аз қарастырылғаны шылаулар, соның ішінде- демеуліктер. Олардың өздері жалғанған сөздерге қосымша мән үстейтіндігі және мағыналық топтарының аты аталып, санын айтумен шектеліп, функционалдық сипатына жете назар аударылмады.

      Демеулік шылаулардың атаушы сөздерге үстейтін қосымша мәндерінің үнемі тұрақты болмай, өздері жалғанған сөздердің мағынасына орайласып өзгеріп отыруы, олардың сөйлем құрамында атқаратын қызметі және мәтіннің жалпы мазмұнына қосатын үлесі т.б. сияқты көптеген сұрақтар да өз шешімін таппаған. Сондықтан демеулік шылауларды контекст тұрғысынан зерттеу өзекті мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ.

Нормативтік грамматиканың құрамында демеулік шылаулар лексикалық мағынасының солғындығымен, сөйлем мүшесі болуға қабілетсіздігімен сипатталып, көмекші сөздердің құрамында ғана сөз болады. Функционалды грамматика саласы соңғы жылдарда зерттеушілердің ғылыми зерттеу жұмыстарының өзегіне айналып жүр. Орыс тіл білімінде бұл туралы тіл ғалымдарының еңбектері жүйеленген, ал қазақ филологиясында мәселе енді ғана қолға алынып жүр. Бұл- мәселенің өзектілігін арттыра түседі.

Демеуліктер тілдегі белгілі бір грамматикалық категориялардыңжасалуында маңызды рөл ойнаса, екінші жағынан модальдік мән беруге қажетті элемент болып саналады. Сондықтан демеуліктер лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да зерттеуді қажет етеді.

 Демеулік шылаулардың атқаратын қызметтерінде де өзіндік ерекшеліктер бар. Сондықтан олардың қолданыстағы қызметі жағынан өзгешеліктерін де қарастыру қажет.

       Зерттеудің мақсаты. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мазмұн құраудағы рөлін, оның қолданыстағы мағынасы мен қызметін айқындау зерттеу жұмысымыздың мақсаты болып табылады. Оған жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

-          шылау сөздердің, соның ішінде демеулік шылаулардың қолданыстағы мағынасы мен қызметінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

-          демеулік шылаулардың даму, қалыптасу тарихына тоқталу;

-          демеулік шылауларды топтарға бөлудің негізгі принциптерін айқындау;

-          көмекші сөздердің кейбір негізгі белгілерін атаушы сөзге қойылатын белгілермен салыстыру;

       Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың даму, қалыптасу жолдары- зерттеудің басты нысаны.

       Зерттеу әдістері. Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне орай түсіндіру, материалдарды түйіндеу, тұжырымдау, жүйелеу, сипаттау, жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

       Зерттеудің әдістемелік негізі.  Р.С.Әмір,Ф.Кенжебаева, А.Т.Карымшакова,

С.Исаев, А. Ысқақов, М.Оразов, Ы.Шақаманова, Ғ.Мұсабаев, Қ.Жұбанов сынды тілші ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.       

       Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні: Демеуліктердің қолданыстағы мағынасы мен қызметін зерттеу барысында алынған нәтижелерді көмекші сөздердің табиғатын анықтаған, шылауларды топтастырған теориялық еңбектердегі тұжырымдарды толықтыруда пайдалануға болады. Демеулік шылауларды орынды қолдана білуде жұмыстың практикалық мәні анықталады. Демеулік шылаулардың грамматикалық формалары, оның мағыналық топтары тілдің мазмұнды жеткізу өрісіне жатады.

        Зерттеу жұмысының жаңалығы:

-          қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың даму, қалыптасу жолдарымен

байланысты көп қырлы зерттеу мүмкіндіктері анықталды;

-          қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың лексика-грамматикалық, морфологиялық, ерекшеліктеріне орай олардың қолданыстағымағынасы мен қызметі анықталады;

-          демеулік шылаулар сипатына қарай топтарға бөлініп, сөйлеу мазмұнының қайнар көздері белгіленеді.

         Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

-          Демеулік шылаулар сөз табы ретінде емес, атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретінде жұмсалады.

-          Демеулік шылаулардың бастапқы лексикалық мағынасы көмескіленіп, өздеріне тән дербестігінен айрылып, көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.

