Инфоурок Музыка Другие методич. материалыКүй атасы - Құрманғазы

Күй атасы - Құрманғазы

Скачать материал

2 сынып

        Сабақтың   тақырыбы:  Күй  атасы  Құрманғазы.

                                                          « Алғашқы   қоңырау»  Ж. Еңсепов.

    Сабақтың  мақсаты:  Қазақтың  ұлы   күйші – компазиторы    Құрманғазының  шығармашылығымен  таныстыру.

        1.Білімділік:  Құрманғазының  анасына  арналған  « Аман   бол,  шешем,   аман  бол»   және  «қайран  шешем»  күйлерінің  тарихымен  таныстыру.

          2.Ән  үйрену:  « Алғашқы  қоңырау» әні: Ж. Еңсепов, сөзі: Н. Нұрқабылов.

          3.  Анаға    деген  құрметке   баулу.

          Әдіс – тәсілдері:  әңгімелеу,  түсіндіру,  үйрету,  сұрақ – жауап.

       Көрнекілігі:  Күйшінің  суреті, аспап.

І.Сабақтың  барысы:

    І.  Ұйымдастыру  кезеңі:

      а)  оқушылармен  амандасу, түгелдеу;

      ә)  оқу  құралдарын  даярлату,  тексеру;

      б)  назарын  сабаққа  аудару;

      ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау.

  - Қазақстан  Республикасы  Гимнінің  аты  мен  авторлары  кімдер?

   - Қазақстан  Републикасының  рәміздерін  ата.

   - Шәмші  Қалдаяқовтың  өз  жері  мен  елін  мақтан  етіп  шығарған  әні  қалай  аталады?

   - Не  себепті  «Менің  Қазақстаным»  әні  республикамыздың  Гимніне  айналды?

    ІІІ.  Жаңа  сабақ.

  Әңгімен  әдісі  арқылы:

    Құрманғазы – ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  ұлы  күйші – компазитор.

     Құрманғазы  өмір  бойы  теңсіздікпен,  бай – манаптардың  жасаған  зорлық – зомбылығымен  күресіп  өткен.  Әсіресе,  сол  кездегі  Ресей  патшалығының  қазақ    даласын  басып  алу  саясатына  қарсы  тұрып,  бас  көтерген  аяулы  аталарымыздың  бірі.  Бұл  қылығы  үшін  Құрманғазы  патша  жендеттеріне  де,  бай – манаптарға  да  жақпады.  Құрманғазыны  ұстап  алып,  түрмеге  жапқызуға  тырысты.  Әсіресе  Ақбайдың  Әубәкірі  деген  бай  Құрманғазыны  ұры,қары  деп,  үстінен  арыз  жазып,  патша  әскерлерін  шақыртады.

     Құрманғазы  отбасымен  қаннен – қаперсіз  отырғанда  патшаның   бір  топ  солдаттары  жетіп  келеді.  Құрманғазыны  жан – жағынан  қаумалап  ұстап,  сыртта  тұрған  арбаға  салып  алып  барады.   Енді  жүргелі  жатқан  кезде  шешесі  келеді.  Анасы  Құрманғазыны  құшақтап  қоштасып,  маңдайынан  сүйеді.  Сол  кезде  Құрманғазы  әлі  күнге  дейін  мәпелеп  өсірген  анасына   еш  көмек  көрсете  алмағанына  қынжылып:  « Қашан  сенің  ақ  сүтіңді  ақтармын – ау,  осы  уақытқа  дейін  саған  тек  уайым  мен  қайғыдан  басқа  ештеңе  көрсете  алмадым – ау» деп   қолына   домбырасын  алып,  « Аман  бол,  шешем,  аман  бол»  деп  күй  тартады.  Күйді  мұқият   тыңдасақ,  домбыра  «Аман  бол,  шешем,  аман  бол»  деп  сөйлеп  тұр.

     Күй  аяқталғанда  шешесі  Құрманғазыға  қараса,  оның  көзінен  бір  тамшы  жас  шығып  кетеді.  Сонда  шешесі  Құрманғазыға:  « Мен  ұл  таптым,  ер  жігіт  тудым  деп  қуанып  жүрсем,  жасық  неме  екен  ғой  туғаным.  Сен  кімнің  алдында  көз  жасыңды  көрсетіп  тұрсың?  Егер  мына  солдаттардың  алдында  жасыңды  көрметсең,  менің  күнім  қандай  болмақ.  Неге  соны  ойламайсың?  Көтер  басыңды!» - деп  шапалақпен  бетінен  тартып  жібереді.

Сонда  ғана  Құрманғазы  есін  жиып  алып,  « Әй,  қайран  менің    шешемдей 

адамдай  бұл  дүниеде  жоқ  шығар:  Маған  қайрат,  жігер  беретін  де,  өмірде  қайыспай  күресерде  қуат  беретін  де  осы  анамның  тілегі  емес  пе?» - деп  сол  жерде  шешесіне  жігермен  қарап,  қоштасып,  « Қайран  шешем»  деп  күй  тартқан  екен  ( Егер  күйді  тыңдасақ,  « Аман  бол,  шешем,  аман  бол»  сияқты  мұнда  да  домбыра  « Қайран  шешем,  қайран  шешем»  де  сөйлеп  тұрады).

    Музыка  тыңдау!

    Құрманғазының  « Аман  бол,  шешем,  аман  бол»  және  « Қайран  шешем»  күйлерін  тыңдау.  Күйдегі  « Аман  блд,  шешем,   аман  борл»  және  « Қайран   шешем»  деп  домбыраның  сөйлейтін  буындарын  тыңдату  керек.  Ең  бастысы,  күйдің  мазмұнын   түсіндірген   жөн.

    Күйдің  сөйлейтін  буындарын   тыңдатумен  шектелген  жөн.

 

 

А – ман  бол,  ше-  шем,  а – ман  бол. А – ман  бол,  ше – шем,  а – ман  бол.

 

Ән  орындау!

                                    Алғашқы  қоңырау

    Әні: Ж. Еңсепов.                                    Сөзі: Н. Нұррқабылов.

                                 1.Балалар  тынықты,

Серуендеп  шынықты.

Жан – жағын  бақылап,

Әлемнен  мол  сыр  ұқты.

                  Қайырмасы:

     Ахау,   ахау, күлкісі  бар  күмістей,

Бұл  -  алғашқы  қоңырау.

2.Құлындай  ойнайды,

Жүздері  де  жайнайды.

Жігері  бойында,

Тасқындайды,  қай   найды.

                Қайырмасы:

3.Қоңырау  қағылды,

Ең  алғашқы  арынды.

Сыныпқа  балалар,

Кезектесіп  ағылды.

               Қайырмасы:

    Жасарал  Еңсеповтың  « Алғашқы  қоңырау»  әні  балалардың  дауыс  диапазонына  сәйкес  жазылған.  Әннің  әуені  толқынды  болып  келгендіктен,  әнді  сөзімен  бірге  орындаған  жөн.  Әннің  қайырмасы  өте  мәнерлі  болып  келеді.  Ширек,  сегіздік  және  он   алтылық  ноталар  ауысып  отырады.  Әнді  жай  екпінде  үйреніп,  сөздерін  нақты  айтуға  мән  беріп,  ырғағын  дәл  сақтау  керек.  Әнді  жай  екпінде,  сөзімен  қоса  жаттап,   алған  соң,  екпінін  қосуға  болады.

 

    Құрманғазы  Сағырбайұлы  -  1818  жылы  Орал  облысы  Жаңақала  ауданының   Жиделі  деген  жерінде  дүниеге  келген.   1889   жылы  Ресйдің  Астрахан  қаласының  қазргі  « Құрманғазы  төбе»  деген  жерінде  қайтыс  болады.  Құрманғазыны  қазақтың  « Күй  атасы»  деп  атайды.

 

    Құрманғазының   « Кішкентай»      алғашқы  күйі.     Сонымен          қатар

«Балбырауын», « Сарыарқа»,  « Адай»,  « Серпер»  сияқты 80 – ге  жуық  күйлері        бар.  Оның  әрбір  күйі  өз  басынан  өткен  оқиғалар  жайлы  баяндайды.

IV. Сабақты  қорыту:

    - Құрманғазы  өмір  бойы  не  үшін  күресті?

    - Құрманғазыны  патша  жендеттері  алып  бара  жатқанда  кімге  арнап  күй  шығарды?

    - Домбыра  не  деп  сөйлейді?

    - Шешесі  қалай  жігерлендірді?

    - Құрманғазы  шешесіне  қандай  күй  арнайды?

    - Күйдің  аты  қалай  аталады?

 V. Үйге  тапсырма:

    Күй  атасы  Құрманғазы. Оқып,  түсінік  айту.

 «  Алғашқы  қоңырау»  әнінің  сөзін  жаттау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Күй атасы - Құрманғазы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 2364
    • DOCX 15.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ермаханова Майра Акилбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ермаханова Майра Акилбаевна
    Ермаханова Майра Акилбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7127
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Преподавание музыки в дополнительном образовании: методы и приемы обучения и воспитания детей

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на баяне, аккордеоне

Преподаватель игры на баяне, аккордеоне

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе