Инфоурок Музыка Конспекты«Күй – әлемінің жарық жұлдызы»

«Күй – әлемінің жарық жұлдызы»

Скачать материал

Музыка пәнінің мұғалімі: Қойшибаева Зейнеп Сағикызы № 184 Жалпы білім беретің мектеп.

D:\ПАПКАЛАР\фото\P1010127.JPG


Семинар сабағы

Тақырыбы: «Күй – әлемінің жарық жұлдызы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Саз өнері, күй туралы түсініктерін, білімдерін арттыру. Музыка тыңдауды

қалыптастыру, күйді көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп,

оның сиқырлы әлеміне оқушыларды баулу;

Дамытушылығы: Күйді дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың

ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен

мәдениеттілігін дамыту;

Тәрбиелілігі: Оқушыларға көркемдік тәрбие беру, өнер адамдарымен танысу өнерге

баулу. Күйді түсіне, тыңдай білуге, өнер адамдарын сыйлауға құрметтеуге

тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет, саз өнері, тарих.

Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар, домбыра, күйшілер суреттері, буклеттер, көрме, СД- диски.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Дауысқа арналған жаттығулар.

  3. Үй жұмысын тексеру.

  4. Жаңа сабақ:

  1. Домбыра аспабының тарихы.

  2. Құрманғазының өмір баянынан үзінді.

  3. Күйлерімен танысу, тыңдау, талдау.

  4. Дина Нұрпейсованың өмір баянымен танысу

  5. Күйлерін тындау.

  6. Ән жаттау



  1. Сабақты бекіту.

  2. Бағалау, Рефлексия.

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Сабақты аяқтау.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( музыкамен сыныпқа кіру, оқушыларды дұрыс отырғызып, сабаққа дайындау)

Кіріспе сөз.


  1. Дауысқа арналған жаттығулар орындау:

а) до-мажор гаммасы айтып, қол белгілерін көрсету.

б) домбыраға қосылып «Келіншек » күйін дауыспен айту (дың-ды-дың)

III. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап.

  1. Жаңа сабақ: Балалар бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы

«Күй – әлемінің жарық жұлдызы» деп аталады.


Домбыра аспабының шығу тарихы туралы аңыз өте көп. Кәне аңыздарды дайындап келген балаларға сөз берейік. Кім қандай аңыз біледі?

Енді тақтаға назар аударыңдар. 1986 жылы Майтөбе жайлауынан табылған тастағы сурет. 6 мың жыл бұрын қашап түсірілген бұл суретте билеп жүрген адамдар мен домбыра бейнеленген.



1986 жылы Майтөбе жайлауынан табылған тастағы сурет. 6 мың жыл бұрын қашап түсірілген бұл суретте билеп жүрген адамдар мен домбыра бейнеленген.

Қазақ халқының өзіне тән ардақ тұтар ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың киелі мұрасы бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қоңыр домбырасы, одан даланың мәңгі үзілмес әуеніндей төгілген күйлерді осындай мұра қатарына жатқызуға болады.

Домбыра-көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның күйі. Қазақтардың музыкалық тұрмысында домбыра жетекші роль атқарады.

Күй өнері – қазақ музыка мәдениетінің ең жетекші жанры. Қазақ халқының шытырман, тайғақ кешулі тарихи тағдырының ең басты куәгері, ұлттың ары мен намысын бойына сіңірген кемел өнер. Тамаша музыкалық сымбат арқылы өткен тарихтан мол мағлұмат беретін қасиетті хат.

  • Балалар! қандай күйшілерді білесіңдер?

Қорқыт, Махамбет, Байжігіт, Боғда, Тәттімбет, Дәулеткерей, Құрманғазы, Қазанғап, Дина Нурпеисова, Ықылас.

  • Дұрыс.

  1. http://img.nur.kz/n/0d/10/250px_kurmangazy.jpghttp://festival.1september.ru/articles/589206/img1.jpg

Бүгін сабақта қазақтың бір туар дарынды күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен шығармашылығын насихаттауға арналады.

Құрманғазы 1818 жылы Орал облысы Жаңакөл ауданындағы Жиделі деген жерде кедей шаруаның қырық жамау қараша үйінде дүниеге келеді. Құрбан айт күні туылған сон атын- Құрманғазы деп қояды.

Европадағы рухани Қайта өрлеу кезеңінің алғашқы қарлығаштары ақын Данте мен суретші Джотто болғаны сияқты, қазақ даласында ХIХ ғасырда күйші композитор Құрманғазы болды. Оның ғұмыр кешкен кезі патшалық Россия жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға бастаған кезі еді. Озбырлықпен қарсыласу оның өмірбаянына айналып, күй тілінде көрініс алған.

Күй өнерінде есімі қастерлі, Құрманғазының шығармашылығы аспаптық музыканың алтын қорына енген.

Күйлері: «Адай», «Ақбай», «Ақсақ киік», «Алатау», «Аман бол, шешем, аман бол», «Балбырауын», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Машина», «Сарыарқа», т.б.


3) Енді «Балбырауын» күйін тындайық. Күйдің шыққан тарихымен таныстыру. (Браун деген кісіге арнап шығарған екен.)

Екі ішекті бірің қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес

Нағыз қазақ –домбыра.

Оқушылар «Балбыраун» күйін орындайды. (Жансая, Аружан, Айният)

- Күй ұнадыма?

- Күйден алған әсер қандай?

- Сіздерге үн таспадан тыңдаған немесе жанды дауыстағы күй ұнады ма?


Келесі тындайтын күйлеріңіз «Адай» (Жансая, Аружан). Шыққан тарихымен танысу.


  1. http://www.avestnik.kz/wp-content/uploads/jfgjl.jpgКүй өнерінде есімі қастерлі, Құрманғазының тікелей шәкірті, дарынды композитор, шебер орындаушы Дина Нұрпейісова қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Дина Нұрпейісова (1861-1955) – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Ұлы Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері Дина – музыканттардың жаңа, жас буынына халықтың аспаптық шығармашылығының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып дарын.

Қаршадайынан өнер қуған дарын иесі етектен тартқан ескі салтқа бағынып, бас ұрмайды. Ол алған бетінен қайтпай, бойындағы дарынын, домбырашылық шеберлігін асқан қайсарлықпен дамыта береді.

Дина Нұрпейісованың шығармалары республикамыздың түкпір - түкпіріне кеңінен тараған. Дина туралы сөз - қазақтың қара домбырасы мен қасиетті күй өнері туралы сөз. Шебер өнерпаз өзінің екі ғасыр шегінде туған «Бұлбұл», «Байжұма», «Қарақасқа ат» сынды күйлерімен-ақ сиқыры мол сырлы дүниенің құпиясын әуен тілімен жеткізе білсе, ғұмырының соңғы кезінде шығарған «Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науаи»), «Әсемқоңыр», «Жігер» сынды аса айшықты шығармаларымен туған халқының ғана емес, өзге халықтардың өнер сүйер қауымын сүйсіндіріп, талантымен тамсандырып кетті.

  1. Келесі орындалатын күй «Науысқы» (Науаи)

Күйді орындайтындар (Жансая, Аружан және ұстаздарың.)

D:\ПАПКАЛАР\фото\P1010209.JPGD:\ПАПКАЛАР\фото\P1010190.JPG

  1. Ән жаттау.

Бүгінгі өткен тақырып бойынша домбыра аспабы туралы ән орындаймыз.

Домбыра аспабымен қосылып ән айтып үйренеміз.

«Әгугай, домбыра» Өлеңін жазған Т.Қажыбаев. Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев.

V. Сабақты бекіту. Оқушыларан сабақтан алған әсерін тексеру.

  • Бүгін қандай күйшімен таныстық?

  • Д.Нұрпейісованың ұстазы?

  • Құрманғазының күйлерін ата?

( тақтаға бүгін тыңдаған күйлерді тізіп жазу)

  • Балалар қай күй сіздерге қатты ұнады?

  • Сол күйдің қасына өз ноталарынды жабыстырыңдар.


VI. Бағалау, мақтау.

VII. Үйге тапсырма беру:

  1. Құрманғазының өмірбаянын әңгімелеу.

  2. Әнді жаттау.

  3. Домбыра аспабының сүретін салу, сөзжұмбақ ребус құрастыру



VIII. Сабақты аяқтау.

D:\ПАПКАЛАР\фото\P1010208.JPGD:\ПАПКАЛАР\фото\P1070205.JPG















6


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Күй – әлемінің жарық жұлдызы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 398 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 1550
    • DOCX 930.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Койшибаева Зейнеп Сагиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Койшибаева Зейнеп Сагиевна
    Койшибаева Зейнеп Сагиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6296
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Музыкально-эстетическое развитие младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 134 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 295 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 593 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 219 человек