-           Морфологиялық ерекшелік жағынан демеулік шылаулар түрленбейді, сөз табының түгелімен тіркесе бермейді.

-          Тілдік нормаға сәйкессіздігі- демеуліктердің қосымшаға айналу мәселесі, кейбір демеуліктердің жіктік жалғауын қабылдап басқа сөз таптарының қызметінде көрінуі де жоқ емес.

-          Шылаулардың басты қасиеті сөздермен тіркесіп келгенде нақтыланады.

     Зерттеу жұмысының құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

 

1. ЖАЛПЫ ШЫЛАУЛАР ТАРИХЫ

 

1.1. Шылаулардың бір сөз табы аясында біріктірілуі.

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар:

1.      семантикалық,

2.      морфологиялық,

3.      синтаксистік.

Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды, морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі  болуына сүйенеді.

Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болуы керек дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов жетекші орынға семантикалық принципті, екінші орынға морфологиялық принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті шығарады. [1,89]. 

С.Аманжоловтың бұл мәселеде Қ.Жұбановпен пікірлестігі көрінеді. [2,20].  А.Ысқақов та үш белгінің де қажеттігін ескере отырып, «кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің (принциптің) үшеуін де бірдей қолдану керек болса,  кейбір сөз таптары үшін  екі немесе бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгі ғана  болса, ол тек семантикалық белгі болуға тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі – оның семантикасы» − дейді. [3,102]. 

1968 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөздер мен таптарының морфологиялық құрылысы» атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі сөздерін алдымен:

- негізгі сөз таптары,

- көмекші сөздер,

- азат сөздер

деп үлкен үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары да пайда болады. Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші тобы ретінде есімдер тобына етістікті, көмекші сөздерге шылауларды жатқызса, азат сөздер тобы ретінде модаль сөздер мен одағайларды атайды. [4,32]. 

А.Ысқақов сөз табын ажыратуда сөз тудырушы жұрнақтарды да (әр сөз табының) морфологиялық белгісі ретінде қолданған. [3,60].

С.Исаев сөзжасамға қатысты тілдік материалдарды талдау арқылы бұл пікірді жоққа шығарады. «...Кез келген сөзжасам қосымшасы тек бір ғана сөз табының шеңберінде өмір сүрмейді, бір ғана сөз табының грамматикалық көрсеткіші бола алмайды. Айталық, -шы,-ші қосымшасы тілімізде қаншама жаңа туынды жасаса да, біріншіден, тек зат есім түбірге ғана жалғанып қоймайды, етістік түбірге де (жасау-шы, жарату-шы, қанау-шы тап) жалғану мүмкіндігі бар. Тіпті бір қосымшаның семантикалық сипатына салмайтын фактілер де бар: -ық, -ік, -к қосымшасы, бір жағынан есім (зат есім, сын есім, т.б.) түбірге жалғанып, соған қатысты нақты қимылды білдіретін сөз тудырады, семантикалық жалпылануы арқылы ол сөз етістік болады: қыз-ық (бірдеңеге қызығу), тар-ық, жол-ық, тоб-ық, бір-ік, көз-ік, т.б. екінші жағынан, қимылды білдіретін (етістік)   түбірлерге жалғанып қимылдың атауы, қимылдың нәтижесі мәніндегі сөздер жасайды да, олар я зат, я сын есім болады: қыз-ық, (қызық іс дегенде), толық, аш-ық, өл-ік, жас-ық, сал-ық, бөл-ік т.б. бұндай қосымшалар саны бірқыдыру» − дейді ғалым. [5,18]. Соңғы жылдары қазақ тілі біліміндегі сөз таптары теориясына елеулі жаңалық енгізген де С.Исаев болды. Ғалым ең алдымен, қазақ тіл білімінде:

-   грамматикалық мағына,

-   грамматикалық форма,

-  грамматикалық категория

секілді грамматикалық ұғымдарды дәрежесіне сай нақты анықтаған.

Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді:

1. Зат есім                              6. Етістік

2. Сын есім                           7. Еліктеу сөздер

3. Сан есім                            8. Шылаулар

4. Есімдік                              9. Одағай

5. Үстеу                                 10. Модаль сөздер

Модаль сөздер секілді сөз табы ретінде бірде танылып, бірде танылмау қазақ тілі білімінде белгілі дәрежеде шылау сөздерге де қатысты болмақ болды. Қазақ тілі сөздерін түрлі топқа жіктеген В.Г.Кондратьев, . [6,21].  И.М.Тронский. [7,31].  сияқты орыс түркологтары еңбектерінде союз, послелог (кейде частица) деген атпен шылау сөздердің түрлері жеке-жеке сөз табы ретінде берілгені мәлім. Сөз таптарын алғаш рет қазақ тілінде жүйелеген А.Байтұрсынов та союз, послелогтарды тиісінше жалғаулық, демеулік деп атап, бөлек-бөлек сөз таптары ретінде таниды.[8,86]. Ал, 30-жылдардағы Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, С.Аманжолов еңбектерінен бастап, бұлар шылау сөздер деген ортақ атпен біріктіріліп, бір сөз табы ретінде анықталды. Ал, 50-жылдар аяғы мен 60-жылдар ішінде шылау сөздердің түрлерін жеке сөз таптары ретінде тануға қайта ықылас болғаны байқалды.

1955 жылы Р.Әміров жалғаулықтарды, 1964 жылы Ф.Кенжебаева септеуліктер мен демеуліктерді кандидаттық диссертация деңгейінде зерттеп, қорғады. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматикада жалғаулық, септеулік пен демеуліктердің әрқайсысы жеке сөз табы ретінде қаралады. Тілімізде бір алуан сөз лексикалық мағынадан айырылып, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру үшін немесе сөзге қосымша мағына үстеу үшін жұмсалып, грамматикалық мағына болмағанымен, өздеріне тән, қызметіне тән мағыналары бар. Ол-–абстрактылы грамматикалық мағына. Мағынасындағы, жұмсалуындағы осы ерекшеліктері ескеріліп бұл сөздің құрамындағы айрықша бір топ, сөздердің айрықша түрі ретінде дараланып шылаулар деп аталады. Шылау деген атау бұл сөздерді сөз табы ретінде емес, сөздік қордағы өзара грамматикалық ортақ сипаты бар ерекше түр, топ екенін атайды. Шылаулар сөз тіркестерін құрауға тең компонент болып қатынаса алмайды, өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды. Бұлар атаулы сөздерге аналитикалық форма беруші амал ретінде жалғасады.

Осындай ортақ сипаты негізінде бір топ болып танылған шылау сөздер сөз табына қойылатын талаптар (критерий) тұрғысынан саралағанда, өзара мына үш тапқа бөлінеді:

1.      Септеуліктер.

2.      Жалғаулықтар.

3.      Демеуліктер.

Сөз таптарының қатарына шылаулар осы тапқа сай дараланып енеді – делінген онда. [8,86]. Алайда қазақ тілі білімінің кейінгі дамуы барысында бұл тұжырым орныға алмады, яғни қазіргі кезде жалғаулық, септеулік, демеуліктер біріктіріліп, шылау сөздер атауымен бір сөз табы ретінде белгілі. Жалпы шылау сөздер түрлерінің әрқайсысының бірде жеке-жеке сөз таптары ретінде, бірде бәрі біріктіріліп, бір сөз табы ретінде танылуы, бізше, қазақ тілі біліміндегісөзтаптастыру теориясының даму жағдайына тікелей байланысты.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы жоғарыда аталған орыс түркоглогтары мен XX ғасыр басындағы А.Байтұрсынов еңбектерінде шылау сөздер түрлерінің жеке-жеке сөз таптары ретінде танылулары зерттеу авторларының қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында семантикалық принципті ғана басшылыққа алуының нәтижесі болды. Ал, XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап, қазақ тілі білімінде сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің енуіне байланысты жалғаулық, демеулік, септеуліктердің ортақ морфологиялық, синтаксистік белгілері анықталып, бір сөз табы аясында біріктірілді.

1.1.   Демеулік шылаулардың  зерттелу мен қалыптасу жолдары .

         Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды – көпті пікірлері мен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе бермейді. И.Гиганов «Грамматика татарского языка»,М.Казем –Бек «Общая грамматика турецко-татарского языка», «Алтайтілдері грамматикасы», П.Мелиоранский «Краткая грамматика казак-киркизского языка», М.Терентьев «Грамматика турецкого, персидского, киргизского и узбекского языка» деген еңбектерде әрбір жеке сөз табын көбінесе ғылыми жағынан гөрі, жалпы сипаттамалық тұрғыдан қарастырған. Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі күйін білдіретін жазба материалдар тіл тарихының шежіресі және негізгісі болып саналады. Мәселен,  қазіргі қазақ тіліндегі бір шама шылау сөздердің архетиптері    Орхон –Енисей жазба ескерткіштер тілінде кездеседі. Бұндағы айғақ – қазақтың ана тілі өзімен бірге туып, бірге өсіп, дамып келеді деген сөз. Шылаулардың дербессөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз табы туралы ұғым өзінің шығу төркінің көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы түсінік біздің дәуірге дейінгі 4 ғасыр шамасында есім сөздер мен етістіктерге қатысты қалыптасқан деген пікір бар [9,56]. С.Мұхтаров : «Үнділердің ұзақ мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс тапты. Ол еңбегінде санскриттің толық жүйесін бере отырып, алғаш рет сөз таптарын ажыратты. [10,16]. Кейінгі үнді ойшылдары Яска, Вапаруди, Катяанна, Патандыжалилер Панини салған ізбенжүрді.

Бұлар тілдегі сөздерді негізінен төрт сөз табына ажыратты:                                                                                                  -  есім

- етістік

- сөз алдына қойылатын көмекші сөздер

- демеулік

деп шылаулардың алғаш сөз табы болғандығынан түсінік береді [10,16]. Мұны Б.Базылханның алтайлық тектілердің дәуірлік долбарымен топшыласақ, «күрделі сөз дәуірінде» абстракт сөздер қалыптаса бастаған дегенімен тұспа-тұс келеді [11,32]. Ал М.Оразовтың қазақ тілінің тарихи даму жолын үш дәуірге бөлгенімен есептесек, соның біріншісі «тарихқа дейінгі дәуірмен» немесе Н. А. Баскаковтың «Алтай дәуірімен » сәйкеседі [12,35]. Шылау сөз табы- даму барысында көптеген ғасырлар бойғы тілдік процестерді басынан кешірген туындытарихи категория. Олай дейтін себебіміз, қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір шылау сөздердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жеткен де, түбірге сіңісіп бір тұтас бөлінбейтін бөлшек болып келеді.Осындай түбір мен қосымшаның жымдасуынан, яғни транспозициялық тәсілдің нәтижесінде шылаулар қалыптасқан. Тарихи шығу төркіні жағынан алып қарағанда, шылау сөздердің бәрі дерлік атауыш сөздерден, демек әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің белгілі бір даму тарихында кейбір есім, етістік формаларынан бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте қолданыста солғындап, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуының нәтижесінде қалыптасады.                                                               

       Жалпы шылаулардың дамуында көне түркі, орта ғасыр, қазіргі түркі тілдерінде

кездесетін  негізгі ортақтық – етістіктің көсемше формалары мен есімдерге тән формалар арқылы көнеленіп шылаулану процесіне өтуі. Содан барып, біртіндеп тіл дамуында өзінің қолданылу аясына байланысты шылау сөз табының құрамына енген. Бұл сөз табы ретінде түркі тілдерінде басқа сөз таптарынан кенже қалыптасқан. Олардың сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысы тілдің ғасырлар бойындағы тарихи даму барысында әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. Бұдан жалпы сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығын шылаулардың сөз табы ретінде қалыптасуынан –ақ айқын көруге болады. Осылайша дамудың, қалыптасудың барысында сөздердің топтары сараланып, грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзіндік жалпы категориялық мағынаға ие. Себебі тіл - тілдегі әрбір сөздің белгілі бір мағынасы мен атауы болады. Сөздердің лексика – грамматикалық топтары бір – бірінен жалпы категориялық мағынасы мен белгілері жағынан ажыратылады. Шылау сөздердің лексикалық мағынасынан гөрі, грамматикалық мағынасы басым болатындығы тілғылымында айтылғанпікір. Олар тек тіл-тілде алуан түрлі грамматикалық мағыналарды білдірудің тәсілі ретінде қолданылады.     Бұл- оның басқа сөз таптарынан ерекшелінетін басты қасиеті. Екінші бір қасиеті көмекші сөздер қатарына шылау сөздерден басқа көмекші есім, көмекші етістік және бейтарап сөздер жатады. Бірақ солардың ішінен жалпы категориялық мағынаны иеленген лексемалар тек шылау сөздер ғана. Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылауларды туыстас түркі тілдердегі шылаулармен салыстырып қарағанда, оның ішінде тең жартысының астамы қазақ тілімен сәйкес келетіндігі байқалады. Кейбір аздаған фонетикалық ерекшеліктері болмаса, лексика- грамматикалық сипаты жағынан сабақтасады. Қазақ әдеби тілін зерттеуші ғалымдар әдеби тіліміздің тарихын 2- ғасырдан бастауымыз керек деп дәлелдейді. Қалай дегенмен де қазақ тілі тарихының тамыры ежелгі дәуірде жатқандығын аңғартады. Көне түркі руникалық жазбалардағы шылау сөздер саны жиырма шақты. Соның тең жартысы лексика - грамматикалық жағынан еш өзгеріссіз қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүр. Шылаулану үрдісі- транспозиция тәсілі арқылы жүзеге асады. Ол ұзақ жылдар бойы сұрыпталып, лексика- грамматикалық және қолданылу аясы жағынан әбден өрістеп, ерекшеленіп қалыптасады. Олардың бастапқы лексикалық мағыналары көмескеленіп өздеріне тән дербестіктерінен айырылып, көмекші сөздер қатарына өтуіне грамматикалық абстракциятікелей әсер еткен. Сол себепті шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарынан әлдеқайда басым түсіп отырады.

 Сонымен тіліміздегі сөз қазынамызда бар біраз сөздер өзінің лексикалық мағынасынан гөрі грамматикалық мағынасынан басым болып сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы қатынасты білдіру және қосымша мағына үстеу үшін жұмсалады. Осындай грамматикалық амал ретінде қызмет атқаратын лексемелер тобы түркі тілдеріне ортақ мұра руникалық жазба ескерткіштер тілінде категориялық мағынаны иеленетін шылау сөздер негізін қалаған. Тіл ғылымында ғалымдар тарапынан шылау жайында жалпы ұғым категориялық мағынаға ие болғанға дейін өзіндік болжамдар болды. Кейбір ғалымдар шылауларды арнайы сөз табына жатқызады. Ф.Буслаев, П.Давыдов, А.Потебня шылауларда өзіндік лексикалық мағынасы болмағанмен аффикстен ерекшеленетін белгілеріне және сөздерді топтастыру шарттылықтарына байланысты жеке сөз табы болу керектігін түсіндіреді. Шылауды жеке сөз табы ретінде қарау керек деген критерии А.Доблаштың еңбегінен кейін ғана іске асты деп қырғыз ғалымы А.Т.Карымшакова өз зерттеуінде атап көрсеткен болатын . Жалпы шылаулардың кеңес түркологиясы кезеңінде жеке бір тарау ретінде қаралатындығы белгілі. Қазақ тіл білімінде «шылау » атауымен сөз табы есебінде А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты еңбегінен басталады. Мұнда шылау сөздер аффикс деп қаралмай, сөз таптары қатарында болған. Ы.Шақаман өз зерттеуінде шылаулардың аффикске айналу қасиетінің барын жоққа шығара алмайтындығын айта кеткен [13,14]. Жалпы Орхон-Енисей және Талас жазба ескерткіштер тілімен қазіргі қазақ тілі аралығында 16 ғасырлық айырмашылығы болғанымен, екі тілде де бар шылауларды алып қарасақ, соншалықты алшақтық жоқ.

Кесте 1. Руникалық көне түркі ескерткіштер тіліндегі қазіргі қазақ тіліндегісімен салыстырылуы.

Көне т. тілі

үчун

тегі

сайу

өк/оқ

кісре

кідін

өтрі

Та/да

ба/му

Қазақ тілі

үшін

дейін

сайын

ақ

кейін

соң

Да/де

Та/те

ма/ме

па/пе

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 563 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2014 12846
    • DOCX 389 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есембаева Бактылы Иланбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есембаева Бактылы Иланбековна
    Есембаева Бактылы Иланбековна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 126460
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 362 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе