Инфоурок / Математика / Конспекты / Квадрат теңдеу Алгебра 8 сынып

Квадрат теңдеу Алгебра 8 сынып

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Күні: 27.11.14

Сыныбы: 8 а

Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:

  • Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып,білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;

  • Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, бірлесе жұмыс жасай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Әдіс – тәсілдері: Деңгейлеп оқыту. Сұрақ – жауап. Ой – қозғау.

Көрнекілігі: Компьютер. Интерактивті тақта. смайликтер, бағалау парақшалары

Жүрісі: оқушылар 3 топқа бөлініп, топ басшылары сайланады, бағалау парақшалары таратылады. Сабақ соңында әр топ басшылары топ мүшелін бағалайды.

Бүгін сіздер суға батып кеткен кемедегі қазынаны іздеу үшін саяхатқа аттанасыздар. Алдарыңызда сіздерді көптеген жаңалықтар, қызықтар күтіп тұр. Сонымен қатар сіздерге әртүрлі қиындықтарды жеңіп шығу үшін математикалық білімдеріңіз көмекке келеді. Сабағымызды бастайық: I. Желкенді көтеріп, теңізге бет алайық, ол үшін мына сұраққа жауап беру керек:

Квадрат теңдеу деп қандай теңдеуді айтамыз?

II. Енді алдымыздан сегізаяқ шығып, оның қармауыштарына оралып қалдық. Енді одан шығу үшін төмендегі сұрақтарға жауап беруіміз керек:

1. сұрақ: Толық квадрат теңдеу дегеніміз не?

2. сұрақ:Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?

3. сұрақ: Квадрат теңдеу түбірлерінің саны неге тәуелді?

4. сұрақ: Егер дискриминант нөлге тең болса, квадрат теңдеудің неше шешімі бар?

5. сұрақ: егер дискриминант нөлден үлкен болса, онда квадрат теңдеудің неше шешімі бар?

6. сұрақ:келтірілген квадрат теңдеп деп қандай түрдегі теңдеуді айтамыз?

7. сұрақ: квадрат теңдеудің түбірлерін қалай табамыз, формуласын жазып көрсетіңіз?

8. сұрақ:неліктен D<0 жағдайында квадрат теңдеудің шешімі болмайды?

III. Сегізаяқтың қармауыштарынан құтылдық. Енді кемеге жол ашайық. Ол үшін берілген екі есепті шығару керек:

1. Есеп: hello_html_m213c9378.gif түрінде берілген теңдеудің a,b және c коэффициенттерін жазып көрсетіңдер, оның дискриминантын табыңдар және түбірлерінің санын көрсетіңдер: hello_html_m4581af32.gif

2. Есеп:hello_html_7e0c4711.gif

IV. ал енді теңіз маржандарын табайық:

3 Есеп: hello_html_m5415edf2.gif

4 Есеп: hello_html_m428bb91c.gif

5 Есеп: hello_html_b2fec48.gif

V. Теңіз жыртқышы акуладан сақтанайық:

6 Есеп: hello_html_m35a1610c.gif

VI. біздің алдымыздан Теңіз қарақшылары шықты. Олардан құтылу үшін өлең шығарайық: (оқушылар өлең шығарады)

VII. Теңіз қарақшыларынан құтылып келе жатқанда алдымыздан Ақылды тасбақаға кездестік. Ол бізге мынадай логикалық есептер қойды:

1. “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? Жауабы: (100; 110, түлкі көп алды)

2. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған. Жауабы: (127)

VIII. міне осылай кемежайға да келіп жеттік. Бірінші қаламыз Дубай. Келесі қалаға бару үшін есепті дұрыс шығаруға тырысайық:

Есеп: калькулятордың көмегімен теңдеу түбірлерінің жуық мәндерін 0,1 дәлдікпен есептеңдер: 1) hello_html_m62f4352f.gif; 2) hello_html_m32e083f2.gif; 3) hello_html_m6b5bedd2.gif

Дубайдан Сингапурға келіп жеттік: келесі қалаға бару үшін:

Есеп: hello_html_m5a5bba44.gifның қандай мәндерінде hello_html_5c9a7410.gif теңдеуінің бір түбірі болады?

Біз енді Сингапурдан қазына жатқан Марсель қаласына келіп жеттік. Енді қазынаның қайда жатқанын табу үшін, келесі есепті дұрыс шығаруға тырысайық

Есеп: түбірлері hello_html_280bee5.gifге тең келтірілген квадрат теңдеу құрастырыңдар.

IX. Енді батып кеткен кемедегі қазынаны табайық:

Есеп:әр топқа жеке есептер беру, оны топтар постерде қорғау және квадрат теңдеудің шығу тарихына тоқталу:

1) hello_html_mc28d2c1.gif; 2) hello_html_36cd0f4e.gif

Міне, оқушылар, біздің манадан іздеп отырған қазынамыз ол біздің біліміміз екен. Адам білімді болса, онда ол ең үлкен қазынаға ие болады. Сондықтан сабақ оқып, білімді болайық. Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Рефлекция: қатарлар бір – бірін смайлик арқылы бағалайды.

images.jpegimages-2.jpegimages-1.jpeg

Үйге тапсырма:№141



Общая информация

Номер материала: ДВ-559886

Похожие материалы